Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар
Кіріспе 5
1 Дене тәрбиесін оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар 12
1.1 Мектептегі сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру 12
1.2 Мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 18
2 Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар 31
2.1 Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері 31
2.2 Сыныптан тыс спорттық секциялардың жұмыс жоспары 40
3 Зерттеу жұмыстары 51
3.1 Оқушыларды дайындаудың физикалық дайындығын жетілдірудің әдістемелік ерекшеліктерін дамыту тұрғысында жүргізілген зерттеу жұмыс нәтижелері 51
3.2 Оқу жаттығу жұмыстары барысында оқушылардың физикалық дайындығын жетілдірудің әдістемелік жолдары 57
Қорытынды 61
Пайдаланған әдебиеттер 64

Зерттеудің өзектілігі: Жеткілікті құрал болмай тұрған жағдайда дене шынықтырумен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салтымен дұрыс тамақтануымызды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс- шаралар жүргізілуі қажет»,-деп атап көрсетілген.
Расында да қоғамдық сана мен мораль, есірткіге, ішімдікке барынша қарсы болуға тиіс. Кешегі кеңес заманында ішімдік пен қанша күрескені мен біздің тұрмысымызға, әдетімізге, дәстүрімсізге, тереңдеп еніп алған болатын. Бүгінгі таңда да көпшілік нарықтық жағдайдың қиыншылығына кезігіп, күйзеліске түскен шақта да ішікілік мәселесі тиылар емес.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған.
Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
«Қазақстан -2050» мемлекеттік бағдарламасында дене тәрбиесі туралы: «Салауатты өмір салтын ынталандыру әр қайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерлді, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған.
Жеткілікті құрал болмай тұрған жағдайда күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салтымен дұрыс тамақтануымызды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс- шаралар жүргізілуі қажет»,-деп атап көрсетілген. Расында да қоғамдық сана мен мораль, есірткіге, ішімдікке барынша қарсы болуға тиіс. Кешегі кеңес заманында ішімдік пен қанша күрескені мен біздің тұрмысымызға, әдетімізге, дәстүрімсізге, тереңдеп еніп алған болатын. Бүгінгі таңда да көпшілік нарықтық жағдайдың қиыншылығына кезігіп, күйзеліске түскен шақта да ішікілік мәселесі тиылар емес.

1. Төтенаев Б. Дене тәрбиесі. – Алматы: Мектеп, 2008.
2. Иванов Г., Қарақов А. Дене тәрбиесі. – Алматы: 2001
3. Уақбаев Е. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. – Алматы: Санат, 2000
4. Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. //Ізденіс-Поиск. 2009. № 2(2) -Б.262-264.
5. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31.
6. Дене шынықтыру және спорт психологиясы пәні бойынша тесттік тапсырмалар жинағы. Оқу-әдістемелік құралы.-Кентау, 2007. «Еркін и К-ХХІ» ЖШС баспаханасы. -150б.
7. Жеке тұлғаның рухани дамуындағы дене мәдениетінің рөлі //«Шоқан тағлымы 14» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Т.6.- Көкшетау, 2009. – Б.222-224.
8. Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің ілімі. Алматы, 2005.
9. Танекеев М.Т. Қазақстандағы дене тәрбиесі. Алматы, 2001.
10. Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы, 2001.
11. Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің ілімі. Алматы, 2005.
12. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006. – 270 б.
13. Ботағариев Т. «Дене:тәрбиесі мәселелері). Қазақстан мектебі №9 2004 ж. 45-47 бб.
14. Құранбекұлы А. Әкімбайұлы С. «Оқушылар дене шынықтыруының этнопедагогикалық нгіздері» Алматы, 2000 ж. 294 б.
15. Былиеева Л.В. Яковлев в.г. «Подвижные игры» 2009 ж. 224 б.
16. Шашкина В.А. «7-8 жастағы оқушылардың қозғалу белсенділігі» Москва, 2008 ж. 206.
17. Шалыгина Г.В. «Бастауыш сынып оқушыларының қозғалу дайындығын зерттеу» Автореферат. Москва 2007ж. 21 б.
18. Қуанышев Т.Ш «Болашақ дене тәрбиесі мұғалімін дайындау» Алма-Ата 2002ж. 226.
19. Меңдалиев Б. «Балалардың қозғалмалы ойындарды қажет етуі» Бастауыш мектеп №Ц-2004ж. 25-27 бб.
20. Есірнепов Ж. «Гимнастиканы ұйымдастыру ерекшелктері» Қазақстан мектебі №4-2006ж. 64-65 бб.
21. Ашмирин Б.А. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі М. 2009 ж.
22. Андреев, С.Н. Футбол в школе: Кн. для учителя / С.Н. Андреев. — М.: Просвещение, 2000, 144 с.
23. Арестов, Ю. Т. Подготовка футболистов высших разрядов: учеб.пособие для слушателей ВШТ / Ю.Т. Арестов, М. А. Годик. — М., 2009, 65 с.
24. Арестов, Ю.Т. Подготовка футболистов высших разрядов: учеб.пособие для слушателей ВШТ / Ю.Т. Арестов, М.А. Годик. — М., 2001, 65 с.
25. Ашмарин Б.А. Теория и методика педагогических исследований в физическом воспитании / Б.А. Ашмарин. — М.: Физкультура и спорт, 2000, 223 с.
26. Банников С.Е. Играйте в футбол / С.Е. Банников. — Екатеринбург, 2006, 103 с.
27. Бернштейн Н.А. О ловкости и ее развитии / Н.А Бернштейн. — М.: Физкультура и спорт, 2001, 288 с.
28. www.allbest.ru
29. http://ayakdop.moy.su/
30. Төтенаев Б. Дене тәрбиесі. – Алматы: Мектеп, 2008.
31. Иванов Г., Қарақов А. Дене тәрбиесі. – Алматы: Рауан, 2001. ,
32. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. – Алматы: Санат, 2000
33. Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің ілімі. Алматы, 2005.
34. Танекеев М.Т. Қазақстандағы дене тәрбиесі. Алматы, 2001.
35. Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы, 2001.
36. Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің ілімі. Алматы, 2005.
37. Ботағариев Т. «Дене:тәрбиесі мәселелері). Қазақстан мектебі №9 2004 ж. 45-47 бб.
38. Быкова А. «Физическое воспитание в начальных классах» Ташкент, 2009 ж. 361-421 бб.
39. Құранбекұлы А. Әкімбайұлы С. «Оқушылар дене шынықтыруының этнопедагогикалық нгіздері» Алматы, 2000 ж. 294 б.
40. Былиеева Л.В. Яковлев в.г. «Подвижные игры» 2009 ж. 224 б.
41. Поддьякова Н.Н. Михайленко Н.Я. «Бастауыш сыныптарға арналған ойындар мәселесі» Педагогика, 1987 ж. 2006.
42. Шашкина В.А. «7-8 жастағы оқушылардың қозғалу белсенділігі» Москва, 2008 ж. 206.
43. Қуанышев Т.Ш «Болашақ дене тәрбиесі мұғалімін дайындау» Алма-Ата 2002ж. 226.
44. Меңдалиев Б. «Балалардың қозғалмалы ойындарды қажет етуі» Бастауыш мектеп №Ц-2004ж. 25-27 бб.
45. Есірнепов Ж. «Гимнастиканы ұйымдастыру ерекшелктері» Қазақстан мектебі №4-2006ж. 64-65 бб.
46. Сорокоумова, Е.А. Возрастная психология/ Е.А. Сорокоумова.- СПБ.: Питер М.:Наука.2009.С.750
47. Степаненкова, Э.Я. Теория и методика физического воспитания и развития ребенка/ Э.Я. Степаненкова – М.: ACADEMA, 2006.С.930
48. Усов И.Н. Здоровый ребёнок: Справочник педиатра. М.:Просвещение, 2004.С.1300
49. Франклин Фоер Как футбол объясняет мир. Невероятная теория глобализации. - М.:Просвещение- 2006.-С.570
50. Холодов Ж.К. Теория и методика физического воспитания и спорта/ Ж.К. Холодов, В.С. Кузнецов - М.: Академия 2003.С.790
51. Волков В.М. Спортивный отбор/ В.М. Волков, В.П. Филин – М.: Физическая культура и спорт,М.:ФиС 2003.С.527
52. Волков Л.В. Обучение и воспитание юных спортсменов/Л.В. Волков – К.: Здоровье, 2008.С.749
53. Гайтон А.К. Медицинская физиология.М.:ФиС 2008.С.854
54. Гольдес И.В.. 100 легенд мирового футбола. Выпуск 2 М.:Просвещение 2003. С.637
55. Дегтярев В.П. Нормальная Физиология.М.:Изд-во ВЛАДОС-ПРЕСС 2006.С.960

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1 Дене тәрбиесін оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар 12
1.1 Мектептегі сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру 12
1.2 Мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 18
2 Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар 31
2.1 Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері 31
2.2 Сыныптан тыс спорттық секциялардың жұмыс жоспары 40
3 Зерттеу жұмыстары 51
3.1 Оқушыларды дайындаудың физикалық дайындығын жетілдірудің әдістемелік ерекшеліктерін дамыту тұрғысында жүргізілген зерттеу жұмыс нәтижелері 51
3.2 Оқу жаттығу жұмыстары барысында оқушылардың физикалық дайындығын жетілдірудің әдістемелік жолдары 57
Қорытынды 61
Пайдаланған әдебиеттер 64
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Жеткілікті құрал болмай тұрған жағдайда дене шынықтырумен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салтымен дұрыс тамақтануымызды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс- шаралар жүргізілуі қажет,-деп атап көрсетілген.
Расында да қоғамдық сана мен мораль, есірткіге, ішімдікке барынша қарсы болуға тиіс. Кешегі кеңес заманында ішімдік пен қанша күрескені мен біздің тұрмысымызға, әдетімізге, дәстүрімсізге, тереңдеп еніп алған болатын. Бүгінгі таңда да көпшілік нарықтық жағдайдың қиыншылығына кезігіп, күйзеліске түскен шақта да ішікілік мәселесі тиылар емес.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз "тәні саудың - жаны сау" - деп бекер айтпаған.
Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл - денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Қазақстан -2050 мемлекеттік бағдарламасында дене тәрбиесі туралы: Салауатты өмір салтын ынталандыру әр қайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерлді, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған.
Жеткілікті құрал болмай тұрған жағдайда күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салтымен дұрыс тамақтануымызды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс- шаралар жүргізілуі қажет,-деп атап көрсетілген. Расында да қоғамдық сана мен мораль, есірткіге, ішімдікке барынша қарсы болуға тиіс. Кешегі кеңес заманында ішімдік пен қанша күрескені мен біздің тұрмысымызға, әдетімізге, дәстүрімсізге, тереңдеп еніп алған болатын. Бүгінгі таңда да көпшілік нарықтық жағдайдың қиыншылығына кезігіп, күйзеліске түскен шақта да ішікілік мәселесі тиылар емес.
Бұл турасында Президент жолдауында: Көптеген елдер бұл кеселге тиым салғанымен, табысқа жете алмады. Осыған қарамастан кейбір елдер ұтымды ақпараттық және түсіну саясатын жүргізу, мәдениет пен білім арқылы едәуір табыстарға қол жеткізді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы жолдауында Қазақстанның болашағы-қазiргi жеткiншек жастардың денсаулықтарына, оны нығайту iсiне айрықша назар аударылып, салауатты өмiр салтын тұрмысқа толық енгiзу көзделген. Салауатты өмiр салтының бiр белгiсi әрбiр адамның дене тәрбиесiмен жүйелi түрде айналысуы болып табылады.
Балалар дене тәрбиесiнiң түрлерi сан салалы. Мектептегi сабақ кестесiне енгiзiлетiн дене тәрбиесiнiң мiндеттi сабақтарынан бастап, сыныптан және мектептен тыс секциялық сабақтар, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiндегi жаттығу сабақтары, дене шынықтыру үзiлiстерi, үзiлiс кезiндегi қимылды ойындар, таңертеңгi гимнастика, өздерiнiң арнайы машықтануы - осының бәрi осы жасөспiрiмдердiң денсаулықтарын жетiлдiрiп қана қоймай, оларды адамгершiлiк рухқа, көпшiл болуға тәрбиелейдi -деп айтқан.
Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде ішімдікті қолданушылар мен темекі тартушылардың саны кеми түсуде, өйткені кәіпкерлік- денсаулығы мықты жандардың үлесі. Өмір салтын теріс әдеттерден спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылады,- деп атап айтылған.
Мектептегі оқу тәрбие жұмыс тарының басты міндеті - жастардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру.
Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу - тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Сондықтан бастауыш сыныптардағы оқу жылы жоғарғы сыныптарға қарағанда қысқа, жазғы демалыстары ұзақ болады.
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады.
Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде қайта жеңілденеді.
Білімді меңгерту үшін сабақты тек түсіндіріп қана қою жеткіліксіз. Оқушы алған білімін сол қалпында жаңартып қана қоймай, пысықтап отыруы тиіс. Білімді пысықтау жұмысы дұрыс жолға қойылған жағдайда оқушылардың ойлау белсенділігі артады, өздігінен жұмыс істеу шеберлігі қалыптасады. Осы орайда қарастырып отырған дипломдық жұмысымның тақырыбы: Дене шынықтыру және спортты басқару Дипломдық жұмысымның өзектілігі: Қазастан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты- білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелейтін бәсекеге қаблетті білім негізін қалыптастыру.
Жас ұрпақтың жалпы дене қуатындамыту үшін,үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:
- денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру;
- негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;
- жігер-күш,дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.
Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы - дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен денежаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.
Дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, дене тәрбиесі - барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы - қозғалыс, қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Дене тәрбиесі жаттығуларын жүйеге түсіріп белгілі бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Атам қазақ бірінші байлық - денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі - спорт. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты болмақ. Бұл сөз кезегінде жақсы оқуға жемісті еңбек етуге деген ынта - жігерді арттырады.
Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді. Дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғыжетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды.Мұғалім оқушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі шұғылдануға үйретеді.
Өскелен ұрпақ пен жалпы халықтың дене шынықтыру даярлық деңгеиі еліміздегі дене тәрбиесі жуйесінің тиімді көрсеткіші болып табылады.
Сондықтан тұрғындардың дене бітімін жетілдіруді мемлекеттік маңызы бармәселеретіндеқарастыраотырып,мем лекеттұрақтыназарғаалған.ҚазақстанР еспубликасыхалқыныңденешынықтырудай ындығының
президенттік тестілері - бұл тұрғындардың дене шынықтыру жүйесін жасаудағы алғашқы тәжирібежәне онда мынадай нормативтер бар:Жылдамдықты дамытатын 30, 60 м-ге және 100 м-ге жүгіру тестілері
30, 60 м-ге және 100 м-ге жүгіру стадионның жүгіру алаңында немесе мәре мен сөре сызықтарыбелгілінген әрі жүгіру қашықтыгы мұқият өлшенген тегіс жерде өткізіледі. Аласа сөремен жүгіруге 4-6 қатысушылар қатысады.Сабақ кезінде және жарыстарда сөреші жалаушаның немесе сөрелік тапаншаның көмегімен белгі береді.Нәтиже 0,1 сек. дейінгі дәлдікпен секунд снағышпен есепке алынады.
Зерттеу пәні: Президенттiк сынамалардытапсыру үдерiсiндегi жоғары сынып оқушыларының дене шынықтыру дайындығын анықтаудың ерекшелiктерi әдістерін ұйымдастыру.
Зерттеу нысаны: Жоғары сынып оқушыларының дене шынықтыру дайындығын анықтаудыңерекшелiктерi.
Осыған орай, мектепте оқушыларды тек сабақта немесе сыныпта ғана тәрбиелеп және қалыптастырып қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да тәрбиелеу қажеттілігі маңызды болып отыр.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде соған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде оқушылардың кең көлемде әрі терең, жан жақты тәрбиелік ықпал ете алады.
Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие беру мәселелерін әртүрлі бағыттарда қалыптастырып, дамытуды ғалым - педагог- психологтар өз үлестерін қосты. Атап айтсақ, сыныптан тыс жұмыстардың қалыптасу даму тарихындағы ерекшеліктер ( Н.К.Беспятова , А.Т. Малый , Л.П. Матковская, М.Б. Коваль , Б.И.Каюмов, Ф.А. Фрадкин , В.А. Капранова) ;
- Сыныптан тыс жұмыстар қызметін басқаруды жетілдіру (Грекова О)
- Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қоғамдық саяси белсенділігін дамыту (И.Н. Цымбалюк , Л.Ю. Садыкова , Н.А. Антыгина , В.Н. Лыков , В.Н. Дармодехина , Н.Д. Зверьева , М. Куранов, Н.И.Меняева);
- Сыныптан тыс жұмыстардағы еңбек тәрбиесі (Ю.Г.Памория , А.И. Ковалева , Л.И. Каучукова , Н.А. Запорожец, М.А Углицкая);
- Сыныптан тыс жұмыстардағы адамгершілік тәрбиесі (Л.А. Оралова , Қ.Т. Әтемова , И.К. Тен , Н.И.Минибаева, Ж . Сәдірмекова);
- Мектептен тыс мекемелер мен әлеуметтік тәрбие мекемелері арасындағы өзара ықпалдасудың (П.Д. Георгиева , Г.И. Миячива, С.А. Михайлович, Р.П.Виркус педагогикалық проблемалары олардың кйбір шетелдік тәжірибелері зерттелген бағыт;
- атеистік тәрбие проблемалары (А.И Пак) эстетикалық тәрбие А.С.Каргин , Л.И. Шахова ), экологиялық тәрбие (Ш.Арзымбетова );
- Өз бетінше білім жетілдіру мен әуесқойлық тәрбиесі (Л.Ф.Каразян , В.В. Политова , Л.Г.Садықова)
Сыныптан тыс жұмыстар тарихына қатысты мәселелер Н.И. Қойшыбаева, К.Ж. Қожахметова, И.А. Әділханов., Г.И. Мұханова және т.б. еңбектерінен орын алады.
Қазақстандағы сыныптан тыс тәрбие жұмыстары мәселесін тереңдете қарастыруда және оны қажетті деректермен байытуда Қазақстандағы мәдени ағарту жұмыстары мен мәдени құрылыстарына байланысты белгілі бір жекелеген тарихи кезеңдерге арналған тарихшылардың ( С.Б. Байшиев , Р.Б. Сүлейменова , Х.Бейсенов , М. Абдукадирова, В.Г.Макаров ,Б.А. Амантаева , Е.Ш. Қуандықов , А.Ғ. Ибраева және т.б.) еңбектерінің маңызы зор. Тәрбие теориясы мәселелеріне еңбек жазған Қазақстандық ғалымдардың еңбектері де сыныптан тыс жұмыстары мәселелеріне теориялық - әдіснамалық тұрғыдан зерттеуге (С.А. Ұзақбаева., М. Х. Балтабаев., К.К. Жанпейсова., Л. Керимов., Б.Ы. Мұқанова., Г.К. Нурғалиева т.б.) үлкен септік жасайды. Сондай - ақ сыныптан тыс жағдайды тәрбие түрлерінің әрбір дара саласына жүргізілген Қазақстандық ғалымдардың (А.Ф.Дайкер , А.И.Бабаков , Ш.А.Әділханов , С. Ешимханов , З.У. Кенесарина, К.Ж.Бұзаубақова , М.Р.Көпжасарова ) еңбектерінде де тұжырымдар кездеседі. Біздің зерттеу тақырыбымызға жақын келетін оқушылардың ұлттық тәрбиесін дамытуда көркем шығармаларды (Е.А. Серегина), музыка өнерін (В.Г. Кезин ), халық білімдерін (Н.Ш. Блягоз), халықтың дәстүрлерін (Ю.Ф. Виноградов., Т.Д. Замбалова ) халық педагогикасын (Н.С. Иванова, З.А. Хусаинов., С.Н. Черябкина., Б.Х. Қойбағарова., А.Б. Айтжанова және т.б.) пайдалану мәселелері қарастырылған еңбектер де жоқ емес. Сонымен, оқушыларға ұлттық тәрбие беру бағытында орнатылған ғылыми зерттеулерге жасалған талдау сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселесі зерттеушілердің назарынан тыс қалғандығын дәлелдейді. Бүгінгі таңда оқушылардың ұлттық тәрбиесін сыныптан тыс жұмыстарда дамытудың қажеттілігі мен мектепте, мектептен тыс ұйымдардың ұлттық тәлім тәрбие берудегі қызметінің жан жақты жүзеге асырылмауы және мектепте сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға арналған ғылыми негізделген әдістеменің тапшылығы арасындағы қарама -қайшылық нақты көрініс алып отырғандығы байқалады. Бұл қайшылықтардың шешімін табу зерттеу жұмысымыздың тақырыбын "Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие беру жолдары" деп таңдауға мүмкіндік берді.
Зерттеу мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларына тәрбие берудің жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу нысаны: мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу үрдісі.
Зерттеу пәні: мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
* Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми теориялық мәнін негіздеу.
* Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін
айқындау;
* Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің әдіс тәсілдерін анықтау және оны эксперимент - тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеудің әдістері:Жұмыста жоғары сынып оқушыларының президенттік сынамаларды тапсыруды теориялық тұрғыдан зерделеу барысында педагогикағылымдары және салыстырмалы-методикалық тұрғысынан талдау, ғылыми жүйелеу, сипаттамалық және аналитикалық әдістер кеңінен қолданылды. Олардың қатарына жүйелік-талдамалық және мәденитану тәсілдері, салыстырмалы анализ жатады. Ғылыми әдістемелік әдебиеттер, озат педагогикалық тәжірибелер, тест,бақылау, баспасөз материалдары.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Зерттеудің теориялық негізінедене тәрбиесі және спорт, педагогика ғылымдарын зерттеушілердіңеңбектері мен мақалалары пайдаланылды.Дипломдық жұмыстың теориялық-методологиялық негізін дене тәрбиесі және педагогика т.б. қоғамдық ғылымдардың қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми тұжырымдары құрады. Сонымен бірге дене тәрбиесінің теориялық-методологиялық мәселелерін зерттеуші шетелдік және отандық жетекші ғалымдардың еңбектеріндегіқарастырылып отырған тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан жазуға мүмкіндік беретін ой-пікірлері басшылыққа алынды.
Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеужұмысының нәтижесін дене тәрбиесі сабағында жоғарғы сынып оқушыларының жалпы физикалықжағдайын бағалауда қажет. Жұмыста келтірілген жаңа деректерді дене тәрбиесі мұғалімдері өз ізденістерінде кәдеге жарата алады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми нәтижелерін педагогтар,дене тәрбиесі пәні мұғалімдері мен тағы басқа қоғамдық ғылымдар салалары мамандарының зерттеулеріне дәйекші дереккөз бола алады.
Зерттеу жұмысының материалдарын ортажәне жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі және спорт пәнін оқыпүйрену барысында пайдалануға болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жоғарғы сынып оқушыларның президенттік сынамаларды тапсыруын әдістемелік тұрғыдан жан-жақты талдап көрсету. Дипломдық жұмыстың жаңалығы төмендегідей болды:
oo Жоғарғы сынып оқушыларының физиологиялық дамуында президенттік сынамалардыңалатын орны анықталды.
oo Президенттік сынамалар жоғарғы сыныптағы баланың дамуына үлкен роль атқаратындығы белгілі болды.
oo Дене тәрбиесі оқытушыларына әдістемелік материал ретінде ұсынуға болады.
oo Зерттеу барысында жоғары сынып оқушыларының президенттік сынамаларды тапсыруға дайындығы анықталды;
oo Жоғары сынып оқушыларын президенттік сынаманы тапсыруға қалай дайындау барысы жөніненталдау жасалды;
oo Дене тәрбиесінің тарихи маңыздылыңымен ережелері қарастырылып талданды;
Зерттеудің практикалық базасы:Қ. Мұңайтпасов атындағы интернет-спорт мектебі.
Дипломның құрылымы. Диплом кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Зерттеу жұмысының соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша берілген.
1 Дене тәрбиесін оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар
1.1 Мектептегі сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру
Осы бағыттағы жұмыстың мақсат, міндеттері және қызметін анықтау жұмыстары оның мазмұны мен формасы таңдауға ықпал етеді.
Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделген адам баласы өмірінің әртүрлі саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі: ғылымда өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым қатынаста, моралдық бейнесінде бастан кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады.
* Біріншіден, сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді ( сезімі арқылы ақыл ойына әсер етуді көздейді);
* Екіншіден, баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды (әртүрлі іскерлік пен дағдысын жетілдіруді) көздейді;
* Үшіншіден, жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру;
* Төртіншіден, коммуникативтік біліктілігі мен дағдысын тәрбиелеу (ұжымда өмір сүре білу, ұжым болып ауызбірлікте қоғамдық пайдалы істерді атқару т.с.с.);
* Бесіншіден, этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру;
Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігін анықтауда Н.К. Крупская еңбектерінде жасалған оның негізгі принциптері және қазіргі жағдайда әрине, түзетуді кажет ететін тәрбиенің жалпы принииптері басшылыққа алынады. Тәрбиенің даму теориясының диалектикасы мынадай, ол балаларды тәрбиелеу мен мектеп тәжірибесі негізінде пайда болып, ол өзінің объектісі -тәрбиемен, оның барлық қазіргі әр түрлілігімен жүруі керек, тәрбиелеу мәселелерін кең ұғымда қамту, бір жағынан, бірнеше жаңа ғылыми-педагогикалық бағыттардың пайда болуына және ғылыми синтезге алып келу, екінші жағынан кең педагогикалық теорияның құрылуы қажет . Қоғамдық іс-әрекет ретінде пайда болған мектептен тыс жұмыс әрекеттің әр алуан түрінің және педагогикалық жетекшілердің өзгеше құралдарының арқасында әлеуметтік - педагогикалық мәртебеге ие болды.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға ұлттық тәрбие беруде мынадай принциптер басшылыққа алынады.
- балалардың қызығушылығына қарай ерікті бірлесуі негізінде айналысудың жаппайлығы және көпшілікке қажеттілігі, олардың ынтасы мен әрекеттілігінің дамуы;
- әрекеттің қоғамдық пайдалы бағыттылығы: мектептен тыс жұмыстардың әр түрлі формасы; балалардың жас және дара ерекшеліктерінің есебі. Бұл принциптер сыныптан тыс жұмыстар қызметінде іске асыра отырып, сыныптан тыс жұмыстардың мынадай ерекше белгілерін сипаттайды: сыныптан тыс жұмыстарға балалардың жаппай және ерікті қатысуы; әрекеттің белгілі түріне қызығушылығы мен бағыттылығына қарай оқушылардың дифференциялануы; практикалық міндеттер мен әрекеттің жақын нәтижесін қою; қатынас пен қатысу саласының әр түрлілігі; уақытша сыныптан тыс ұжымның құрылымы, өзін -өзі тану, өзін -өзі іске асыру және өзін -өзі жетілдіру негізінде ересектер мен балалардың субъективті -объективті қарым -қатынасы, біздің қоғамымыздың әр түрлі мамандығы мен саласының өкілдерін, педагог мамандарын байланыстыратын ерекше педагогикалық ұжым, сыныптан тыс жұмыстардың әдістемелік бағыттылығы, дара және ұжымдық шығармашылықтың бірлігі.
Сыныптан тыс жұмыстарда педагогтар белгілі бір әлеуметтік мәдениетте балалардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту ісін жасаса, әрі тәрбиеші ролінде өздерінің дүниетанымы, өз тәжірибесі және іскерлігі арқылы жасөспірімдерді әлеуметтік шығармашылық істерге араластырады, белгілі әлеуметтік жағдайда өмір сүруге және еңбек етуге үйретеді, қоғамдық тәрбие мақсатын тұлғаның өзін өзі дамыту мақсаттарымен тығыз байланыстырады. Осылайша, тұлғаны тәрбиелеудегі мақсат бір жағынан өзін дамыту жолында алдына қоғамды қоятын, екінші жағынан, қоғам өзінің әрбір мүшесінен күтетін міндет пен мақсаттан келіседі.
Мұндай жағдайда, өз қоғамының мәдени құндылықтарымен қаныққан және оның идеяларын қабылдаған азаматты тәрбиелеу нәтижесінде жеке тұлға мен қоғам арасындағы үйлесімділікті туғызады.
Бірақ өсіп келе жатқан тұлғаға мақсатты әсерлерді жүзеге асырушы әрбір тәрбиелеу институттары мына жағдайда ғана, егер бір жағынан, басқа институттармен өзара байланысқа түсетін болса, ал екінші жағынан - осы процесте тұлғаның өз белсенділігін арттыра білу шартына сай тұлғаны тұтастай жасап шығаруда маңызды жақтарын игеруде ғана тиімді нәтиже алады.
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік қызметі-бұл жас балалар мен жас өспірімдерді ғылымның, техниканың, мәдениеттің, өндірістің түрлі салаларына дайындаудың қоғамдық кажеттілігіне негізделген кең және динамикалық жүйе. Ол көп жоспарлы, әрі көп қызметті, өз ерекшелігі және педагогикалық процестің екі субъектісі-тәрбиелеуші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысы бар жүйе. Ол (жүйе) тәрбиеленушілердің өмір тіршілігін ұйымдастыруда олардың қоршаған ортаға белгілі қатынасын жасауда мақсатты бағытталған тәрбие әрекеттерінің жүйесіндегі шағын жүйе ретінде шығады. Оның негізгі компоненттері: қызмет субъектісі; кажеттілік, мақсаттылық, заттық-тәжірибелі бағыттылық; процестің нақты әрекетін ұйымдастыру мен қамтамасыздығы; нәтижелілік болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстың тәрбиелік қызметі- дара және қоғамдық қажеттіліктердің байланысы негізінде базалы (мектептік) дайындық пен мектептен тыс сабақтар арасындағы сабақтастықты; тұлғаны тәрбиелеуде әр түрлі жақтардың арасындағы және тәрбиенің кешенді тәсілдеріндегі өзара байланыс, үйлестілікті, білім мен тәжірйбелік әрекеттерді меңгеру процесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы, дербестігі және педагогикалық ықпалының өзара байланысын; тәрбиеленушілерге дифференциалды жолы мен балалардың жасы мен тәжірибесін есептеумен уақытша әр жастағы ұжымның, балалардың мұқтаждықтарын педагогтардың мүмкіншіліктерін ашу болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік қызметтерінің жүйесі тұлғаның сапасын дамытудың түрлі деңгейіндегі жасөспірімдерге жасалған диференциалдық жолымен сипатталады.
В.В. Белова., Т.И. Щукиналардың зерттеулерінде жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтарының даму сатысына байланысты әрекеттерді ұйымдастырудың бірнеше деңгейі көрсетілген: бірінші - репродуктивтік -еліктеу әрекеті, осының көмегімен жасөспірімдер үлгілерін меңгереді, осылайша өздеріне басқалардан тәжірибеден тәжірибе жинайды: екінші іздену орындау әрекеті мұнда жетекші есепті орындайды, ал жасөспірімдер оның шешу жолын өз бетінше іздейді; үшінші шығармашылық әрекеті мұнда жасөспірімдер анықтаған есепке сәйкес өзіндік шешімдері іске асырылады және жасөспірімдер үшін сапалы жаңа құндылықтар жасалады. М.Д. Виноградова, В.И. Масакова., И.Б. Первин т.б. оқушылардың шығармашылық даралығы бойынша зерттеулері тұлғаның шығармашылық потенциялын дамытудың жемістілігі әлеуметтік құнды дара шығармшылық мүмкіншіліктері мен тапсырмаларын шығармашылықты түрде орындаудың ең жақсы жолын таңдауда да және жаңасын жасауда да қабілеттілігі балалардың әр түрлі талаптарын тоқтату процесінде болатынын растады. Сыныптан тыс жұмыстың қызмет шартында үйірменің ұжымдық әрекетінің шығармашылықпен қанықтыруды дайындықсыз балалардың өзінен қостау табады. Әр түрлі шығармашылық әрекет мектептен тыс ұжымда балалардың ролін және бағытын өзгертуге мүмкіндік жасайды.
Жалпы тәрбиенің шағын жүйесі ретінде сыныптан тыс жұмыстары балалармен жұмысты педагогикалық жағынан ұйымдастырудағы өзгешелігінен ерекшеленеді. Біріншіден, бұл жасөспірімдерді біріге тартатын, одан өзінің іскерлігі мен қатыстығын көрсетуді талап ететін тақырыптық - практикалық әрекеттің жаппай және топтық түрлері. Бұл негізінен, кешенді ойын - жарыстар, шығармашылық мейрамдар, сайыстар фестивальдар және т.б. Бұларға қатыса отырып, балада таңдау мүмкіндігі туады.
Өз бойына танымдықты, рақатты, көңіл көтеруді біріктіретін жұмысқа қатысудың еріктілігі барлық адамға соның ішінде балаларға өз күшін сынауға, ұнауға лайықты болуға, өзінің жетістіктерін жолдастарының табыстарымен салыстыруға жететіндігіне жағдай жасайды. Екіншіден, бағытталған қызығушылыққа және мүмкіншіліктерге сәйкес жүйелі әрекетпен айналысқысы келетін балалар үшін үйірмелер, секциялар, студиялар, лабораториялар және басқа да шығармашылық бірлестіктер. Мұндай ұйымдастыру формалары қабілеті мен дайындығына қарамай ниет білдіруші барлық жасөспірімдерді бірдей қатысуға мүмкіндік туғызады.
Үшіншіден, әбден дайындалған жасөспірімдерге арналған жұмыстың формалары мен түрлері. Бұлар оқушылардың ғылыми қоғамы, ғылым, техника әуесқойларының жазғы мектеп - лагерлері, экспедициялар (архиологиялық, геологиялық, фольклорлық т.б.) жатады.
Сыныптан тыс жұмыстардың шартында ұйымдастырудың барлық осындай әдістері балаларға дифференциалды әсер етудің есебімен бір уақытта әрекет етеді. Бірақ олардың тұлға потенциалын шығармашылықпен дамытуда бейімділігін атап көрсетуге болады.
Жалпы білім беру мектептерінде жүргізілген дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының көп жылдық тәжірибесі әрбір мектептердегі дене тәрбиесі сабағынан кейінгі негізгі жұмыс түрі - сыныптан тыс өткізілетін спорт-көпшілік, спорт және сауықтыру дене тәрбиесі жұмыстары екенін көрсетті, сондықтан да қазіргі кезде осы көпшілік спорт жұмыстары түрлерін ары қарай жетілдіру мектеп дене тәрбиесі ұжымының алдындағы ең негізгі бір міндет болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. Спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (секциялар). Дене тәрбиесі мұғалімдері арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында оқыған кездерінде жаттыққан, теориясы мен әдістемесін оқыған, разрядтары бар спорт түрлерінен, мектепке жұмысқа орналасқан кездерінен бастап секция жұмыстарын ұйымдастырады, жаттығулар жүргізеді.
2. Мектептегі жаттығулар ұйымдастырылған спорт түрлерінен өтетін жарыстар.Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты айналысып жүрген спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол жарыстар: мектепішілік біріншілік, басқа мектептің оқушыларымен жолдастық кездесулер, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар және т.б. жарыстар.
3. Президенттік сынама сынақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру шаралары. Президенттік сынама жұмысына жеке жоспар құрылып, комиссия құрамы бекітілуі керек.
4. Жазғы және қысқы президенттік көпсайыс. Президенттік көпсайыстан спорт түрінің жарыстарына дайындық жасап және оған қатысуға барлық оқушылар ат салысуы керек. Жас ерекшелік топтарына байланыстымектепішілік жарыстарды ұтқан оқушылар ары қарай аудандық, қалалық, облыстық жарыстарға қатысады, спорттық разрядтар нормаларын орындайды.
5. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар оқушылар арасында кең тараған жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары.
6.Туристік жорықтар, саяхаттар. Спорттық жорықтар, саяхаттар жергілікті жердегі тарихи орындарға, табиғаты жақсы жерлерге, тауларға, өзен, көлдерге бару, танысу, көру мақсатында бір, екі, үш одан да көп күндерге созылып өткізілуі мүмкін. Жорық кездерінде оқушылар ұзақ қашықтыққа жүк көтеріп жүру, әр түрлі кедергілерден өту, күрке (палатка) құру, от жағу, тамақ пісіру және т.б. жорық дағдыларын меңгереді.
7. Денсаулық топтары. Оқушылар мен мұғалімдердің денсаулықтарын нығайту, дене дайындығы деңгейлерін жоғарылату мақсатында жүргізілетін жаттықтырулар
8. Спорт мерекелері. Оқу жылының ортасында, аяғында спортты насихаттау, дене тәрбиесі жұмыстарын қорытындылау, спортшыларды марапаттау, көңіл көтеру мақсатында жүргізілетін спорт кеші.
Бүгінгі таңда ұлттық мәдениет әдебиетінің, тілдің, әдет - ғұрып, дәстүр, салттың тағдыры мен болашағы мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.
Тәрбиедегі басты бағыт: "Әрбір адам ең алдымен өз халқының президенті, өз отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс". Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет - ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі. Солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір, ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек.
Блұ болса, кәсіби шеберлікпен ұйымдастырылатын мектептің тәрбие жүйесі арқылы жүзеге асады. Мектептің сыныптан тыс тәрбие жүйесі сол мектептің өзіндік ерекшелігі негізінде жасалған тәрбие тұжырымдамасы бойынша айқындалады.
Жеке тұлғаның қалыптастып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл өте өзекті мәселеге айналуда.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуте тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуте ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар "бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін" деген қағиданың маңызын жете түсінеді т.с.с. Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбис жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын тандауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуте мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұған қосымша, оған шығармашылық белсенділікті талап етеді.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайды болмауын қажет етеді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді - білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.
Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рол атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыратын ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін т.б. үйретеді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады.
Осындай жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның мақсатын нақты анықтау кажет. Мысалы мұғалім "қонаққа барған жағдайда қандай мінез-құлық ережелерін сақтау" қажеттігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік Ол үшін оның мақсатына баланың "мінез-құлық ережесі" туралы білімдерді кеңейтуді белгілейді. Бұл тәрбие жұмысының білімділік қызметін аткарады. Яғни балада қонаққа барған жағдайда белгілі бір мінез-құлық ережелерін ескеруді қалыптастыру; этикалық нормалары сақтауға үйрету; "мінез-кұлық нормалары" деген этикалық ұғымды қалыптастыру; сол сыныптағы балаларда кездесіп қалатын "мінез-құлық нормаларына" қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға арналған міндетердің түрі белгілейді.
1.2 Мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бір-бірімен тығыз байланысқан екі бағытта: көпшілік спортты дамыту және спортшылардың спорттық шеберліктерін жетілдіру бағытында жүргізіледі. Осы екі бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі.
Спорт түрлерінен спорт секцияларын ұйымдастыру жұмыстары.
- спорт түрлерінен икемі бар оқушыларды шақыру, іріктеу, секцияда жаттығушылар құрамын, жаттықтыру кестесін бекіту;
- спорт секцияларында спорт түрлерінен спортшыларды даярлау жоспарын жасау;
- секцияларда, командаларда, топтарда жиналыстар өткізу, жалпы жоспармен, жаттығу кестесімен таныстыру, староста, команда капитанын сайлау.
Спорттық жарыстарға дайындалу, өткізу.
- сыныптарда, сыныптардың құрама командаларын спорт түрлерінен өтетін жарыстарға дайындау,
- спорттық жарыстарға алдын ала дайындалу: мәлімдеме - өтініш құрастыру, бекіту, тарту, спорт төрешілерін тағайындау, сұраныстар дайындау;
- спорттық жарыс алдындағы дайындық: спорт залды дайындау, әнұран, ту, дыбыс-жабдықтарын, жеңімпаздар шығатын баспалдақ, марапаттау қағаздарын т.б. дайындау;
- мектеп басшыларын, қонақтарды қатыстырып, жарысты жоғары деңгейде өткізу;
- аудандық, қалалық жарыстарға, мектеп құрама командасының мүшелерін іріктеу, дайындау, қатысу.
Президенттік сынама сынақтарына дайындық және тапсыру:
- оқу сыныптарын Президенттік сынама нормаларымен таныстыру, дайындау;
- Президенттік сынама жарыстарына дайындау, дәрігерлік қамтамасыз ету, өткізу;
- жарыс құжаттарын толықтыру, есеп беру.
Ұйымдастыру және есепке алу жұмыстары:
Спорт түрлерінен жаттықтыру құжаттарын толтыру;
- спортшылар орындаған разряд пен атақтарының құжаттарын толтыру, жоғары тұрған мекемелерге ұсыну, бұйрық шығару;
- оқу-жаттықтыру жұмыстарының барлық бақылау және есепке алу құжаттарын, жұмыстарын жүргізу;
- жоғарғы көрсеткіштер мен разрядтар, Президенттік сынама тапсырушылар кітабын жүргізу.
Мұғалімдер арасында денсаулық топтарын ұйымдастыру:
- спорт ойындарымен айналысатын топтар: волейбол, баскетбол, футбол т.с.с. Спорт ойындарымен айналысатын топтардағы жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе мұғалімдер арасынан разряды бар адамдар жүргізеді;
- жүгіруді жақсы көрушілер тобы. Бұл топ жаттықтыру уақытында мектеп спорт залында жиналып, мектеп стадионында немесе мектеп маңындағы орман, тау, жазық жерлердің соқпақтарымен жүгіреді. Жүгіру әдістемесін, жүктеме мөлшерін мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері белгілеп береді;
- жалпы дене қуатын дамыту топтары. Бұл топ дене қыздыру жаттығуларынан кейін мектеп спортзалдарындағы стандартты емес снарядтарда, штанга, гир, батпандармен жаттығады. Дене жаттығулары кешенін мектептің дене тәрбиесі мұғалімі құрастырады;
- әйелдердің жаттығуына арналған: аэробика, шейпинг, у-шу, әр түрлі гимнастикалық топтар. Жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе осы спорт түрлерінде тәжірибесі бар басқа пәннің мұғалімдері жүргізеді;
- мұғалімдер арасындағы аудан, қала, облыстық жарыстарға команда дайындау, қатысу.
Көп адам қатысатын көпшілік спортты насихаттау түрлері:
* туристік жорықтарға дайындалу, бару;
* спорт мерекелерін өткізу;
* көп адамдар қатысатын кростық жарыстарды, шаңғы жарыстарын өткізу.
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Дені саудың - тәні сау деп көне Рим ойшылы Юневал айтпақшы, әр адам өз денсаулығының кепілі. Сондықтан өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтының қағидаларын құлаққа сіңіре берсе, оларды сол жолға тәрбиелейтін іс-әрекеттерді басты назарда ұстаса, берер нәтижесі де оңды болары анық.
Өйткені қай қоғамға болсын дені сау, жігерлі де ширақ, білімді де салауатты ұрпақ, жан-жақты шыныққан азамат қажет. Ал дені сау, ширақ та шыныққан ұрпақ тәрбиелеудің бір ұшығы әрбір мектептегі дене тәрбиесі пәні мұғалімінің қолында екені сөзсіз. Ұрпақ денінің саулығы - ұлан асыр байлық, тек оны сақтау үшін жүйелі де жоспарлы жұмыс жүргізе білу қажет. Себебі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымдарының деректеріне сүйенер болсақ, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 пайызы адамның өмір тіршілігіне, 20 пайызы тұқым қуалаушылыққа, 20 пайызы сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 пайызы дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты екен. Бұдан шығатын қорытынды, адам денсаулығын сақтаудың негізгі бағыты салауатты өмір салтын ұстауда, соның ішінде дене шынықтырумен жүйелі айналысуда жатқандығын анық байқауға болатындығы.Сол себепті мектептегі оқушының денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты тұлғаның психологиялық және дене қимыл әрекетінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескеріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға дағдыландыру болып табылады.
Ал спортпен шұғылдануды тек сабақ процесінде ғана жүзеге асырып қана қоймай, сыныптан тыс мезгілде де іске асыру дене тәрбиесі пәні мұғалімінің міндеті деп білемін.
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты - баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу болып табылады. Дене шынықтыру пәні бойынша сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруды төмендегі бағыттар бойынша жүргізуге болады:
І. Спорттық секциялар.
ІІ. Аула клубтары жұмыстары.
ІІІ. Туризм.
ІV. Көпшілік мәдени шаралар
V. Тәрбие сағаттары
VІ. Отбасылық жағдайында
VІІ. Тренингтер
VІІ. Жазғы сауықтыру лагерлері.
Бұл бағыттардың барлығы да оқушының спортқа деген қызығушылығын оятатын шаралар ғана емес, олардың сана-сезіміне әсер етумен қатар, денсаулығына ықпалы зор дүниелер болуға тиіс.
Сондықтан дене тәрбиесі пәні мұғалімі осы ұстанымды өзіне басты мақсат етіп алуы тиіс деп есептеймін.
Ал осы жоғарыда айтылған бағыттардың қамтитын шараларына тоқталар болсам, оларды былайша саралап көрсетуге болады:
СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯЛАР: Волейбол, баскетбол. Футбол, дойбы,шахмат, тоғызқұмалақт.б.
Аула клубтары жұмысы: Спартакиадалар, турнирлер, спорттық түрлі сайыстар т.б.
Туризм: түрлі саяхаттар,
Көпшілік мәдени шаралар: Ұлттық ойындар сайысы, отбасылық спорттық сайыстар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары
Тәрбие сағаттары: мәдени іс-шаралар, кездесулер.
Отбасылық жағдайында: үй жағдайындағы жаттығулар,
Тренингтер: Спорт түрлерін насихаттау, салауатты өмір қалыптастыруға бағыттау, денсаулыққа зиянды әрекеттерден аулақтату, дене тәрбиесіне қатысты білімдерін жетілдіру бағытындағы шаралар.
Жазғы сауықтыру лагерлері: Балалардың денсаулықтарына қарай түрлі жаттығулар, спорттық ойындар, сайыстар.
Міне осындай шаралар мектептегі дене тәрбиесі сабағындағы сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ал дене тәрбиесі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу арнайы жоспар, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz