Қойдың инфекциялық энтеротоксемия ауруының патологоанатомиялық өзгерісі мен диагностикасы



Мазмұны


Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1 Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1.1 Қойдың инфекциялық энтеротоксемияның эпизоотологиясы ... ... ... ... ...10
1.1.2 Қойдың инфекциялық энтеротоксемияның клиникалық белгілері ... ... ...11
1.1.3 Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясындағы өлекседегі өзгерістер...11
1.1.4 Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.1.5 Қойдың инфекциялық энтеротоксемия ауруының емі ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.1.6 Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясының алдын алу ... ... ... ... ... ... ..13
1.2 Ауру туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.3Жалпы этиология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.4 Жалпы патогенез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.5 Организмнің реактивтілігі және оның патологиядағы маңызы ... ... ... ... ... ..19
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3 Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі. Патологиялық анатомия - патологиялық үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін ғылым.
Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар (клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.
Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады. Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері, құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.
Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясы - ауасыз жерде өсіп-өнетін клостридиум перфрингенс микробына «Д» және «С» типінің қатерлі әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру. Ауруға шалдыққан қой микробтың уымен уланып, тез арада өледі.
Бұл аурумен ірі қойлар, тоқтылар қозылар да ауырады. Ауру республикамыздың барлық аймағында кездеседі, соның ішінде оңтүстік облыстарда жиірек кездеседі. Соңғы жылдары қыста ерте көктемде туған қозыларды жайылымға (апрель, мап) шығарған кезде, бұл ауру жиі кездесетіпі байқалуда.
Бұл аурудың пайда болуына малдың асқазан - ішек органдарының жұмыс істеуі бұзылуы үлкен әсер етеді. Ас қорыту процесі бұзылған кезде клостридиум нерфрингене микробы ішекте тез өсіп-өніп шығарады. Осы ішектішкілегей қабығы арқылы қанға тарап, организмді уландырып, ауру туғызады.
Ал қойды көктемде жайылымға алғаш шығарған кезде олардың ас қорыту заңдылығы бұзылады да, мал ауруға шалдығады.
Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясының болуына малдың ішегінде гельминттік құрттардың болуы да үлкен әсер етеді. Әдетте гельминттік құрттар малды ауруға төзімділігін нашарлатады, сондай-ақ ішектің кабырғасына тесікі жасап, коздырғыш микроб уының организмге тарауына ықпал етеді де, қой ауруға шалдығады.
Жайылымда, топырақта, мал кораларында аурудын коздырғыш микробы 2—3 жыл сақталуына байланысты бұл ауру бір шыққан жерінде келесі жылдары да кездесе беруі мүмкін.
Көктемде оңтүстік облыстардың шытыр, жабайы жоңышқа сияқты шөптері бар жайылымдарда қойды жайған кезде, олардың іші кебеді, осы кезде бұл аурумен қатар жыбырлак та пайда болады.
Отардағы қойдың кейбіреуі уланып жыбырлақтан еледі. Әдетте малдың өрісі ондай кезде тездетіп ауыстырылады.
Ауырған қой жайылымда отарға ілесе алмай қала береді, жөнді жайылмайды. Көбінесе басын төмен салып, меңірейіп тұрып қалады, аяғымен жер тарпиды, шөпті аузымен жұлын алғысы келіп, ынталанады, бірақ оны жұла алмайды.
Кейде ауру қой сүрініп жығылып, анналып жүре бастайды. Сонан соң бұл мал аяқтарын созып, басын бір жак бүніріне салып жатады, жан-жағында болып жатқан айкай-шуды, басқа да жағдайларды сезбейді. Осылайша мал 10—15 сағатта өледі [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – қойдың инфекциялық энтеротоксемия ауруының патологоанатомиялық өзгерісі мен диагностикасын зерттеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Сайдулдин, Т.С. Ветеринариялық іңдеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін, Том 1,2. / Т.С.Сайдулдин - Алматы: Санат,1999.-145б.
2 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / Е.И. Қасымов - Алматы: Қайнар, 1992. – 121б.
3Носков Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов / Н.М. Носков - Москва: 1961.- 89с.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: (изд. третье), учебник для вузов / А.А.Поляков – Москва: Колос, 1964.-140б.
5 Покров, М.И. Рекомендации по методике эпизоотологического исследования: /М.И.Покров - Москва: Колос, 1975.- 35с.
6 Сайдулдин, Т.С. Основы серологии: учебник для вузов / Т.С.Сайдулдин - Алма-ата: Кайнар,1992. -70с.
7 Осидзе, М. Инфекционные болезни животных: справочник /Под редакцией М. Осидзе - М: Агропромиздат, 1987.- 288с.
8 Байрак В.А. Практикум по ветеринарной микробиологии: учебное пособие для вузов / В.А. Байрак , В.М. Беляев –Москва: Колос, 1980.-214с.
9 Степин, В.С. Компоненты клеточного иммунитета в зависимости от способа введения вакцины /В.С.Степин, Л.М. Проскурина - Вестник сельскохозяйственных науки Казахстана, 1986. - № 4, 66 – 67с.
10 Кононов, И.М. Ветеринарлық анықтама / И.М. Кононов - Москва: 1984.-72с.
11 Сысоев, А.А. Физиология размножения сельскохозяйственных животных: учебник для вузов / А.А. Сысоев - М.,1978. -160с.
12 Құрманова, К. Адамға малдан жұғатын аурулар: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / К.Құрманова - Алматы: Санат, 2000.-173б.
13 Ильясов, Б.К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / Б.К.Ильясов- Алматы: Нур- Принт, 2000.- 81б.
14 Төлеуіш, Ж. Малың аман болса, май ішесің: / Ж.Төлеуіш - Шымкент: «Замана» баспасы, 2007.- 54б.
15 Ермахан, Ә. Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Ә. Ермахан – Алматы: -Нур – Принт, 2006.- 88б.
16 Бияшев, К. Б. Организация ветеринарного дела: учебник для вузов/ К. Б. Бияшев и др.- Алматы: Санат, 2003.- 98 б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Жануарлар патологиясы пәнінен Қойдың инфекциялық энтеротоксемия
ауруының патологоанатомиялық өзгерісі мен диагностикасы тақырыбына
жазылған курстық жұмыс нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартулар мен
белгілер, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздігі,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1 сызба, 2 кестеден тұрады.
Курстық жұмыс 29 беттен тұрады.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеу.

Ф.7.04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________

(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2014ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 – 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін

Каф.меңгерушісі __

_________2014ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______

№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6
7

Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні,
студенттің қолы)

Ф. 7. 04 – 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

___________________________________ жоғары мектебі
___________________________________ ______ кафедрасы

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

_____________________

(қолы,аты – жөні)

_______________2014ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №____

___________________________________ ___________________ пәні
студент____________________________ _тобы_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен)
_____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________

Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Қорғау күні__________2014ж.
Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1 Қойдың инфекциялық
энтеротоксемиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...10
1.1.1 Қойдың инфекциялық энтеротоксемияның
эпизоотологиясы ... ... ... ... ...1 0
1.1.2 Қойдың инфекциялық энтеротоксемияның клиникалық
белгілері ... ... ...11
1.1.3 Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясындағы өлекседегі
өзгерістер...11
1.1.4 Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.1.5 Қойдың инфекциялық энтеротоксемия ауруының
емі ... ... ... ... ... ... ... ...1 2
1.1.6 Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясының алдын
алу ... ... ... ... ... ... ..13
1.2 Ауру туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...14
1.3Жалпы
этиология ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...16
1.4 Жалпы
патогенез ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..17
1.5 Организмнің реактивтілігі және оның патологиядағы
маңызы ... ... ... ... ... ..19
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3 Техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..27

Анықтамалар

Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясы - бұл қозының, қойдың ас қорыту
органдары жұмысын бұзатын, микроб уымен ұландыратын жұқпалы ауру.
Иммунитет – организмнің генетикалық болмысы үшін бөгде заттардан, оның
ішінде зардапты микробтардан, қорғану қабілеті.
Карантин - жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу
шараларының жиынтығы.
Парез – жартылай сал
Пастеризация – ысытып зарарсыздандыру.
Ревакцинация – қайталап вакцина егу.
Сал – орталық және шеткі нерв жүйесінің зақымдануына байланысты мүлде
қозғала алмай қалу.
Сенсибилизация – организмнің бөгде заттарға деген сезімін арттыру.
Диагноз - ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік
Инфильтрация - зат алмасу өнімдерінің қалыпты жағдайдан мөлшерде қан
және лимфа арқылы келіп клеткаларда және тканьде жиналуы.
Бұрмаланған синтез - клеткаларда және торша аралық зат аномальды, яғни
қалыпты жағдайда кездеспейтін заттың түзілуі.
Трансформация - қалыпты жағдайда түзілетін өнім түрінің пайда болуы
мысалы, белоктың майға және көмірсуға айналуы.
Декомпозиция - клеткалардың және клеткааралық заттардың ультра
құрылымдарының ыдырауы.
Патологиялық реакция дегеніміз – организмнің кез келген
тітіркендіргішке лезде, әдеттен тыс жауап қайтарады.
Патологиялық процесс – құбылыстың күрделі комплексіне еніп, ауруды
сипаттайтын функция мен құрылымдағы зардапты өзгерістер.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Патологиялық анатомия - патологиялық
үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін
ғылым.
Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар
(клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді
микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды
жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды
микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді
молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.
Құрылымдық өзгерістер - аурудың материалдық негізі болып саналады.
Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін
білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық
және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері,
құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.
Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып
зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз
қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған
аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін,
патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясы - ауасыз жерде өсіп-өнетін
клостридиум перфрингенс микробына Д және С типінің қатерлі әсерінен
пайда болатын жұқпалы ауру. Ауруға шалдыққан қой микробтың уымен
уланып, тез арада өледі.
Бұл аурумен ірі қойлар, тоқтылар қозылар да ауырады. Ауру
республикамыздың барлық аймағында кездеседі, соның ішінде оңтүстік
облыстарда жиірек кездеседі. Соңғы жылдары қыста ерте көктемде туған
қозыларды жайылымға (апрель, мап) шығарған кезде, бұл ауру жиі кездесетіпі
байқалуда.
Бұл аурудың пайда болуына малдың асқазан - ішек органдарының жұмыс
істеуі бұзылуы үлкен әсер етеді. Ас қорыту процесі бұзылған кезде
клостридиум нерфрингене микробы ішекте тез өсіп-өніп шығарады. Осы
ішектішкілегей қабығы арқылы қанға тарап, организмді уландырып, ауру
туғызады.
Ал қойды көктемде жайылымға алғаш шығарған кезде олардың ас қорыту
заңдылығы бұзылады да, мал ауруға шалдығады.
Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясының болуына малдың ішегінде
гельминттік құрттардың болуы да үлкен әсер етеді. Әдетте гельминттік
құрттар малды ауруға төзімділігін нашарлатады, сондай-ақ ішектің
кабырғасына тесікі жасап, коздырғыш микроб уының организмге тарауына ықпал
етеді де, қой ауруға шалдығады.
Жайылымда, топырақта, мал кораларында аурудын коздырғыш микробы 2—3 жыл
сақталуына байланысты бұл ауру бір шыққан жерінде келесі жылдары да кездесе
беруі мүмкін.
Көктемде оңтүстік облыстардың шытыр, жабайы жоңышқа сияқты шөптері бар
жайылымдарда қойды жайған кезде, олардың іші кебеді, осы кезде бұл аурумен
қатар жыбырлак та пайда болады.
Отардағы қойдың кейбіреуі уланып жыбырлақтан еледі. Әдетте малдың өрісі
ондай кезде тездетіп ауыстырылады.
Ауырған қой жайылымда отарға ілесе алмай қала береді, жөнді жайылмайды.
Көбінесе басын төмен салып, меңірейіп тұрып қалады, аяғымен жер тарпиды,
шөпті аузымен жұлын алғысы келіп, ынталанады, бірақ оны жұла алмайды.
Кейде ауру қой сүрініп жығылып, анналып жүре бастайды. Сонан соң бұл мал
аяқтарын созып, басын бір жак бүніріне салып жатады, жан-жағында болып
жатқан айкай-шуды, басқа да жағдайларды сезбейді. Осылайша мал 10—15
сағатта өледі [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – қойдың инфекциялық энтеротоксемия ауруының
патологоанатомиялық өзгерісі мен диагностикасын зерттеу.

1Негізгі бөлім

1.1 Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясы

Қозының анаэробты энтеротоксемиясы - бұл қойдың, қозының ас қорыту
органдары жұмысын бұзатын, микроб уымен уландыратын жұқпалы ауру.
Ауруды қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы деп те атай береді.
Жыбырлақ - ауасыз жерде өсіп-өнетін клостридиум перфрингенс
микробына Д және С типінің қатерлі әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру.

Ауруға шалдыққан қой микробтың уымен уланып, тез арада өледі.
Қоздырғышы. Бұл аурудың қоздырғышы клостридиум перфрингенс микробының
Д және С типі болып саналады.
Бұл микробтар жапырақта, жайылым шөбінде және сау малдың ішегінде көптен
кездеседі.
Микроскоппен карағанда ұштары доғаланған, ұзындығы 4,8, ені 1-1,5
микрон, Грам бойынша жақсы боялған таяқшалар түрінде көрінеді. Бұл микроб
ауасыз жерде жақсы өсіп өнеді, спора түзейді.
Клостридиум перфрингенс микробы сыртқы ортаның әр түрлі әсеріне мейлінше
төзімді келеді. Ол спора түрінде жапырақта 3 - 4 жылға дейін, суда 1 жыл,
жүн мен теріде 1,5—2 жыл бойы тіршілік өте береді.
Микробтың спора түрі жасанды коректік ортада есірген кезде өте көп
мөлшерде бөліп шығарады. Осы удын 1 мл 4 мың ақ тышқанды өлтіре алады.
Бұның өзі ауру қоздырғышының катерлі екенін көрсетеді [1,3].

1.1.1 Қойдың инфекциялық энтеротоксемияның эпизоотологиясы

Бұл аурумен ірі қойлар, тоқтылар, қозылар да ауырады. Ауру
республикамыздың барлық аймағында кездеседі, соның ішінде оңтүстік
облыстарда жиірек кездеседі.
Соңғы жылдары қыста, ерте көктемде туған қозыларды жайылымға (апрель,
май) шығарған кезде, бұл ауру жиі кездесетіпі байқалуда.
Бұл аурудың пайда болуына малдың асқазан - ішек органдарының жұмыс
істеуі бұзылуы үлкен әсер етеді.
Ас қорыту процесі бұзылған кезде клостридиум нерфрингене микробы ішекте
тез өсіп-өніп шығарады. Осы ішектішкілегей қабығы арқылы қанға тарап,
организмді уландырып, ауру туғызады.
Ал койды көктемде жайылымға алғаш шығарған кезде олардың ас қорыту
заңдылығы бұзылады да, мал ауруға шалдығады.
Жыбырлақтың болуына малдың ішегінде гельминттік құрттардың болуы да
үлкен әсер етеді.
Әдетте гельминттік құрттар малды ауруға төзімділігін нашарлатады, сондай-
ақ ішектіц кабырғасына тесікі жасап, коздырғыш микроб уының организмге
тарауына ықпал етеді де, қой ауруға шалдығады.
Жайылымда, топырақта, мал кораларында аурудын коздырғыш микробы 2—3 жыл
сақталуына байланысты бұл ауру бір шыққан жерінде келесі жылдары да кездесе
беруі мүмкін.
Көктемде оңтүстік облыстардың шытыр, жабайы жоңышқа сияқты шөптері бар
жайылымдарда қойды жайған кезде, олардың іші кебеді, осы кезде бұл аурумен
қатар жыбырлак та пайда болады.
Отардағы қойдың кейбіреуі уланып жыбырлақтан еледі. Әдетте малдың өрісі
ондай кезде тездетіп ауыстырылады [1,2,3].

1.1.2 Қойдың инфекциялық энтеротоксемияның клиникалық белгілері

Бұл ауру өте жіті,. жітілеу, созылмалы болып үш түрде кездеседі.
Аурудың өте жіті түрінде қой 5—6 сағатта өледі. Алғаш малдын нерв
жүйесі бұзылып, ол жатып қалады, аздап іші кебеді де, өлім-жітімге
ұшырайды.
Аурудың жітілеу түрінде мал ауруға шалдыққаннан бастап бір тәулікте
өледі, ал созылмалы түрінде 2—3 күн ішінде өледі.
Ауырған қой жайылымда отарға ілесе алмай қала береді, жөнді жайылмайды.
Көбінесе басын төмен салып, меңірейіп тұрып қалады, аяғымен жер тарпиды,
шөпті аузымен жұлын алғысы келіп, ынталанады, бірақ оны жұла алмайды.
Кейде ауру қой сүрініп жығылып, анналып жүре бастайды. Сонан соң бұл мал
аяқтарын созып, басын бір жак бүніріне салып жатады, жан-жағында болып
жатқан айкай-шуды, басқа да жағдайларды сезбейді. Осылайша мал 10—15
сағатта өледі [1,3].
Қазақстанда осы ауруды көп жылдар бойы зерттеген ғалым В. С. Анисимов,
бұл аурудың тырысқақ түрі болатынын анықтады.
Аурудың бұл түрінде мал аяқ астынан тырысып, бүрісе бастайды.
Басын артқа қарай шалқалақтатып, созылып жатады, аяқтарын әрлі-берлі
қалай болса солай есіп, тісін шыкырлатып, аузынан және танауынан ақ кебік
ағызады. Кейде аузында тістеп алған шебі сол калпында калады.
Аурудың алғашқы кезінде қойдың ішегінін шұрылдағаны естіледі уақыт өткен
соң іші тіптен жүрмей калады.
Кейбір малдың іші өтіп, нәжісімен бірге гельминттік құрттардың шыққаны
байкалады. Жыбырлақпен ауырған қойдың дене қызуы аздап көтеріледі.

1.1.3 Қойдың инфекциялық энтеротоксемиядағы өлекседегі өзгерістер

Көктемде және күзде елген қондың өлек тез бұзылып, ісіп кетеді.
Өлексенің терісін сыпырған кезде оның көп жері қанталағаны бірден
байқалады.
Танаудан және ауыз қуысынан көпіршіктенген сілекей араласқан су
ағады.
Жүректің еті жұмсарған, оның ішкі және ортаңғы қабаттарының әр жерінде
қан құнылғаны, койдың сен қарыны қорытылмаған шөпке толып, аш ішектері
кеуіп, ауаға толып тұрады.
Ішектің қабығының әр жері қанталап, қызарғаны байкалады.
Бауыр үлкейген, сұрғылт түсті болып, піскен бауырға ұқсайды.
Бүйрек әдеттегіден жұмсарған, көбінесе езіліп кеткен сияқты болып
көрінеді, оның сыртқы кабаты одан алынады [1,3,5].

1.1.4 Қойдың инфекциялық энтеротоксемия ауруын анықтау

Ауруға диагноз эпизоотологиялық деректерге, ауру койдың клиникалық
белгілеріне, өлекседегі өзгерістерге қарап қойылады.
Ал толық диагноз бактериологиялық зерттеудің нәтижесіне қарап қойылады.
Лабораторияға екі ұшы байланған ішек кесіндісі, ұлпалы органдардын
кесіндісі таза күйінде шыны ыдыска салынып жіберіледі.
Осы патологиялық материалдардан арнайы әдістермен зерттеу жүргізіп
клостридиум перфрингенс микробынын С, Д типі бөлініп алынады.
Лабораторияға патологиялык органдардын кесіндісін жіберген кезде арнайы
жолдама қағаз жіберіледі.
Бұл жолдамаға ауру шыққан колхоз, овхоздың аты, материалдардың қай
органдардан және қай мезгілде алынғаны жазылады.
Астына жолдама жіберуші фельдшердің не мал дәрігерінің фамилиясы, аты
анық түрде жазылады.
Жыбырлақпен ауырған қойдын белгілері брадзотпен, топалаңмен, секіртпемен
және шөппен уланумен ұқсас келеді.
Ажырату диагноз жүргізген кезде шаруашылықта бұрынғы жылдарда кездескен
аурулар түрі, аурудың пайда болған жыл мезгілі, ауырған, ілген малдың саны,
аурудың басталу және даму ерекшеліктері ескеріледі.
Мәселен, секіртпеден елген қойдың ұлтабар қарны зақымдалады, бауырдың әр
жері іриді. Ал жыбырлақтан елген қойда мұндай өзгерістер болмайды.
Топалаңмен өлген койдың аузы мен танауынан ұйымаған қан ағып катады,
өлексе сіреспейді және көк бауырдың көлемі 3—4 есе ісіп кетеді. Ал
жыбырлақта мұндай өзгерістер болмайды.
Шөптен улану жайылымда шөптердің бар екендігіне және лабораториялық
зерттеулерге қарап ажыратылады [1,2,4,5].

1.1.5 Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясының емі

Бұл ауруды емдеуге арналған гипериммунды қан сарысуы бар. Аурудың өте
жіті және жітілеу түріне шалдыққан қойды емдеп жазу мүмкін емес.
1.1.6 Қойдың инфекциялық энтеротоксемия ауруының алдын алу

Бұл ауруды болдырмау үшін жалпы және арнайы шаралар жүргізіледі. Жалпы
шараларға жыл санын қой қоралазын тазалау, жайылымды малдың, ит-құстың
кездей соқ өлімтіктерінен тазалау, сондай-,ақ қойды кыстан қонды шығару
жатады.
Қыста қолда күтіліп бағылған қойды көктем кезінде жайылымға біртіндеп
шығарады. Мәселен; ертеңгісін қойға шөп-сабан беріліп барып, жайылымға
шығарылады.
Шөбі жаңадан қаулап өсіп келе жатқан жайылымдарда отар тәулігіне 2—3
сағат ғана бойы жайылдырылады.
Әрбір қой шаруашылығының соңғы 5 жылдағы эпизоотологиялық жағдайы сол
шаруашылықтың мал дәрігері қызметкерлеріне және шопандарға белгілі болады.
Осыған орай алдыңғы жылдарда қай жайылымда, қай мезгілде, ауру жиі
кездесетін жерлер есепке алынып, сол жерлерге көктемде көк шөп өсіп келе
жатқан кезде малды жаймау керек.
Кейбір жайылымдар бұл ауру жөнінде қатерлі болып тұрады. Ондай
жайылымдарды тәжірибелі шопандар ылғи да есте сақтап, оған малды жаймауға
тырысады.
Мал фельдшерлері мен шопандардың есіне салатын жағдай өрісте, қораның
төңірегінде елген малдың елексесі және бұрыннан жатқан сүйектер октын-оқтын
бір жерге жиналып ертелуі тиіс.
Ауру мал жатқан және өлексе жатқан орындар күйдіргіш натрийдің
10 проценттік ерітіндісімен, 3 проценттік тұндырылғануслорлы әктін
ерітіндісімен дезинфекциялау аурудан сақтану шараларының катарына жатады.
Осы жалпы шаралармен қатар жыбырлақты болдырмау үшін ерекше
шаралар да жүргізіледі.
Ерекше жұқпалы энтеротоксемия ауруына колданылатын бірнеше вакциналар
мен иммунды қан сарысулары бар.
Оның көбірек қолданылатыны Ф. И. Каган мен А. И. Колесованың (1964)
қанықтырылған поливаленттік гидроокись алгоминий вакцинасы қойдың
жыбырлағына, брадзотына және қозының дизентериясына қарсы вакцина.
Соңғы жылдары республикамыздың оңтүстік - шығыс облыстарының қой
шаруашылығында жыбырлаққа қарсы В.С. Анисимовтың қанықтырылып квастанған
анатоксині қолданылуда.
Бұл вакцинамен бұрын ауру шыққан және ауру шығады-ау деген қауіпті
шаруашылыктардың саулықтары мен, тоқтылары февраль — март айында екі
қайтара егідеді.
Поливаленттік гидрокись алюминий вакцинасы малға бірінші рет еккен кезде
2 мл, ал онан кейін 12—14 күннен кейін екінші рет 12-14 мөлшеріне бұлшық
етке жіберіледі.
Әдетте, вакцина еккен қойдың аздап дене қызуы көтеріледі, әрі жіберілген
аяғы аздап ақсауы да мүмкін, бірақ 1—2 күн ол басылып кетеді.
Канықтырылған квастанған анатоксин қойдың қолтығында жүн өспеген жерге 5
мл мөлшеріиде арасына 20 күн өткізіп екі рет жіберіледі. Бұл анатоксинмен
жасы алты айдан асқан қойлардың бәрі егіледі [1,2,5].

1.2 Ауру туралы түсінік

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде ауруды мүлде бөлек, организмнен тыс
дүние ретінде қарастырды.
Патологиядағы жаңа көзқарас әуелі ауру барысына клиникалық бақылау
жүргізу, сондай – ақ өлексеге патологиялық – анатомиялық зерттеу
жүргізіліп, дене құрылысындағы өрескел ауытқуды анықтау арқылы дами түсті.
Органдардағы өзгерістерді зерттеу және оны аурумен байланыстыру әрекеті
біршама, ілгері басқандық болды.
Ауру бұл әр алуан бейімделу реакциясы мен патологиялық процестердің
жиынтығы емес, сапалық жаңа күй, ол клеткалардағы, тканьдердегі органдар
мен жүйелердегі әр түрлі сапалық өзгерістергі әзірленеді.
Ауру организмін қоршаған ортамен ара салмағының бұзылуы нәтижесінде
байқалады. Ауру және денсаулық тіршілік процесінің екі негізгі формасы
болып саналады.
Денсаулық – бұл организмнің қалыпты күйі.Онда құрылым мен функция бір –
біріне сәйкес келеді. Ауру кезеңі – функционалдық және морфологиялық –
патологиялық өзгерістер байқалады.
Ауру ұғымы патологиялық реакция, патологиялық процесс, патологиялық
күйі жатады.
Патологиялық реакция дегеніміз – организмнің кез келген
тітіркендіргішке лезде, әдеттен тыс жауап қайтарады.
Патологиялық процесс – құбылыстың күрделі комплексіне еніп, ауруды
сипаттайтын функция мен құрылымдағы зардапты өзгерістер.
Мысалы: Эндокардит – жүректің ішкі қабығының қабынуы патологиялық күйге
жүрек планудари – энтологиялық факторларға байланысты инфекциялық,
инвазиялық, инфекциялық емес болып бөлінеді.
Әрбір ауруға белгілі бір даму цикілі, біліну күші және өту ұзақтығы тән.
Ұзақтығына және біліну күшіне қарай аурудың 4 түрлі өтуі болады: өте жіті
күнге дейін, жіті 5-14 күн, жітілеу – 15-40 күн, созылмалы- айлап, жылдар.
Аурудың дамуы негізінен 4 кезеңге, немесе сатыға бөлінеді.
1. Жасырын, немесе латентті сатысы.
2. Продромальды (аурудың бастапқы кезеңі).
3. Аурудың айқын біліну кезеңі (аурудың толық даму сатысы).
4. Сауығу кезеңі (аурудың ақыры – аяқталу кезеңі)
5. Жасырын кезеңі – немесе инкубациялық деп аталады. Бұл кезеңде организм
зиянды жерлерге белсенді қарсылық көрсетеді, ауру себептерін жоюға
бағытталған қорғаныш қабілеті әрекет етеді.
Аурудың екінші кезеңі – продромальді аурудың алғашқы белгісі
белгіленгеннен толық айқындалғанға дейін уақыт. Продромальды кезең бірнеше
сағат, бірнеше күнге дейін созылады.
Аурудың айқын біліну кезеңі бұл сатыда белгілі бір ауруға тән қосымша
белгілері байқалады бұл кезең бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін,ал
кейбіреуінде айлап – жылдап созылады.
Аурудың ақыры не жазылумен, не өлумен аяқталады.Толық жазылу кезеңі
оргонизімнің әлсіреуінен, содан кейін бұзылу өзгерістерімен тоқталады.
Толық жазылмаған жағдайда ауру кезіңде пайда болған морфологиялық және
функционалдық бұзылу толық жойылмайды да мұндайда оргонизімнің төзімділігі
кеміп, ауруға тез шалдығатындығы байқалады.
Толық жазылмаған жағдайда ауру патологиялық күйге ауысады. Клиникалық
жазылудан кейін жаңадан пайда болуы мүмкін, мұны рецидив деп аталады.
Егер организмге ауру қоздырғышы түсетін болса, онда инфекция қайталап
жұғуы мүмкін. Аурудың бәсеңдеуі немесе жойылуы – ремиссия.
Егер организм өзгерген тіршілік жағдайына бейімделе алмаса, онда оның
бейімделу мүмкіндігі таусылып әрі тіршілік ете алмайды, соның нәтижесінде
өлу басталады. Өлу – организмдерінің тіршілігінің тоқтауы.
Өлудің негізгі себептері:
1.Жүрек қызметінің тоқтауы.
2.Тыныс алудың тоқтауы.
Өлудің екі түрі бар :
1.Әбден қартаюдан табиғи өлу мұндайда бүкіл оргонизм функциясы
әлсіреп, соның нәтижесінде тозады.
2.Патологиялық өлім – аурудан немесе қартаюдан болады.
Жанталасу дегеніміз – орталық нерв жүйесі қызметінің бұзылуы және
организмнің бүкіл тіршілік функциясының кеселденуі. Жанталасу клиникалық
өлімге ұласады.
Клиникалық өлім өлімнің қайтымды кезеңі, ол тіршіліктін сыртқы
белгісінің жойылуымен сипатталады.
Биологиялық өлім – орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөліктерінде, ми
қыртысында, содан кейін организмнің басқада тканьдерінде қайтымдық
өзгерістер басқалады.
Өлімнің белгілері:
1.Өлексенің салқындауы дене tалғашқы күні 1, екінші күні
0.2С кемиді.
2. Өлексенің сіресуі - өлгеннен кейін 8-10 сағ. басталады.
3. Өлексе теңбілі – гиностаздар ыдыраған қанның тканьдерге сіңіуінен
пайда болады.
4. Өлексенің шіруі – сұр жасыл теңбілдер пайда болады.
Анабиоз – тіршілік процесі кенеттен тежелетін организмдердегі ерекше
күй. Мұндай жасырын тіршілік кейде нерв ауруға шалдығып, бүкіл тіршілік
функциясы әлсіреген жануарларда болады.
Қысқы ұйқы – эволюциялық процесте қалыптасқан тіршіліктің ерекше
формасы болып саналады Мұндай құбылыс сыртқы орталық қолайсыз жағдайында
байқалады [1,3,6,7].

1.3 Жалпы этиология

Этиология – бұл аурудың себептері мен пайда болу жағдайлары туралы ілім.
Грекше aitio – себеп, logos – ілім деген сөзден шыққан.
Мал ауруының пайда болу себептері мен жағдайларын айқындау мал
дәрігерлерінің практикалық жұмысында тиімді емдеу және сақтық шараларын
жүргізу үшін қажет.
Аурудың пайда болуының себептері мен жағдайлары туралы жалпы ілім тек XX
ғасырда жасалды.
Сол кездегі ғұлама ғалымдар көпшілік аурудың пайда болуы организмге
микробтардың енуінен деген тұжырымға келді.
Демек XIX ғасырдың соңындағы патологтардың пікірінше, организмге себеп
факторларының біреуінің әсер етуі ауру туғызады.
Этиологиядағы мұндай бағытты монокаузализм деп атайды. Монокаузалистер
патогенді микробтар қанша болса, ауруда да сонша деп есептеді.
Патогенді микробтар организмде үнемі ауру тудыра бермейтіндігі
анықталды, өйткені кейде сау организмнен де микробтар табылды.
Сонымен бұл бағыт дәрменсіз болып қалды. Ауру себептері туралы ілімде
екі жаңа идеалистік бағыт пайда болды.
Кондиционализм – қолайсыз жағдай;
Конституционализм – конституцияның кемістігі;
Кондиционализм бағыты – патогенді факторлардың әсерінен пайда болатын
ауру – лабораториялық ойдан шығарылған нәрсе тек малды күтіп - бағу
жағдайын өзгертсе болды, ауру оларға дарымайды деп топшылады.
Ал – конституция бағытындағылар – ауру негізі мал конституциясының
беріктігі деп топшылады.
Келтірілген бұл үш идея да дәрменсіз болып саналды. Қазіргі кезде
этиологияны себеп ретінде де жағдай жиынтығы ретінде қарастырып мұндай
жағдайда себеп организмге ауру тудыруға ықпал етеді.
Ауру себептерін организмнің өзінде туа біткен немесе бүкіл бүкіл
өмірінде жүре пайда болған ішкі (эндогендік ) және организмге айналадағы
(экзогендік) әлемнен әсер ететін - сыртқы деп шартты түрде бөледі.
Сыртқы ортаның ауру тудыратын факторлары механикалық, физикалық,
химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Механикалық фактор – мал организміне әсер ете отырып, онда алуан түрлі
зақымдар және функционалдық кеселдер келтіреді.
Механикалық факторларға – қатты заттарға соғылу, үшкір заттардан
жарақаттану, оқтан жаралану, сіңір созылу, дененің құлауынан тканьдер мен
органдардың үзілуі, ми шайқалу, жарақаттан талықсу, қан құйылу т.б. жатады.

Жарақаттану малда жиі ұшырайды. Жарақаттанғанда ауырту пайда болады.
Ауырту дегеніміз – малдың күшті патогендік тітіркендіргішке өзіндік
сезімталдық әсері организмнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілік әрекетін оқытатын ғылым
Паратуберкулез туралы
Қой мен ешкілердің жұқпалы агалактиясы
ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР. Зерттеудің əдістері мен материалдары
Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы
Ит лептоспирозыауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
Брадзот ауруы
Қой энтеротоксемиясын патоморфологиялық балау
Колибактериозға қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пәндер