Науқастың төсектегі қалпы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Науқастың төсектегі қалпы.

1. Қатаң төсек тәртібі- ішкі мүшелердің қызметі және құрылысы зақымдалған ауыр халдегі пациенттерге қолданылады. Қимыл-қозғалыс шектеулі, күтім және емдік іс-шаралар төсекте жүргізіледі. Бұл мақсатта функциональдық төсек қолданылады. Функциональді төсектің негізгі мақсаты-емделушіге ең ыңғайлы функциональді жағдай жасау. Төсектің аяқ жағында немесе жанына орналасқан тұтқалар арқылы оның бас жағын көтеруге болады. Қажет болған жағдайда отыратын деңгейге дейін көтереді. Емделушінің аяқ жағының көтерілуін жастықтың немесе тізенің астына валик қою арқылы қамтамасыз етіледі. Емделушінің гигиенасына байланысты, іс-шаралар антисептик ерітінділерімен жүргізіледі, сонымен қатар терінің ойылу алдын-алу шаралары жүргізіледі.

2. Төсек тәртібі- төсекте бірқатар қимыл-қозғалыс жасауға рұқсат етіледі, белгілі бір уақытта отыруға, керует жанындағы сөреде тамақтану, дәрет ыдысына отыру.

3. Жартылай төсек тәрітібі- немесе палаталық тәртіп- емделушілердің қимыл-іс шаралары кеңейтіледі. Төсек жанындағы орындыққа отыру, бөлмеде тамақтану, палата ішінде жүру, дәрет алу, жуыну шараларына рұқсат етіледі.

4. Жалпы тәртіп- асханаға барып тамақтану, баспалдақпен көтерілу, аурухана ауласында серуендеуге рұқсат беріледі. Емделушілер өздеріне жеке қызмет жасайды.

Емделушілер қозғалыс белсенділігін сақтамаған жағдайда өміріне қауіп төнуі мүмкін, сондықтан мейірбике күтім барысында аурудың кезеңдеріне сәйкес белсенділік және тамақтану тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру қажет.

Ауру түріне байланысты емделушінің төсектегі жағдайы белсенді, пассивті, мәжбүрлі болып бөлінеді.

1. Белсенді жағдай- емделуші өзіне өзі қызмет жасай алады, еркін қозғалады.

2. Пассивті жағдай- енжарлық, әрекетсіз жағдай, ауру әсеріне байланысты аз, өзіне-өзі қызмет жасай алмайды. Күтімді көмекші немесе мейірбике жүргізеді, ес түссіз, параличі бар пациенттерге кездеседі.

3. Мәжбүрлі немесе амалсыз жағдай- өзіне мінездеме бере алады, өзін күтуге бар. Бұл емделушілер жағдайын жақсарту мақсатында өздеріне ыңғайлы бір төсектегі қалыпты таңдайды.

Емдеу бөлімшелеріндегі пациенттердің төсектегі қалпы (позасы) әр түрлі болады.

1. Арқасымен жату.

2. Ішпен жату.

3. Бір қырынымен (оң, сол) жату.

Емделушілерге күтім жүргізу барысында арнайы терапиялық позициялар қолданылады.

ауқас ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалуына байланысты оның жататын орнының ыңғайлы әрі таза болуының маңызы зор. Емдеу мекемелерінде науқастарға арналған қарапайым және функционалды кереуеттер қолданылады. Қарапайым кереуетте жартылай отыру қалпын, пациенттің басын бірнеше жастықтар қою арқылы көтеріп жасауға болады. Функционалды кереуеттер үш қозғалмалы бөлімнен тұрады. Кереуеттің тұтқаларының көмегі арқылы олардың бас және аяқ жағын көтеріп немесе төмен түсіруге болады. Жартылай отырғызу үшін бас жағын көтереді.

Функционалды кереуеттің мақсаты - науқасқа ыңғайлы, функционалдық жағдай жасау.

Ең бастысы кез - келген уақытта пациентке төсек-орынды ыңғайлы, жайлы етіп беруге болатындығы. Науқас көп уақытын төсекте өткізеді, сондықтан төсек орны ыңғайлы, таза, матрастарының қаттылығы орташа, жатқан орнын ластамау үшін клеенка төселуі керек. Матрас ақжаймамен жабылуы тиіс.

C:\Users\НуРтАс\Searches\Desktop\71150_html_6f6e81af.png

Науқасты Фаулер қалпына жатқызу (жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)

Науқасты жатқызу бір мейірбикемен орындалады.

Мақсаты: төсектегі науқасқа жайлы қалыпты жасау.

Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.

Дайындаңыз: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасқа психологиялық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз (палатаға бөтен адамдарды кіргізбеңіз) .

3. Науқастың жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз (егерде ол болса) .

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы поручендерді түсіріңіз (егерде ол болса) .

6. Кереуетті көлденең жағдайға келтіріп, науқасты кереуеттің бас жағына қарай жылжытыңыз.

7. Науқас кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты алыңыз.

8. Науқастың бас жағын 45-60° бұрышпен көтеріңіз (90° - жоғарғы Фаулер қалпы, 30° - төменгі Фаулер қалпы), немесе 3 жастықты салыңыз: кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарлату қалпы өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және науқастың қарым қатынасына ыңғайлы жағдай жасайды) .

9. Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егерде науқас ерікті қолын қозғалта алмаса) . Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкі және алақандары төмен қаратып орналасқан болуы қажет (төмен қаратып бағытталған қол ауыр қолдың әсерінен болатын иық буынының шығуын алдын алу ескерту, қол мен қол ұшының көк тамырындағы тоқталысты азайту үшін және бүгілетін бүлшық еттердің контрактурасын алдын-ала ескерту) . Кереует үстіндегі үстелге жансызданған қолы үшін тірекпен қамтамасыз етіңіз, науқастың қолын тұлғасынан ысырып қойып, шынтақ астына жастықты қойыңыз. Қол ұшын аздап қана жазылдырып, қолдың астына жартылай кесілген резеңке допты салыңыз.

ІО. Науқастың белінің астына жастықты салыңыз (бел омыртқаларының бүгілісін азайту үшін және бел омыртқасын ұстауға) .

П. Науқастың санының астына кішкентай көпшікті немесе валикті салыңыз (дене салмағы әсерінен болатын тізе буыны астындағы күре тамырдын қысылуын және тізе буының қатты жазылуын алдын ала ескерту) .

12. Науқастың сирағының төменгі бөлігіне бірнеше қабаттап салынған көрпені (валикті) немесе кішкене жастықты салыңыз (өкшені матраспен үзақ қыспауын алдын ала ескерту) .

13. Өкше астына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге матрастың ұзақ қысуын алдын ала ескерту) .

14. Аяқ басын ұстау үшін 90°бұрышпен тіректі қойыңыз (егерде қажет болса) . Аяқ басының сыртқы бүгілісін ұстау үшін тірек койылады, олардың «салбырауын» алдын ала ескерту. Егерде науқаста гемиплегия (дененің бір жақ жартысының салдануы) бар болса, онда оның табанын жүмсақ көпшікпен тіреу қажет. Қатты тірек бұндай науқастардың бүлшық ет күш қуатын көбейтеді.

15. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Қырындағы порученді көтеріңіз.

16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Симс қалпына науқасты жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)

Науқасты жатқызу екі мейірбикемен орындалады.

Мақсаты: төсекте жайлы қалып жасау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медицинадағы электро термометрлер жұмыстың физикалық негіздері
Баланың медициналық жазбасы
Жүректің ишемиялық ауруы, тұрақсыз стенокардия ауру тарихы
Дене биомеханикасы туралы түсінік. Науқасты тасымалдауда кәсіптік қорғау. Науқастың әртүрлі функциональді қалыптары. Симс қалпы, Фаулер қалпы
Ауру тарихы жайында
Науқастрды жалпы тексерудің принциптері санасын, жағдайын, тері және тері асты май талшықтарын, сүйек буын жүйесін бағалау
Хирургиялық науқастарды заманауи тексеру әдістері (Объективті тексеру)
Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу фазасы, басқарылмайтын саты
Асқорыту жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейіргерлік үрдіс
Тыныс алу патофизиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz