Қоянның хлорорганикалық қосылыстардан улануының патанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Жануарлар патологиясы пәнінен «Қоянның хлорорганикалық қосылыстардан улануының патанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы» тақырыбы бойынша жазылған бұл курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1 кесте қарастырылған.

Курстық жұмыс 30 беттен тұрады.

Белгілер мен қысқартулар

г-грамм

сағ-сағат

мм-миллиметр

квт-киловольт

кг-килограмм

км-микрометр

км-километр

т-тонна

м/с-метр/секунд

БӘБ- бақа әсер бірлігі

МӘБ - мысық әсер бірлігі

КӘБ -көккептер әсер бірлігі

ӘБ- әсер бірлігі

Анықтамалар

ФОҚ - Фосфорорганикалық қосылыстар

ХОҚ - Хлорорганикалық қосылыстар

СОҚ - Сынапорганикалық қосылыстар

МҚ - Мышьяк қосылыстар

Цианидтер - синиль қышқылының тұздары

Хроноестезия - организм жүйелерінің дәрілік заттарға сезімталдығының тәулік уақытына, жыл мерізіміне байланыстылығын зерттеу.

Хроноергия - организм жүйелерінің дәрілік заттарға реактивтілігін тәулік уақытына, жыл мерізіміне байланыстыра зерттеу

әсер етеуі.

Флакондар мен ампулалар - дәрілік сұйық заттар ауа өткізбейтін ыдыстар

Релаксанттар - дитилин, диплацин наркоздық әсері бар препараттар фитотерапия - өсімдік тектес шөп дәрілермен емдеу.

тұнба - дәрілік өсімдіктен демдеп, сүзіп алған сұйықтықтық

экстракті - дәрілік өсімдіктен сығылып алынған сірінді

драже - домалақ түрдегі дәрілер

Этиология - бұл аурудың себептері мен пайда болу жағдайлары туралы ілім. Грекше aitio - себеп, logos - ілім деген сөзден шыққан.

Реактивтілік - reаctio - қарсы әсер деген сөзден шыққан, реактивтілік - организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы орта әсеріне жауап қайтару қасиеті, жәнеде бүкіл тіршілік атауының зат алмасу, өсу, көбею т. б.

Организмнің резистенттілігі - оның потогендік факторлар әсеріне төзімділігі, яғни қарсы тұру қабілеті.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Мазмұны

Белгілер мен қысқартулар

Анықтамалар

Нормативтік сілтемелер

Кіріспе . . . 8

1Негізгі бөлім . . . 10

1. 1 Хлорорганикалық қосылыстармен уланулар ( ХОҚ ) . . . 10

1. 2Карбамидпен (мочевинамен) улану . . . 11

1. 3 Селенмен улану . . . 13

1. 4Сынапорганикалық қосылыстармен уланулар ( СОҚ ) . . . 14

1. 5 Ауру туралы түсінік . . . 16

1. 6Жалпы этиология . . . 18

1. 7 Жалпы патогенез . . . 20

1. 8 Организмнің реактивтілігі және оның патологиядағы маңызы . . . 21

2 Өзіндік зерттеу . . . 24

3Техникалық қауіпсіздік . . . 28

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2014ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2014ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Патологиялық анатомия - патологиялық үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін ғылым.

Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар (клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.

Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады. Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері, құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.

Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.

Бұл курстық жұмыстың мәнділігі организмге улы заттардың түсуінен пайда болатын аурулар уланулар деп аталады. Ондай улы заттар әр түрлі жолдармен түсуі мүмкін. Ауылшаруашылығында, құрылыстарда қолданылатын улы химикаттардан өндірістің улы қалдықтарынан азыққа қолданылатын өсімдіктердің құрамындағы улар. Мұндай улы заттар азықтарды тамақтандыруға дұрыстап дайындамағанда, дайындалған азықтарды дұрыс сақтап, дер кезінде бермегенде де пайда болуы ықтимал. Кей кезде улы заттар мал азығына дайын түрінде араласып кетуі де мүмкін. Мысал ретінде өсімдіктердің ауруларымен, оларға зиянды жәндіктермен күресуде қолданылатын улы химикаттарды дұрыс пайдаланбағанда, дұрыс сақтамағанда олардың мал азығымен, сумен араласып, олар арқылы организмге түсіп уландыруын келтіруге болады.

Көп заттардың улылығы әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді оның оргонизмге түскен мөлшеріне басқа улы заттармен қоса әсер етуіне малдардың жалпы жағдайына кейбір өте күшті улы заттардың белгілі бір мөлшері емдік әсер ететіні ал организмге зиянсыз кейбір заттардың көп мөлшері уландырып өлім жітімге ұшыратуы мүмкін Малдәрігерлік фармакология дәрілік заттарды нәтижелі, қауіпсіз және аз шығынмен (экономды) қолдану принциптері мен ережелерін оқытатын ілім. Малдәрігерлік фармакологияның алдында тұрған таты бір мәселе - ол малдың өсімін көбейтетін, өнімін арттыратын, оның сапасын жоғарылататын, экологиялық тұрғыдан таза өнім алуды қамтамасыз ететін дәрілік заттарды іздеп, табу.

Ауылшаруашылығында жиі қолданылатын ХОҚ-ға гексахлоран, полихлорпинен, полихлоркамфен, гептахлор және т. б. жатады. ХОҚ-тар ұзақ уақыт аз мөлшерде түскенде де улану болуы мүмкін. Мұндай улану арық малдарда жиі кездеседі. Майлы тіндердің улы заттарды ұстап қалатын қасиеті бар. Төлдердің аналық малдың сүті арқылы да уланулары мүмкін.

Тәжірибе жүзінде малдардың улануы оларды осындай препараттармен өңделген азықтармен қоректендіргенде болады.

Даму процесінде улы заттардың майлы тіндерде шоғырлануы өз ерекшелігін білдіреді. Сондықтан да олар көбінесе нерв жүйесіне әеср етеді де уланған малдарда қозу, салдану, жүрек жұмысының бұзылуы байқалады.

Жалпы барлық ХОҚ-ты препараттар жан-жақты әсер ететін улар. Олардың көптеген әсерлері әлі толық зерттелмеген [1, 2] .

Курстық жұмыстың мақсаты - қоянның хлорорганикалық қосылыстардан улануының патанатомиялық өзгерістері мен диагностикасын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1. 1Хлорорганикалық қосылыстармен уланулар ( ХОҚ )

Хлорорганикалық қосылыстар инсектицидтер, акарицидтер ретінде кеңінен қолданылады. Бұл қосылыстардың ерекшеліктері - олардың сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігі. Мысалы, олар топырақта да ХОҚ-тар топырақта, суда біртіндеп жинала беруі де адамдаржың, малдардың өмірлріне қатер туғызады. Бұл препараттардың осы қасиеттерін ескере отырып, өте төзімді ХОҚ-ны (ДДТ, альдрин және т. б. ) қолдануға соңғы кезде тиым салынды.

Ауылшаруашылығында жиі қолданылатын ХОҚ-ға гексахлоран, полихлорпинен, полихлоркамфен, гептахлор және т. б. жатады. ХОҚ-лар ұзақ уақыт аз мөлшерде түскенде де улану болуы мүмкін. Мұндай улану арық малдарда жиі кездеседі.

Майлы тіндердің улы заттарды ұстап қалатын қасиеті бар. Төлдердің аналық малдың сүті арқылы да уланулары мүмкін.

Тәжірибе жүзінде малдардың улануы оларды осындай препараттармен өңделген азықтармен қоректендіргенде болады.

Даму процесінде улы заттардың майлы тіндерде шоғырлануы өз ерекшелігін білдіреді. Сондықтан да олар көбінесе нерв жүйесіне әеср етеді де уланған малдарда қозу, салдану, жүрек жұмысының бұзылуы байқалады.

Жалпы барлық ХОҚ-ты препараттар жан-жақты әсер ететін улар. Олардың көптеген әсерлері әлі толық зерттелмеген [1, 2] .

Өлекседегі өзгерістер. Бірден көзге түсетін өзгеріс ас қорыту жүйесінің ағзаларының кілегей қабығының қабынуының белгілері де жиі байқалады: шелдің қанталауы, кеңірдектің, бронхылардың, плевраның кілегей қабықтарының қанталануы, өкпенің шоғырлануы, бауыр мен бүйректердің үлкеюі.

Созылмалы түрінде бауырда, бүйректерде майлы дегенерация, көкбауырда атрофия.

Клиникалық белгілері. Малдардың түрлерінен, сезімталдығына, әсер ететін ХОҚ-тың улылығына байланысты уланудың клинакалық белгілері де әр түрлі болып келеді.

Улылығы күшті препараттармен уланғанда малдардың тынышсызданғаны, қорқақтығы, көп қозғалысының бағытсыздығы, бұлшық еттердің тартылуы, дем алыс пен жүрек соғысының жиілеуі байқалады.

Жылқыларда сілекей ағу, жиі-жиі зәр шығару, терлеу, аз-аздан нәжіс бөлу байқалады. Ірі қара малдардың күйіс қайыруының әлсіреуін, алдыңғы қарншақтардың жиырылуының әлсіреп тоқтауын, месқарынның түсін сипаттағанда аурысынғандықтың байқалуын анықтауға болады. Ішектердің жиырылуы үдейтін көрінеді.

Емі. Рационнан ХОҚ-лар бар-ау деген азықтарды алып тастау керек. Одан кейін ас қорыту жүйесін тазалайды. Ол үшін іш өткізетін тұзды қосылыстарды қолданған жөн. Өсімдік майларын қолданбайды, олар ХОҚ-ны ерітіп, олардың әсерін керісінше үдете түседі.

Бұлшық еттердің тартылуына қарсы дәрілер қолдану керек. Ол үшін натрий барбитуратын қолданған жөн.

Глюкоза мен кальцийдің борглюконат ертіндісін венаның ішіне жібергеннің нәтижесі жақсы.

Күйіс қайыратын малдарға ауыз қуысы арқылы спирт, басқа малдарға венасына хлоралгидрат жібереді. Сондай-ақ аурудың белгілеріне қарсы емдік шараларды қолдану керек.

Сақтандыру шаралары. Қалыптан артық ХОҚ-сы бар азықтарды рационнан алу. Бордақылауда тұрған малдарға құрамында ХОҚ-лар бар азықтарды беруді бордақылау аяқталғанға 1, 5-2 ай қалғанда тоқтату, ХОҚ - мен өңделген жерлерге малдарды жаюға қатал тиым салу, ондай жерлерден белгілі бір уақыт өтпей мал азығын дайындамау мәселелерін дұрыс шешу керек [1, 2, 4, 5] .

1. 2 Карбамидпен (мочевинамен) улану

Малдың рационында жетіспейтін протеинді толтыру үшін, әсіресе ірі қара малдарына, карбамид жиі қолданылады. Карбамид немесе синтетикалы мочевина [(NH 2 ) 2, Со] -суда жақсы еритін, құрамында 46 % -тей азот бар, қышқыл дәмді, иіссіз зат.

Месқарынға түскен карбамид бактерияларының ферменті уреазаның әсерінен аммиак пен көмір қышқылына ыдырайды. Ондағы микроорганизмдер босағсн аммиакты өз денелерінің белогын синтездеуге пайдаланады. Бұл процесс месқарында жеткілікті мөлшерде еритін углеводтар болған жағдайда жақсы, дұрыс жүреді.

Алдыңғы қарыншақтардан аспен бірге асқазанға, одан ішектерге түскен микроорганизмдер тамақпен бірге қорытылып мал организмінің белогын толықтыруға қатысады.

Міне сондықтан да карбамид күйіс қайыратын малдарға қосымша белокты азық ретінде, малдың рационында протеин 30 % - ке дейін жетіспегенде, ал еріген углевод ( қант ) жеткілікті мөлшерде болғанда беріледі.

Егер карбамид рационға көп қосылып кетіп, одан аммиак қалыптан тыс түзілетін болса, онда оны микроорганизмдер пайдаланып үлгере алмайды да, артылып қалған аммиак қанға сіңіп малды уландырады.

Ірі қара малдарға карбамидтің күндік мөлшері 85-100 г-нан аспау керек. Оның өзі бірнеше бөлініп берілуі керек. Ал осы мөлшерді бірден бергенде малдың улануы мүмкін. Жәнесінде карбамидті басқа азықтармен жақсылап араластырып берген дұрыс. Аммиак месқарында көп түзілуінен де малдың улануы мүмкін.

Дамуы. Қанға сіңген артық аммиак бауырға түседі де, одан қайтадан мочевина түзіледі.

Кей кезде өзіне түскен барлық аммиакты толық мочевинаға айналдыруға бауырдың шамасы келмей қалады да, ол аммиак қайта қанға түсіп улануды асқындыра түседі. Аммиактың мөлшері 20 мг/л-ден асса мал уланады.

Аммиак нерв жүйесіне әсер ететін улы зат. Олай болса әуел бастан орталық нерв жүйесінің жұмысының бұзылғаны және ұлпалардың қоректенуінің бұзылуы салдарынан дистрофия процесінің бұзылуы байқалады.

Өлекседегі өзгерістер. Месқарынның жанында аммиактың иісі сезіледі. Тыныс алу жолдары көпіршектенген сұйыққа толы.

Өкпе қанталап ісінген, плевра қуысында транссудат жиналғнан. Жүрек еті, ұлтабардың, ішектердің кілегей қабықтары қанталаған. Бауыр мен бүйректер майланған, кей жерлері өлі еттенген.

Клиникалық белгілері. Уланған малдың көңіл-күі нашар, жабыраңқы. Аузынан көпіршіген сілекей ағып, бұлшық еттері дірілдеп, қалтырап бір орында тұра береді.

Тыныс алуы, тамыр соғысы жиілейді. Месқарынның жиырылуы баяу, әлсіз, еттері қатты тартылып құлайды, аяқтарын созып қимылсыз жатады. Дене қызуы 36 0 С -қа дейін төмендейді.

Жүректің жұмысы күрт төмендеп, өкпе ісініп, вена қанның қысымы жоғарылап, мал тұншығып өліп кетуі мүмкін. Қатты уланғанда мал 2-3 сағаттың ішінде өліп кетеді.

Барысы көбінесе жіті түрде. Ал созылмалы түріне ауысса, онда дистрофия процесі дамиды да, ауру малдың күйі біртіндеп нашарлай береді.

Анықтау (диагноз) . Ауру мал туралы жиналған деректер мен негізгі клиникалық белгілеріне назар аудару керек. Онша қиынға соқпайды.

Емі. Ең алдымен мал тұншығып өліп кетпеу үшін месқарыннан газды шығаруға тырысу керек. Ол үшін зондтарды қолдану керек немесе месқарынды тесу керек.

Аммиактың қанға түсуін азайту үшін 3 л-ге шейін 0, 5 - 1 % -ті сірке қышқылының немесе сүт қышқылын, не 0, 5 - 1 кг. қантты 1 л. суға ерітіп месқарынға құяды. Онда месқарындағы pH төмендейді, уреаза мочевинадан аммиактың түзілуіне қатыса алмайды.

Қант та сондай әсер етеді. Месқарында одан сірке, пропион, сүт қышқылдары түзіледі. Уланудың ауыр түрінде, егер уланған мал жұтына алмайтын болса, онда ол ертінділерді троакардың гилзасы арқылы құюға болады. 10 % сірке қышқылы натрий мен глюкозаны бірдей мөлшерде ұсынысы: 600 г. сірке эссенциясы ( 6% ) + 600г. қант = ауыз қуысы арқылы береді. Ал месқарынның жұмысын жақсарту үшін терінің астына 100 бірлік инсулин және венаның ішіне 25 % - ті 200 мл. глюкоза ерітіндісін жібереді.

Ауру малға 4-5 л. айран беруге, венасына хлоралгидрат ертіндісін жіберуге, месқарынға Жанэ шприці арқылы 0, 3 мл/кг мөлшерінде 1л. суға ерітілген формальдегид ертіндісін қолдануға болады. Онда месқарында амиакпен усыз гексаметилентетремин түзіледі де, ол фермент уреазаның әсерін әлсіретеді, pH төмендейді, ондай болса аммиак қанға сіңбейді.

Уланудың белгілеріне қарсы тері астына 1-4 г. кофеин, 1-2 г. кардиамин ( камфора майын қолданбаған жөн), ауыз қуысы арқылы өсімдік майын беруге, массаж жасауға болады.

Сақтандыру шаралары. Карбамидті беру ережесін қатаң сақтау керек. Әр түрлі малдарға түріне, жасына, буаздығына т. б. қарап қандай мөлшерде беру керегі туралы әдейі ұсыныстар бар.

Мал азығына карбамидты біртіндеп енгізу керек. 10-15 күннің ішінде. бірінші рет тәулік мөлшері 10-20 г-нан аспауы керек.

Карбамид басқа азықтармен мұқият араластырылып, тәулігіне 3 рет бөлініп берілуі керек.

Әсіресе сүрлеммен араластырып беруге болмайды. Сумен бергенде ол сұйық бірден ұлтабарға түсіп кетеді де, микрофлораның әсері болмай, қортылмай, пайдасыз болып қалады.

Жеммен, грануламен қосып бергенде жақсы. Карбамид беретін малдың денсаулығын тексеріп отырған жөн. Әсіресе ас қорыту жүйесінің аурулары тез уландырады. Көбінесе бауыр аурулары ( фасциолез) .

Егер карбамид бергенде бір себептермен үзіліс бола қалса, онда оны қайтадан беруді аз мөлшерден бастап толық дозасына біртіндеп жеткізу керек.

1. 3 Селенмен улану

Селені көп топыраққа өскен өсімдіктердің бойына сол элементті жинайтыны байқалады. Кей жерде 0, 2-1, 5 мг/ % - ке дейін баратын көрінеді. Сондай-ақ ондай жерден алынған жүгерінің, бидайдың, қара бидайдың дәндерінде де селеннің жиналатыны байқалады.

Селенмен уланудың негізі организмдегі күкірттің алмасуына бұзуымен тікелей байланысты.

Әсіресе мал өміріне аса қажетті метионин, цистин және т. б. сол сияқты амин қышқылдарының құрамынан күкіртті ығыстырып шығаруы. Онымен қатар селен химиялық құрылысы жағынан гемоглобинге ұқсас болғандықтан оның қызметін де бұзады.

Соның салдарынан тіндердегі дем алу процесі өзгереді. Осыдан пайда болған ауруды англияда «сілті»ауруы деп атап келген.

Себебі бұл ауру судың сілтілігі жоғары болғандықтан деп есептеген. Бұл аурудың селенмен уланудан болатынын 1931 жылы В. Стайльс дәлелденген. Кейінгі кезде төлдердің бұлшық еттерінің, әсіресе қозылардың, ағарып ауруын емдеу және одан сақтандыру үшін қолданылатын натрий селенитімен улану да байқалған.

Әр түрлі үй жануарларының селенге сезімталдығы бірдей емес. Мысал үшін сезімталдығы жағынан жылқылар бірінші, ал шошқалар ақырғы орынды алады. Улану үшін жылқыға 3, 3, мг/кг жетіп жатса, шошқаларға 15-18 мг/кг керек көрінеді.

Өлекседегі өзгерістер. Өлген малдың қаны ұйымаған, қара-қошқыл түсті. Эндокардтың астында, жүрек қан тамырларының бойы, көкбауыр қанталаған. Бауыр майланған. Өкпе ісінген. Бронхыларда және мұрын қуысында көпіршіктенген сұйық зат.

Тыныс жолдарының қан тамырлары қанға толы. Кеуде, құрсақ қуыстарында қызғылт түсті сұйық. Жүрек еті болбыраған, әр жері қанталаған. Алдыңғы қарыншақтардың, ұлтабардың, кейде ащы ішектің кілегей қабықтары қызғылт, бүйректерінде нефроз. Өлексе жағымсыз қабықтары қызғылт, бүйректерінде нефроз. Өлексе жағымсыз иісті.

Клиникалық белгілері. Улану жіті және созылмалы түрде өтеді. Жіті түрінде ауру малдың тәбеті жоқ, жалпы жағдайы нашар, тамыр соғысы, дем алысы жиілеген, дене қызуы қалыпты немесе төмен.

Ауыр түрінде малдың дем алуы қиындайды, танауы делбірейген, мал бір орнынан қозғалмайды. Тамыр соғысы әлсіз, жиі, әрең анықталады. Кей кезде ауру мал терлейді, іші өтеді. Кілегей қабықтары көгерген.

Шошқалар құсады, тістерін шықырлатады, көбінесе жата береді. Мал уланған күні не ертеңінде өліп кетуі мүмкін.

Созылмалы түрінде ауру мал ұйқылы - ояу, арықтаған, жүні түседі. Әсіресе иық құйымшақ жақтарының жүндері түседі. Қозғалыс бағыты өзгерген, қан азаяды - наемия, төлдер өспей қалады, қойларда гематурия байқалады. Тауықтардың қауырсындары ұйпаланған, өздері қозыңқы, жұмыртқы салмайды. ауру малдардың тұяқтары тез өседі.

Емі. Емдеу негізінен аурудың белгілеріне қарсы бағытталады. Құрамында селені бар азықтарды рационнан алып тастайды. Ішетін судың 1л-не 10 мг. Мөлшерінде натрий арсенитін қосып бергеннің, әсіресе аурудың созылмалы түрінде нәтижесі жақсы.

Сақтандыру шаралары. Топырағында селені көп жерді күкіртті тыңайтқыштармен немесе гипспен өңдеу арқылы селенді азайтуға болады. Құрамында селен бар-ау деген күкіртті азықты мал рационына қоспаған жөн [1, 2, 3] .

1. 4 Сынапорганикалық қосылыстармен уланулар ( СОҚ )

Күшті фунгицидтік және бактерицидтік қасиеттері бар сынапорганикалық қосылыстар дәнді дақылдардың дәндерін өңдеу шін кеңінен қолданылады. Олардың ішінде гранозан маен меркуранды жиі қолданады.

Гранозан 2-2, 5 % этилмеркурхлорид пен тальктен тұратын қосылыс. Тальк толықтырушы заттың қызметін атқарады.

Дәндерді құрғақтай өңдеу үшін қолданылады. Ондай дәннің улылығы көпке дейін сақталады, тіпті сумен жуғанда да кетпейді, себебі оның басқа препараттарға қарағанда фунгицидтік әсерінің күштілігі.

Меркуран 2 % этилмеркурхлорид пен 12 % гексахлораннан тұратын қосылыс. Толықтырушы зат ретінде ақбалшық пен тальк қолданылады. Мұнда гранозан мен гексахлоранның әсерлері қатарласа жүреді де, арам шөптерді өсірмеуге жақсы әсер етеді.

Сынаптың барлық қосылыстары малдар шін өте улы болып келеді және организмде жинақталу (кумулятивті) қасиеттері бар. Организмге түскен СОҚ-тар жаргілікті және жалпы әсер етеді.

Сынап клеткалардың протоплазмасындағы белоктармен қосылып альбуминаттар түзеді. Олар өз концентрациясына байланысты қатты тітіркендіру, күйдіру, байланстыру арқылы әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Улануды емдеудің жалпы принциптері. Уланудың алдын алу
Соттық сараптаудың жалпы жағдайы
Қоянның фосфорорганикалық қосылыстардан улануының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Жануарлардың азықтардан улануы
Фосфорорганикалық қосылыстардан улану
Улануды клиникалық балау
Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Улану түрлері
ФОҚ биохимиялық қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz