Антик заманының философтары


Жоспар
- Милет мектебі
- Гераклит
- Сократ
- Плотон
- Аристотель
Антик заманының философиясы біздің эрамызға дейінгі VII-VІ ғасырлар аралағында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге келді.
Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала - Милстте туды. Б. э. дейінгі VІІ ғасырдың аяғынан VІ ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл - Фалес, Анаксимандр және Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-547 жж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойынша, барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің "алғашқы мәні", "бастамасы" деп қарастыру, қазіргі біздің түсінігіміз тұрғысынан алғанда, тұрпайы, аса қарапайым болғанымен, бірақ тарихи тұрғыдан алғанда Фалсстің бұл ойын революциялық идея деугс болады, өйткені "бәрі пайда болады" деген пікір бұған дейін үстем болып келген "олимпиялық құдайларды жоққа шығару", яғни, сайып келгенде, мифологиялық ойлаудың терістігін көрсету, сөйтіп дүниені табиғи тұрғыдан түсіндіру болып табылады.
Фалестің шәкірті Анаксимандр (б. э. дейінгі 610-547 жж. шамасы) өзінің көп жылдық ізденістерінің нәтижесін «Табиғат туралы" шығармасында баяндап берді. Фалес сияқты, Анаксимандр да философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шешті, дүниенің алғашқы негіз бастамасы "апейрон" деген айқынсыз, бейнесіз бір зат (апейрон - шексіз деген ұғымды білдіреді) деп санады. Бұл пікір материяны қазіргіше түсінуге жақын.
Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б. э. дейінгі 585-525 жж. шамасы) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы біртұтас материалдық негізгі ауа деп санай отырып, өзінен бұрынғылардың материалистік көзқарасын ілгері дамытты. Дүниенің бастапқы негізі ауа болатын себебі, деді Анаксимен, ауаға тән қасиет сұйылу мен қоюланудың арқасында барлық заттар пайда болады. Ауа, Анаксименнің түсінігінше, сондай-ақ. тіршілік пен психикалық құбылыстардың да көзі, бастамасы болып табылады.
Милст қаласы (б. э. дейінгі V ғ. басында) саяси дербестіктен айырылуға байланысты ондағы философия құлдырап, оның дамуы тоқтады. Бірақ Милет материалистерінің ілімі Грецияның басқа қалаларындағы философтарға зор әсерін тигізіп, өз ізбасарларын тапты. Солардың бірі Эфес қаласынан шыққан Гераклит (б. э. дейінгі 530-470 жж. шамасы) болды.
Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің материалдық негізі от болып саналады: барлық нәрсе оттан жаратылады және ақыр соңында отқа айналады. Жан да оттан пайда болады. Жан материалдық, ол ең ылғалы аз, құрғақ от. Дүниені "Логос" басқарады. Біртұтас дүниені, деді ол, ешбір құдай, не ешбір адам жаратқан жоқ, ол бірде жанатын, енді бірде өшіп тұратын, бұрын болған, қазір бар және келешекте бола беретін тірі мәңгі от болып табылады. Гераклит сонымен қатар дүниенің үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болатындығын, қозғалыстың қайнар көзі қайшылықта екендігін, қарама-қарсылықтардың өзара бір-біріне өтетіндігін және басқа бірқатар диалектикалық ой-пікірлерді атап көрсетті: "бәрі де қозғалыста, бәрі өткінші" . . . т. б. деді ол. Қозғалмайтын ешнәрсе жоқ: жылы суиды, ал суық жылиды, ылғалды нәрсе құрғайды, құрғақ ылғалданады. Туу мен жойылу, өмір мен олім, болмыс пен болмау - міне, бүлар езара байланысты, бір-біріне тәуелді және бір-біріне өтіп отырады. Мұның бәрі диалектикалық ойдың даму тарихына қосылған зор үлес екенінде дау жоқ.
Ертедегі Грецияда сонымен қатар айтарлықтай дамыған идеалистік бағыт та болды. Идеализмнің ең алғашқы негізін салған Пифагор (б. э. дейінгі 580-500 жж. шамасы) болды. Оның пікірінше, барлық заттардың мәні - олардың санында, сандық қатынастарында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуелді. Пифагор өз ілімін негіздеу үшін Милет мектебінің материалистік көзқарасын сынға алды.
Демек, ертедегі ойшылдардың философиялық көзқарастарында-ақ тек материализм мен диалектиканың ғана емес, сондай-ақ идеализм мен метафизиканың да алғашқы бастамалары, материя мен ойлау дүниелерін қарама-қарсы қою орын алғанын көреміз.
Ертедегі Грецияда материализмнің одан әрі дамуы Демокриттің (б. э. дейінгі V ғ. ) есімімен, ол тұжырымдаған материяның атомдық теориясымен тығыз байланысты. Бұл теория бойынша, барлық дүниедегінің негізі - сансыз көп атомдарда. Атомистер дүниені әрі қарай бөлінбейтін бөлшектер - көзге көрінбейтін аса ұсақ атомдардан тұратын біртұтас дүние деп түсіндірді. Ол атомдар бос кеңістікте қозғалады ("жан-жаққа сенделуде, ұшуда", "түрлі бағытта қозғалыста" болады) . Атом мен бос кеңістік - бірден-бір шындық. Кеңістікте қозғалушы атомдар өзара қосыла отырып, түрліше заттарды, денелерді түзеді. Дүниеде бардың бәрі атомдардан тұрады. Адам да атомдардан тұрады, бірақ адамның басқа жануарлардан айырмашылығы сол, онда жан атомдары тән атомдарымен алмаса отырып, айрықша түзіліс құрады. Пифагоршылдар жанды мәңгі өлмейді деп түсінген болса, Демокрит оны өледі деп есептеді, тән өлген кезде жанның атомдары оны тастап шығып, кеңістікке тарап кетеді деп түсінді.
Материалистік көзқарасқа қарсы идеализм қалыптасты. Объективтік идеализм ілімдерінің пайда болуына әсерін тигізген алғашқы ірі ойшыл афиндік Сократ (б. э. дейінгі 469-399 жж. ) еді. Мүсіншілік кәсіппен айналысқан Сократ өзі жазбаша түрде ештеңе қалдырған жоқ - ол өз ілімін әңгімелесу және пікір таластыру түрінде ауызша баяндады. Сондықтан оның ілімінің мазмұнын шәкірттері мен замандастарының, әсіресе шәкірті Платонның т. б. ол жайында қалдырған пікірлерін салыстыру арқылы анықтауға болады. Сократ философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті. Бұл - әсіресе оның сыртқы объективтік дүниені танып-білу мүмкіндігінен бас тартуынан айқын көрінді: адамның сезім мүшелерінің танымдық қабілеті шамалы, сондықтан адам өз еркіне көнетін нәрселерді ғана танып, біле алады, ал сыртқы табиғат, дүние оның еркіне көнбейді, оның еркіне көнетін жаны ғана. Сондықтан адам тек жан туралы ғана ақиқат білім ала алады. Танымның басты міндеті - өзін-өзі танып-білу, "өзіңді өзің танып-біл" деген қағида қалдырды, ол философияның негізгі бағыты - идеализм.
Сократтың философиясын ілгері дамытқан аса ірі идеалист Платон (б. э. дейінгі 427-347 жж. ) . Ертедегі грек идеализмі Платонның философиясында тұңғыш рет материализмге қарама-қарсы дүниеге көзқарас формасында көрінеді. Осы кезден бастап материализм мен идеализм ертедегі грек философиясындағы және бүкіл одан кейінгі философиядағы өзара қарама-қарсы екі негізгі бағыт болып қалыптасты. Платонның ілімі бойынша болмыс шын және жалған дүние болып екіге бөлінеді. Шын дүниеге жалпы идеялар "идеялық мәндер" жатады; ал жеке сезімдік заттар мен құбылыстар идеялар дүниесінің, яғни шын дүниенің көлеңкесі, сәулесі ғана болып табылады, сондықтан олар шындыққа жатпайды. Платон идеялар дүниесін жаратушы құдай дүниесі дей келіп, адам туылғанға дейін оның жаны сол дүниеде болады, ал содан кейін ол жан бұл дүниеге, яғни жер бетіне келіп, уақытша адам денесіне енеді де қайта шығып кете алмай, тұтқын сияқты қараңғы қапаста өмір сүреді деп санады. Таным дегеніміз, Платонның пікірінше, жанның жерге жеткенге дейін өткен өмірін еске түсіру болып табылады.
Платонның объективтік идеализмі ойлаудың диалектикалық тәсілімен ұштасып жатты, жеке мен көптің, тепе-теңдік пен өзгешеліктің, қозғалыс пен тыныштықтың диалектикасын байқауға болады. Платон зерттеген ұғымдар диалектикасының идеалистік сипатта екеніне қарамастан, олар кейіннен диалектикалық логиканың дамуында үлкен роль атқарады.
Аристотельдің (б. э. дейінгі 384-322 жж. ) философиялық шығармалары ертедегі Грециядағы философиялық ой-пікірдің даму шыңы болып саналады.
Антик дүниесі ғылымның барлық жетістіктерін бойына сіңіре білген Аристотельдің дүниеге көзқарасынан терең мазмұнды материалистік және диалектикалық идеялармен қатар, идеализмнің де элементтерін кездестіруге болады.
Материяның объективті түрде өмір сүретінін негізге ала отырып, Аристотель оны мәңгі, жоғалып кетпейді және ешкім жаратпаған деп санады. Материя жоқтан пайда бола алмайды, деді ол, сондай-ақ ол саны жағынан көбейе немесе азая алмайды. Бұл оның алғашқы кезде Платон идеализмін сынағандағы еңбектерінде жазылған пікірі. Алайда кейініректегі еңбектерінде ол Платонның идеялар дүниесін негіз ретінде аздап болса да мойындайтын болды. Материя өздігінше әрекетсіз, деді Аристотель, шындықтағы көп түрлі заттардың одан тек пайда болу мүмкіндіктері ғана бар. Бұл мүмкіндіктің шындыққа айналуы үшін материяға тиісті форма беру қажет. Форма деп Аристотсль заттан бұрын болатын пәрменді, жасампаз, мүмкіндікті шындыққа айналдыратын факторды түсінді. Форма бір тектес материядан алуан түрлі заттардың пайда болу себебі, құлшынысы мен мақсаты, идеялық бейнесі, ал материя - өздігінше илеуге көнетін қара балшық. Одан алуан түрлі заттар пайда болу үшін "мүсінші" құдай (немесе ақыл-ой - бастапқы қозғаушы) қажет. Дүниенің негізгі қозғаушысы - барлық формалардың формасы - құдай, әлемнің әрі себепшісі, әрі шындығы. Аристотель сөйтіп заттардың формасын олардың өзінен бөліп тастады да, оны Платонның идеялар дүниссі сияқты дербес субстанцияға айналдырды. Бұл идеализмге жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz