Ит лептоспирозыауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы



Мазмұны


Нормативтік сілтемелер
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1Лептоспироз ауруының қоздырғышы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1.2Лептоспироз ауруының тарихи деректері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1.3Лептоспироз ауруының індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.1.4Лептоспироз ауруының дерттенуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.1.5Лептоспироз ауруының өтуі және симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.1.6 Лептоспироз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... .15
1.1.7Лептоспироз ауруының иммунитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.1.8Лептоспироз ауруының дауалау және күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.2Ауру туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
1.3Жалпы этиология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі. Патологиялық анатомия - патологиялық үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін ғылым.
Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар (клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.
Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады. Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері, құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.
Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Лептоспироз- табиғи ошақты, дененің қызуы көтерілуі, несепте қан мен гемоглобин болуы, кілегейлі қабықтар мен терінің сарғайып, өлеттенуі, ішек-қарынның қимылы нашарлап, буаз малдың іш тастауы, төлді шалажансар тууы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Лептоспироз — мал, кеміргіштер арасында кездесетін жұқпалы ауру. Онымен адамдар да ауырады.Бұл аурудың қоздырғышы — Leptospira icteroanaeme, деп аталатын, микроскоптың қараңғыланған көрмесінен (темном поле) айқын көруге болатын, екі басы шиыршықталған микроб.
Табиғи жағдайда лептоспирозбен шошқа және сиыр жиі ауырады. Сонымен қатар жылқы, қой, ешкі, түйе, марал, сайғақ, буйвол, ит, түлкі, қарсақ, әртүрлі кемірушілер бейім. Ит пен салыстырғанда мысық анағұрлым төзімді, келген де сирек ауырады, үй және жабайы құстар төзімді келеді. Лептоспирозбен адам да ауырады. Адам бұл ауруға бейім болғанмен, оның қоздырушысын ары қарай тарату жолында биологиялық тұйықтық болып есептеледі де, індеттенуде оншама маңызы болмайды[1].
Курстық жұмыстың мақсаты – иттің лептоспирозауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасын зерттеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –118б.
2 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 135 бет.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.-Москва: Колос, 1961.-147б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 153с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-124с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.НСюрин и др. М: Агропром, 1991.-136с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-115с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 184б.
9Тұтқышбай И.А, Сабекова Д.Ө, Жануарлар патологиясы, Шымкент,
2009.-82б .

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Жануарлар патологиясы пәнінен Ит лептоспирозы ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы тақырыбына жазылған курстық жұмыс нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартулар мен белгілер, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 2 суреттен тұрады.
Курстық жұмыс 30 беттен тұрады.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1Лептоспироз ауруының қоздырғышы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1.2Лептоспироз ауруының тарихи деректері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1.3Лептоспироз ауруының індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...11
1.1.4Лептоспироз ауруының дерттенуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.1.5Лептоспироз ауруының өтуі және симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.1.6 Лептоспироз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... .15
1.1.7Лептоспироз ауруының иммунитеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.1.8Лептоспироз ауруының дауалау және күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.2Ауру туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
1.3Жалпы этиология ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД). Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Иктерогемоглобинурия - кілегейлі қабықтары сарғайып несепте гемоглобин мен қан болуы арқылы білінеді.
Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді
Паразит - белгілі бір организм иесінің ішінде не сыртында тоғышарлық ету
Гермафродит - қосжынысты
Шистосомата - дара жынысты
Анемия - қан аздық
Интоксикация - денені уландыру
Холангит - өт жолыныңқабынуы
Холеоцистит - өт қалтасыныңқабынуы

Ф.7.04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші ___________________________________ __________
(оқытушының аты - жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2013ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты - жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты - жөні
_______________
қолы,аты - жөні

Шымкент 2013 ж.

Ф. 7. 05 - 04
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін
Каф.меңгерушісі __
_________2013ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______


Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
1

2

3

4

5

6

Ұсынылған әдебиеттер: 1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

___________________________________ ____ факультеті
___________________________________ __ ____кафедрасы

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
_____________________
(қолы,аты - жөні)
_______________2013ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №____

___________________________________ ___________________ пәні
студент____________________________ _тобы_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) _____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________

Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Қорғау күні__________2013ж.
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Патологиялық анатомия - патологиялық үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін ғылым.
Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар (клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.
Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады. Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері, құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.
Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Лептоспироз - табиғи ошақты, дененің қызуы көтерілуі, несепте қан мен гемоглобин болуы, кілегейлі қабықтар мен терінің сарғайып, өлеттенуі, ішек-қарынның қимылы нашарлап, буаз малдың іш тастауы, төлді шалажансар тууы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Лептоспироз -- мал, кеміргіштер арасында кездесетін жұқпалы ауру. Онымен адамдар да ауырады. Бұл аурудың қоздырғышы -- Leptospira icteroanaeme, деп аталатын, микроскоптың қараңғыланған көрмесінен (темном поле) айқын көруге болатын, екі басы шиыршықталған микроб.
Табиғи жағдайда лептоспирозбен шошқа және сиыр жиі ауырады. Сонымен қатар жылқы, қой, ешкі, түйе, марал, сайғақ, буйвол, ит, түлкі, қарсақ, әртүрлі кемірушілер бейім. Ит пен салыстырғанда мысық анағұрлым төзімді, келген де сирек ауырады, үй және жабайы құстар төзімді келеді. Лептоспирозбен адам да ауырады. Адам бұл ауруға бейім болғанмен, оның қоздырушысын ары қарай тарату жолында биологиялық тұйықтық болып есептеледі де, індеттенуде оншама маңызы болмайды [1].
Курстық жұмыстың мақсаты - иттің лептоспироз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1.І Лептоспироз ауруының қоздырғышы

Лептоспироз Leptospirosis - табиғи ошақты, дененің қызуы көтерілуі, несепте қан мен гемоглобин болуы, кілегейлі қабықтар мен терінің сарғайып, өлеттенуі, ішек-қарынның қимылы нашарлап, буаз малдың іш тастауы, төлді шалажансар тууы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Лептоспироз -- мал, кеміргіштер арасында кездесетін жұқпалы ауру. Онымен адамдар да ауырады.
Бұл аурудың қоздырғышы -- Leptospira icteroanaeme, деп аталатын, микроскоптың қараңғыланған көрмесінен (темном поле) айқын көруге болатын, екі басы шиыршықталған микроб.
Ол Бурри не Романовский Гимза бояуымен боялады. Оны лабораториялық жағдайда әдейі дайындалған микробтар өсетін ортада (питательная среда) бір қалыпты жылылықта (28° -- 30°) ұстап 10 -- 20 күн аралығында өсіруге болады. Лептоспироздың қоздырғышы бірнеше серотипке бөлінеді. Ол үшін серологиялық әдістемелерді қолданады. Бұл аурудың қоздырғышын лабораториялық жолмен анықтау үшін, лабораториялық жәндіктерді, соның ішіндегі ең тиімдісі тышқандар, қоян мен иттің айлық көжектерімен күшіктерін пайдаланады [1,2].

1.1.2Лептоспироз ауруының тарихи деректері

Ауруды ең алғаш адамда Германияда Well 1886 сипаттады. Қоздырушысын Жапонияда Inado мен Ido 1914 ашты және осы елдің ғалымдары Мапі, Ido, Нокі 1916 адамға егетін вакцина жасады. Кейіннен бұл микробтың иттің жұқпалы сары ауруын Uhlenhutb, 1918, ірі қараның иктерогемоглобинуриясын С.Н Никольский, 1935, шошқа, қой мен ешкінің осы тақылеттес ауруларын қоздыратыны анықталды. Сонымен 20 ғ. бірінші жартысында лептоспиралардың жануарлар мен адамның инфекциялық патологиясында орны анықталса, 50-60-жылдары бұл зерттеулер жан-жақты жүргізіліп, қазіргі кезде де сондай қарқынмен жалғастырылуда.
Қоздырушысы - Spirochetalis қатарының порядок Leptospiraceae тұкымдастығы Leptospira туыстастығына жатады lepto - нәзік, spira - иір. Leptospira туыстастығына екі түр енеді, паразит - L.interogans және сапрофит - L.biflexіa. Барлық лептоспиралар морфологиялық жағынан бірдей: денесі жіп тәрізді, екі ұшы имектеніп бітеді, өте белсенді қозғалыста болады. Олар бір-бірінен антигендік құрамы бойынша ажыратылады. Бұл қасиетіне байланысты серологиялық варианттарға бөлінеді, өзара жақын сероварлар топтарға бірігеді. Қазіргі уақытта L.interogans 23 топқа біріккен 202 сероварға, ал L.biflexa 38 топқа жататын 63 сероварға бөлінеді. Жүргізіліп жатқан зерттеулер бұл санды одан ары көбейте түсуі әйдік.
Лептоспироз ауруының қоздырғышы салқыңдықта, балшық-шалшықты жерлерде, ағымы жоқ су қоймаларында ұзақ уақыт сақталады. Ал оны тікелей түскен күн сәулесі 0,5 -- 2,0 сағат, 56° ыстық -- 30 минут ішінде залалсыздаса, 0,5% фенол, 0,25% форамлин, 0,5% (NaOH), 10 -- 20% хлорлы әк не бәрі 5 -- 10 минутта өлтіреді [1,2,3].
Қазіргі кезде лептоспиралардың негізгі токсономиялық бірлігі серовар болып есептеледі, сондықтан қоздырушысының атауының соңында оның варинаты көрсетілуі тиіс.
Мысалы, L.interogans серовар hardjo. Лептоспироздың коздырушысы лептоспиралардың бір ғана түрі L.interogans болғандыктан, арнайы әдебиеттерде серовар атауы ғана көрсетіледі.
Лептоспиралар сұйық, қоймалжың және тығыз қоректік орталарда өсіріледі. Олардың жақсы өсуі үшін қоректік ортаға үй қоянының немесе қойдың қан сарысуы қосылады. Соңғы кезде сарысудың орнына альбумин немесе белоксыз синтетикалық қорек заттары пайдаланылады.
Қоздырушының өсуіне қолайлы температура 38-39° С, бірақ лабораторияларда 28-30° С жағдайында өсіріледі, өйткені бұндай температурада микробтың өсуі баяуламайды және қоректік ортаның кебуі бәсендейді. Ауру қоздырушы лептоспиралардың, микробтын сапрофитті түрінен айырмашылығы, олар 13° С-дан жоғары температурада ғана өседі. Қоректік ортаның жайлы қышқылдығы рН 7,0-7,4.
Төзімділігі. Лептоспиралардың химиялық және физикалық факторлардың әсеріне төзімділігі онша емес. Жануарлардың (несебінде 4 сағаттан 6-7 күнге дейін, бүйрегінде 12 сағаттан 12 күнге дейін, шошқаның тастанды төлінде - бірнеше күн, ет арасында 48 сағ., жаңа сауылған сүтте - 8-24 сағ. сақталады. лептоспиралар нағыз гидробионаттар, олар өзен және көл суларында 200 күн, салқын суда 10 күнге дейін, садырада 24 сағат сақталады.
Ылғал, бейтарап, сәл сілтілі топырақта 43-279 күнге дейін сақталса, құрғақ топырақта 30 мин - 12 сағ. аралығында өледі. 76-96° С-та қыздыру бірден, күн сәулесі мен кептіру 2 сағатта өлтіреді.
Төменгі температурада ұзақ уақыт мысалы, тоңазытылған шәуетте 1-3 жыл сақталады. 0,25 % белсенді зор, 5 % карбол қышқылы, 0,25 % формальдегид, 0,1 % түз арқылы ертінділері лептоспираларды 5 мин ішінде, ал 1 % күйдіргіш натрий бірден өлтіреді [1,2,3].

1.1.3 Лептоспироз ауруының індеттік ерекшеліктері

Табиғи жағдайда лептоспирозбен шошқа және сиыр жиі ауырады. Сонымен қатар жылқы, қой, ешкі, түйе, марал, сайғақ, буйвол, ит, түлкі, қарсақ, әртүрлі кемірушілер бейім. Ит пен салыстырғанда мысық анағұрлым төзімді, келген де сирек ауырады, үй және жабайы құстар төзімді келеді. Лептоспирозбен адам да ауырады. Адам бұл ауруға бейім болғанмен, оның қоздырушысын ары қарай тарату жолында 'биологиялық тұйықтық" болып есептеледі де, індеттенуде оншама маңызы болмайды.
Лептоспирозбен кез келген жастағы жануар ауыра бергенімен, жас төл ересек жануардан гөрі аса сезімтал. Сондықтан тәжірибе күзінде жұқтырғанда енесін еметін жаңа туған жануарларды таңдайды. Жұқтыру үшін зертханалық жануарлардан сары атжалман золотистый хомяк, теңіз тышқаны, көжек т.б. пайдаланылады.
Жануарлардың әр түлігі лептоспиралардың белгілі бір сероварларына бейім келеді. Шошқа лептоспирозының негізгі қоздырушылары Pomona, Taiassovi, сиырда - Giippotyphojsa, Tarassovi, Pomona, Hebdomadis, Sejroe, қой мен ешкіде - Grippotyphosa, Pomona, Hebdomadis, Tarassovi.
Зардапты лептоспиралардың бастауы мен қоймасы - ауылшаруашылық және жабайы әсіресе кеміруші жануарлар. Олардың денесінен ауру қоздырушысы сыртқы ортаға несеп, нәжіс, сүтпен, танау мен жыныс мүшелерінен аққан сора, шәует арқылы шығады. Әсіресе жасырын білінбей ауыратын лептоспиралар алып жүретін жануарлардың індеттік маңызы аса зор. Аурудан сау емес шаруашьшылықтарда лептоспироз алып жүретін жануарлар сиыр мен қойда 14-20 %, ал шошқада 30-80 %-ке жетеді. Лептоспира алып жүру мерзімі сиырда 6 айға, қой мен ешкіде 9 айға, шошқада 2 жылға, итте 3 жылға созылады. Кемірушілер өмір бойы лептоспиралар алып жүреді.
Ауру және микроб алып жүруші жануарлардан бөлініп шыққан лептоспиралар суды, жемшөпті, жайылымды, топырақты, төсенішті және басқа сыртқы ортадағы заттарды ластайды, олар аурудың жұқтыру факторына айналады. Лептоспироздың ең негізгі берілу факторы су арқылы жұғу. Әсіресе кетпейтін шалшық тоқтау су, батпақ ағысы баяу бұлақтар, ылғал топырақ ауру тарату үшін өте кауіпті.
Жануарларға лептоспироз аурудың табиғи ошағында су ішкенде, лептоспиралар алып жүретін кемірушілердің өлексесін немесе олардың несебімен ластанған жемшөпті жегенде жұғады. Терісі бағалы аңдарға ауру торда бағылған кезде лептоспирозбен ауырған жануарлардан алынған өнімдермен азықтандырғанда жас төлге ауру малдың сүтінен, шошқаға суға енгенде немесе балшыққа аунағанда жұғады. Сиыр мен қойда, әсіресе шошқада лептоспироз жатыр ішінде де жұғады. Қоздырушының жыныс жолымен берілуі де мүмкін [1,3,5].
Лептоспиралар жануар мен адам денесіне жарақаттанған тері сызат, жарақат, жәндіктердің шағуы әртүрлі кілегейлі қабықтар ауыз, кеңсірік, көз, жыныс және асқорыту жолдары арқылы ененді.
Лептоспироз топырағы ылғалды, гумусы мол, реакциясы бейтарап немесе сілтілі жерлерде жиі кездеседі. Ауру жылдың кез келген маусымында, бірақ жайылымдағы майла жаз-күз мезгілінде жиірек байқалады. Лептоспироз індет ретінде немесе спорадия түрінде өтеді. Б.Ілиясовтың деректері бойынша соңғы кездерде бұл ауру ауыл шаруашылық малдарында көбінесе сыртқы айқын клиникалық белгілерінсіз лептоспира алып жүру немесе иммундеуші субинфекция ретінде тіркеледі. Аурудың шығуына және таралуына жағдай туғызатын себептер: жайылымның нашарлығы, суаттардың ластығы, малды сапасыз азықтандыру, оларды антисанитариялық жағдайда ұстау, әртүрлі жұқпайтын аурулардын орын алуы.

1.1.4 Лептоспироз ауруының дерттенуі

Лептоспиралар организмге енгеннен соң өте жылдам қозғалуының нәтижесіңде тез арада қанға және ішкі ағзаларға өтеді. Табиғи жолмен енгенде, алғашқы денеге өткен жерінде, маңындағы сөл түйіндерінде көзге ілігерліктей өзгерістер байқалмайды. Аурудың бастапкы кезінде аз уақытқа дененің ыстығы көтеріледі. Ауру коздырушысының уыттылық факторларына эндотоксин, гемолизин, фибринолизин, плазмакогулаза т.б. жатады. Олардың әсерінен эритороциттер еріп, кейбір ұлпаларда және теріде өліеттену пайда болады.
Лептоспиралар бүйректің түтікшелерінде жиі шоғырланады да, бүйректің зақымдануы нәтижесінде несебінен ұзақ уақыт бойы көп мөлшерде сыртқы ортаға бөлініп шығады.
Эритроциттердің еріп, гемоглобиннің мол бөлінуі, оның нәтижесінде несепте гемоглобин пайда болуы және билирубиннің көбеюі нәтижесінде, кілегейлі қабықтардың сарғаюы байқалады. Бүйрек зақымданғанда несепке гемоглобин ғана емес қан да араласады.
Буаз жануарлар ауру жұққаннан кейін 2-5 апта өткенде іш тастауы мүмкін, немесе жетілмеген шалажансар төл туады.
Ауру жұққан организмнің иммундік икемдігі өз дәрежесінде болса қоздырушыға қарсы антидене түзіп, белсенді фагоцитоз байқалды. Бұның нәтижесінде аурудың беті қайтып, ішкі ағзалардағы лептоспиралар жойыла бастайды. Тек қана антиденелер өте алмайтын бүйректе қоздырушылар сақталып қалады да, ұзақ уақытқа созылатын микроб алып жүруге жағдай туады [1,2,4].

1.1.5 Лептоспироз ауруының өтуі және симптомдары

Аурудың инкубациялық кезеңі 3-5 күннен 2-3 аптаға дейің Лептоспироз кәдімгідей өзіне тән симптомдарымен және симптомсыз кәдімгідей емес түрде өтеді. Симптомды түрі жіті, жітіден төмен, созылмалы болып кездеседі. Жіті түрі дененің ыстығы көтерілуі, кілегейлі қабықтары сарғайып несепте гемоглобин мен қан болуы арқылы білінеді. Мұндай симптом кешенін бір сөзбен "иктерогемоглобинурия" деп атайды және бұл атау кейде аурудың қосалқы синонимі ретінде қолданылады. Ауру жіті өткенде бұл өзгерістер айқын байқалса жітіден төмен өткенде бәсең байқалады. Ал созылмалы, әсіресе симптомсыз кәдімгідей емес түрде өткенде аталған белгілері байқалмайды.
Лептоспироздың өтуі мен симптомдарының малдың әр түлігінде өз ерекшеліктері болады.
Сиыр малында лептоспироздың симптомдары жас бұзауда жіті өтіп, айқын білінеді. Ең алдымен ыстығы 2-2,5 - 0 С көтеріліп, жануар өте күйзеліп, жемшөпке қарамайды, көзі жасаурап, іші өтеді. Ауру қатты басталғанда гемолитикалық анемияның белгілері басым болады; гемоглобулинурия байқалып, несептің түсі сәл қызғылттан қызыл коңырға дейін өзгереді. Кілегейлі қабықтар мен тері сарғыш тартады.
Қанды зерттегенде эритороциттердің саны күрт кеміп 1-3 млн, гемоглобин 10-30 %-ке төмендеп, үнемі дерлік лейкоцитоз 13-15 байқалады, қант қалыптан 3-4, тіпті 8-10 есе төмендейді де билурубин күрт көбейеді.
Аурудың жіті өтуі 3-10 күнге созылып, өлім көрсеткіші 50 %. ке дейін жетеді. Ересек ірі қарада ауру негізінен жеңіл өтіп, белгілері көзге оншама түспейді. Бастапқы кезде ыстығы аздап қана көтеріліп, жануар сәл күйзеліп, денесі шамалы сарғайып, несебінің түсі қызғылттанады.
Лептоспироздың сиырдағы ең басты белгісі - буаз кезінде іш тастауы. бұзауды өлі немесе шалажансар тууы, сонымен қатар аурудың салдарынан малдың бедеу болып қалуы мүмкін.
Сауын сиырдың ауруға шалдыққанда сүті қайтып, жазылған соң 2-3 аптадан соң қалпына келеді. Әсіресе Hardjo лептоспирозы кезінде агалактия жиі байқалады. Сонымен қатар мастит тe ұшырасады.
Лептоспироздың жіті түрінде де, созылмалы түрінде де нефрит байқалады. Бұл жағдайда несептің меншікті салмағы төмендеп, кей жағдайда онын түрі таза сумен бірдей болады. Несепте үнемі лейкоциттер кездеседі. Ауырған сиырдың жүні үрпиіп, сабалақтанып, көктемде түлемейді. Терісінің әр жері әсіресе қыр арқасы, сербектің ұшы қажалып, өліеттене бастайды.
Аурудың кәдімгідей емес үзілмелі түрі кезінде ірі қараның жалпы күйі оншама күдік туғызбайды. Бастапқыда жануар аздап күйзеліске ұшырап, кілегейлі қабықтары бозарып немесе аздап сарғаяды, біраз уақыт несебінде гемоглобин пайда болады да, бірнеше тәуліктен кейін аурудың белгілері басылып, жазылып кетеді.
Шошқада лептоспироз негізінен ешбір симптомсыз жасырын келеді. Көпшілік жағдайда жануарлардын ауруға шалдыққандығының бірден-бір белгісі серологиялық реакция болып табылады. Клиникалық белгілері кейбір жағдайда ғана білінеді. Олардың ішіндегі ең бастысы - іш тастау. Лептоспироз кезінде іш тастау кейде жаппай байқалуы мүмкін.
Лептоспирозбен ауырған шошқаның ыстығы аз уақытқа ғана көтеріледі. Ол тіпті бактериемиямен сәйкес келмейді де, бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін созылады. Температурасы 40.5-41.5° С дейін көтеріліп кетеді, күніне бірақ peт өлшегенде байқалмауы да мүмкін. Өте жиі болмаса да гемоглобинурия кіегейлі қабықтардың сарғаюы терінің кейбір телімдерінің өлеттенуі байқалады.

Сурет 1. Лептоспирозбен ауырған бұзаудың терісіндегі өзгерістер

Жылқыда лептоспироздың белгілері негізінен сиырдағыдай. Сонымен қатар жануар тез шаршап, терлеп кетеді, аяқ еттері дірілдеп, жүрісі бұзылады, аяғы ақсақ, бұлшық еттері ауырсынады.
Ит пен терісі бағалы аңдар лептоспироз кезінде ыстығы көтеріліп 410 С дейін, күйзеліп тамаққа қарамайды, құсып, қатты шөлдейді, артқы аяғынан ақсайды. Қан аралас іші өтіп, кейде іші қатады.
Кілегейлі қабықтарының сарғаюы итте сирек, түлкі мен қарсақта жиі кездеседі. Несеп жиі және аз мөлшерде бөлініп, оның құрамында белок ұшырасады, нәжісі сарғыш немесе қоңыр болады.
Аузының іші қолдырап, қабыршақтанып ағады, жағымсыз иіс шығады. Мойнындағы, жабындағы сөл түйіндері ұлғаяды. Кейде көзінен ірің ағады. Ауру 2-12 кұнге созылып, көбінде өліммен аяқталады. Өлім көрсеткіші 50-90 %. Өлер алдында жүйкенің зақымданған белгілері байқалады [1,2,5].

1.1.6 Лептоспироз ауруының паталогоанатомиялық өзгерістер

Жануарлардың әрбірінде негізінен ұқсас келеді де, дененің сарғаюы, анемия, геморрагиялық, диатез, тері мен кілегейлі қабықтарын өліеттенуі, үлпершекті ағзаларлың дегенеративті қабынуы арқылы сипатталады. Бірақта жануарлардың түрі мен жасына инфекцияның өту ерекшеліктеріне байланысты бұл белгілердің басымдығы мен ара қатынасы әртүрлі болады. Ең бір айқын өзгерістер бауыр мен бүйректерде ұшырасады.
Өлген не ауырып тұрған малды сойып қарағанда байқалатыны: қанның көпке дейін ұйымауы, талағының көлемі ұлғайып босап кетуі, қуығы қанталап, қан аралас сұйық дәретке толы болуы, бөтекесінің қанталап, көлемі үлкейіп, кедір-бұдырланып қатайып кетуі, ішек қуысының, өт қабының (желчный пузырь) ішкі қабаты ісініп қанталап, кан аралас өтке толып кетуі. Бауыры ұлғайып, тері астындағы безінің көлемі ұлғайып, кесіп қарағанда суланып тұруы керек (на разрезе сочные).
Нәтижесінде бұл препарат басқа лептоспираларға да әсер етеді. Сарысуды жіберген соң енжар иммунитет 3 сағат өткенде қалыптасып, 10-14 күнге дейін созылады, 1-2 күн өткен соң сарысуды қайта жіберуге болады.
Антибиотиктерден лептоспирозды емдеуге пеницилин, бициллин-3, стрептомицин, биомицин, окситетрациклин кең қолданылады. Қалыптасқан пікір бойынша зардапты лептоспиралардың әртүрлі сероварларының антибиотиктерге сезімталдығы біркелкі болып келеді.
Әсіресе стрептомицин, хлортетрациклин, гентамицин, канамицин, тилозин және оның туындылары тилан, фармазин, фразидин жақсы нәтиже береді.
Ауру сау малдарға жарақаттанған терісі, кілегей қабығы (поврежденная кожа, слизи стая оболочка) не асқазан жолы арқылы жұғады және оның кең көлемде етек алып тарауына сол жердің ауа райының ылғалды болуы едәуір әсерін тигізеді. Ауырып жазылған малдың денесінде тұрақты иммунитет болуына байланысты, ол көп уақытқа дейін қайтып ауырмайтын болады [1,2,6].

Сурет 2.Лептоспирозбен ауырған иттің терісіндегі өзгерістер

1.1.7 Лептоспироз ауруының иммунитеті

Лептоспирозбен ауырып жазылған жануарда өзіне тән иммунитет қалыптасады. Ол бастапқыда стерильсіз, кейіннен стерильді түрінде байқалды да, ұзақ мерзімге сақталады. Әртүрлі әсермен, мысалы қыздырып, немесе тиомерсол, фенол, формалин сияқты заттар қосу арқылы өлтірілген лептоспираларды енгізгенде де, денеде белсенді иммунитет пайда болады. Оның қалыптасуында гуморальдік факторлар басым рөл атқарады деп есептейді. Иммунді жануардың қан сарысуы лептоспираларды бір-біріне жабыстырады, ыдыратады лизис, өсуін тоқтатады және аурудан қорғайды, Агтлютинацияланған лептоспиралар фагоцитозға өте тез шалдығады.
Лептоспираның бір сероварынан ауырып жазылған жануар сол серовардан қайталап ауырмайды. Мәселенің күрделілігі бірнеше серовардын қабаттаса жүруінде. Мысалы шошқада Pomona мен Tarassovi, ал сиырда Pomona мен Scjroe қоздыратын аралас инфекциялар жиі байқалады.
Жануарлардың лептоспирозына қарсы тірі, өлтірілген және коздырушының торшаларының әртүрлі компоненттерінен даярланған компоненттік вакциналар ұсынылды. Зерттеулер вакцинаның дауалық әсері оның құрамына кіретін сероварларға байланысты екенін көрсетті. Қазіргі қолданылып жүрген ВГНКИ-дің поливалентті деполандырылған вакцинасы әртүрлі сероварлардан екі вариантта шығарылады. Сонымен қатар енжар иммундеу және емдеу үшін лептоспирозға қарсы поливаленттік қан сарысуы пайдаланылады.

1.1.8Лептоспироз ауруын дауалау және күресу шаралары

Лептоспирозды болдырмау үшін басқа жақтан мал тұқымын асылдандыру және малдану үшін жануарларды тек қана сау шаруашылықтардан лептоспирозға MAP, AP арқылы тексеріліп, теріс нәтиже берген жағдайда ғана әкелуге болады. Барлық жаңадан келген малды 30 күн карантинде ұстап, лептоспирозға тексереді. Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылыққа лептоспироздан сау емес шаруашалықтан мал немесе мал өнімдерін әкелуге болмайды және қан сарысуы лептоспирозға MAP немесе АР беретін аталық малдарды шағылысқа қосуға тиым салынады. Көрмеге апарылатын иттер лептоспирозға қарсы егілуі міндетті, ал терісі бағалы аңдар мен иттерге лептоспирозбен ауырған немесе лептоспира алып жүретін жануарлардың шикі қасаптық өнімдерін жегізуге болмайды.
Лептоспирозды дауалау шараларының ішінде сонымен бірге жоспарлы түрде лептоспирозға малды серологиялық тексеру, кемірушілерді аулап тексеру, ашық су қоймаларын бактериялық тексеру маңызды рөл атқарады. Малдың іш тастауы, төлді шала тууы, ауруға шалдығуы мен өлімге ұшырауы үнемі қатаң сепке алынып, себебі анықталып отыруы керек. Лептоспирозға күдік туғанда патматериал алынып, лабораторияға жіберіледі.
Лептоспироздың табиғи ошағы болып есептелетін территорияда бұл ауруға қарсы егілмеген малды жаюға тиым салынады. Аурудың табиғи ошағын жоюға бағытталған шұғыл шаралар жүргізіледі. Ол аймақта жүйелі түрде кемірушілер құртылып, батпақты және шалшықты жерлер құрғатылады. Малды суару үшін артезиан құдықтары мен құбыр жүйесінің сулары пайдаланылады. Жаздық мал лагерлерін құрғақ дөңес жерлерге орналастырады.
Лептоспироз байқалған жағдайда шаруашылыққа шектеу қойылып, жануарларды малдану мақсатымен әкетуге, лептоспирозға қарсы егілмеген малды әкелуге, мал дәрігерінің келісімінсіз малды араластыруға, лажсыз сойылған малдың қасаптық өнімдерін сатуға, ашық су көздерінен малды суаруға, лептоспирозға қарсы егілмеген сау малды лептоспирозбен ауырған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иттің оба ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Ит инфекциялық гепатит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Патологоанатомиялық өзгерістер
Ит қарынының жіті кеңеюінің патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Аурудың жалпы сипаттамасы
Қысқартулар мен белгілер
Иттің токсокароз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Ет қоректілердің оба ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Ет қоректілердің жұқпалы гепатиті ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пәндер