Азаматтық – құқықтық міндеттемелердің жалпы сипаттамасы



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 АЗАМАТТЫҚ . ҚҰҚЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Міндеттеме түсінігі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.2 Міндеттемені орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14

2 МІНДЕТТЕМЕ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ... ... ... ... ... 18
2.1 Міндеттеменің бүзылғандығы үшін жауаптылық ұғымы ... ... ... ... ... ... . 18
2.2 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... .. 20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
КІРІСПЕ


Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін дербес мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатындай, барша құқықтық негіздерді қайта құру қажеттігі туындады. Шын мәнінде соңғы уақыттарда мемлекетіміздің құқықтық, зайырлы, демократиялық қоғам қалыптастыру жолында барша жетістіктерге қол жеткізе алады деп толық айта аламыз. Дәлірек айтсақ, мемлекетті басқару экономика, әлеуметтік, саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген жаңа заңдар мен нормативтік актілер қабылданып іске асырылуда. Біздің еліміздегі қайта құрудың аса маңызды міндеттерінің бірі құқықтық мемлекет құру. Құқықтық мемлекет дегеніміз демократиялык қоғамның қалыптасуының, оның жетіліп дамуының заңды желісі.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Жарық дүние есігін аша салысымен - ақ адам баласы белгілі - бір құқықтарға ие болатын даусыз, алайда сол құқықтарды қорғайтын заң жүйелері болмаса, олардың құрғақ сөз жүзінде ғана қалып шын мәнін жоятыны күмәнсіз. Тарихи дамудың барысында пайда болып жетілдірілген саяси жүйелер біздің қай - қайсымызды да зорлық пен езгіден қорғап қана қоймай әр қайсымыз үшін мүмкіндік тудырады. Осыған байланысты менің курстық жұмысымның мақсаты : міндеттеменің түсінігі және түрлері, тұлғалардың міндеттемені орындау, міндеттеменің орындауын қамтамасыз ету, бұзылғандығы үшін жауаптылық және тағы басқа жекелеген әдістер тәртібіне, мазмұнына мән бере қарауы. Сондықтан да менің курстық жұмысымның өзекті мәселесі, яғни азамат аталу үшін белгілі бір елде дүниеге келіп сонда ғұмыр кешу ғана жеткіліксіз, ол үшін өз құқықтарымыз бен міндеттеріміз де саналы түрде сезініп сол талаптарға сай болуға ұмтылуымыз қажет. Бұл курстық жұмыста міндеттемелік қатынасты реттейтін азаматтық құқықтың қосалқы саласы болып табылатын, азаматтық - құқықтық нормалардың жиынтығы міндеттемелік құқық жайында баяндалады. Курстық жұмысты Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы, азаматтық кодекс және басқа да қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы сүйеніп жаздым.
Курстық жұмыстын мақсаты міндетеме ұғымы, түрлері туралы түсініктеме беру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз:
- Міндеттемелік құқық туралы жалпы түсінік;
- Міндеттеменің ұғымы;
- Міндеттемелерді орындау және оның субъектілері;
- Міндеттеменің орындалуын камтамасыз ету;

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлім мен төрт бөлімшеден, тақырып нәтижесі бойынша жасалған қорытынды бөлімі мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Күнделікті өмірде адамдар бір – бірімен міндеттемелік қатынасқа жиі түседі. Міндеттеме кең мағынасында «уәде» ұғымымен түсіндіріледі, яғни белгілі бір әрекетке түсуде олар уәделесіп жатады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 268 - бабына сәйкес міндеттеме борышқор мен несие берушінің арасындағы әрекеттен туындайды. Міндеттемеге сәйкес бір адам басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылған әрекет нәтижесін қабылдауға міндетті. [1, 99б].
Міндеттеме алған тараптар оны орындауға талпынады, ал орындалмай жатқан жағдайда құқықтық нормаларға жүгіне алады. Бұл жерде міндеттеме тар мағынаға ие болады, яғни міндеттеменің орындалу жағдайлары құқықтық нормаман реттеледі.
Азаматтық құқықта міндеттеме ұғымы ерекше рөл атқарады. Себебі азаматтық құқықтық қатынаста міндеттемеге байланысты қатынастар жиі туындайды. Сондықтан да азаматтық құқық жүйесінде міндеттемелік құқық жеке бір институт болып табылады. Оның орындалу, тоқтатылу әдістері азаматтық құқықта толық қарастырылған. Міндеттеме объектісі алуан – түрлі, соған байланысты оны реттейтін нормалар да әр түрлі.
Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде міндеттемені қамтамасыз етудің әдістерінің маңызы өте зор. Олардың ішінде кепіл институтының өзіндік ерекшеліктері бар.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім 1994 жылғы 27 желтоқсан № 268-XIII; Ерекше бөлім 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-1). – Алматы, 2015. www.zakon.kz
2. Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., ҚР Азаматтық кодексіне түсініктеме., 1-2 томдар. - Алматы, 2003.
3. Ғазиз Төлеуғалиев., «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» 1 том. - Алматы , 2014.
4. «Юрист» электрондық базасы (анықтамалық материалдар).
5. «Закон» электрондық базасы (нормативтік құқықтық актілер).
6. «ҚР Азаматтық кодексіне (жалпы және ерекше бөлім) өзгертулермен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы 2007 жыл 12 қаңтар www.zakon.kz
7. Жайлин Г.А., Азматтық құқықтық міндеттері. Қазақстан 2030 – құқықтық мекемелердің дамуын жетілдіру. – Алматы.
8. Азаматтық құқық. Оқу құралы, 2 – бөлім А.П.Сергеева Ю.К. Толстой 2007ж.
9. Батырбаев Н.М., Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. – Түркістан, 2008ж.
10. Ахтышхан Е.А., Құқықтық саясат тұжырымына сәйкес азаматтық құқықты жетілдірудің кейбір міндеттерін жүзеге асыру. – КЭУҚ 2011 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.1 Міндеттеме түсінігі және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.2 Міндеттемені
орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .. 14

2 МІНДЕТТЕМЕ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ... ... ... ... ... 18
2.1 Міндеттеменің бүзылғандығы үшін жауаптылық
ұғымы ... ... ... ... ... ... . 18
2.2 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... .. 20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін дербес
мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатындай, барша құқықтық
негіздерді қайта құру қажеттігі туындады. Шын мәнінде соңғы уақыттарда
мемлекетіміздің құқықтық, зайырлы, демократиялық қоғам қалыптастыру жолында
барша жетістіктерге қол жеткізе алады деп толық айта аламыз. Дәлірек
айтсақ, мемлекетті басқару экономика, әлеуметтік, саяси өмір, мәдениет,
құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау сыртқы саясат салаларын реттейтін
көптеген жаңа заңдар мен нормативтік актілер қабылданып іске асырылуда.
Біздің еліміздегі қайта құрудың аса маңызды міндеттерінің бірі құқықтық
мемлекет құру. Құқықтық мемлекет дегеніміз демократиялык қоғамның
қалыптасуының, оның жетіліп дамуының заңды желісі.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Жарық дүние есігін аша салысымен - ақ
адам баласы белгілі - бір құқықтарға ие болатын даусыз, алайда сол
құқықтарды қорғайтын заң жүйелері болмаса, олардың құрғақ сөз жүзінде ғана
қалып шын мәнін жоятыны күмәнсіз. Тарихи дамудың барысында пайда болып
жетілдірілген саяси жүйелер біздің қай - қайсымызды да зорлық пен езгіден
қорғап қана қоймай әр қайсымыз үшін мүмкіндік тудырады. Осыған байланысты
менің курстық жұмысымның мақсаты : міндеттеменің түсінігі және түрлері,
тұлғалардың міндеттемені орындау, міндеттеменің орындауын қамтамасыз ету,
бұзылғандығы үшін жауаптылық және тағы басқа жекелеген әдістер тәртібіне,
мазмұнына мән бере қарауы. Сондықтан да менің курстық жұмысымның өзекті
мәселесі, яғни азамат аталу үшін белгілі бір елде дүниеге келіп сонда ғұмыр
кешу ғана жеткіліксіз, ол үшін өз құқықтарымыз бен міндеттеріміз де саналы
түрде сезініп сол талаптарға сай болуға ұмтылуымыз қажет. Бұл курстық
жұмыста міндеттемелік қатынасты реттейтін азаматтық құқықтың қосалқы саласы
болып табылатын, азаматтық - құқықтық нормалардың жиынтығы міндеттемелік
құқық жайында баяндалады. Курстық жұмысты Қазақстан Республикасының
азаматтық құқығы, азаматтық кодекс және басқа да қосымша әдебиеттерді
пайдалану арқылы сүйеніп жаздым.
Курстық жұмыстын мақсаты міндетеме ұғымы, түрлері туралы
түсініктеме беру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі
міндетіміз:
- Міндеттемелік құқық туралы жалпы түсінік;
- Міндеттеменің ұғымы;
- Міндеттемелерді орындау және оның субъектілері;
- Міндеттеменің орындалуын камтамасыз ету;

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлім мен төрт бөлімшеден,
тақырып нәтижесі бойынша жасалған қорытынды бөлімі мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Күнделікті өмірде адамдар бір – бірімен міндеттемелік қатынасқа жиі
түседі. Міндеттеме кең мағынасында уәде ұғымымен түсіндіріледі, яғни
белгілі бір әрекетке түсуде олар уәделесіп жатады. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 268 - бабына сәйкес міндеттеме
борышқор мен несие берушінің арасындағы әрекеттен туындайды. Міндеттемеге
сәйкес бір адам басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша
төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті,
ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.
Несие беруші борышқордан атқарылған әрекет нәтижесін қабылдауға міндетті.
[1, 99б].
Міндеттеме алған тараптар оны орындауға талпынады, ал орындалмай
жатқан жағдайда құқықтық нормаларға жүгіне алады. Бұл жерде міндеттеме тар
мағынаға ие болады, яғни міндеттеменің орындалу жағдайлары құқықтық
нормаман реттеледі.
Азаматтық құқықта міндеттеме ұғымы ерекше рөл атқарады. Себебі
азаматтық құқықтық қатынаста міндеттемеге байланысты қатынастар жиі
туындайды. Сондықтан да азаматтық құқық жүйесінде міндеттемелік құқық жеке
бір институт болып табылады. Оның орындалу, тоқтатылу әдістері азаматтық
құқықта толық қарастырылған. Міндеттеме объектісі алуан – түрлі, соған
байланысты оны реттейтін нормалар да әр түрлі.
Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде міндеттемені қамтамасыз
етудің әдістерінің маңызы өте зор. Олардың ішінде кепіл институтының
өзіндік ерекшеліктері бар.
Осыған байланысты міндеттемелік құқықтың нарық қатынастарындағы
құқықтық реттеу мәселелері кең ауқымды да әрі өзекті. Оның күрделілігі
сонда, кәсіпкерлер мен басқа да құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары
мен міндеттерін қамтамасыз ету, осыған байланысты әрбір субъектінің
мүдделерін қорғау мен өз іскерліктерін жетілдіру және мемлекеттің
экономиканы дамыту бағытындағы реттеу іс - шараларының жүзеге асуының
негізгі құқықтық тетігі болуында.
Міндеттеменің мазмұны оның тараптарының құқықтары мен міндеттерін
құрайды. Құқық берілген тарапқа тиесілі субъективтік құқықты талап ету
құқығы деп, ал міндетті жақта жатқан міндетті борыш деп атау қабылданған.
Мiндеттемелiк құқықтың ерекшелiгi сол - ол коғамдағы калыпты
қатынастарды да, сонымен катар қандай да бiр қатынастардың (қорғаушы
мiндеттемелер, мiндеттеменi орындамағандық үшiн жауапкершiлiк, мiндеттеменi
қамтамасыз ету) бұзылуын да реттейдi.
Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері экономикалық
тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды
(өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы).
Міндеттеме субъектісі болып саналатын тараптар: борышқор және несие
беруші. Міндеттеме, әдетте, көпжақты емес, екіжақты болып келеді. Егер
бірнеше борышқор немесе бірнеше несие беруші болса, ол міндеттемедегі
адамдардың көптігін білдіреді, бірақ бәрібір бұл жерде екі тарап бар. [2,
101б].
Міндеттемені орындау процесіндегі өте маңызды мәселе - орындау мерзімі
және орны. Міндеттемелер орындалу мерзімі анықталған және орындалу мерзімі
талап етілетін кезбен анықталған болып бөлінеді. Тақырыптың өзектілігіне
байланысты міндеттемеге заңи тұрғыдан жан - жақты сипаттама беруге
талпыныс жасалды.

I АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. Міндеттеме түсінігі және оның түрлері

Міндеттеме ұғымы әртүрлі мағынада пайдаланылады: 1) құқық қатынасы;
2) борыш, міндет; 3) осы міндетте көрсетілген құжат (қолхат, квитанция,
вексель, чек, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме).
ҚР АК-ның 268-бабында міңдеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі:
Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің)
пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі
бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті,
ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.
Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті. [1, 98б.].
Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық
тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды
(өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы).
Егер өндіріс өрісінде сатып алу - сату ресімделсе, онда мүлік, еңбек
нәтижесі ретінде өндіріс өрісінен айналым өрісіне, сонан соң қайтадан
өндіріс өрісіне ауысады. Егер халық тұтыну тауарларын сатып алу-сату
жүргізілсе, онда мүлік айналым өрісі арқылы өндіріс өрісінен тұтыну өрісіне
ауысады. Мүліктің өндіріс өрісінен айналым және тұтыну өрісіне ауысуымен
байланысты барлық қатынастар міндеттемелік қатынастар болып табылады.
Осыдан барып міндеттемелік қатынастардың ерекшеліктері және олардың
басқалардан айырмашылығы туындайды:
1) міндеттеме – мүліктік емес азаматтық құқықтық қатынастармен
салыстырғанда мүліктік құқық қатынастары болып табылады;
2) егер заттық құқық қатынастары үшін материалдық игіліктердің
берілгендігін бекіту керек болса, міндеттемелік үшін - иеленіп қойған
материалдық игіліктердің ауысуын бекіту керек, сондықтан заттық құқық
қатынастарда тұрақтылық, ал міндеттемелік қатынастарда - жылжымалық сипат
бар;
3) бұдан заттық құқық қатынастарындағы міндетті тұлғалардың пәс мінез-
құлқы (заттық құқықтарды бұзбау міндеті) және міндеттемелік құқық
қатынастарындағы міндетті тұлғалардың белсенді мінез-құлқы (борышкердің
несие берушінің пайдасына нақты әрекеттер жасау міндеті) туындайды;
4) міндеттемеде құқық берілген адамға нақты міндетті адам қарсы тұрады
(құқық қатынастарының салыстырмалы сипаты), ал заттық құқық қатынастарында
құқық берілген адамға анықталмаған міндетті адамдар қарсы тұрады (құқық
қатынастарының абсолюттік сипаты);
5) міндеттемеге заттық құқықтармен, бәрінен бұрын меншік құқығымен,
тығыз байланыста болу тән. Міндеттемелік құқық қатынастар заттық құқықтық
қатынастардың туындысы және олармен өзара байланысты. Міндеттемелік заттық
құқықтық қатынас, туыңдаған кезде заттық қатынастардың болуын, көздейді, ал
ол өз тарапынан міндеттемелік құқық қатынастарының дамуының заңдық нәтижесі
болып табылады. Сатып алу-сату меншік құқығының болғандығын көздейді
(шаруашылық жүргізу, оралымды басқару), сонымен қатар, сатып алу-сату
нәтижесінде меншік құқығы пайда болады. Яғни, міндеттеменің көмегімен
меншік құқығының немесе басқа заттық құқықтардың ауысуы болады.
Міндеттеменің жоғарыда келтірілген нышандарына сүйеніп оған анықтама
беруге болады: міндеттеме дегеніміз - мүліктік салыстырмалы азаматтық
құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышқор) екінші тараптың (несие
берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде
белгілі бір әрекет жасауға не белгілі бір әрекеттен бас тартуға
міндеттенеді.
Міндеттеме субъектісі болып саналатын тараптар: борышқор және несие
беруші. Міндеттеме, әдетте, көпжақты емес, екіжақты болып келеді. Егер
бірнеше борышқор немесе бірнеше несие беруші болса, ол міндеттемедегі
адамдардың көптігін білдіреді, бірақ бәрі бір бұл жерде екі тарап бар.
Міндеттеменің мазмұны оның тараптарының құқықтары мен міндеттерін
құрайды. Құқық берілген тарапқа тиесілі субъективтік құқықты талап ету
құқығы деп, ал міндетті жақта жатқан міндетті борыш деп атау қабылданған.
Міндеттеме мүліктік қатынастар тобына жатады, өйткені қоғамдағы айырбас
үдерісін ресімдейді. Екі тарапты; көп тұлғалар қатысатын; үшінші тұлға
қатысатын; тараптары ауыстырылатын міндеттеме түрлері болады. Басқа да
жіктелімдері бар. Міндеттемелер заңның, өзге де құқықтық актілердің
шарттары мен талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға, ал мұндай талаптар
болмаған жағдайда іс қағаз айналымының ғұрыптарына және ғұрып бойынша
қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Міндеттеменің
орындалуы несиегер мен борышқордың өз құқықтары мен міндеттерінен құралатын
әрекеттерді жасауы. Міндеттемені тиісінше орындау қағидатынан басқа
міндеттемені нақты орындау қағидаты да қолданылады, мұндағы міндеттемеде
көзделген әрекеттердің орнына залалды өтеу және тұрақсыздық айыбын төлеу
түрінде ақшалай қолданбай заттай орындау міндеттілігі өкім етіледі.
Міндеттемелердің түрлері:
1) Міндеттемелерді олардың негіздері бойынша топтастыру міндеттемелік
құқықтың құқықтық институттарын шарттық және шарттан тыс деп топтастырумен
сәйкес келеді, ол жайында бұрындары айтылған. Бұл тарауда міндеттемелік
құқық қатынастарын өзге негіздемелер бойынша топтастыру келтіріледі, ал
олар міндеттемелік құқық жүйесінде құқық институттарын бөлумен сәйкес
келмейді, бірақ топтастырудың неғүрлым ортақ негіздеріне сүйеніп
тұрғызылады.
2) Құқықтар мен міндеттердің ара қатынастары бойынша міндеттемелер
былайша бөлінеді:
- біржақты - міндеттеменің бір тарапында тек құқық болады, ал екінші
жағында – тек міндеттер (заем, зиян келтіру);
- өзара немесе екіжақты - міндеттеменің әрбір қатысушысында құқық та,
міндеттеме де бар, яғни олар борышқордың да, несие берушінің де рөлінде
болады (ҚР АК 269-бабының 3-тармағы). Мысалы, сатып алу-сату шартында
сатушы тауарды беру міндеттемесі бойынша борышқор және тауарға ақша төлеу
мiндеттемесі бойынша несие беруші; ал, сатып алушы - керісінше. [1, 98б.].
3) Орыңдау нысанының анықтылығы тұрғысынан міндеттемелер былайша
бөлінеді:
- белгілі бір мазмұндағы міндеттемелер - дағдылы және көп таралған;
- балама міндеттемелер - борышқор өзі жасауға тиісті бірнеше
әрекеттердің ішінен біреуін тандауға құқылы. Мысалы, өсиет қалдырушы
мұрагерге бас тартылғанды пәтермен қамтамасыз ету, немесе оның жалдаған
пәтері үшін белгілі бір уақыт бойы ақы төлеп тұру құқығын береді. Зиян
келтірудегі міндеттемеде борышқор зиянның орнын заттай толтыруға, немесе
келген шығынды толық төлеуге міндетті;
- факультативтік міндеттемелер - борышқор белгілі бір әрекет жасауға
міндетті, ал ол мүмкін болмаса - басқа әрекет жасайды. Мысалы, борышқор
несие берушіге автомобиль беруге міндетті, бірақ ол оны қандай да бір
себептермен жасай алмаса, автомобильдің құнын төлеуге немесе сондай мүлік
беруге тиіс.
Кейде альтернативтік және факультативтік міндеттемелер арасындағы
айырмашылық байқалмайды, дегенмен ол бар. Көбіне, ол, орындау нысаны
кездейсоқ жойылғанда пайда болады. Мысалы, автомобиль кездейсоқ жойылса
оның салдары әртүрлі болады: альтернативтік міндеттемеде (не автомобиль, не
ақша) ақша төлеу міндеті қалады; факультативтік міндеттемеде (автомобиль,
егер ол болмаса - ақша) міндеттеме тоқтайды, себебі факультативтік орындау
нысанының тағдыры түгелдей негізгі заттың тағдырына байланысты.
Бір-бірімен өзара байланысының сипатына қарай міндеттемелер басты және
қосымша (акцессорлық) болып бөлінеді. Мысалы, тұрақсыздық айыбын төлеу
міндеті негізгімен салыстырғанда акцессорлық міндеттемеге жатады.
Акцессорлық міндеттеме негізгімен тығыз байланысты, негізгі міндеттеме
тоқтағанда ол да тоқтайды.
4) Міндеттеме нысанының сипаттамасына қарай олар бөлінетін (бөліп
орындауға болатындар - заем, дайындап жеткізу) және бөлінбейтін (бөліп
орыңдауға болмайды, мысалы - үй құрылысы, сурет салу, т.б.) деп бөлінеді.
Борышқордың жеке басымен байланыс бойынша жеке сипаттағы міндеттеме
туындайды, оның борышқордың жеке басымен байланысы соншалықты тығыз, оны
басқа адамға тапсыруға тыйым салынған, борышқордың өзі ғана орындайды.
Борышқордың немесе несие берушінің қайтыс болуына (заңды тұлғалардың
тарауына) байланысты бұл міндеттемелер тоқтайды. Мысалы, ғалымның ғылыми
мақала жазу жөніндегі ғылыми журнал алдындағы міндеттемесі. Қатынастардың
жеке - сенімдік сипаты кепілдік шарттарына, сенімгерлікпен басқару, жай
серіктестік шарттарына, толық серіктестіктердегі қатынастарға және т.б.
тән.
Азаматтық кодекстің 269-бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор
ретінде міңдеттемеге бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұның аты көп
тұлғалармен жасалған міңдеттеме. Мүңдай   жағдайда   Азаматтық  
кодекстің   286-288-баптарында көрсетілгендей, үлесті, ортақтасқан немесе
субсидиялық (жәрдем берушілік) міндеттеме пайда болады. [5, 120б.].
Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса,
міндеттемені орындау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе
ортақ (бірлескен) болуы мүмкін. Үлестік міндеттеме борышқордың 
әрқайсысы тек өзі үшін жауап  береді, ал несие берушілердің әрқайсысы
борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті талап етуге қүқылы. Міндеттеме
өзінің үлесіне сәйкес қарызын толық өтеген борышқор үшін тоқтатылады да,
өтемеген басқа борышқорлар үшін күшінде қала береді. Несие берушілердің
әрқайсысы, Азаматтық кодекстің 287-бабына сәйкес, борышқорлардан
міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы
оны толық атқаруға міндетті. Осыңдай көп жақ қатысатын міндеттемені —
ортақтасқан міндеттеме деп атайды. Ортақтасқан міндеттеменің  үш түрі
болады:
- бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқаны - ортақтасқан
міндеттеме;
- бір борышқор мен бірнеше  несие берушілер қатысқаны — 
ортақтасқан талап етуші;
- бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар 
қатысқаны — аралас ортақтасу делінеді.
Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе заң құжаттарында нақтылы
көрсетілмесе, сонымен бірге, міндеттеменің мәні бөле - жарып анық
нұсқаланбаса - ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда
болады.
Кәсіпкерлік қызметпен  байланысты міндеттеме бойьшша бірнеше 
борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің талаптары, егер
заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе,
ортақтасқан міндет болып табылады.
Сонымен субсидиялық міндеттеме дегенді түсіндіре кетелік, яғни
борышқор өзінің алған негізгі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін
мезгілінде орындай алмаса, міндеттемені басқа борышқорға жүктейді. Мысалы,
субсидиялық міндеттеме дегенді түсіндіре кетелік, яғни борышқор өзінің
алған негізгі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін мезгілінде
орындай алмаса, міндеттемені басқа борыштарға жүктейді. Мысалы, субсидиялық
міндеттемеде заңды тұлға құрылтайшысының жауапкершілігі қарастырылады,
мүлігінің жеткіліксіздігіне банкротқа ұшыраған ондай заңды тұлғаның
ауыртпалығын негізгі қоғам өзіне көтеріп алады.
Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субъектілерінің құрамыңда
өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықтық қатынасқа бұрынғы несие берушінің
орнына жаңа қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын
кейінгісі басады. Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық (әмбебап) негізінде
жүзеге асады. Мысалы, занды түлғаны қайта құрғанда, мүлік мүрагерлікпен
ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Құқық қабылдау кезінде бұрынғы
тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да
сондай құқықтарының біріне нақты міндеттемесі де кіреді.
Міндеттеменің қатысушылары. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.
Әдебиетте, әдетте, міндеттеменің субъектілері ретінде міндеттеменің
тараптарын (борышқор мен несие берушіні) қарастырады. Бірақ, қазіргі
қоғамда азаматтық - құқықтық қатынастардың өзара шытырман байланыстылығынан
үшінші жақтың бұл қатынастардағы рөлі артуда. Көбіне олар міндеттеменің
мазмұнына әсер етеді, оның құқықтық мәнін анықтайды.
Міндеттемеге қатысушылар: міндеттеменің тараптары (борышқор және несие
беруші); үшінші жақ.
Міндеттемедегі тұлғалардың көптігі. ҚР АК-ның 286-бабында былай
делінген: Егер міндеттемеге бірнеше несие беруші немесе бірнеше борышқор
қатысса (адамдар көп болған міндеттеме), несие берушілердің әрқайсысы
міндеттемені орындауды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы
заңдардан немесе міндеттеме шарттарынан өзгеше туындамайтындықтан,
басқалармен тең үлесті орындауға міндетті (үлесті міндеттеме). [1, 101б.].
Адамдар көптiгi болғанда міндеттеме үлесті және ортақтасқан болып
бөлінеді. Жалпы ереже ретінде үлесті міндет пен үлесті талап белгіленеді,
ол теңдей үлес принципінен шығады. Мысалы, белсенді көптік
міндеттемелерінде (бірнеше несие беруші - бір борышқор), жалпы ереже
бойынша әрбір несие беруші борышқордан бірдей үлесте орындауды талап етуге
құқылы. Өз орындау бөлігін алған несие беруші (жоғарыдағы мысалда - үйдің
өз бөлігіне қоныстанған) міндеттемеден шығып қалады, ал борышқор басқа
несие бергендер алдындағы міндетін орындауды жалғастырады (үйдің басқа
бөліктеріне қоныстандыру үшін босату). Пәс көптіктің міндеттемелерiнде (бір
несие беруші - бірнеше борышқор) міндеттемедегі өз бөлігін орындаған
борышқор да (ортақ үйдің өзі тұрған бөлігін босатқан) міндеттемеден шығып
қалады. Бірақ соңғысы басқа борышқорлардың міндеттерін орындауы тұрғысынан
сақталады (үйдің олар тұратын бөліктерін босату). Сонымен, несие беруші
борышқорға басқа борышқорлардың орындамағандығына байланысты қандай да бір
талап қоюға құқылы емес, бір несие берушіге мiндеттеменің, бөлігін
орындаған борышқор қалған несие берушілерге неге орындау жасалмағаны
жайында есеп беруге тиіс емес.
Ортақтас міндеттемеде несие беруші орындауды өз қалауы бойынша кез
келген борышқордан талап етуі мүмкін. Субсидиялық міндеттемеде субсидиялық
борышқорға талап мұндай талап негізгі борышқорға қойылғаннан кейін қойылуы
мүмкін, егер негізгі борышқор талапты толықтай немесе жарым жартылай
қанағаттандырмаған болса, бұл айырмашылықтар кепіл болушылық және кепілдік
үғымдарының арасын ашқанда анық байқалады, себебі олардың негізіне
жауапкершіліктердің сипаты алынады. Кепіл болушы субсидиялық, ал кепілші -
ортақтас жауап береді (ҚР АК-ның 329-336 баптары).
Үшінші жақтың міндеттемеде алатын орны ерекше. Үшінші жақты міңдеттеме
шеңберіне кіргізу олардың міндеттемелердің туындау, орындалу және тоқтау
процесіндегі алатын ерекше рөлімен байланысты. Үшінші жақтың маңыздылығының
арқасында азаматтық құқықта үшінші жақ қатысатын міндеттемелер көзделген.
Міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе өзге де құқық
қатынастары арқылы байланысты жақтар үшінші жақтар деп саналады (ҚР АК -
ның 270-бабының 2-тармағы).
Регрестік міндеттеме. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышқор
орындалған міндеттеменің мөлшерінде сол адамға кері талап (регресс) қоюға
құқылы. [1, 102б.]. Үшінші жақтын әрекеттері салдарынан міндеттемені
орындамаған борышқор сол жақтың шығынды төлеуін талап етуге құқылы (ҚР АК-
ның 289 -бабының 1-тармағы).
Регрестік міндеттеме үшінші жақтар қатысатын міндеттемелердің бір түрі
болып табылады. Регрестік құқықты, тағы да, кері талап құқығы, ал регрестік
міндеттемені - кері міндеттеме деп атайды.
Міндеттеменің туындау негіздері: бұл - заңдық фактылар, яғни құқық
нормалары олармен құқықтық қатынастардың туындауын, өзгеруін немесе
тоқтауын байланыстыратын мән-жайлар. Заңдық фактылар әрекеттерге (саналы
және адамның еркімен жасалынатын) және оқиғаларға (адамдардың ықтиярынсыз
болатын, мысалы, баланың тууы, табиғи құбылыстар) бөлінеді.
Әрекеттер занды және заңсыз болып бөлінеді. Барлық заңды әрекеттер
заңдық актілерге және қылықтарға топтастырылады. Заңдық актілер, олар -
қандай да бір заңдық салдарларға жетуге бағытталған әрекеттер (мысалы,
мәмілелер, әкімшілік актілері). Заңдық қылықтар, олар - адамдардың ниетіне
байланыссыз заңдық салдарлардың туындауына алып келетін әрекеттер (мысалы,
автордың өз шығармасын жариялауы).
ҚР АК –ның 271-бабына сәйкес міндеттеме шарттан, зиян келтіруден немесе
7-бапта көрсетілген өзге де негіздерден туындайды. Міндеттеме туындауының
мынадай маңызды негіздерін атауға болады: 1) шарт; 2) әкімшілік акт (заңды
әрекеттер); 3) зиян келтіру (деликттер) және басқа заңсыз әрекеттер; 4)
интеллектуалдық мешіктің әртүрлі объектілерін құру және пайдалану; 5)
азаматтар мен эаңды тұлғалардың өзге әрекеттері; 6)оқиға;
ҚР Азаматтық кодекстің 344-бабына сәйкес, міндеттеме жөніндегі несие
берушінің құқықтары заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай
жағдайлардың болуы негізінде:
1) несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық
нәтижесінде;
2) заң құжаттарыңца мұндай ауысу мүмкіндігі көзделсе, несие беруші
құқықтарының басқаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;
3) міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушы немесе осы міндеттеме
бойынша борышқор больш табылмайтьш кепілге зат берушінің орындауы
нәтижесінде;
4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға
несие берушінің құқықтарын алып берген кезде;
5) заң құжаттарыңда көзделген өзге жағдайдарда басқа адамға ауысады.
Борыштың ауысуы дегенді былай түсінген жөн — несие беруші, борышқор
және үшінші тұлға арасыңдағы соңғысының борышты өз мойнына алу жөніндегі
келісім-шарты. Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстырушы тек несие
беруінің келісімімен ғана жол беріледі (АК-тің 348-бабы). Бұл түсінікті де,
өйткені, несие берушіге борышқорының кім екендігін білу маңызды ғой. Сондай-
ақ борышқорының тындырымды әрі төлем төлей алатын қабілеті болғанын
қалайды.

2. Міндеттемені орындау

Борышқордың несие беруші өзінен талап етуге құқылы әрекетті жасауы
(немесе әрекеттен тартынуы). Бұл әрекеттің нақты сипаты орындалуға жататын
міндеттеменің түріне байланысты (тауарларды беру, жұмыс жасау, қызмет
көрсету, шығынды өтеу жене т.б.) Әрекеттен тартыну орындалуы әрқашан да
белсенділікті керек ететін міндеттемелерге тән емес. Мысал ретінде автордың
басқа баспаға қолжазбасын өткізбеу міндетін келтіруге болады. Сондықтан да,
авторлық шартты орындаудың мазмұнына қолжазбаны басқа баспаға беру
әрекетінен тартыну кіреді. Принциптер: 1) тиісінше орындалу принципі -
тиісті борышқордың, тиісті несие берушіге, тиісті мерзімде, тиісті орында,
тиісті затқа қатысты және тиісті тәсілмен орындауы; 2) нақты орындау
принципі - залалдың өтелгендігіне қарамастан міндеттемені заттай орындау
керектігінде (яғни, міндеттеменің нысаны болып келетін сол әрекеттерді
жасау).
Міндеттемені орындау нысаны - борышқор міндеттемеге сәйкес несие
берушіге беруге, орындауға немесе көрсетуге тиісті зат, жұмыс немесе
қызмет. Нысанға қойылатын тиісінше талап сапа және сан ұғымы арқылы көрініс
табады. Сапа шартқа сәйкес анықталады. Егер ол затқа мемлекеттік
стандарттар немесе техникалық шарттар болса, онда сапа Госттарға немесе
техникалық шарттарға сәйкес, егер болмаса - әдетте қойылатын талаптарға
сәйкес анықталады.
Орындау нысаны, бұл - мүлік (ҚР АК-ның 115-бабы). Бірінші кезектегі
орындау нысаны - зат. Мысалы, жеке - белгілі бір зат жайында 355 - бапта
айтылған. Заттардың айрықша түрі болып табылатын орындау нысаны ретінде ҚР
АК-да ақша алынған (282-бап). Орындау нысаны зат емес мүліктер де, атап
айтқанда, міндеттемелік құқық та, интеллектуалдық меншік те болуы мүмкін.
Орындау нысаны өзіне затты да, талап қою құқығын да, борыштарды да,
интеллектуалдық меншікті де (айрықша құқықты) қамтитын мүліктік кешен болуы
мүмкін. Сөз мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жайында болып отыр (ҚР АК
119-бап).
Міндеттемені орындау процесіндегі өте маңызды мәселе - орындау мерзімі
және орны. Міндеттемелер орындалу мерзімі анықталған және орындалу мерзімі
талап етілетін кезбен анықталған болып бөлінеді. Міндеттеменің орындалуын
қамтамасыз ету тәсілдері ұғымы және олардың түрлері. Азаматтық құқықта
міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерге заңда немесе шартта
көзделген, борышқордың міндеттемені тиісінше орындауына ынта беретін және
несие берушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүліктік сипаттағы
арнаулы шаралар жатады. Бұл шаралар, әдетте, мына мақсаттарды көздейді:
• борышқордың жауапкершілігінiң ауқымын ұлғайту және залалдың
барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін өндіруді оңайлату - бұл
шараларға мерзімді өткзіп алғандық үшін өсімақы немесе
міндеттемені орындамағаңдық немесе тиiсінше орындамағандық үшін
айыппұл жатады;
• борышқордың жауапкершілігін үшінші жаққа тарату және оларды
орындауға жауапты адамдар қатарына тарту - бұл шараларға, атап
айтқанда, кепілдік және кепілдік беру жатады;
• несие берушіге белгілі бір заттар есебінен өз талаптарын
артықшылықпен қанағаттандыруға құқық беру (адамға емес, заттың
құнына сенемін) - бұл шараларға, мысалы, кепіл зат жатады;
• борышқор міндеттемені орындаудан бас тартқан жағдайда несие
берушінің қайтарылмайтын аванс алуы - бұл шараларға кепілақы мен
кепілдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗИЯН КЕЛТІРУДЕН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Міндеттеме ұғымы және түрлері
Банкроттық туралы істер бойынша төрелік соттың актілері
Заем шарты және жалпы сипаттамасы
Міндеттемелер есебін бақылау
ДЕЛИКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және бір жақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме
АЙЫРБАС ШАРТЫНЫҢ ТАРАПТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Айырбас шарты туралы
Пәндер