Алтай таулы аймағы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Такырыбы? Алтай таулы аймағы

Мазмұны

Кіріспе4

Кіріспе4

1 Алтай таулы аймағы6

1. 1 Алтай тауының тарихи географиялық жағдайын зерттеген ғалымдар. 6

1. 2 Алтай тауы11

1. 3 Алтай тау жүйесі12

2 Алтайдың биіктік зоналық геожүйелері. 14

2. 1 Алтай таулы жоталарының биіктік белдеулері14

2. 2 Алтай таулы аймағының орман қоры20

Қортынды26

Пайдаланылған әдебиеттер:28

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан алуан түрлі бай табиғатымен ерекшелінеді. Мұнда қатаң сібір мен қапырық Орта Азия, таулы ормандар мен ірі жоталары тоғысып жатыр. Еліміздің оңтүстік - шығысын Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алтауы, Тянь-Шань секілді ірі тау жүйелері қоршайды. Күрделі геологиялық құрылыстың әсерінен еліміз бай пайдалы қазбаларымен ерекше.

Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей, Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Алтай таулы аймағы табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады:

1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір - бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы - жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы.

2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Алтайдың батыс беткейінде мол жауын - шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбеті Қазақстанның 6% алып жатқан орман ландшафтлары мен биіктік белдеулердің айқындауы.

3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далаларынан қылқан жапырақты таулы ормандар мен таулы тундра белдеулерінің басым болуы.

Алтай таулы аймағының табиғатының ерекшеліктерін жан - жақты оқып үйрену жаһандану кезеңіндегі нарықтық экономикалық қатынастарға сәйкес табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып қоршаған ортаның тепе - теңдігін сақтау мәселесін шешумен қатар, қазіргі экологиялық ақуалын жақсартып адамның шаруашылық әрекетінен деградацияға ұшыраған геожүйелерді біртіндеп қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Жұмыстың мақсаты . Оңтүстік Алтайдың биіктік ландшафтық зоналардың таралуын қарастырып және олардың геожүйелерін зерттеп анықтау. Ішкі суларының қоректену режимі, топырағы мен органикалық дүниесінің қалыптасуына әсер ететін орта жағдайларына, адамның шаруашылық әрекетінен қазіргі ландшафтларының өзгеруі мен оларды қалпына келтіру мәселелеріне жан - жақты талдау жасау.

Жұмыстың міндеттері:

  • Оңтүстік Алтайдың физикалық географиялық ерекшелігін қарастыру;
  • Ландшафтық белдеулердің ерте замандағы даму тарихын анықтау;
  • Оңтүстік Алтайда таралған ендік зоналарды қарастыру;
  • Оңтүстік Алтайдың құрамындағы тау жоталарының ландшафтық биіктік белдеу спектірінің қалыптасуын қарастыру;
  • Орман қорын биіктік ландшафтық белдеулердің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастыру;

Жұмыстың практикалық маңызы. Ұсынылған практикалық жұмыстағы жазба деректер, тақырыптық карталар мен графиктік кестелерді. Зерттеу әдістері: . Әдеби құжаттар, картографиялық материалдар, ғарыштан түсірілген суреттер.

1 Алтай таулы аймағы

1. 1 Алтай тауының тарихи географиялық жағдайын зерттеген ғалымдар.

Қазақстан тауларының зерттелу тарихына келетін болсақ Алтай тауынан Іле ойпатына дейін созылған Жетісу Алатауы қатпарлы-жақпарлы таулы территория болып келеді екен. Каледон қатпарлықтарында тектоникалық процестерге ұшыраған және мезо-кайнозой пенепленденуінен кейін альпілік орогенезден көтерілген. Ол кембрийге дейінгі және палеозойлық жыныстардан құралған, көптеген шыңдары кең гранит интрузияларының жер бетіндегі көрінісі болып табылады. Тау алды жоталары палеоген, неоген, төрттік шөгінділерден тұрады [ 1] .

Алтай тауының зеріттелу тарихына келетін болсақ, Еуропалықтардан Мұзтау маңында бірінші рет болған - Колывано Воскресенск күміс балқыту зауытында госпитальдың және ондағы дәріханалардың бас инспекторы болып қызет атқарған, медицина ғылымының докторы, хирург, ботаник, энтомолог, геогрф және саяхатшы Фридрих Август Вильгельм Геблер. Ол Алтайға емдік және сирек кездесетін өсімдіктер жинау мақсатымен саяхат жасап, 1833-1835ж Бұқтырма аңғарымен жүріп өтеді де, Сенное селосына, Маралды көлін Ускучевка, Ақ Берел өзендеріне, Рахман қайнарына, Қатын өзендерінің басталар жеріне, ал 1836 жылы оңтүстіктен Мұзтаудың іргесіне дейін жетеді, мәңгі қар жиегіне дейін көтеріді. Ф. Геблер осы сапарында Қатын және Берел мұздығын ашқан.

Мұзтаудың биіктігін тұңғыш рет өлшеген де осы Геблер. Ол 1835 жылы Ақ Берелдегі Итөлген ойпатында болғанда бұрышты арнаулы аспаппен Мұзтаудың биіктігін анықтап, оның 3362 метрден биік екендігіне көз жеткізді, көз өлшеммен атын мұздығының ұзақтығы екі-екі жарымдай шақырымдай деген болжам жасады. Ол кезде Барнауылда тұрған тау-кен округының бастығы П. КФорлов екеуі 1823 жылы Барнауылда Алтай мемлекеттік өлкетану мұражайын ашқан.

Ф. Геблер зеріттеу нәтижесін өзінің «Орыс Алтайдағы ең биік жота болып табылатын Қатын таулары туралы қысқаша пікір» атты мақаласында баяндап берді. Бұл үшін табиғатты зеріттеушілердің Мәскеу қоғамы оған Демидов сыйлығын берді. Мұзтау бөктеріндегі мұздақ Геблердің атымен аталады.

Том университетінің профессоры, ботаник, геогрф, гляциолог, геоморфолог, Василий Васильевич Сапожников 1895-1900жылдары Алтайда кешенді зеріттеулер жүргізді. Ол Б. К. Шишкинмен бірлесіп аудан аумағын ерінбей аралады. Соның нәтижесінде 1895жылы Қатын және Берел мұздықтары тереңдей зеріттеліп, Черный мұздығы ашылды. Осы жылы В. В. Геблердің ізінше екінші болып Сапожников Мұзтаудың биіктігін тағыда өлшеді. Бес қайтара көтеріліп, ақыры шығыс шыңы 4506 м, батысы 4440 м деген тоқтамға келді. Бұл қазіргі деректерге ең жақыны, қазір зеріттеушілер мұзтаудың шығыс шыңы 4506м, батыстағы шыңы 4435м деп есептейді. В. В. Сапожников Мұзтауды айналып шығып, тағы қосымша Ақкем және Иедікем мұздақтарын анықтады. Қатын мұздығын суретке түсіріп, биік таулы жер ауасының үлгісін алды. Ғалым 1998жылы 4050м биіктікке көтеріліп, Мұзтаудың ершігіне шықты. Ал 1911 жылы тағы да ершігіне көтерілмекші болған еді, бірақ ауа райының қолайсыздығынан ол жоспарын іске асыра алмады. Зеріттеуші өзінің бір қатар еңбектерінде («Катунь и ее истоки» және басқалары) материалдаы жариялап, «По Алтаю» деген атпен көркем безендірілген жол сілтегіш бастырылып шығарылды [2] .

1912 жылы Оңтүстік Алтайды зеріттеуге енді ағайынды Михаил мен Борис Владимирович Троновтар кірісті. Олар сол және содан кейінгі жылдарда Оңтүстік Алтай жоталарына жетіп, мұзтауға шығуға талпыныс жасады. 1914жылы олардың үшінші талпынысы сәтті аяқталып, 26 шілдеде 15:30-да Шығыс шыңын алғашқы болып бағындырды.

Троновтар 1915 жылы Оңтүстік Алтай жотасын, 1916 жылы Үкөк үстірті мен Қытай, Монғолия, Ресей шекараларында жатқан Табын-Богдо-Оло таулы торабын зеріттеді. Олар барлығы 42 экспедиция ұйымдастарды. Троновтардың ғылыми ізденісі негізінен мұздықтарды зеріттеуге арналды. М. В Тронов кейін аса ірі гляциолог, география ғылымдарының докторы, Томск университетінің метеорология және климотология кафедрасының профессоры болды. 250-ден астам ғылыми еңбектер жариялады. Б. В Тронов Алтай мұздықтарының каталогын жасады [4] .

Мұзтаудың оңтүстік мұздықтарын зеріттеу 1933 жылы одан әрі жалғасты. К. Тюменцев басшылық еткен Алтай мұздықтары экспедициясының жұмысына М. В. Троновта қатысып, ауданның геологиясы, геоморфологиясы, ертедегі мұздану туралы мәліметтер алынды, Гебдер ұзындығы 1:25000 маштабымен суретке түсірді.

Алпысыншы жылдары Белушинск мұздағы массивін зеріттеу жұмысы жалғастырылды 1960 жылғы жазда Қазақ Ғылым академиясының қызметкері В. В. Заморуев Берел мұздағының мұздан пайда болған көлдеріне геоморфологиялық байқаулар жасады. 1962 жылы Р. В. Хонин Ақ Берел өзені су алабындағы мұздану процесін зеріттеп, Берел мұздығының нақты морфометриялық сипаттамасы мен схемасын қағазға түсірді. 1965-1966 жылдары да гляциологтар В. С Ревиякин мен Ю. Г Краевскийдің басшылығымен том мемлекеттік университетінің Алтай мұздық экспедициясы Мұзтау мұздақтарында (Берел мұздағына да келген) екі жаз бойы жұмыс істеді. Экспедиция метеорологиялық гидрологиялық, гляциологиялық және геоморфологиялық зеріттеулер жүргізді (1 кесте) .

Мұзтау Қатын жотасының тораптық пункті болып табылады. Одан жан-жаққа биік тау сілемдері табылды. Олардың ортасында кең аңғарлар тарамданады. Мұзтау сілемдерінің аңғарларын қарлы мұздықтар басып жатыр. Одан басына қар тоқтамайтын жекелеген ойпаттардың тік тілемдері, состиып шығып тұрған шыңдар мен жартастардың ұшар бастары ғана Мұзтаудың ұшар басынан тік түсетін аңғарларға дейін мұз боп қатқан қар жайылып жатыр [3] .

Кесте 1.

Алтай тауын зерттеген ғалымдар.

Р/с
Алтай тауын зерттеген ғалымдар.
Зерттеген аумағы.
Еңбегі
Р/с: 1
Алтай тауын зерттеген ғалымдар.: Еуропалық Колывано Воскресенск
Зерттеген аумағы.:
Еңбегі:
Р/с: 2
Алтай тауын зерттеген ғалымдар.: Фридрих Август Вильгельм Геблер.
Зерттеген аумағы.:

1833-1835ж. Алтайға емдік және сирек кездесетін өсімдіктер жинау мақсатымен саяхат жасады.

1836 жылы оңтүстіктен Мұзтаудың іргесіне дейін жетеді, мәңгі қар жиегіне дейн көтеріді. Ф. Геблер осы сапарында Қатын және Берел мұздығын ашқан.

Мұзтаудың биіктігін тұңғыш рет өлшеген де осы Геблер.

Мұзтаудың биіктігін анықтап, оның 3362 метрден биік екендігіне көз жеткізді

Еңбегі:
Р/с: 3
Алтай тауын зерттеген ғалымдар.: Василий Васильевич Сапожников
Зерттеген аумағы.:

1895-1900жылдары Алтайда кешенді зеріттеулер жүргізді.

Сапожников Мұзтаудың биіктігін тағыда өлшеді. Бес қайтара көтеріліп, ақыры шығыс шыңы 4506 м., батысы 4440 м деген тоқтамға келді.

Еңбегі: («Катунь и ее истоки» және басқалары) материалдаы жариялап, «По Алтаю» деген атпен көркем безендірілген жол сілтегіш бастырылып шығарылды
Р/с: 4
Алтай тауын зерттеген ғалымдар.: Б. К. Шишкинмен
Зерттеген аумағы.: Нәтижесінде 1895жылы Қатын және Берел мұздықтары тереңдей зеріттеліп, Черный мұздығы ашылды.
Еңбегі:
Р/с: 5
Алтай тауын зерттеген ғалымдар.: Михаил мен Борис Владимирович
Зерттеген аумағы.:

Оңтүстік Алтай жоталарына жетіп, мұзтауға шығуға талпыныс жасады. 1914жылы олардың үшінші талпынысы сәтті аяқталып, 26 шілдеде 15:30-да Шығыс шыңын алғашқы болып бағындырды.

Олар барлығы 42 экспедиция ұйымдастарды. Троновтардың ғылыми ізденісі негізінен мұздықтарды зеріттеуге арналды

Еңбегі: 250-ден астам ғылыми еңбектер жариялады. Б. В Тронов Алтай мұздықтарының каталогын жасады.
Р/с: 6
Алтай тауын зерттеген ғалымдар.:

Троновтар

В. В. Заморуев

Зерттеген аумағы.: 1960 жылғы жазда Қазақ Ғылым академиясының қызметкері Берел мұздағының мұздан пайда болған көлдеріне геоморфологиялық байқаулар жасады
Еңбегі:

1. 2 Алтай тауы

Алтай Шығыс Қазақстан облысының жерінде орналасқан тау жүйесі. Оңтүстік Алтай тау жоталар жүйесі 48˚30' басталып, 49˚45' солтүстік ендіктен бітіп, 84˚24' басталып, 87˚00' шығыс бойлық арасында созылап жатыр. Оңтүстік Алтай, Кенді Алтайдан тауаралық Нарын-Бұқтырма ойпаты арқылы бөлініп жатыр. Оңтүстік Алтай тау жүйесіне Оңтүстік Алтай (2800-3400 м) солтүстікке қарай Тарбағатай (2200-3000 м), Сарымсақты (3000-3400 м), Нарын (1500-2500м), Күршім (2645 м), Азутау жоталары батыстан шығысқа қарай сызық бойымен 280 км созылып, биіктігі 1500-3500 м көтеріліп жатқан Алтайдың оңтүстік тау елін құрайды. Бұл жоталарға оңтүстіктен Күршім тау тізбегі ұштасады. Зайсан ойпатынан оңтүстікке және оңтүстік батысқа қарай құрғақ таулы далалар мен құмдар, далаланған аласа таулар және одан да құрғақ дала және шөлдер шығыс Балқаш пен Синьцзяньға созылады. Оңтүстік Алтайдың шекарасы Катунь жотасымен ұштаса отырып Алтайдық ең биік шыңы Мұзтауға барып тіреледі (4506 м) .

Алтай Кенді Алтайдан Нарын тектоникалық жарылым сызығының солтүстік - батыс шекарасы арқылы бөлінеді. Оңтүстік Алтайдың геологиялық құрлысы барлық Қазақстан Алтайы таулы өлкесі сияқты күрделі және біркелкі қалыптасқан.

Оңтүстік Алтайда девон теңізі карбон теңізіне біртіндеп өткендіктен, шөгінділер бірте - бірте алмасқан. Карбон жасыл түсті сазды тақта тастардан, құм тасы тақта тасты қабаттың ізбес тастарының, бірен-сарандап карбонатты және вулканогенді жыныстардан тұрады. Зайсан көлінің солтүстік жағалауында пермьнің теңіздік шөгінділері белгілі. Карбон мен перьмнің континенттік шөгінділерінде тас көмірдің қабаттары бар.

1. 3 Алтай тау жүйесі

Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады. Алтай таулары 4 мемлекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді Алтай - Шығыс Қазақстан облысы), Моңғолия (Гобь Алтайы - Баян-Өлгей аймағы, Ховда аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялы өлкесінің, Алтай аймағы) .

Еуразия материгінің ортасында орналасқандықтан, мұхиттағы ауа массалар көп әсер тигізбейді. Тек Солтүстік Мұзды мұхиттың ауа массалары әсер етеді. Оңтүстік Алтайға Монғолияның құрғақ далаларымен қазақтың шөлейт зонасы жақын орналасқандықтан, өзінің қайталанбас климатын қалыптастырады. Оңтүстік Алтайдың климаты шұғылконтинетті. Ол Манғолияның далаларымен Орта Азияның шөлейттері және Батыс Сібірдің климаттарының түйісер жерінде жатыр.

Топарық жамылғысының қалыптасу заңдылығы тикелей вертикальдік зоналармен биіктік белдеулерге байланысты. Зоналармен биіктік белдеулерден басқа топырақ жамылғысы Оңтүстік Алтайда таудың беткейлеріне тікелей байланысты. Тау жоталарының биіктігімен және беткейлерінің тік немесе жайпақ болуына байланысты қалыптасады. Оңтүстік Алтай тау жүйесі гидрологиялық жағынан бай өлкенің бірі. Қазақстан және Шығыс Қазақстан бойынша ең таза мөлдір таудың таза бұлақтарының ең мол қорларының бірін Оңтүстік Алтайда кездестіреміз. Оңтүстік Алтайдың өзендері мен көлдері Солтүстік мұзды мұхит алабына жатады. Мұхитпен байланыстырып тұрған жалғыз өзен Ертіс болып табылады. Оңтүстік Алтайдың су көздері негізінен қар мұздықтарымен және жерасты, жаңбыр, ішкі суларымен қоректенеді. Оңтүстік Алтай тау жүйесінің өзендері көбіне Оңтүстік Алтай тау жотасының мұздықтарынан қорегін алады. Оңтүстік Алтай бойынша ең мол мұздықтардың қоры Оңтүстік Алтай тау жотасында шоғарланған.

2 Алтайдың биіктік зоналық геожүйелері.

2. 1 Алтай таулы жоталарының биіктік белдеулері

Жалпы Алтай өзінің даму тарихында бірнеше кезеңдерді өткерді. Біз төрттік дәуірдегі ландшафтардың дамуын қарастырдық. Төрттік дәуірдің плейстоцен кезінде ең негізгі Урыль, Катон, Кинжир мұзбасу процестері жүріп жатты. Мұзбасу деңгейі алмасып келуіне байланысты Оңтүстік Алтайдың биіктік ландшафтық геожүйелерінің шекарасы үнемі өзгерісте болды. Ақырындап мұздық жербедерінің қалыптасуына байланысты Оңтүстік Алтайдың төменгі ендіктерінде ландшафтық өсімдіктер дүниесі ақырындап қалыптаса бастады.

Азутау жотасының оңтүстік экспозициясының 600-900 м аралықта күлгін қара каштан топырақты жерлерде құрғақ дала ландшафтар немесе шөлейт зона алып жатыр.

Азутау жотасының оңтүстік баурай беткейлерінде қаратопырақты жерлерде, 1500 м-ге дейін бұталы дәні әртүрлі шөпті шалғындар өседі.

Азутау жотасының солтүстік беткейінде Марқакөл көлінің жағасында биік шөпті шалғындар алып жатыр. Осы аймақта Марқакөл мемлекеттік қорығына қорғауға алынған өсімдік түрлері дамыған.

Биік шөпті шалғыннан кейін 1300-1500 м бастап 2000-2100 м-ге дейін ормандар басталады [7] .

1900-2000 м-ге дейін субальпі белдеуі үшін әдемі субальпі шалғындары тән. Олардың құрамында қияқөлең және жалпақжапырақты шұбаршөп, мақсыр маралтамыры, түстік сібір тиынтағы, түрлі жапырақ қалуен, ақгүлді қазтамақ, іріжапырақ, сарғалдақ өседі. Қылқан жапырақты ормандардан қызылқарағайлы ормандар басым.

2000-2100 м-ден жоғары қарай тундра зонасы басталады. Осы белдеуде тундраның глейлі топырақ түрі қалыптасқан (сурет 1) .

Сурет 1- Азутау жотасының биіктік белдеуінің профильдік сызбасы

Түрлі жер бедерімен климаттық жағдайларға байланысты Тарбағатай жотасы өзіне тән биіктік ландшафтық белдеу қалыптастырады.

1600-1900 м-ге дейін немесе солтүстік беткейінде 900 м-ден 1400 м-ге дейін дала зонасына тән өсімдік түрлері кездеседі.

Климаттың ылғалдылығына байланысты Тарбағатай жотасының солтүстік беткейінің 1400-2300 м аралықты орман зонасы алып жатыр.

1900-2200 м-де далаланған субальпі белдеуі басталады. Оңтүстік беткейінде субалпі белдеуі мен дала зонасы араласып екі белдеуге тән өсімдік түрлері өседі.

2200-2400 м-де тундра белдеуі басталады. Солтүстік баурай беткейлерінің таулы тундралы топырағы мен тундраның глейлі топырақты түрін кездестіреміз.

2400 м-ден жоғары қарай невальдік белдеу басталады. Кейбір максимальді көтерілімдерде топырақ жамылғысын кездестірмейміз, осы аймақта биіктаулы невальдік ландшафтармен аязды үсіктермен көптеген эрозия түрлерімен және мұздықтарды көзге түсіреміз (сурет 2) .

Сурет 2- Тарбағатай жотасының биіктік белдеулігі

Сарымсақты таулы жотаның солтүстік беткейінде 2300-2400 м-ге дейін климаттың ылғалды болуына және салқындығына байланысты ылғал сүйгіш өсімдік түрлері таралған, онда Оңтүстік Алтайдың ең қалың балқарағайлы ормандары мен қарағайлы, қарасамырсынды ормандары таралған. Сарымсақты жотасының төменгі бөлігінде және оңтүстік беткейінің альпілік белдеуіне дейін қуаң дала өсімдік түрлері өседі [10] .

Сарымсақты жотасының 2200-2400 м-де тундра белдеуі басталады. Мұнда климаттың салқындығына байланысты тундраның өсімдіктері өседі: тундра сұлуы, негізгі өсімдіктер түрінен мүкпен қыналарды кездестіреміз. Тундрадан кейін биіктаулы зона немесе невальдік зона басталады. Мұнда мәңгі қар басқан тау шыңдарымен жартастарды көзге түсіреміз. Тіршілік әлемін көп кездестірмейміз (сурет 3) .

Сурет 3- Сарымсақты жотасының биіктік белдеулері

Нарын жотасының биіктік белдеулерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша келесі нәтижені көрсетті. 600-1300 м-ге дейінгі биіктікте бетегелі, жусан тағы басқа дала зонасына тән өсімдіктерді кездестіреміз. Орман белдеуі Күршім өзенінің жоғарғы ағысында 1100-1200 м-ден басталады. Нарын жотасының оңтүстік - шығысында орналасқан Қартастау тауында 1300-1600 м-ге дейін жетеді. Шуршутсу өзенінің жағасында орман белдеуі 1100 м биіктіктен басталады. Орнек ауылының маңайында 1100 м биіктікті көрсетеді.

Алпі тундралы белдеу Нарын жотасында Озерная өзенінің жоғарғы ағысы 2300-2700 м аралығында жатыр (сурет 4) .

Күршім жотасында шөлейт зонаға тән өсімдіктер жотаның оңтүстік - батысы Қаратоғай, Егіндібұлақ ауылдарының маңында кездеседі. Климаты құрғақ, жазы ыстық, қысы айтарлықтай суық болуымен сипатталады. Мұнда құрғақ сүйгіш өсімдік түрлері таралған

Сурет 4 - Нарын жотасының биіктік белдеулері

Дала және орманды дала зонасы Күршім жотасында 1900 м биіктікке дейін таралған. Дала және орманды дала зонасы Күршім жотасының Марқакөл көлінің жағасында, Қалжыр өзенінің салаларының аңғарында таралған.

Орман зонасы Тайга белдеуі Күршім жотасында 1350-2350 м аралықта таралған. Қылқан жапырақты ормандар Күршім жотасының Марқакөл ойпатымен, жотаның теріскей немесе солтүстік беткейінде қалың қарағайлы, балқарағайлы, қарасамырсынды, самырсынды ормандарды бірден көзге түсіреміз, осы ормандар жотаның солтүстік, солтүстік-шығысында Қара-Қаба ойпатымен, Жетікезен, Кіші Дара тауларымен, Сарымсақты, Оңтүстік Алтай тау жотасымен шекаралас аймағында таралғанын көруге болады. Субальпілік белдеу. Күршім тау жотасында 1800-1900-2000-2100 м жер бедеріне байланысты таралған. Осы белдеуде ылғалдың жеткіліктілігі және қар жамылғысының жай еруі көзге түседі

Алтай тау жотасының биіктік белдеулері климаттың ерекшелігіне және жер бедеріне байланысты қалыптасқан. Оңтүстік Алтай тау жотасында 1400-1500 м биіктікке дейін дала зонасына тән өсімдіктер орналасқан. Өсімдіктер дүниесінен алтай бүлдіргені, алтай мыңжапырағы, астық тұқымдас өсімдіктер таралған. 2100-2200 м-ге дейін қарағайлы және балқарағайлы, самырсынды, қарасамырсынды ормандар алып жатыр. Осы ормандардың ең мол қоры Оңтүстік Алтай тау жотасының батыс бөлігінде немесе Қара-Қаба ойпатымен шекаралас аймағында таралғанын көре аламыз. Балқарағайлы ормандарды жотаның Бұқтырма ойпатымен шекаралас аймағында, Бұқтырма өзенінің аңғарында таралғанын көруге болады.

Орман зонасынан кейін биіктаулы субальпілік зона орналасқан. Тундра белдеуі Оңтүстік Алтайдың невальдік белдеуіне дейінгі аралықта таралған. Оңтүстік Алтай тау жотасының невальдік белдеуі көбіне қар мұздықтарымен және жартасты тау шыңдарымен ерекшеленеді. Невальдік белдеудің тау мұздықтары тау жотасының шығыс бөлігінде кеңінен орналасады. Тасты тау шыңдарды жотаның батыс бөлігінде кездескенін көруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Қазақстан таулары
Алтайдың геологиялық құрылысы, жер бедері
Алтай таулы аймағының географиялық орны мен физикалық– географиялық тұрғыдан зерттелуі
Таулы топырақтардың жіктелуі
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы
ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Алтай таулы аймағына сипаттама
Шығыс Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған территориялар
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының табиғат қорғау ісіндегі рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz