Меншік құқығы туралы жалпы ережелер



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І.ТАРАУ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 4
4
1.1 Меншік құқығы ұғымы және оның мазмұны 4
4
1.2 Меншік құқығының пайда болу негіздері 6
4
ІІ.ТАРАУ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ 12
10
2.1 Жекеменшік түсінігі мен түрлері 12
10
2.2 Мемлекеттік меншік түсінігі және түрлері 23

18
2.3 Меншік құқығының тоқтатылу негіздері 27
21
Қорытынды 30
24
Қолданған әдебиеттер 31
25
Кіріспе


Меншік институты әлі де болса көптеген ғалымдардың назарын аударатын мәселе. Меншік қатынастарын құқықтық реттеу кез келген қоғамның экономикалық негізін құрайды. Қазақстан және бұрынғы одақ көлеміндегі мемлекеттердің жоспарлары экономикадан нарықтық экономикаға өтуінің өзі меншік қатынастарының өзгеруіне, мемлекеттік меншікті жекешелендіру нәтижесінде жеке меншіктің дамуына және де жеке кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауға мүмкіндіктер туындады. Елімізде экономикалық қатынастарды, соның ішінде меншік қатынастарын реттейтін көптеген заңдар қабылданды. Олардың ішінде экономикалық заңдардың негізі және орталығы болып Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі есептелінеді.
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі - нарықтық қатынастардың даму кезінде қоғамдық қатынасқа түсуші субъектілер кез келген шаруашылық қызметтерін жүзеге асыру барысында өздеріне тиесілі меншігіндегі мүлікпен қатынасқа түседі. Ал сол мүлікке меншік иесі қандай құқықтарды жүзеге асырады, оны құқықтық реттеу мәселесі әлі де болса зерттеуді қажет етеді.
Меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қоралатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану жәе бұл мүлікке билік ету құқығы.
Меншік институты Қазақстанның қалыптасуынан бастап зерттеліп келеді. Меншік құқығы субъективті азаматтық құқық ретінде, ал экономикалық жүйеде және құқықтық қатынастарда меншік құқығының орны меншік құқығының объектісі ретінде қарастырылады.
Меншік қатынастары әртүрлі құқық салалары нормаларымен реттелінеді, яғни конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, жер, қылмыстық және т.б. Бұл жалпы теориялық ортақтауды қажет етеді және әр қоғамда меншік институтының дамуына тән ортақ заңдылықтар айқындайды.
Бұл қазіргі кезде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың бағытын дұрыс белгілеуге өзінің ықпалын тигізеді. «Меншік құқығы» әлі де болса бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осы курстық жұмысында иелену, пайдалану, билік ету, меншік, виндинациялық талап, неготорлық талап және т.с.с. терминдер қолданылады.
Сонымен қатар, меншік қатынастарын құқықтық реттеу мәселелері жан-жақты қарастырылған.
Жоғарыда қарастырылып жатқан меншік түсінігі экономикалық тұрғыдан оның маңыздылығын көрсетуде.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж(өзгертулер мен толықтырулар 07.10.2007ж)
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы,Юрист,2003ж
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне еңгізу туралы.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы.1994 ж.27 желтоқсан.
4. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Оқулық Алматы,1999ж
5. Жайлин Ғ.А Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім.1-2 томдар,Алматы,2003ж.
6. Гражданское право Республики Казахстан / Под. ред. ТулеугалиеваГ.И.,МауленоваК.С.,СарсембаеваМ.А.Учебное пособие (Часть общая. Издание второе, дополненное и измененное ). – Алматы ,1999 г
7. Комментарий к гражданскому кодексу Республики Казахстан (общая часть / отв. ред.) Сулейменова М.К.,Басин Ю.Г.- Кн 1 и 2. –Алматы,1998 г.
8.Қ.Р. Конститутциялық құқығы. Сапарғалиев.
9.Қ.Р. Мемлект және құқығының негіздері 2003 ж
10.Қ.Р. Азаматтық құқығы Төлеуғалиев Ғ. 2001 ж
11.Қ.Р. Конститутциясы 2002 ж
12.Қазақша-орысша сөздік

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..

І-ТАРАУ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 4 4
1.1 Меншік құқығы ұғымы және оның мазмұны 4 4
1.2 Меншік құқығының пайда болу негіздері 6 4
ІІ-ТАРАУ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ 12 10
2.1 Жекеменшік түсінігі мен түрлері 12 10
2.2 Мемлекеттік меншік түсінігі және түрлері 23
18
2.3 Меншік құқығының тоқтатылу негіздері 27 21
Қорытынды 30 24
Қолданған әдебиеттер 31 25
Кіріспе

Меншік институты әлі де болса көптеген ғалымдардың назарын аударатын
мәселе. Меншік қатынастарын құқықтық реттеу кез келген қоғамның
экономикалық негізін құрайды. Қазақстан және бұрынғы одақ көлеміндегі
мемлекеттердің жоспарлары экономикадан нарықтық экономикаға өтуінің өзі
меншік қатынастарының өзгеруіне, мемлекеттік меншікті жекешелендіру
нәтижесінде жеке меншіктің дамуына және де жеке кәсіпкерлікке қолайлы
жағдай жасауға мүмкіндіктер туындады. Елімізде экономикалық қатынастарды,
соның ішінде меншік қатынастарын реттейтін көптеген заңдар қабылданды.
Олардың ішінде экономикалық заңдардың негізі және орталығы болып Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексі есептелінеді.
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі - нарықтық қатынастардың даму кезінде
қоғамдық қатынасқа түсуші субъектілер кез келген шаруашылық қызметтерін
жүзеге асыру барысында өздеріне тиесілі меншігіндегі мүлікпен қатынасқа
түседі. Ал сол мүлікке меншік иесі қандай құқықтарды жүзеге асырады, оны
құқықтық реттеу мәселесі әлі де болса зерттеуді қажет етеді.
Меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қоралатын өзіне
тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану жәе бұл мүлікке билік ету
құқығы.
Меншік институты Қазақстанның қалыптасуынан бастап зерттеліп келеді.
Меншік құқығы субъективті азаматтық құқық ретінде, ал экономикалық жүйеде
және құқықтық қатынастарда меншік құқығының орны меншік құқығының объектісі
ретінде қарастырылады.
Меншік қатынастары әртүрлі құқық салалары нормаларымен реттелінеді,
яғни конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, жер, қылмыстық және т.б.
Бұл жалпы теориялық ортақтауды қажет етеді және әр қоғамда меншік
институтының дамуына тән ортақ заңдылықтар айқындайды.
Бұл қазіргі кезде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың бағытын
дұрыс белгілеуге өзінің ықпалын тигізеді. Меншік құқығы әлі де болса
бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осы курстық жұмысында иелену, пайдалану, билік ету, меншік,
виндинациялық талап, неготорлық талап және т.с.с. терминдер қолданылады.
Сонымен қатар, меншік қатынастарын құқықтық реттеу мәселелері жан-
жақты қарастырылған.
Жоғарыда қарастырылып жатқан меншік түсінігі экономикалық тұрғыдан
оның маңыздылығын көрсетуде.

І-ТАРАУ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Меншік құқығы ұғымы және оның мазмұны

Меншік құқығы түсінігін, оның пайда болуын және ерекшеліктерін
карастырайық.
Бұл тұрғыда ең алғаш меншік ретінде жеке тұлғаға немесе ұжымға тиесілі
затқа олардың өз мүлкі сияқты қарауы анықталған. Мұнда меншік менікі және
сенікі деп бөлінуді астарлайды. Мұнсыз тіпті меншік жоқ. Бұл тұрғыдан
алғанда қандай да бір болмасын меншік нысаны жеке болып табылады.
Меншіктің берілген бұл жай анықтамасынан біз мынаны түсінеміз, меншік
– бұл адамның затқа қатынасы. Әрине, бұл меншіктің мазмұнына сәйкес
келмейді. Мұндай қатынастарды бір жағынан затқа өзінікі ретінде қарайтын
меншік иесі түссе, екінші жағынан меншік иесі еместер тұрады, сонымен
қатар, затқа бөтендік ретінде қарайтын барлық үшінші жақтар бөтен, затқа
және меншік иесінің еркіне қатысы болмауы керек. Жоғарыда берілген
түсінігінен білеріміз, меншік – зат түріндегі материалдық нысанды қамтиды.
Меншік бұл – қоғамдық қатынас. Қоғамдық қатынас ретіндегі меншіктің
мазмұны меншік иесінің басқа тұлғалармен материалдық құндылықтарды
пайдалану, айырбастау, бөлу, өндіру процестерінде түсетін байланыстармен
қатынастарынан туындайды.
Сонымен, меншік – материалдық нысан және еріктілік мазмұн тән қоғамдық
қатынас. Меншік – бұл мүліктік қатынас, және де мүліктік қатынастар
қатарында бастапқы орында. Меншік иесінің еркі өзіне тиесілі затқа
қатынасында, оны иелену, пайдалану және билік етумен сипатталады.
Иелену – меншік иесінің затқа шаруашылық билігін білдіреді.
Пайдалану – затты өндіру немесе қолдану барысында, одан пайдалы
қасиеттерін алуды білдіреді.
Ал билік ету – затқа қатынасты оның тағдырын шешетін актілерді жасауды
білдіреді.
Жоғарыда қарастырылып жатқан меншік түсінігі экономикалық тұрғыдан
оның маңыздылығын көрсетуде.
Меншіктің түсінігі иеленіп алу тұрғысынан К. Маркстің еңбектерінде
шырқау шегінен шықты десек, қателеспейміз. Мұнда меншік және иеленіп алу
шын мәнінде бір-бірімен байланысады. Әсіресе, бұл байланыс Саяси
экономияны әшкерлеу кіріспесінде кеңінен қарастырылған. Оның пікірі
бойынша, иелену, пайдалану, билік ету нақты экономикалық категория иеленіп
алуға қарағанда, үстемділікке ие. Оның пайдалы жағы жоғары меншікті ерекше
және сол уақытта оған қатысты жолдрдың барлық түрлерінде тарихи өзгермелі
экономикалық категория ретінде тану, оның саяси-экономикалық, сонымен
қатар, құқытық ғылымдарда да үстемділігін көрсетеді. Бұл тұрғыда, экономист
В.П.Шкредовтың еңбектерінде басқа көзқарас ұсынылады. Ол: меншік ерекше
экономикалық категория ретінде қалыптаспайды, оны тек құқытық категория
ретінде қарастыруға болады, - деп есептейді.
Осыған дейін меншік экономикалық категория ретінде қарастырылып келді.
Енді, оның құқытық ктегория ретінде мазмұнын ашып көрсетуіміз жөн.
Мемлекеттік-құқықтық нысандағы қоғамда меншіктің экономикалық қатынасы
құқықтық бекіту алады.
Меншік құқығының мазмұнын иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік
ету құқық қабілеттіліг құрайды.сонымен, меншік құқығы дегеніміз –
субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі
мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Ал енді бұл меншік құқығының нысанын қарастыратын болсақ:
Иелену құқығы – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заң
жүзінде қамтамасыз етілуі болып табылады.
Пайдалану құқығы – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың,
сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда, кіріс,
өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін.
Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен
қамтамасыз етілуі.
Жоғарыда айтылғандай, меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз
қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүліктің
басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып
қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі
өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік ету
жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүікті кепілге беруге және оған басқа
да әдістермен ауыртпалықтар түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге
құқылы.
Бұрынғы әрекет еткен азааттық заңдарда меншік иесінің меншікке деген
құқық қабілеттілігін санап алуға болар еді. Бұл жерде иелену құқығы
түсінігіне заңдамалар қандай мазмұны енгізгендігіне және кімді заттың иесі
ретінде санау керектігіне жекеше жауап беру қиынға түседі. Бұл мәселеде рим
құқығының мысалына жүгінуге және бұнда иелену мен ұстау түсініктерімен
шектелуге болады, немесе герман топтарының заңнамаларын және ондағы
құлдарды иеленуші сипатындағы қоса иеленушілік институтын бекітуге болады.
Өкінішке орай, заң шығарушы бұл варианттардың ешқайсысын таңдамаған,
сондықтан да меншік иесі затын басқа біреуге берген кезде оның иеленушісі
ретінде қала ма?- деген сұраққа жауап беру қиынға түсер.[1,67-68б]

1.2 Меншік құқығының пайда болу негіздері

Меншік құқығы тек қана белгілі бір құқықтық фактінің ал, кейбір
жағдайларда олардың жиынтығының болуынан туындайтын субъективтік құқық
қатарларына жатады. Бұл құқықтық фактілер меншік құқығының пайда болу
негіздері деп аталады.
Дамыған ғылымға меншік құқығының пайда болу негізін бастапқы және
туында деп бөледі. Бастапқы және туынды деп бөлу критериясына қатысты,
кейбір жағдайларда ерік критериясына, ал басқасында құқық иеленушілік
критериясына көбірек мән беріледі.
Меншік құқығын иеленудің тәсілдерінің бөліну негізіне иеленушілік
критеиясын салыну міндетті, ал ерік критериясына қатысты барлық жағдайларда
тәжірибелік сынақты ұстана алмайды.
Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе жаңа затқа меншік құқығы
оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиеді.
Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу – сату,
айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікте иеліктен айыру туралы өзге де
мәміленің негізінде ие болуы мүмкін.
Азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке
немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамға көшеді.
Ал заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесілі мүлікке
меншік құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықиы мирасқорына – заңды
тұлғаларға көшеді.
Жеке тұлғаға келетін болсақ, ол меншік иесі жоқ мүлікке, меншік иесі
белгісіз мүлікке, не меншік иесі бас тартқан немесе өзге негіздер бойынша
ол меншік құқығын жоғалтқан мүлікке меншік құқығын алуы мүмкін. Сондай-ақ
меншік құқығы иәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа
адамға беріледі.
Меншік құқығын азаматтық құқықтың субъектілері әртүрлі негіздерде ала
алады. Азаматтық кодекстің 235 б. Меншік құқығына ие болуға әдейі арналған.
Бірақ та заң меншік құқығын алудың негіздерінің түпкілікті дәрежеде тізімін
жасады деуге болмайды. Азаматтық кодекстің 235 б-да тәсіл ұғымы
қолданылмайды (бір нәрсені жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер немесе
әрекеттер жүйесі). Менік құқығы оның пайда болуымен заңды байланыстыратын
заңдық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңдық фактілер
негізделуімен көрінеді (АК 7б.).
Меншік құқығын алуда бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшеміне
бір жағдайда еркіндік өлшемі ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық сай
келеді, оның соңғысына ерекше баға береді.
Бастапқысына жататын талап деп мынаны айтамыз: зат бұрын болмады және
меншік құқығы оған бірінші рет тағылды немесе зат бұрын болса, мешік құқығы
оған бұрынғы меншік иесінің құқығынан тәелсіз жүзеге асады. Сондықтан да
азаматтық кодекстің бастапқы негіздеріне мыналар қатысты: жаңадан жасалып
жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуы (236 б. 1 т.);
өңдеу (237 б.); иелену мерзімі (240 б.); олжа (245 б.); қараусыз жануарлар
(246 б.); меншік алынған мүлікті иелену (248 б.); көмбе (247 б.).
Туынды негіздер мешік иесі құқығын алуда бұрынғы меншік иесінің
құқығына тәуелді болуымен сипатталады. Жаңа меншік иесі пайда болуымен
байланысты одан бұрынғысының құқығы бір мезгілде тоқтатылады. Алдымен
меншік құқығына ие болу негіздерінің жалпы сиапттамасына тоқталайық.
Меншік құқығының туынды негіздерінің пайда болуы шартқа (сатып алу-
сату, заем, несие әне т.б.), сондай-ақ мұрагерлікке (заң мен өсиет бойынша)
байланысты, ол заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқытық мирасқорлық
тәртібімен жүзеге асады. Туынды негіздерге сонымен қатар мүлікті тәркілеу
(АК-тің 249 б. 4 т.), жекешелендіру (АК-тің 249 б. 3 т.), жер учаскесін
алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру (АК-тің 249 б. 5
т.), күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер
(АК-тің 249 б. 6 т.) қатысты және заңда көзделген басқа жағдайлар да
жатады.
Жаңа меншік иесіне тек заттың ғана меншік құқығы емес, осы затқа
байланысты құқықтар мен міндеттердің барлығы ауысады. Мәселен, үй стып
алған адамға сол үймен байланысты жасалған жалдау немесе кепіл шарттары
көрінеді. Тағы бір мысал: мұраны қабылдап алған мұрагер мұра қалдырушының
борыштарына өзіне ауысқан мұралық мүліктің нақты құнды шектерінде жауап
береді. Сондықтан да меншік құқығына ие болудың туынды негізіне әрқашанда
мирасқорлық қасиет тән меншік құқығына ие болуға байланысты жаңа меншік
иесі бұрынғы меншік иесі еншілеген барлық өкілеттілікті түгелдей өзіне алды
деуге болады. Мәселен, бұл жаңа меншік иесіне қандай мүліктің ауысуына және
оның иесі кім екендігіне (мемлекет, заңды тұлға немесе жеке тұлға), жаңа
иеленушінің меншік құқығы қандай болатындығына (мемлекеттік нмесе жеке
меншік) байланысты.
Енді меншік құқығының бастапқы негіздеріне тоқталатын болсақ,
Азаматтық Кодекстің 235 б. 1 т. Меншік құқығын алудың бастапқы негіздерінң
біріне дайындалған немесе жасалған затқа құқытық жатқызады. Меншік құқығы
бұрын болмаған затқа да пайда болады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, затты
дайындап не оны жасаған адам сол атың меншік иесі атанады. Жаңадан
дайындалып жасалған заттар қозғалатын не қозғалмайтын болуы мүмкін.
Азаматтық Кодекстің 236 б-на сәйкес салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға,
өзге де мүлік кешендеріне, сондай-ақ өзге де жаңадан салынып жатқан
қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кеден бастап
пайда болады. Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған
объектілерді қабылдап алу көзделген болса, онда тиісті мүлікті жасау
осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептелінеді.
Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы
осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.
Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал тиісті жағдайларда –
оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік
жасалатын материалдар мен басқа мүлікке меншік құқығы туралы ережелер
қолданылады.
Заң бастапқы негіздерге мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған
жемістерді, өнімді, табысты жатқызады (АК-тің 235 б. 1 т.). зат күйінде
жеміс дегеніміз өздігінен өсіп-өнген органикалық дүние, ол затқа айналып,
өзінен табыс түсіреді. Жемістер табиғи болуы мүмкін (ол табиғат не адам
күшімен өндіріледі), сондай-ақ оны таза табиғи өнеркәсіп өнімі деп бөледі
(бұйым, өнім т.б.) немесе табыстар көзі болып табылады (мысалы, жалға ақы
төлеу немесе пайыздар және т.б.). Зат табиғи жемістер мен өнім және табыс
түріндегі жемістердің ара жігін ашып көрсетеді. Бұл АК-тің 193 б-да
қарастырылған: мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған түсімді (жемістер,
өнімдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы
шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті заңды негізде пайдаланушы адамға
тиесілі болады.
Меншік құқығын алудың бастапқы негізінде өңдеу де жатады (бұл тұлға
материалды өңдеп, одан екінші зат жасайды).
Сонда әлгі өнімге құқық алатын оны жасаған адам ба, әлде материалдың
меншік иесі ме? Азаматтық Кодекстің 237 б-на сәйкес, шартта өзгеше
көзделмегендіктен, адам өзіне тиесілі емес материалдарды өңдеу арқылы
дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншік меншік құқығын материалдардың
меншік иесі алады. Алайда, егер өңдеу құны материалдардың құнынан едәуір
асып кетсе, жаңа затқа меншік құқығын адал жұмыс істеп, өңдеуді өзі үшін
жүзеге асырған адам алады. Бұл жағдайда да өңдеушіге жасалған жұмысының
құнын төлеу немесе меншік иесіне материалдың құнын өтеу мәселесі туындайды.
Осы сұрақтың шешімі мынадай: өз материалдарынан дайындалған затқа меншік
құқығын алған материалдардың меншік иесі ол затты өңдеуді жүзеге асырған
адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншік құқығын алған ретте
соңғысы материалдардың меншік иесіне олардың құнын қайтаруға міндетті.
Өңдеуді жүзеге асырған адамның ықылассыз әрекеттерінің нәтижесінде
материалынан айрылған меншік иесі жаңа затты өз меншігіне беруді және өзіне
келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы (АК-тің 237 б. 1-
3 т.).
Меншік құқығының пайда болуның бастапқы негіздеріне өнімді жинауға
балық, аң аулауға арналған көпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру да
жатады. Заңдар мен жергілікті әдет-ғұрыпқа немесе меншік иесі берген жалпы
рұқсатқа сәйкес ормандарда, бөгендерде немесе басқа аумақта жидек теруге,
балық, аң аулауға басқа нәрселерді жинауға немесе аулауға жол берген ретте,
тиісті заттарға меншік құқығын оларды жинауды және аулауды жүзеге асырған
адам алады (АК-тің 241 б.). мысалы, осы нормаға сәйкес азаматтар мен заңды
тұлғалар өз әрекеттері кезінде белгіленген ережені сақтау талап етіледі
(аң, балық аулау және т.б.). мұндай ережені бұзған тұлға тиісті
жауапкершілікке тартылады.
Меншік құқығын алудың бастапқы негіздеріне Азаматтық Кодекс тұңғыш
ретиелену мерзімін де енгізді. Бұл негізді қолдану жөнінде жоғарыда иелену
меріміне орай айтып кеткен болатынмын (АК-тің 240 б.). кеңес үкіметінің
азаматтық кодексінде тек талап мерзімі ғана болған-ды. Бірақ иелену мерзімі
институты мүлдем енбеген еді. Қазақстан Республикасы заңына иелену мерзімі
тұңғыш рет енгізіліп отыр. Иелену мерзімі деп қозғалатын мүлікке азамат
немесе заңды тұлғаның адал, ашық және ұдайы иеленген құқығын айтамыз. Ал
оның мерзімі – 15 жыл, ал қозғалмалы 5 жыл. Қозғалмайтын немесе басқа да
мүліктерге меншік құқығы бар мүлікті иелену мерзіміне сәйкес алған тұлғада
тіркеу кезінен бастап пайда болады.
Иелену мерзімі бойынша меншік құқығын алудың қажетті жағдайы мынадай
болады: иелену, яғни тура өзінің мүлкіндей көру, адалдық, ашық, үздіксіз
болуы және мерзім.
Тура өзінің мүлкіндей көру теңеуі тек мүлікті ұстау ғана емес, оны
заңға сәйкес иелену болып табылады1. Мысалы, мемлекеттік меншіктегі жерді
пайдалану, оны өз меншігіне алу дегенді білдірмейді. Бұл орайда ол оны
мейлі ұзақ уақыт пайдалана берсін, бәрібір осы талап сақталады. Яғни
мемлекеттік жер пайдалануға берілген екен, оны иеленуші өзіне меншіктемей
басқаның мүлкі деп есептеуі тиіс.
Иелену мерзімнің қажетті шарты оны адалдықпен иелену, яғни мүлікті
иеленуші өз иелігінің заңдық негізін естен шығармайды.[2,24б]
Иелену мерзімінің тағы бір маңызды шарты ашық және үздіксіз пайдалану
болып табылады. Ашық дегенді иелену ешқандай бүкпесіз, әділ жүзеге асыру
деп түсіну керек, сондықтан ол басқа тұлғалар тарапынан не заңдық, на
әлдекімнің қолдан жасалған кедергілеріне ұшырамайды. Міне, сол себепті АК-
тің 240 б. 4 т-да тұлға да болып, оның иеленуіне орай талап етілуі мүмкін
мүліктер жөніндегі иелену мерзімінің өтуі тиісті талаптар бойынша талап қою
мерзімі бітуінен ерте басталмайды делінеді.

ІІ-ТАРАУ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ

2.1 Жекеменшік түсінігі мен түрлері

Біздің Республикамызда қалыптасқан нысан бойынша жалпы меншік құқығы
ең алдымен жеке және мемлекеттік меншік болып бөлінеді. Ал оларды жеке-жеке
қарастыратын болсақ.
Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен
олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрініс табады.
Бұл аталған нысандағы меншіктің пайда болу негіздері жоғарыда
көрсетілгендей тәртіпте жүзеге асырылады.
Заң құжаттарына сәйкес, азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі
бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке
меншікте болуы мүмкін.
Жалпы негізде жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны
шектелмейді. Ал мемлекеттік меншік болса өз алдына республикалық және
коммуналдық меншік түрінде көрінеді.
Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына
сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген
мүліктен тұрады. Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және
алмаз қоры, өзге де мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын
құрайды.
Коммуналдық меншік болса, жергілікті қазынадан және заң құжаттарына
сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты және мемлкеттік заңды тұлғаларға бекітіліп
берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік
құқығымен тиесілі болады. Мұнда мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік
құқығындағы үлестері белгілене отырып, (үлестік меншік) немесе ондай
үлестер белгіленбей (бірлдескен меншік) ортақ меншікте болуы мүмкін.
Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде
пайда болады, оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды, өйткені
ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды.
Осы бірлескен меншікке қатысушылардың келісімі бойынша, ал келісімге
қол жетпеген жағдайда – сот шешімі бойынша ортақ меншікке осы адамдардың
үлесті меншігі белгіленуі мүмкін.
Егер үлесті меншікке қатысушылар үлестеріні мөлшері заң құжаттары
негізінде анықталуы және оған барлық қатысушылардың келісімімен белгіленуі
мүмкн болмаса, үлестер тең деп саналады.
Ал үлесті меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық қатысушыларының
келісуімен жүзеге асырылады.
Жалпы ортақ бірлескен меншік:
1. ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі;
2. шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі;
3. жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады.
Бұл аталған ортақ бірлескен меншік түрлерін жеке дара ашып қарастыратын
болсақ:
Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі деп – олардың некеде тұрған кезде
жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі немесе
меншік құқығында тиісті бөліктерде ерлі-зайыптылардың әрқайсысна тиесілі
екені олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бірлескен меншігін
айтамыз.
Ерлі-зайыптыларға некеге тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ
олардың некеде тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ олардың некеде
тұрған кезде сыйға тартқан немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі олардың
әрқайсысының меншігі болып табылады.
Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі, олардың арасындағы шартта өзгеше
белгіленбегендіктен, бірлескен меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі
болады.[3,112б]
Шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігінде оның мүшелерінің ортақ
қожалығына шаруашылық үшін сатып алынған жер учаскісіндегі екпелер,
шаруашылық үшін сатып алынған жерлер, шаруашылық және өзге де кора-копсы
құралыстары, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнім беретін мал мен
күш көлігі, құс, ауылшаруашылық және өзге техника мен жабдықтар, көлік
құралдары, құрал-сайман және басқа мүлік болады.
Шаруа қожалығының қызметі нәтижесінде алынған жемістер, өнім және
табыс шаруа қожалығы мүшелерінің ортақ мүлкі болып табылады және олардың
арасындағы келісім бойынша пайдаланылады.
Ал, жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік дегеніміз –
жекешелендіру туралы заңдарға сәйкес жолдаушы сатып алған немесе тегін
алған мемлекеттік тұрғын үй қорының үйіндегі тұрғын жай, егер олардың
арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жолдаушының және онымен бірге тұрақты
тұратын отбасы мүшелерінің, соның ішінде кәмелетке толмаған және уақытша
тұрмайтын мүшелерінің бірлескен меншігіне көшеді.
Бұл негізде тұрғын үйде тұратын жанұя мүшелерінің барлығы меншік
иелері бола алмайды. Жанұя мүшелері бірге тұрып жатқан басқа жанұя
мүшелеріне тұрғын үй сатып алуға келсім бере алады, бірақ өздері
жекешелендіруге қатысушы ретінде түскілері де келмеуі мүмкін. (мыс: тұрғын
үй жағдайын жақсартуда басқа жолдарын кепеу үшін).
Негізінен бірлескен меншікке қатысушылар, егер олардың арасындағы
келісімде өзгеше көзделмесе, ортақ мүлікті бірлесіп иеленеді және
пайдаланады.
Сонымен бірге мүлікке билік ету жөніндегі мәмлені қатысушылардың
қайсысы жасағанына қарамастан, бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету
барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Ал егер нотариаттың куәландіруін немес мемлекеттік тіркеуді қажет
ететін мәмлелер жасасу кезінде бірлескен мүлікке басқа қатысушылардың
мәміле жасауға келісімі нотариалдық тәртіппен расталуға тиіс.
Ортақ меншікті бірлескен меншікке қатысушылар арасында бөлу, сондай-
ақ оларлдың біреуінің үлесін бөліп шығару қатысушылардың әрқайсысының ортақ
мүлікке құқығындағы үлесі алдын-ала анықталған жағдайда ғана жүзеге
асырылуы мүмкін.
Үлесті немесе бірлескен меншікке қатысушыға несие беруші қатысушы да
басқа мүлік жеткіліксіз болған жағдайда, борышқордың ортақ мүліктегі үлесін
одан ақы өндіріп алу үшін бөліп беру туралы талап қоюға құқылы.
Ортақ меншіктің өзге қатысушылары борышқордың үлесін сатып алудан бас
тартқан реттерде несие беруші борышқордың ортақ меншік құқығындағы үлесін
жария саудаға салу жолымен осы үлестен сот арқылы ақы өндіріп алуды талап
етуге құқылы.
Егер мұндай жағдайда, үлесті заттай бөліп шығару мүмкін бомаса не
үлесті немесе бірлскен меншіктің қалған қатысушылары бұған қарсылық
білдірсе, несие беруші борышқордан өз үлесін ортақ меншіктің өзге
қатысушыларына осы үлесті нарықтық құнына сәйкес бағамен сатып, сатудын
түскен қаражатты борышты өтеуге салуды талап етуді құқылы. Ал үлесті
меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық қатысушыларының келісімімен жүзеге
асырылады
Жылжымайтын мүлікке меншік кондоминиум нысанында да пайда болуы
мүмкін, бұл жағдайда жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері азаматтардың
және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншігінде болады, ал
жылжымайтын мүліктің бөлек меншікте емес бөліктері ортақ үлестік меншік
құқығымен жылжымайтын мүлік бөліктерінің иелеріне тиесілі болады.
Мұндағы әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесі оның жылжымайтын
мүліктің өзіне тиесілі бөлігіне бөлек меншігінен ажырағысыз.
Әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері мен оны ұстауға
арналған шығындарға қатысу дәрежесі, егер шартта өзгеше көзделмесе,
жылжымайтын мүліктің дара (бөлек) меншіктегі бөліктерінің мөлшеріне
байланысты болады.
Ал осы үлесті меншіктегі мүлікті иелену және пайдалану оның барлық
қатысушыларының келісуімен, ол келіспеген жағдайда – сот белгілейтін
тәртіппен жүзеге асырылады.
Мұны да бірлесіп мүлікті меншік иесі ретінде ұстаудың түрлерінің
біріне жатқызуға болады.
Жай серіктестік осы бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік
шарты) бойынша – тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтін өзге де
мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға міндеттенеді.
Жай серіктестік заңды тұлға болмайды. Бірлескен қызмет туралы шарт –
азаматтардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында, заңды тұлғалар
арасында жасалады (консорциум).
Осы аталған жай серіктестік қатысушылардың бірлескен қызметі туралы
шартқа байланысты міндеттемелері, егер бірлескен қызметі туралы шартқа
байланысты міндеттемелерінде өзгеше көзделмесе, үшінші жақтар алдында ортақ
болып табылады.
Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар өз мақсаттарына жету үшін
жарналарын ақшалай немесе басқа мүлікпен не еңбек үлесі арқыла қосады.
Шартқа қатысушылардың ақшалай немесе өзге де мүліктік жарналары,
сондай-ақ олардың бірлескен қызметі нәтижесінде жасалған немесе сатып
алынған мүлік олардың ортақ үлесті меншігі болып табылады.
Осы бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ істерін
жүргізу олардың жалпы келісімі бойынша жүзеге асырылады. Өзара келісім
бойынша олар бірлескен қызметке басшылық етуді және ортақ істерді жүргізуді
қатысугылардың біреуіне тапсыра алады, ал ол қатысушы бұл орайда шартқа
өзге қатысушылар берген сенімхат негізінде әрекет етеді.
Бірлескен қызметке қатысу құқығын беру бірлескен қызмет туралы шартқа
қатысушылардың келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Аталған жай
серіктестік шартына қатысушы өз қалауы бойынша бірлескен қызметке қатысудан
бас тартуға құқылы.
Бірлескен қызметке қатысушылардың қайсыбіреуінің қатысудан бас тартуы
салдарынан келтірілген залалдар, егер бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше
көзделмесе, толық көлемінде өндіріліп алынады. Сонымен қатар бірлескен
қызметі бойынша ортақ шығындарды және соның нәтижесінде пайда болған
залалдарды табу тәртібі қатысушылардың шартымен белгіленеді. Ал, егер
шартта мұндай тәртіп көзделмесе, ортақ шығындар мен залалдар шартқа
қатысушылардың ортақ мүлкі есебінен жабылады, ал жетпей қалған салалар
олардың арасында осы мүліктегі үлестеріне қарай бөліп салынады.
Консорциум – бұл бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде
заңды тұлғалар нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін белгілі-бір
ресурстарды біріктіріп, күш-жігерді үйлестіретін ерікті түрдегі тың құқықты
уақытша одақ (бірлестік).
Консорциумға қатысушылар өздерінің шаруашылық дербестігін сақтап
қалады және басқа консорциумдардың, қауымдастықтардың қызметіне қатыса
алады.
Осы аталған консорциумға қатысушылардың арасындағы қатынастар шарт
негізінде құрылады. Ал консорциумды басқару болса, консорциумға
қатысушылардың консорциалдық келісіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Консорциумға қатысушылар, егер консорциалдық келісімде өзгеше
ескертілмесе, консорциум қызметіне байланысты міндеттемелер бойынша ортақ
жауапты болады.
Консорциум өз қызметін алдына қойған міндеттерін орындағаннан кейін
немесе оған қатысушылардың шешімі бойынша тоқталады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 б. Мен Азаматтық Кодекстің
191 б-на сәйкес азаматтардың меншік құқығы азаматтардың жеке меншігі
түрінде көрінеді. Жеке меншік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығы жайлы жалпы ережелер
Жер құқығы
Елді мекендер жері
Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны
Айырбас шарты туралы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі
Айырбас шарты
Меншік құқығының жалпы түсініктері
Азаматтық құқық жөнінде
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДЕРЕКНАМАЛАРЫ
Пәндер