Дидактикалық ойындар және олардың түрлері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І тарау. Дидактикалық ойындар және олардың түрлері

1.1.Ойын және дидактикалық ойындарға түсініктеме ... ... ... ... 6
1.2.Дидактикалық ойындар және олардың түрлері ... ... ... ... ... . 18

ІІ тарау. Дидактикалық ойындар . қазақ тілі сабағында
2.1. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды
қолдану ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2. Қазақ тілі сабағында қолданылатын дидактикалық ойындардың үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 54
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан – жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу – ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл – ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта – ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерв жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы, қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
1. Әбиев Ж. Ә., Бабаев С. Б.,Құдиярова А. М. Педагогика. Алматы, Дарын, 2004 ж
2. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. Алматы, 2002 ж
3. Бабанский Ю.К. Организация учебно-воспитательного процесса. М, Просвещение, 1992 г.
4. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі Алматы, 2003 ж
5. Майғаранова Ш. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері Алматы, Рауан, 2002 ж
6. Т. С. Сабыров. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, 1978 ж
7. Ильина Т. Педагогика. Москва, 1984 ж
8. Педагогика және психология қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі Алматы, 2002 ж
9. А. С. Макаренко Балалардағы тәрбиелеу туралы лекциялары Алматы, 1952 ж
10. Педагогикалық энциклопедия
11. Жаңа буын бастауыш сыныптарға арналған “Қазақ тілі” оқулықтары (1 – 4 сынып)
12. Жаңа буын бастауыш сыныптарға арналған “Қазақ тілі” оқулықтарын оқыту әдістемесі (1 – 4 сынып)
13. Жаңа буын бастауыш сыныптарға арналған “Қазақ тілі” оқулықтарына арналған дидактикалық материалдар (1 – 4 сынып)
14. Т. С. Сабыров Оқыту теориясының негіздері Алматы, 1992 ж
15. Бастауыш мектеп журналы 2005 № 9
16. Бастауыш мектеп журналы 2006 № 3

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Дидактикалық ойындар және олардың түрлері

1.1.Ойын және дидактикалық ойындарға түсініктеме ... ... ... ... 6
1.2.Дидактикалық ойындар және олардың түрлері ... ... ... ... ... . 18

ІІ тарау. Дидактикалық ойындар – қазақ тілі сабағында
2.1. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды
қолдану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 26
2.2. Қазақ тілі сабағында қолданылатын дидактикалық ойындардың
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 51
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 54

Кіріспе

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан – жақты дамыған
сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың
баянды болуы оқу – ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім
негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті
болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға
қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша
барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл – ой белсенділігін
қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының
негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі
пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын
түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта – ықылас қоюына
баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір
тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерв жүйесін демалдырады. Міне,
сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы, қуатты
жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім –
үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш
мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу,
қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті
түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге,
дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Білім беру мекемелерінің қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың жаңа
мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен жаңа технологияны ендіру
міндеттерін шешуді талап етуде. Мұның өзі бастауыш мектепте оқушының пәнге
деген қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыруда маңызы зор екендігін
айғақтайды. Сондықтан бастауыш мектептегі оқу пәндерінің ішінде “Қазақ
тілі” сабағында қолданылатын дидактикалық ойындардың мазмұны мен
ерекшелігін, оларды қолдану жолдарын анықтау барысында дипломдық жұмыстың
тақырыбы “Бастауыш мектептегі қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды
қолдану жолдары” деп аталады.
Зерттеу объектісі - “Қазақ тілі” сабағында пайдалануға болатын
дидактикалық ойындар, олардың түрлері мен мақсаттары және маңызы.
Зерттеудің мақсаты – оқу пәнін бірсарындылықтан сақтай отырып,
оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы білім, білік және дағдыларын
қалыптастыруға мүмкіндік беретін дидактикалық ойындардың өзіндік
ерекшелігін айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
- Оқушылардың жеке және дара ерекшеліктерін ескере отырып ойындарды
таңдау;
- Оқу пәнінің мақсаты, мазмұны мен көлеміне қарай ойындарды жүргізу;
- Ойындарды жүргізу барысында әділдіктің болуын қамтамасыз ету;
- Оқу пәнінің көздеген мақсатына сай ойындарды түрлендіріп отыру;
- Оқушылардың оқу дағдыларының қалыптасу дәрежесі есепке алу;
- Оқу еңбегі процесінде қалыптасқан ұстаз бен оқушы арасындағы қарым –
қатынасты ескеру.
Зерттеудің әдіс – тәсілдері:
- Оқу пәнінің мазмұны мен мақсатын айқындау;
- Ойлау қабілетін қалыптастыратын әдістер;
- Проблемалық әдіс;
- Әңгімелеу;
- Практикалық әдістер (жаттығулар: жазбаша, ауызша, оқу – еңбектік,
түсіндірме).

І. Дидактикалық ойындар және олардың түрлері

1. Ойын және дидактикалық ойындарға түсініктеме

Ойынның бастауыш сынып оқушыларының білімін берік меңгеруіне
тигізетін әсерін анықтау үшін біздер мына сұрақтарға жауап іздедік:
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін ұйымдастыруда ойынның құрылымы
қандай болмақ? Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ойынды қалай
пайдалану керек? Ойынды бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес қалай қолдану қажет? Сол сияқты тағы басқа
сұрақтарға жауап іздеу барысында біздер әртүрлі бастапқыларға талдау
жасауды мақсат көздедік.
Ұлы Абайдың “Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?” деген
пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып
оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы
туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж. Аймауытұлы, М.
Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев.
Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Пестолоцци ойын
арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның
теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт, тәрбиеде
және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В. А. Сухомлинский, С. П.
Шацкий және Н. К. Крупская өз пікірін білдірген.
Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде
қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу,
инстинкт күнделікті негізгі іс - әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.
Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану –
болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына
сай бейімдеу деп түсіндірген.
Я. А. Коменский “Ұлы дидактика” деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа
дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл
кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен
қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Осыған орай бастауыш
сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден – бір құралы ретінде
ойынды айтуға болады.
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек
психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар
және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар айналысқан.
Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға
тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Адам іс - әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын
зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс -
әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның
бейнелі сәулесі қылаң береді, Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі
құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс - әрекеттеріне еліктеу екені белгілі.
Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс -
әрекеттер бала үшін қажетті. Балаларға ақыл – ой, адамгершілік, дене
шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын
барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет
байқатады.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі,
өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның
көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан
қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат – мүддесін бейнелесе, күні
ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп,
бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз
емес.
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа ынтасын арттыру, ой - өрісін
кеңейту, сөздік қорын байыту, ауызша және жазбаша тілін жетілдіру, сауатты
жазуға, ойлылыққа, тапқырлыққа баулу мақсатын жүзеге асыруда ойынның алатын
орны ерекше. Оқушылар ойын кезінде өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп
отыруы тиіс. Бұл туралы А. Н. Леонтьев: “Ойын – іс - әрекеттің ерекше түрі,
онда негізгі желі іс - әрекеттің мазмұнында жатыр” деп айтқан. Ойын –
баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс - әрекеттің мақсат –
бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыру ға негізделген белсенділік формасы
деп бір жағынан, екіншіден – баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас
қасиеттерін, ақыл – ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы
ретінде түсіндіріледі. Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатыны ертеден
дәлелденген. Тіпті ХҮІІІ ғасырда Руссо былай деп жазған: “Баланы жақсы тану
және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек”.
Үлкендер үшін қарым – қатынас құралы тіл болса, ал балалар үшін
ойын және әр түрлі іс - әрекет болып табылады.
Бүгінде мәдени қазыналарға бай қазақ халқының ұлт ойындарын
сабақта қолдану оқушылардың өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына,
ата – аналарының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуға,
көздеген мақсаттарын өрістете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстырыра
білулеріне септігі тигізбек. М. Әуезов: “Біздің халқымыздың өмір кешкен
ұзақ жолдарында өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген,
менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру
ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған” деп тегін айтпаса
керек. Ойынға зер салып қарар болсақ, содан үлкен мағыналы істер туындап,
өрбитінін байқаймыз. Ойынды біз бар өнердің бастауы, халықтың әлеуметтік –
экономикалық өмірінің айнасы деп білеміз. Өлең жырларында халық ойынды
тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, шынықтыратын
қасиеттерін аша түседі. Т. Манашұлы жырында:
“Балалармен ойнайды,
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды” – деп түйіндейді.
Абайлап қарасақ, тілімізде кездесетін кейбір сөз тіркестері:
домбыра ойнау, атқұлағында ойнау, ойын – күлкі, ойын баласы, асық ойнау,
доп ойнау, т.б. халықтың көне мәдениетінің бір куәгері ретінде ойын туралы
түсініктің туу тарихы тыс әріден басталғанынан және ата – бабаларымыз
қолданған ойын түрінің молдығынан хабар береді.
Тарихының көнелігіне қарамастан, ойын үнемі жаңа, ескірмейтін
нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап,
сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беретін, рухани азық болатын
да осы ойын.
“Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап,
татып, ескерсе дүниедегі жақсы – жаманды таниды – дағы, сондайдан білгені,
көргені көп болған адам білімді болады” деген Абай пікірінің ойынға да
толық қатысы бар деп ойлаймын.
Ойын – оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің
маңызды бір түрі.
“Ойын” ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі
басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын
әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:
- ойын – сауық;
- коммуникативтік немесе қарым – қатынастық;
- диагностикалық (ойын барасында өзін - өзі тану);
- коррекциялық (өзін - өзі түзету);
- әлеуметтендіру.
Әлі де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне
байланысты функциялары анықталуда.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы
балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол
міндетті түрде ұжымдық әрекет болып табылады. Ойынның ережелері
ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір – біріне деген сыйластық
қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды.
Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының
мүмкіндігімен санасып, бір – біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік
ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз
атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,
қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ақыл – ой ойындарында белгілі бір
ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,
зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Ойын мен еңбектің бір – біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан
кейбір педагог ғалымдар “жақсы ойын – жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын –
жаман жұмыс сияқты” деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін
жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр –
қайрат жұмсауды керек етеді. Белсенді іс - әрекет пен күш – жігер
жұмсалмаған ойын жақсы ойын болып табылмайды. Демек, осы жағынан ойын мен
жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойынында да белгілі дәрежеде тиісті
жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі аырмашылығы тек
мынада: баланың ойыны нақты материалдық, рухани байлықты көздемейді, ал
жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын. Осыдан келіп ойын
туралы мынадай тұжырым жасалады:
- ойын – тәрбие құралы, ақыл – ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды
байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді;
- ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны
жетілдіреді;
- ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі;
- эстетикалық тәрбие беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді;
- дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан – жақты жарасымды тәрбиелеудің
психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Ойынның ерекшелігі

Құрылыс ойындары. Оқытушы мақсат көздеген, үйретуші және
бағыттаушы басшылығы балалардың өнерпаздығымен, белсенділігімен дұрыс
ұштасқанда ғана құрылыс ойындары ықпал жасай алады. Бұл тұрғыда мұғалім
мына міндеттерді жүзеге асырады:
- Балалардың ұғымын кеңейту және олардың назарын құрылысшылардың
еңбегіне, олар пайдаланатын техникаға тәрбиелеу;
- Құрылыс тәсілдеріне үйрету, ойнау дербестігі мен белсенділігін,
конструкциялық қабілетін тәрбиелеу және дамыту;
- Баланың еңбексүйгіштігін қалыптастыру, өзара дұрыс қарым –
қатынасын дамыту, оларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Қимылдық ойындар. Қимылдық ойындар кезінде баланың қозғалу
ритміндегі, қимыл шапшаңдығына байланысты қозғалыс сымбатындағы жарасымдық
пен әсемдік олардың эстетикалық сезімін де тәрбиелейді. Жүгіріп ойнауда
бала бәрінен де бұрын оңға, солға, алға, кейін деген сияқты бағдарлау
істерін тәжірибе жүзінде игереді. Қимыл қозғалыс ойындары өзінің мазмұны
мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын
игерген қимыл дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары оларға
қолайлы дәлдік пен қалыптылықтан, ептіліктен, ерекше мәнерлілікпен
көрінеді. Қимылдық ойындар мазмұны жағынан 2 топқа бөлінеді:
1. Сюжетті ойындар
2. Сюжетсіз ойындар
Сюжетті қимыл – қозғалыс ойындары шартты формада өмірлік немесе
ертегі оқиғасын бейнелейді. Балаларды ойында шығармашылықпен көрінетін ойын
бейнелері қызықтырады. Мысалы, “Мысық пен тышқан”, “Қарақұлақ”, “Қасқыр
қақпан”, “Қоян”, т.б.Сюжетті қимыл – қозғалыс ойындары балаларды өздерінің
түсінікті мақсатқа жетуге жетелейтін, балалар үшін қызықты қимыл
тапсырмаларынан тұрады. Олар өз кезегінде ойындардың тоқтап жүгіру, ұстап
алу және осы сияқты үлгілеріне бөлінеді: “Кімнің тобы тез сапқа тұрады?”,
“Кім өз жолаушысына тез жетеді”, “Кім шертті?”, “Икемді тал”, т.б.
Ұлттық ойындар.
Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан тәлім –
тәрбиелік маңызы зор мұралараның бірі. Бұл ойындардың мақсаты – елін,
жерін, халқын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу жолында халықтың бар өнерін,
құндылықтарын қолдану. Ұлт ойындары тақырыбына, мазмұнына, көздеген
мақсатына байланысты, негізінен, үш салаға бөлінеді. Атап айтқанда: ойын –
сауық, тұрмыс – салт ойындары және оймен келетін ойындар. Шындап келгенде
ұлт ойындары ауыз әдебиетінің бір саласы. Олай болса, ұлан – байтақ қазақ
даласына ауызекі тарай келіп, ол түрленіп, өзгеріп отырған. Ұлт ойындарының
басым көпшілігі тұрмыс – салтты, соған орай жануарлар әлемін: аңшылықты
бейнелейді. Ұлт ойындары адам баласының ұжымдық шығармашылығы және
орындалуы да көбіне ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық,
достық қарым – қатынасқа әрекеттенуге, тәрбиеленуге мүмкіндік мол.
Дидактикалық ойындар – оның аты айқындап тұрғандай, баланың ақыл –
ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі.
Дидактикалық ойындар дегеніміз оқыту мақсатын жүзеге асыруға
арналған ойындар. Дидактикалық ойындар оқушының байқампаздық, елестету,
есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады.¹

___________________________________ _____________________________1.
Педагогика және психология қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми
түсіндірме сөздігі
Алматы, 2002 ж

Дидактикалық ойын баланы қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп
және оны бекітіп нақтылай түседі. Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге
баулып, оқушылардың сөздік қорын арттырады, ақыл – ой қызметін
қалыптастырады. Дидактикалық ойын баланың пікірін сөзбен жеткізуді талап
етеді
Дидактикалық ойындар педагогика ғылымының дидактика тарауында
қарастырылады. Себебі, дидактика – бұл оқу, және білімдену, олардың
мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал жабдықтары, ұйымдастырылуы мен
нәтижелері жөніндегі ғылым. “Дидактика” термині грек тілінен енген,
аудармасы “үйретуші” дегенді білдіреді.

2. Дидактикалық ойындар және олардың түрлері

Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ойын – дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта – ықыласын есепке ала
отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарға қойылатын бірінше талап – оқушының танымдық
әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар:
а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
б) ойын барасында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар
көзіне жету;
в) баланың ойын барысында жеткен оның жаңа алған білім, білік,
дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық
әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор.
Дидактикалық ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап,
құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені, өздері ойын
барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу
тілімен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық,
ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары
сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына
аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.
С.А.Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен
сипатталады:
- еркін дамытушы іс - әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін
емес, баланың қанағаттануына байланысты;
- әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын
алуы;
- ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.
Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді берік
меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып,
оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын
арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану – бағдарламада анықталған
білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру
болып табылады. Сондай – ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және
психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты
өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру
кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде
пайдалануға болады.
Дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс -
әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажет.
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс - әрекет
сиаптына, ойн құрылымына сәйкес жіктемелері бар. (Л. А. Ленгер, О. М.
Дьяченко, Т. К. Жикалкина, т.б.)
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын – саяхаттар
Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды
бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ
арқылы; қиындық – оңай жолмен; қажеттілер – қызық жолмен беріледі.
2. Ойын – тапсырмалар
Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар
құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын – болжамдар
Бұл ойындар “Не болар еді ...?”, “Мен не істер едім, егер ...”
деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың
алдына проблемалық міндет пен әрекет ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай
ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды
талап етеді.

4. Ойын – жұмбақтар
Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуында. Олар
баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау
арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына
әсер етеді.
5. Ойын - әңгімелер
Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың
балалармен қарым – қатынасына негізделеді. Бұл қарым – қатынас ойын
мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы – олар эмоциональдық
түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға
мүмкіндік туғызады.

Танымдық іс - әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетін талап ететін ойындар
2. Қайта жаңғырту іс - әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар
3. Қайта жасау іс - әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар
4. Оқушылардың іс - әрекетін бақылауға бағытталған ойындар
5. Ізденіс іс - әрекетіне бағытталған ойындар
Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:
1. Сюжеттік – рөлдік ойындар
2. Жаттығу ойындар
3. Драмалық ойындар
4. Шығармашылық ойындар
5. Әдеби – музыкалық ойындар
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай
жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар
2. Тәрбиелейтін ойындар
3. Дамытатын ойындар
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар
5. Диагностикалық ойындар
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық
және өзіндік ерекшеліктеріне толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы
мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш
сыныптың оқыту үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.
Дидактикалық ойынның міндеті балалармен жүргізілетін ойындар
алдына белгілі бір мақсат қойып ол біртіндеп күрделендіріп отырады.

Дидактикалық ойындарға қойылатын талаптар:
1. Әрбір дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытуға пайдалы
моральдық қасиетті бекітерлік жаттығулар болуға тиіс;
2. дидактикалық ойын тиісті міндетті орындау барысында түрлі қиындықты
жеңе отырып, ақыл – ой жұмсауды керек ететін қызғылықты да тартымды
болуы тиіс;
3. Дидактикалық ойын шешуін іздеп табарлықтай қызғылықты жайлармен
ұштасып жатқаны жөн. Қызыға ойнаған ойын баланың ақылын өсіреді,
құмарлығын арттырып – қойылған міндетті жөндеп орындауға
ұмтылдырады.
Ал дидактикалық ойын дегеніміз белгілі бір мақсатқа негізделген
арнайы жоспары бар баланың оқу әрекетін жетілдіруге арналған іс - әрекет.
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі
бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді. Бала ойынында қоғамдық, ұжымдық
сипат болады. Мәселен, кез келген бала жалғыз ойнамайды, қатар –
құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір – бірімен өзара қарым –
қатынас жасайды. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да
баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А. С. Макаренко өте
жақсы көрсетті. “Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай
орын алатын болса, - деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да сондай үлкен
маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай
болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы
болады”¹.
Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның өзіне тән
мотивтері болады. Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты
тілегі мен қызығуы. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра
алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Кейбір шетел
психологтары ойынды көбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардың
бірі жануар төлі мен
___________________________________ ____________________
1. А. С. Макаренко Балалардағы тәрбиелеу туралы лекциялары Алматы, 1952
ж
адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса (К. Гросс),
екіншілері – ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді (Г.
Спенсер), ал
үшінші біреулері – ойынды жай рақат табудың бір көзі (К. Бюлер) деп
қарайды. Оқушы ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар,
айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі
мазмұнын білгісі келеді. Оқушылардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін
түрлі ережелермен ойнайтын ойындардың үлкен дидактикалық мәні бар.
Педагогикалық энциклопедияда: ойын әрекеті – баланың барлық нышандарының
дамуына мүмкіндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар интелектуалдық мектеп
деген.¹
Бастауыш сыныпта ойынның маңызы ерекше. Оның себебі, мектепке
дейінгі кезеңде баланың негізгі іс - әрекеті ойын, мектепке келгеннен кейін
балаға бірден оқу әрекетіне көшу қиын болғандықтан ойын арқылы біртіндеп
оқу әрекетіне төселдіреміз. Ойын сабақтың кез – келген кезеңінде тақырыпқа
сай қолданылады. Көркем шығарманы пайдалануға байланысты ойынға түрлі
санамақтарды, сұрамақтарды, қаламақтарды, айтыс ойындарды жатқызуға болады.
Олар балалардың сөйлеу тілін жаттықтырып дамытумен қатар тәрбие
мақсаттарының орындалуына да әсер етеді.

___________________________________ _____________________1. Педагогикалық
энциклопедия
Дидактикалық ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті
заттары, ерекшеліктері болады. Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай
ұйымдастырылған ойындар баланың
ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін
қалыптастырады және де сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

ІІ. Дидактикалық ойындар – қазақ тілі сабағында

2.1. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды
қолдану ерекшеліктері

Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған үлкен міндет – оқушыларды
сабаққа ынталандыру. Мұның бір ғана жолы бар: сабақ қызық өткенде ғана.
Айтқанға оңай, іс жүзінде сабақты тартымды өткізу мұғалімнен білімділікті,
қабілеттілікті, тапқырлықты, дарындылықты қажет етеді. Сондықтан, мұғалімге
қойылар талап – тілек барған сайын күрделеніп келеді.
Күнделікті сабақта ұстаздар арасында кеңінен тараған бір әдіс –
ойын элементтерін қолдану. Бала белсенділігі ойын үстінде танылады. Жақсы
ойынға бала бар ынтасымен беріліп, алуан мәлімет, дағды мен шеберлікті
меңгереді. Алға мақсат қоя білуге төселеді, білгенін соған жұмсайды.
Алайда, бұл ойындарды үнемі пайдалана бермейміз. Ойынның белгілі бір
уақыттарда жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне нұқсан келтірмейтіндей
жымдасып жатуын көздеуіміз керек. Ойынды, көбінесе, қайталау сабақтарында
немесе бекіту кезеңінде қолдануға болады.
Бастауыш сыныпта қолданылатын дидактикалық ойын түрлері
оқушылардың танымдық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып,
іскерлік, дағдыларын шыңдай түседі. Әр баланың тапқырлығын арттырып,
қызығушылығын туғызады, теориялық материалдарды меңгеруге және оны
практикада қолдануға машықтандыруға себебін тигізеді, әрі оларды сергітеді,
оқуға ынтасын, белсенділігін арттырады. Бұлай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Дидактикалық ойындардың педагогикалық негізі
Бастауыш сынып оқушыларын ойын барысында оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Дидактикалық ойындар балабақшада оқытудың бір түрі
Оқу процесінде сабақта дидактикалық тапсырмалар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері жайлы
Баланы жан-жақты тәрбиелеуде ойының маңызы
Пәндер