Тауықтың марек ауруының классикалық түрінің клиникалық белгілері мен диагностикасы


Аннотация
«Жануарлар патологиясы» пәнінен жазылған «Тауықтың Марек ауруының классикалық түрінің клиникалық белгілері мен диагностикасы» атты курстық жұмысым 26 беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1 кестені қамтиды.
Анықтамалар
Марек ауруы - ішкі ағзаларды ісік шалып, шеткері жүйке жүйесінің қабынуымен сипатталатын тауық тұқымдастығының созылмалы өтетін вирус ауруы. Құстың тұмауы - септицемия, домбығу, тыныс және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін жұғымтал ауру.
Ньюкасл ауруы - тауық тұқымдасына жататын құстардың бәріне тән тыныс жолдары, ас қорыту мүшелері мен жүйке жүйесін зақымдайтын аса жұғымтал ауру.
Лентогенді түрі - табиғи әлсіреген, қай жастағы балапандарға болса да зиян келтіре алмайтын штаммдар. Бұл вирус штаммдары Ньюкасл ауруына қарсы табиғи, спонтанды өздігінен туындайтын иммунитеттің пайда болуын камтамасыз етеді.
Мезогенді түрі - табиғи немесе қолдан әлсіретілген штаммдар. Бұлар жұмыртқа ішіндегі ұрықты өлтіреді, сонымен бірге 25-30 күндік нәзік балапандарды закымдай алады.
Велогенді түрі - індет таратқыш аса уытты штаммдар.
Белгілер мен қысқартулар
м - шаршы метр
м - метр куб, көлем
м-метр
м/с - қозғалыс (ауа)
% - пайыз
°С - температура
мг/ м ~ көлем
г - грамм
кг-килограм
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтама
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе . . . 8
1Негізгі бөлім . . . 9
1. 1 Марек ауруы . . . 9
1. 1. 1Марек ауруының індеттік ерекшеліктері . . .
1. 1. 2 Марек ауруының дерттенуі . . .
1. 1. 3 Марек ауруыпың өтуі және симптомдары . . .
1. 1. 4 Марек ауруының паталогоанатомиялық өзгерістері . . .
1. 1. 5 Марек ауруын балау . . .
1. 1. 6 Марек ауруын дауалау және күресу шаралары . . .
1. 2 Құстың тұмауы . . . 10
1. 3 Ньюкасл ауруы . . . 13
1. 4 Жалпы патогенез . . . 18
2Өзіндік зерттеу . . . 20 3Техникалық қауіпсіздік . . . 26 Қорытынды . . . 29 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Патологиялық анатомия - патологиялық үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін ғылым.
Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар (клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.
Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады. Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері, құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.
Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Марек ауруы бұл ішкі ағзаларды ісік шалып, шеткері жүйке жүйесінің қабынуымен сипатталатын тауық тұқымдастығының созылмалы өтетін вирус ауруы.
Ауруды алғаш рет полоневрит атауымен Мадьяр ғалымы Марек (1907ж. ) сипаттады. Кейінірек әртүрлі атаумен (нейролимфоматоз, құстың салдануы, жұқпалы нейрогрануломатоз) әртүрлі мемлекеттерде тіркеле бастады. 1960ж. алғаш ашқан ғалымның атымен Марек ауруы деп атау ұсынылды.
Ауырған құс вирусты сыртқы ортаға тыныс және ас қорыту жолдарынан шыққан бөлінділермен, қауырсын фолликулаларынан сыдырылған эпителиймен, қайызғақпен бөліп шығарады. Вирус ластанған қора жайдың ауасындағы шаңда көп болады. Сау құста ауру құстың жанасуы арқылы, кейбір тоғышар жәндіктер арқылы және әртүрлі сыртқы ортадағы жұғу факторлары арқылы, сонымен қатар тікелей жұмыртқа арқылы да беріледі. Ауырған құс өмір бойы вирус алып жүреді.
Ауруды дауалау үшін екі түрлі тірі вакциналар қолданылады: аттнеуацияланған Марек ауруының вирусы штамы және күрке тауықтың герпес вирусының штамы. Бірақ та қай вакцина болмасын егілген құсты Марек ауруының індеттік вирусын алып жүруден қорғай алмайды. Аурудың алдын алу үшін негізгі шара ветеринарлық санитариялық ережелерді қатаң сақтау болып табылады. Ең бастысы инкубациялық жұмыртқа мен балапандардың тек қана аурудан сау шаруашылықтан алу қажет [1] .
Курстық жұмыстың мақсаты - тауықтың Марек ауруының классикалық түрінің клиникалық белгілері мен диагностикасын зерттеу.
1Негізгі бөлім
1. 1 Марек ауруы
Марек ауруы ( Mobrus Marek, болезнь Марека) - ішкі ағзаларды ісік шалып, шеткері жүйке жүйесінің қабынуымен сипатталатын тауық тұқымдастығының созылмалы өтетін вирус ауруы.
Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет полиневрит атауымен Мадьяр ғалымы Марек (1907ж. ) сипаттады.
Кейінірек әртүрлі атаумен (нейролимфоматоз, құстың салдануы, жұқпалы нейрогрануломатоз) әртүрлі мемлекеттерде тіркеле бастады. 1960ж. алғаш ашқан ғалымның атымен Марек ауруы деп атау ұсынылды.
Қоздырушысы - Mareks disease gammaherpesvirus герпесвирустар туыстастығына жатады, құрамында ДНҚ бар.
Марек ауруының вирусын тауық эмбрионында, фибробласт торшаларының, тауық пен үйрек эмбриондарының бүйрек торшаларының өсіндерінде өсіруге болады.
1. 1. 1Марек ауруының індеттік ерекшеліктері
Негізінен тауық ауырады, әсіресе 2 аптаға дейінгі балапандар өте сезімтал.
Әтештерге қарағанда шібилердің, әсіресе етті тұқымдардың, бейімділігі жоғары.
Басқа құстардан үйректің, күрке тауықтың, аққудың, қырғауылдың, құрдың Марек ауруына шалдығатыны туралы деректер бар.
Ауру қоздырушысының бастауы -ауырған құс. Ол вирусты сыртқы ортаға тыныс және ас қорыту жолдарынан шыққан бөлінділермен, қауырсын фолликулаларынан сыдырылған эпителиймен, қайызғақпен бөліп шығарады. Вирус ластанған қора жайдың ауасындағы шаңда көп болады.
Сау құста ауру құстың жанасуы арқылы, кейбір тоғышар жәндіктер арқылы және әртүрлі сыртқы ортадағы жұғу факторлары арқылы, сонымен қатар тікелей жұмыртқа арқылы да беріледі.
Ауырған құс өмір бойы вирус алып жүреді.
1. 1. 2 Марек ауруының дерттенуі
Құстың денесіне енген вирус қанға өтіп, лейкоциттер арқылы лимфоидты мүшелерге жетіп, көбейеді.
Вирус шоғырланған лимфоидты қабыну ошақтарында, бүйрек түтікшелерінің эпителийінде, әсіресе қауырсын фолликулаларында тез көбейеді. Нәтижесінде аққан түйіршіктерінің тұрақтанған инфекциясы өрбиді [1, 2] .
1. 1. 3 Марек ауруыпың өтуі және симптомдары
Жасырын кезеңі 14-20 күн. Клиникалық білінуіне қарай ауру кәдімгі (созылмалы) және жіті түрге бөлінеді. Созылмалы өткенде жүйке жүйесі зақымданып, ауырған құс жүре алмай, тәлтіректеп, аяқтары, қанаттары, құйрығы салданады.
Көздің шапыраш қабығы сұрғылт тартып, қарашығының пішіні мен мөлшері өзгеріп, тіпті мүлдем жоғалып кетуі мүмкін.
Нәтижесінде құс жартылай немесе толық соқыр болып қалады. Ауырған тауық арықтап, көбінесе 3-5 айлығында өліп қалады. Жалпы өлім көрсеткіші 3-5% мөлшерінде, кейде 20-30% жетеді.
Марек ауруының жіті өтуі негізінен 4-22 апталық құстарда байқалады. Ауру кенеттен білініп, жаппай салдану ретінде жіті өтеді. 5-7 күн ішінде 1-2 айлық балапандар жаппай ауырады.
Өлім бастапқыда онша көп болмайды. 2-6 апта өткеннен кейін ішкі ағзалардың лимфоидты ісікке шалдығуы нәтижесінде құстың өлімі жиілейді. Аурудың негізгі белгілері: күйзелу, жүруінің қиындауы, тынысының тарылуы, көздің шапыраш қабығының бозғылт тартуы, салдану, дененің сусыздануы және арықтау.
Көп жағдайда жұқпалы бронхит, респираторлық микоплазмоз, колибкатериоз, кокцидиоз сияқты аурулар қабаттасып, құстың өлімі көбейеді.
1. 1. 4 Марек ауруының паталогоанатомиялық өзгерістері
Созылмалы өткен кезде аурудың негізгі белгілері ретінде жүйке желісі жуандап, оның түсі өзгеріп, ішкі мүшелерде, негізінен аналық және аталық бездерде, теріде, бұлшық еттерде кезігеді. Іш қуысындағы мүшелердегі өзгерістер дәнекер ұлпаның пролиферациялық ұлғаюымен сипатталады.
1. 1. 5 Марек ауруын балау
Індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін, патологоанатомиялық өзгерістерді ескере отырып жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне негізделеді.
Негізгі зерттеу әдісі диффузиялық преципитация реакциясы бойынша тауықтың қауырсын фалликуласында вирус антигенін анықтау болып табылады. Марек ауруын лимфоидты лейкоздан, Ньюкасл ауруынан, тұмаудан, гиповитаминоздардан, кейбір уланулардан ажыратуымыз керек.
1. 1. 6 Марек ауруын дауалау және күресу шаралары
Ауруды дауалау үшін екі түрлі тірі вакциналар қолданылады: аттнеуацияланған Марек ауруының вирусы штамы және күрке тауықтың герпес вирусының штамы.
Бірақ та қай вакцина болмасын егілген құсты Марек ауруының індеттік вирусын алып жүруден қорғай алмайды.
Аурудың алдын алу үшін негізгі шара ветеринарлық санитариялық ережелерді қатаң сақтау болып табылады.
Ең бастысы инкубациялық жұмыртқа мен балапандардың тек қана аурудан сау шаруашылықтан алу қажет.
Ауру шыққан шаруашылыққа шектеу қойылып, 5-10% құс ауруға шалдықса барлық құсты сойып, қораларды дезинфекциялап, кейін сау құстар әкелінеді.
Егер ауру шыққан шаруашылықта, шалдығу көрсеткіші өте төмен болып, індеттің өрлеу қарқыны байқалмаса, шаруашылықта алынған жұмыртқаларды 4 рет формальдегид буымен дезинфекциялағаннан соң салуға рұқсат етіледі. Құстың қауырсыны, мамығы, инкубациялық жұмыртқа, қора жай, құрал сайман құс шаруашылықтарында қолданылатын жалпы ережелерге сай дезинфекцияланады.
Құстардың арасында Марек ауруы байқалмаса шектеу алынады [1, 3, 5] .
1. 2 Құстың тұмауы
Құстың тұмауы (grippus avium) - септицемия, домбығу, тыныс және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін жұғымтал ауру. Құс тұмауының вирустары құстарда, жылқыларда, шошқаларда кездеседі.
Жабайы құстар, әсіресе суда жүзетін үйрек, қаз және т. б. құстар әдетте құс тұмауымен ауырмайды, бірақ індеттің таралу көзі болып табылады. Үй құстары құс тұмауына шалдыққан жағдайда ауру жасырыны түрде өтіп, құстардың өліміне соқтырады.
Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет Италияда Перрончито (1880ж) «тауықтың сүзегі» деген атпен сипаттады.
Кейіннен бірқатар елдерде байқалып, құстың европалық немесе кәдімгі обасы деп аталды.
Аурудың қоздырушысы вирус екендігін 1901 жылы Чентани дәлелдеді, ал 1951 жылы бұл вирус Influenza virus екендігі анықталды да, ауру тұмау деп аталатын болды.
Құс тұмауын адамдардың алғаш жұқтыруы 1997 жылы Гонконгта тіркелген. Онда құс тұмауы вирусының Н5N1 түрімен 189 адам науқастанып, 6 адам қайтыс болған.
Н5N1 вирусының 2003 жылы басталған індеті Оң түстік - Шығыс Азия мемлекеттері - Вьтнамда, Камбоджада, Қытайда, Индонезияда, Лаоста; пәкістанда, Кореяда, Тайландта; Тайвань мен Жапонияда тараған. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 2003 жылдан бері құс тұмауымен 100 - ден аса адам сырқаттанған. Олардың жартысынан көбі өлген.
Ресми деректер бойынша 2005 жылдың жетінші айында әлемде құс тұмауына шалдыққан 67 адам тіркелген, олардың 60-ы - Вьетнамда, 4-і - Камбоджада, 3-і - Индонезияда, оның ішіде 25 адам өлген. Аталған кеселге негізінен 25 жасқа дейінгі жастар шалдыққан.
2001 жылдың мамыр айында Қытайдан солтүстік Кореяға импортталған үйрек етінен құс тұмауы вирусының Н5N1 түрі табылған.
«Құс тұмауының» А, В деп аталатын вирустарының ішінде, әсіресе, Н5 және Н7 түрлері аса қауіптілері болып табылады. Ол алғаш кезде ұзақ уақыт адамға қауіпсіз саналып келген.
Тұмаудың А вирус түрі құстарды қоса есептегенде шошқалармен жылқыларда, тюльендер мен киттерде болуы ықтимал. «Құс тұмауы» вирусы әдетте адамға құстан тікелей берілмейді және адамдар арасында айналысқа түспейді деген ұстаным бар. Вирустардың ішінде адамға қауіптісі Н1, Н2, Н3 және N1, N2 түрлері болып табылады. Атап көрсететін жайт құс тұмауы жабайы құстар арасында ауру туғызбағанымен, үй құстарын қырып салады. Ол адамнан адамға жұқпайды делінеді, бірақ ауырған құстармен байланыстың салдары адам үшін қайғылы аяқталуы ғажап емес.
Құс тұмауының қоздырушысы - Influenza A Influenza virus - ортомиксовирустар туыстығына жататын, құрамында РНК бар, сүтқоректілер мен құстарға ортақ тұмау вирусының тобына жатады.
Табиғатта кең тараған бұл вирустың әртүрлі штамдарының арасынан, анықталмаған себептерден кейбіреулері доминанттық басымдылыққа ие болып жаппай қоздырады. Вирустың көптеген варианттарының зардартылығы әр түрлі болады да, құстардың әрбір түрі мен жасында әртүрлі ауру тудырады. Вирустың мутациялық өзгерістерге ұшырауына байланысты оның вируленттілігі күшейген.
Сыртқы ортада вирус біршама төзімді. Н5N1 вирусы минус 70ºС - тан төмен температурада көптеген жылдар бойы сақтала алады. Бірақ ол жақсы пісірілген кезде жойылатыны анықталған.
Төменгі температура мен лиофильді кептіргенде 2 жылға дейін сақталады. 5% тұз қышқылы, 4% фенол, 3% хлорлы әк, 2% күйдіргіш натрий, 5% карбол қышқылы ерітінділері вирусты 5 минут ішінде бейтараптайды.
Індеттік ерекшеліктері . Құстардың тұмауы эпизоотия және энзоотия түрінде байқалады. Тұмаумен барлық үй, синантроптық және жабайы құстар ауырады.
Вирустың көптеген штамдары ауырмаған жыл құстарынан, әсіресе ұя басатын жерлерінде бөлініп алынады. Үй және жабайы құстардың арасында құстарға, адамға жануарларға тән тұмау вирустарының штамдары айналымда болады.
Шаруашылыққа құс тұмауының вирусы жеммен, құрал - жабдықтармен әкелінеді, әсіресе жұмыртқа мен құс етін салған ыдыстар қауіпті. Алдымен балапандар немесе күйі нашар ересек құстар ауырады. Пассаждан өтіп, күшейіп алған вирус кейіннен күйі жақсы құстарды да жаппай ауыртады.
Вирус тыныс жолы, ауыз, тері асты, бұлшық ет арқылы енгізгенде ауру қоздырады. Сөйтсе де ауру негізінен тыныс жолдары арқылы беріледі.
Ауру қоздырушысының негізгі бастауы - ауырған және ауырып жазылған (2 ай вирус алып жүреді) құстар. Вирус денеден барлық секреттер мен экскреттер арқылы және жұмыртқамен бөлінеді. Аурудың таратушы факторлары шаруашылықтағы кемірушілер, мысық, жабайы құстар болып табылады.
Дерттенуі. Вирус тыныс жолдарына енген соң жылдам көбейіп, қанға өтеді де, эритроциттерге жабысып бүкіл денеге тарайды. Көбейген вирус ішкі үлпершек ағзаларда шоғырланады.
Қоздырушы денені жайлаған кезде лимфоидты ағзалар зақымдынып, организмнің қорғаныс қабілеті тежеледі. Бұның өзі вирустың одан әрі көбейіп, виремияның өрбуіне жағдай туғызады. Вирус көбейген кезде зиянды заттар пайда болып, құс организмі уланып, одан өлімге әкеп соғады.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңінің ұзақтығы 2 - 5 күн. Ауру басталғанда күйзеліп, тұмсығынан сора ағады. Экссудат алғашында серозды - катарлы болып, кейіннен серозды - іріңге айналады.
Аққан сора тұмсық тесігінің айналасында тобарсып кеуіп, құстың тынысы қиындайды. Синусит және синовит байқалады. Кей жағдайда көздің қабықтары қабынып, құстың басы ісінеді.
Мекен тауықтар жұмыртқалауын тоқтатады, бірақ жазылған соң қайтадан жұмыртқалай бастайды.
Тыныс мүшелерінің зақымдануымен қатар ауырған құстарда дияреяның симптом комплекстері байқалады. Саңғырығы сұйылып, түсі қоңыр - жасыл болады.
Атаксия байқалып, невроз құрыстану байқалады, құс бір орында айналшықтап, мойыны мен қанаттары дірілдейді. Аурудың клиникалық белгілері онша білінбей, жеңіл өтуі де мүмкін.
Ал адамдар арасында құс тұмауының белгілері кәдімгі тұмаумен ауырғандағыға ұқсастықтан бастап, көз инфекциясы, өкпенің қабынуы т. б. өлімге қатер төндіретін ауыр сырқаттар белгілерінде көрініс береді.
Адамдағы ауру белгілері біртектес. Ол кәдімгі тұмаумен ауырғандағыдай: дененің қызуы көтеріледі, адам қалтырып тоңады, бұлшық еттері ауырады, жөтеледі, тамағы ауырады, т. с. с. Инкубациялық кезең үш күннен аспайды.
Вирус кәдімгі лабороториялық тексерулерде анықталмайтындықтан, диагноз өте кеш қойылуы ықтимал.
Сондықтан сырқат асқынып үлгереді. Оның салдары аса ауыр. Адам вирусты жұқтырғаннан 6-8 күн өтісімен - ақ қайтыс болады.
Патологиялық - анатомиялық өзгерістер. Аурдың ұзақтығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Негізінен жұтқыншақ, мойын, кеуде және аяқтарының тері астында қанталаған жалқақтар кездеседі.
Тері астында, бұлшық еттерінде, жүрегінде, ішкі ағзаларында жаппай немесе жекелеген қанталаулар ұшырайды. Екінің бірінде ринит, фарингит және конъюктивит, одан да жиірек ішек - қарында қанталаулар байқалады.
Құстың тұмауы кезінде гастроэнтерит, перитонит, перикардит, бронхит, аэросаккулит, өкпенің домбығуы, ішкі ағзаларда қанның іркілуі, бұлшық еттердің көкшілденуі үнемі дерлік байқалады. әсіресе мида болатын өзгерістер: геморрагиялық менингит, шашыранды қанталау, ошақты домбығу, мидың босаңсуы осы ауруға тән.
Балау. Індеттік ерекшеліктері, клиникалық және патологоанатомиялық белгілері бойынша тұмауға тек алдын ала диагноз қоюға болады.
Қорытынды диагноз қою үшін ауру жіті өткен кезде өлген құстың өкпесі, бауыры, миы, т. б. алынған патологиялық материалды зертханаға жібереді. өлекседен материалды зертханаға жібереді.
Өлекседен материалды тез арада алып, суықпен немесе 50% глицеринмен консервілейді. Тауықтан серологиялық тексеру үшін қанды екі мәртебе қосарлап, аурудың әртүрлі кезеңінде алады.
Вирус бар материалды әдеттегі жолмен даярлап, буферлі ерітіндімен езіп, 1 мл сұйыққа 5 мың ӘБ пенициллин қосып 9 - 12 күндік тауық эмбрионының алантоис қуысына жібереді. 48 сағат өткен соң аллантоис сұйығын алып, оны вирусқа гемагглютинацияны тежеу реакциясында тексереді.
Сонымен қатар тауық эмбрионының көп қабатты торша өсінділерін жұқтырады.
Биосынама қоюүшін 2 - 4 айлық балапанға 0, 5 - 1 мл патматериал езіндісін бұлшық етіне жібереді. 3 - 5 күн өткенде балапанда аурудың белгілері байқалып, кейде өліммен тынады. Егер вирустың уыттылығы төмен болса, 4 - 10 күннен кейін антиденелердің титрінің көтерілуінен басқа белгі байқалмайды [1, 2, 3, 4] .
1. 3 Ньюкасл ауруы
Ньюкасл ауруы (Morbus Newcastle, ньюкаслская болезнь псевдочума) - тауық тұқымдасына жататын құстардың бәріне тән тыныс жолдары, ас қорыту мүшелері мен жүйке жүйесін зақымдайтын аса жұғымтал ауру.
Тарихи деректер. Бұл ауруды алғаш рет 1926 жылы Англияның Ньюкасл қаласы маңында байқап, зерттеген ағылшын ғалымы Дойль оны осы қаланың атымен «Ньюкасл ауруы» деп атады. Ауру құс шаруашылығы дамыған елдердің барлығында кездеседі.
Қоздырушысы - Newcastle disease paramyxovirus, парамиксті вирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирус. Оның көгершін, тауық, күрке тауық және теніз тышканының эритроциттерін атглютинациялайтын қабілеті бар. Вирустың табиғи штамдарының зардаптылық қабілеті әр алуан болғандықтан аурудың сыртқы нышандары мен таралуы да әртүрлі болады. Биологиялық ерекшеліктеріне қарай Ньюкасл ауруын коздырушысыньң штамдары лентогенді, мезогенді және велогенді деп бөлінеді.
Лентогенді түрі - табиғи әлсіреген, қай жастағы балапандарға болса да зиян келтіре алмайтын штаммдар. Дегенмен дүние жүзінің бір қатар елдерінде, сондай-ақ біздің еліміздің құс көп шоғырландырылған өлкелерінде бұл вирус штаммдары Ньюкасл ауруына қарсы табиғи, спонтанды өздігінен туындайтын иммунитеттің пайда болуын камтамасыз етеді.
Мезогенді түрі - табиғи немесе қолдан әлсіретілген штаммдар. Бұлар жұмыртқа ішіндегі ұрықты өлтіреді, сонымен бірге 25-30 күндік нәзік балапандарды закымдай алады.
Велогенді түрі - індет таратқыш аса уытты штаммдар. Бұл барлық жастағы құстарды зақымдай алады. Ньюкасл ауруы вирусының велогенді штаммдары құс ағзаларына бейімделуіне және енуіне қарай екіге бөлінеді. Оның бірі (висцералъдық түрі) ішкі ағзаларда өсіп-жетіледі, өте қауіпті, оның азиялық түрі құстың 99-100%-ін кырып кетуі мүмкін. Екіншісі - тыныс жолындық, біріншіден сәл әлсіздеу (американдық) түрі дегенмен ол да құстың 80-90%-ін қырып кете алады [1, 2, 4, 6] .
Вирус тауықтың 9-12 күндік эмбрионында немесе ұлпа өсіндерінде өсіп-өнеді.
Төзімділігі. Ньюкасл ауруының вирусы сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді. Салқын ауада жақсы сақталады. Мәселен 2-4°С суықта вирус жұмыртқа ішінде немесе дертке шалдыққан әр түрлі ағзаларда бір жылдан астам уақыт сақталады.
Тоңазытылған құс етінде бұл вирус алты айдан астам өлмейді. Егер температура 65-75 градусқа жеткізілсе вирус 30 минутта, ал 100 градуста санаулы секундтар ішінде өледі. Құс саңғырығындағы вирус күн сәулесі тура түскен жағдайда 48-72 сағатқа ғана шыдайды.
Балапан шығару кезінде жүмыртқа қабығының сыртына жабысқан вирус алғашқы күндердің өзінде-ақ зардаптылығын жоятын болса, жұмыртқа ішінде балапан шыққанға дейін жандана түседі.
Органикалық заттарға бай (көң, коқыс) ортада вирус 18-21° С ауаның ылғалдылығы 64-70% болған жағдайда 15 күннен 50 күнге дейін сақталады.
Жүмыртқа қабығының сыртындағы вирус формалин буының әсерінен 1 сагатта, ал 0, 5 %-тік натрий сілтісінен 20 минутта, 1% белсенді хлоры бар әк ертіндісінен 1 минутта өледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz