Қазақстанда халық шаруашылығын кайта құрудың аяқталуы (1934-1940 жж)


Қазақстанда халық шаруашылығын кайта құрудың аяқталуы (1934-1940 жж)
2-бесжылдық кездерінде Қазақстанның халық шаруашылығына 5, 2 млрд. сом мөлшерінде қаржы бөлінді. Социалистік жарыс, оның жаңа формасы - стахановшылар қозғалысының еңбек энтузиазмы 2-бесжылдық тапсырмаларының табысты орындалуын қамтамасыз етті. Балқаш мыс қорыту заводы, Ақтөбе химия комбинаты қызу қарқынмен салынды, Қарағанды көмір бассейнін, Ембінің мұнай байлығын игеру онан әрі жалғастырылды. Кенді Алтайдың өнеркәсіп орындарын қайта жабдықтау жөніндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілді, тамақ және жеңіл өнеркөсібінің кәсіпорындары салынды. Қалалар көп салынып, олардың тұрғындарының саны артты. Республиканың ауыл шаруашылығын біржолата социализм жолына көшіруге бағытталған жұмыстардың зор комплексі жүзеге асырылды, халқының жанқиярлық еңбегі нәтижесінде 2-бесжылдық жоспар мерзімінен бұрын, 1937 жылдың 1 сәуірінде, яғни 4 жыл 3 айда орындалды.
Республикада 120 ірі өнеркәсіп орындары салынып, мың километрден астам жаңа темір жол желісі іске қосылды. Өнеркәсіп өнімдерінің республика халық шаруашылығының барлық өнімдері ішіндегі үлес салмағы 56, 8%-ке жетті. Қазақ шаруалары ТОЗ-дар мен мал серіктіктері арқылы ауыл шаруашылық артельдеріне өтті. 500 мыңнан астам көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар отаршылдыққа айналды.
Колхоздар ұйымдық және экономикалық жағынан нығайды. 2-бесжылдықтың аяғыңда Қазақстанның ауыл шаруашьшығында социалистік өндірістік қатынастар біржола бекіді. 1937 ж. Қазақстан колхоздары республика шаруалары шаруашылығының 97, 5%-ін біріктірді, олар егістіктің 99, 8%-ін өңдеп, жалпы астық өнімінің 84, 4%-ін ендірді. Колхоздар мен совхоздарда, басқа да мемлекеттік және кооперациялық кәсіпорындарда, соңдай-ақ колхозшылардың жеке шаруашылығында бүкіл малдың 99%-іне жуығы болды. 193 совхоз және 287 машина-трактористлары (МТС) жұмыс істеді .
Соғысқа дейінгі бесжыда-трактор дықтарда Қазақстан ірі шикізат аймағы ретінде қалыіггасып бітгі. Одақты Орталық Қазақстан кенмен, түсті және сирек металмен, Оңтүстік Орал мен Еділ бойын көмірмен қамтамасыз етті. Кенді Алтай төңкеріске дейін Сібір өнеркәсіп орындарын шикізатпен қамтамасыз етуші болатын, Ембі елңің мұнай базасының құрамдас бөлігіне айналды. Елді индустрияландыру мен оның экономикалық тәуелсіздігін бекітуде түсті металлургия өте маңызды рөл атқарды. Шетелдік тәуелділіктен сақтануда тау-кен шикізаттары мен алтын өнеркәсібінің маңызы зор болды. Айта кететін бір жәйт, Қазақстан индустриясын дамытуда еріксіздер еңбегі көп пайдаланылды. Республика территориясында лагерлер көптеп салынды. Кешегі көшпелілер, шаруа-жұмысшы, қызметкерлер ГУЛАГ-тың тұтқындарына айналды. 1935 жылы Қарағанды лагерінде отырған 26 мың адам ГРЭС-те жұмыс істеді, темір жолдар салды, ауыл шаруашылығы жұмыстарын істеді. Бірақ бұл тек бастама еді. Ондағы жұмыс мөлшері тұрақты өсіп отырды. ГУЛАГ жүйесіндегі ең басты мекеменің бірі Жезқазған мыс комбинаты болатын. Республика лагерьлерінде отырғандар молибден концентратын, кобальт, қалайы, вольфрам концентратын, т. б. өндіруге кеңінен пайдаланылды.
Индустрияландыруды жүзеге асыруды жеделдету үшін қор жинау мәселесін шешу қажет болды. Басқаша айтқаңда күрделі құрылысқа, ауыр индустрияның дамуына және қорғаныс бағытындағы өндіріс орындарына қаржы табу қажет болды. Бұл қаржыны шаруалардан анықтап және басқа да тамақтарды төменгі бағамен (ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің жолы осылай болды) алу табысты аяқталмады: олар астық дайындау жұмыстарын дағдарысқа тіреп қоймай, сонымен бірге ауыл шаруашылық еңбеккерлерін өздеріне күрт қарсы қойды. Бұдан шығудың жалпы жолы табылды. Өйткені колхоздан астық ешқандай проблемасыз алынып отырды. Шаруаларды тонау арқылы алынған астықты шет елге сатты. Одан түскен валютаны индустрияның қажетіне жұмсады. Шегіне жеткен батыстағы экономикалық құлдырау астықтың дүниежүзілік бағасынан күрт төмендеуіне әкеп соқтырды. Сондықтан да қажетті мөлшерде валютаны алу үшін астықты екі-үш есе артық сату қажет болды. Бұған тек астық өнімдерін арттыру арқылы ғана жетуге болатын еді. Бұл нәрсе астықтың түсімділігін котеру арқылы емес, егістік жердің көлемін ұлғайту арқылы шешілді. Соған байланысты табиғи жайылымдарды айдауға рұқсат берілді. Ал, малшыларды колхозға қуып тықты.
Сталиндік қылмысты авантюраның ең жаман сандары 1931-1933 жж. жіберілген бұрмалаушылықтарды түзету жұмыстары кейін басталды. Күшпен қоғам мүлкіне айналдырылған малдар мен үй мүліктері иелеріне қайтарылды. Коммунаның орнына ауыл шаруашылық артельдері ұйымдастырылды. Мемлекет техника жағынан және финанс жағынан көмек көрсетіп отырды. Осы шараларды қолданудың негізінде екінші және үшінші бесжыддықтарда республиканың ауыл шаруашылығы біршама нығайды. Колхоз құрылымы сенімді түрде күш ала бастады. 1940 жылы колхоздар мен совхоздарда 41 мың трактор, 11, 8 мың комбайн, 14 мыңдай жүк автомашинасы жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық техникасы 330-дай МТС-ке және 194 совхозға шоғырлан-дырылды. Республикада 4, 6 мың агрономдар, зоотехниктер, мал дәрігерлері қызмет атқарды.
Мырзашөлді игеру қарқынды жүрді. 1939-40 жылдардың өзінде 145 мың гектар суғармалы жер игерілді. Осы уақытта колхоздарда көшпенді өмірден тұрақты отырықшы жағдайға ауысу негізінен аяқталды.
30-жылдардың аяғында бірқатар этникалық топтар өз жерлерінен қоныс аударылды. Солардың біразы Қазақстанға әкелінді. 1937 жылы Қиыр Шығыстан республикаға 96 мың кәріс көшіп келді. Олар мұнда күріш өсіретін шаруашылықтар ұйымдастырды. Сол жылы НКВД Әзербайжан мен Арменияда иран, әзербайжан, курт және армяндардың 2, 4 мың отбасын Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарына қоныс аудартты. Соғыс алдында Батыс Украина мен Батыс Белоруссиядан поляктарды және Балтық бойы республикалары азаматтарын депортациялау, қоныс аударту жүргізілді.
Бұл жылдары Қазақстанға кошіп келушілердің кобісі орыстар, ал біразы украиндар, татарлар және басқа ұлт окілдері болатын. Аталған қоныс аударулар республика тұрғындары құрамының күшейтті. Мысалы, Түркісібті - 30, Қарағанды - 25, Балқашта - 45, Ақмола-Қарталы темір жол желісін 50 этникалық топ өкілдері салды. Міне осылардың және 1932-1933 жылдардағы зұлматтың; аштықтың салдарынан Қазақстанда жергілікті халықтың, қазақтардың, елдің басқа аймақтарынан көшіп келген этникалық топтарына қарағанда азшылыққа айналуына жол салған күрделі этнодемографиялық жағдай қалыптасты.
Қазақтардың Қазақстанда басқа ұлттар арасындағы үлес салмағы 1926 жылғы 57, 1 процентген 1939 жылы 38 процентке төмендеді, ал орыстардың меншікті салмағы 40, 2 процентке жетті. Енді олар республикада саны жағынан ең көп этникалық топқа айналды.
Қазақстан тарихының бүкіл бойында жұмысшы табының толықтыру көздері мен формалары тұрақты өзгеріп отырды. Бірақ оның негізгі себебі - елдегі әлеуметтік-демографиялық жағдай екені жоғарыдағы мысалдардан-ақ корініп тұр. Мысалы, 20-30-жылдары жұмысшыларды толықтыру көздері, негізінен, шаруалар мен жұмыссыздардан құралса, кейінгі жылдары олардың қатарына мекетеп бітірген оқушылар, халық шаруашылығына қамтылған еңбекке қабілетті тұрғындар, әкімшілік-басқару аппараттарынан қысқарған қызметкерлер, Кеңес Армиясы қатарынан босағандар, халық шаруашылыіына керек емес болып қалған мамандықтан босаған кісілер қосылды. Жұмысшы табын толықтыру формаларына келсек, олар:
- мемлекеттік ұйымдасқан түрде жинау;
- қоғамдык, шакырулар;
- косіпорындардың өзінің жұмысшыларды жинауы;
- жұмысшылардың, мекемелердің мәлімдемелері және келісімдері бойынша орналасуы;
- Кеңес Армиясынан босағандарды жұмысқа қабылдау;
- еңбек резервтері (кәсіптік-техникалық білім беру
жүйесі) ;
- және қала мен ауыл жастарын мемлекеттік еңбек резервтері жүйелерінің училищелері мен мектептерінде оқытуға жұмылдыру.
Көріп отырсыздар, жұмысшыларды толықтыру коздері мен формалары бір-бірімен тығыз байланысты дүние екен.
Республиканың өзінде жұмысшыларды даярлайтын оқу орындарының не жоқ, не аз болуына байланысты 20-30-жылдары Қазақстан еңбекшілері бұрынғы Одақтың өнеркәсіпті орталықтарынан барып дәріс алып, тәжірибе алмасып тұрған. Өнеркәсіп орындарының езінде техникалық білім көтеру және қайта даярлау курстары (стахановтық мектептер, социалистік еңбек шеберлері курстары, ұйірмелер, т. б. ) жұмыс істеген.
Жергілікті ұлт кадрларын даярлауда 1933 жылы Қаз АССР Орталық атқару комитеті құрған жергіліктендіру комитеті (комитет по коренизации) үлкен қызмет атқарды. Оның істеген жұмысы осы күнге дейін толық ашып көрсетілмеген. Осы комитет жұмыс атқарған жылдары, қазақтардың меншікті салмағы 1935 жылы жұмысшылар мен қызметкерлер арасында 43 процентке дейін жеткен. Қазақ тілін білетін шебер, инженер, т. б. басқарушы адамдарға үстеме қосымша ақша төленген. Олар қазақ мамандарын даярлауға ынталы болған. Барлық мемлекетгік, шаруашылық жөне қоғамдық ұйымдарға аталмыш комитет шешімі міндетті етілген. Алайда, 1936 жылы комитетінің жұмысы тоқтатылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz