Ірі қара мал диктиокаулез ауруының патологоанатомиялық өзгерісі мен диагностикасы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Жануарлар патологиясы» пәнінен «Ірі қара мал диктиокаулез ауруының патологоанатомиялық өзгерісі мен диагностикасы» тақырыбына жазылған бұл курстық жұмысында нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартулар мен белгілер, кіріспе, өзіндік зерттеу әдістері, пайдаланылған әдебиеттер тізімі қарастырылған.

Курстық жұмыс 30 беттен тұрады.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Этиология - бұл аурудың себептері мен пайда болу жағдайлары туралы ілім.

Патологиялық реакция дегеніміз - организмнің кез келген тітіркендіргішке лезде, әдеттен тыс жауап қайтарады.

Патологиялық процесс - құбылыстың күрделі комплексіне еніп, ауруды сипаттайтын функция мен құрылымдағы зардапты өзгерістер.

Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді

Паразит - белгілі бір организм иесінің ішінде не сыртында тоғышарлық ету

Гермафродит - қосжынысты

Шистосомата - дара жынысты

Анемия - қан аздық

Интоксикация - денені уландыру

Холангит - өт жолының қабынуы

Холеоцистит - өт қалтасының қабынуы

Геогельминттер - жұмыртқалары мен балаңқұрттары шалшық суларда, шөп сабақтарында, азықтарында кездеседі

Биогельминттер - жұмыртқалары мен балаңқұрттары сыртқы ортада немесе аралық ие денесінде болады

Қылқұрт - диктиокаулез құрттары

Қысқартулар мен белгілер

км - километр

мкм - микрометр

мкл - микролитр

кг - килограмм

г - грамм

мг - миллиграмм

л - литр

мл - миллилитр

°C - градус

% - пайыз

.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Қысқартулар мен белгілер

Анықтамалар

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 9

1. 1Диктиокаулез ауруына жалпы сипаттама . . . 9

1. 2 Ірі қара мал диктиокаулезы . . . 10

1. 3 Қой мен ешкі диктиокаулезы (өкпе қылқұрт ауруы) . . . 16

1. 4 Гельминтоздардың алдын алу және онымен күресу шаралары . . . 16

1. 5 Ауру туралы түсінік . . . 20

1. 6 Жалпы этиология . . . 21

2 Өзіндік зерттеу . . . 23

3Техникалық қауіпсіздік . . . 27

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Ф. 7. 04 - 03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2014ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2014ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Патологиялық анатомия - патологиялық үрдістердің және аурулардың құрылымдық (морфологиялық) негізін зерттейтін ғылым.

Құрылымдық өзгерістерді организм, мүшелер, тканьдер, клеткалар (клетка) және ультрақұрылымдық деңгейде зерттейді. Организммен мүшелерді микроскопсыз макроскопиялық тәсіл түрімен, тканьдерді және торшаларды жарық арқылы көретін микроскоппен, ал ультрақұрылымдық деңгейді электронды микроскоппен зерттейді. Кейінгі кездері патологиялық үрдістерді молекулярлық деңгейде зерттеу қарқын алып келеді.

Құрылымдық өзгерістер- аурудың материалдық негізі болып саналады. Сол өзгерістерді білмейінше белгілі бір аурудың мәнін, даму механизімін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеу мүмкін емес. Физиологиялық және патологиялық үрдістер ультрақұрылымдық деңгейде зерттеу нәтижелері, құрылым өзгермей, функция өзгермейтінін көрсетті.

Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.

Гельминттер адам мен жануарлардың ішкі мүшелері жэне ұлпаларына (тканьдері), дене қуыстарына қоныс тебеді. Олар белгілі бір дене мүшесіне орнығуға бейімделген. Құрттардың көптеген түрі ас қорыту жүйелерін мекендейді. Гельминттердің басым көпшілігі ішекте күнелтеді. Мысалы, күйіс малының ащы ішегінен жүмыр жэне таспа күрттар, ал бауырынан, үюда безінен сорғыш құрттар (нематодалар), өкпе мен бауырға бершімектер (эхинококктар) жайғасады, шарбы-шажырқайда жылауық ұшырасады. Гельминттермен жас төлден бастап ересек малға дейін зақымданады. Ішқүрт эсерінен жануардың ас қорыту, тыныс алу, тағы басқа мүшелері зардап шегеді, олардың қызмет атқару қабілеті бұзылады. Қайсыбір құрттар түрлері мал атаулының бірнеше түлігінде (мысалы, күйіс қайыратындарда) кездессе, екінші біреулері бір ғана түлікте (мысалы, жылқыда) өмір сүреді. Құстарда болатын гельминттер сүт қоректілерде тіршілік ете алмайды.

Ішқұрт ауруларының кейбіреулері адам өміріне де өте қауіпті. Құрттар малдан адамға, ал кейде керісінше, адамнан малға жұғып отырады. Бұлар адамға және жануарларға тән зооантропоноздар немесе антропозооноздар деп аталады [1] .

Курстық жұмыстың мақсаты - ірі қара малының диктиокаулез ауруының патолого - анатомиялық өзгерістері мен диагностикасын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1. 1Диктиокаулез ауруына жалпы сипаттама

Қоздырғышы - жұмыр құрттар туыстарына жатады. Бұл ақ түсті, жіп тәрізді, қалың, қысқа спикуласы бар гельминттің ұзындығы 3-15 см. Ол шөп жейтіндердің, әсіресе қойдың және ірі қараның үлкен және орташа бронхыларын, кеңірдегін зақымдайды.

Шығу және жұғу жолдары. Мұны жұқтырушы - ауру тасушы диктиокаулюстар. Оның ұрғашысы малдың тыныс органдарының қуысына өздерінің жұмыртқаларын салады. Ол қақырықпен ауызға түседі де, мал оны жұтып қояды. Ішекте олардан личинкалар шығып, нәжіспен бірге сыртқа тарайды да инвазиялық кезеңге дейін (қойда 6-7, ірі қарада 3-4 күнге одан да көпке дейін) өсіп-өнеді. Личинка өте жылжығыш, нәжістен тез шығып, шөпке өрмелеуге қабілетті көп жылжи алмайды, нәжісті су шайғанда ғана шығады. Бұлар малға инвазиялы личинкасы бар суды ішіп, шөпті жегеннен жұғады. Личинкалар ең алдымен лимфа бездерінде өсіп-жетіледі де лимфогенді жолмен жылжып отырып, тыныс жолдарының қуысына барады. Диктиокаулюстардың өмірінің ұзақтығы (2 айдан бір жылға және одан да көпке дейін) ең алдымен малды қүтіп-бағу жағдайына және азықтандыруға байланысты. Диктиокаулез маусымдық болып есептеледі. Ауру июнь - июльде білініп, август - сентябрьде ең жоғарғы көбею шегіне жетеді. Ірі қараның 2-9 айлық бұзаулары ауырады.

Аурудың белгілері. Аурудың бірінші және тұрақты белгісі жөтел (құрғақ, қысқа және мал ауырсынады), тыныс алуы қиындайды, танауынан ұйыма-кілегейлі су ағады. Тыңдап қарағанда ауыр сырыл естіледі, әр жерін қолмен соғып қарағанда күңгірт дыбыс байқалады. Мал әбден қалжырайды, көбінесе жатады, денесінің қызуы (42°) көтеріледі, арықтап, қан азая бастайды, аяқтары, жақ астындағы бос жерлер іседі. Бұзаудың диктиокаулезі кейде өкпенің іріңдеп қабынуына айналады. Ауру ұзаққа, кейде бірнеше айға созылады. Мал әбден арықтап, көтерем болғанда өліп қалады немесе тұншығады. Қоңды малға ауру аз жұққанда диктиокаулез белгісіз өтеді [1, 2, 3] .

Сойып қарау. Өлексе әбден арықтаған, қаны азайған, өкпесі үлкейген, қан құйылған; өкпенің диафрагмалы бөлігінде эмфизема, ателектаз, катаральды-десквамативті бронхит және перибронхит болғандығы байқалады.

Ауруды анықтау . Тірі кезінде диагноз аурудың клиникалық белгілеріне және нәжісте личинканың табылуына қарай қойылады. Жаздыгүндері бақылау үшін алынған нәжісті 12 сағаттың ішінде тексеру ұсынылады. Аллергиялық диагноз қоюды пайдалануға болады. Өлгеннен кейінгі диагноз бронхыда диктиокаулюстың табылуына қарай және осы ауруға тән патологиялық - морфологиялық өзгерістерге байланысты қойылады.

Емдеу. Диктиокаулезде емдеу үшін иодтың сулы ерітіндісін (1 г кристальды иод, 1, 5 г иодты калий және 1, 500 мл су) мына дозада кеңірдекке қолданады: бір жасқа дейінгі қозыларға және лақтарға 5-8 мл, бір жастағыларына - 10 мл, ересектеріне-15-20 мл; 2-6айлық бұзауларға- 20-50 мл, 6-12 айлығына - 50-70 миллилитрден кеңірдек ішінен бір өкпесіне енгізіледі. Бір тәуліктен кейін осы мөлшерде екінші өкпесіне жіберіледі. Ерітіндіні енгізу үшін малды арқасынан бір бүйірінен жантайта, 30-40° бұрыштата жатқызады. Осыдан кейін ерітінді инесінің ұзындығы 3 сантиметр шприцпен кеңірдектің жоғарғы үштен бір бөлігіне жіберіледі. Ерітіндіні пайдаланар алдында шыны ыдысқа даярлайды және дене температурасына жеткенше қыздырады. Дегельминтизация қажет болған жағдайда кемінде 12-15 күннен кейін қайталайды.

Салмағының бір килограмына: қойға 0, 1 г және бұзауға 0, 0, 5 г мөлшерінде дитразин қолдану жақсы нәтиже береді. Препаратты 1:5 қатынасындай жұмсақ суға ерітіп, қойға күніне бір рет екі күндей, бұзауға үш күндей тері астына жіберіледі. Бұзауға салмағының бір килограмына 0, 025 г мөлшерінде арасына 24 және 48 сағат салып үш күндей тері астына циазид қолданылады. Сондай-ақ локсуранды да қой мен бұзауға қолдануға болады. Мұны мал салмағының 1 килограмына 0, 125-0, 250 г мөлшерінде арасына 24 және 48 сағаттан салып тері астына енгізеді. Қойды иодты алюминийнің түтінімен топтан дегельминтизациялау ұсынылады. Бронхысы қабынса аурудың белгісіне қарай емдеп, малды бағып-күту жағдайын жақсартады.

Профилактика және күрес шаралары. Бұзауды былтырғы туған бұзаулардан және ересек малдардан бөлек ұстап, бөлек бағады; қой үшін бөліктерге бөлінген өрістерде бағу жүйесі қолданылады, жайылым участогын 6 күн сайын алмастырып отырады да, үш айдан кейін осы өріске қайтадан оралып отырады.

Жоспарлы профилактикалық дегельминтизация жүргізіледі: күзде барлық қой (жайылымға шықпаған қозылардан басқасы) және осы жылы туған бұзаулар қолда - қорада бағуға қойылғаннан кейін; көктемде - барлық қой (осы жылғы туған қозылардан басқасы) және өткен жылы туған бұзаулар жайылымға шығарардың алдында . Қажет болған жағдайда дегельминтизацияны әрбір 25 күннен кейін бірнеше рет қайталайды. Мұнымен бір мезгілде жайылымның, суаттың, азықтандырудың зоогигиеналық жағдайларын жақсартады. Малға жайылым кезінде еркін топтау әдісімен фенотиазинді тұзға немесе азыққа қосып мына дозада береді: қозыларға - 0, 5 г, сақа қойлардың әр қайсысына - 1 г, ірі қараның салмағының 100 килограмына 2 г [1, 2, 4] .

1. 2 Ірі қара мал диктиокаулезі

Өсіп-өнуі. Ересек қалпына жету үшін құрт бірнеше сатыдан өтеді. Өкпені жайлаған ұрғашы құрттар алдымен жұмыртқа салады. Мал жөтелген кезде олар қақырықпен бірге ауызға келіп түседі. Оны мал қайтадан жұтады. Ішекте жұмыртқадан балаңқүрт босайды. Личинкалар ірі қараның нөжісімен бірге сыртқа шығып, жайылым отын, шөп пен суды, мал қораларын және т. б. жерлерді ластайды. Сырткд шыққан балаңқұрттар бастапқы кезде малға қауіпті емес. Малды ауруға шалдықтыру үшін олар екі рет түлеуге тиіс. Ал олар түлеу үшін ауаның жылылығы мен ылғалдылығы белгілі бір дөрежеде болуы шарт. Мәселен, 25° жылылықга олар 3 тәулікте тұлейді. Күн салқындаған сайын түлеу мерзімі де (11 тәулік, кейде одан да ұзағырақ) ұзара түседі. Ауа райы қолайлы болса, личинканың түлеуі үшін 5-7 күн керек. Ауаның температурасы 10°-тан төмен не 30°-тан жоғары болса, балаңқұрт жүқпалы сатысына дейін өсіп-жетіле алмайды.

Бұзау түлеп жетілген балаңқұрттарды азықпен немесе сумен бірге жүтып зақымданады. Мал денесіне енген балаңқүрттар әуелі ащы ішектің ішкі қабығына, одан өрі сөл жене қан тамырлары арқылы өкпеге ауысады. Мұндайда олар қан қылтамырларын тесіп шығады да, алдымен альвеолалар мен ауатамыршаларға, сонан соң ауатамырлар мен кеңірдекке ығысады. Мал жүтқан кезінен бастап есептегенде ұрпақ сатысынан ересек құртқа айналуына шамамен 25-26 күн керек. Өкпе құртының бүзау денесінде тіршілік етуі 2 айдан 1 жылға дейін созылады. Ал оның өмір сүру мерзімінің үзақтығы, ең алдымен, бүзаудың азығы мен күтіміне, сондай-ақ физиологиялық күйіне байланысты.

Эпизоотологиясы. Ірі караға ауру әдетте жайылымда жұғатынын атап көрсеткен жөн. Мал үшін ластанған өріс, суат, жем-шөп қауіпті болып саналады. Балаңқұрттар жануар денесіне ену үшін нәжістен бөлініп шығуы тиіс. Бүған жауын-шашын, тұман, таңғы шық едәуір қолайлы жағдай туғызады. Себебі олар ылғалды қи-тезектен шапшаңдықпен шыға бастайды. Әдетте олардың қозғалысы баяу келеді. Ал жауын-шашын күндері балаңқұрттардың көпшілігі жорғалап барып өсімдікке жармасады. Олардың жайылымға тарауы да біркелкі емес, бұл жалпы алғанда - шөптің биіктігіне, тәулік мерзіміне, ауа райына және т. б. жағдайларға байланысты. Олар түнде және таңертең су жағасы мен орман-тоғай ішіндегі шөпте көбірек үшырайды. Жаз айларында жайылым отын жайлаған личинкалар құрғақшылықтың, күн сәулесінің және ыстықтың әсерінен жүқпалы сатыға жетпей-ақ қырылып қалады. Бірақ күн түспейтін көлеңкелі, ылғалды алаңцарда олардың көпшілігі тіршілік қабілетін жоймайтыны анықгалған. Қыста, кейбір личинкалар қар атында қыстап шығып, көктемге дейін өзінің өміршендігін сақгап қалуы ықгимал. Бірақ бұлардың саны өте аз, сондықган эпизоотологиялық мәні жоқгың катары.

Өкпе қылқұрты, өсіресе бір жасқа дейінгі бұзау-тайыншалар үшін, кейде тіпті ересек мал үшін қатерлі дерт. Әдетте сақа малда ауру жасырын түрде өтеді.

Кейбір деректерге қарағанда ірі қара диктиокаулезы екі рет өршиді. Оның бірі-көкек, май айлары; бүл кезде көбінесе қыста туған 8-12 айлық бүзаулар ауырады. Бірақ аталған уақытта дерттің өршуі нематода балаңқұрттарының қыста жұққандығынан емес, керісінше күзде жайылымнан пайда болғанын растайды. Екінші рет кеселдің өрбуі шілде айында басталып, тамыз, қыркүйек айларына дейін созылады. Жаз-күз маусымында өкпе қылқұрт ауруы негізінен тайыншалар мен бірен-саран жас бүзаулар арасында байқалады [1, 4, 5] .

Аурудың өрбуі. Балаңқұрттар жануар денесін шарлап жүріп, ішектің, қан мен сөл тамырларының, өкпенің және баска мүшелер мен үлпалардың түтастығын бұзып, микробтарға жол ашады, сөйтіп екінші бір аурудың тууына себеп болады. Ал ересек құрттар ауатамыршаларды бітеп, өкпе бөліктерінің солуына дейін өкеп соғады. Ал, қүрт тым көп болса, олар шоғырланып, ірі ауатамырларын немесе кеңірдекті бітеп тастап, малды тұншықгырып өлтіруі мүмкін.

Диктиокаулезге шалдыққан жануардың өкпесі ғана кабынып қоймайды, сондай-ақ ауру асқынған кезде оның денесіндегі зат алмасу процесі де өзгереді. Малға оттегі жетіспейді, қоректік заттардың қортылуы нашарлайды, бұдан ірі қара арықтайды, температурасы көтеріледі, орталық жүйке жүйесі күйзеледі, яғни дерттің сыртқы белгілері күшейе түседі.

Сырт белгілері. Өкпе қылқүрт ауруы 1 жасқа толмаған төлде айқын әрі жиі, 1 жастан 2 жасқа дейінгі бұзауда сирек, ал ересек малда өте сирек кездеседі. Оның белгілері тыныс алу жолындағы нематодалардың аз-көптігіне және жануардың жалпы күйіне қарай әр түрлі. Аурудың клиникасын екі түрге бөлуге болады: өкпе құрттан ауатамырларының қабынуы - бронхит және ағза ұлпалары мен бронхтардың қабынуы - бронхопневмония.

Бронхит. Малдың жалпы күйі бір қалыпты. Азықгы қалыпты мөлшерде жейді, қоңы төмендемейді, тіпті мал семіруі мүмкін. Денесінің ыстығы байырғы қалыпта. Тыныс алуы да әдеттегідей, кейде жөтелгені жиілейді. Ауық-ауық танауынан су ағады. Жөтелі бастапқыда сирек, қақырық түспейді, ауру асқынған сайын жөтелі күшейіп, қақырық сұйыла бастайды. Өкпесін тыңдағанда - әлсіз, құрғақ немесе шамалы дымды сырыл естіледі. Өкленің әр тұсын саусақпен соғып қарағанда, онда дерттің бар жоғы байқалмайды.

Бронхопневмония. Ауру көбінесе ұстамалы түрде байқалады. Ауырған жануар селқос қимьшдайды. Азыққа тәбеті шаппайды, ал ұстама кезінде қоректен мүлдем бас тартады. Табынға ере алмайды, әлсін-өлсін жата береді, арықтайды. Температурасы 39, 5-40°-ка дейін көтеріледі. Оқтын-оқтын тыныс алуы жиілейді, демігеді, кейде тұншығып ес-түссіз жатып алады. Бұл кезде ауыздың, көздің қызыл еті көгеріп кетеді. Танауынан жиі-жиі су ағады, жөтелі жиілейді, жөтелгенде түлік катты қиналып, булығады. Тілін салбыратып, солғын жүреді, аузынан сілекейі шұбырады.

Өкпені тыңдап тексергенде, одан дымды сырыл естіледі. Өкпені саусақпен соғып қарағанда 8-9 - қабырға аралығында қабынған жер байқалады. Жүрегінің соғуы жиілейді, жүрек сазы айқын немесе шамалы көмескілеу болып сезіледі. Ауру қайталап жұқпаса 1, 5-2, 5 айға дейін созылады. Ұстама кезінде кеңірдекке шоғырланған құрттар мен кілегейлі заттар кептеліп, соның салдарынан жануардың тынысы тарылып өліп кетуі мүмкін.

Ауру асқынса өкпе тұтас кабынады, кейде оның әр жері іріңдеп кетеді. Осыған орай малдың күйі нашарлап, дерттің сыртқы белгілері айқындала түседі. Түлік арықтайды, оның іші өтеді, тынысы тарылады, жиі-жиі қызуы көтеріледі. Өкпені тыңдағанда дымды сырьш естіледі, оның қабынған түсынан ешқандай дыбыс бақалмайды. Осылай ауырған бұзаудың көпшілігі өліп қалады.

Өлекседегі өзгерістер. Өлексе көп жағдайда арық. Өкпе ұлғайған, бозғылт түсті, оның кейбір тұстары қатыңқыраған - өр сипаттағы ошақты гепатизация орындары. Кейде альвеоларлы эмфизема және ателектаз белгілері байқалады. Ауатамырлар сөл бездері өте үлкейіп кеткен. Кеңірдек пен ауатамырлар іші көбікті сұйыққа толы, арасында қылқұрттар. Ұсақ ауатамырлар көп жағдайда шырышты-ірінді заттармен бітеліп қалады.

Өкпенің құрт жайлаған жерін гистологиялық әдіспен зерттегенде, ауатамырлардың ерекше өзгеріске ұшырағаны, ұсақ бронхтар мен ауатамыршалардың едәуір бүлінгені, ірі ауа тамырлардың мүжілгені, мүның салдарынан жараға айналған үлпалар мен шоғырланған ақ қан түйіршіктерінің ұйысып, өкпенің біраз бөлігі түгелдей зақымданғаны байқалады.

Аныктау. Жоғарыдағы аталған клиникалық көріністер біліне тұрса да, бұған сүйеніп диктиокаулезды анықтау қиынға соғады, өйткені мұндай белгілер басқа ауруларда да кездеседі. Жануардың қандай дертке шалдыққанын дәл білу үшін зертханада гельминтологиялық әдіспен өкпе қылқүрттарын табу керек. Оларды іздеу мақсатында нәжісті ірі қараның көтен ішегінен алады. Әр малдан сынауға алынған нөжісті Берман аспабына салып, онда 16-18 сағат сақгайды. Аспапқа нөжісті әдетте кешке. қарай салады да, ал қорытындысын келесі күні таңертең біледі.

Егер түлікте диктиокаулез қоздырғышы болса, онда оның нәжісінен балаңқұрттар табылады. Микроскоп аясынан қарағанда жыбырлаған тірі личинкаларды көруге болады. Біраз күн жатып қалған нәжісті зерттегенде кұрттардың түлей бастағандығы, яғни бірнеше қабат (бір немесе екі) қабық пайда болғандығы байқалады: бұл қабықтар әсіресе бас және құйрық жақгарында жақсы аңғарылады.

Ауру белгілері білінбеген түлік нәжісінен балаңқұрттар табылса, бүл жануар гельминт тасымалдаушы және ауруға шалдыққан деп саналады, өйткені оның азығы мен күтімі сәл нашарласа, іштегі личинкалар ауруды өршітуі мүмкін.

Өлексенің неден аурып өлгенін анықтау үшін кеңірдек пен ауатамырларды жарып, ішінен нематодаларды іздейді. Егер осы кезде ересек құрттар табылмаса, онда майдалап туралған өкпе ұлпаларын сумен шайып, тұндырады да, шөгіндіні микроскоп арқылы қарап, балаңқұрттарды іздестіреді.

Емі. Диктиокаулезды емдеуде бірнеше дәрі-дәрмектерді пайдаланады.

Сулы йод ерітіндісі. Мұның құрамында 1 г қиыршықты йод, 1, 5 г йодты калий жөне 1500 г дистилденген немесе қайнатылып сүзілген су бар.

Қолданар алдында ерітінді күңгірт ыдыста әзірленіп, шыны ыдыста сақталады. Оны күні бұрын дайындап қоюға болмайды.

Ерітінді бұзауға 2-6 айлышнда - 20-50 мл, 6-12 айлығында - 50-70

мөлшерінде беріледі. Оның жылылығы 20-37° аралығында болуы тиіс. Ерітіндіні ұзындығы 3 см инелі шприц арқылы мойынның орта шетінен кеңірдекке қүяды. Әрине оны енгізер аддында қолданатын құралды зарарсыздандырады.

Дәріні құю үшін бұзауды шалқасынан жатқызып, кеудесін 30-40°-тай

көтеріңкі ұстайды. Малды арнайы жасалған станокқа байлап дәрілеген өте тиімді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аурудың ағымы мен болжамы
Қой эхинококкозының диагностикасы мен емеделуі
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғау
Жануарлардың инвазиялық аурулары
Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар
Індетке қарсы шаралар
Дәрілік заттар түрлері
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Қойдың инфекциялық энтеротоксемия ауруының патологоанатомиялық өзгерісі мен диагностикасы
Ірі қараның пастереллез ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz