Ультрадыбыстық зерттеу: міндеттері, проблемасы және шешу жолдары


Ультрадыбыстық зерттеу: міндеттері, проблемасы және шешу жолдары
Бүгінгі таңда медицинада диагноз қоюда небір диагностикалық құрылғылар, жаңа технологиялар бар десек, соның бірі - ультрадыбыстық зерттеу, яғни УДЗ (УЗИ) . УДЗ - диагноз қою мен емдеу әдісін таңдауда өте маңызды рөл атқарады. Бұл жоғары деңгейде ақпарат беретін және қауіпсіз зерттеу әдісі. Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының ультрадыбыстық зерттеу және функционалды диагностика кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Баян НАУРЫЗБАЕВАМЕН әңгімеміз еліміздегі диагностикалық қызметтің ерекшелігі, жай-күйі мен проблемасы жайында өрбіген.
- Баян Ұйсымбайқызы, бүгінде көпшілігіміз «УЗИ» деп атап кеткен ультрадыбыстық зерттеудің диагноз қоюдағы қаншалықты дәлдігі, нақтылығы, қауіпсіздігі, сондай-ақ рентген аппаратынан УДЗ-ның ерекшелігі мен артықшылығы жайында білгіміз келеді…
- Әңгімемізді рентген сәулесінен бастасақ, ол иондалған радиация, оның адам ағзасына зияны жоқ емес. Демек, рентгенге кез келген жағдайда түсе беруге кеңес берілмейді. Сондықтан да қазіргі медицинада УДЗ кеңінен қолданылады. Оның ерекшелігі - қауіпсіз, ешқандай радиациясы жоқ. Ал ультрадыбыс қалай пайда болады дегенге келсек, мысалы, дельфинді алайық, олар аса жоғары жиілікте дыбыс шығаратыны сондайлық, оны адам құлағы қабылдай алмайды. Ұлпадан (тканьнан), судан тікелей өтіп, шағылысып қайтады. Яғни, ол денедегі өзгерісті немесе бөгде затты сұйықтық па, жоқ ісік пе, соны экран арқылы көрсетеді. Мысалы, клиницистер көзбен көреді, қолмен ұстайды, бірақ ішкі ағзаға кіріп кете алмайды. Ал УДЗ ұлпаға еркін кіреді. Міне, дельфиннің ультра дыбыстың символы болып табылатыны да содан.
- Бүгінгі күндегі ультрадыбыстық зерттеудің мүмкіндігі қандай деңгейде?
- Мүмкіндігі өте зор. Әсіресе, акушерлік салада. Ондағы УДЗ-ның басты міндеті - бала ана құрсағында пайда болғаннан бастап, тоғыз айға дейінгі денсаулығын бақылап, іштен туа біткен кемшілікті, ағзадағы өзгерістерді қолмен қойғандай анықтайды. Қазір жаңадан туылған нәрестелерде сырқаттанушылық көп. Әрине, ол патологиялардың себебі бар. Мәселен, жастар ерте жыныстық қатынасқа түсіп, қалай болса солай өмір сүруден қорықпайды. Жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулар, нашақорлық, маскүнемдік, генетикалық аурулар, т. б. бала денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймайды. Егер сондай кемтар баланың бәрі дүниеге келетін болса, ата-анасына, өзіне ешқандай бақыт әкелмесі хақ. Ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын ТМД елдерінде 44 мың нәресте туабітті жүрек ақауымен (порок) дүниеге келсе, оның елу пайызы туа салысымен жарық дүниемен қоштасады екен. Ал Қазақстанда туабітті жүрек ақауы сырқатымен ауыру 100 мың адамға шаққанда: үлкендерде - 9, 1, жасөспірімдерде - 66, 9, балаларда - 144, 9. Қазақстанда жыл сайын 3000 сәби туабітті жүрек ақауымен туылып, олардың 10-15 пайызы ғана бір жасқа дейін өмір сүреді. Бұдан шығар қорытынды, егер біз пренаталды сырқаттанушылықты УДЗ-мен ертерек анықтар болсақ, сол арқылы пренаталдық өлімді де төмендетеміз. Бұл тек сандық көрсеткішті төмендету емес, отбасындағы ерлі-зайыптының да проблемасын шешеді.
Демек, біз балалардың дүниеге келгенімен, өмір сүре алмайтынын ертерек анықтап, жүктілікті бұзуға шешім қабылдауға олардың көзін жеткізуіміз керек. Ол үшін жүктіліктің бес айында, яғни 22 аптаға дейін анықтауға мүмкіндік бар. Қазір қырық жаста, одан да асып босанып жатқандар саны көбеюде. Әрине, жасы ұлғайып босану - бұл да қауіп-қатерге бір табан жақындық. Сондықтан осы жастағылар, скрининг кезеңінде генетикалық тексеруден өтуге міндетті.
- Оқырмандарға түсінікті болсын, пренаталды диагностика мен перинаталды диагностиканың айырмашылығы неде?
- Пренаталды диагностикамыз - ол құрсақтағы шақалақтың денсаулығын тексеру, ал перинаталды - құрсақтағы және жаңа туылған нәрестенің денсаулығын тексеру.
- УДЗ - пренаталды диагностикада ең негізгі құрал десек, оның Қазақстандағы деңгейі қай дәрежеде?
- Жалпы пренаталды диагностика дегеніміз - ана құрсағындағы шақалақтың денсаулығын анықтау. Ол үшін не керек? Біріншіден, мықты диагностикалық аппарат, сосын сол құрылғыны меңгеретін кәсіби білігі жоғары маман қажет. Егер диагностикаға дұрыс аппарат, құрылғы бөлінбесе, маман қанша мықты болғанымен, нақты диагноз қоя алмайды. Мысалы, хирургке өтпейтін пышақ беріп, ойдағыдай операция жаса деп қалай талап етесің. УДЗ да сол сияқты.
Ультрадыбыстық диагностика бөлімі
Бүгінгі таңда ультрадыбыстық диагностика бөлімі - жоғары біліктілік санатты және тәжірибелі мамандар ұжымы. Бөлімде 9 дәрігер (оның ішінде 6-ы жоғарғы санатты) және 6 жоғарғы санатты медбике қызмет атқарады.
УД бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Қыпшақбайқызы Серманизованың УД мамандығы бойынша еңбек өтілі 19 жыл, жоғарғы санатты дәрігер.
Орталық басшылығының белсенді іс-қимылдарының нәтижесінде УД бөлімі бүгінгі күнге жоғарғы дәрежелі УД-сканерлермен қамтамасыз етілді. УД бөлімі келесі аппараттармен жабдықталған:
- Philips фирмасының эксперт класты «Hd 11» ультрадыбыстық жүйесі- бұл SonoCT ультрадыбыстық томографиялық технологиясының IV буыны, XRES технологиясының жаңа буыны - визуалды түрде көрсетудің және кескінді талдаудың қуатты құралы болып табылады. Үш өлшемді және төрт өлшемді режимдерді қоса, әртүрлі режимдерде кескінді жаңғырту, түрлі-түсті допплер, энергетикалық допплер жиынтығымен қамтамасыз етілген.
- General Elektric фирмасының жоғарғы класты, цифрлік, көпмақсатты, мобилдік «Logig P5» ультрыдыбыстық жүйесі. «Logig P5» ультрыдыбыстық жүйесін қысқаша былай сипаттауға болады - жылжымалы, алымды (қуатты), технологиялы. Сканер, GE компаниясының флагман ультрадыбыстық жүйелерiнiң ерекшеліктерін мұра еттi және жұмыс жайлылығымен қатар, диагностиканың нақтылығын, кескіннің айқындылығын қамтамасыз етумен қатар, өнiмдiлiк пен қол жетімділік аралығындағы өзара байланыстың жаңа деңгейiн жүзеге асырады.
Қолданыстағы эксперт класты аспаптардағы цифрлік технологиялар кескіннің сапасын, сезгiштiгін арттыруға және зерттеудың жылдамдығын арттыруға мол мүмкiндiк бередi.
Бөлімде жеті УД кабинеті қызмет көрсетеді.
УД бөлімінің басты міндеті - ОҚО тұрғындарына ультрадыбыстық диагностикалық зерттеулер жүргізу. УД зерттеулердің 40-тан аса түрі орындалады. Жыл сайын бөлімде 2 тексеру жүргізіліп, 15000-нан астам емделуші УД зерттеулерден өтеді.
- УДЗ - бауыр, өт қабы, ұйқы безі және көк бауыр
- УДЗ - өт қабының функциялары
- УДЗ - бауыр, өт қабы, ұйқы безі және көк бауыр+ЦДК (допплерографиялық тексеру әдісі)
- УДЗ - іш қуысы
- УДЗ - бүйрек, бүйрек бездері
- УДЗ - бүйрек, бүйрек безі және қуық +ЦДК (допплерографиялық тексеру әдісі)
- УДЗ - бүйрек қан тамырларының допплерографиясымен бүйрек
- УДЗ - қуық асты безі
- УДЗ - қуық асты безі трансректальды + ЦДК
- УДЗ - қалдық несебімен қуық
- УДЗ - жатыр және аналық бездері
- УДЗ - трансвагиналды жатыр және аналық бездері
- УДЗ - жатыр және аналық бездері + ЦДК
- УДЗ - сүт бездері
- УДЗ - сүт бездері + ЦДК
- УДЗ - қалқанша безі
- УДЗ - қалқанша безі + ЦДК
- УДЗ - сілекей бездері
- УДЗ - бұлшық еттері /тері асты май қабаты/
- УДЗ - лимфа түйіндері
- УДЗ - жүктіліктің 1 триместрі
- УДЗ - жүктіліктің 1 триместрі трансвагиналды
- УДЗ - жүктіліктің 2-3 триместрі
- УДЗ - жүктіліктің 2-3 триместріндегі қан тамырларының допплері
- УДЗ - айыршық безі+ЦДК балаларға
- УДЗ - анабез
- УДЗ - аталық жыныс мүшелері
- УДЗ - анабез тамырлары+ЦДК
- УДЗ - аталық жыныс мүшелерінің қан тамырлары
- УД З - буындар
- УДЗ - нәрестелердің ұршық буыны
- УДЗ - брюшиналық аортаның дуплексті зерттеуі+ЦДК
- УД бақылауымен қалқанша бездері мен сүт бездерінің диагностикалық пункциясы
- УДЗ - плевра қуысы
- УДЗ - брюшиналық аортаның дуплексті ангиосканері
- Брюшиналық аортаның құлдырау бөлігінің ультрадыбыстық доплерлік зерттеуі
Ультрадыбыстық диагностика бөлімінде жаңа медициналық тәсілдерді меңгеру және енгізу жұмыстары жүргізіледі:
- Түрлі-түсті допплерлік тексеруді пайдалану тәсілімен қолқаның іштік бөлігінің және оның ішкі ағзалық тармақтарын дуплексті зерттеу;
- Пенилді тамырларды дуплексті зерттеу;
- Жүктіліктің 2-3 триместрінде серпінді тәртіпте тамырларды допплерлік зерттеу;
- Түрлі-түсті допплерлік тексеруді пайдалану тәсілімен тоқ ішектің орталыққа жақын жатқан бөлімдерінің ультрадыбыстық зерттеуі;
- Түрлі-түсті допплерлік тексеруді пайдалану тәсілімен жатыр артерияларының эмболиясынан кейінгі жатыр артериясындағы және миоматоздық түйіндегі қан ағымын трансвагиналды зерттеу;
- Талдау және ары қарай қысқа мерзiмде морфологиялық диагнозды анықтау үшiн жасушалық материалдың алынуын қамтамасыз ететiн (қалқанша безінің, сүт безiнiң және лимфа түйіндерінің пункциялары) УД бақылауымен инвазивтік диагностикалық манипуляциялар орындалады.
Осы әдiстемелердiң тиiмдiлiгі, жылдамдығы және диагностикалық нақтылығы -тәжірибелік денсаулық сақтау саласында қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Ана мен бала өмірін қорғаудың денсаулық сақтаудағы басты бағыттардың бірі екендігі ескеріліп бөлiмде жүкті және фертильді жастағы әйелдерді тексеру бағытында көлемді жұмыстар жүзеге асырылуда. ОКДМО-ның ультрадыбыстық диагностика бөлімі - пренаталдық диагностиканың екiншi деңгейіне жатады. Медициналық көрсеткіштер бойынша (ұрықтың ТБЖА кезінде) жүктілікті тоқтату қажеттігі туралы шешім қабылдауда ОКДМО-ның ультрадыбыстық диагностика дәрігерлерінің кеңесінің шешімі шешуші рөлді атқарады.
Ультрадыбыстық диагностика бөлімі - Оңтүстiк өңірінің дәрiгерлерi маманданудан және кәсiби қайта даярлықтан өтетiн Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының клиникалық базасы болып табылады, ал бөлімнің дәрігерлері - дипломнан кейiнгi дайындық кафедрасының ассистенттерi.
Ультрадыбыстық диагностика бөлімі қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысындағы тәжірибелік денсаулық сақтау саласы бойынша ультрадыбыстық диагностика қызметінің алғы шептегі белсенді құрылымы, үйлестіруші буыны және оқу орталығы.
Буындағы аурулардың ультрадыбыстық диагностикасы
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының берілген мәліметті бойынша жер шарында буынның зақымдануымен 10 пайыз астам халық азап шегеді. 60 жастан асқан халықтың 80 пайызы астамы ірі буындарда (остеоартроздардың рентгенологиялық белгілері бар), олар жұлында және қол ұшында, және 20 пайыз қозғалыстары аз және қатты ауруды сезіміндерде. Буын ауруы таралуы бойынша қан айналымы ағзасының ауруы және асқорыту жағнан үшінші орында болып табылады және құрылымда алғашқы мүгедектік екінше орында.
Буын аурулары емделмеген жарақат және ұсақ жарақат, организмдегі иммундық және ауысымдық бұзышылық, сіңірдің үзілуі, шеміршек және сүйек терілерінің қан айқалымының бұзылуы, әдетте ауыр жұмыстан, ауыр салмақтан салдарынан пайда болады. Үлкен ауыртпашылықтар бұынға, осы және басқада қызметтермен байланысты буын ауруының пайда болуына әкеледі. Шектен тыс спорттық ауыртпашылық қауіпқатерлік факторы болып табылады. Буындық сіңірлер үшін қауіпті әртүрлі жұқпалар, буынның жедел қабынуына әкеледі (реактивтік артрит) .
Буындардың жеңілуі болып ультрадыбыстық диагностиканың артықшылығы болып мүмкіншілігі, үнемділік, қаралушыға сәулелі ауыртпашылықтың болмауы, буын компоненттерінің жұмсақ терілерінің визуалдық мүмкіншілігі, бұрынғы жеңілудің белгілерін шығару рұқсаттылығы рентгенография өткізгенде анықталмайды.
Қазіргі ультрадыбыстық апараттар тек сүйек құрылымын дер кезінде бағалау ғана емес, сіңірлік және жұмсақ терілік компонентарын, бұлшық еттер сияқты, сіңірлер, желбезектер, дәстүрлі рентгенологиялық зерттеу мүмкін емес.
Қосымша функциялық қызметтің арқасында, қазіргі ультрадыбыстық құралдарды иеленетін, жұмсақ терінің құрылым бейнелерінің жоғарғы рұқсаты қамтамасыз етіледі, компьютерлік және магнитті резонансты томографтан алынған бейнелермен салғыстырылады.
Ультрадыбыстық зерттеулер ерте этаптарда буындармен жұмсақ тері компоненттеріндегі қабыну мен деструктивті айқындауға мүмкіндік береді, буын жанындағы, қолтамен буын қуыстар еркін сұйықтық көлемінің ең аз бар болуды анықтайды, осы сұйықтылықтың мінездемесін бағалайды.
Опорлық қозғалмалы аппаратында жарақат зақылдану диагностикасында ультрасонография әдісі ерекше мән береді, оған қоса ішкі буындар сіңірлері, байламдар мен бұлшықеттер. Дер кезіндегі диагностика жарақаттың бар болуын нақтылауға, сонымен бір анатомиялық құрылымның сол немесе басқа жарақатты зардаптың дәріжесімен мінездемесін анықтауға мүмкіндік береді. Берілген әдіске өткізілген терапия барысында көптеген динамикалық зерттеулер мүмкіндігі болады. Опорлы қозғалмалы жарақатты зардап ауруларының дұрыс диагностикасымен дер кезіндегі нәтижесі болып науқастық өмір сапасының жақсаруы қауіп қатердің азаю мүмкіндігі болады.
Ультрадыбыстық зерттеулер патологиялық буындардың кез келген тұрінің нақты диагностика мен буынды информативті әдісінің ультрадыбыстық зерттеулері:
- Буындағы қабыну сұйықтылықтың немесе қанның бар болуын аңықтау үшін әр түрлі генездің жарақаттары, бұлшықеттер, байламдар, сіңірлер менисіктердің зақымдануы;
- Ревматикалық және ревматикалық емес табиғатындағы (артриттер, артроздар) буындардың жт және созылмалы қабыну аурулары;
- Жаңғырық құрылымдарын анықтау үшін әртүрлі синовиттердің шығу тегі сұйықтық, бөгде дененің бар болуы, синовиалды қабықшаның жағдайы;
- Бұзылу остеоартроздары.
Жамбас саны буынының кері даму кезеңінде осы зерттеуді баланың
өмірінің бірінші күндерінде буын патологиясы 3-4 айға ерте айқындалады, өткізу мүмкіндігі болып, және қажет емес ауыртпашылықтардан қашып, емдеуді мезгілінен ерте бастау керек.
Зерттеу аса дайындықты қажет етпейді, пациенттің радиоактивті сәуле соққысынан шығару, пациенттің сауығу және емдеу барысында динамикалық байқау мүмкіндігі бар.
Зерттеу қарсы көрсеткіш және шектеу етпейді.
Клиникалық физиология мен ультрадыбыстық диагностика бөлімі
Клиникалық физиология мен ультрадыбыстық диагностика бөлімінің меңгерушісі- Қожахметова Жанар Жаныбекқызы -медицина ғылымының кандидаты, бірінші санатты ультрадыбыстық диагностика дәрігері.
Жаңа құрылғылардың көмегімен бөлімде жүргізіледі:
- Іш қуысы мүшелерінің УДЗ (бауыр, өт қалтасы, ұйқыбезі, көкбауыр), зәр шығару жүйесі мүшелерінің УДЗ (бүйрек, зәр шығару), кіші жамбас мүшелерінің УДЗ (жатыр, аналық без), қалқанбез, сүт бездерінің, еркекбез, бүйрек бездерінің УДЗ, тайыз лимфотүйіндер мен сыртқы мүшелер лимфотүйіндерінің УДЗ, ұяң тіндердің УДЗ, өкпеқап қуысының УДЗ, тамырлардың УДЗ (қол-аяқ тамырлары мен артериялардың, аортаның)
- Электрознцефалография, эхоэнцефалография (М-эхо), бас миы тамырларының краниалды допплерографиясы, электромиография.
- Мөлшерлі физикалық жүктемесімен зерттеу, ЭКГ үзілмелі тәуліктік тіркемесімен зерттеу (стандартты холтерлік мониторировалдау), Артериалды қысымның үзілмелі тәуліктік тіркелу кезіндегі динамикалы зерттелуі, эхокардиография (М+В тәртібі+допплер+түрлі-түістікартировалдау), стресс-эхокардиография.
- Сыртқы демалу функциясын зерттеу, спирография.
Ультрадыбыстық бақылау тарапынан келесідей емдік-диагностикалық шаралар іске асырылады: тері асты диагностикалық биопсия, кисталар мен абсцесстердің емдік - диагностикалық пункциясы.
Диагностикалық зерттеулердің барлық ауқымын іске асыру үшін медициналық техниканы шығаратын жетекші өндірушілердің құрылғылары қолданылуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz