Экожүйе құрылымы



Кіріспе 3
1 Экологиялық жүйе 5
1.1 Экологиялық жүйе 5
1.2 Экожүйенің деңгейлері 9
2 Экожүйе құрылымы 15
2.1 Экожүйе трофикалық құрылымы 15
2.2 Экожүйелердің концепциясы 16
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 19
Тақырыптың өзектілігі: Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.
Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады. Алайда экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанмен, соңғы кезде «экожүйе» ұғымы кең қолданылады. Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Орман экожүйелері басқа экожүйелермен (шалғындық, су айдыны, егістік) бірге табиғи аймақ, физико-географиялық аудан сияқты (макроэкожүйе) одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып - биосфераны түзеді. Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Егер негізгі ролді автотрофты организмдер - продуценттер атқарса жүйені автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың ролі мардымсыз болса (мысалы, мұхит тереңдіктері, биік тау мұздықтары) мұндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін, мысалы, ауыл шаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер.
1. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004. Сағымбаев Ғ.Қ.
2. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
7. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ.
8. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
9. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000. Фурсов В.И.
10. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.
Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
11.Қазақ энциклопедиясы, 10 том
12. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік.
13. Қазақ энциклопедиясы 8 том
14.Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий М –1978

Экожүйе құрылымы

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Экологиялық жүйе 5
1.1 Экологиялық жүйе 5
1.2 Экожүйенің деңгейлері 9
2 Экожүйе құрылымы 15
2.1 Экожүйе трофикалық құрылымы 15
2.2 Экожүйелердің концепциясы 16
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 19

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Экологияда биогеоценоз ұғымымен бірге экожүйе ұғымы қолданылады. Экожүйе ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте экожүйе және биогеоценоз ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.
Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады. Алайда экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанмен, соңғы кезде экожүйе ұғымы кең қолданылады. Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Орман экожүйелері басқа экожүйелермен (шалғындық, су айдыны, егістік) бірге табиғи аймақ, физико-географиялық аудан сияқты (макроэкожүйе) одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып - биосфераны түзеді. Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Егер негізгі ролді автотрофты организмдер - продуценттер атқарса жүйені автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың ролі мардымсыз болса (мысалы, мұхит тереңдіктері, биік тау мұздықтары) мұндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін, мысалы, ауыл шаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер.
Жұмыстың мақсаты: Жер бетіндегі маңызды экожүйелер болып: тайга, тундра және полярлық белдеулер, мүхиттар, жағалаулар, батпақтар, мангралық тоғайлар, қоңыржай аймақтағы далалар мен ормандар, саванналар, таулар, аралдар және т.б. болып табылады. Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады: - микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі); - мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ); - макроэкожуйе (континент, мұхит); - ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы).
Ю.Одум (1986 ж) табиғи экожүйелердің үш түрін бөледі: жер беті (тундра, тайга, дала, шөл т.б.), тұщы су (көлдер, өзендер, батпақтар) және теңіз (ашық мүхит, өзен құйылыстары) экожүйелері. Бұл классификацияның негізінде өзіне тән белгілері, мысалы, жер беті экожүйесі үшін - өсімдіктер жамылғысы, тұщы су экожүйелері үшін - судың физикалық қасиеті жатыр. a Юджин Одум (1913 -- 2000). В. Н. Сукачёв (1880 -- 1967).
Жұмыстың міндеттері:
oo экологиялық жүйе туралы білу;
oo экожүйенің деңгейлерін анықтау;
oo экожүйе құрылымын ашу;

1 Экологиялық жүйе
1.1 Экологиялық жүйе
Экологиялық жүйе, экожүйе - тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдерде, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымынэнергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері: оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе - зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек.
Табиғатқа қатер төндіретін факторлар
* Жер бетіндегі халықтың өсуі
* Жаһандық жылыну
* Озон қабатының жұқаруы
* Тіршілік ету ортасының күйреуі және өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің құрып кетуі
* Ауаның ластануы
* Судың ластануы
* Жер асты суларының сарқылуы және ластануы
* Химиялық өндіріс және оған байланысты қауіп - қатерлер
* Экологиялық нәсілшілдік
* Энергетика
Түзушілер дегеніміз- фотосинтезді жүзеге асыратын автотрофты өсімдіктер(негізінен алғанда жоғары сатыдағы өсімдіктер). Қалған ағзалардың барлығы ағзалық заттарды өсімдіктерден және басқа автотрофты ағзалардан алады.
Тұтынушылар
Тұтынушылар дегеніміз- бұл гетеротрофты ағзалар. Бірінші және екінші қатар тұтынушылары болады. Бірінші қатар тұтынушылары (мысалы, қой және жылқы)өсімдіктермен қоректенеді. Екінші қатар тұтынушылары немесе тұтынушылардың тұтынушылары өсімдіктерді жемейді, жануарлармен қоректенеді. Әдетте бұлар қасқыр, жолбарыс, шиебөрі тәрізді жыртқыштар болып келеді.
Ыдыратушылар немесе бүлдірушілер
Бұлар бейағзалы қосылыстарға ауыстырып, өлі ағзалы заттарды тұтынады. Бүлдірушілер негізінен алғанда сапротрофтар болып саналады. Оған ұқсас ағзалар, саңырауқұлақтар және кейбір жануарлар жатады.
Табиғатта зат айналымы қызмет істеу үшін энергия үнемі түсіп тұруы қажет. Энергия көзі-Күн. Күн энергиясы жарық синтездеуші ағзалар арқылы ағзалық қосылыстардың химиялық энергиясына айналады. Бірімен бірі қоректік қатынастар арқылы байланысқан тіршілік иелері қоректену тізбегі түрінде дайындалады және ол үшін энергия алмасу өте маңызды болып саналады. Бұған мысал ретінде қарапайым тоқалтістер(мыши-полевки) жайылып жүрген шабындықты және соларды аулайтын түлкіні келтіруге болады. Бірлестіктегі қоректік байланыс дегеніміз- бұл бір ағзадан екінші ағзаға энергия беру тетігі. Бірлестіктің әр қайсысында қоректік байланыс күрделі торапта шырмалып жатады.
Қасиеттері
Экожүйенің қаситтері өздігінен реттелу. Ол әр түрлі дарақтар санының белгілі, салыстырмалы тұрақтылық деңгейде сақталуын көрсетеді.
Экожүйенің негізігі көрсеткіші мыналар:
* Түр алуан түрлілігі-бұл тап осы экожүйедегі түзілетін өсімдіктер мен жануарлардың саны;
* Популяция тығыздығы- тап осы түр дарақтарының аудан өлшем бірлігіндегі немесе көлем өлшем бірлігіндегі(мысалы, планктондар үшін) мөлшері;
* Биомасса-энергиясы бар дарақтардың толық жиынтығындағы ағзалық заттардың жалпы мөлшері.(Әдетте биомасса аудан немесе көлем өлшем бірлігімен құрғақ затқа шығып, масса өлшем бірлігінде көрсетіледі;
Әрбір биогеоценоз, негізінен, екі құрылымды бөліктен, сол аймақтағы тіршілік етуші тірі ағзалардан және сол ағзалар тіршілік ететін орта жағдайларының әсерінінң жиынтығынан тұрады Олардың арасында тығыз байланыс туындап, белгілі бір жүйені құрайды.Ол жүйе экологиялық жүйе деп аталады.
Биоценоздағы тіршілік жағдайлары онда болатын зат айналым әрекетіне тікелей байланысты болады.биогеоценоздағы зат айналым тіршіліктің күрделенуіне байланыстыэволюция барысында үнемі күрделеніп отырады.
Кез келген биогеоценоздың негізін жасыл өсімдіктер (органикалық затты түзушілер) құрайды,олады продуценттер деп атайды.
Сонымен қатар, әрбір биогеоценоз, құрамында өсімдіктер немесе басқада жануарлармен қоректенетін, яғни, дайын органикалық заттарды пайдаланатындар консументтер деп аталады.
Биогеоценоз құрамында (өсімдік пен жануарлар қалдықтарын) ыдыратушыларды - редуценттердеп атайды.
Міне, осылай биогеоценозды құрайтын ағзалардың тіршілік әрекетінің арқасында айналадағы орта мен ағза арасында үздіксіз тұйық айналым түзіледі.Табиғаттағы айналым үшін сырттан үнемі энергия келіп тұруы керек. Ондай энергия көзі -Күн болып табылады.
Биогеоценоздағы күн сәулесінің энергиясы ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесі арқылы химиялық байланыстар энергиясына, механикалық және ең соңында ішкі энергияға айналады.
Әрбір түр органикалық заттар ыдырағанда бөлінетін энергияның бір бөлігін ғана пайдаланады.Ал сол түрге қажетсіз, бірақ әлі энергиясы мол органикалық заттардың қалған бөлігін басқа ағзалар пайдаланады. Эволюция барысында әрбір биогеоценоздарда бастапқы қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан.Көптеген түр дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды.
Қоркетік тізбектің қай сатысында болмасын соңында органикалық қалдықтар түзіледі. Оларды бактериялар мен ұсақ жәндіктер ыдыратады, осылайша коректік тізбек тұйық жүйе бойынша жүреді.Бұл заңдылық бірін - бірі жеу нәтижесінде жүреді де, коректену тізбегі арқылы жүзеге асады. Тізбек ішінде трофикалық сатысын бөледі.Коректену тізбегінің осылайша жалғасуыэкологиялық пирамида ережесі арқылы жүреді.
Экологиялық пирамиданың мына категорияларын бөлуге болады:
1.Сандар пирамидасы - әрбір трофикалық сатыдағы даралар саны.
2.Биомасса пирамидасы -әрбір сатыдағы органикалық заттардың биомассасы.
3.Энергия пирамидасы - әрбір сатыдағы жұмсалған энергия мөлшері.
Экожүйелер және биогеоценоз ұғымдары бір - бірімен ұқсас,жүйе ішінде айналымда болады, билгоеценоз - белгілі бір аймақты қамтиды.Олай болса, билглоценоз жер бетінің белгілі бір бөлшегін алып жатқан, өсімдіктер жиынтығымен немесе - фитоценозбен сипатталады.
Уақыт бірлігіндегі өсімдіктердің органикалық массасын құру бірлестіктегі бірінші өнім деп аталады.
Уақыт бірлігіндегі консументтер массасының өсуі бірлестіктегі екінші өнім деп саналады.
Кез келген биоценоз динамикалы, оларда популяцияға байланысты тіршілік ету жағдайлары мен олардың даралар қатынастары жағынан үнемі өзгерістер болып отырады. Мұндай түрлі өзгерістер әр бірлестіктерде болады,оларды 2 түрлі типке бөлуге болады: тізбекті және түсуші.
Тізбекті өзгерістер бірлестіктегі тәуліктік, мерзімдік және көпжылдық периодты ішкі жағдайлар мен ағзалардың (ішкі) эндогендік ырғақтарының байқалуымен болатын өзгерістерді сипаттайды.
Бірлестіктегі түспелі өзгерістер бірлестікті ақыр аяғында сол бірлестікте басқарушы түрлердің пайда болуына әкеледі.
Осылайша, бірлестіктің өзреруі сукцессия деп аталады. Олар бірінші және екінші деп бөлінеді.
Бірінші суцессия - тіршілігі жоқ жерде тіршілік түғызады.
Екінші сукцессия - бұрын тіршілік болып, түрлі экстремалдық жағдайларға байланысты (өрт,мұздану т.б.)жойылып кеткен жерде тіршілік пайда болуы немесе басқадай ағзалық құрамда қайта қалпына келтіреді.
Экожүйенің тұрақтылығы, биологиялық айналымның сенімді өтуі, түрлердің әртүрлілігіне негізделген және сукцессияның толықтылығы сол бірлестіктің эволюциялық ұзақ өзгерісінен туындаған.
Экожүйенің өзін - өзі сүйемелдеуге және өздігінен реттеуге қабілеттілігі гомеостаз деп аталады. Гомеостаздың негізінгде кері байланыс принципі оны популяция тығыздығының сызықтық ресурстарға тәуелділігі мысалында көрнекі түрде түсіндіруге болады. Егер "өнім" - ждатчикке ықпал ететін болса кері байланы принципіне жатыр, оны популяция тығыздығының сызықтық ресурстарға тәуелдідігі мысалында көрнекті түрде түсіндіруге болады.
Популяция тығыздығының оптимулдан әрі не бәрі ауытқуы нәтижесінде не туылым, не өліс - жетім ариады, оның нәтижесінде тығыздық оптимумға сәйкестендірілуі болады. Бұндай кері байланыс, яғни қалыпта деңгейден ауытқушылықты кемітетін байланыс теріс байланыс деп аталады оң кері байланыс болса бұндай ауыиқушылықты ұлғайта түседі . эклжүйенің гомеостазы сақталу үшін әсіресе теріс кері байланыстың маңызы зор. Осы байланстың арқасында көректі заттардың қорлануы мен басталуы, органикалық қлсындылардың өндірілуі және ыдралу процестері реттеледі. Демек , экожүйедегі заттар айналымдары мен энергия ағындарының әректтесуі өздігінен коррекцияланатын гомеостаз құрады, яғни оны сақтау үшін сыртқы басқарудың қажеттілігі жоқ.
Экожүйенің гомеостазы белгілі бір аралықтарда ғана сақатала алады. Экожүйе теріс кері байланс ықпалының шеңберінен шығып кеткен жағдайда оң кері байланыс күшіне енеді. Теріс кері байланыстың ықпал ету аймағын гомеостаздың үстірт түрінде кескіндеуге болады. Ол сатылардын тұрады. әр саты шегінде теріс кері байланыс әсер етеді. "Датчиктегі" өзгерістерге байланысты гомеостаз бір сатыдан екінші сатыға ауысуы мүмкін. Мысалы, азықтық ресурстардың мөлшеруі артуы немесе кемеюі гомеостаздың басқа деңгейге көшіреді.
Гомеостаз шеберіне организмдер мен олардың өнімдер ғана емес, сондай-ақ органикалық емес табиғатта ілігеді. Біз абиотикалық факторлардың организмдердің тіршілік әрекетін басқаратынын білеміз. өз кезегінде организмдерде абиотикалық ортаға әртүрлі жолдармен ықпал етеді. организмдердің тіршілік әрекеті, сыртқы ортаға жаңа заттар мен энергия көздері енгізіп отыратындықтан, үнемі инертті заттардың физикалық және химиялық өзгерістерін тудырып отырады. Органикалық заттарды синтездеуші және ыдыратушы организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаның химиялық құрамының өзгеру жылдамдығы, рның геологиялық процестердің ықпалы мен өзгеру жылдамдығынан 10 000 есе жоғары. өсімдіктер мен жануралар жинақтайтые заттар жүйедегі әртүрлі шұғыл өзгерістер кезінде детрит пен бейорганикалық заттардың жиынтығы мен қамтамасыз етілетін тұрақтандырушы ықпалды күшейте түседі.

1.2 Экожүйенің деңгейлері

Экожүйенің деңгейлері: микроэкожүйе - кішкене су қоймасы, жануарлар өлексесі (оларда тіршілік ететін әртүрлі ағзаларымен бірге), аквариум, жайылым, су тамшысы мезоэкожүйе - орман, өзен, тоған, т.б. макроэкожүйе - мұхит, континент, табиғи зона, т.б. глобальдық экожүйе - биосфера Экожүйеге мағынасы жақын терминге биогеоценоз жатады. Бұл терминді 1940 ж. академик В.Н.Сукачев енгізген. Биогеоценоз да экожүйе сияқты екі блоктан тұрады: биоценоз - организмдердің әртүрлі түрлерінің өзара байланысы; биотоп немесе экотоп - мекен ету ортасы. Сонымен, биогеоценоз - тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе: био - тірі ағзалар, гео - өлі табиғат (арнайы географиялық орта). Табиғатта бейорганикалық химиялық элементтер айналымынан басқа да, биогендік химиялық элементтер миграциясы немесе биогеохимиялық айналым жүзеге асырылады. Экожүйе мен биогеоценоз - тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы. Биогеоценоз - тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген, динамикалық, өзара байланысы тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттық адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы - фитоценоздар. Агробиогеоценоз - жасанды фитоценоз негізінде жасалады. Оларды басқаша агроценоздар немесе агроэкожүйелер деп те атайды. Агроценоздардың табиғи биоценоздардан айырмашылығы үнемі қосымша энергияның жұмсалуын қажет етеді. Агробиоценоздарды түзу барысында қоршаған ортаға зиян тигізетін көптеген шаралар қолданылады. Әсіресе ауылшаруашылығында көптеп қолданылатын пестицидтердің, соның ішінде фунгицидтердің (саңырауқұлақ ауруларына қарсы қолданылатын улы заттар), инсектицидтердің (насекомдарға қарсы қолданылатын улы заттар), гербицидтердің (арамшөптерге қарсы қолданылатын улы заттар) және т.б. қоршаған ортаға тигізетін зияны зор. Адам баласының іс-әрекеті нәтижесінде жасалған қоршаған ортадағы өзгерістер ертелі-кеш өзінің кері әсерін береді және ол әсер бірнеше есе артық болып қайтарылады. Табиғаттағы мұндай заңдылықты бумеранг эффектісі деп атайды. Сондықтан жасанды экожүйелерді құру кезінде барынша қоршаған ортаға тигізілетін әсерді азайтып, барлық экологиялық нормативтер қадағаланып отыруы қажет. Жасанды экожүйелерге сонымен қатар урбанистикалық жүйелерді де жатқызуға болады. Оларға өндірістік зоналар, селитебті зоналар, рекреациялық зоналар, транспорттық жүйелер және қондырғылыр жатады. Өндірістік зоналар дегеніміз өнеркәсіп орындары көп шоғырланған аймақтар. Селитебті зоналар - қала немесе қала типтес ауылдарда тұрғын үйлер мен қоғамдық мекемелер, өнеркәсіп орындарын, жолдар, көшелер алаңдар салуға арналған аймықтар. Рекреациялық зоналар - тұрғылықты халықтың дем алуы үшін дәстүрлі түрде қолданылатын табиғи немесе арнайы ұйымдастырылған территориялар (саябақтар, скверлер, ұлттық бақтар және т.б.). Индустриальды-қала экожүйелерінің ерекшеліктері - олар адам қолымен жасалған экожүйелер болып табылады. 2. Экожүйедегі энергия және заттар айналымы В.И. Вернадскийдің биосферадағы тіршіліктің тұрақты дамуы ондағы тірі заттардың (биогенді) табиғаттағы үздіксіз айналымы жемісінің нәтижесі екенін айтқан болатын. Өйткені, тірі заттардың элеметтері қоршаған табиғи ортаға түсіп, одан соң тірі организмдер арқылы қайтадан айналымға ауысатыны белгілі. Осылайша әрбір элемент тірі организмдерді әлденеше рет пайдаланып отырады. Соның нәтижесінде жер бетінде тіршіліктің дамуы үнемі жаңару үстінде болып, биоценоздағы биогенді айналымынды жүзеге асырады. Бірақ заттардың биогенді айналымын абсолютті тұрғыда деп түсінбеу керек. Себебі, айналымдағы заттар бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен кезде әлсін-әлсін зат айналымына түсіп үздіксіз қайталанып отырады. Нәтижесінде жер шарында органикалық заттардың қоры (торф, көмір, мұнай, газ, жанғыш сланц) жинақталады. Бұл қорлар да өз кезегінде жұмсалып, қайтадан айналымға түсіп, зат айналымының үздіксіз (шексіз) процесін жалғастырып жатады. Биогенді айналымның негізгі көзі жер бетінде жасыл өсімдіктердің пайда болып, фотосинтез құбылысы пайда болғаннан бастау алады. Мәселен, атмосферадағы барлық оттегі тірі организмдер арқылы 2000 жылда, көмір қышқыл газы 300 жылда, ал су 2 000 000 жылда бір рет өтіп отыратыны дәлелденген. Жоғарыдағы әлемдік биологиялық айналым үшін энергия ауадай қажет. Оның негізгі көзі - автотрофты организмдер (жасыл өсімдіктер) сіңіретін күн энергиясы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экожүйенің тұжырымдамасы
Экожүйелер туралы негізгі түсініктер
Экожүйедегі өнімділік пирамидасы және энергия ағыны
Экожүйе мен биогеоценоз - тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы
ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ЭКОЛОГИЯСЫ – СИНЭКОЛОГИЯ
Биоценоза, биогеоценоза және экожүйе түсініктері
Биогеоценоздар
Экожүйе және экожүйелер
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы туралы
Экожүйелер экологиясы
Пәндер