XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу


Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1) XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
2) Пётр Петрович Семёнов-Тян-Шанский. Семёнов Тян-Шанскийдің Қазақстанды зерттеудегі еңбегі
III. Қорытынды
IV. Пайдалынған әдебиеттер тізімі
I. Кіріспе
VI ғасырдан бастап Қазақстан туралы географиялық мәліметтер орыс мемлекетінің ресми орындарында жинактала бастады. Ресей мен Қазақстан арасында дипломатиялық, экономикалық байланыстардың орнауына байланысты патша үкіметі қазақ жері туралы деректерді арнайы жіберілген елшіліктер арқылы да, саудагерлер мен саяхатшылар арқылы да жинады. Осылардың нәтижесінде Қазақстан табиғаты, халқы, мемлекеттік шекаралары жайында деректер толыға түсті. Сол мәліметтерге сүйеніп, Борис Годунов патшаның өтініші бойынша Қадырғали Қосынцлы Жалаири (XVI ғ. аяғы - XVII ғ. басы) («Жами ат-тауарих») «Жылнамалар жинағы» атты қазақ халқы мен оның жері туралы өте қызықты кітап дүниеге келді. Онда қазақ хандығы құрылуы жайлы тарихымен қоса, Қазақстан қалалары, өзендері мен таулары, шекаралары жөнінде кең мәлімет беріледі. XVII ғасырда Қазақстан аумағы С. Ремезов жасаған «Сібірдің сызба кітабы» атты картаға кіреді.
XVIII ғасырда орыс патшасы I Петр Қазақстанмен қарым-қатынасты күшейтуге ерекше көңіл бөлді. Қазақстан жерін Шығыс елдеріне шығатын «қақпа әрі кілт» санады. Оны Ресейге бағындырудың жоспарларын жасады. Осыған орай ол Қазақстанға әскери экспедициялар жасақтап, Каспий теңізі мен Сібірмен шекаралас өлкелерді зерттеуге тапсырма берді. 1734 жылы Орынбор экспедициясы ұйымдастырылды. 1768 жылы екінші академиялық экспедиция жасакталды. Бұлардың жұмысына П. С. Паллас, И. П. Фальк, И. П. Рычков сияқты ғалымдар қатысты. И. Муравин мен А. И. Бутаков Арал теңізі мен Сырдария бойында, Г. С. Карелин Каспий жағалауларында зерттеулер жүргізді. Қазақ жерін жалпы географиялық тұрғыда зерттеген бұл ғалымдардың еңбектерінде, жаңа деректермен қоса табиғаттың қалыптасу заңдылықтарын түсіндіруге де алғашқы талаптар жасалды. Осы және басқа материалдарды жинақтау негізінде А. И. Левшин 1832 жылы «Қырғыз-Қазақ немесе Қырғыз-Қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» атты еңбегін жазды. Мүнда Қазақстан жеріне тұңғыш рет салыстырмалы түрде толығырақ географиялық сипаттама берілді.
II. Негізгі бөлім:
1) XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
15-17 ғасырлардағы Қазақстан туралы географиялық мәлiметтер Ресей әдебиеттерiнде жинақтала бастаған. Бұл мәлiметтер Мәскеу мемлекетiн және оған iргелес аумақтарды бейнелеген “Большой чертеж” (“Үлкен сызба”) картасында жүйеленген. 1627 ж. шыққан “Книга большого чертежа” (“Үлкен сызба кiтабы”) атты еңбекте қазiргi республиканың батыс, оңт. және орт. бөлiктерiнiң бiршама жерлерiне нақтылы сипаттама берiлген. 17 ғасырда Қазақ ордасына және Орта Азия хандықтары жерiне жасалған орыс саяхатшыларының зерттеулерi жиiлей түскен. Олардың Жайық өз. сыртындағы дала туралы мәлiметтерi жинақталып, “Чертеж всей земли безводной и малопроходной каменной степи” (“Бүкiл жерi сусыз, өтуге қиын тастақты дала сызбасы”) деген атпен жарық көрген (1697) . Бұл туынды С. Ремезов жазған “Чертежная книга Сибири” (“Сiбiрдiң сызба кiтабы”) атты орыстың тұңғыш геогр. атласы құрамына енген. Мұнда Қазақстан аумағының көпшiлiк бөлiгi қамтылған. 18 ғ-дыҢ 30-жылдарынан 19 ғ-дыҢ 60-жылдарына дейiн созылған Ресейдiң Қазақстанды отарлау үрдiсi оның аумағының геогр. зерттелуiнiң сипаты мен барысына әсерiн тигiзбей қоймады. Бұл кезеңде жаңа қосылған аумақтарда орыс мемлекетi билiгiн орнату және нығайту мақсатына сай көптеген арнаулы әскери және ғыл. экспедициялар ұйымдастырылды.
Н. А. Северцов
Н. А. Северцовтің(1827-1885) Қазақстанды зерттеу Жұмыстары П. П. Семеновтың Тянь-Шаньды зерттеуімен тұстас келеді. Ол әуелде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі сағасына сапар шекті. Одан соң Тянь-Шаньда, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерінде зерттеу-бақылау жұмыстарын жүргізді, Үстірт пен Мұғалжарды зерттеді. Осы зерттеулер нәтижесінде Н. А. Северцов Қазақстан жерінде жануарлардың таралуы жайында ғылыми ой-пікірлерді кеңейтті. Жануарлардың өсіп-өнуі мен таралуына физикалық-географиялық жағдайлардың әсер ететінін дәлелдеді. Таулы өлкелердің геологиясы мен қалыптасу тарихына назар аударды. Ғалымның табиғат компоненттерінің өзара байланысы жәнө сабақтастығы туралы идеясы географиядағы экологиялық бағыттың дамуына жол ашты.
И. В. Мушкетов
И. В. Мушкетов(1850-1902) тамаша геолог болуымен қатар, физикалық география саласындағы ірі маман еді. Оның геологиялық зерттеулері физикалық географияның көп мәселелерін шешуге, табиғат құбылыстарының пайда болуы мен заңдылығын анықтауға көмектесті.
1875-1876 жылдары И. В. Мушкетов Тянь-Шаньның солтүстігі мен Жетісу (Жоңғар) Алатауына үлкен саяхат жасап, Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласының маңын, Александр жотасын, Сусамыр өзенінің алқабын, Боаш шатқалын, Ыстықкөлді зерттеді. Сонымен қатар Ілені, Күнгей және Теріскей Алатауды бірнеше жерден басып өткен.
И. В. Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған «Түркістан» (1886-1906) еңбегін жазды. «Түркістан немесе Түркістан бассейні деген атпен, - деп жазады автор, - мен Азия материгінің батысында Мұғалжар таулары мен Үстірттен бастап, шығысында Жетісу Алатауында, Тянь-Шаньға және Памирге дейінгі, оңтүстігінде Көпетдагтан және Хорасан тауларынан бастап, солтүстігінде Шыңғыстау және Арал - Ертіс суайрығына дейінгі ұланғайыр кеңістікті алып жаткан байтақ өлкені түсінемін».
Мушкетовтың Түркістан монографиясының негізгі бөлігі Тянь-Шань тауларының жүйесін, оның мұз басуын, сондай-ақ тау етектеріндегі жазық жерлер мен жота аралық аңғарлар мен ойыстарда сары (лесс) топырақты және саздақ балшьщты жерлердің пайда болуындағы метеорологиялық жағдайын зерттейді. Сонымен бірге шекараларын анықтап, алғашқы геологиялық қартасын (1881) жасады. Ғалым А. Гумбольдтың Тянь-Шаньда вулкандық құбылыс бар деген көзқарасын теріске шығарып, өз деректерін келтіреді. Сонымен бірге 1887 жылы Верныйда (Алматы) болған жер сілкінудің себептері мен шөлді аудандардағы жел әрекеті туралы құнды деректер жинақтады.
А. Н. Краснов
А. Н. Краснов(1862-1914) негізінен Тянь-Шань тау жүйесі мен Балқаш көлі маңындағы шөлді аймактың өсімдіктер жамылғысын зерттеді. Ол топырақ пен өсімдік арасындағы байланысты анықтап, физикалық-географиялық жағдайлардың өсімдіктерге тигізетін әсерін, әсіресе, мұз баскан жерлердегі өсімдіктер бойындағы өзгерістерді анықтады. Тянь-Шань өсімдіктерін еуропалық түрлермен салыстырып, олардың қалыптасу тарихы мен дамуын сипаттап жазды.
Л. С. Берг
Л. С. Берг(1876-1950) еңбектері де табиғат құбылыстарын тұтас бірлікте алып қарауымен ерекшеленеді. Қазақстан жеріндегі зерттеу қызметін әуелде Солтүстік Қазақстанның тұзды көлдерін (Теке, Қызылқак, Сілетітеңіз) бақылаудан бастаған. Ол 1900-1903 жылдары Арал теңізін мұқият зерттеді. Аралға таяу Қызылқүмды, Арал маңы Қарақұмын, Үлкен және Кіші Борсық құмдарын аралап көрді. Оның «Арал теңізі» (1908 ж. ) атты еңбегінде теңіз бен оның айналасындағы жерлердің жер бедері, геологиялык тарихы, гидрологиясы, жануарлар дүниесі мен өсімдіктері жанжақты сипатталды. Осы және басқа зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп, Л. С. Берг Қазақстан аумағын ландшафтылық аймақтарға және морфологиялык облыстарға бөлді. Батыс Сібір ойпаты, Торғай далалық өңірі, Түркістан ойпаты, Үстірт, Тянь-Шань жүйесі, Қазақтың қатпарлы өлкесі (Сарыарқа), Орал тау жүйесі, Алтай-Саян тау жүйесі сияқты географиялық облыстар Берг еңбектерінде дәлелденіп берілген.
XIX ғасырдың екінші жартысында басталған табиғатты физикалык-география тұрғысында тұтас зерттеу жұмысы XX ғасырдың бас кезінде де жалғасты. Бұл кезде Сібір темір жолының қазақстандык бөлігі бойында (Солтүстік Қазақстан) Қоныс аудару басқармасының ұйымдастыруымен Ақмола, Торғай, Жетісу облыстарында зерттеу жұмыстары жүргізілді. В. А. Обручев пен В. В. Сапожников Жетісу мен Тянь-Шаньды, Н. И. Андрусов Маңқыстау түбегін, С. С. Неуструев Жер қабатының қалыптасуындағы негізгі заңдылықтар және Оңтүстік Қазақстандағы топырақтардың негізгі типтерін сипаттауға үлес қосты.
Ертiс өзенінің бойында бекiнiстер салуға және Жоңғар хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнауына байланысты Шығыс және Оңт. -Шығыс Қазақстанды тұңғыш топогр. картаға түсiру iсi жүргiзiлдi. Сонымен қатар Қазақстанның батысында, Каспий мен Арал т-дерi жағалауында, Сарысу, Шу өзендерiнiң алаптарында картаға қарапайым түсiрулер iске асырылды. Бұл түсiрулердiң нәтижесiнде, бiр жағынан, Қазақстанның жеке өңiрлерiнiң тұңғыш iрi масштабты карталары жасалса, екiншi жағынан, табиғат ерекшелiктерi туралы ғыл. мәлiметтер жиналды. Қазақстан географиясы туралы алғашқы ғыл. еңбек П. И. Рычковтың 1762 ж. шыққан “Топография Оренбургская” (“Орынбор топографиясы”) атты кiтабы болды. Қазақстанның геогр. зерттелу тарихында 1768 - 74 жылдардағы акад. экспедициялар ерекше орын алды. Ресейдiң Ғылым және көркемөнер академиясының академиктерi мен адъюнктерi Қазақстанның Едiл мен Жайық өзендерi аралығындағы бөлiгiн, Маңғыстау түбегiн, Ырғыз бен Торғай өзендерiнiң алабын, Есiл даласын, Ертiс маңы ойпатын, Кендi Алтайды және Қалба жотасын зерттедi. 1820-21 ж. экспедициялық зерттеулер нәтижесiнде “Естественная история Оренбургского края” (“Орынбор өлкесiнiң табиғат тарихы”) атты 3 томдық еңбек жарияланды. Оның 1-бөлiмiнде Бат. Қазақстанның табиғат жағдайларына жалпы сипаттама берiлдi. 19 ғ-дың 1-жартысында қазiргi Қазақстан аумағын зерттеушi экспедициялардың саны артты. 1827 жылдан 1872 жылға дейiнгi аралықта Г. С. Карелин өлкенi картаға түсiрумен бiрге әр түрлi аймақтардың (Каспий т. жағалауы, Алтай, Тарбағатай, Жетiсу Алатауы тауларының) жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнен коллекциялар жинады. Атақты немiс ғалымы А. Гумбольдт өзiнiң Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесiнде “Центральная Азия” (“Орталық Азия”) деген көлемдi еңбегiн шығарды. 19 ғ-дың 30-жылдарына дейiн Қазақстан туралы жиналған геогр. деректер А. И. Левшиннiң “Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей” (“Қырғыз-қазақ не қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының сипаттамасы”) деген кiтабында (1832) қорытындыланды. Бұл кiтап Қазақстанның жерi туралы берiлген алғашқы толық геогр. сипаттама болды. 1840-50 ж. аралығында Шығыс, Оңт. -Шығыс және Орт. Қазақстан өңiрлерiне Ресей ботанигi Л. И. Шренк саяхат жасады. Ол Жетiсу Алатауына, Балқаш-Алакөл ойысының шығыс бөлiгiне физ. -геогр. сипаттама бердi. 19 ғ-дың орта шенiнде Арал (А. И. Бутаков) және Каспий (К. М. Бэр, Н. А. Ивашинцов) теңiздерi жан-жақты зерттелдi. 1857 ж. Арал-Каспий атырабына императорлық Санкт-Петербург ҒА-сы ұйымдастырған экспедицияға И. Г. Борщов пен Н. А. Северцов қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды деректерiнiң маңызы өте зор болды. Экспедиция жүмысының нәтижесiнде Бат. Қазақстанның жер бетi, геол. құрылысы, климаты, флорасы және фаунасы туралы нақты деректер кеңейдi. Борщов “Материалы для ботанической географии Арало-Каспийского края” (“Арал-Каспий өлкесiнiң ботаникалық географиясына арналған деректер”) деген классик. монографиясында Бат. Қазақстанды ландшафтылық-геогр. облыстарға бөлдi.
19 ғ-дың 50-60-жылдарында Жетiсу Алатауы мен Iле өңiрiн қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов зерттедi. Жетiсу және Тянь-Шаньның табиғатына ғыл. сипаттама бердi. Балқаш к. мен Алакөлдiң пайда болу және қалыптасу тарихының өте ұқсастығын дәлелдедi. Жетiсу Алатауы мен Солт. Тянь-Шань тауын жануарлардың таралуына қарай биiк таулық белдеулерге бөлдi. Сонымен бiрге осы зерттелген өңiрлердiң маршруттық және жалпы шолулық карталарын жасады. 19 ғ-дың алғашқы жартысында кен байлықтарын iздеуге байланысты физ. -геогр. сипаттағы бiрқатар жаңа деректер алынды. Әсiресе, Орт. Қазақстан мен Тарбағатай тауының және Маңғыстау түбегiнiң геол. құрылысы, орографиясы туралы нақтылы деректер жиналды. Қоныстандыру басқармасының Н. Г. Кассин, А. А. Козырев, П. В. Матвеев басқарған экспедициялары Қазақстанның бiрқатар аудандарының жер асты сулары туралы тұңғыш мәлiметтер бердi. Геол., топырақ тану, ботан., т. б. экспедициялар өз жүмыстарына қосымша Қазақстанның жер бедерi және оның ерекшелiктерiнiң жалпы сипаттамасы туралы зерттеулер жүргiздi. Мыс., Мушкетов өзiнiң геол. зерттеулерiнiң нәтижесiнде Тянь-Шаньның қазiргi жер бедерiнiң қалыптасу заңдылықтарын ашты және орогр. құрылысының негiзгi белгiлерiн анықтады. Оның Арал Қарақұмында жүргiзген бақылаулары Қазақстан мен Орта Азиядағы қуаң өңiрлер жер бетiнiң өзгеруiне эолдық факторлардың күштi әсер тигiзгенiн дәлелдедi. Д. Л. Иванов Батыс Тянь-Шаньнның iрi масштабты гипсометриялық картасын жасады. М. В. Баярунас Маңғыстаудың оңт-не жүргiзген геол. зерттеулерi кезiнде қосымша геоморфол. бақылаулар жүргiзiп, Қарақия, Қауынды, т. б. тұйық ойыстарға жан-жақты геогр. сипаттама бердi. Санаулы ғана арнаулы геоморфол. зерттеу жұмыстарының iшiнде Л. С. Бергтiң еңбегi ерекше. Ол алғашқы болып Солт. Арал шөлдерiнiң жер бедерi пiшiндерiне геоморфол. сипаттама бердi. 19 ғ-дың 70-жылдарынан Қазақстан аумағында метеорол. бақылаулар жүргiзiлдi, бiрақ мұнда метеорол. ст-лардың саны өте аз болды және аумақ бойынша орналасуы бiркелкi болмады.
II. Негізгі бөлім:
2) Пётр Петрович Семёнов-Тян-Шанский. Семёнов Тян-Шанскийдің Қазақстанды зерттеудегі еңбегі
Семенов-Тян-Шанский (1906 жылға дейін Семенов) Петр Петрович [2. (14) . 1. 1827, қазіргі РФ, Липецк облысы Чаплыгин ауданы Урусово с. маңындағы иелік - 26. 2. (11. 3. ) 1914, Санкт-Петербург] - Ресей географы, статист, қоғам және мемлекет қайраткері, Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1873) . Орыс География қоғамының вице-төрағасы (1873 - 1914) .
Санкт-Петербург университетінің жаратылыстану бөлімін бітірген (1848) . 1851 ж. Дон бойының флорасын зерттеп, магистрлік диссертация қорғады. 1853 - 55 ж. Германия, Швейцария, Италия, Францияның географиясын, геологиясы мен экономикасын зерттеді. С. 1856 - 1857 ж. Тянь-Шаньға саяхат жасап, бұл орасан зор тау жүйесінің жанартаудан пайда болғанын дәлелдеп, оның орографиясын және биіктік белдемдігін анықтады, ірі мұздықтарды ашты. Сырдарияның бастауын зерттеп, Шу өзеннің Ыстықкөлден ағып шықпайтынын дәлелдеді. 50 тау шыңының биіктігін өлшеп, 23 асуды зерттеді, 1500-ге тарта тау жыныстарының коллекциялары мен өсімдік гербарийлерін жинады. Семенов Тян-Шанский география ғылымына Іле Алатауы, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Іле жазығы деген атаулар енгізді. Семенов Тян-Шанскийдің көмегімен Орыс География қоғамының әйгілі Орта Азиялық экспед-лары (Ш. Уәлиханов, Н. М. Пржевальский, М. Б. Певцов, Г. Н. Потанин, т. б. қатысқан) ұйымдастырылды. Семенов Тян-Шанский шет елдік және ресейлік 53 ғыл. мекеменің құрметті мүшесі, 20 ғыл. қоғамның мүшесі болып сайланды. Семенов Тян-Шанский саяхаты кезінде қазақтардың тұрмыс-салтымен терең танысты. Уәлихановты Орыс География қоғамының мүшелігіне ұсынды. Шоқан мезгілсіз қайтыс болған соң ғалымның еңбектерін жинақтап, жариялауға атсалысты. Семенов Тян-Шанский есімімен ондаған тау шыңдары мен мұздықтар, 30-ға тарта өсімдік, көптеген жануарлар туыстары мен түрлері аталады.
1851 жылы Семенов-Тян-Шанский Тянь-Шань саяхатына шыққан кезінде Омбыда Шоқан Уәлихановпен танысып, оның болашақ ғылыми жұмыстарына бағыт сілтеді. Семенов-Тян-Шанскийдің кеңесімен Шоқан әйгілі Қашғар саяхатын жүзеге асырды. Аса бай коллекциялар жинап, өсімдіктер мен жануарлардың бұрын белгісіз жүздеген түрлерін ашты. Оның басшылығымен Ш. Уәлихановтың, Н. М. Пржевальскийдің, Г. И. Потаниннің, И. Д. Черскийдің, В. А. Обручевтің т. б. экспедициялары ұйымдастырылды.
Тянь-Шань - Орта және Орталық Азиядағы таулы жүйе. Орталық Тянь-Шаньға өрлеген алғашқы еуропалық ғалым-зерттеуші Петр Петрович Семенов болатын. 1856 ж. бастап ол осы ауданға бірқатар күрделі сапарлар ұйымдастырды және өзінің ғылыми ерлігі үшін Тян-Шандық деп аталу құқығын иеленді. 1853 ж. өзінде Семенов құпиясы мол Тянь-Шаньға өрлеуді мақсат тұтты. Ресей сыртқы істер Министрлігі азиялық елдерді «географиялық ғылымның жаулап алуынан» қызғанышпен қорыды, бірақ бәрібір ғалымға Алтай мен Қырғыз даласында болудың сәті түсті. 1856 ж. Семейден Семенов Балқаш көліне дейін жетті. Ол өзінің «кебір ұшы» Алакөлмен бірге ортаазиялық қыраттарды біртектес қырғыз даласынан бөліп жатқан Балқаштың оңтүстік-шығысында ол оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан, «көз қарықтырардай . . . мәңгілік қар құрсауындағы» асқар таулардың тізбегін көріп, оны Жоңғар Алатауы деп атады. Осы шоқылардан әрі қарай «төмен және ыстық» Іле өзенінің алқабы басталды. Оны жүріп өтіп, ғалым Верный (қазір бұл Алматы қаласы) қаласына тоқтады. Осы жылы зерттеуші Ыстықкөл жағасына ат шалдырды: «Оңтүстіктен көз ұшына дейін . . . Ыстықкөлдің көк суы . . . қар алып қар тізбегімен құрсанған», - деп сипаттайды өз әсерін Семенов. Бұл оның «қиялындағы Тянь-Шань» - Теріскей Алатауының шоқысы болатын (Батыс Тянь-Шаньдағы таулы шоқы) . Теріскей Алатауының асуынан ол ертегідей табиғат көрінісіне сүйсіне көз тастады. Оның алдында «көрініп тұрған ең ұлы асқақ таулы қыраттар мұнартты. Ол жоғары-төмен жайылған қармен жабылған. Дәл ортасында дара, жылдам өзінің алып ұзындығымен бас айналдыратын аппақ өткір шыңды пирамида көзге шалынады» - ұзақ уақыт бойы Тянь-Шаньның ең жоғарғы нүктесі (6995) болып есептелген Хан Тәңірі осы болатын. Сарыжаз өзенінің алабына түскен ол өзеннің бастауына дейін жетті, алдынан қарсы алған мұздықтарды тамашалаған соң, Верныйға қайтып оралды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz