Иттің токсокароз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Жануарлар патологиясы» пәнінен «Иттің токсокароз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы» курстық жұмыс 30 беттен тұрады.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Белгілер мен қысқартулар

Курстық жұмыста төмендегідей қысқартулар мен белгілеулер келтірілген:

м - шаршы метр

м - метр куб, көлем

м-метр

м/с - қозғалыс (ауа)

% - пайыз

°С - температура

г - грамм

кг - килограмм

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Курстық жұмыста төмендегідей анықтамалықтағы терминдік аталымдар қолданылды.

Нематодалар (грек сөздерi - nematos жiк eidos- түрi, кескiнi) - немесе жұмыр құрттар, олар қоздыратын ауруларды нематодоздар деп атайды.

Токсокароз және токсаскаридоз қоздырғыштары: Anisakidae тұқымдасына кiретiн Toxocara canis және Ascaridae тұқымдасына жататын Тoxascaris leonina болып табылатын ит және терiсi бағалы ет қоректiлер арасында кездесетiн аурулар тобы. Оларды тудырушы ащы iшектi мекендейтiн аталған жұмыр құрттар.

Жасырын кезең - аурудың латентті сатысы.

Продромальды кезең - аурудың бастапқы кезеңі

Аурудың айқын біліну кезеңі - аурудың толық даму сатысы

Сауығу кезеңі - аурудың ақыры - аяқталу кезеңі

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Белгілер мен қысқартулар

Анықтамалар

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 9

1. 1 Ет қоректiлердiң токсокарозы және токсаскаридозы . . . 9

1. 1. 1 Токсокароз қоздырғыштарының өсiп-өнуi . . . 9

1. 1. 2 Токсокароз ауруының эпизоотологиясы . . . 10

1. 1. 3 Токсокароз ауруының өрбуi және сырт белгiлерi . . . 10

1. 1. 4 Токсокароз ауруындағы өлекседегi өзгерiстер . . . 11

1. 1. 5 Токсокароз ауруын анықтау . . . 11

1. 1. 6 Токсокароз ауруының емi . . . 15

1. 1. 7 Токсокароз ауруынан сақтандыру . . . 15

1. 2 Тауық аскаридозы . . . 16

1. 3 Ауру туралы түсінік . . . 19

1. 4 Жалпы этиология . . . 20

2 Өзіндік зерттеу . . . 22

3Техникалық қауіпсіздік . . . 26

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2014ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2014ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Нематодалар (грек сөздерi - nematos жiк eidos- түрi, кескiнi) - немесе жұмыр құрттар, олар қоздыратын ауруларды нематодоздар деп атайды.

Ауру қоздырғыштары жануар мен адамның асқорыту, тыныс алу жүйелерiнде көптеген мүшелерiнде тiршiлiк етедi. Бұлар иесiнiң қаны, сөлi және торша ұлпаларымен, iшегiндегi астың нәрiмен қоректенедi.

Дене бiтiмi ұзынша, созылыңқы жiп не ұршық тәрiздi, ұштарына қарай басым көпшiлiгi сүйiрлеу, көлденеңiнен қиып көргенде жұмыр келедi. Нематодалардың тұрқы 1 мм-ден 1 м-ге дейiн жетедi.

Құрттардың түсi ақ, ақшылсары, ақсұр. Денесi сыртынан көбiнесе жылтыр қабықшамен (кутикуламен) қапталған. Оның астында осы қабықшаны жаңғыртып тұратын субкутикулярлы бiр қабатты торшалар орналасады. Одан кейiн бiрыңғай бұлшық етi орын алады. Осылардың бәрi жиылып паразиттiң терi-ет қапшығын құрайды.

Гельминттiң екi ұшы тұйықталып бiткен түтiк сияқты, оның сыртын “терi - ет” қаптайды, iшкi жағында дене қуысы болады. Онда неше түрлi жүйелер мен мүшелер жайғасады.

Нематодалардың көбісі дара жыныстылар. Олардың ұрғашылыары түрлеріне қарай жыныс тесігі арқылы жұмыртқа салады немесе балаң құрттарын туады. Осы қасиеттеріне қарай жыныс тесігі арқылы жұмыртқа салады немесе балаң құрттарын туады. Осы қасиеттеріне қарап оларды жұмыртқа салғыштар және тірі туғыштар деп жіктейді.

Жұмыртқа салғыш жұмыр құрттардың жұмыртқасы әртүрлі жетілу сатыларында сыртқы ортаға шығады.

Кейбір нематодтардың жұмыртқасында балаң құрт пайда боп таралады, ал кейбірінде тек бластомерлері ғана болады.

Кейде құрттан бөлінген жұмыртқада иесінің организмінде балаңқұрттар пайда болып, сыртқы ортаға таралады. Жұмырқұрт жұмыртқалары немесе балаңқұрттары сыртқы ортаға иесінің нәжісі немесе зәрі арқылы шығады.

Егер сыртқы ортаға ұрығы бар құрт жұмыртқасы шықса, онда одан мндетті түрде I-ші сатыдағы балаңқұрт пайда болады. Одан әрі балаңқұрт жұмыртқадан шығып дамиды немесе жұмыртқа ішінде дамып инвазиялық сатысына жетеді [1, 3] .

Курстық жұмыстың мақсаты - иттің токсокароз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасын зерттеу.

.

1 Негізгі бөлім

1. 1 Ет қоректiлердiң токсокарозы және токсоаскаридозы

Токсокароз және токсаскаридоз қоздырғыштары: Anisakidae тұқымдасына кiретiн Toxocara canis және Ascaridae тұқымдасына жататын Тoxascaris leonina болып табылатын ит және терiсi бағалы ет қоректiлер арасында кездесетiн аурулар тобы. Оларды тудырушы ащы iшектi мекендейтiн аталған жұмыр құрттар.

Қоздырғышы. Toxocara canis - ақшыл сары түстi нематода. Еркегiнiң ұзындығы 5-10 см, құйрық жағы қайырылған. Тiк құйрықты аналығының ұзындығы -9-18 см.

Ауызы 3 ерiнмен көмкерiлген және бас бөлiмi кең қанатшалармен қамтамасыз етiлген, екi тең спикуласы бар. Аналық жыныс тесiгi құрт денесiнiң алдыңғы жағынан ашылады.

Токсокара жұмыртқасының көпшiлiгi шар тәрiздi домалақ, диаметрi 0, 068-0, 075 мм, оның сыртқы қабықшасы араның ұясына ұқсас. Ал мысықтың өзiне тән T. mystax деген жыланқұрты бар.

Toxascaris leonina - ақшыл сары түстi iшқұрт, бас бөлiгiнiң алдыңғы жағында жiңiшке қанаты орналасқан.

Еркегiнiң ұзындығы 4-6 см, екi тең спикуласы бар, ал бәтегi денесiнiң алдыңғы бөлiгiнен орын тапқан.

Токсоаскариданың жұмыртқасы дөңгелек немесе сопақша келедi, сыртқы жылтыр қабығы қалың, оның диаметрi 0, 075-0, 085 мм.

1. 1. 1 Токсокароз қоздырғыштарының өсiп-өнуi

Токсокароз бен токсаскаридоз қоздырғыштары геогельминттер, олар аралық иесiз дамиды.

T. canis. Қолайлы жағдайда қоршаған ортаға бөлiнiп шыққан құрт жұмыртқасы 5 тәулiктiң iшiнде өнедi. Осы уақыт аралығында жұмыртқада балаңқұрт өсiп жетiледi.

Етқоректiлер құрт жұмыртқаларымен ас - су арқылы зақымданады. Етқоректiлер iш құрылысына енген балаңқұрттар өздерiнiң сыртқы қабатынан ажырап, iшек қабаттарына енедi, қан тамырлары арқылы бауыр, жүрекке, онан соң кiшi қан айналымы жолымен өкпеге жетедi, өкпе көбiкшелерi - альвеоладан ауатамыршаларына (бронхиолы), өтедi, одан әрi қарай жылжып кеңiрдекке, көмекейге барып, жұтқыншақ арқылы сiлекеймен асқазан - iшекке қайта түсiп, 1 ай шамасында ересек iшқұртқа айналады.

Балаңқұрттардың қалған тағы бiр бөлiгi үлкен қан айналымына өтiп, артериялық қантамырлар арқылы етқоректiлердiң, кемiргiштердiң әртүрлi мүшелерiне келiп тоқтайды.

Балаңқұрттарды сыртынан торшалар мен ұлпалар қоршап, дәнекер ұлпалы қалталар түзiледi, бiрақ олардың тiршiлiк қабiлетi жойылмайды.

Ит, түлкi және басқа етқоректiлер токсокар қоздырғышы бар кемiрушiлердiң еттерiн не өздерiн жеп зақымданады.

Олардың ас қорыту жүйесiнде капсуласынан босаған балаңқұрттар дамуын жалғастыра бередi. үлкен қан айналымындағы көшпелi токсокара балаңқұрттары буаз қаншықтың шу қабығынан (плацентасынан) өтiп күшiк денесiне енедi.

Құрттар жаңадан туған күшiктiң әуелi өкпесiнде болады, екi тәулiк өтiсiмен олар кеңiрдек, өңеш арқылы iшекке түсiп, өсiп нематоданың ересек сатысына көтерiледi.

T. leonina тiкелей жолмен өсiп-өнедi. Ит пен басқа етқоректiлер денесiнде балаңқұрттар күрделi миграция жасамайды.

Iшекке жеткен жұмыртқалардан балаңқұрттар “бостандық алып” ағзаның iшкi қабат ширақтылықпен кiредi, онда түлегеннен кейiн, олар iшек саңылауынан қайта шығып, 2-3 жұмадан соң жетiлген гельминттерге айналады [1, 3] .

1. 1. 2 Токсокароз ауруының эпизоотологиясы

Токсокарозбен көбiнесе жаңа туған, 17-20 күндiк күшiктер ауырады.

Ал токсокароздың токсаскаридоздан айырмашылығы ол жаңа туған және жас жыртқыштар арасында еш уақытта кездеспейдi, онымен тек ересек етқоректiлер ауырады.

Инвазия таратушы болып токсокара мен токсаскарида жұмыртқаларын бөлiп шығаратын етқоректiлер болып табылады.

Олар негiзiнен жұқпалы жұмыртқаларды сумен, азықпен бiрге жұтып зарарланып дертке шалдығады.

Сонымен қатар аталған жұмырқұрттар кемiргiштер iшегiнде тiршiлiк етiп, жыртқыштарға олармен қоректенгенде жұғады.

Терiсi бағалы аңдардан токсаскаридозбен көгiлдiр түлкiлер өте жиi ауырады.

Токсокара мен токсаскарида жұмыртқалары қоршаған ортаның әр қилы қолайсыз жағдайларына өте бейiмделгiш келедi, көптеген уақыт бойы топырақта сақталады және әр түрлi химиялық заттардың әсерiне төтеп бере алады.

Мәселен, нәжiстi фенолдың 5 проценттiк ерiтiндiсiмен зарарсыздандырғанда олар тек 22 күннен кейiн ғана тiршiлiгiн тоқтатады. Токсаскаридоз қоздырғышының ең кеңiнен тарайтын кезi тамыз, шiлде айлары.

1. 1. 3 Токсокароз ауруының өрбуi және сырт белгiлерi

Ауру зардабы құрттардың даму сатысына байланысты.

Токсокара мен токсаскаридалар хайуанаттарға механикалық жарақаттармен улы әсерлерiн тигiзедi.

Кейде iшек қуысы түгелдей бiтелiп, оның қатпары жарылып кетедi, соның нәтижесiнде перитонит пайда болады.

Токсаскаридалар iшек бойынан өтiп бауыр, өт жолдарына, ал кейiннен қарын, өңеш - кеңiрдекке де жетуi мүмкiн. Олар мал денесiне улы әсерiн тигiзе отырып аталған мүшелерде әрқилы патологиялық өзгерiстер туындатады, олардың қызметiн нашарлатады.

Токсокоразбен көбiнесе 20 күндiк күшiктер 2, 5 айлығына дейiнгi аралықта қатты зардап шегедi, олардың өсу қабiлетi тежеледi.

Күшiктердiң ас қорыту жүйесi қызметi бүлiнiп, iштiң өтуi, кеуiп кетуi сияқты белгiлер байқалады, құсады, iшегi түйнейдi.

Құрт уытының әсерiнен жүйке жүйесi бұзылып, қарын және бүйректiң қызметтерi нашарлайды.

Қан құрамындағы эритроциттердiң саны азайып, керiсiнше лейкоциттер көбейiп, нәтижесiнде анемияға ұшырайды. Ал токсакара балаңқұрттары әсерiнен иттер көбiнесе пневмонияға шалдығады.

1. 1. 4 Токсокароз ауруындағы өлекседегi өзгерiстер

Өлген өлексе өте арық болады. Аурудың бастапқы сәтi өкпедегi өзгерiстермен, ал кейiнгi өршуi ащы iшектен байқалады.

Iшектiң кiлегейлi қабығы қабынған, қуысында көптеген жұмыр құрттар жиналған, кейде iшек жарылған.

1. 1. 5 Токсокароз ауруын анықтау

Ет қоректiлердiң токсокарозы мен токсаскаридозын анықтағанда негiзiнен эпизоотологиялық деректерге және сырт белгiлерiне сүйенедi.

Фюллеборн әдiсiмен ит нәжiсiнен гельминттердiң жұмыртқаларын iздестiредi.

Токсоаскаридалар жұмыртқасының сыртқы қабаты кедiр - бұдырсыз жылтыр келедi. Негiзгi диагноз дегельминтизациядан өткен немесе өлген ит iшегiнен аталған iшқұрттарды табу болып саналады.

Гельминтоздарды тірі малды зерттеу арқылы анықтау

Тірі малға диагноз қою үшін аурудың клиникалық сырт белгілері анықталады, эпизоотологиялық деректерге сүйенеді, арнаулы зертханалық лабораториялық жөне иммунобиологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Клиникалық белгілері - гельминтоздардың клиникалық сырт белгілері кейде айқын білінеді. Ал, аурудың созылмалы түрінде олар көбінесе білінбейді, көмескі (субклиникалық) немесе жасырын түрде өтеді.

Көбінесе тыныс алу жүйесінің немесе асқорыту ағзалары қызметінің бүзылуы салдарынан мал демігеді, жөтеледі, іші өтеді, қоңы мен жалпы күйінің төмендеуі, сүт, ет, жүн өнімдерінің азаюы мүмкін.

Жоғарыда аталған белгілер анық біліне түрса да бұған сүйеніп, ауруды анықтау қиынға соғады, өйткені мүндай белгілер басқа дерттерде де кездеседі. Р. С. Шульц (1959) айтқандай "ауруды анықтауда клиникалық белгілер шешуші емес, бағыттауыш деп қарау керек".

Эпизоотологиялық деректерге гельминтоздардың белгілі бір маусымға тәуелділігі, малдың түқымы, жынысы, жасы ескерілуі, аурудың жаппай етек алуы және жануар денесінде құрттардың өсіп-жетілуіне қолайлы жағдайлар болуы, мал өзара жанасуы, т. б. жөніндегі мағлүматтар жатады.

Арнаулы зертханалык зерттеулер

Гельминттері жануарлардың ұлпалары мен мүшелерінде қоныс тебуіне байланысты, өздерінің өсіп-өну барысында сан алуан жолмен, мал нәжісімен, қанмен, көз жасы, басқа да денеден бөлінетін заттармен сыртқы ортаға жайылады.

Мысалы, тыныс алу немесе асқорыту жүйесіндегі құрттардың жұмыртқалары және личинкалары түліктің нәжісі арқылы бөлініп шығады.

Ішқұрт ауруларын анықгау мақсатымен жиі қолданылатын негізгі тәсіл-гельминтокопрология, гельминтоовоскопия, яғни нәжісті зерттеу.
Нәжісті тікелей тік (көтен) ішектен алған жөн.

Әдетте бүл тэсілмен тұтастай гельминттердің өзін, не оның үзігін, бунақтарын табу (гельминтоскопия), гельминт жұмыртқаларын іздеу (гельминтовооскопия), балаңқұрттарын ажырату (гельминтоларвоскопия) болып үш саққа жіктеледі.

Гельминтоскопия. Нәжіс арасынан ірі құрттарды, олардың бөлшектерін жай кезбен де байқаймыз.

Ал көлемі шағын гельминттерді немесе олардың үзіктерін, таспа құрттардың бунақтарын іздеу үшін нәжісті түбі қара шұңғылдау ыдысқа салып үстінен су қүйып езіп, жақсылап араластырып, біраз тұндырып, сүйықтың жоғарғы бөлігін төгіп тастайды.

Осылай бірнеше дүркін жуып-шайған соң, ыдыс түбінде нәжіс тұнбасы әбден азарып ішіндегі құрттар, олардың мүше бөліктері айқын көрінеді. Артынан оларды ұшы иілген имек инемен немесе қысқышпен теріп алады.

Шаруашылық жағдайында табылған гельминттерді қажет болса үлкейткіш әйнекпен (лупа) немесе стереоскопиялық микроскоптың көмегімен зерттейді.

Гельминтоовоскопия. Мал нәжісінен (киынан, қүмалағынан не тезегінен) паразит жүмыртқаларын іздестіру.

Нәжісті зерттейтін лабораториялық (зертханалық) әдістер біршама, ең бастылары төмендегідей. Нәжіс жүғындысын қарау ең қарапайым әдіс.

Таза төсеніш шынының бетіне глицерин мен су қоспасының 1-2 тамшысы тамызылады.

Тамшыға шыны немесе ағаштан жасалған жіңішке таяқшамен (сіріңкенің шиі де жарайды) жас нэжісінің шамалы бөлігі жақсылап араластырылады (глицерин орнына жай суды пайдалануға болады, бірақ глицерин барда жұмыртқалар айқындала түседі және олар тез арада кеппейді), содан кейін езінді сүйықтың үстін жұқа жапқыш шынымен бастырып микроскоппен қарайды. Бір жануардан 2-3 сынама нәжіс езіндісін дайындап зерттеген жөн [3, 5, 6] .

Бұл қарапайым әдістің тиімділігі оны кез келген жерде қолдануға болады. Бірақ кемшілігі де жоқ емес: ол мал ішқұрттармен аз мөлшерде зақымданған кезде гельминтозды анықтау қиынға соғады. Бұл әдісті жануар денесін жаппай паразит жайлаған жағдайда пайдаланған дүрыс.

Шөгеру, тұндыру әдісі. Бұл негізінен алғанда сорғыш кұрттардың жұмыртқаларын іздестіруге арналған. Ұсақ тұяқтан 3-5 г жас құмалақ, ірі малдан 5 г мөлшерінде нәжіс алынады. Оны арнайы фарфор келішеге (ступка) салып, үстіне шамалы су құйып келісаппен езіп, қойыртпақ дайындайды. Қойыртпақты дәке не темір елеуіш, не капрон сүзгімен астына тосылған кішкене шыныаякқа (копрологиялық стакан) сүзіп құяды. 3-5 минутта тұндырып, тұнбаның бетіндегі сүйықты ептеп төгіп тастап, оның орнына бұрынғы мөлшердегідей етіп су құяды. Осылай бірнеше рет қайталап шайқағаннан кейін ыдыс түбіндегі түнба тазарады. Ақырында бетіндегі мөлдір сүйықты соңғы рет төгіп тастап, шөгіндіні аз мөлшерден құйып алып, микроскоппен зерттейді.

Кейбір таспа жөне жалпы жұмыр кұрттардың жүмыртқаларын табу үшін бірнеші күрделі әдістерді пайдалануға болады. Бұлардың қатарына паразит жұмыртқаларымен қанықкан ерітінділердің меншікті салмақ айырмашылығын негізделген қалқыту немесе флотациялық (құрт жұмыртқалары ерітінді бетіне кылқып шығуы) әдістерін атауымыз қажет. Ал қаныққан ерітінділерді әр түрлі тұздардан жасайды.

Фюллеборн әдісі қарапайым және өте қолайлы, кең тараған. Бұл әдісті дала жағдайында да қолдануға болады. Оны жүзеге асыру үшін қаныққан ас түзы ерітіндісі (меншікті салмағы 1, 18), кішкентай шыныаяқтар, таяқшалар, сондай-ақ мақта, дәке, дөңгелетіп бір үшы иірілген жіңішке сым ілмектер-түзақшалар қажет.

Ерітінді әзірлеу үшін 1 л суға 450 г ас түзын салып, қайнағанша ысытады. Содан кейін оны мақтадан немесе дәкеден өткізіп сүзеді. Бүл ерітіндіні суытып қолданады.

Өлшеп алған нәжісті стаканға (кұмалақтарды келішеге) салады да, оған аздап ерітінді қосады, осыдан соң оны таяқшамен (құмалақтарды келісаппен) әбден езеді. Осылай дайындалған нәжіс қойыртпағына ерітінді қосып (флотациялық сұйық пен нәжістің қатынасы 20:1 шамасындай болуы шарт), сұйылтады да таяқшамен тағы араластырады, сонан соң торкөзді сүзгішпен (дәке немесе темір елек) сүзіп таза шыны ыдысқа қатырады да (ауызы тар, мойыны жіңішке шыны құмыралар-колбалар пайдалануға тиісті) 30 - 40 минут бойы тұндырып қояды.

Осы мерзім ішінде құрт жұмыртқалары сұйықтың бетіне қалқып шығады, оларды сым ілмешектермен (2-3 тамшы) іліп алып, төсеніш шыныға еппен сілкіп салып, бетін жапқыш шынымен бастырып микроскоппен тексереді.

Калантарян әдісі жоғарыда аталған Фюллеборн тәсілінен айнымайды,
мұнда тек қалтқыштық сүйық ретінде меншікті салмағы 1, 4 азот қышқылды
натрийдің (Ка 2 КО 3 ) қаныққан ерітіндісін алып 1:1 қатынастағы қосындыны
ысытады. Қайнаған сұйықтың бетін қиыршықты қабыршақ жабысымен, оны
салқындатып, сүзбей-ақ құрғақ шөлмектерге құйып дайындайды.

Калантарян әдісі арқылы меншікті салмағы жоғарырақ жұмыр құрттардың жұмыртқаларын анықтайды.

Дарлинг әдісінде шөгеру және флотациялау амалдар қатар қолданылады.

Өлшеп алынған қиды не құмалақты шағын көлемдегі сумен араластырып езеді, қойыртпақты шыны түтікке (центрифуга пробиркасы) сым елеуіштен өткізіп сүзіп, 1 -2 минут айналдырғыш аспабымен (центрифуга аппараты) айналдырады (бұл кезде құрт жұмыртқалары тұнбаға шөгеді) .

Осыған кейін түтіктегі сүйықтың жоғарғы бетін төгіп тастап тұнбаға тепе-тең мөлшерде глицерин және қаныққан ас тұзы қоспасын құяды.

Пробиркадағы затты сыртқа төгілмейтіндей етіп шайқап, тағы да 1-2 минут айналдырады. Соңынан темір тұзақшамен сүйықты бет жағынан сыдырып алып ақырын ғана төсеніш шыныға сілкіп, үстін шыны жапқышпен жауып, микроскоппен қарайды.

Бұл әдіспен нематода жұмыртқаларымен бірге кокцидийлердің ооцистелерін (қарапайымдылар) табуға болады.

Щербович әдісі. Қалқытқыш сүйық ретінде қаныққан күкірт қышқылды магнезия (МgS0 4 ) ерітіндісін қолдануға негізделген (920 г магнезия 1 л ыстық суда езіледі, сүзіліп, тоңазытып пайдаланады) . Бұл әдіспен шошқа нематодаларының жұмыртқаларын іздестіру тиімді [5, 6, 7, 10] .

Гельминтоздарды анықтау. Гельминтоз ауруын дұрыс анықтап білсе, малды емдеуге және оны дерттен тез жазуға мүмкіншілік туады. Демек, гельминтоз түрі дэлелденген соң ғана індеттің мал арасына одан эрі таралуына жол бермеуге болады.

Диагноз қою үшін әуелі жануардың қашан кеселге шалдыққанын, дерттің қандай белгі бергенін, қандай жөм - шөп жегенін, жайылымын, суатын, мүндай дертпен түліктің бүрын-сонды ауырған - ауырмағандығын, бірден қанша бас дертке шалдыққанын сұрастырып біледі. Осыдан кейін

малға тексеру жүргізеді. Алдымен ауру малдың жасына, жынысына, қондылығына, азыққа тәбетіне, жүріс-тұрысына назар аударады.

Ішқұрт ауруларын анықтаудың өзіндік ерекшелігі бар. Гельминттер дене мүшелері мен ұлпалардан табылса да, жануар гельминтозға ұшыраған деп кесіп айтуға болмайды, ішқұрт ауруларын жануардың тірі кезінде және мал өлген соң анықтайды [3, 7, 8, 9] .

1. 1. 6 Токсокароз ауруының емi

Ет қоректiлердiң токсокарозын, токсаскаридозын емдеу үшiн бiрнеше антигельминтиктер қолданады. Дегельминтизацияны арнаулы торларда (клеткаларда) жүргiзедi.

Буаз қаншықтарды күшiктеуiне 1 ай қалғанда немесе күшiктегеннен кейiн 1 ай өткен соң емдейдi.

Күшiктердi дәрiлемей тұрып 2 сағат бұрын енелерiнен айырады, емдеп болған соң 2 сағаттан кейiн оларды қайта енелерiмен табыстырады. Түлкiнiң күшiктерiн апталық жасқа толысымен дәрiлей бастайды [1, 3] .

Төртхлорлы көмiртегiн түлкiлерге қолданбайды, ал иттерге 0, 3 мл/кг есебiнде берiледi.

Тетрахлорэтилен (төрт хлор этилен) түссiз сұйық, негiзiнен суда ерiмейдi, қараңғы жерде ұстап сақтайды. Бұл дәрiнi желатин капсуласы арқылы бередi: итке 0, 1-0, 2 мл/кг; түлкi мен көгiлдiр түлкiге олардың жастарына байланысты: 1, 5 айлық күшiгiне 0, 1 мл; 1, 5-2 айға дейiнгiлерге 0, 2 мл; 2-3 айға жеткендерiне 0, 4; ал 5 айдан асқандары мен сақаларына 0, 7 мл/кг. Дегельминтизациядан 3 күн бұрын аңдарға майлы ас iшкiзедi.

Төртхлорлы көмiртегi және тетрахлорэтилен мен емдеу алдында жыртқыштарды 15 сағат аш ұстайды, емделгеннен кейiн 3 сағаттан соң оларды қоректендiредi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иттің оба ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Ит лептоспирозыауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Ит инфекциялық гепатит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Ет қоректілердің оба ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Эхинококкоздың патогенді әрекеті мен биологиясы
Ет қоректілердің жұқпалы гепатиті ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Эхинококкоз ауруының диагностикасы
Жануарлардың инвазиялық аурулары
Иттің құтырық ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Қысқартулар мен белгілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz