Тірі ағзалар мекен ететін негізгі тіршілік орталары



Кіріспе 3
1 Тіршілік ағзасы 5
1.1Тірі ағзалар мекен ететін негізгі тіршілік орталары 5
1.2 Тіршіліктің жасушаның . ағзасы 6
2 Жасуша 12
2.1 Жасуша туралы жалпы түсінік 12
2.2 Клетканың химиялық құрамы 14
Қорытынды 20
Пайдаланған әдебиеттер 21
Тақырыптың өзектілігі: Клетка - тірі организмнің құрыльмдық және функционалдық бірлігі. Барлық тірі организмдер клеткалардан тұрады.
Тірі организмдердің клеткалық құрылымын зерттеу жұмыстары микроскоп деп аталатын оптикалық аспаптың жасалуымен байланысты жүргізіледі.
ХҮІ ғасыр аяғы мен ХҮП ғасырдың басында табиғат тану ғылымдары саласында оптикалық аспапен тәжірибе жүргізу дамыды. Оптикалық аспаптар жасағандардың алғашқылары голландтық шеберлер ағайынды Ганс және Зарахиус Янсендер еді. Микроскопты алғаш рет ғылыми жұмысқа пайдаланған ағылшын ғальмы Роберт Гук сол кездегі барлық жаратылыс сияқты физика, химия, ботаниканы жақсы меңгерген білгір маман. 1665 жылы шыққан "Микрография немесе өте майда денелерді үлкейтіп көрсететін шыны арқылы зерттеу" деген еңбегінде микроскоптан көрінген ырғай, аскөк, қамыс өсімдіктері сабақтарының жұқа кесінділерін суреттеп, оған толық сипаттама берген. Ол тығын кесіндісіндегі ара ұясы іспеттес қуыстарға "клетка" деген ат берді. Кейін бұл ғылыми терминге айталды.
Өсімдіктер анатомиясы туралы тұңғыш рет еңбек жазған ағылшын ғалымы Н.Грю және италияндық ғалым М.Мальпичи еді. 1881 ж. Роберт Браун клетка ядросын ашып, оның клетка тіршілігі үшін аса маңызды рөл атқаратыны туралы пікір айтты. 1839 ж. чех ғалымы Ян Пуркинье және оның шәкірттері клетка ішіндеғі сұйықтықты зерттеп, оны протоплазма деп атаған. 1934 ж. П.Ф.Горянинов "Барлық тірі дүние клеткалардан тұрады және клеткадан пайда болады" деп тұжырымдаған. 1938 ж. М.Шлейден пияз клеткасы ядросының ядрошығын ашты. Клетка туралы мәліметтерді жинап, ботаник М.Шлейден және зоолог Т.Шванн бірге клетка теориясының негізін қалады.
Клетка теорияның қағидалары Шлейденнің 1838 жылғы "Өсімдіктердің дамуы туралы деректер", Шванның 1839 жылғы "Жануарлар мен өсімдіктердің құрылымы мен өсуіндегі сәйкестік туралы микроскоптық зерттеулер" деген еңбектерінде баяндалады. Осы жылдан бастап клетка теориясының негізі қалыптасты.
Клетка теориясын Ф.Энгельс XIX ғ. жаратылыстану ғылымындағы жаңалықтардың бірі болда деп жоғары бағалаған. 1840 жылы орыс ғалымы Н.И.Железнов /І8І6-І877/ традеснанция өсімдігінің түгін зерттеп, ондағы ядроның бөлінуін байқаған. Біртіндеп микроскоптық техниканың жетілдірілуіне байланысты тір организмдердің клеткалық құрылымына көптеген жаңалықтар қосылды. Орыс ғалымдары И.Д. Чистяков 1874, Э.Страсбургер /1875/ клетканың кариокенез немесе митоз жолымен, 1892-1894 жылы І.И.Беляев оның редукциялық, мейоз жолымен бөлінуін, 1898 жылы С.Г. Навашин гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашты.
XIX ғ.аяғы мен XX ғ. басында өсімдіктер клеткасын зерттеу қарқынды дамыған кезең. Клетканың протопласт бөлімі митохондрия, гольджи аппараты, т.б. клетка органеллаларының құрылысы, химиялық құрамы және қызметі туралы мәліметтер жинақталды. XX ғасырдың 50 ж. электрондық микроскоппен кең түрде қолданылуымен байланысты клетканың бұрын белгілі құрамдас бөліктерінің субмикроскоптық құрылымы зерттеліп жаңа әсіресе құрылымдарын ашу жүзеге асырыла бастады.
1. Брунов Е.И., Малахова Г.Я., Соколова Е.А. «Адам анатомиясы, физиологиясы және гигинасынан өтілетін сабақтар». Алматы, 1970.
2. Вилли К. «Биология». Москва, «Мир». 1964.
3. Верзилин Н.М. «Уроки ботаники в 5 классе». Москва, 1952
4. Дубинина Н.П. «Общая биология». Москва, 1988.
5. Заверзин А.А., Харазова А.Д. «Основы общей цитологий». Ленинград, I982.
6. Полянский «Жалпьі биология». Москва, 1984.
7. Реймерс Н.Ф. «Негізгі биологиялық терминдер мен түсініктер». Москва, 1986
8. Де Робертие Э.Новлинский В., С.Саэсф. «Биология клетки». Москва, 1971.
9. Қ.Сапаров. «Жалпы цитология негіздері». Алматы, 1994.
10. Свенсон К. Уэбстер П. «Клетка». Москва, 1980.
11. Тәртенов М., Әлімқұлова Р. «Қызьқты ботаника». Алматы, 1976.
12. Қасымова Т., Л.Аманжолова, Ж.Әкімов, Р.Сәтімбекұлы. «Тіршіліктану». 1997.
13. «Биология және химия» журналы. 1996, №1-2.
14. «Қазақстан мектебі» журналы. 1988, №1.
15. «Биология в школе» журналы. 1990, №5, 1995 №1, 1991 №3.
16. Biology – 2. Osman ARPACI. Musa Ozet J.ELKS.
17. Биология және химия, география журналы. 1998, 1997.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Тірі ағзалар мекен ететін негізгі тіршілік орталары

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Тіршілік ағзасы 5
1.1Тірі ағзалар мекен ететін негізгі тіршілік орталары 5
1.2 Тіршіліктің жасушаның - ағзасы 6
2 Жасуша 12
2.1 Жасуша туралы жалпы түсінік 12
2.2 Клетканың химиялық құрамы 14
Қорытынды 20
Пайдаланған әдебиеттер 21

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Клетка - тірі организмнің құрыльмдық және функционалдық бірлігі. Барлық тірі организмдер клеткалардан тұрады.
Тірі организмдердің клеткалық құрылымын зерттеу жұмыстары микроскоп деп аталатын оптикалық аспаптың жасалуымен байланысты жүргізіледі.
ХҮІ ғасыр аяғы мен ХҮП ғасырдың басында табиғат тану ғылымдары саласында оптикалық аспапен тәжірибе жүргізу дамыды. Оптикалық аспаптар жасағандардың алғашқылары голландтық шеберлер ағайынды Ганс және Зарахиус Янсендер еді. Микроскопты алғаш рет ғылыми жұмысқа пайдаланған ағылшын ғальмы Роберт Гук сол кездегі барлық жаратылыс сияқты физика, химия, ботаниканы жақсы меңгерген білгір маман. 1665 жылы шыққан "Микрография немесе өте майда денелерді үлкейтіп көрсететін шыны арқылы зерттеу" деген еңбегінде микроскоптан көрінген ырғай, аскөк, қамыс өсімдіктері сабақтарының жұқа кесінділерін суреттеп, оған толық сипаттама берген. Ол тығын кесіндісіндегі ара ұясы іспеттес қуыстарға "клетка" деген ат берді. Кейін бұл ғылыми терминге айталды.
Өсімдіктер анатомиясы туралы тұңғыш рет еңбек жазған ағылшын ғалымы Н.Грю және италияндық ғалым М.Мальпичи еді. 1881 ж. Роберт Браун клетка ядросын ашып, оның клетка тіршілігі үшін аса маңызды рөл атқаратыны туралы пікір айтты. 1839 ж. чех ғалымы Ян Пуркинье және оның шәкірттері клетка ішіндеғі сұйықтықты зерттеп, оны протоплазма деп атаған. 1934 ж. П.Ф.Горянинов "Барлық тірі дүние клеткалардан тұрады және клеткадан пайда болады" деп тұжырымдаған. 1938 ж. М.Шлейден пияз клеткасы ядросының ядрошығын ашты. Клетка туралы мәліметтерді жинап, ботаник М.Шлейден және зоолог Т.Шванн бірге клетка теориясының негізін қалады.
Клетка теорияның қағидалары Шлейденнің 1838 жылғы "Өсімдіктердің дамуы туралы деректер", Шванның 1839 жылғы "Жануарлар мен өсімдіктердің құрылымы мен өсуіндегі сәйкестік туралы микроскоптық зерттеулер" деген еңбектерінде баяндалады. Осы жылдан бастап клетка теориясының негізі қалыптасты.
Клетка теориясын Ф.Энгельс XIX ғ. жаратылыстану ғылымындағы жаңалықтардың бірі болда деп жоғары бағалаған. 1840 жылы орыс ғалымы Н.И.Железнов І8І6-І877 традеснанция өсімдігінің түгін зерттеп, ондағы ядроның бөлінуін байқаған. Біртіндеп микроскоптық техниканың жетілдірілуіне байланысты тір организмдердің клеткалық құрылымына көптеген жаңалықтар қосылды. Орыс ғалымдары И.Д. Чистяков 1874, Э.Страсбургер 1875 клетканың кариокенез немесе митоз жолымен, 1892-1894 жылы І.И.Беляев оның редукциялық, мейоз жолымен бөлінуін, 1898 жылы С.Г. Навашин гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашты.
XIX ғ.аяғы мен XX ғ. басында өсімдіктер клеткасын зерттеу қарқынды дамыған кезең. Клетканың протопласт бөлімі митохондрия, гольджи аппараты, т.б. клетка органеллаларының құрылысы, химиялық құрамы және қызметі туралы мәліметтер жинақталды. XX ғасырдың 50 ж. электрондық микроскоппен кең түрде қолданылуымен байланысты клетканың бұрын белгілі құрамдас бөліктерінің субмикроскоптық құрылымы зерттеліп жаңа әсіресе құрылымдарын ашу жүзеге асырыла бастады.
ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқу-тәрбие жұмысының барысында биология курсының әр түрлі салаларынан оқушыларға цитология бөлімінен, клетканың химиялық құрылысы, осы бөлімнің әр түрлі тақырыптарында сабақ өту әдістемесіне методикалық өңдеулер жасау.
ЖҰМЫСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
- Клетка ұғымы туралы жалпы түсінік
- Өсімдіктану пәні бойынша клетка тақырыбын өту методикасы
- Жануартану пәні бойынша жануар клеткасы құрылысымен танысу
- Тәнтану пәні бойынша клетка және оның құрылысы, оқыту методикасы

1 Тіршілік ағзасы
1.1Тірі ағзалар мекен ететін негізгі тіршілік орталары
Тіршілік ортасы (Биотическая среда) -- қазіргі тіршілік етіп жатқанорганизмдердің арқасында пайда болған табиғи күштер мен құбылыстар.
Тіршілік ортасы деп белгілі бір ағза (түрдің) дамуының барлық кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.
Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда экотоп деп атайды. Бұл абиотикалық факторлар жиынтығы деген ұғыммен мағыналас. Оны кейде биотоп (грекше "bios" -- тіршілік, "topos" -- орын) деп те атайды. Белгілі бір экотопта тіршілік ететін барлық тірі азғалар жиынтығын биоценоз (грекше "koinos" -- жалпы) деп атайды. Белгілі бір аумакта тіршілік ететін барлық тірі азғалар мен орта жағдайларының жиынтығын қосып биогеоценоз (грекше "bios" -- тіршілік, "ge" -- Жер,"koinos" -- жалпы) деп атайды.
Су -- тіршілік ортасы. Су көптеген азғалар үшін ең қолайлы орта болып саналады. Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұнықтылығы, тығыздылығы, тұтқырлығы, оттек пен жарықтың болуы және т.б. негізгі рөл атқарады. Судың құрамында көптеген минералдық заттар мен химиялық косылыстар кездеседі. Табиғи судың құрамындағы минералдық тұздардың мөлшері де түрліше болады. Мысалы, тұщы судың бір литрінде 0,5 г тұз болса, теңіз суында тұздың мөлшері 35 -- 40 г болады. Судың құрамында оттек мөлшері атмосферадан 20 есе аз және суға жарық аз түседі. Суда қысым күрт өзгереді. Мұның бәрі де кейбір азғалар тіршілігі үшін едәуір қолайсыздық туғызады.
Суда тіршілік етуге бейімделген азғалар тобы -- гидробионттар (грекше "hydor" -- су, "biontos" -- тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік мұхиттарда, жер асты суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен таралған. Су айдындарында екі түрлі тіршілік ортасын ажыратады. Оның бірі -- судың қалың қабаты (пелагиаль грекше "pelagos" -- теңіз). Бұл қабатта тіршілік ететін ағзаларды пелагостар деп атайды. Екіншісі -- су түбі (бенталь грекше "benthos" -- терең) деп аталады. Мұнда тіршілік ететін азғалар бентостар деп аталады.
Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ұсак ағзаларды (фитопланктондар мен зоопланктондарды) планктондар (грекше "planktos" -- қалқып жүретіндер) деп атайды.
Судың түрлі қабаттарында белсенді түрде жүзіп жүріп тіршілік ететін ірі ағзаларды (басаяқты ұлуларды, балықтарды, және т.б.) нектондар (грекше "nektos" -- жүзіп жүретіндер) деп атайды. Ал судың ең беткі қабатында тіршілік ететін әрі микроскопиялық, әрі ұсақ азғалар пейстондар (грекше "heustos" -- жүзетіндер) деп аталады.
Құрлық
Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін азғалар -- аэробионттар (грекше "Air" -- ауа) деп аталады. Бұл ортаның тығыздығы мен қысымы төмен. Ал оттек пен жарық мол. Құрлық-ауа тіршілік ортасында температура мен ылғалдылық жыл маусымдарына, тәулік мезгілдерінде және географиялық орналасқан орнына сәйкес күрт өзгеріп тұрады. Бұл ортада ағзалардың тіршілігі үшін температура, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл маусымдарының алмасып тұруы негізгі рөл атқарады. Бұл ортада тіршілік ететін ағзалардың орта жағдайларына әсері айқын байқалады, тіпті олар өздеріне қажетті ортаны өздері жасап алады. Экологиялық тұрғыдан алғанда бұл орта өте күрделі әрі ондағы орта жағдайлары да сан алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген ағзаларды террабионттар (латынша "terra" -- "жер") деп атайды. Бұл ортада тіршілік ететін азғалар денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу механизмдері де түрліше. Оттектің мол болуына сәйкес ондай ағзаларда арнайы тыныс алу мүшелері пайда болған. Температураның күрт өзгеруіне сәйкес ағзаларда қорғану үшін түрліше бейімделушілік белгілер калыптасқан.

1.2 Тіршіліктің жасушаның - ағзасы

Тіршіліктің жасушаның - ағзалық деңгейі бүкіл оңу материалының 90% астамын алады: ал популяциялық - түрлік, биосфералық биогеоценотикалық деңгейлер қажетті көлемде және тереңірек қарастырылмайды, себептілік, тарихилық, жүйелілік, полицентриуі т.б. сияқты білімді дүниетанымдық көзқарас жүйесіне жалғастырыг енгізетін биологиялық таным әдістері арнайы оқытылмайды: ғылыми болжам жасау, оны тексеріп байқау әдістері туралы айтылмайды.
ҮІ-ҮІІІ сыныптардағы өсімдіктану жануартану пәндерінде тірі ағзалар топтарының жекелеген өкілдерінің аттарын атап, сыртқы, ішкі құрылысын тәптіштеп сипаттауға, жіктеп топтастыруға өте көп көңіл бөлінеді де, экология, диалектикалық көзқарас қалыптастыру мәселелеріне жете мән берілмейді.
IX сыныптағы тәнтану пәнінде адам омыртқалы жануарлардың тіршілік үрдістерін зерделеудің моделі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік мәні, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орны, өмір сүру мақсаты, құндылығы, салауатты өмір, т.б. қазіргі заманғы адамтанудың аса маңызды мәселелері мектептегі бүкіл білім мазмұнынан тыс қалған.
Мектептегі биологиялық білім мазмұнының ізгіліктендіру ұстанымын жүзеге асыратындай, оқушыларда тіршіліктің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыратындай, экологиялық сауаттылығын арттырып, мәдениеттілікке тәрбиелейтіндей ойлауын дамытуымыз керек.
Тіршіліктің өлі табиғаттан айырмашылығы - материяның сапалы өмір сүру формасы, яғни биологиялық форма болуында. Барлық тірі ағзаларға тән белгілі қасиеттер бар, олар да тірі жүйелер өлшемі деп аталады.
Жасушалардың әрқайсысы органоидтардан құралатын күрделі биологиялық жүйе болып саналады. Жасушалардың барлық органоидтарының құрылысы күрделі, бірімен-бірі өзара әсерлеседі және белгілі мүлтіксіз қызмет атқарады. Тек бір ғана органоид қызметінің өзгеруінен жасуша ішіндегі тепе-теңдік бұзылады, тіпті жасуша тіршілігін жояды. Жасушалардан, ұлпалардан, мүшелерден, мүшелер жүйесінен тұратын көпжасушалы ағзаның да жоғары деңгейлі жаралымы болады. Ағзаның барлық мүшелерінің құрылысы күрделі және өздеріне тән қызметті өзге мүшелерге мүлтіксіз үйлесімдікте орындайды. Бір мүше қызметіндегі өзгеріс біртұтас мүшелер жүйесінің бұзылуына әкеледі, тіпті ағзаның тіршілігі жойылады. Тіршілік иелерінің химиялық құрылымының бірлігі. Тірі ағзалар органикалық және бейорганиқалық заттардантүзілген. Жасуша ағзалық заттарының негізгі массасы нәруыздардан, майлардан, көмірсулардан, нуклеин қышқылдарынан, АТФ және өзге заттардан құралады.Жасушаның бейағзалық заттары - су және минералды тұздар. Органиқалық зат молекулалары жасушаның органоидтарын түзеді. Еріген заттары бар су жасушаның ішкі ортасын құрайды.
Зат және энергия алмасу - бұл тіршілікті қолдау негізіне жататын барлық тірілік атаулының жалпы қасиеті. Тірі ағзалар қоршаған ортадан белгілі заттарды сіңіре алады. Оларды басқа түрге айналдырады да, солардың өзгеруі есебінен энергия алады. Осы заттардың қажетсіз қалдықтарын қоршаған ортаға бөліп шығара алады. Зат алмасуэнергетикалық (катаболизм, диссимиляция - заттардың ыдырауы) және икемді (анаболизм, ассимиляция - синтез, қор заттары) алмасу болып бөлінеді. Оның үстіне тірі ағзалар денесін құрайтын өзіне тиесілі заттар синтезінде энергия шығындайды. Ол икемді алмасудың (анаболизм) бөлігі болып табылады.
Физиологиялық ұғым ретіндегі зат алмасуға бір қарағанда байланысы шамалы үдерістер қосылады. Олар: жануарлардың қоректенуі және асқорыту; өсімдіктегіфотосинтез, тынысалу және зәр шығару (сүтқоректілерде тер бөлу де қосылады). Атап айтқанда осы үдерістер барысында ағзалар өздерін қажетті заттармен ғана емес, энергиямен де қамтамасыз етеді. Адамда зат алмасу және өзге үдерістер жүйке және сұйықтық (гуморалды) жолымен бақыланады. Бұл - тіріліктің келесі қасиетінің негізі.
Өзін-өзі реттеу - тірі жүйелердің өз көрсеткіштерін (физиологиялық, т. б.) белгілі деңгейде автоматты түрде орнықтырып, қолдай алуы. Тек тірі нәрсе ғана қоршаған ортаның өзгерісін сезіне алады, мұндайда ішкі орта көрсеткіштері өзгермей, тұрақты қалпында қалады. Мәселен, инсулин гормоны көбейіп кетсе, қандағы глюқоза мөлшері төмендейді, ал глюқоза жеткіліксіз болса, глюкагон және адреналин оның мөлшерін арттырады.
Жылықанды жануарларда жылу реттеу тетіктері өте көп: дене температурасын қоршаған орта температурасына тәуелсіз белгілі деңгейде тұрақты сақтайды. Бұл қарқынды тер бөлу, салқындату үшін терідегі қаптарату тамырларын кеңейту, сондай-ақ тері қылтамырларын тарылту және жылыну үшін тітіркену болып саналады.
Өсімдіктер мен жануарлардың табиғи бірлестігі олардың санына қарай өзінен-өзі реттеледі. Мысалы, жыртқыштардың саны олар аулайтын олжаларының санына тәуелді болады. Егер жыртқыштар көбейіп кетсе олар қорегін көп аулайды. Шамадан тыс көп аулау салдарынан қорек мөлшері азайып, өздері аштан өледі. Сөйтіп аман-есен қалған олжаларының қалыпты деңгейге дейін көбеюіне мүмкіндік жасайды.
Бұл тетіктер жылыстауға кедергі келтіріп, түрлерді сақтап қалады. Алайда қоршаған ортаның өзгеруіне дұрыс жауап қайтару үшін бұл өзгерістерді дөл кезшде сезініп, танып айыра білу керек. Бұл үшін тірі нәрсеге тағы бір қасиет - тітіркенгіштік қажет.
Тітіркенгіштік - тірі жүйелердің сыртқы және ішкі әсерге (өзгерістерге) жауап қайтара алу қасиеті. Адам ағзасындағы тітіркенгіштік көбінесе жүйке, бұлшықет және безді ұлпалардың қасиеттеріне байланысты болады. Бұлар жүйке серпілісі, бұлшықет жиырылуы немесе заттар секрециясы (сілекей, гормондар, т. б.) түріндегі әрекетке жауап қайтару арқылы жүзеге асады. Жүйке жүйесі жоқ тірі ағзаларда тітіркенгіштік қозғалыс кезінде көрініс береді. Мәселен, амебалар немесе домаланғылар (вольвокс) концентрациясы жоғары тұзды қолайсыз ерітіндіден кетіп қалады. Ал өсімдіктер жарықты молырақ сіңіру үшін өркенінің қалпын өзгертеді (жарыққа ұмтылады).
Қозғыштық - тірі жүйелердің тітіркенгіш әрекетке жауап қайтара алу қасиеті. Ал қозу - тітіркендіру және қозғыштық әсерінен пайда болатын нақтылы қайтарылған жауап.Жүйке, бұлшықет және безді ұлпалар - қозатын ұлпалар, ал сүйек ұлпасы қозбайды. Сүйек жасушалары жарғақша зарядының өзгеру әсеріне, дереу болған синтезге және заттардың бөлініп шығуына немесе жиырылуға жауап қайтармайды. Тітіркендіргіштік пен қозғыштықтың қисынды аяқталуының бірі - кеңістіктегі қимыл (қозғалыс).
Қозғалыс (қимыл) - орын ауыстыра алу қасиеті. Бұл да тірі нәрсеге ортақ қасиет, дегенмен бір қарағанда бекініп орныққан ағзалар қозғала алмайтын тәрізді болып көрінеді. Кез келген тірі ядролы (эукариотты) жасушада цитоплазма қозғалыста болады. Тіпті бекініп орныққан жануарлар әдетте аздап қозғалыс жасайды. Өсімдіктерге өсу қимылы тән қасиет, ол жасушалар саны мен мөлшерінің ұлғаюы есебінен жүзеге асады.
Көбею - тірі ағзаларға ортақ қасиет, ол тіршіліктің ұрпақтар қатарында, яғни тарихи ұласуын қамтамасыз етеді. Бұл өзін-өзі көшірмелеудің қарапайым ғана қасиеті емес. Көбею барысында бастапқы аналық (ататек) ағзаның қасиеттері мен белгілері сақталады. Сонымен бірге өзгергіштік те пайда болады. Көпжасушалы ағзада жасушалар өсу негізінде көбейеді. Біржасушалылар зат алмасу, сондай-ақ цитоплазмалар көлемі мен органоидтар санын арттыру есебінен өседі.
Даму - жаратылым (организация) деңгейінің барлығына тән қасиет. Тірі жүйелер - молекулалық және жасушалық жүйеден биосфераға дейін ғаламшарымыздағы ағзаларды біртұтас алғанда - өз кезінде өзгере, дами және әбден жетіле алады. Бұл өзгерістер белгілі заңдылық сипатта болады. Өлі жүйелер де дамиды. Мысалы, тау жүйелері түзіледі, өседі, ескіреді, бүлінеді. Тек тірі нәрсе ғана жаратылым деңгейін арттырып, дами алады. Мұны жасушалы деңгейден де бақылап отыруға болады.
Қазіргі заманда ғылыми білімнің қуатты кіріктіру кезеңі жүріп жатыр. Мектепте білім мазмұнын пәндерге жіктеп оқыту басымдылығы берік сақталған. Орта, жоғарғы сыныптарда пәндік оқытуға мән берілуі қажет, онсыз оқушыларға қазіргі заманғы ғылым негіздерінен тиянақты білім беру мүмкін емес. Пәндік оқытудың гипертрофиясы биологияның басқа пәндермен байланысын былай қойғанда, өз ішіндегі салалық бөлімдері арасындағы байланыстың үзілуіне әкеп соқтырған. Мысалы: тіршіліктану курсы бір-бірімен байланысы аз цитология, эюлюциялық ілім, экология және генетика сияқты: тіпті әрқайсысы өз ғылыми пәнін де қажетті деңгейде бейнелей алмайтын жеке-жеке бөлімдерден тұрады.
Тіршілік жүйесінде жүретін физикалық-химиялық заңдылықтардың негізін түсінуге көмектесетіндей алдын-ала дайындау пәндер оқытылмайды. Мысалы, диффузия, адсорбция, сәуле-жарық, ионды алмасу, қысым, т.б. туралы қарапайым мәліметтері жоқ. Ү-ҮІІІ сынып оқушылары өсімдік, жануар, адам ағзасында жүретін тіршілік үрдістері туралы қоректену, тыныс алу, көбею, өсу, даму, қозғалу т.б. материалдарды жаттанды оқуға мәжбүр болады. Мектептегі басқа пәндер сияқты биологиядан да оқушыларға көп жағдайда, дайын білім ұсынылады. Оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа ақпараттарды іздестіруге, оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге талпындырмайды, яғни оқыту әдістемесі, догмалық ойлау типі басым, дайын нұсқауларды бұлжытпай орындаушылар тәрбиелеуге бағдарланып құрылған. Еліміз тәуелсіз даму жолына түсіп отырған жағдайда оқушылардың өз еліне, туған табиғатқа, жеріне терең, аялы сезімін оятып, патриоттық рухта тәрбиелейтіндей, эстетикалық талғамын қалыптастыратындай материалдар, ұлттық мәдениетіміздің элементтері биология пәні мазмұнында жеткіліксіз.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына орай жалпы білім беретін мектептің құрылымы, әр сатысының оқу-тәрбиедегі қызметі өзгереді. Ал, қазіргі мектепте оқытылып жүрген биология пәні әдістемесінің негізгі құрамдас бөліктері мақсаты, мазмұны, әдістері, оқу жұмысын ұйымдастыру түрлері, құралдары түбегейлі өзгеріске түскен жоқ, ескі базисте сақталып отыр. "Жаңа" деп жасалған оқулықтары "Өсімдіктану, Жануартану, Тіршіліктану, Тәнтану ескі базиске құрылғандықтан аталған кемшіліктерден арылмаған. Оның үстіне республикадағы көп мектептер бұрынғы Одақта жасалған ескі оқулықтар пайдалануда. Осының бәрі жалпы білім беретін мектептегі биология пәні әдістемесін түбегейлі жаңартып, қайта құру қажеттігін көрсетеді.
Биологиядан жалпы білім берудің мақсаты, мазмұны, құрылымы, ең алдымен қоғамның әлеуметтік сұранысына, қазіргі заманғы биология ғылымының жүйесі мен әдіснамасының ұсыныстарына және орта буын сыныптары оқушыларының жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай анықталады.
Мектептің негізгі сатысында биологиядан білім берудің негізгі мақсаты -тіршілікті ең жоғары құндылық деп түсінетін, экологиялық және эволюциялық ойлау стилі қалыптасқан, экологиялық мәдениеті, дүниенің ғылым бейнесіндегі тірі табиғаттың, тіршіліктің орны мен мәнін сауатты бағдарлайтын, биологияның ғылыми танымдық әдіс, тәсілдерін, іргелі ұғымдар жүйесін қажетті деңгейде меңгерген және биологиялық білімін экожүйелер мен тірі ағзалардың көптүрлілігін сақтап, қорғауға, өндірістік енбек үрдістерін экологияландыруға, салауатты өмір сүруге тиімді қолдану біліктері бар, биологиялық сауатты тұлға дайын болуы керек.
Мұндағы әдіснамалық ұстанымдардың ролі білім мазмұнын, құрылымын, құрамын, оқыту әдістерін анықтауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың өзі білім мазмұнының құрамдас бөлігі бола отырып, биологиялық білімді дүниетанымдық жүйемен ұштастырады. Соның нәтижесінде "Оқушылардың тірі табиғатқа деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру" талабы мақсат тек сөз жүзінде қалмай, мазмұны арқылы жүзеге асырылады.
Бұл орта буын кезеңіндегі 11 -- 15 жастағы оқушыда жетекші орынға шығатын құндылық бағдарлы әрекеттің қалыптасуына елеулі ықпал етіп, соның негізінде өмірдің мәнін іздестіру, дүниеге көзқарасын, адамгершілік сезімін, мұрағият ұстанымын, эстетикалық талғамын айқындау бағытындағы талпынысы мен мүддесіне сай келеді. Дамыта отырып оқыту идеясы мектеп биологиясының әдістемесінде тірі табиғаттың біртұтастығы, онымен әрекеттік қарымқатынасын, оқушы тұлғасы дамуының ерекшелігі мен оқу пәні қисынының бірлікте қарастырылуы, биологиялық білімінің жалпы мәдениеттегі орнын анықтайтын ізгіліктендіру идеялары арқылы нақтыланып, биологиялық білім мазмұны құрылымы, құрамы, оны оқыту әдістері осы идеяларға негізделеді.
Оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының негізіне алынған дамыта оқыту идеясына, оның ұстанымдарына сәйкес білім мазмұнының төмендегідей құрылымы анықталады:
- Тірі табиғат туралы білім.
Бұл тірі табиғаттың ғылыми бейнесін көрсететін қазіргі заманғы биологиялық ғыльми білім жүйесін және осыны толықтырып, оған әлеуметтік-мәдени фон беретін тірі табиғаттың көркем моделі мен ол туралы әр түрлі мифтік, діни мағлұматтарды қамтиды.
Тірі табиғаттың ғылыми бейнесіне
а биологиялық обьектілер мен құбылыстар өсімдік, жануар, адам тіршілігі туралы түсініктер;
б түрлі обьектілердің, оларда жүретін үрдістердің және тіршілік қызметінің қасиеттері, құрылымы, қарым-қатынастық байланыстары, т.б. басты сипаттамалары;
в биологиялық, теориялар, т.б, туралы білім кіреді.
Оқушылар меңгеруі тиіс әрекет түрлері туралы білім. Бұған ғылыми-зерттеу, көркем қабылдау, құрастыру, технологиялы практикалық сипаттары және тірі табиғатқа қатынасты, оның мәдениеттегі орнын түсініп бағалауға арналған адамгершілік сипаттағы оқу тапсырмаларын шешуге бағытталған әрекет түрлері жатады.
- Білімді меңгерудің әдіс-тәсілдері туралы білім.
Бұл білім туралы эмпирикалық, теориялық, практикалық, білік, дағдылар және оны меңгерту тәсілдері туралы логикалық: талдау, синтез, жалпылау, салыстыру ғылыми, бақылау, тәжірибе, эксперимент, модельдеу т.б білімді қамтиды.
Білім берудің мақсатына орай, оқушының жасына байланысты таным ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың бәрінің білім алуына тең мүмкіндік берілуі қажет дейтін дидактикалық ұстанымға сүйенгенде, сонымен қатар біздің мектептерімізде берілетін биологиялық білім деңгейінің алдыңғы қатарлы елдерден төмен болмауын көздегенде, ең алдымен, әр оқушыға мектеп ұстанатын оңу материалының базалық өзгеріссіз денгейі, яғни базалық білім мазмұны анықталуы тиіс. Бұл деңгей қандай типті екеніне қарамастан мектептің негізгі сатыда әр оқу үшін ұсынатын білім мазмұнын толық ашады және оқу бағдарламалары осы мазмұнға құрылады.
Біздің пікірінше, биология мазмұнының салалық бағыттары бойынша алғанда базалық білім мазмұнына мынадай мәселелер кіреді. Биология пәні, құрылымы, әдістері, ғылымының даму кезеңдері. Тіршілік, оның қасиеттері, үрдістері тірі ағзалардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы. Биологиялық обьектілермен, құралдармен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері.

2 Жасуша
2.1 Жасуша туралы жалпы түсінік
Жасуша - дегеніміз төрт тірі обьектінің бас элементарлық бірлігі. Тірі организмдердің құрамына кіретін клеткаларды екі топқа бөлуге болады. Ядро қабаты болмайтын прокариоттар, ядро қабаты болатын эукариоттар, бұған жануармен өсімдік клеткалары жатады. 1 сур, 2 сур.
Тірі организмдердің өмір cүруіне мынадай жасушалық органеллалар керек. Ядро, митохондрия, лезосомалар, гикроденелер, эндоплазмалық тор. Жасушалық мембраналар клетканы қоршаған ортадан бөледі және клетканың ішінде әр түрлі клеткалық бөлінділерді түзеді. Мембраналардың массалары клетканың массасының 80% алады. Мембраналар липидтер жене белоктық қабаттан тұрады. Белояты компоненттер белок молекуласынан тұрады. Олардың молекуласының массасы 5000 - 250000-ға дейін. Липидті бөлігі фосфолипидті гликолипидтерден, стероидтардан тұрады. Қазірге дейін цитоплазмалық мембрананың структурасы соңына дейін дәлелденбеген.
Қазіргі кезде клеткалық мембрананың 3 моделі жүргізіліп жатыр:
1. Элемэлентарлық мембрананың моделі. Гипотиза бойынша мембраналар 2 белоктық қабаттан тұрады. Олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі тіршілік орталары. В. Шелфорттың толеранттылық заңы
Экологиялық факторлардың жіктелуі
Аутэкология. Организм және қоршаған орта
Тіршілік ортасы
Тірі ағзалардың химиялық құрамының біркелкі болуы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы ақпарат туралы
Негізгі тіршілік орталары
Жердің экожүйедегі және қоғамдық өндірістегі орны және атқаратын рөлі
Дара организмдер экологиясы - аутэкология
Тіршілік ортасының экологиялық факторлары
Пәндер