Оқу бағдарламасын басқарудағы автоматтандырылған бағдарламаны қолдану
Кіріспе
1. Оқу бағдарламасын басқарудағы автоматтандырудың шешімдері.
1.1 Маман моделі . оқу жоспарын жасаудың негізі.
1.2.Оқу бөлімшелері . оқу бағдарламасы үшін құрылған негізгі оқу орындары
1.3. ЖОО басқарудағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің мәні
2. ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ҚҰРАЛДАРДЫ ЖАСАҚТАУ;
2.1. Оқу жоспары жүйе асты зерттеу шарасын саралау
2.2. Оқу жоспарларының түрлері.

Автоматтандырылған ақпараттық негізгі міндеті – жоғары оқу орындарында мемлекеттің сұраныстарын қанағаттандыратын қажетті мамандарды даярлап шығару. Сонымен қоса, жоғары оқу орындарында дайындалып, шыңдалған маман жан-жақты сапалы білімді ме, жоғары оқу орнын бітірген түлектер мемлекетке қажет маман ретінде мемлекет қойып отырған талаптарға сай келетін, бәсекеге қабілетті ме, міне осы сұрақтарға жауап береді.
Күн санап дамып келе жатқан ғылым мен техника жоғары оқу орындарына жаңа талаптар қоюда. Жаңа оқу бітірген түлек былтырғы түлектерден де жоғары деңгейде болуы тиіс. Болашақ маманның дайындығын, білімін оның оқыған оқу орыны белгілеп берген бағдарламасы, жоғары оқу орнының жоспары көрсетеді. Жаңа өмірге қажет мамандар дайындауда оқу жоспары үлкен роль атқаратындықтан, оқу жоспары ең жоғарғы деңгейде дайындалған, болашақ маман иесіне түсінікті әрі тез үйреніп кететіндей болуы үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйеге көшу керек.
Қазіргі уақытта оқу бағдарламасын құру жоғары дәрежелі тәжірибелі, ой-қиялы дамыған, жоғары білімді жұмысшыға тапсырылуы керек, және ол ғылыми тұрғыда шешімдер қабылдай білуге міндетті. Бұл бағытта Украинаның оқу бағдарламасына көшу ұсынылады, себебі қазіргі дамыған заман талабына сай бір жүйемен шектелуге болмайды. Олардың оқу бағдарламасы жоғарғы деңгейде жасақталады.
Қазіргі өмір талабына сай жүйелі-кәсіптік қайта құру бағдарламаларын іздеп табуды алға мақсат қып қою керек. Кәсіптік білім берудің негізгі компоненті – оның құрылымы болып табылады. Бұл бағытта ғылым мен техниканың және өнеркәсіптің арасында үлкен байланыс орын алады. Осы үшеуі еңбек қатынасын реттеу мен еңбек құрылымын жасақтауға үлкен үлес қосады. Бұл жағынан білім беруде жоғарғы деңгейлі мамандар даярлау экономикалық жағдайға әсер етпей қоймайды. Оқу бағдарламасы мынадай жүйелерден құралады: оқытушы- білім алушылар және оқу аудиториялары. Бұл жүйе элементтері технологиялық процесс үшін оқу жоспарына сай жұмыс жасауға қатысады.
Көптеген мағынада, түрлі көлемде, әртүрлі деңгейлерге негізделген басқарулар жұмыс жүйесі жағынан бір-бірімен байланыста болады, және бұл байланыс тізбектері мықты болуы үшін автоматтандырылған болуы керек.Әдістемелік және жоспарлы базада әртүрлі мамандықтар даярлауда, даярлау түрлерінде (қайта даярлауда, қызметте өсуде), жоғарғы оқу орны үшін оқу жоспарының алатын орны ерекше оқу жоспарын жасауда жоғарғы деңгейлі тұлғалар (декандар, кафедра меңгерушілері, профессорлар мен доценттер, экспертті комиссия мүшелері) қатысады және әр оқытушыға сағат бөлуде, оны қайта өзгертуде қиындықтар туатыны сөзсіз. Бұл жасалған оқу жоспары оқу бағдарламасының түрлі бағытына қарай құрастырып жасақтау үшін автоматтандыру процесі өзекті мәселе болып табылады.
Оқу бағдарламасын басқарудағы қиыншылық басқару деңгейін бағалау және оқу жоспарын жүйелеу, жүктемелерді бөлу, сабақ кестесін қайта жасақтау тек бір семестрден кейін немесе оқу жылы соңында жүзеге асады. Бұл - басқару жүйесінде асинхронды басқару деп аталады, ал кез-келген уақытта өзгеріс енгізу – синхронды басқару деп аталады. Бірақ асинхронды басқару барлық жүргізілген шаралардан соң жететін жетістікке бағытталған алға мақсаттар қоюымен ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты оқу бағдарламасында автоматтандыруды қолданудың мәселелері автоматтандырылған оқу жоспарын жасау және оны жасауда кестелі бағдарлама – Microsoft Office Excel бағдарламасын қолдану.
Автоматтандырылған оқу жоспарын құруға аз уақыт жұмсай отырып, алға қойған мақсаттарға оңай және тез жету.
Бұл бағдарлама жоғары оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін тиімді болмақ.
Дипломдық жұмыстың орындалу барысында көздеген мақсаттарға жетуде мынадай зерттеу жұмыстары жүргізілді:
• Жоғары оқу орындарындағы оқу бағдарламасына сынама;
• Жоғары оқу орындарындағы оқу бағдарламасының, оқу жоспарының модельдік жүйеге келтірілуі;
• Модельдеу қорытындысы бойынша бағдар жасау;
• Жүйелеу тұрғысынан қорытындыларды салыстыру тәсілі;
• Құжаттардың әдістемелік зерттелуі;
Бұл мақсаттарға жету үшін жасалатын міндеттер:
- Жоғары оқу орындарында АБЖ-ның (автоматтандырылған бағдарламалық жүйе) жасалып жатқан тәжірибесін қарау;
- Жаңа ақпараттық технологияның оқу бағдарламасын басқарудағы деңгейіне бақылау жасау;
- Оқу жүйесіндегі оқу жоспарының алатын орнын анықтау;
- Құрылымдық және есептік деңгейлерді қарастыра отырып, оқу жоспарының автоматтандырылған алгоритмін жасап шығару;
Дипломдық жұмыстың объектісі – оқу бағдарламасын басқару, негізгі құрал-оқу бағдарламасын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін АБЖ қолданылады. Алға қойған мақсатқа жету жолында мынадай бағылау түрлері жасалады:
Жоғарғы оқу орнының жасалған оқу жоспарына бақылау, оқу бағдарламасының, оқу жоспарының модельдік жүйеге келтірілу және модельдеу қорытындысы бойынша сынама жасау, сондай-ақ жүйелеу тұрғысынан салыстыру, құжаттардың әдістемелік зерттелуі.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:
Дипломдық жұмыстың басты көтеретін мәселесі – оқу бағдарламасын жүйелі
ұйымдастыруда автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдалану.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: оқу бағдарламасын басқарудағы
автоматтандырылған бағдарламаны қолдану, сонымен қатар, автоматтандырылған
оқу жоспарын жасақтауда кестелі бағдарлама – Microsoft Office Excel
бағдарламасын қолдану. Автоматтандырылған оқу жоспарын құруға аз уақыт
жұмсай отырып, алға қойған мақсаттарға оңай және тез қол жеткізу .
Бұл бағдарлама жоғары оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін
тиімді болмақ.
Дипломдық жұмыстың орындалу барысында көздеген мақсаттарға жетуде мынадай
зерттеу жұмыстары жүргізілді:
• Жоғары оқу орындарындағы оқу бағдарламасына сынама;
• Жоғары оқу орындарындағы оқу бағдарламасының, оқу жоспарының модельдік
жүйеге келтірілуі;
• Модельдеу қорытындысы бойынша бағдар жасау;
• Жүйелеу тұрғысынан қорытындыларды салыстыру тәсілі;
• Құжаттардың әдістемелік зерттелуі;
Бірінші бөлімде оқу бағдарламасын – ақпараттық бағдарламаларды қолдана
отырып басқару баяндалады. Бұл тұрғыдан ақпараттық қамтамасыз етуді
қолдайтындар аз болуы мүмкін. Автоматтандырылған ақпараттық жүйеге жалпы
және функционалды көрсеткіштер ұсынылады, жүйелердің үлгілері
қарастырылады, барлық жағынан қажеттіліктерді өтеу көзделеді.
Автоматтандырылған бағдарламалы жүйеге жан-жақты мінездеме беріліп, жоғары
оқу орнын басқарудың артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген.
Маман моделі деп аталатын жаңа атау беріліп, осы орайда оқу жоспарын
құруға бағдар беріледі.
Екінші бөлімде оқу жүйесіндегі оқу бағдарламасын құруда бұл
бағдарламаның алатын орнына зерттеу жүргізіледі, оқу бағдарламаларының
көптеген түрлері бары анықталды, олардың құрылысы мен параметрлеріне, оқу
жоспарына модельдер жасалып, оқу жоспарын құруда қолдану ұсынылады.
Автоматты реттеу алгоритмі құрастырылса, онда көптеген оқу
жоспарларының түрлерімен жұмыс жасалады.
Құрылымдық және есептік параметрлері жасақталуы жұмыс орнындағы білім беру
жүйесінің түрлі деңгейін бағалауда жақсы бағаланды (бұл бақылау
республикалық білім беру стандарттарында көрсетілген барлық жүйелі
деңгейлерге сай жасалды).
Үшінші бөлімде автоматтандырылған оқу жоспарын Болондық жүйе
бағдарламасының қағидаларына сай жүргізу реті көрсетіледі.
Тақырыпқа аңдатпа: оқу бағдарламасы, оқу жоспары, автоматтандырылған
ақпараттық жүйе, маман моделі, оқу бөлімшелері, оқу бағдарламасын басқару.
Кіріспе
Автоматтандырылған ақпараттық негізгі міндеті – жоғары оқу
орындарында мемлекеттің сұраныстарын қанағаттандыратын қажетті мамандарды
даярлап шығару. Сонымен қоса, жоғары оқу орындарында дайындалып, шыңдалған
маман жан-жақты сапалы білімді ме, жоғары оқу орнын бітірген түлектер
мемлекетке қажет маман ретінде мемлекет қойып отырған талаптарға сай
келетін, бәсекеге қабілетті ме, міне осы сұрақтарға жауап береді.
Күн санап дамып келе жатқан ғылым мен техника жоғары оқу орындарына
жаңа талаптар қоюда. Жаңа оқу бітірген түлек былтырғы түлектерден де жоғары
деңгейде болуы тиіс. Болашақ маманның дайындығын, білімін оның оқыған оқу
орыны белгілеп берген бағдарламасы, жоғары оқу орнының жоспары көрсетеді.
Жаңа өмірге қажет мамандар дайындауда оқу жоспары үлкен роль
атқаратындықтан, оқу жоспары ең жоғарғы деңгейде дайындалған, болашақ маман
иесіне түсінікті әрі тез үйреніп кететіндей болуы үшін автоматтандырылған
ақпараттық жүйеге көшу керек.
Қазіргі уақытта оқу бағдарламасын құру жоғары дәрежелі тәжірибелі, ой-
қиялы дамыған, жоғары білімді жұмысшыға тапсырылуы керек, және ол ғылыми
тұрғыда шешімдер қабылдай білуге міндетті. Бұл бағытта Украинаның оқу
бағдарламасына көшу ұсынылады, себебі қазіргі дамыған заман талабына сай
бір жүйемен шектелуге болмайды. Олардың оқу бағдарламасы жоғарғы деңгейде
жасақталады.
Қазіргі өмір талабына сай жүйелі-кәсіптік қайта құру бағдарламаларын
іздеп табуды алға мақсат қып қою керек. Кәсіптік білім берудің негізгі
компоненті – оның құрылымы болып табылады. Бұл бағытта ғылым мен техниканың
және өнеркәсіптің арасында үлкен байланыс орын алады. Осы үшеуі еңбек
қатынасын реттеу мен еңбек құрылымын жасақтауға үлкен үлес қосады. Бұл
жағынан білім беруде жоғарғы деңгейлі мамандар даярлау экономикалық
жағдайға әсер етпей қоймайды. Оқу бағдарламасы мынадай жүйелерден құралады:
оқытушы- білім алушылар және оқу аудиториялары. Бұл жүйе элементтері
технологиялық процесс үшін оқу жоспарына сай жұмыс жасауға қатысады.
Көптеген мағынада, түрлі көлемде, әртүрлі деңгейлерге негізделген
басқарулар жұмыс жүйесі жағынан бір-бірімен байланыста болады, және бұл
байланыс тізбектері мықты болуы үшін автоматтандырылған болуы
керек.Әдістемелік және жоспарлы базада әртүрлі мамандықтар даярлауда,
даярлау түрлерінде (қайта даярлауда, қызметте өсуде), жоғарғы оқу орны үшін
оқу жоспарының алатын орны ерекше оқу жоспарын жасауда жоғарғы деңгейлі
тұлғалар (декандар, кафедра меңгерушілері, профессорлар мен доценттер,
экспертті комиссия мүшелері) қатысады және әр оқытушыға сағат бөлуде, оны
қайта өзгертуде қиындықтар туатыны сөзсіз. Бұл жасалған оқу жоспары оқу
бағдарламасының түрлі бағытына қарай құрастырып жасақтау үшін
автоматтандыру процесі өзекті мәселе болып табылады.
Оқу бағдарламасын басқарудағы қиыншылық басқару деңгейін бағалау және
оқу жоспарын жүйелеу, жүктемелерді бөлу, сабақ кестесін қайта жасақтау тек
бір семестрден кейін немесе оқу жылы соңында жүзеге асады. Бұл - басқару
жүйесінде асинхронды басқару деп аталады, ал кез-келген уақытта өзгеріс
енгізу – синхронды басқару деп аталады. Бірақ асинхронды басқару барлық
жүргізілген шаралардан соң жететін жетістікке бағытталған алға мақсаттар
қоюымен ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты оқу бағдарламасында
автоматтандыруды қолданудың мәселелері автоматтандырылған оқу жоспарын
жасау және оны жасауда кестелі бағдарлама – Microsoft Office Excel
бағдарламасын қолдану.
Автоматтандырылған оқу жоспарын құруға аз уақыт жұмсай отырып, алға
қойған мақсаттарға оңай және тез жету.

Дипломдық жұмыстың орындалу барысында көздеген мақсаттарға жетуде
мынадай зерттеу жұмыстары жүргізілді:
• Жоғары оқу орындарындағы оқу бағдарламасына сынама;
• Жоғары оқу орындарындағы оқу бағдарламасының, оқу жоспарының модельдік
жүйеге келтірілуі;
• Модельдеу қорытындысы бойынша бағдар жасау;
• Жүйелеу тұрғысынан қорытындыларды салыстыру тәсілі;
• Құжаттардың әдістемелік зерттелуі;
Бұл мақсаттарға жету үшін жасалатын міндеттер:
- Жоғары оқу орындарында АБЖ-ның (автоматтандырылған бағдарламалық жүйе)
жасалып жатқан тәжірибесін қарау;
- Жаңа ақпараттық технологияның оқу бағдарламасын басқарудағы деңгейіне
бақылау жасау;
- Оқу жүйесіндегі оқу жоспарының алатын орнын анықтау;
- Құрылымдық және есептік деңгейлерді қарастыра отырып, оқу жоспарының
автоматтандырылған алгоритмін жасап шығару;
Дипломдық жұмыстың объектісі – оқу бағдарламасын басқару, негізгі
құрал-оқу бағдарламасын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін АБЖ қолданылады.
Алға қойған мақсатқа жету жолында мынадай бағылау түрлері жасалады:
Жоғарғы оқу орнының жасалған оқу жоспарына бақылау, оқу
бағдарламасының, оқу жоспарының модельдік жүйеге келтірілу және модельдеу
қорытындысы бойынша сынама жасау, сондай-ақ жүйелеу тұрғысынан салыстыру,
құжаттардың әдістемелік зерттелуі.
Автоматтандырылған оқу бағдарламасы өте күрделі емес және оқу
бағдарламасын басқаруда ақпараттық технологияның алатын орны ерекше.
Олифирова О.В. және Войтюшенко Н.М.жазған монографиялық еңбекте жазған оқу
орындарындағы ақпараттық жүйенің теориялық бағыты көрсетілген. Коршунова
С.В. жазған Разработка модели организации учебного процесса деп аталатын
жұмысында қоғамның жаңа бағдарламаны игеруі көрсетілген, жаңа ұғымдарды
қабылдау бағдарламаның әсерінен болатын генетикалық және әлеуметтік
(қоғамдық) деңгейлер жазылған.
Қоғамның жалпы жаңа бағдарламаға үйренісу деңгейі қарастырылған.
Костикова Ю.В. жазған Автоматизация управление учебным процессом
аталатын [27] статьясында, оқу бағдарламасындағы оқу жоспарының орны туралы
бақылау жасалып, оқу жоспарларының әртүрлі болып келетіні, оның құрылымы
мен құрамы анықталып, оқу жоспарының моделі жасақталып, оқу жоспарларының
жасалу процесіне баяндама жасалады.
Вайсман О.А. және Яблонский В.Б. жазған Информационное обеспечение
системы управление образованием атты статьясында [66] оқу жүйесінің
модернизациясы, ақпараттық технологияның ілгерілеуі, байланыс технологиясы,
автоматтандырылған жүйені қоса алғандағы білімді басқару механизмінің
бағдарламалық-байланыс технологиясы жазылады.
Еслямова С.Г. жазған О некоторых проблемах компьютеризации учебного
процесса и информатизации образования атты статьясында [17]оқу
бағдарламасын компьютерлендіру, компьютерлік технологияны оқу
бағдарламасында қолдануды бақылау жазылады. Компьютерлік технологиямен оқу
бағдарламасын жасақтаудағы жобалау жұмысындағы кедергілер айтылады. Оқу
бағдарламасын компьютерлік басқару қиындықтары мен оларды шешу жолдары
қарастырылады.
Касимова Я.Х. жазған Информационное технологии в управлении
образованием [21] атты статьясы оқу бағдарламасын компьютерлендірудің
негізгі қағидаларына негізделеді.
Петрова А.Б. жазған Концептуалы нового образования в эпоху
информационных технологийатты статьясы [44], ақпараттық технологияның даму
деңгейін, ондағы негізгі қиындықтар мен оқу бағдарламасындағы ақпараттық
технологияның алатын орнына негізделген.
Оқу бағдарламасында ақпараттық технологияны пайдаланудың негізгі 4
деңгейі ерекшеленеді, бұны қолданудағы негізгі қиындықтар анықталды. 5
концепциядан анықталып, жасақталды, негізгі тенденциялары мен оқыту
бағдарламасының болашақтағы негізгі қағидалары жағымды және жағымсыз
жақтары көрсетілген.
Линькова В.М. жазған Вопросы автоматизации управления учебным
процессом в ВУЗе [34] деп аталатын статьясында автоматтандырылған
ақпараттық жүйеде оқу бағдарламасын басқару ректораттың, факультеттің,
кафедраның жұмысында ақпараттық жүйенің қолданылуы баяндалды.
Савельева Н.А. жазған Научно-методические основы разработки системы
управления образовательным процессом на основе информационных технологий
[54], атты статьясында жоғары оқу орындарындағы ақпараттық технологияны
байланысқан тізбекте басқарып, жоғары оқу орнын бірыңғай базалық деңгейге
көшуін жазды. Жоғары оқу орындарындағы автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінде жоғары деңгейлі шешімдер қабылданады. Жоғары оқу орындарындағы
автоматтандырылған ақпараттық жүйесі барлық жоғары оқу орындарында
қолданылса жоғары оқу орындарының білім беру сапасын арттырары сөзсіз.
Ақпараттық көздердің интеграциясы базалық мәліметтердің доменді-
бағдарлаушысы болып табылады.
Сергеева М.А. жазған Обновление системы управление качеством
образования на основе совершенствования ее информационного обеспечения
[55], деген жұмысында, ақпараттық қоғам концепциясы қаралады. Бұл аталған
концепцияда – ақпараттық қоғамда ең алғашқы қоғамдық түсіндірмелер
айтылады, ақпараттық технологияны пайдаланбай жоғарғы оқу орындарында оқу
барысын басқару мүмкін емес екені жазылады. Жалпы алғанда , ақпараттық
жүйені оқу орындарында қолданудың алға ілгерілеушілікте, жоспарлы жұмыс
жүргізуді болжауда және жүйе ішілік басқаруда тигізер үлесі көп.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: жоғары оқу орындарында оқу
жоспарын электронды-ақпараттық технологиялар арқылы жасақтап, барлық жоғары
оқу орындарын бір жүйеге келтіру, сондай-ақ, бұл аталған жүйемен оқу
жоспарларын тез әрі сапалы етіп жасақтауға болатыны дипломдық жұмыстың
ғылыми жаңалығы болмақ.
1. Оқу бағдарламасын басқарудағы автоматтандырудың шешімдері.
Оқу бағдарламасын басқарудағы қиыншылық басқару деңгейін бағалау және
оқу жоспарын жүйелеу, жүктемелерді бөлу, сабақ кестесін қайта жасақтау тек
бір семестрден кейін немесе оқу жылы соңында жүзеге асады. Бұл - басқару
жүйесінде асинхронды басқару деп аталады, ал кез-келген уақытта өзгеріс
енгізу – синхронды басқару деп аталады. Бірақ асинхронды басқару барлық
жүргізілген шаралардан соң жететін жетістікке бағытталған алға мақсаттар
қоюымен ерекшеленеді.
Оқу орындарын ұйымдастырушылардың пікірінше, оқу бағдарламасы
негігінен үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім – бұл жобалау бөлімі деп аталады, бұл бөлімнің өзі екі
бөлімшеге бөлінеді. Оқу жүктемелерін жобалау, бұның ішінде, белгілі бір
оқытушыға бекітіліп берілген оқу топтарына жүргізілетін сабақ және оқу
бағдарламасын жасақтауды жобалау, бұның ішіндегі сабақтардың уақытын
белгілеу(сабақ кестесі).
Екінші бөлімде оқу бағдарламасы жасалады.Бұл бағдарламаны жасауда:
мұғалім, аудитория, топ студенттері атаулары қалыс қалуы мүмкін. Бөлімді
басқаруда бұл атаулар қалыс қала отырып, тек сабақ кестесіне баса мән
беріледі. Бұл да бір осы бөлімдегі ерекшелік болып табылады.
Ал, үшінші бөлімде оқу бағдарламасын жасақтау мен жоспарлау
қорытындыларына бағалау жұмыстары жүргізіледі. Ең алдымен бұл бөлімде оқу
жоспары бағаланады және де оқудың жалпы түріне, оның деңгейіне бағалау
жүргізіліп, қажетті деп табылған шешімдер қабылданады.
Келесі қаралатын мәселе – эргонолитикалық көрсеткіштерге сай сабақ
кестесінің өзі жеке дара алып қаралып бағаланады., тұрақтылығы сақтала ма
сол анықталады. Және келесі кезеңдегі сабақ кестесінің құрастырылуына
бағдар жасалады. Оқу бағдарламасын басқару схемасында екі негізгі бөлімді
бөліп қарастыруға болады. Бұл бөлімдер оқу бағдарламасын автоматтандыруға
арналады.
Бұл бөлімдер сабақ кестесінің құрастырылуы, сондай-ақ, жеке және
күрделі есептеулерді жасай отырып оқу бағдарламасына жүйелі үлес қосу. Оқу
орындарында оқу жоспарына сай сабақ кестесін құру қажырлы еңбекті талап
етеді, және қазіргі таңда сабақ кестесінде ешқандай қателіктер болмауы
қатаң тексерілу үстінде. Бұл жердегі негізгі мақсат – мұғалімдер де,
студенттер де, аудиториялар да пайдаланылуы тиіс, сондай-ақ бір ғана
сабаққа, бір ғана топқа, бір мұғалімге ғана аудитория арналуы керек. Сабақ
өткізуде аудитория жетіспеушілік болмауы үшін осындай шаралар қолданылады.
Бұл – маңызды да күрделі мәселені шешуде, және ең дұрыс құрылған сабақ
кестесіне қол жеткізу үшін Лемке-Шпильберк, Балаша тәсілдерін пайдалану
ұсынылады, динамикалық ақпараттандыру, кезең-кезеңімен зерттеу жұмыстарын
жасау(әрбір бетке қатысты), іздестіру шаралары қолданылады, бұл тәсілдерді
қолдануда және тағы басқа жағдайларға арналады. Бұл тәсілдерді қолдануда
негізгі екі мәселе көрініс береді: біріншісі – жұмыстың көп уақыт
алатыны(сабақ кестесін жасауда), екіншісі – алынған нәтижелерді сақтауда
компьютер жадына көп көлем алуы.
Автоматтандырудың екінші бөлігі – бұл, оқу бағдарламасының жасалған
жеке және есептеулердің шешімдерін бағалау. Күрделі деңгейлердің және жеке
деңгейлердің таңдалуы, шешім қабылдаушыға(ШҚ) тиесілі. Бұл шешім қабылдаушы
көп құрамды, деңгейлі мәселелерді таңдауымен ерекшеленеді.Күрделі деңгейдің
таңдалуына көптеген оқу бағдарламалары, олардың жақсы жағы және
мультипликаторлық формасы әсер етуі мүмкін. Бірақ соңғы таңдалымды,
яғни,жеке және күрделі деңгейлердің таңдалуы шешім қабылдаушы тарапынан
қабылданатын шешім болып саналады.Оқу орындарын басқарудағы қалған езеңдер
тұрақты болмайды, оқу жүктемесін бөлу мен оны жою оқу бағдарламасы шегінде
әлеуметтік және өндірістік жағдайлардың деңгейіне сай өзгеріп отырады.
Оқу бағдарламасын басқарудағы негізгі мақсат – оқу орындарында ақпараттық
жүйе түсінігін қалыптастыру, орнату.Ақпараттық қамтамасыз етуде бұл үрдісті
қолдайтындар аз болуы да мүмкін. Бұл жүйеге функционалдық талаптар қойылып,
жүйеге келтірілетін үлгілер қарастырылып отырады.Және бұл жоғарғы деңгейге
сай жасалынуы керек.
1.1 Маман моделі – оқу жоспарын жасаудың негізі.
Бәсекеге қабілетті ел ретінде көрінетін биіктердің барлығы оқу
орындарынан бастау алатындықтан, заманауи мектептер мен жоғарғы деңгейлі
білім сапасы берілген мамандар үшін ақпарат құралдарын жаппай пайдалану
орасан зор нәтижелі көрсеткіш көрсетеді.Автоматтандырылған ақпарат
құралдары осындай білімге құштар жастардың білімге құштарлығын одан әрі
нығайтуға үлес қосады.
Оқу бағдарламасын тұтастай алғанда ақпаратты-мамандандырылған модел
ретінде қарастыруға болады, оқу бағдарламасын, оқуға қажетті құрал-
жабдықтар мен технологиялық жасақталуда ақпараттық реттелуге көшу
ұсынылады. Бұл мүмкін оқу тәртібі, модуль, зертханалық жұмыстар,
тәжірибелер, курстық жұмыстар тағы сол сияқтылар болуы ықтимал.
Жоғарғы оқу орындарындағы нақты бір модель оқу-бағдарламалық
құжаттарды қоса алғанда мынадай бөлімдерден тұрады:
- Жұмысшы маман моделі
- Оқу жоспары, мамандықтардың оқу деңгейінің құрылымы
- Оқу бағдарламалары, маманның қабілетін ашу
1.1.1. Маман моделі түсінігі.
Маман моделі ұғымы – терең және күрделі ұғымдардың бірі.Бұл ұғым
негізінен көптеген мағыналарды білдіреді, қолданылу аясы өте кең:
Ақпараттық массив – мамандық бойынша жүйелі, нақты жұмыс жасау үшін
қажет;
Оқу жүйесі – маман үшін қоршаған ортаны қорғау (ақпараттық,
технологиялық, кадрлық) шараларынан, өндіріс(жұмыс) жұмыстарын жүргізуде
батыл шешімдер қабылдаудан мағлұмат алу;
Маман жайындағы барлық мәліметтерде зияткерлік-мамандандырылғаны және
әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан дайындығы көрсетілуі;
- Маманға қажетті лауазымдық функциялары мен маманның жауаптылық
тізімдемесін жасақтау;
- Маманның өндірістік-тәжірибелік төзімділігі, жағымды-жағымсыз
жағдайларға бейімділігі, шешім шығаруы, жаңашылдық жүйесі;
- Нақты бір мамандыққа бейім мінезді маманға мінездеме:жас ерекшелігі,
жынысы, білімі, мамандық бойынша жұмыс өтілі, жаңа ақпараттық
құралдармен жұмыс жасау тәртібі, шет ел тілдерін білуі, тағы сол
сияқтылар;
- Оқу үрдісіндегі нақты бір бағытқа негізделген мамандардың оқытушылар
құрамымен байланысы, оқу бағдарламасында технологиялық дайындығы,
теориялық білімді практикалық біліммен ұштастыруыда ақпараттық
технологияны қол0jkқолдануы;
1.1.2. Моделді жасақтаудағы негізгі мақсат
Моделді құрастырудағы негізгі мақсаттардың негізгілері мыналар:
- Ішкі және сыртқы рынктардағы бәсекелестікке төзімділік, сұраныстарға
лайықтылық, және модел құрастыруда мемлекеттік білім стандарттарына
сай жасақталуы;
- Оқу жоспарларын жасақтау кезінде арнайы бағдарламаларды қолдана
отырып, белгілі бір мақсат қойып соған жету жолында еңбек ету;
- Маркетинг мәселесін шешіп алу, оқу бағдарламасы шегінде көрсетілетін
жұмыстар, тұтынушылар мен сұраныстарға жауап ретінде қол жеткізген
сертификаттар мен спецификациялар;
- Осы жағдайлар жасалған кезде жұмысшы моделі болып жатқан жағдайларға
төзімді, тез үйренісетін, оқу бағдарламасына бейімделген көрініс
береді.
1.1.3. Маманды дайындауға әсер ететін факторлар
Маман моделі сұлбасын жасап көрейік. Маманды жүйедегі соңғы параметр
ретінде input -outputжәне бұл жағдайда басты орында маман моделі
ерекшеленіп тұрады.(сурет - 1)
Абитурент
дайын маман
Сурет.1 Абитурент пен дайын маман және маман моделін арасындағы
байланыс.
Маман моделін дайындау оның айналасындағы факторларды бөліп қарастыру
ұсынылады, маманның моделі дайындалуы үшін және солардың ішіндегі әсер
етушілерін қарастырады.Бұл факторлардың ішіндегі ең бірінші, бәсекеге
қабілеттілік, отбасының әлеуметтік-психологиялық жағдайы, баласы қайда
тәрбиеленетіні, өмір сүру деңгейі, жоғарғы оқу орынына дейінгі оқу сапасы
және деңгейі, жеке тұлғалық қасиеттері, бейімделуі және шыдамдылығы,
жоғарғы оқу орнына түскенге дейінгі және кейінгі салыстырмалы жай-күйі.
Болашақ маманға тәлім-тәрбие беруде басшылық және басқарушы қызметтегі
тұлғалар көп жағдайда қалыс қалады. Осы кезде екінші деңгейлі факторлар
болашақ маманға жан-жақты әсер етеді, абитуриенттерді қабылдауда, жоғары
оқу орны жағдайы, оқу бағдарламасының құрамы және ұйымдастыру деңгейі,
алдыңғы қатарлы техникалық базамен қамтамасыз етілуі факторлары орын алып
жатады.
Ең соңғы әрі шешуі болып табылатын болашақ маман үшін әсер ететін фактор
жоғарғы оқу орнын бітірген соң жұмысқа орналастырылуы, тәжірибелік кеңестер
және тағы да басқалар.Бұдан шығатын қорытынды болашақ маман моделін
жасақтауда ең алдымен екінші деңгейлі әсер ету факторларына баса мән
беруіміз қажет.
Жаңа мамандықтар жасақтауды жоспарлау деңгейін бес бөлімге бөліп
қарастыруға болады:
1) Маман моделін құру және зерттеу, оның негізін БЖҒҚ (білімділік,
жасампаздылық, ғылымилылық, қабілеттілік) дәрежелері құрайды,маман
үшін бұл деңгейлердің алатын орны ерекше.
2) Жаңа мамандықтарға арналған жеке жұмыс жоспарын жасақтау, маманның
тәрбиелік жағдайларын ескере отырып және БЖҒҚ(білімділік,
жасампаздылық, ғылымилылық, қабілеттілік) дәрежелерін ескере отырып
жаңа мамандықтың оқу жоспарын жасақтау.
3) Жоғарғы оқу орынына дейінгі абитуриенттің дайыендығы, бұл
тәжірибелі мамандардың қатысуында болады және өзімнің болашақ
студентім ұғымымен жұмыс жүргізу.
4) Жоғарғы оқу орындарынан кейінгі білім жүйесін қалыптастыру және бұл
жағдайда сол оқу орнының ішінде осындай жағдай жасалуы.
1.2.Оқу бөлімшелері – оқу бағдарламасы үшін құрылған негізгі оқу
орындары
Оқу бөлімі жоғарғы оқу орындарында оқу бөлімшелеріне бөліп әр
бөлімшелерге жеке дара тапсырмалар беріп отырады. Оқу бөлімшелеріне мыналар
жатады: факультет, оқу бөлімі, кафедра.
Жоғары оқу орындарындағы оқу бағдарламасы үшін нақты бір бағытта
жасалған оқу жоспарының алатын орны ерекше.Себебі ол болмаса әртүрлі
мамандықтарды дайындау, жоғарғы деңгейлі мамандарды даярлап шығару мүмкін
емес.
1.2.1. Оқу бөлімі
Оқу бөлімі – университеттің құрылымдық бөлімнің басшысы бола отырып,
тікелей университет басшысына , яғни ректорға бағынады.Оқу-әдістемелік
мәселелер бойынша бірінші проректорға бағынады.оқу бөлімінің ұйымдастырушы-
әдіскеріне деканаттар, университет кафедралары, практикалық бөлім
бағынышты болып келеді.Оқу бөлімінің негізгі атқаратын жұмыстары мыналар:
1. Жаңа оқу орнына арналған жылдық жоспарларды жүргізеді.
2. Оқу жүктемелерінің жылдық жоспарлануы.
3. Еңбекке қажетті нағыз еңбек күшін белгілеу.
4. Барлық формадағы оқу бағдарламасын ұйымдастыру.
5. Оқу жұмысы барысындағы жасалған сабақ жоспарларына
мониторингтік бағалау жасау.
6. Дипломмен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Оқу бөлімінің негізгі құрамдары мыналар: бөлім басшысы, бөлім
басшысының орынбасары, жоғарғы дәрежелі 3 әдіскер маман, бірінші дәрежелі 1
әдіскер, бақылаушы 2 бірлік.
Оқу бөлімі өзіне жүктелген міндеттерді орындауды өз
жауапкершілігіне алады, олардың қатарында бөлімнен шығатын құжаттардың
дәлділігі ,бөлім ішіндегі еңбек тәртіптерінің сақталуы.
Оқу бөлімі университеттің негізгі құрылымдық бөлігі саналады, ол
арқылы оқу үрдісін басқару жүзеге асады.
Оқу бөлімінің жұмысының негізгі бағыттары мыналар:
- ЖОО-ның оқыту құжаттарын мемлекеттік білім беру стандарттары базасында
жасақтауда университеттің құрамдас бөліктері арасында өзара байланысты
ұйымдастыру: кәсіби-білім беру бағдарламалары, оқу жоспарлары, оқу
үрдісінің кестесі мен оқытудың жұмыс жоспарары және т.б.;
- Оқу үрдісін басқару бойынша ректораттың шешімдерін дайындау және
ақпараттардың жаңалау мен саралау;
- Оқу үрдісін әдістемелік негізде жоспарлау және ұйымдастыру;
- Оқу үрдісінің сапасын бақылау жүйесін ақпараттық қамту және
университттегі мамандарды дайындаудың барлық формалары бойынша
ақпараттық қадағалау жүргізу;
- Оқу үрдісін реттеуші нормативті-әдістемелік құжаттарды үнемі
жетілдіріп отыру;
- Университеттің оқу алаңдарын пайдалануды қатаң бақылауда ұстау;
- Студенттердің жеке құжаттарын тіркеу және жүргізу, университетті
аяқтау туралы құжаттарды ұйымдастыру және толтыру,
Оқу бөлімі өзінің функционалдық міндеттерін жүргізу барысында университет
қаулысына және осы қағидаға сүйеніп, сондай-ақ, қызметтік міндеттемелерге
сай жүргізеді.
Оқу бөлімінің негізгі функциалары:
1. Оқу үрдісін жоспарлау;
1.1. Факультет, бағыт, мамандықтар бойынша оқытудың жұмыс жоспарарын құру
жұмыстарын координациялау(бағдарлау,бақылауда ұстау).
1.2.Оқу және оқу әдістемелік сұрақтар бойынша университеттің жаңа оқу
жылына іс-әрекеттер жоспарын дайындауды жасақтау.
1.3. Оқу үрдісін қамтамасыз етуге арналған бланкілер, графиктер және тағы
басқа құжаттарды әзірлеу;
1.4. Оқу мақсатына бөлінген аумақтарды нысанды түрде пайдаланылуын
қадағалау.
1.5. Оқу үрдісінің кестесін жасақтау, оқыту пәндерінің және емтихандардың
кестесін әзірлеу.
1.6. Оқыту жүктемесін есептеу, оқыту жұмысы бойынша кафедраларға,
бұйрықтар жасақтау, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы туралы
бұйрықтар жобасын дайындау;
1.7. профессор-оқытушылар құрамының қызметтерін толықтыру немесе
алмастыру туралы байқаулар, жарнамалар және бұйрықтар дайындау;
1.8 Факультеттер бойынша белгілі стипендиялар тағайындау туралы ұсыныстар
дайындау және сәйкес құжаттарды толтыруды бақылау;
2. Оқу үрдісін басқару.
2.1 Оқыту пәндерінің кестесінің орындалуын қатаң қадағалау, сондай-ақ
аудиториялар, кабинеттер және зертханалардың мақсатты түрде қолданылуын
бақылау;
2.2. Оқыту үрдісінің жүзеге асуын қадағалау және сынақтар мен емтихандық
сессиялар нәтижелерін саралау;
2.3. Студенттердің үлгерімі мен артта қалу нәтижелерін сараптау;
2.4. Студенттердің оқу және әдістемелермен толықтай қамтылуын қадағалау;
2.5. Дипломдық жоба жұмыстарының қалыптасуы, диплом қорғаудың жүру барысы
және мемлекеттік емтихандардың тапсырылуын қадағалау. Осы сұрақтар
төңірегіндегі сәйкес есептік құжаттарды толтыру;
2.6. Оқытудың жаңа формаларының енгізілуін қадағалау соның ішінде оқу
үрдісінде және оқу үрдісін басқаруда электронды есептеуіш құралдарды
пайдалануды бақылау;
2.7. Оқыту-зертханалық базаның дамуын бақылау;
2.8. Кафедраның профессор-оқытушы құрамына жүктелетін оқыту әдістемелік
жүктемені және де оқуды жоспарлау есебін бақылау.
3.Ұйымдастырушылық жұмыстар.
2. Деканат
Деканат – оқу үрдісін әкімшілік қамтамасыз етуге, әдістемелік
сұрақтарға іс жүргізуді енгізуге жауап береді.
Деканаттың жоспары төмендегіде жұмыстарды атқарады:
- Факультеттегі оқу үрдісін координациялау(бақылау немесе тексеру);
- Сынақ-емтихандық сессияларды ұйымдастыру және жүргізу. Студенттердің
мемлекеттік аттестациялауын жүргізу(емтихандар мен сынақтардың
кестесін шығару, емтихан-сынақтардың ведомосттарын шығару);
- Факультеттің жылдық жұмыс жоспарына қатысты перспективалар құраушылары
мен оларды дайындау туралы ұсыныстар жасауға қатысу;
- Оқыту технологияларын жетілдіруге қатысты іс-шараларды жүргізу;
- Студенттермен тәрбиелік жұмыстар жүргізу және жекелей, жалпылама
жиналыстар өткізу;
- Студенттердің өміріне қолайлы жағдайлар жасау, жалпы іс-шаралар
өткізу, студенттерді модальді және материалдық мадақтауға ұсыныстар
дайындау, сондай-ақ тәртіптік шаралар қолдану арқылы тәрбиелік шаралар
жүргізу;
- Факультеттің оқу кестесіндегі пәндердің оқытылуын қадағалау;
- Қазіргі қолданыстағы бар нормативтик актілерге сай факультетте іс
жүргізу нормаларын енгізу:
1.2.3. Кафедра
Университеттің кафедрасы институттың (факультеттің) немесе университет
құрамындағы оқу үрдісін жүргізуді, ғылыми және тәрбиелік жұмыстарды
қамтамасыз ететін филиал секілді негізгі ғылыми-оқыту құрылымдық бөлігі
саналады.
Мамандарды даярлау мен түлектерді шығару үрдісіне қатысу
дәрежесіне байланысты кафедраның төмендегідей типтері болады:
- Студенттерді даярлау оларға білім беру, белгілі бағытқа байланысты
кадрлар таңдау немесе мамандық таңдау және жалпы кәсіби білім беру
циклінде максимальды роль атқаратын, өзге жақын кафедралармен
салыстырғанда оқу жоспарына сай арнайы пәндерді даярлауға жауап
беретін толықтай қалыптасқан түлектерді шығарушы кафедра;
Қамтамасыз ететін немесе түлектерді шығармайтын(сервисті кафедралар),
олар негізінен нақты бір пәндерді оқытуға жауап береді. Немесе оқу
жоспарына сай нақты бағытталған, сондай-ақ дипломдалған арнайы мамандар
даярлауға(бакалаврлар,магистрлер)ба ғытталған кафедралар. Қамтамасыз етуші
кафедра – жалпы университеттік болуы мүмкін, ол негізінен қызметтің барлық
салалары бойынша университеттің проректорларының жалпы басшылығымен қызмет
атқарады. Жалпы университеттік кафедра ретінде сондай-ақ, белгілі салалық
бөлім құрамында қызмет атқаратын және сәйкесінше өзара жақын және бір –
бірінен алшақтау университет мамандықтарына қатысты пәндердің оқытулар
сапасына жауап беруі кафедрада айтылады.
Жекелеген жағдайларда кафедра белгілі мамандықтарға қатысты түлектер
шығарушы болса, ал басқалармен салыстырғанда қамтамасыз етуші болуы да
мүмкін.
Түлектер шығарушы кафедраның атауы, ереже бойынша, дипломданған
мамандарды әзірлейтін бағытпен ,мамандықтармен ат тас болады.(бакалавр,
магистр). Ал қамтамасыз етуші кафедра – негізгі пәндерге немесе өзара
жақын пәндердің тобына жақынырақ болады.
Кафедраның функциялары:
- Университеттің ректоры бұйрығы бойынша кафедраға бекітілген барлық
мамандықтар бойынша және де барлық оқыту түрлері бойынша жоғарғы
ғылыми және әдістемелік деңгейде, оқыту барысында заманауи оқыту
әдістері мен технологияларын қолдана отырып оқыту, әдістемелік және де
ғылыми жұмыстарды жүзеге асырады.Кафедра студенттер арасында тәрбиелік
іс-шараларлық жұмыстарды да қатар атқарады.
- Кафедрадағы оқыту, сабақ беру жұмыстары кафедра құрамындағы профессор-
оқытушылардың құрамымен жүзеге асады, олар негізінен: дәрістер оқу,
тәжірибелік және семинар сабақтарын өткізу, зертханалық жұмыстар
жүргізу, сонымен қатар студенттердің курстық және дипломдық
жұмыстарымен жалғасын табады. Осы орайда айта кететін жайт
студенттерге дәрістер оқуда неғұрлым тәжірибелі, жоғарғы кәсіби
деңгейдегі ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен
доценттер, сондай-ақ аға оқытушылар жүргізгені абзал. Студенттерге
дәрістер оқу қызметіне көмекшілер мен аспиранттардың жіберілуі тек
қана факультеттің ғылыми кеңесінің шешімімен ғана, кафедра басшысының
келісімімен уақытша негізде жүзеге асады.
- Кафедра өзіне бекітілген барлық оқыту пәндерінің сапалы түрде болуын
және оқытылуын үнемі бақылап, қадағалап отырады.
- Кафедраның жұмыс жоспарының құрамына міндетті түрде студенттердің оқу
үлгерімі туралы сұрақ қарастырылуы қажет.
- Кафедраның кезекті отырыстарында студенттердің аралық және қорытынды
аттестацияларының нәтижелері сараланады, сонымен бірге студенттердің
жекелеген пәндер бойынша сабақтарын қадағалау формасының санының
жеткіліктілігі және олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігі,
аралық және мерзімді бақылауларды жүргізу деңгейінің оқыту талаптарына
сайлылығы қарастырылады.
- Кафедраға бекітілген пәндер және олардың оқыту жоспарлары бойынша
барлық сабақтардың оқыту әдістемелік қамтамасыз етілуі үшін оқытудың
барлық түрлері мен технологиялары бойынша, кафедра арнайы түрде оқыту
- әдістемелік кешенінің тізімін жасақтайды(пәндердің құмыс
бағдарламасы және тәжірибелік жұмыстар), арнайы кітаптардың даярлануын
қамтамасыз ету, сонымен қатар оқыту құралдары мен өзге де заманауи
оқыту құралдары мен зертханалық құралдарды қолдануын қамтамасыз етеді.
- Кафедра студенттермен және аспиранттармен бірлесе отырып ғылыми
жұмыстар жүргізеді, сонымен бірге ізденушілер, аспиранттар, докторлар
қорғауына ұсынылатын диссертациялармен алдын ала танысып, мазмұнын
талқылайды.
- Кафедра – кафедра мүшелерінің ғылыми жұмыстарын, сонымен бірге
кафедрадан тыс ізденушілердің ғылыми жұмыстарын рецензиялайды(пікір
және сын-пікір береді, сонымен қатар ғылыми- зерттеу жұмыстарын
жариялауға қатысты қорытынды жасайды.
- Егер кафедра құрамында ғылыми мамандықтар бойынша асперантура болатын
болса, кафедра кандидаттық емтихандардың бағдарламасын мамандықтар
бойынша құрастырады және олардың оқуға қабылдануын ұйымдастырады.
Түлектерді шығарушы кафедраның функциялар.
Түлектерді шығарушы кафедраның қызметі құрамына бесінші тарауда
келтірілген барлық пункттер енеді және оларға қосымша ретінде төмендегілер
жатады.
Университеттің қолданыстағы бар сәйкес лицензиясына сай оқытудың
түрлі деңгейіне, формасына және технологиясына байланысты түлектерді
шығарушы кафедра негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге
асырады.
Егер де жаңа мамандықтар ашылатын болсы түлектерді шығарушы кафедра 1
жыл бұрын алдын ала оқу ісі жөніндегі проректорға сәйкес құжаттармен
негіздемелерді ұсына отырып, сұраныс жасап отырған білім беру бағдарламасын
лицензиялауға дайындау қажет. Жаңа мамандықтарды ашуға қатысты сұрақтармен
мәселелерді университеттің оқу кеңесі шешеді.
Қайта ашылатын мамандықтарға қатысты- түлектерді шығаратын
кафедра Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына толықтай сәйкес
келетін типтік (5жылдық) оқу жоспарын қалыптастырады және оларды жүзеге
асыруға қажетті шығын мөлшерін қоса көрсетеді.
Түлектерді шығарушы кафедра студенттердің барлық тәжірибе
түрлерін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауап береді, атап айтсақ олар:
оқу, өндірістік, диплом алды тәжірибелері. Ол үшін үнемі студенттер
тәжірибеден өту үшін, ұйымдармен, кәсіпорындармен және тапсырыс қабылдаушы
мамандармен келісімшарттар жасақтайды.
Түлектерді шығарушы кафедра студенттердің мемлекеттік қорытынды
аттестациясына дайындалуын ұйымдастырады. Кафедраның мемлекеттік қорытынды
аттестациясына даярлығы, ұйымдасыруы, өткізуі алдын ала бекітілген
бұйрықтармен талаптарға сай орындалады.
Түлектерді шығарушы кафедра оқуды аяқтаған жас мамандарды
жұмысқа орналастыруға әрекеттер жасайды. Даярланған мамандар туралы
обективті түрде жақсы баға алу үшін түлектер туралы ақпараттарды саралайды,
сондай – ақкәсіпорындармен мекемелердің сұраныс бойынша жұмысқа
қабылданған, мақсатты келісімшартты негізде дайындықтан өткен түлектердің
санын, еңбек биржасына тіркелген түлектердің санын саралап, жұмысқа
орналасқан түлектердің жұмыс орнынан жақсы пікірлер жинап, жыл сайын жұмыс
берушілер арасында кездесулер өткізіп тұрады.
1.3. ЖОО басқарудағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің мәні
Басқарудың ақпараттық жүйелерін жасақтау екі негігі бағытпен дамйды:
локальды жүйелерді қолдану және интеграцияланған жүйелерді қолдану.
Бұлардың алғашқысы мекеменің бір немесе бірнеше бөлімшелеріне ғана арналған
арнайы міндеттермен тапсырмалардың шеңберіне ғана бағытталған. Бұл мысалға
алар болсақ, бухгалтерлік есепке арналған, мамандарды тіркеуге арналған
және т.б. жүйелер. Ал екіншісі, яғни интеграцияланған жүйелер негізінен ірі
өндірістік фирмаларға арналған, сондықтанда құны қымбат. Локальды жүйелер
айтарлықтай арзан және қарапайым, олар арнайы міндеттерді шешуге неғұрлым
бейімделген.
Оқу үрдісін ұйымдастырмен жүзеге асыруда ақпараттық технологияларды.
Қолданудың қажеттілігі бүгінгі күні айтпасада түсінікті. Бұған дейінгі
қолданылып келген ақпаратты сақтау және өңдеу әдістері университеттің
заманауй қажеттілігіне жауап бере алмайды. Сондықтанда кешенді ақпараттық
жүйені жасау кейінге шегіндіруді күтпейтін аса маңызды міндетке айналды.
Мұндай жүйе тұтастай оқу жүйесін бақылауға мүмкіндік беру қажет. Олардың
қатарында: кафедратармен деканаттардың жұмысын тексеру, сабақ кестесін
шығару, ЖОО қызметкерлерінің өзгерісін көрсету және т.б. жатады.
1.3.1. Университет ААЖ
Университет ААЖ – бұл жаңа ақпараттық технологиялар мен ЖОО-ны
заманауи басқару тенденциясының оптимальды үйлесімділігі:
- ЖОО қызметін кешенді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz