Гормоналдық препараттар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Реферат тақырыбы: Гормоналдық препараттар.

Жоспары:

1. Кіріспе бөлім.

Жалпы гомондық препараттар туралы түсінік.

2. Негізгі бөлім.

А) Эстерогендік препараттар.

Б) Гестагендік препараттар.

В) Андрогендер.

Г) Гипофизден алынатын препараттар.

Д) Стероидтар.

Ж) Ұйқы безінің гормональдық препараттары.

З) Қалқанша безінің препараттары.

Е) Қалқанша безі маңының препараттары.

3. Қорытынды.

1. Кіріспе бөлім. Жалпы гормоналдық препараттар туралы түсінік.

Гормондар дегеніміз - ішкі секреция бездерінде түзілетін және қанға, лимфаға немесе ішкі ағыс жолдары арқалы тиісті организм куысына бөлінетін заттар.

Жануарлар ұлпаларының көптеген биологиялық заттарды гормондар тәріздес әсер етеді, олар гормоноидтар деп аталады.

Ветеринария практикасында көптеген табиғи немесе жасанды жолмен алынатын гормондық заттар қолданылады. Оларды негізінен төрт топқа жатқызуға болады:

1. Жануарлардың эндокриндік бездерін бөлініп алынатын препараттар, экстрактілер. Көптеген препараттар өте таза күйінде алынады, ал біраз препараттарының құрамында органикалық қосындылар болады.

2. Табиғи гормондарға құбылыстар жағынан өте ұқсас, жасанды жолмен алынған гормондар. Әдетте олар өте таза күйінде алынады, әрі дәл мөлшерлеуге өте қолайлы. Бірақ мұндай препараттар жоқтың қасы, себебі оларды дайындауда біршама қиыншылықтар бар және алыну технологиясы өте күрделі.

3. Гормондық әсері бар өсімдік тектес заттар.

4. Жасанды гормондар. Гормоналдық препараттар организмдегі физиологиялық құбылыстарға ерекше әсер етеді. Әсіресе барлық зат алмасу құбылыстары, жыныстық белгілердің жетілуіне, бұлшық еттің дамуына басымырақ әсер етеді.

Гормоналдық заттардың жетіспеушілігі көптеген жүйелер мен мүшелер қызметінің бұзылуына, ауыр науқастарға соқтырады.

2. Негізгі бөлім. А) Эстрогендік препараттар.

Ұрғашы жыныстық гормон - Эстрон, дигидроэстрон түрінде аналық бездегі фолликулаларда түзіледі де, фолликулалар жарылған кезінде бөлініп шығады.

Эстрогендер көмірсулардың, белоктардың және пуриндердің алмасу құбылыстарына қатысады. Олар өсу, көбею қызметін айтарлықтай өзгертеді, сүт бездерінің дамуына әсер етеді және гипофиз белсенділігін тежейді. Ұрғашы жыныстық гормондарың әсерінен малдың күйттілігі реттеледі, жатыр мен қынаптың шырышты қабығы қалыңдайды да, барлық әсер ету күйітке әкелумен аяқталады. Жыныстық дамып жетілген жануарларда эстероген жатырдың ісінуін және ретрактивті жиырылуын тудырады, еркек жыныстық белгілердің дамуын тежейді, гипофиздің қызметіне әсер етеді.

Жыныс мүшелеріне тез әрі ұзақ уақыт көлемінде эстрадиол-дипропионат, біршама әлсіздеу синэстрол және диэтильстильбестрол әсер етеді. Эстогендер тері асты және бұлшық етке енгізгенде күшті әсер етеді, ал препараттарды ішкізген кездегі әсері біршама әлсіздеу болады. Эстрогендер аналық бездер қызметінің жетіспеушілігінде, әлсіз тоғақ кезінде, жатырдың әлсіз инвалюциясында, малдың шуы түспей қалған жағдайда немесе жатыр қуысындағы ұрықты түсіру үшін қолданылады. Эстрогенді препараттарға мына препараттар жатады: Эстрон - Oestronum, Эстрадиол бензоат - Оestradioli benzoas; Эстрадиол-дипропинат - Oestradioli-dipropinas; Синэстрол - Synoestrolum; Диэтильбэстрол - ; Димэстрол - Dimoesterolum.

Б) Гестагендік препараттар.

Гестагендік препараттар немесе прогестогендер деп әсерлі сары дене гормондары тәрізді немесе солар ұқсас дәрілік заттарды атайды. Организмге енгізілген гестогендік препараттар буаздықты сақтайды, ұрықтанған аналық торшасының қсіп-өнуіне кедергі жасайды, етеккір келуін тоқтатады, жатырдың окситоцинге сезімталдығын төмендетеді де, буаздықтың ке йінгі кезеңдерінде ұрық қабының пайда болуымен кіші жанбастың байланыс аппаратының босаңсуына әсерін тигізеді. Гестогендік прпараттар буаздықтың қалыпты жағдайдан ауытқуы кезінде түсік түсірмеу үшін сиырлар мен қойлардың күйге келуін бір ырғаққа келтіру үшін, ал көп ұрықты малдарға ұрық санын көбейту мақсатында пайдаланады.

Прогестерон - Progesteronum. Организмде прогестерон барлық стеройдтық гормондардың биологиялық түзілуі кезінде пайда болады. Ол буаздық кезеңінде плацентаның дамуына және ұрықтанған жұмыртқаның жатырға бекінуіне жағдай жасайды. Бұдан басқа ол жатыр қабырғаларының жиырылуын бәсеңдетеді және сүт бездерінің қызметін жақсартады.

Хориондық гонадотропин - Gonadotropin chorinicum. Гонадотропин әсері жағынан гипофиздің лютеиндік гормонына ұқсас. Жүкті әйелдердің зәрінен алынады. Лиофильденген түрде ампулаларда шығарылады: сулы ерітінді түрінде қолданар алдында дайындалып пайдаланылады.

Сарысулы гонодотропин - Gonadotropinum serikum. Буаз биелердің қан сарысуынан дайындалады.

В) Андрогендер.

Андрогендер - ер жыныстық гормондар тәріздес биологиялық әсері бар заттар. Адамдарда және жануарларда бұл заттар ер жыныстыларда ұрық бездерінде және бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатында, ал ұрғашы жыныстыларда бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатында немесе аналық бездерінде пайда болады. Ұрық бездерінде алғашқы гормондар зат-тестостерон пайда болады. Тестостеронның зат алмасу немесе түрлену нәтижесінде андротестерон, этилхоланолон, дегидроандостерон, изоандростерон пайда болады.

Андрогендік препараттар ұрықтың пайда болуына әсер етеді, және оның активтілігін күшейтеді, ұрық түбі безінің қызметін жақсартады, ер жыныстық белгілердің пайда болуына әсерін тигізеді. Андрогендер ұрғашы жыныстыларда эстрольдық циклдың бұзылуына және тұрақты диэструс фазасының пайда болуына әкеліп соғады.

Андрогендер еркек малдың жыныстық жетіспеушілігі кезінде, жүрек қантамырлары жүйесі қызметінің кейбір ақаулықтарынада, жатыр қызметінің бұзылуы кезінде қолданылады.

Метилтестостерон - Methyltesteronum. Тестестерон гормонының жасанды жолмен алынғанпрепарат. Еркек малдарға жыныстық дамуының жетіспеушілігінде және жыныс аймағындағы функциональдық ауытқулар болған жағдайда, қан тамырлары мен жүйке қызметінің бұзылуы кезінде қолданылады.

Тестестерон пропианат - Testosteroni propionas. Ол метил- тестестеронға қарағанда 2-3 есе күштірек және ұзақ әсер етеді.

Г) Гипофизден алынатын препараттар.

Гипофиздің алдыңғы бөлігінде: қсу гормоны, тиреоидты, паратиреоидты, адренокортикотропты, қантты төмендеткіш және басқа да оннан астам гормондар пайда болады. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары адренокортикотронды және гонадротропты гормондар болып табылады.

Аденокортикотроптық гормон(АКТГ) - Hormonum adrenocorti-cjtropinum. Ірі қара малдың, шошқаның гипофизінен дайындалады. АКТГ құрамында 39 түрлі аминқышқылдарының қалдығы бар өте күрделі полипептид.

АКТГ кортизон және де басқа биосинтезін күшейтеді, бүйрек үсті безіндегі аскорбин қышқылы мен холестерин мөлшерін азайтады, көмірсу, май, белок алмасуларын жақсартады, тәріздес капиллярлар қабырғасының өткізгіштігін төмендетеді, аллергияға және қабынуға қарсы реакциясын күшейтеді, гиалуронидазаның активтілігін төмендетеді.

Пролактин - Prolactinum. Ірі қара мал немесе шошқаның гипофизінен алынады.

Питуитрин және вазопресин. Гипофиздің артқы бөлігінен экстрактілеу тәсілі арқылы бөлініп алынады. Құрамында гормоннан басқа гитамин бар.

Окситоцин - Oxytocinum. Гипоталамустың пайда болып гипофиздің соңғы бөлігінен алынады.

Маммщфизин - Mammophysinum. Гипофиздің артқы бөлігі мен сиырдың сүт безінің экстрактілерінің қоспасы.

Д) Стероидтар.

Стероидтар жалпы құрылыс қаңқасында көміртегінің 17 және сутегінің 29 атомы бар органикалық қосылыстар.

Кортикостероидтар гликолизге әсер етеді, гликогеннің бауырға жинақталуын қамтамасыз етеді, қан құрамында қант, кальций, тиамин және аскорбин қышқылы мөлшерін арттырады, лимфоциттердің қан тамырларында айналуын жақсартады, дәнекер ұлпасының өсуін тежейді, гиалуронидазаның активтілігін төмендетеді, капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді.

Оларды пайдалану ревматизм, полиартрит, лейкемия ауруларында, бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының қызметі әлсірегенде, ұйқы безінің, бауырдың қызметі төмендегенде, әртүрлі тері ауруларында және операция кезінде, естен тану мен есеңгіретудің алдын алуда тиімді әсер береді. Стериодтық препараттардың әсер етуі ұқсас болады, бірақ кейбіреулері жергілікті әсер беру үшін, ал кейбіреуін сіңірілуде әсер ету үшін, ал кейбіреулері жергілікті әсер ету үшін тағайындалған ыңғайлы.

Кортизон - Cortisonum. Суда ерімейді, спиртте еритін ақ түсті кристалды ұнтақ. Суспензия түрінде бұлшық етке енгізуге және ішкізу үшін тағайындалады.

Гидрокортизон - Hydrocortisonum. Қасиеттері, әсер етуі кортизон тәріздес, бірақ оған қарағанда күштірек әсер етеді. Бұлшық етке енгізу үшін және теріге жағу үшін тағайындалады.

Преднизолон - Prednisolonum. Кортизоннан 3-5 есе күштірек әсер етеді. Қолданылуы: ішкізеді және теріге жағады.

Ж) Ұйқы безінің гормональдық препараттары.

Инсулин - Insulinum. Ұйқы безі Лангерганс аралшықтарының В торшаларында түзілетін гормон. Химиялық құрылысы жағынан бұл 51 амин қышқылдары қалдығынан тұратын, молекулярлық салмағы 6000-ға жуық полипептидке жатады.

Инсулин қанттың ыдыратуын тездетіп немесе оның гликоген мен майға алмасуын жылдамдата отырып, көмірсулар алмасуына әсер етеді: гликогеннің ыдырауын тежейді. Гипергликемия құбылыстарының пайда болмауына ықпал жасайды.

Инсулинді аз мөлшерде қолданғанда ас қорыту жолының моторлық белсенділігін жоғарлатады, тәбетті жақсартады, дене қызуын аз мөлшерде төмендетеді, ас қорыту ферменттерінің белсенділігін күшейтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдер трансформациясы
Мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау әдісін пайдалану
Жасанды ұрықтандыру тәжірибесінің техникалық жабдықталуымен танысу. In vivo және in vitro-да эмбриондарды өсіру әдістері
Мал шаруашылығындағы биотехнологиялық селекциялық аспектілері
Қалқанша безінің препараттары
Ара шаруашылығының маңызы
Шошқаларды экпорттау және импорттау кезінде қойылатын ветеринариялық талаптар
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше - мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар
Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz