Оқу үдерісін автоматтандырудың теориялық негізі



Кіріспе
1. ОҚУ ҮДЕРІСІН АВТОМАТТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. Оқу үдерісін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.2. Ақпараттық жүйе ұғымы, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
1.3. Оқу үдерісін ұйымдастырудың автоматтандыру мәселелері ... ... ... ... .
2. ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
2.1. Әлемдік тәжірибедегі автоматтандырылған ақпараттық жүйенің қолданылуы
2.2. Қазақстандағы оқу үдерісіндегі ақпараттық жүйе
2.3. Ақпараттық жүйе қызметтеріне салыстармалы талдау
2.4. Колледжге арналған ақпараттық жүйе жобалау
2.5. Ақпараттық жүйе қолданылу қызметін жетілдіру
КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі:Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсетілген [1].
Жоғары оқу орны мамандар даярлауда білімді, ғылым мен өндірісті ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа ақпараттық-инновациялық технологиялар кешенін қолдана отырып дараландыру негізінде білімгерлердің шығармашылық даралығын, интелектуалдық және практикалық қабілеттерін таныту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырады [2].
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында жоғары, жоғары оқу орнынан кейін білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық мақсаттары: Қазақстанның жоғары білім беру сапасы білім беру саласындағы әлемнің ең үздік тәжірибелеріне сәйкес келеуі, әлемдік стандарттарға сай біліктілігі жоғары ғылыми кадрлар даярлаудың тиімді жүйесі жұмыс істеуі, жастарды ғылымға тарту болып табылады [3].
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасының алтыншы бағытында: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар деп көрсетті [4].
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» 2015 Жолдауында «Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл- әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз» деп атап өтті [5].
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі «100 нақты қадам» атты жоспарының 79-қадамында: Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуі керек. Оның басты мақсаты – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру деп көрсетті [6].
Еліміздің білім беру туралы заңындағы педагогикалық үдерісті жетілдіруге сәйкес басты басымдықтарды Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы халыққа кезекті «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» тақырыбындағы Жолдауында: «Қазақстанда адами капитал сапалы өсуі, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтауға байланысты екендігін айта келіп, «...оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу; педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор» - деп маңызды іс-шараларды атап көрсетті [7].
Қоғамның дамуының әр кезеңдерінде де білім беру жүйесінің алға жылжып отыратынын осы айтылғандардан көреміз.
Қоғамдағы өндірістің, әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірдің күрделенуі мен адамзат іс-әрекетінің барлық саласындағы үдерістердің серпінді өзгерісі, біріншіден білімге деген сұраныстың өсуіне алып келсе, екіншіден осы сұраныстарды қанағаттандырудың жаңа құралдарын жасау мен технологияларын анықтауды талап етеді. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі заманауи ақпараттық технологияларды ұтымды қолдана білуге тікелей қатысты. Сол себепті автоматтандырылған ақпараттық жүйелердіоқу үдерісінде кеңінен қолдана білу оқу орындары мамандарының кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, оқу орындарының оқу үдерісін ұйымдастыруда автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді қолдану өзекті мәселе болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Сейтбатталова А.С., Маусымбаев С.С. Построение системы дистанционного обучения педагогического вуза как фактор интеграции Республики Казахстан в мировое образовательное пространство // Вестн. КарГУ. — Сер. Педагогика. — № 3(47)/2007. — С. 79–87.
2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: учебное пособие. – М.: Народное образование, 1998. – 256 с.



1. Қазақстан Республикасының заңы. 27 шілде 2007 жыл. № 319-ІІІ. Білім туралы. –Алматы. - 2015 (2015.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). Баспа Lem. - 156 б.
2. «Жоғары білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Алматы. Республикалық баспа кабинет. -1993. -8 бет.
3. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (2010 жыл) // http://adilet.zan.kz/kaz.
4. «Қазақстан- 2050» Стратегиясы Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы (14 желтоқсан 2012 жыл). -Алматы: Баспа Lem. -2014. -64 б.
5. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы-2015. - Астана, -2014, қараша 11. // http: «www.strategy2050.kz».
6. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» атты жоспары - 2015 // http://bnews.kz/kk/news/post
7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. - Астана, 2012, қаңтар - 27.
8. Пейперт С. Переворот в сознаний: дети, компьютеры и плодотворные идеи. М: Педагогика, 1980, - 221 c.
9. Ляудис В.Я. Инновационные обучение и наука: научно-аналитический обзор. –М., РАН, 1992, -56 с.
10. Роберт И.В. Теоретические основы создания и использования средств информатизации образования. Автореф.дис. док.пед.наук. –М.: 1995.-40 с.
11. Макарова Н.В. Программа по информатике (объектно-информационная концепция). СПБ «Питер», серия «Учебники и школы» 2000, С 69.
12. Машбиц С.И. Психология педагогические проблемы компьютеразации обучения. –М.: Пед. 1988 – 192 c.
13. Гершунский Б.С. Компьютеризация в сфере образования: Проблемы и перспективы. – М.: Педагогика, 1987. – 265 с.
14. Kозлова Г.А. Дидактическая эффективность компьютеризации обучения (по материалам зарубежных публикаций). Автореф. …канд.пед.наук. –М.: МПУ, 1992. – 23 с.
15. Коршунов С.В. Разработка модели организации учебного процесса // Высшая школа Украины. - К., 2003. - №11.- С. 19 - 23.
16. Костиков Ю.В. Автоматизация управления учебным процессом // Высшая школа Украины. - К., 2003. - №8.- С. 47-54.
17. Линькова В.М. Вопросы автоматизации управления учебным процессом в ВУЗе // Научно-техническая информация. - М., 2004. - №7. - С. 16 - 19.
18. Еслямов С.Г. О некоторых проблемах компьютеризации учебного процесса и информатизации образования // Высшая школа Украины. - К., 2005. - №5.- С. 26- 29.
19. Вейцман В.М. Автоматизация и организация образовательного процесса на базе корпоративной информационной системы. -«Образование в информационную эпоху», материалы международ. конференции. - М.: МЭСИ, 2001 . - с. 124 - 129.
20. Яблонский В.Б. Информационное обеспечение системы управления образованием // Высшая школа Украины. - К., 2005. - №12.- С. 19 - 23.
21. Қараев Ж. А. Оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциялау, білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру.
22. Джусубалиева Д.М. Теоретическое основы формирования информационной культуры студентов в условиях дистанционного обучения. Дисс. ... к.п.н., Алматы., 1997. – 146 с.
23. Искакова А. Организация и структура американских школ: асторические перспективы (перевод с англ) // Вестник НПЦ. – 1996, №26. -14-16 c.
24. Тажигулова А.И. Мектепте білім беруді ақпараттандыру индикаторлары// Научное издание Вестник КазНУ СЕРИЯ «ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ» № 1 (41), 2014. – 44-49 б
25. Б.Ж. Нұрбеков, Ж.К. Нұрбекова . Жоғары мектепте білім беруді ақпараттандыру жағдайы, мәселелері және перспективасы // Вестник ПГУ №2, 2010, - 52-57 б.
26. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007, шілде - 27.
27. «Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру кустарының деңгейлі бағдарламасына арналған глоссарий»: Оқу-әдістемелік құрал – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектетері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. – 2012. 25-29бб
28. Мұханбетжанова Ә.М. - Кәсіби білім берудегі құзыреттілікті дамытудың теориясы мен тәжірибесі. – БҚМУ Хабаршысы, Выпуск 1(41) шығарылым – 2011, 45-48 б.
29. С.С. Аяжанов, Ш.Е. Омарова, Қ.С. Аяжанов – Ақпараттық жүйелердің негіздері: Оқулық. / Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012.
30. ©НГТУ, 2010 Информационная система университета–www.ciu.nstu.ru
31.

1. ОҚУ ҮДЕРІСІН АВТОМАТТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
0.1. Оқу үдерісін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
0.2. Ақпараттық жүйе ұғымы, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
0.3. Оқу үдерісін ұйымдастырудың автоматтандыру мәселелері ... ... ... ... .
1. ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
0.4. Әлемдік тәжірибедегі автоматтандырылған ақпараттық жүйенің қолданылуы
0.5. Қазақстандағы оқу үдерісіндегі ақпараттық жүйе
0.6. Ақпараттық жүйе қызметтеріне салыстармалы талдау
0.7. Колледжге арналған ақпараттық жүйе жобалау
0.8. Ақпараттық жүйе қолданылу қызметін жетілдіру

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау - деп атап көрсетілген [1].
Жоғары оқу орны мамандар даярлауда білімді, ғылым мен өндірісті ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа ақпараттық-инновациялық технологиялар кешенін қолдана отырып дараландыру негізінде білімгерлердің шығармашылық даралығын, интелектуалдық және практикалық қабілеттерін таныту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырады [2].
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында жоғары, жоғары оқу орнынан кейін білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық мақсаттары: Қазақстанның жоғары білім беру сапасы білім беру саласындағы әлемнің ең үздік тәжірибелеріне сәйкес келеуі, әлемдік стандарттарға сай біліктілігі жоғары ғылыми кадрлар даярлаудың тиімді жүйесі жұмыс істеуі, жастарды ғылымға тарту болып табылады [3].
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасының алтыншы бағытында: Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар деп көрсетті [4].
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Нұрлы жол - болашаққа бастар жол 2015 Жолдауында Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл- әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз деп атап өтті [5].
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі 100 нақты қадам атты жоспарының 79-қадамында: Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуі керек. Оның басты мақсаты - даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру деп көрсетті [6].
Еліміздің білім беру туралы заңындағы педагогикалық үдерісті жетілдіруге сәйкес басты басымдықтарды Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы халыққа кезекті Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты тақырыбындағы Жолдауында: Қазақстанда адами капитал сапалы өсуі, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтауға байланысты екендігін айта келіп, ...оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу; педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор - деп маңызды іс-шараларды атап көрсетті [7].
Қоғамның дамуының әр кезеңдерінде де білім беру жүйесінің алға жылжып отыратынын осы айтылғандардан көреміз.
Қоғамдағы өндірістің, әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірдің күрделенуі мен адамзат іс-әрекетінің барлық саласындағы үдерістердің серпінді өзгерісі, біріншіден білімге деген сұраныстың өсуіне алып келсе, екіншіден осы сұраныстарды қанағаттандырудың жаңа құралдарын жасау мен технологияларын анықтауды талап етеді. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі заманауи ақпараттық технологияларды ұтымды қолдана білуге тікелей қатысты. Сол себепті автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді оқу үдерісінде кеңінен қолдана білу оқу орындары мамандарының кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, оқу орындарының оқу үдерісін ұйымдастыруда автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді қолдану өзекті мәселе болып табылады.
Оқыту үдерісінде компьютерлік технологияны пайдаланудың негізгі мәселелері С.Пейперт, В.Я.Ляудис, И.В.Роберт [8-10], жоғары білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын оқу үдерісінде пайдалану мәселелері Н.В.Макарова, Е.И.Машбиц, Б.С. Гершунский, Г.А.Козлова [11-14] зерттеулерінде қарастырылған. Оқу үдерісін ұйымдастыру және оны автоматтандыруда ақпараттық жүйені қолдану мәселелері С.В. Коршунов, Ю.В. Костиков, В.М. Линькова [15-17] еңбектерінде қарастырылған. С.Г. Еслямов, О.А. Вейцман және В.Б. Яблонский [18-20] еңбектерінде оқу үдерісінің модернизациясы, ақпараттық технологияның ілгерілеуі, байланыс технологиясы, автоматтандырылған жүйені қоса алғандағы білімді басқару механизмінің бағдарламалық-байланыс технологиясы жазылады.
Күн санап дамып келе жатқан ғылым мен техника білім беру саласына жаңа талаптар қоюда.
Атап айтқанда оқу үдерісін ақпараттандыру саласында бірқатар еңбектер жарық көрді. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың жалпы мәселелері Ж.А. Қараев, Д.М. Жүсібалиева, К.Т. Искаков, А.И. Тажигулова, Б.Ж. Нұрбеков, Ж.К. Нұрбекова [21-25] еңбектерінде зерттелген.
Бүгінгі ақпараттық технологиялардың даму деңгейі мен оларды оқу үдерісінде қолдану деңгейінің арасындағы қайшылықтар орын алып отыр. Осыған байланысты оқу үдерісін ұйымдастырудың неғұрлым тиімді технологияларын іздестіру және ақпараттық жүйе қызметтеріне талдау жасау зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Оқу үдерісін ұйымдастыруда автоматтандырылған ақпараттық жүйені қолдану деп таңдап алуымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты - Оқу үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық жүйе қызметтеріне салыстырмалы талдау жасау.
Зерттеу нысаны - Білім беру саласы, оқу орындардағы оқу үдерісі.
Зерттеу пәні - Оқу үдерісін ұйымдастыруда автоматтандырылған ақпараттық жүйені қолдану.
Зерттеудің болжамы:
Зерттеудің міндеттері:
Зерттеу әдiсі және әзiрлеудiң технологиясы - Зерттеудің теориялық базасын отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, электрондық оқулық бойынша пән оқытушылары болды.
Зерттеу бірнеше кезеңдермен өткізілді:
Зерттеудің жаңалығы:
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі:
Диссертациялық жұмыстың құрылымы - магистрлік диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1. ОҚУ ҮДЕРІСІН АВТОМАТТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
8.1. Оқу үдерісін ұйымдастыру

Қазақстандағы жоғары мектептің алдына қойып отырған басты мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жүйелі, нақты білім беру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетіледі [26].
Осы білім беру жүйесінде сапалы ұйымдастырылған оқу үдерісі білімді, жан-жақты шыңдалған маман ретінде мемлекет қойып отырған талаптарға сай келетін, бәсекеге қабілетті түлектерді дайындап шығаруға септігін тигізеді.
Оқу үдерісі - оқушылардың білім, білік, дағдыларды игеру, шығармашылық қабілеттері мен өнегелі - этикалық көзқарастарын дамыту жөніндегі белсенді оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру және ынталандыруға бағытталған мақсатты педагогикалық қызмет. Оқу - білім алушының білім мен білік элементтерінің саны мен сапасы оқу мақсатын құрайтын тиісті деңгейге жеткізілетін оқу қызметінің түрі.
Оқыту - педагог жүзеге асыратын білім алушылардың оқу-танымдық қызметін басқару үдерісі. Оқыту оқу-тәрбие үдерісінің компоненті болып табылады және қарсы бағытталған оқу үдерісінің болуын көздейді. Оқытуға оқу міндеттеріне сәйкес келетін білім және білікті меңгеру бойынша әрбір білім алушының тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру кіреді. Сондай-ақ мұғалімнің іс-әрекеті өз жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру дегенді білдіреді.
Оқытудағы тәсілдер - оқыту мен оқу үдерісінде жүйелі түрде қолданылатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Оқытудағы әлеуметтік-сындарлы тәсіл - бұл оқытудағы тәсіл оқыту диалог (талқылаулар, пікірталастар, ынтымақтастықта жұмыс істеу, білімді бірлесіп құру, түсініктер мен дағдыларды қалыптастыру) арқылы оқушылар өзара қарым-қатынас жасауы қажет деген идеяға негізделген.
Оқытудағы бихевиористік тәсіл - оқытудағы бұл тәсіл оқыту үдерісінде білім алушыға жасалған әсерлер (түрткілер) және сол әсерлерге оқушылардың көрсеткен реакциялары ғана ескеріледі деген тұжырымға негізделген. Реакцияға әкелетін психикалық үдеріс объективті, ғылыми талдауға көнбейтін қара жәшік деп түсініледі. Қозғалыстар жиынтығымен шектелген мінез-құлық зерделенеді. Психологияда бихевиористік тәсіл ХІХ ғасырдың аяғында оқу теориясы саласында пайда болып, ал ХХ ғасырдың басында жалпыпсихологиялық және негізінен психологияда қолданылатын тәсіл деп жарияланды. Бихевиоризмнің негізін салушы Джон Б.Уотсон психология бағытталып отырған ішкі тәжірибені бақылауға болмайтындықтан, оны жеткілікті деңгейде зерттеу мүмкін емес деп жорамалдаған. Осыған байланысты зерттеуші зертханалық эксперименттерге жүгінді. Нәтижесінде түрткі - реакция моделі жасалды. Ол модельде орта жеке тұлға жауап беруі тиіс түрткілерді тудырушы деп қарастырылады. Эдвард Л. Торндайк және басқа да ғалымдар осы идеяға сүйеніп, түрткі - реакция (Т-Р) оқыту теориясын жасады. Ол теорияға сәйкес мінез-құлық нәтижесінде реакция не күшейеді, не әлсірейді.
Оқытудағы сындарлы тәсіл (лат. constructivus - құрумен, құрастырумен байланысты) - оқытудағы бұл тәсіл оқыту зерделеу, эксперимент, жетекшілік ету арқылы жүргізілетін зерттеу, тапсырмаларды шешу, ойлану сияқты белсенді зерттеулер көмегімен түсініктер мен дағдыларды қалыптастыру арқылы құрылу керек деген идеяға негізделген. Оқыту мен оқуда сындарлы тәсілді қолдану оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамытып, оқушыларға өздерінің алған білімдерін сыныптан тыс жерде қолдануға жағдай жасайды.
Оқытуды даралау (дербестендіру) - оқу әдіс-тәсілдері, қарқыны оқушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың оқудағы мүмкіндік деңгейлерін ескере отырып таңдалатын оқу үдерісін ұйымдастыру. Барлық оқушылардың дайындық деңгейлері әртүрлі болуына байланысты және олардың оқу қабілеттерін дамыту керек болғандықтан оқытуды даралау қажет болды. Мұғалімнің оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін білуіне негізделген оқытуды даралау оқыту мен тәрбие беруде бірлікке жетуге көмектеседі.
Оқытуды саралау - әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес нұсқауларды, тапсырмаларды, материалдарды, әдістерді, т.б. іріктеу үдерісі [27].
Бүгінде білім беру саласын тұтынушылар арасында білім жүйесіне қойылатын талаптары көбеюде. Білім беру саласындағы интеграциялық үдерістің дамуы халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар дайындауды талап етуде. Осының бәрі оқу орындарындағы оқу үдерісінің ұйымдастырылуын, мамандар дайындаудың сапасын бақылау, оқу орнының мәдени ұйымдастырылуына байланысты.
Еуропалық білім беру кеңістігін жасауда жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі қарастырылады. Осы қажеттілікті сипаттайтын Болон декларациясының негізгі қағидаларының бірі - бірегей және үйлесімді дәрежелерді дамыту.
Болон процесіне ену нәтижесінде жоғары білім жүйесіндегі реформаларға сәйкес қойылған міндеттерді Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындары өз беттерімен шешуге жұмыстануда. Жоғары оқу орнын бітірушілердің біліктілігін жетілдіру жолдарын жасау және білімін бағалауға қойылатын талаптар да өзгеруде.
Еліміздің жоғары білім беру жүйесі халықаралық білім кеңістігіне ықпалдастыру тетіктерінің бірі - оқытудың кредиттік жүйесі болып отыр. Бұл жүйенің мәні студенттердің өз бетімен білім алуына басымдық беріліп, маманға өмір бойы оқу дағдысын қалыптастыру. Республикамыздағы жетекші университеттердің білім беру үдерісін ұйымдастырудағы дәстүрлі және жаңаша көзқарастарды салыстырмалы талдау негізінде ғалымдар тарапынан кредиттік жүйенің көптеген тиімді жақтары негізделіп отыр.
Атап айтқанда:
+ академиялық еркіндіктің жоғары дәрежесі (курсты, меңгеру мерзімін және оқытушыны таңдау);
+ студенттердің оқу әрекетінің өзіндік сипаты мен оқытушының оқыту қызметінің дамытушы стилі (консультация, диалогтар т.б.);
+ студенттердің жеке ізденістік оқу әрекеті (дара білімдік бағыт бойынша алға ілгерілеу);
+ білімдік бағдарламалардың инновациялық мазмұны (алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктерге бағдарлау);
+ білім беру бағдарламаларының жоғары оқу орындық компоненті көлемінің ұлғайтылуы;
+ оқытудың белсенді, проблемалық-ынталандырушы интерактивтік әдістері мен инновациялық технологияларының ара салмағының өсуі;
+ сабақ өткізудің практикалық формаларының басым болуы;
+ студенттердің оқу жұмысының жүйеленген, қадамдық мотивациясы;
+ білімді меңгерудің жемісті, зерттеушілік деңгейі; баламалық курстарды өз қалауы бойынша меңгеру мүмкіндігі және кредиттерді күні бұрын тапсыру мүмкіндігі.
Жалпы алғанда жоғарғы оқу орнында кредиттік жүйе негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру үздіксіз оқу-ізденіс және зерттеушілік жұмысқа үнемі өзін-өзі жетілдіру және зерттеушілік жұмысқа деген жоғары мотивацияны қамтамасыз ету болып табылады.
Мынадай түсініктеме беріледі: білім беру бағдарламасы (Educational Program) ұғымының сөзбе-сөз аудармасы белгілі бір деңгейдегі (бакалавр, магистратура, докторантура) мамандық деген ұғымды бейнелейді, ал оқу бағдарламасы (Academic Program) пән деген ұғымды бейнелейді және силлабус (Syllabus) деп аударылады. Faculty термині факультет деген ұғымды білдірмейді, ол профессорлық-оқытушылық құрам деген мағынаны береді. Оқытушының қызметін бейнелеуде лектор (Lectuter) немесе тьютор (Tutor) деген ұғымдар пайдаланады
Алғашқы рет кредиттік - сағаттық жүйе немесе кредиттік сағат жүйесі АҚШ-та пайда болып, дамыды. 1869 жылы Гарвард университетінің президенті, американдық білім беру саласының қайраткері Чарльз Элиот кредит-сағат деген ұғымды енгізді, 1870-80 жылдары пәндердің көлемін кредит - сағатпен өлшейтін жүйе енгізілді. 1892 жылдан бастап кредиттік - сағаттық жүйенің екінші даму кезеңі басталды. АҚШ-тағы ұлттық білім беру комитеті колледж-мектеп құрылымын жақсарту мақсатында, орта мектепте оқытудың бағдарламасын стандарттауда кредит деген ұғымды тек колледждерде ғана енгізген жоқ, сонымен қатар мектептерге, білім берудің магистрлік және докторлық деңгейлеріне бакалаврлық бағдарламаның мазмұнын бағалау үшін кредиттік жүйені енгізді .
2003 жылдың мамыр айында Халықаралық стандарттарға сай қаржылық есеп беруге көшу жағдайында жоғары білімді жетілдіруге сай экономика және менеджмент саласындағы кадрларды даярлайтын қазақстандық оқу орындарына 2003-2004 оқу жылынан бастап 1 курс студенттерін кредиттік технологияларға негізделген жаңа білім беру бағдарламалары бойынша дайындау ұсынылды. Экономикалық мамандықтарға арналған білім саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеуге қазақстандық ЖОО-лардың оқытушы-профессорларымен қатар ПРАГМАЮСАИД корпорациясының өкілдері, ҚР аудиторлар палатасы, экономика саласындағы түрлі кәсіби қауымдастықтар, американдық EdNet желісі, американдық университеттердің профессорлары атсалысты.
Жоғары оқу орындарының студенттерінің басты міндеті таңдап алған мамандығы бойынша теориялық білімді, практикалық дағдыны және зерттеулердің қазіргі әдістерін меңгеруге, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларында көзделген тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындау, жалпы адамзаттық, рухани - адамгершілік қазыналарды құрметтеу, ішкі тәртіп ережелерін басқа да талаптарды орындау болып табылады.
Жоғары білім берудің қазіргі жағдайға бара-бар және қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуының мақсаттары мен мүдделеріне жауап беретін жаңарған үлгі-моделі жасалуда. Студенттерді жаңа инновациялық жолмен дайындаудың тұжырымдамасы мазмұны мен процессуальдық қырлары Л.С.Подымова, В.В.Давыдов, И.И.Ильясов, В.Я.Ляудис т.б. еңбектерінде қарастырылған. Көптеген зерттеушілер В.К.Маригодов, А.А.Слободянок , т.б. студенттердің динамикалық шығармашылық моделін қалыптастыруды көздейді. Бұл авторлардың еңбектерінде студент қазіргі жағдайды шығармашылықпен, компьютерлік білім жүйесін игерген, өзінің саласында ғылымның соңғы жаңалықтарымен толығымен қамтамасыз етілген, өзінің білімділігімен ғылыми техникалық жаңару проблемаларын өз бетімен шеше алатындай жолдарды жүйелеп қалыптастыру моделін ұсынады.
Педагогика ғылымында қазақстандық ғалымдар А.П.Сейтешов, Қ.Қ.Жампейсова, Т.С.Садықов, М.А.Кұдайкұлов болашақ маманның болжамдық моделін құрудың әдіснамасын жасауда. Олар тұтас оқу үдерісінің моделі және студенттің тұтас тұлғасын кезеңді қалыптастыру моделін анықтаған. Ол келесі кезеңді қамтиды:
1) болашақ маман моделінің негізгі параметрлерін болжамдық, содан соң зерттеу деңгейлерінде анықтау;
2) тұлғаны қалыптастыру үшін әдістемелер кешенін іріктеу, құру, стандарттау және түзету;
3) нақты модельді жасауға болжау үшін әдістемелік негіздеме жасау және оны жүзеге асыру. Проблеманы өңдеушілердің есептеуінше, маманның моделінің негізі ретінде - оның іс-әрекетінің моделін алу қажет деп көрсетеді. Ал оған қол жеткізу үшін тек экспериментальды зерттеу үдерісінде ғана модель қалыптастыру шартын жүзеге асыруға болады деп дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі туралы С.Б.Абдығапарова, Г.К.Ахметова, С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А.Мырзалиев, С.М.Өмірбаев, Ш.Т.Таубаева, Ә.М.Мұханбетжанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде осы жүйенің тиімділік жақтары зерттеліп көрсетілген.
Республиканың ЖОО-да кредиттік оқыту жүйесін енгізуді апробациялауда төмендегідей нәтижелер алынды:
:: кредиттік оқыту жүйесі негізінде білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік негізі анықталды;
:: студенттердің білімін бақылау мен бағалаудың, есепке алудың формалары өңделіп,негізгі критерийлері талданды;
:: оқу-әдістемелік кешенге қойылатын ғылыми-әдістемелік талаптар жасалды, мамандық және пәндер бойынша және студенттің ОӘК-нің мазмұны мен құрылымы жасалды;
:: мемлекеттік аттестациялауды жүргізудің аралық және қорытынды формалары қайта қарастырылды;
:: мемлекеттік стандарттар, жоғары оқу орнының элективті пәндер каталогы, пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен жасалып, принциптері өңделуде.
Кредиттік оқыту жүйесін енгізу талап етеді:
студенттердің білімін бақылау, оқу процесін ұйымдастыру принципінің өзгеруі;
әдістемелік кешеннің және профессорлық-оқытушылық құрам іс-әрекетінің нормативтік-құқықтық базасын қайта қарастыру;
білім беру траекториясын таңдауды есепке ала отырып, оқытушының оқу жүктемесін бөлу және студенттік топтарды қалыптастыру механизмін жетілдіру;
ЖОО қызметкерлерін материалдық көтермелеу және еңбекақысын төлеу принципінің өзгеруі;
оқу процесін ақпараттандырудың жоғары деңгейі;
кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына сәйкес студенттерді оқулықтармен және оқу материалдарымен, техникалық құралдармен, баспа және көбейткіш құралдармен қамтамасыз ету.
Кредиттік оқыту жүйесін жүзеге асырудың маңызды құрылымы оқу үдерісін жетілдіру үшін жоғары талаптарға сәйкес коммуникация құралдарымен, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету.
Бұдан әрі кредиттік оқыту жүйесін жүзеге асырудың маңызды бөлігі - оқу процесін ақпараттандыру және коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету жағдайында студенттің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселесіне көшеміз.
Еліміздің ЖОО-да кредиттік оқыту жүйесін ендірудің тәжірибесі оны білім беру процесіне ендірудің шарттары төмендегідей екендігін көрсетті:
оқу процесін ақпараттандырудың жоғары деңгейін;
корпоративтік ақпараттық-білімдік желі және оған қосылған компьютерлік сыныптар санының болуы;
оқу үдерісін ұйымдастырудың ақпараттық - басқару жүйесінің болуы;
электрондық каталогтың көмегімен кітапханалық ақпаратты іздеудің ашық жүйесі бар электрондық кітапхананың, негізгі оқу курстарының электрондық және мультимедиялық үлгілерінің, сонымен қатар әртүрлі тасымалдағыштардағы оқу материалдарының видеоүлгілерінің болуы қажет [28].

3.1. Ақпараттық жүйе ұғымы, қызметі

Ақпарат - қоршаған ортадан қабылданатын, қоршаған ортаға берілетін я ақпараттық жүйенің ішінде сақталатын, мəліметтер жиынтығы.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - бұл алға қойған мақсаттарға жету мүдделерінде ақпараттарды сақтау, өңдеу жəне беру үшін пайдаланылатын, АТ құралдары мен əдістерінің ұйымдық, тəртіпке келтірілген өзара байланысты жиынтығы. Ақпараттық жүйелерді осылай түсіну негізгі техникалық құралдар ретінде ЭЕМ ақпараттарын өңдеу мен кез келген саладағы есептерді орындауда шешімдер қабылдау үдерісіне қажет ақпараттарды беру мен ақпараттық үдерістерді жүзеге асыратын байланыс құралдарын пайдалануды ұйғарады.
Ақпараттық технологиялар кең мағынасында - күрделі жүйелерді (техникалық, ақпараттық, биологиялық, экономикалық, əлеуметтік жəне т.б.) талдау жəне синтездеу мақсатында алгоритмдерді, бағдарламаларды əзірлеу жəне компьютерде оларды қолдану.
Ақпараттық технологиялар (АТ) - бұл ақпараттарды өңдеумен жəне сақтаумен айналысатын адамдар еңбегін тиімді ұйымдастырудың əдістерін; есептеу техникасы мен ұйымдастыру жəне адамдармен, өндірістік жабдықтармен өзара іс-қимыл жасау əдістерін, олардың тəжірибелік қосымшасын, сондай-ақ осылардың барлығымен байланысты əлеуметтік, экономикалық жəне мəдени проблемаларды зерделейтін, өзара байланысты, ғылыми, технологиялық инженерлік пəндердің кешені.
АТ-ның негізгі мақсаты - бастапқы ақпараттарды өңдеу бойынша мақсатты бағытталған іс-қимылдар нəтижесінде, оны талдау жəне соның негізінде қандай да бір əрекетті орындау бойынша шешім қабылдау мақсатымен, пайдаланушы үшін қажет ақпарат алу.
АЖ функцияларын жүзеге асыру оған бағдарланған АТ-ны білмей мүмкін емес. АТ, АЖ аяларынан тыс та қолданылуы мүмкін. Осылайша, АТ, ақпараттық қоғамдағы ақпараттардың түрленуі мен жаңғыртылуы үдерістерінде қазіргі түсінікті көрсететін, неғұрлым кең ауқымды ұғым болып саналады.
Нақты қолдану аяларына қатысты АЖ өзінің функциялары, архитектурасы жүзеге асырылуы бойынша өте күшті өзгешеленуі мүмкін. Бүкіл АЖ үшін ортақ болып саналатын, негізгі қасиеттерін бөліп көрсетуге болады:
:: АЖ құрылымы, оның атқарымдық маңызы қойылған мақсаттарға сəйкес келуі тиіс.
:: Мəліметтер қоры, сараптамалық жүйелер мен білімдер базасын пайдалануға негізделген, дұрыс сенімді, уақытылы жəне жүйеленген ақпараттар өндіру. Өйткені кез келген АЖ ақпараттарды жинауға, сақтауға жəне өңдеуге арналған, сондықтан деректерді сақтау мен деректерге кіру ортасы, кез келген АЖ-нің негізі болып қаланған. Орта АЖ-ні қолдану саласына сəйкес келетін, деректердің сақталу сенімділік деңгейі мен оған кіру (қолжетімділік) тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс.
:: Кəсіпорынның АЖ-ге стандарты түрінде жүзеге асырылған негізгі қағидаттарына сəйкестікте, АЖ-ні адамдар бақылауы, түсінуі жəне пайдалануы қажет. АЖ-ні пайдаланушының интерфейсі түйсік деңгейінде жеңіл түсінетіндей болуы тиіс.
:: Деректерді беру желілерін пайдалану.
АЖ мынадай негізгі есептерді шешеді:
:: Ұзақ жинақталатын жəне жоғалған орнын толтыруға келмейтін ақпараттарды іздеу, өңдеу жəне сақтау. Компьютерлендірілген АЖ, адамға тəн кездейсоқ қателіктерді болдырмау, шығындарды үнемдеу, адамдардың өмірін барынша жайлы ету үшін ақпараттарды тез жəне сенімді өңдеуге арналған.
:: Əртүрлі құрылымдардағы деректерді сақтау. Деректердің жалғыз біртекті файлымен жұмыс жасайтын дамыған АЖ жоқ. Оның дамитындай болуы ақпараттық жүйеге қойылатын парасатты талап болып саналады. Оны орындау үшін жаңа құрылымы бар қосымша деректер қажет болатын, жаңа атқарымдар пайда болуы мүмкін. Бұл ретте бұрын жиналған (жинақталған) ақпарат сақталған күйде қалуы тиіс.
:: Қоғамда жылжығыш ақпараттардың əртүрлері мен типтерінің ағындарын талдау жəне болжам жасау. Есептеу машиналарында тиімді өңдеу үшін оларды барынша азайту, стандарттау жəне бейімдеу мақсатында, ақпараттарды таратудың əртүрлі арнала ры арқылы өтетін ақпараттар ағындары зерттеледі.
:: Ақпараттарды беру мен сақтау тəсілдерін зерттеу, табиғаты ақпараттарды қысу мен шартты белгі берудің арнайы тəсілдерін əзірлеу, көлемді (ауқымды) құжаттарды аннотациялау жəне оларды рефераттау. Осы бағыттар шеңберлерінде, есептеу машиналары үшін қолжетімді формадағы əртүрлі білім салаларынан алынған ақпарат сақталатын, үлкен көлемде мəліметтер қорларын жасау жұмыстары дамытылуда.
:: Есептеу машиналарына арналмаған, ал олар адамның қабылдауына бағдарланған құжаттардан ақпарат алуды жүзеге асыру үшін ақпараттар алу үдерісін автоматтандыруға болатын рəсімдер мен техникалық құралдар құру.
:: Осындай типтегі жүйелер үшін сұратып алудың арнайы тілдерінде, сондай-ақ табиғи тілде тұжырымдалған ақпараттық қоймаларға жасалған сұратуларды қабылдауға қабілетті ақпараттық-іздеу жүйелерін құру.
:: Ақпараттық деректер қорлары, терминалдар, өңдеуші орталықтар мен байланыс құралдары құрамына кіретін, ақпараттар сақтау, өңдеу жəне беру желілерін құру. Ақпараттық жүйе шешуі тиіс нақты есептер жүйе соған арналған қолданбалы салаға қатысты болады. Қазіргі ақпараттық технологиялардың даму үдерістері əртүрлі салаларда құралатын АЖ-нің күрделене түсуіне əкеледі. Қазіргі ірі АЖ жобалары, негізінен, бірнеше ерекшеліктермен сипатталады:
:: Сипаттаудың күрделілігі - деректер мен үдерістерді мұқият модельдеу мен талдауды қажет ететін, функциялардың жеткілікті аса үлкен санының, үдерістердің, деректер элементтерінің жəне олардың арасындағы күрделі өзара байланыстардың болуы.
:: Үлкен көлемдегі деректерге, регламенттелмеген сұратуларды пайдаланатын, атқарымдық өзінің ішкі есептері мен мақсаттары (мысалы, транзакцияларды өңдеумен жəне регламенттік есептерді шешумен байланысты дəстүрлі қосымшалары мен талдамалық өңдеу (шешімдер қабылдауды қолдау) қосымшалары) болатын, тығыз өзара бірлесіп жүзеге асыратын компоненттер (ішкі жүйелер) жиынтығының бар болуы.
:: Қандай да бір типтік жобалық шешімдер мен қолданбалы жүйелерді пайдалану мүмкіндігін шектейтін тікелей ұқсастықтардың жоқ болуы.
:: Біртекті емес ортада бірнеше аппараттық платформаларда жұмыс істеуі.
:: Біліктілік деңгейі мен қандай да бір инструменталдық құралдарды пайдаланудың қалыптасқан дəстүрлері бойынша əзірлеушілердің жекелеген топтары бастарының бірікпеушілігі (қарым-қатынасының үзілушілігі) мен əртектілігі.
:: Біріншіден, əзірлеушілер ұжымының шектеулі мүмкіндіктерімен, екіншіден, тапсырыс беруші ұйымдардың масштабтары мен оның жекелеген бөлімшелерінің АЖ-ні енгізуге дайындықтарының əртүрлі дəрежесімен шарттастырылған, жобаның түбегейлі уақыттық ұзақтығы.
Ақпараттық жүйелердің түрлері. АЖ былай жіктеледі: ақпаратты берудің нысандандырылған аппаратының түрі бойынша (детерминацияланған, стохастикалық); құрылымдары мен тəртібінің күрделілігі бойынша; ұйымдасқандық дəрежесі (жақсы жəне нашар ұйымдасқан, өздігінен ұйымдасатын) бойынша.
Жүйелер əртүрлі белгілері бойынша сыныптарға бөлінеді жəне шешілетін есептерге қатысты жіктеудің əртүрлі қағидаттарын таңдауға болады. Бұл ретте жүйені бір немесе бірнеше белгілермен сипаттауға болады. Жүйе келесі түрде жіктеледі:
:: бейнелетін объектінің түрі бойынша - биологиялық, техникалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық технологияны талдау сызбасы
Ақпараттық жүйенің шығу тарихы, қазіргі даму деңгейі
Оқу үдерісін басқарудағы автоматтандырудың тапсырмалар қойылымы
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Стандартталған информатика терминдарынын тезаурустарымен танысу
Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Шымкентцемент заводының құрылу тарихы
Қазақстанда іс жүргізу және құжаттану: тарихы мен зерттеу әдістері (ХІХ ғ. - ХХІ ғ. басы)
Кәсіптік білім беру мекемесі - педагогикалық жүйенің бір саласы
Колледждегі білім беруді ақпараттандыру жағдайында физиканы оқыту үдерісі
Пәндер