Логопедия ғылымы


Логопедия ғылымы
1Бөлім. Логопедияның ғылыми - теориялық негіздері
Логопедия ғылымы
Логопедияның мақсаты мен міндеттері
Логопедия дегеніміз - сөйлеу тілінің кемістерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістерді әртүрлі жолдармен түзетіп, жоюдың тәсілдерін зерттейтін арнайы педагогикалық ғылым.
„Логопедия“-Logos(сөз) paideia(тәрбиелеймін, үйретемін) деген грек сөзінің түбірінен алынған. Логопедия арнайы педагогикалық (дефектологияның) бір бөлігі болып есептеледі.
Сөйлеу тілі бұзылуының түрлері және көрсететін көмек жайында баршамызға ежелден белгілі. Сөйлеу тілінің бұзылуы жөнінде алғашқы мәліметтерді ежелгі Греция, Үндістан ескерткіштерінен (папирустер, аюрветтер) кездестіруге болады.
Мысалы, Ресейде логопедия жеке педагогикалық ғылым ретінде қалыптасқан жоқ. Алғашқыда (17ғ) логопедия сурдопедагогика құрамында болған. 19ғасырдан бастап логопедия жеке дара ғылым болып бөлінген, бірақ ол медициналық бағытта болды. Тек 20ғасырдың 30жылдарында Дефектология Ғылыми Зерттеу Институтының құрылуына байланысты логопедия педагогикалық ғылым болып танылды.
Қазіргі логопедия мектеп жасына дейіңгі, мектептегі логопедия және жеткіншектер мен ересектер логопедиясы деген бөлімдерден тұрады.
Логопедия пәні сөйлеу тілінің бұзылуы тіл кемістігі бар тұлғаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісі болып табылады.
Логопедия зерттеу нысаны - сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.
Сөйлеу тіл бұзылыстарын физиологтар, невропатологтар, психологтар, лингвистер және т. б зерттеп, қарастырады. Бұл ретте олар сөйлеу тіл кемістігін өз ғылымдарының мақсатына байланысты қарастырады. Логопедия болса сойлеу тіл кемістігін арнайы ұйымдастырылған құралдар, тәсілдер арқылы алдын алу және түзету тұрғысынан қарастырады, сондықтан ол арнайы педагогикаға жатады,
Логопедияның негізгі мақсаты сойлеу тілі бұзылған адамды оқытуды, тәрбиелеуді, сонымен бірге сойлеу тілі кемістіктерінің алдын алу жолдарын ғылыми негізінде жете зерттеу болып табылады.
Логопедияның ғылым ретіндегі анықтамасына байланысты төмендегідей міндеттерді белгілеуге болады:
- сөйлеу тілі бұзылуының таралуын, оның симптоматикалық белгілерін анықтау;
- қазақ тілді қалыпты дамыған және әр түрлі тіл бұзылыстары бар балалрдың сөйлеу іс - әрекетінің онтогенезін зерттеу;
- дамуында әр түрлі ауытқуы бар қазақ тілді (зиятты, естуі, көруі, тірек - қимылы бұзылған) сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау;
- сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен белгілі бір бағытпен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасының дамуына тигізетін әсерін анықтау;
- сөйлеу тілінің бұзылуы себептерін, белгілерін, механизмдерін анықтау;
- сөйлеу тіл бұзылыстарының педагогикалық диагностикасының әдістерін өңдеу, құрасытыру;
- отандық және шетелдік логопедиялық теориясы мен тәжірибесіндегі жетістіктерді талдау;
- сөйлеу тіл кемістерін жүйелеу;
- Қазақ тілінің фонетикалық - грамматикалық ерекшеліктерін ескере отырып сөйлеу тілінің кемістерін түзету, жою, әдістерін жетілдіру;
- сөйлеу тілі кемістерінің алдын алу тәсілдерін толық жетілдіру;
- Қазақстанда логопедиялық көмек беруді ұйымдасытыру мәселесін зерттеу, жетілдіру;
- логопедиялық оқу үрдісіне жаңа технологиялар мен компьютерлік техниканы еңгізу, қолдану.
Көрсетілген міндеттерден логопедияныңтериялық және практикалық бағыттылығы анықталады. Теориялық аспектісі - сөйлеу тіл кемістерін зерттеу, оларды анықтау, жою және тіл кемістігін алдын алудың ғылыми тұрғыдан дәлелденген әдістерін зеррттеу. Практикалық аспектісі - тіл кемістерін алдын алу, анықтау және түзету. Теориялық және практикалық міндеттер бір - бірімен тығыз байланысты.
Алдыға қойылған міндеттерді шешу үшін:
- панаралық байланысты пайдалану, сөйлеу тілі және оның бұзылыстары бойынша зерттеу жұмысына қатысты көптеген мамандарды(психолог, нейропсихолог, нейрофизолог, лингвист, педагог, әр түолі профильдегі дәрігерлер т. б) қызметтестікке тарту;
- теория мен практиканың өзара байланысын, ғылымның заманауи жетістіктерін парктикаға еңгізу мақсатымен ғылыми және практикалық мекемелердің байланысын қамтамасыз ету;
- сөйлеу тілі бұзылыстарын ерте анықтау және оларды жою, түзету принципін жүзеге асыру;
- сөйлеу тілі бұзылыстарын алдын алу мақсатымен халық арасында логопедиялық білімді насихаттау.
Логопедиялық жұмыстың барысы бұл міндеттерді шешуді белгілейді. Логопедиялық ықпалдың негізгі бағыты сөйлеу тілін дамыту, түзету және алдын алу болып табылады. Логопедиялық жұмыс үрдісінде сенсорлы функцияларын дамыту; моторикасын, әсіресе сөйлеу моторикасын дамыту; танымдық процестерін, алдымен ес, зейін, ойлау процестерін дамыту; бала тұлғасын, әлеуметтік қатынасын реттеу және түзетуімен қатар қалыптастыру; әлеуметтік ортаға ықпал ету ескеріледі (қамтылады) .
Логопедиялық ықпал сөйлеу тілі бұзылыстарын шарттайтын ішкі және сыртқы орта факторларына бағытталған болуы тиіс. Ол сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету және орнын басуына бағытталған күрделі падагогикалық үрдіс болып табылады.
Логопедияның принциптері және әдістері
Логопедияның негізгі принциптеріне: жүйелік, кешендік, жан - жақтылық, онтогенетикалық, сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясы мен механизмін ескеру(этипатогенетикалық принцип), бұзылыстың симтоматикасын, сөйлеу тілі ақаулығының құрылымын ескеру, дамытушылық, принципі т. б жатады.
Логопедияда жалпы педагогиканың принциптері мен тәсілдері кеңінен пайдаланылады. Кейбір принциптерді қарастырайық.
Жүйелік принципі. Сөйлеу тілі күрделі функционалды жүйе, оның құрылуы компоненттері бір - бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, сөйлеу тілін және оның дамуын зерттеу, түзету сөйлеу тілінің компонеттеріне ықпал етіуді болжайды.
Жанжақтылық принципі. Логопедиялық жұмыс логопеттің тұтас тұлғасына ықпал ету арқылы жүргізілуі керек. Оның қайта тәрбиеленетін жағымсыз жағы және компенсация процесінде пайдаланатын жағымды жағын ескеру қажет(бұзылған анализатор орнына сақталуы анализаторды қолдану) .
Кешенді принципі. Логопедиялық қорытынды жасау, сөйлеу тілінің бұзылуын ұқсас формаларынан ажырату үшін сөйлеу және сөзсіз симптомдарына, медициналық, психологиялық және логопедиялық тексеру нәтижереліне талдау жасау керек болады.
Көптеген жағдайда сөйлеу тіл бұзылыстары әр түрлі жүйке және психикалық - жүйке аурулардың симптомдарына қосылады(дизартрия, алалия, тұтықпа, т. б) Бұндай жағдайда сөйлеу тіл бұзылыстарын түзету жұмысы кешенді түрде өтуі керек, яғни медициналық - психологиялық - педагогикалық көмек көрсетілуі керек. Сонымен, сөйлеу тілі бұзылыстарын зерттеу және түзету барысында кешенді принцип маңызды орын алады.
Дамытушылық принципі. Сөйлеу тілі бұзылыстарын зерттеуде және түзетуде нормадан ауытқыған бала дамуының ерекшеліктерін және жалпы даму заңдылықтарын ескерген жөн. Дамытушылық принцип логопедиялық жұмыс барысында баланың «жақын даму аймағына» байланысты міндеттерді, қиыншылықтарды, кезеңдерін ажыратуды болжайды. Сөйлеу тілі кемістігі бар балаларды зерттеу олармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру баланың негізгі іс - әрекетін(заттық - тәжірибелік, ойын, оқу) ескере отырып жүзеге асырылады.
Онтогенетикалық принципі. Логопедиялық түзету жұмысы баланың сөйлеу тілінің түрлері мен функцияларының шығу реттілігін және баланың онтогенездегі іс - әрекетінің түрлерін ескеруді талап етеді.
Динамикалық принципі. Баланың даму барысында ауытқушылықтың байқалуы.
Сөйлеу тілі бұзылуын зерттеу және түзетуді келесі дидактикалық маңызды орын алады: көрнекілік, қолжетімділік, саналылық, даралап ықпал ету және т. б.
Логопедия әдістерін бірнеше топқа бөлуге болады:
1-топ - ұйымдастыру әдістер: салыстыру, лонгитюдиналды(даму барысында зерттеу) кешенді.
2 - топ - эмпериялық әдістер: обсервациялық(бақылау), экспериментальді (зертханалық, табиғи, қалыптастырушы, психологиялық - педагогикалық), психологиялық - диагностикалық(тестер, сауалнамалар, сұқбаттасу), биографиялық(анамез бойынша мәліметтер жинау және оларға анализ жасау) .
3- топ жинаған мәліметтерді ЭЕМ қолдану арқылы сапалық және сандық (математикалық - статистикалық) талдау.
4 - топ интерпретациялық әдістер, зерттеу құбылыстары арасындағы байланысты теория жүзінде зерттеу тәсілдері( тұтас пен бөлшектердің, жалпы құбылыс пен жеке параметрлердің, тұлға мен функциялар арасындағы байланыс) .
Зерттеудің шынайылығын қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар кеңінен қолданылады: интонографтар, спектогрофтар, назометрлер, бейнесөз, фонографтар, спирометрлер және басқа да құралдар, сонымен қатар біртұтас сөйлеу әрекетінің және оның бөлшектерінің динамикасын зерттеуге мүмкіндік беретін рентгено - киносуреттер, глоттогграфия, кинематография, электромография.
Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы
Логопедия көптеген ғылымдармен тығыз байланысты. Сөйлеу тілі бұзылыстарын алдын алу немесе түзету, тұлғаға жан - жақты әсер ету үшін сөйлеу тілі бұзылыстарының симптоматикасын, этиологиясын, механизмін, сөз және сөзсіз симптомдарының ара - қатынасын білу қажет.
Жүйелік байланыстың ішкі және сыртқы түрі болады. Ішкі жүйелік байланысқа педагогика, арнайы педагогиканың әр түрлі саласымен( сурдопедагогика, тифлопедагогика, ) ; ана тіліне және арнайы психологиямен байланысты. Сыртқы жүйелік байланысқа медициналық - биологиялық және лингвистикалық ғылымдар жатады.
Логопедияның табиғи ғылыми негізі болып: И. П. Павловтың бірінші және екінші сигналды жүйесінің өзара әсерлесіп әрекет жасауы, шартты - рефлекторлық байланыстың қалыптасуының заңдылығы туралы, П. К. Анохиның функционалды жүйе туралы ілімі және сөйлеу тілінің әрекеттері туралы қазіргі ілім табылады. И. П. Павлов бірінші сигнал болмысы деп атады. Олар арнайы физиологиялық механизмдердің, талдаушылардың арасында пайда болады. Адамның ең зор дәулеті - оның сигнализациясының ерекше, жоғары түрі - сөйлеуі. Ол екінші сигналды жүйесі деп аталады.
И. П. Павловтың ілімі бойынша бірінші және екінші сигналды жүйелер өзара тығыз байланыста. Екінші сигналды жүйе бірінші сигналды жүйенің негізінде қалыптасады. Бірақ кейін екінші сигналды жүйе бірінші сигналды жүйеге реттеуші ретінде әсер ететін болады. Бірінші сигналды жүйенің бұзылуы екінші сигналды жүйенің бұзылуына апарып соғуы мүмкін. Мәселен, сөйлеу тілінің бұзылуы себебі кейде есту, көру анализаторының механизмінің бұзылуынан болуы мүмкін. Сөз ерекше қасиетті бар сигнал болып табылады. Осы екі жүйенің өзара күрделі және тығыз байланысын ескеруі сөйлеу тіл бұзылыстарын және сөзсіз функцияларын түзетуіне бағытталған логопедиялық жұмысты дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.
Логопедияда сөйлеу тілінің механизмі, сөйлеу процесін ұйымдастыру, сөйлеу әрекетіне қатысатын анализатордың құрылысы және жұмысы туралы жалпы анатомия, физиология, нейрофизиологияның жалпы бөлімдері қарастырылады. Сөйлеу тілі бұзылыстарының механизмін түсіну және түзету процесінің заңдылықтарын анықтау үшін жоғары психикалық функциялардың динамикалық оқшалануы, сөйлеу тілін ұйымдастыру жайындағы білім өте маңызды болып табылады.
Сөйлеу күрделі функционалды жүйе болып табылады. Сөйлеудің күрделі жүйесі ұзақ әлеуметтік - тарихи дамудың нәтижесі болып келеді және бала оны қысқа мерзімде меңгереді.
Отариноларингология, невропатология, психопатология, олигофрения клиникасы, педиатрия ғылымдарының мәліметтері сөйлеу тілі бұзылуының механизмі және этиологиясын зерттеуде мамандарға өте көп көмегін тигізіп, логопедиялық ықпалмен қатар медициналық көмекті де уақытылы көрсетуге мүмкіндік береді. Мәселен, дауыстың бұзылуы көмей және дауыс перделерінің органикалық зақымдалуының салдарынан болуы мүмкін(ісіктер, папиломмалар, т. б) Бұл жағдайда дауыс бұзылуын жою дауыс аппаратының физиологиялық қалыпты қызмет етуінсіз мүмкін емес. Ол тек дәрімен емдеу, хирургиялық, физиотерапиялық, психотерапиялық ықпал арқылы нәтижелі болады.
Көптеген сөйлеу тілі бұзылыстары орталық жүйке жүйесінің бұзылыстарымен байланысты. Оларды анықтау тен логопедтың невропатолог дәрігермен немесе психоневрологпен өзара тығыз байланыста болғанда ғана бұзылысты диагностикалауға мүмкін болады. Сөйлеу тіл бұзылыстары бар адамдарда психикалық әрекетінің әр түрлі бұзылыстары байқалуы мүмкін(психикалық дамуының тежелуі, мінез - құлық және эмоционалдық бұзылыстары, зейін, ес, т. б. бұзылыстары) Оларды сөйлеу тілі бұзылыстарының құрылысы ішінде, механизмінің пайда болуын талдау, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуына байланысты бірінші реттік бұзылыстарды және сөйлеу тілі бұзылыстарының салдарынан пайда болған психикалық әрекеттерінің екінші реттік бұзылыстарын ажыратып, анықтау психоневролог - дәрігердің міндеті. Дәрігер баланың зияты жайында қорытынды жасап, сөйлеу тілінің клиникалық диагнозын қояды, тиісті ем жасайды.
Көптеген сөйлеу тілі бұзылыстары мидың ерте органикалық зақымдалуының салдарынан тежелуі мүмкін. Бұл жағдайда логопедиялық жұмыс орталық жүйке жүйесін толықтыруға түрткі болатын арнайы дәрімен емделгенде ғана нәтижелі болады. Бұндай емді психоневролог белгілейді.
Кейбір сөйлеу тілі бұзылыстарының мәселен, тұтықпаның кейбір түрлерінің, мутизмнің, себебі асқынған психикалық жарақаттар - шошыну, қобалжу, үйреншікті стеротипінің өзгеруі(жақын адамдардан айырылу) және т. б. болуы мүмкін. Олардың пайда болу кезінде бала тиісті режимге және емге мұқтаж болады. Тек психоневролог - дәрігер мен логопедтің бірлескен жұмысы оның сауығуына ықпал етеді. Осы деректердің барлығы логопедия педагогикалық ғылым болғанымен тек медициналық ғылымдармен, әсіресе невропотология және балалар психиатриясымен тығыз байланысының арқасында өз алдында қойылған міндеттерді шеше алдаы. Мүмкіндіктерді шектеулі балаларды, сонымен қатар сөйлеу тілі кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу теориясы орталық жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі және дамуының ерекшеліктері туралы білім негізінде құрылады.
Невропатология, психопатология, олигофрения клиникасы, есту, көру, сөйлеу тілі мүшелерінің паталогиясының өзара байланысы сөйлеу тілін диференциалды диагностикалауға қажет. Мысалы, естуі төмендеуінің салдарынан сөйлеу тілінің бұзылуы мен сенсорлы алалияны диагностикалау есту функциясын мұқият тексергенді талап етеді, ал олигофрения және алалия кезінде сөйлеу тілі бұзылыстарын анықтау үшін баланың зиятының қалпын, психикалық және сенсомоторлы дамуының ерекшеліктерін анықтамай онша мүмкін болмайды.
Медициналық ғылымдардың мәліметтері логопедке сөйлеу тілі бұзылыстарының механизмінің, этиологиясын дұрыс түсінуге, диагностика және сөйлеу тілі кемістерін түзету ықпалы жайында туындаған сауалдарға дұрыс шешім табуға, сөйлеу тілі бұзылыстарына дұрыс падагогикалық талдау жасауға және логопедиялық жұмысты дұрыс ұйымдастыруға, арнайы білім беру ұйымының түрін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
Логопедия лингвистикалық ғылыммен және психолингвистикамен тығыз байланысты. Олар әр түрлі сөйлеу тілі кемістерінде әр түрлі бұзылуы мүмкін. Баланың тіл нормаларын меңгеру реттілігі мен заңдылықтары туралы білу логопедиялық қорытындыны анықтауға ықпал етеді, логопедиялық жұмыс жүйесін құруға қажет.
Сөйлеу тілі бұзылыстарын зерттеген кезде сөйлеудің пайда болуының қай операциясы зақымдалғанын анықтау қажет. Логопедияда сөйлеудің тууының Л. С. Выготский, А. А. Леонтьв, Т. В. Рябованың модельдері пайдаланылады.
Л. С. Выготский мен ой сөз арасындағы байланысты ойдан сөзге қарай кері қимыл - қозғалыс үрдісі деп қарастырған. Ол сөйлеудің сыртқы(физикалық) және сематикалық(психикалық) жоспарын ажырата отырып, қимыл - қозғалыстың келесі жоспарын белгілеген: түрткі - ой -ішкі сөз - сыртқы сөз.
Сыртқы сөйлеуде граматикалық және семантикалық( психологиялық) құрылысының өзара байланысы көрінеді. Семантикалық жоспардан сыртқы сөйлеуге көшудің өтпелі құрылысы ішкі сөйлеу тілі болып табылады. Л. С. Выготский ішкі сөйлеуге терең талдау жасап, оған тән ерекшеліктерін ашып көрсетті.
Сөйлеу процесінің құрылымына негізделе отырып Л. С. Выготский, А. А. Леоньтев сөйлеудің келесі пайда болатын операцияларын ажыратады: түрткі - ой(сөйлеу интенциясы) - іштей бағдарлама жасау - лексикалық күшейту және грамматикалық құрастыру - моторлы іске асыру - сыртқы сөйлеу.
Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуге арналған логопедиялық жұмыстың нәтижелі болуына, сонымен қатар біркелкі жүйе шеңберінде тіл және сөйлеу құрылысының өзара байланысын түсінуіне психолингвистикалық көзқарас ықпал етеді.
Логопедия жалпы және арнайы психологиямен, психодиагностикамен тығыз байланысты. Логопед баланың психикалық дамуының заңдылығын және ерте жастағы баланы психологиялық - педагогикалық әдіс - тәсілдермен тексеруді пайдалана білуі керек. Осы тәсілдерді қолдана отырып, әр түрлі тіл кемістерінің түрлерін, зиятты бұзылыстар, эмиционалды және мінез - құлықтағы бұзылыстар салдарынан пайда болған сөйлеу тілі кемістерін ажыратуға болады.
Психологияны білу логопедке тексөйлеу тілі бұзылыстарын ғана байқап қоймай, бәрінен бұрын баланың өзін, оның сөйлеу тілінің бұзылыстары мен жалпы психикасының дамуының ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік береді. Бұл білім әр түрлі жастағы балалармен қарым - қатынасқа түсуге, олардың сөйлеу тілін, қабылдауын, есін, зейінің, ой - өрісін, жігер - ерік аймағын тексеруге арналған тәсілдерін таңдауға және тиімді логопедиялық жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады.
СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ
АНАТОМИЯЛЫҚ - ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМІ
Сөйлеу тілінің анатомиялық - физиологиялық механизмін жақсы білу, (сөйлеу әрекетінің құрылымы мен оның функционалды ұйымдастырылуын) біріншіден, қалыпты жағдайда сөйлеу тілінің ақаулықтарын талдауына дифференциалды түрде қарау, үшіншіден, түзету жұмысының жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Сөйлеу қабілеті сөйлеу аппараттарын іске қосатын орталық және шеткі күрделі жүйке жүйелері арқылы іске асады. Сөйлеу әрекетінде бас ми қызметі басты рөл атқарады.
ХХғасырдың басында сөйлеу тілі қызметі бас мида орналасқан ерекше «оқшаланған сөйлеу орталықтарымен» байланысты деген көзқарас таралған болатын. И. П. Павлов бұл жаңа бағыт беріп, ми қыртысының сөйлеу қызметінің шоғырлануы(локализациясы) теккүрделі ғана емес, сонымен қатар өзгермелі екенін дәлелдеп, оны «динамикалық локализация) деп атаған.
П. К. Анохин, А. Н. Леоньтев, А. Р. Лурия және т. б. ғылымдардың зерттеулері бойынша кез келген жоғары психикалық қызметтің негізі жеке «орталықтар емес), орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасқан, бір - бірімен біртұтас әрекетпен байланысты күрделі функционалды жүйелер болып табылады.
Сөйлеу процесі - адам баласына ғана тән, өте күрделі жоғарғы психикалық қабілет. Ол шартты рефлекс заңдарына бағынады. Сөз арқылы қатынасқа түсу процесінде(коммуникация) адамдар бір - бірімен ой бөлісіп, бір - біріне ықпал етеді. Сөздік қатынас тіл арқылы мүмкін болады. Тіл дегеніміз - қатынас құралының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесі.
Сөйлеуші өз ойын жеткізу үшін керек сөздерді іріктеп, оларды тілдің грамматикалық ережелерімен байланыстырып, сөйлеу аппараттарының артикуляциясы арқылы айтады.
Адамның сөзі түсінікті және анық болу үшін, сөйлеу мүшелерінің қимылы заңды және нақты болуы тиіс. Сонымен бірге бұл қимылдар әдеттенген болып, еріксіз іске асуы керек.
Әдетте, сөйлеуші тек өз ойының ағымын ғана ескереді де, ал сөйлеген кезде оның ауыз қуысындағы тілі қандай қалыпта болуы керек екені, қай кезде тыныс алу керек екенін, т. б. ойламайды. Бұл сөйлеу механизмінің әрекеті нәтижесінде іске асады. Сөйлеу механизмінің әрекетін түсіну үшін сөйлеу аппаратының құрылымын жақсы білу қажет.
Сөйлеу аппараты дегеніміз- орталық жүйке жүйесінің әр бөлігіне әр деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиналып бір іске жұмылған өз алдында дербес қабілетті жүйе(Правдина О. В. )
Сөйлеу аппараты бір - бірімен тығыз байланысты екі бөліктен тұрады: орталық(реттеуші) және перифериялық(шеткі - атқарушы)
Сөйлеу аппаратының орталық бөлімі адамның миында орналасқан. Ол реттеуші қызметін атқарады. Бұл бөлім ми қыртысынан (көбінесе сол жақ мидың), ми қыртысы асты ядролардан, ми өзегі, ми өзегі ядроларынан, соларды жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс алу, дауыс, артикуляциялық бұлшық еттеріне баратын жүйкелерден тұрады.
Орталық сөйлеу аппаратының және оның бөліктерінің қызметі қандай? (неде?)
Сөйлеу жоғары жүйке жүйесінің басқа да көріністермен қатар рефлекстер негізінде дамиды. Сөйлеу рефлекстері мидың әр түрлі бөліктерінің әрекетіне байланысты, дегенмен сөйлеудің жасалуында ми қыртыстарының кейбір бөліктері басты рөл атқарады. Әсіресе мидың сол жақ қыртысының шеке, самай, төбе және шүйде бөліктері(солақайлардын оң жақ)
Ми қыртысының шеке бөлігінің төмеңгі қыртысында Брока орталығы орналасқан. Адамның дауыс шығару және сөйлеу процестері осы орталық арқылы іске асады. Ал ми қыртыстарының самай бөлігінде басқа адамның сөйлеген сөзін естіп - түсіну қабілетін іске асыратын орталық орналасқан (Вернике орталығы) . Осыған байланысты адам басқа адамның сөйлеген сөзін естіп, түсінеді.
Ми қыртысының астындағы ядролар адамның сөйлеген кезде анық, байсалды және әсерлі сөйлеуіне әсерін тигізеді.
Сөйлеу аппаратының барлық мүшелері ми өзегі ядроларына шығатын бас сүйек - ми жүйкелермен қамтамасыз етілген.
Сөйлеу аппаратының орталық және шеткі бөлімі мидан шығатын қос жүйкелермен қамтамасыз етіледі (V-үшкіл, VII-бет, IX - тіл жұтқыншақ, X - кезбелі, XI - қосымша, XII - тіл асты) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz