Қоянның фосфорорганикалық қосылыстардан улануының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1 Фосфорорганикалық қосылыстармен улану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2 Хлорорганикалық қосылыстармен улану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3Ауру туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.4Жалпы этиология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.5 Жалпы патогенез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.6 Организмнің реактивтілігі және оның патологиядағы маңызы ... ... ... ... ... ..18
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
3Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Тақырыптың өзектілігі. Патологиялық анатомия - патологиялық үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін ғылым.
Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар (клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.
Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады. Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері, құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.
Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Ауылшаруашылығында, құрылыстарда қолданылатын улы химикаттардан өндірістің улы қалдықтарынан азыққа қолданылатын өсімдіктердің құрамындағы улар .Мұндай улы заттар азықтарды тамақтандыруға дұрыстап дайындамағанда, дайындалған азықтарды дұрыс сақтап, дер кезінде бермегенде де пайда болуы ықтимал.
Кей кезде улы заттар мал азығына дайын түрінде араласып кетуі де мүмкін. Мысал ретінде, өсімдіктердің ауруларымен, оларға зиянды жәндіктермен күресуде қолданылатын улы химикаттарды дұрыс пайдаланбағанда, дұрыс сақтамағанда олардың мал азығымен, сумен араласып, олар арқылы организмге түсіп уландыруын келтіруге болады. Көп заттардың улылығы әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді оның оргонизмге түскен мөлшеріне басқа улы заттармен қоса әсер етуіне малдардың жалпы жағдайына кейбір өте күшті улы заттардың белгілі бір мөлшері емдік әсер ететіні ал организмге зиянсыз кейбір заттардың көп мөлшері уландырып өлім жітімге ұшыратуы мүмкін.
Малдәрігерлік фармакология дәрілік заттарды нәтижелі, қауіпсіз және аз шығынмен (экономды) қолдану принциптері мен ережелерін оқытатын ілім. Малдәрігерлік фармакологияның алдында тұрған таты бір мәселе - ол малдың өсімін көбейтетін, өнімін арттыратын, оның сапасын жоғарылататын, экологиялық тұрғыдан таза өнім алуды қамтамасыз ететін дәрілік заттарды іздеп, табу.

1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –118б.
2 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 135 бет.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.- Москва: Колос, 1961.-147б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 153с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-124с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.Н Сюрин и др. М: Агропром, 1991.-136с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-115с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 184б.
9 Тұтқышбай И.А, Сабекова Д.Ө, Жануарлар патологиясы, Шымкент,
2009.-112б .

Аннотация
Жануарлар патологиясы пәнінен Қоянның фосфорорганикалық қосылыстардан улануының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 30 беттен тұрады.
Кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1кесте қамтылған.
Белгілер мен қысқартулар
г-грамм
сағ-сағат
мм-миллиметр
квт-киловольт
кг-килограмм
0-градус
мкм-микрометр
км-километр
т-тонна
мс-метрсекунд
ПВС-поливинилді спирт
БӘБ- бақа әсер бірлігі
МӘБ - мысық әсер бірлігі
КӘБ -көккептер әсер бірлігі
ӘБ- әсер бірлігі
Анықтамалар
ФОҚ - Фосфорорганикалық қосылыстар
ХОҚ - Хлорорганикалық қосылыстар
СОҚ - Сынапорганикалық қосылыстар
МҚ - Мышьяк қосылыстар
Цианидтер - синиль қышқылының тұздары
Хроноестезия -- организм жүйелерінің дәрілік заттарға сезімталдығының тәулік уақытына, жыл мерізіміне байланыстылығын зерттеу.
Хроноергия -- организм жүйелерінің дәрілік заттарға реактивтілігін тәулік уақытына, жыл мерізіміне байланыстыра зерттеу
әсер етеуі.
Флакондар мен ампулалар - дәрілік сұйық заттар ауа өткізбейтін ыдыстар
Релаксанттар - дитилин, диплацин наркоздық әсері бар препараттар фитотерапия - өсімдік тектес шөп дәрілермен емдеу.
тұнба - дәрілік өсімдіктен демдеп, сүзіп алған сұйықтықтық
экстракті - дәрілік өсімдіктен сығылып алынған сірінді
драже - домалақ түрдегі дәрілер
Этиология - бұл аурудың себептері мен пайда болу жағдайлары туралы ілім. Грекше aitio - себеп, logos - ілім деген сөзден шыққан.
Патогенез - мал ауруының пайда болу механизімі дамуы, барысы және ақыры туралы ілім.
Реактивтілік - reаctio - қарсы әсер деген сөзден шыққан, реактивтілік - организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы орта әсеріне жауап қайтару қасиеті, және де бүкіл тіршілік атауының зат алмасу, өсу, көбею т.б.
Көтерінкі реактивтілік күйі - гиперергия
Бәсен - гипоергия
Қалыптан тыс - дизергия
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр
МЖМБС 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар
МЖМБС 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.
МЖМБС 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер
МЖМБС 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар
МЖМБС 28085-89 - Биологиялық препараттар
Мазмұны
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1 Фосфорорганикалық қосылыстармен улану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2 Хлорорганикалық қосылыстармен улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...12
1.3Ауру туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.4Жалпы этиология ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.5 Жалпы патогенез ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.6 Организмнің реактивтілігі және оның патологиядағы маңызы ... ... ... ... ... ..18
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Ф. 7. 05 - 04
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
______________________________кафед расы
Бекітемін
Каф.меңгерушісі __
_________2014ж.
№____Тапсырмасы
___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______
№
Курстық жұмыстың мазмұны
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
1
2
3
4
5
6
Ұсынылған әдебиеттер: 1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________
Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________
Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
___________________________________ ____ факультеті
___________________________________ __ ____кафедрасы
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
_____________________
(қолы,аты - жөні)
_______________2014ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №____
___________________________________ ___________________ пәні
студент____________________________ _тобы_________________________
Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) _____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________
Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________

Қорғау күні__________2014ж.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Патологиялық анатомия - патологиялық үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін ғылым.
Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар (клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.
Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады. Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері, құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.
Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Ауылшаруашылығында, құрылыстарда қолданылатын улы химикаттардан өндірістің улы қалдықтарынан азыққа қолданылатын өсімдіктердің құрамындағы улар .Мұндай улы заттар азықтарды тамақтандыруға дұрыстап дайындамағанда, дайындалған азықтарды дұрыс сақтап, дер кезінде бермегенде де пайда болуы ықтимал.
Кей кезде улы заттар мал азығына дайын түрінде араласып кетуі де мүмкін. Мысал ретінде, өсімдіктердің ауруларымен, оларға зиянды жәндіктермен күресуде қолданылатын улы химикаттарды дұрыс пайдаланбағанда, дұрыс сақтамағанда олардың мал азығымен, сумен араласып, олар арқылы организмге түсіп уландыруын келтіруге болады. Көп заттардың улылығы әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді оның оргонизмге түскен мөлшеріне басқа улы заттармен қоса әсер етуіне малдардың жалпы жағдайына кейбір өте күшті улы заттардың белгілі бір мөлшері емдік әсер ететіні ал организмге зиянсыз кейбір заттардың көп мөлшері уландырып өлім жітімге ұшыратуы мүмкін.
Малдәрігерлік фармакология дәрілік заттарды нәтижелі, қауіпсіз және аз шығынмен (экономды) қолдану принциптері мен ережелерін оқытатын ілім. Малдәрігерлік фармакологияның алдында тұрған таты бір мәселе - ол малдың өсімін көбейтетін, өнімін арттыратын, оның сапасын жоғарылататын, экологиялық тұрғыдан таза өнім алуды қамтамасыз ететін дәрілік заттарды іздеп, табу.
Әрбір дәрінің организмге тиімді әсерін толық пайдалану үшін көптеген керекті жағдайларды қатаң сақтау керек: олай болмағанда бірде дәрінің әсері әлсіз, ал басқа бір жағдайда организмді уландырып, өлтіріп жіберуі де мүмкін. Сондықтан да дәрілік заттардың организмге тигізетін әсерін толығырақ білу үшін оларды зерттеу химиялық, биологнялық, малдәрігерлік және медициналық ілімдердің қазіргі талаптарына сай деңгейде жүргізілуі керек.
Фосфорорганикалық қосылыстар (ФОҚ) ауылшаруашылығында өсімдіктердің жауларымен, қансорғаш қосқанаттылармен (шыбын - шіркейлермен), тоғышар жәндіктермен күресуде пестицидтер ретінде жиі қолданылады. ФОҚ қолданып өңделген өсімдіктерде оның улылығы 3-5 күнге дейін сақталады.
Жалпы ФОҚ препараттары екі топқа бөлінеді: организмдерге бірден түйісу
(контакт) арқылы және организмнің белгілі бір жүйесіне әсер ету арқылы уландыру топтары.
Бірінші топқа карбофос, хлорофос, метафос, метилнитрофостар, ал екінші топқа октаметия, метилмеркаптофос, фосфамид, бутифостар жатады.
Екінші топтағы қосылыстар өсімдіктердің барлық бөліктерінде болады да 1-2 айға дейін улылығын сақтайды. Улы заттар малдардың ас қорыту, дем алу жолдары арқылы және терісі арқылы организмге түсіп уландырады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты - қоянның фосфорорганикалық қосылыстардан уланудың патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасын зерттеу.
1 Негізгі бөлім
1.1 Фосфорорганикалық қосылыстармен уланулар (ФОҚ)

Екінші топтағы қосылыстар өсімдіктердің барлық бөліктерінде болады да 1-2 айға дейін улылығын сақтайды. Улы заттар малдардың ас қорыту, дем алу жолдары арқылы және терісі арқылы организмге түсіп уландырады.
ФОҚ-ның организмде жинақталу, шоғырлану қасиеті бар. Олар әсіресе бауырда, өкпелерде, бүйректерде, бұлшық еттерде және қанда жинақталады. Организмде олардың кейбіреулерінің улылығы жойылуы, ал кейбіреулерінің улылығы керісінше күшейе түсуі мүмкін. ФОҚ малдың сүті арқылы бөлінеді, әр түрлі тіндерде сақталады.
Сондықтан адамдар, малдың төлдері уланған малдың сүті, еті арқылы да уланулары мүмкін.
Улы заттар негізінен жүйке жүйесіне әсер ету арқылы организмді салдандырады. Нерв жүйесінің ферменті холинэстеразаға әсер етіп организмде ацетилхолиннің шоғырланып жинақталуы арқылы уландырады. Әрбір ФОҚ-ның организмді уландыруы, белгілі бір жағдайға байланысты әр түрлі болып келеді.
Мысалы, октаметил, метафос, метилмеркаптофос - күшті; хлорметафос, карбофос, фосфамид, бутифос - орташа; хлорофос, метилнитрофос - әлсіз әсер ету арқылы уландырады.
Бұл препараттарға жылқы, шошқа, құстардан гөрі күйіс қайыратын малдардың сезімталдықтары жоғары болып келеді.
Өлекседегі өзгерістер. Кілегей қабықтары көгерген, ми қабының тамырлары қанға толы, қанталаған, ісінген, өкпелар қанмен кернелген, эндокардтың, эпикардтың асты, ұйқы, қалқан бездері қанталаған.
Көкбауыр қанға толы, бауыр ұлғайған. Жаңа сойылған өлекседен фоффор қосылыстарының иісі сезіледі.
Созылмалы түрінде өлексе сарғайған.Ішкі ағзаларда да сарғайған бөліктері байқалады. Гистологиялық тексеруде паренхиматозды ағзаларда асқынған дистрофиялық өзгерістер болады [1,2].
Клиникалық белгілері. Малдардың улануы өте жіті, жіті және созылмалы түрлерінде кездеседі. Өте жіті түрінде орталық нерв жүйесінің қызметі бұзылады, әсіресе вегетативті бөлігі көбірек өзгеріске ұшырайды. Аузынан сілеке ағады, бұлшық еттері тартылады, тұншығудың белгілері пайда болады. Ауру мал тұншығып бір-екі сағаттың ішінде өліп кетуі мүмкін.
Жіті түрінің басында мал тынышсызданып, қозғандығы байқалады, артынан қозғалысы бағытсыз, шатқаяқтап, бұлшық еттері тартылып ауру малдар әлсірейді.
Демікпе пайда болады, жөтеледі, кілегей қабықтары көгереді, тұншығудың белгілері пайда болады. Көздің қарашығы тарылады, шошқалар мен иттер құсады. Ішектердің жиырылуы үдейді, іші өтеді, жиі-жиі зәр бөлінеді.
Жылқылар терлейді, шаншудың белгілері білінеді. Аузынан сілекей, көзінен жас ағады. Құлақтарының ұшы мен құйрықтары суиды. Ол ауру малдың өлерінің белгісі.
Созылмалы түрінде жіті түріндегі белгілері көмескілеу болып бөлінеді. Кілегей қабықтары мен тері сарғаяды, мал әлсіреп арықтайды.
Қанның құрамында өзгерістер байқалады. Холинэстеразаның белсенділігі төмендейді. Сиырлар сүт беруді тоқтатады. Сүтпен ( қайта қалпына келгенде ) ФОҚ бөлінеді. Ондай сүтті ішуге болмайды.
Емі. Аурудың басында еттің ішіне атропин немесе платифилин жібереді. Антидот ретінде еттің ішіне фосфолитинді жіберуге болады. Оны ТМБ-4 препаратымен қосып жібергеннің нәтижесі жақсы. 75 % фомфолитіннің судағы ертіндісі мен 20 % ТМБ - 4 ертіндісінен жұмыс ертіндісін жасап ірі малдарға 12-15 мл., ұсақ малдар мен шошқаларға 1-1,25 мл. мөлшерінде еттің ішіне жібереді.
Венаға 20 % глюкоза ертіндісін және 10 % хлорлы кальций ертіндісін жіберуге болады. Терінің астына кофеин және басқа да жүрек жұмысын жақсартатын дәрілер қолданылады [1,3,4].
Уланудың созылмалы түрінде салданып, арықтанған малдарды витаминмен емдеген дұрыс. В1 витаминіне аскорбин қышқылын қосып тері астына жібереді.
Сақтандыру шаралары.
1.Фосфорорганикалық препараттар қолданылған жерге малдарды 6 күн өтпей жаймау;
2.Дәнді дақылдарды оларды жинауға дейін 6 жұма бұрын ФОҚ- мен өңдеуді жүргізуге болатынын ескеру керек;
3.Қалыптан тыс мөлшерде ФОҚ-сы бар жемді малға бермеу;
4.Сулардың, жайылымдардың, жалпы мал фермаларының маңайының ФОҚ-мен ластануын болдырмау;
5.Суды, мал азықтарын мезгіл-мізгіл ФОҚ-ның бар-жоғына тексеріп отыру керек.
6.Малдарды ФОҚ-мен емдегенде (хлорофос) мал мамандары жеке бастың гигиенасын қатаң сақтауды естен шығармағандары дұрыс.
1.2 Хлорорганикалық қосылыстармен уланулар ( ХОҚ )
Хлорорганикалық қосылыстар инсектицидтер, акарицидтер ретінде кеңінен қолданылады. Бұл қосылыстардың ерекшеліктері - олардың сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігі. Мысалы, олар топырақта да ХОҚ-лар топырақта, суда біртіндеп жинала беруі де адамдаржың, малдардың өмірлріне қатер туғызады. Бұл препараттардың осы қасиеттерін ескере отырып, өте төзімді ХОҚ-ны (ДДТ, альдрин және т.б.) қолдануға соңғы кезде тиым салынды.
Ауылшаруашылығында жиі қолданылатын ХОҚ-ға гексахлоран, полихлорпинен, полихлоркамфен, гептахлор және т.б. жатады. ХОҚ-лар ұзақ уақыт аз мөлшерде түскенде де улану болуы мүмкін. Мұндай улану арық малдарда жиі кездеседі. Майлы тіндердің улы заттарды ұстап қалатын қасиеті бар. Төлдердің аналық малдың сүті арқылы да уланулары мүмкін.
Тәжірибе жүзінде малдардың улануы оларды осындай препараттармен өңделген азықтармен қоректендіргенде болады.
Даму процесінде улы заттардың майлы тіндерде шоғырлануы өз ерекшелігін білдіреді. Сондықтан да олар көбінесе нерв жүйесіне әеср етеді де уланған малдарда қозу, салдану, жүрек жұмысының бұзылуы байқалады.
Жалпы барлық ХОҚ-ты препараттар жан-жақты әсер ететін улар. Олардың көптеген әсерлері әлі толық зерттелмеген [2,5].
Өлекседегі өзгерістер. Бірден көзге түсетін өзгеріс ас қорыту жүйесінің ағзаларының кілегей қабығының қабынуының белгілері де жиі байқалады: шелдің қанталауы, кеңірдектің, бронхылардың, плевраның кілегей қабықтарының қанталануы, өкпенің шоғырлануы, бауыр мен бүйректердің үлкеюі.
Созылмалы түрінде бауырда, бүйректерде майлы дегенерация, көкбауырда атрофия.
Клиникалық белгілері. Малдардың түрлерінен, сезімталдығына, әсер ететін ХОҚ-тың улылығына байланысты уланудың клинакалық белгілері де әр түрлі болып келеді.
Улылығы күшті препараттармен уланғанда малдардың тынышсызданғаны, қорқақтығы, көп қозғалысының бағытсыздығы, бұлшық еттердің тартылуы, дем алыс пен жүрек соғысының жиілеуі байқалады.
Жылқыларда сілекей ағу, жиі-жиі зәр шығару, терлеу, аз-аздан нәжіс бөлу байқалады. Ірі қара малдардың күйіс қайыруының әлсіреуін, алдыңғы қарншақтардың жиырылуының әлсіреп тоқтауын, месқарынның түсін сипаттағанда аурысынғандықтың байқалуын анықтауға болады. Ішектердің жиырылуы үдейтін көрінеді.
Емі. Рационнан ХОҚ-лар бар-ау деген азықтарды алып тастау керек. Одан кейін ас қорыту жүйесін тазалайды. Ол үшін іш өткізетін тұзды қосылыстарды қолданған жөн. Өсімдік майларын қолданбайды, олар ХОҚ-ны ерітіп, олардың әсерін керісінше үдете түседі.
Бұлшық еттердің тартылуына қарсы дәрілер қолдану керек. Ол үшін натрий барбитуратын қолданған жөн.
Глюкоза мен кальцийдің борглюконат ертіндісін венаның ішіне жібергеннің нәтижесі жақсы. Күйіс қайыратын малдарға ауыз қуысы арқылы спирт, басқа малдарға венасына хлоралгидрат жібереді. Сондай-ақ аурудың белгілеріне қарсы емдік шараларды қолдану керек.
Сақтандыру шаралары. Қалыптан артық ХОҚ-сы бар азықтарды рационнан алу. Бордақта тұрған малдарға құрамында ХОҚ-лар бар азықтарды беруді бордақылау аяқталғанға 1,5-2 ай қалғанда тоқтату, ХОҚ - мен өңделген жерлерге малдарды жаюға қатал тиым салу, ондай жерлерден белгілі бір уақыт өтпей мал азығын дайындамау мәселелерін дұрыс шешу керек.
1.3 Ауру туралы түсінік
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде ауруды мүлде бөлек, организмнен тыс дүние ретінде қарастырды. Патологиядағы жаңа көзқарас әуелі ауру барысына клиникалық бақылау жүргізу, сондай - ақ өлексеге патология - анатомиялық зерттеу жүргізіліп, дене құрылысындағы өрескел ауытқуды анықтау арқылы дами түсті. Органдардағы өзгерістерді зерттеу және оны аурумен байланыстыру әрекеті біршама, ілгері басқандық болды.
Ауру бұл әр алуан бейімделу реакциясы мен патологиялық процестердің жиынтығы емес, сапалық жаңа күй, ол клеткалардағы, тканьдердегі органдар мен жүйелердегі әр түрлі сапалық өзгерістергі әзірленеді. Ауру организімін қоршаған ортамен ара салмағының бұзылуы нәтижесінде байқалады.Ауру және денсаулық тіршілік процесінің екі негізгі формасы болып саналады.
Денсаулық - бұл организмнің қалыпты күйі.Онда құрылым мен функция бір - біріне сәйкес келеді. Ауру кезеңі - функционалдық және морфологиялық - патологиялық өзгерістер байқалады.
Ауру ұғымы патологиялық реакция, патологиялық процесс, патологиялық күйі жатады.
Патологиялық реакция дегеніміз - организмнің кез келген тітіркендіргішке лезде, әдеттен тыс жауап қайтарады.
Патологиялық процесс - құбылыстың күрделі комплексіне еніп, ауруды сипаттайтын функция мен құрылымдағы зардапты өзгерістер.
Мысалы: Эндокардит - жүректің ішкі қабығының қабынуы патологиялық күйге жүрек планудари - энтологиялық факторларға байланысты инфекциялық , инвазиялық, инфекциялық емес болып бөлінеді.
Әрбір ауруға белгілі бір даму цикілі, біліну күші және өту ұзақтығы тән. Ұзақтығына және біліну күшіне қарай аурудың 4 түрлі өтуі болады: өте жіті күнге дейін, жіті 5-14 күн, жітілеу - 15-40 күн, созылмалы- айлап, жылдар.
Аурудың дамуы негізінен 4 кезеңге, немесе сатыға бөлінеді.
1. Жасырын, немесе латентті сатысы.
2. Продромальды (аурудың бастапқы кезеңі).
3. Аурудың айқын біліну кезеңі (аурудың толық даму сатысы).
4. Сауығу кезеңі (аурудың ақыры - аяқталу кезеңі)
5. Жасырын кезеңі - немесе инкубациялық деп аталады. Бұл кезеңде организм зиянды жерлерге белсенді қарсылық көрсетеді, ауру себептерін жоюға бағытталған қорғаныш қабілеті әрекет етеді.
Аурудың екінші кезеңі - продромальді аурудың алғашқы белгісі белгіленгеннен толық айқындалғанға дейін уақыт. Продромальды кезең бірнеше сағат, бірнеше күнге дейін созылады.
Аурудың айқын біліну кезеңі бұл сатыда белгілі бір ауруға тән қосымша белгілері байқалады бұл кезең бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін,ал кейбіреуінде айлап - жылдап созылады.
Аурудың ақыры не жазылумен, не өлумен аяқталады.Толық жазылу кезеңі оргонизімнің әлсіреуінен, содан кейін бұзылу өзгерістерімен тоқталады.Толық жазылмаған жағдайда ауру кезіңде пайда болған морфологиялық және функцоналдық бұзылу толық жойылмайды да мұндайда оргонизімнің төзімділігі кеміп, ауруға тез шалдығатындығы байқалады.Толық жазылмаған жағдайда ауру потологиялық күйге ауысады. Клиникалық жазылудан кейін жаңадан пайда болуы мүмкін, мұны рецидив деп аталады.
Егер организмге ауру қоздырғышы түсетін болса, онда инфекция қайталап жұғуы мүмкін. Аурудың бәсеңдеуі немесе жойылуы - ремиссия.
Егер организм өзгерген тіршілік жағдайына бейімделе алмаса, онда оның бейімделу мүмкіндігі таусылып әрі тіршілік ете алмайды, соның нәтижесінде өлу басталады.Өлу - организмдерінің тіршілігінің тоқтауы.
Өлудің негізгі себептері:
1.Жүрек қызметінің тоқтауы.
2.Тыныс алудың тоқтауы.
Өлудің екі түрі бар :
1.Әбден қартаюдан табиғи өлу мұндайда бүкіл оргонизм функциясы әлсіреп, соның нәтижесінде тозады.
2.Патологиялық өлім - аурудан немесе қартаюдан болады.
Жанталасу дегеніміз - орталық нерв жүйесі қызметінің бұзылуы және оргонизмнің бүкіл тіршілік функциясының кеселденуі. Жанталасу клиникалық өлімге ұласады. Клиникалық өлім өлімнің қайтымды кезеңі, ол тіршіліктін сыртқы белгісінің жойылуымен сипатталады.
Биологиялық өлім - орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөліктерінде, ми қыртысында, содан кейін оргонизмнің басқада тканьдерінде қайтымдық өзгерістер басқалады.
Өлімнің белгілері :
1.Өлексенің салқындауы дене tалғашқы күні 1С, екінші күні 0,2С кемиді.
2. Өлексенің сіресуі - өлгеннен кейін 8-10 сағ. басталады.
3. Өлексе теңбілі - гипостаздар ыдыраған қанның тканьдерге сіңіуінен пайда болады.
4. Өлексенің шіруі - сұр жасыл теңбілдер пайда болады.
Анабиоз - тіршілік процесі кенеттен тежелетін организмдердегі ерекше күй. Мұндай жасырын тіршілік кейде нерв ауруға шалдығып, бүкіл тіршілік функциясы әлсіреген жануарларда болады.
Қысқы ұйқы - эволюциялық процесте қалыптасқан тіршіліктің ерекше формасы болып саналады Мұндай құбылыс сыртқы орталық қолайсыз жағдайында байқалады [1,3,6,7].
1.4 Жалпы этиология
Этиология - бұл аурудың себептері мен пайда болу жағдайлары туралы ілім. Грекше aitio - себеп, logos - ілім деген сөзден шыққан. Мал ауруының пайда болу себептері мен жағдайларын айқындау мал дәрігерлерінің практикалық жұмысында тиімді емдеу және сақтық шараларын жүргізу үшін қажет.
Аурудың пайда болуының себептері мен жағдайлары туралы жалпы ілім тек XX ғасырда жасалды. Сол кездегі ғұлама ғалымдар көпшілік аурудың пайда болуы организмге микробтардың енуінен деген тұжырымға келді.
Демек XIX ғасырдың соңындағы патологтардың пікірінше, организмге себеп факторларының біреуінің әсер етуі ауру туғызады. Этиологиядағы мұндай бағытты монокаузализм деп атайды. Монокаузалистер патогенді микробтар қанша болса, ауруда да сонша деп есептеді. Патогенді микробтар организмде үнемі ауру тудыра бермейтіндігі анықталды, өйткені кейде сау организмнен де микробтар табылды. Сонымен бұл бағыт дәрменсіз болып қалды. Ауру себептері туралы ілімде екі жаңа идеалистік бағыт пайда болды.
Кондиционализм - қолайсыз жағдай;
Конституционализм - конституцияның кемістігі;
Кондиционализм бағыты - патогенді факторлардың әсерінен пайда болатын ауру - лабораториялық ойдан шығарылған нәрсе тек малды күтіп - бағу жағдайын өзгертсе болды, ауру оларға дарымайды деп топшылады. Ал - конституция бағытындағылар - ауру негізі мал конституциясының беріктігі деп топшылады. Келтірілген бұл үш идея да дәрменсіз болып саналды. Қазіргі кезде этиологияны себеп ретінде де жағдай жиынтығы ретінде қарастырып мұндай жағдайда себеп организмге ауру тудыруға ықпал етеді. Ауру себептерін организмнің өзінде туа біткен немесе бүкіл бүкіл өмірінде жүре пайда болған ішкі (эндогендік ) және организмге айналадағы (экзогендік) әлемнен әсер ететін - сыртқы деп шартты түрде бөледі.
Сыртқы ортаның ауру тудыратын факторлары механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Механикалық фактор - мал организміне әсер ете отырып, онда алуан түрлі зақымдар және функционалдық кеселдер келтіреді. Механикалық факторларға - қатты заттарға соғылу,
үшкір заттардан жарақаттану, оқтан жаралану, сіңір созылу, дененің құлауынан тканьдер мен органдардың үзілуі, ми шайқалу, жарақаттан талықсу, қан құйылу т.б. жатады.
Жарақаттану малда жиі ұшырайды. Жарақаттанғанда ауырту пайда болады. Ауырту дегеніміз - малдың күшті патогендік тітіркендіргішке өзіндік сезімталдық әсері организмнің функционалдық күйінің ең алдымен орталық нерв жүйесінің тұтастай кеселденуі. Сонымен қоса, жарақат кезінде жекелеген органдардың (жүрек тыныс алу) функциясының рефлекторлық өзгерісі де байқалады. Жарақат нәтижесінде тканьдердің тұтастығы бұзылып, қабыну реакциясы пайда болды. Организмнің қарсылық көрсетуі бәсеңдегенде ауру процесі өршіп, іріңдеу (пиемия) тіпті шіру (сексис) басталады.
Жарақат кезінде тканьдерде өлі ет (некроз) пайда болады.
Ми шайқалған кезде мидың (ми қыртысының ) қыртыс астының, ретикулярлық фармациялардың әр түрлі түзіліс қызметінде нейродинамикалық ығысу басталды. Мидың шамадан тыс тежелуі байқалады.
Аяқтың, іштің, кеуденің ауыр жарақатынан толықсуы пайда болады. Ауру туғызатын механикалық факторлардың бірінде кинетозалар (қозғалыс) жатады. Кинетозалар - қимыл қозғалысының уақытқа және қашықтыққа байланысты өзгерісінен туады.
Акустикалық толқындар ультра дыбыстарда сыртқы ортаның патогендік факторлары болып саналады. Мысалы жоғары керенулі дыбыс (ысқыру, атылу) бір жолғы әсерінің өзі ауырту сезімін тудырып, дабыл жарғағы мен ішкі есту аппаратын зақымдауы мүмкін [2,5,6,7].
1.5 Жалпы патогенез
Патогенез - мал ауруының пайда болу механизімі дамуы, барысы және ақыры туралы ілім. Этиология мен патогенез бір - бірімен тығыз байланысты. Ауру патогенезін қарастырған кезде мынадай мәселелерге тоқталамыз.
1. Аурудың дамуында этиологиялық фактордың ролі.
2. Аурудың пайда болуында және барысында органикалық реактивтілігінің маңызы.
3. Жалпы және жекелей өзгерістің мәні және олардың өзара байданысы.
4. Патогенездің негізгі буындары және себеп салдар байланыстары.
5. Функционалдық және морфологиялық өзгерістердің мәні және ауру кезінде олардың өзара байланысы.
6. Аурудың дамуы үшін нерв жүйесі функциясының мәні.
1. Экологиялық фактор әсер етуіне қарай 3 типке бөлінеді:
а) ауру себебі қысқа уақытша әсер етеді. Мысалы, жоғары t0 жарақат, электр энергиясы, сәуле энергиясы. Мұндай жағдайда аурудың дамуы эрмолог факторлардың күшіне, ұзақтығына, сипаты байланысы. в) этиолог фактор организмде ұзақ уақыт болады. Ауру созыла береді мәселен ішек бөлшектер паразиттер құртылғаннан кейін ауру тоқталады.
с) бұл жағдайда этиологиялық фактор бүкіл патологиялық процесте сақталып, онда аурудың одан әрі өршуіне жол бермейтін бір қатар өзгерістер тудырады.
2. Организмнің реактивтілігі ішкі ортаның реттелу тұрақтылығына (гомеостазға) тікелей байланысты, организмнің жауап қайтару реакциясының сипаты нерв жүйесінің функцион күйіне байланысты.
3. Ауру - бүкіл организмді күйзелтіп көбінесе жеке органдарға зақым түсіреді. Ауру кезінде жекелеген және жалпы өзгерістерде тығыз байланыс бар. Ауру жекеленген өзгерістерден басталып - жалпылама болуы мүмкін. Басқа бір жағдайда органдармен ткандердегі патологиялық өзгерістер аурудың жалпы дамунан кейін пайда болады.
4. Патогенездің барлық буындарын өрістетуге өте қажетті құбылысты немесе процесті негізгі буын деп атайды.Мысалы: қан кетудің негізгі буыны қан айналу көлемінің азаюы және соған байланысты қанда оттегінің жетіспеушілігі (геноксилин) болып саналады.
5. Кейбір ауру малдарда әртүрлі патологиялық зақымдану кезінде өте күрделі өзара әрекет туындайды, бір құбылыс екіншісін тудырады, оның әр үшінші бір құбылыстың пайда болуына ықпал етеді.
6. Ауру тудыратын агент жоғары сатыдағы жануарлардың организміне ықпал ете отырып, ең әуелі нерв - рецептторлық приборларды (экстро- немесе интерорецепторлар) тікіркендіруі. Алайда потологиялық процестер механизімі бойынша тек шартсыз рефлекстор ғана емес, шартты рефлекстер пайда болуы мүмкін.
Рефлекторлықтан басқа ауру тудыратын тітіркендіргішттер мәселен қанға жіне зат алмасудан бөлінген улар орталық нерв жүйесіне тікелей әсер етуі мүмкін. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz