Ақсу-жабағылы қорығының физикалық-географиялық жағдайы



Кіріспе 3
1 Ақсу.Жабағылы қорығы 5
1.1 Ақсу.Жабағылы қорығының құрылуы 5
1.2 Ақсу.Жабағалы мемлекеттік қорығы. 7
2 Ақсу.Жабағылы қорығының физикалық.географиялық жағдайы 14
2.1 Жер бедері мен ауа райы 14
2.2 Қорықтың климаты 16
Қорытынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер 23
Тақырыптың өзектілігі: Орта Азия мен Қазақстандағы ең байырғы қорық – Ақсу Жабағылы 1927 жылы ашылған. Еренқабырға тауының батыс баурайын ала ұзыннан – ұзақ созылып жатыр. Жер бедерінің биіктік белдеулері әр тұсында әрқилы. Өзіндік ажар – айшығымен көз тартады. Шөл – шөлейт, далалық, шалғынды белдердің соңы биік аршалы беткейлерге ұласады. Арынды өзендері ақ көбік атып , күркіреген сарқымаларға құлайды .
Ақсу – Жабағылы – жер бетінен жоғалып барва жатқан немесе өте сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі топтастырылған қорық. Мұнда арқар мен тауешкі, бұғы мен елік, сілеусін мен қар қабыланы, қасқыр мен түлкі, аю мен жайра, сусар мен ақ тышқан т. б. тағы аңдар бар. Құс баласы да жыртылып айырылады.
Алып таулы өлке Еренқабырға екі жарым мың шақырымға созылып , өн бойын Солтүстік, Орталық, Ішкі және Батыс бөліктерге бөледі. 1920 жылы шілдеде Ташкент университетінің профессоры, гидробиолог А. Л. Бродский осы өңірге іссапармен шығады. Жабағылы мен Ақсу өзендері арналары басын алатын Батыс Еренқабырға бөктерін еркін аралайды. Адам аяғы баспаған өсімдіктер мен жануарларәлемі ғалымды таң қалдырады. А.Л.Бродский Түркістандағы мұражай мен көне ескерткіштерді және табиғат пен өнерді қорғау комитетіне арнайы хат жазады. Хатта Батыс Еренқабырға аймағын қорыққа айналдывру жөнінде ұсынысын білдіреді. Артынша әр сала бойынша құрылған комитет ғалымдары бірнеше жыл бойы тиянақты зерттеу, бағдарлау ісін бастайды . Нәтижесінде қорық ашу ұсынысын бірауыздан қолдайды. Сөйтіп, 1926 жылдың шілдесінде Қазақ АССР Халық Комиссарлар кеңесі осы мақсатта қаулы қабылдап, Мәскеуге жолдайды. Келер жылы шілдеде қаулы бекиді.
1. Ақбасова А.Ж. «Экологиялық энциклопедия». Алматы 2007.302 бет.
2. Асқарова У.Б. «Экология және қоршаған ортаны қорғау». Алматы 2004. 90 бет.
3. Әлімжанова Гүлсара. «География және табиғат».№5. 2007 17 бет.
4. Баешов А.Б. «Экология және таза су проблемалары». Алматы «Дәнекер» 2003. 224 бет.
5. Байғожина Амангүл. «Атамекен» газеті. 28 мамыр 2004ж. 4 бет.
6. Бейсенова А, Самакова, Т.Есполов. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану». Алматы 2004. 328 бет.
7. Беркінбаев К, Ниязова Г. «Қазақстан мектебі» №6. 2006ж. 17 бет.
8. Болтаев А. «Қазақстан мектебі» №3. 2006ж. 31 бет.
9. Болтаев А. «География және табиғат» №1. 2006ж. 33 бет.
10. Ережугов Е. «Қазақстан географиясы және экология» №2. 2007ж. 12 бет.
11. Есмағамбетова Р. «Биология, география және химия» №2. 2001ж. 44 бет.
12. Жатқанбаев Ж. «Экология негіздері». Алматы «Зият» 2003ж. 212 бет.
13. Өсімдік – табиғат қазынасы. «Дидар» газет басылымдары. 2007-2008 ж.ж.
14. Экология және ана мен бала денсаулығы. 1991 ж.
15. География және табиғат. 2003-2008 ж.ж.
16. Сарыбекоа Н.С. Жалпы білім беретін орта мектепте оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеудің педагогикалық негіздері. Алматы, 1993.
17. Сарыбеков Н.С. Воспитание любви к природе. Алматы, 1995.
18. Ушинский К.Д. Знай свой край. Москва, 1986.
19. Барков А.С. Краеведение. Москва, 1984.
20. Уәлиханов Ш.Ш. Очерктер. Алматы, 1962.
21. Мектепте өлкетану жұмысын ұйымдастыру. оқу құралы. – Тараз, 2007.
22. «Қазақстан мектебі» журналдар. 2000-2003 ж.ж.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Ақсу-Жабағылы қорығының физикалық-географиялық жағдайы

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Ақсу-Жабағылы қорығы 5
1.1 Ақсу-Жабағылы қорығының құрылуы 5
1.2 Ақсу-Жабағалы мемлекеттік қорығы. 7
2 Ақсу-Жабағылы қорығының физикалық-географиялық жағдайы 14
2.1 Жер бедері мен ауа райы 14
2.2 Қорықтың климаты 16
Қорытынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер 23

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Орта Азия мен Қазақстандағы ең байырғы қорық - Ақсу Жабағылы 1927 жылы ашылған. Еренқабырға тауының батыс баурайын ала ұзыннан - ұзақ созылып жатыр. Жер бедерінің биіктік белдеулері әр тұсында әрқилы. Өзіндік ажар - айшығымен көз тартады. Шөл - шөлейт, далалық, шалғынды белдердің соңы биік аршалы беткейлерге ұласады. Арынды өзендері ақ көбік атып , күркіреген сарқымаларға құлайды .
Ақсу - Жабағылы - жер бетінен жоғалып барва жатқан немесе өте сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі топтастырылған қорық. Мұнда арқар мен тауешкі, бұғы мен елік, сілеусін мен қар қабыланы, қасқыр мен түлкі, аю мен жайра, сусар мен ақ тышқан т. б. тағы аңдар бар. Құс баласы да жыртылып айырылады.
Алып таулы өлке Еренқабырға екі жарым мың шақырымға созылып , өн бойын Солтүстік, Орталық, Ішкі және Батыс бөліктерге бөледі. 1920 жылы шілдеде Ташкент университетінің профессоры, гидробиолог А. Л. Бродский осы өңірге іссапармен шығады. Жабағылы мен Ақсу өзендері арналары басын алатын Батыс Еренқабырға бөктерін еркін аралайды. Адам аяғы баспаған өсімдіктер мен жануарларәлемі ғалымды таң қалдырады. А.Л.Бродский Түркістандағы мұражай мен көне ескерткіштерді және табиғат пен өнерді қорғау комитетіне арнайы хат жазады. Хатта Батыс Еренқабырға аймағын қорыққа айналдывру жөнінде ұсынысын білдіреді. Артынша әр сала бойынша құрылған комитет ғалымдары бірнеше жыл бойы тиянақты зерттеу, бағдарлау ісін бастайды . Нәтижесінде қорық ашу ұсынысын бірауыздан қолдайды. Сөйтіп, 1926 жылдың шілдесінде Қазақ АССР Халық Комиссарлар кеңесі осы мақсатта қаулы қабылдап, Мәскеуге жолдайды. Келер жылы шілдеде қаулы бекиді.
Қорық директоры болып Орыс географиялық қоғамының мүшесі білікті маман, табиғат жанашыры Борис Петрович Тризна сайланады.Қорық көлемі әр жылдарда ұлғайтылып отырған. Бүгінгі таңда 75043 гектар аймақты алып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би аудандары жерінде орналасқан.
1 Ақсу-Жабағылы қорығы
1.1 Ақсу-Жабағылы қорығының құрылуы
Ақсу-Жабағылы қорығы -- Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.[[] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы Қарабастау (126 гектар) және Әулие (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу - Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.
Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу - Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сарыбауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу - Жабағылы қорығы - табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.[[2]]
Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.
Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар, жыланбүркіт пен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.
Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.
Теңіз деңгейінен 3,000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын сурет галлереясын табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген.
Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан.
1.2 Ақсу-Жабағалы мемлекеттік қорығы.
1922-1923 ж Орта Азия мемлекеттік университетінің көрнекті ғалымдары профессор Д. Н. Қашкаров , М. А. Попов, Е.П Коровин , Н.А. Димо Ақсу мен Жабағылы өзендері ағвсының жоғарғы жағында зертетеу жұмыстарын жүргізді .Бұл өңір табиғатының сұлу көріністеріне , өсімдктері мен жануарлар дүниесіне таң қалған олар Тянь - Шань тауының осы бөлігін қорыққа айналдырды .Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында қорық боларлықтай Өзіне тән артықшылықтары бар : мұнда тек осы өңірге тән , әлі ешқандай кәсіптік мақсатқа пайдаланылмаған өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі тіршілік етеді. Табиғаты сондай әсем ,сәулетті және үлгі боларлықтай қорық екендігін ашты. Сонымен 1926 жылдың 14шілдесінде Ақсу- Жабағылы мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат - Тянь - Шаньның лдандшафтың сол табиғи қалыпта сақтап, осы тау жүйесіндегі табиғат комплекстерінің даму заңдылығын зерттеу.Бұл қорық Қазақстанның тұңғыш қорығы болып саналады.
Таулы алқапта 30 мың гектар жері бар табиғат қорғау жөніндегі бұл жаңа мекемені құруда Б .П . Тризнаның еңбегін айрықша атауға болады .Ол табиғат байлықтарын қорғауда зор жұмыстар атқарды.
Өсімдіктер дүниесі. Жер бедері мен ауа райының әр түрлі болуы өсімдіктер дүниесінің әр алуан түрлі болуына жағдай жасайды. Тасты құзды келетін белдеуінде (3000-4000м) топырақ онша қалың емес. Субальпі белдеуі (2000-3000 м) қоңыр топырақты келсе, орманды дала белдеуі (1200-2000 и) қызыл қоңыр топырақты, ал тау етектері сұр топырақты болып келеді.
Ақсу- жабағылы қорығы өсімдіктер дүниесіне бай. Оның территориясында мүктік 61, қынаның 58-ден астам , жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1336 түрі өседі. Бұл бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі.
Қорық территориясы түгелімен дерлік ьиіктігі 12000- 4200метрге дейін таулы өңірде орналасқандықтан, мұнда жартылай шөлейтті , далалы, орманды-далалы, субальпі мен альпі белдеулеріне тән өсімдіктерді кездестіруге болыды .Мәселен, жартылай шөлейтті белдеуге тән баданалы қоңырбас, арпабас, қиақ, қозықұлақ, шоқайна сияқты шөптерді Ақсу, Талдыбұлақ, Жабағылы өзендері бойынан 1200-1250м биіктік аралығынан ұшырастырамыз. Қорық орманында ағаштардан қара арша, балғын арша және сауыр арша деп аталатын аршаның үш түрі өседі. Таудағы тоғайларда жапырақты ағаштардан - талас терегі, тал мен қайыңның бірнеше түрлері кездеседі. Тау беткейлерінде жабайы алма, түркістан доланасы, кавказ тауында өсетін қарқас, мойыл бақтарын көрсек, ойда аздап шеттеннің екі түрі, үйеңкі ағашы, жоңғар доланасы кездеседі. Ал, алтай доланасы мен регель алмұрты тек 10-20 түптей ғана (Қармышева, 1973).
Бұталы ағаштың 60-тай түрі бар. Олардың ішінде ұшқаттың 8 түрі, итмұрынның 10 түрі, қарақат бұталар көбірек таралған. Сондай-ақ, ақ тікенектің 3 түрі, тобығының 2 түрі, шиенің 3 түрі, бадам осы арадан табылады (Кармышева, 1973).
Ақсу- Жабағылы қорығында өсімдік түрлерінің көп екендігін төменде келтірілген мәліметтер айқын байытады және бұл мәліметтерден өсімдік тұқымдастарының арақатынасын да жақсы айыруға юолады.
Өсімдіктер тұқымдастарының жалпы саны 438, түр саны 1306. Оның ішінде күрделі гүлділер тұқымдастарының саны-69 (түр саны-216), бұршақ тұқымдастар - 14 (131), астық тұқымдастар-41 (122), ерінді гүлділер -24 (70), шатырша гүлділер -34 (69) болса, раушан гүлділер тұқымдастарының саны -24 (түр саны-68), қалампыр тұқымдастар -15 (60), лалагүл тұқымдастар- 11(56), сарғалдақ тұқымдастар -18 (49), сабынкөк тұқымдастар -12(48), айлық тұқымдастар -21 (40), айқыш гүлділер -21(39). Ал басқа бірқатар өсімдіктердің тұқымдастар саны 1-ден 8-ге дейін ғана.
Қара арша. Ақсу өзені маңында тау жотасының күнгей бетін ала, 1200 м биіктіктен бастап өседі. Сауыр аршасы 1700-2400 м биіктікте көбіне тау қыраттарының теріскей беткейінде өсуді ұнатады. Қорықтағы адамның баруы қиын жерлердегі аршалы орман 200-350 жылдай жасаған. Мұндағы аршаның биіктігі 13метрге дейін жетеді. Нағыз биік аршалы орманды осы жерден көріп, тамашалауға болады.
Қара арша, әсіресе Ақсу, Кіші және Үлкен Балдыбірек өзендері төңірегінде 3300 гектардай жерді алып жатыр. Аршаның бұл түрі Ақсу өзенінен солтүстікке қарай сирек кездеседі. Оқта-текте әр жерде сорайып тұрған бұл арша Аршалысайда, Талдыбұлақта, Жабағылы өзендері аңғарында ұшырасып қалады . Сауыр аршасы қорықта басқа арша түріне қарағанда көбірек таралған, көлемі 5200гектардай. Оны Үлкен жене Кіші Қайыңды өзендері аралығында 1700-1900м биіктіктен көреміз, Балдыбірек пен Жабағылы өзендері маңындағы тау жоталарында да өскен , Ақсу өзенін көмкеретін қыраттардың күнгей беткейлерінде кездеседі. Балғын аршасы қорықь жерінде субальпі белдеуіне тән тұтасып өседі. Мұнда бұл арша 11 мың гектардай жерді алып жатыр. Тауда жақсы өніп- өсіп, тау беткейлерін жасыл түске бояйды. Жалпы алғанда
Ақсу - Жабағылы қорығы территориясының 30 проценті аршалы алқап. Арша - аса бағалы, мәңгі жасыл өсімдік.
Ақсу- Жабағылы қорығында жапырақты орман көлемі онша көп емес, бар болғаны 210 гектардай өзен аңғарындағы жерлерді қамтиды. Өзен бойындағы бұл тоғайлардың да су режимін реттеуде маңызы зор.Қорық территориясында жемшөптік, дәрі-дәрмектік, техникалық эфмр майлы, жеміс беретін өсімдіктер көп. Тамаша жемшөптік өсімдіктер- жабайы тянь- шань жоңышқасы, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде қорық жерінде жайқалып өседі. Жеміс-жидек беретін өсімдіктерден жабайы алманы, шетенді, шиені, қарақатты, т.б. айтпай кетуге болмайды. Тіпті піскен жуасын жеуге пайдаланып қоймай, сонымен қатар онымен өкпе туберкулезі мен сарып ауруын да емдейді. Сондай-ақ тауға әр түрлі реңді сән беретін қызғалтақ гүлдеген кезінде маңайды құлпыртып жібереді.
Жануарлар дүниесі. Қорық жерінің таулы және ауарайының құбылмалы болып келуі жер шарының әр түрлі ендіктерінде мекендейтін сан алуан аңдар мен құстардың осында шоғырлануына жағдай туғызған. Оның шағын терреиториясында Европа, Солтүстік Африка, Англия және Орта Азияның әр түрлі ландшафтарында мекендейтін хайуанаттар ұшырасады. Міне осылай бір жерде шығу тектері әр түрлі аңдар мен құстардың шоғырлануы - Батыс Тянь-Шань тауы хайуанаттарының тарихы күрделі және өзінше ерекше екендігін көрсетеді.
Соңғы деректерге қарағанда, қорық территориясында және оған жақын тау етектерінде құстың 238, сүт қоректілердің 42, бауырымен жорғалаушылардың 9, қосмекенділердің 2 және балықтың 2 түрі мекендейді екен. Насекомдардың да алуан түрлері осы төңіректе қоныстанған.
Қорықта қанаттылардан кекілік, ұлар, шіл, бөдене, кептер секілді кәсіптік маңызы бар құстар тіршілік етеді. Кекілік көбіне орманды-дала, субальпі белдеулерінде қоныстанған, қыс айларында таудың төменгі етегіне қарай қоныс аударып отырады. Ақсу-Жабағылы қорығында мекендейтін құстар туралы әңгімелегенде үнді қара ала торғайына (майна) тоқталмай кетуге болмайды. Ол негізінен Индия, Бирма, Пакистан, Ауғанстанда мекендейтін құс. Үстіміздегі ғасырдың бас кезінде Ауғанстаннан бұл қара ала торғай әуелі Амудария өзені бойына, одан кейін Сырдария жағалауына дейін қоңысын кейтті. Қазірде Самарқанд, Ташкент маңында көптеп кездеседі. Осы маңнан Қазақстан территориясына еніп отыр. Бірінші рет қорық территориясында бұл құс 1962 жылы байқалған. Соңғы жылдары үнді қара торғайы Оңтүстік Қазақстанда өзінің таралу аймағын одан әрі кеңейтіп келеді. 1962 жылы бұл сәнді құс тіпті Алматыға жерсіндірілді. Қала төңірегінде ол өзінің мекендейтін қоныстарын жылдан-жылға үлкейтіп келеді.
Ақсу-Жабағылы қорығының, әсіресе, кәсіптік маңызы бар сүтқоректілерді қорғауда рөлі зор. Бұлар-арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа, барыс, мәлін, тас сусары, ақкіс, түлкі, борсық, ұзын құйрықты суыр және мензбир суыры. Сонда таудың күнгей беткейіне жайылып шығып, көктемде қорыққа оралады. Сол кезде арқардың біразы бракьонерлердің оңай олжасы да болады. Рас, бұл тұяқты аңның аздаған бөлігі Жабағылы өзенінің оң жағалауындағы қыста қары аз болатын тау беткейінтебіндепшығады. Арқарға қарағанда қорық жері таутекенің мекенднеуіне қолайлы.
Тау-тасты, тік жарлы, құзды өңірде тіршілік етуге бейімделген ол таудың ең қиын учаскелерінен азық тауып жей алады. Жаздың ыстық күндерінде тастар көлеңкесінде тынығады. Таңертеңгілік және кешкілік мезгілде оның үйір-үйір болып тау адырларында жайылып жатқанын жиі көруге болады. Тек қыста ғана тау етектеріне қарай төмендейді. Қорық қызметкерлерінің соңғы жылдары жүргізген есебі бойынша, бұл тау ешкісінің қоры үш мыңдай болып отыр.
Арша орманының негізгі тұрғындарының бірі - елік. Ол Жабағылы өзенінің бойында көбірек кездеседі. Сондай-ақ, бұл бағалы хайуанаттың саны тек қорық территориясында ғана емес, сонымен қатар онымен көршілес тау жоталарында да өсіп келеді. 1962-1963 жылдары қорықтың аршалы тоғайында 200-дей елік мекендейді деп саналса, қазірде оның саны 2-3 есе өсіп отыр.
Ертеректе Батыс Тянь-Шаньда әсем мүйізді маралдар мекендеген. Бірақ, кейіннен браконерлік әсерінен олар жойылыпкеткен болатын. Бұрынғы қоныстарын игеру мақсатымен 1952 жылдан бері қорықта марал өсіріле бастады. Олар жаңа қонысқа жақсы бейімделіп, жылдан-жылға көбейіп отыр. Көбіне арша, жабайы алма өсетін және жапырақты орманды жерлерде мекендейді. Маралдар жазда субальпі белдеуінде, қыста тоғайлы жерде тіршілік етеді. Қорықтағы бұталы өзендер жағасында жабайы шошқаларда кездеседі. Бірақ қоры онша көп емес. Батыс Тянь-Шань тауының жоталарында маң-маң басып, марғау қозғалған қоңыр аюларды көргенде бір таңданып қаласын. Негізінен ормандарда тіршілік ететін бұл ірі жануар қорық территориясында ағаш өспеген ашық тау беткейлерін мекендей береді. Бұлар мұнда өздеріне қолайлы қонысты құздар арасындағы тас қуыстарынан және аршалы ормандардан табады. Осы жерлерден ол алыс сапарға шығып тұрады. Көктемде тау жоталарынан қызғалдақ жуашығын қазса, жазда сонау биіктегі қарлы белдеуге жақын жүреді де, онда өсетін кейбір өсімдіктерді қорек етеді.
Жаз айларындағы бұл аюдың сүйсіне жейтін азығы - рауғаш пен сасыр. Тастарды қопарып, олардың арасынан насекомдарды да теріп жейді. Күз айларында жеміс бақтарынан алма, алмұртты жесе, азық құрамында суыр, қарақас, тоқалтістер де болады. Қоры жеріндегі аю саны едәуір. Мұнда 730 шаршы километр өңірде 50-60 аюдан келуі бұған дәлел. әсіресе, Ақсу өзені бойында көбірек көзге шалынады. Қыста бұл хайуанаттар үңгірлерде аз уақытқа ұйқыға кетеді. Қорықшалар аю үңгірлерін 2000-2400 м биіктікте кездестіріп жүр. Басқа жыртқыштардан - қасқыр, қызыл түлкі, сусар, ақкіс және аққалақ сияқты, терісі бағалы аңдар кең тараған. Кейде тау етектерінде қарсақта көзге түсіп қалады.

2 Ақсу-Жабағылы қорығының физикалық-географиялық жағдайы

2.1 Жер бедері мен ауа райы

Ақсу- жабағылы қорығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсу-жабағылы мeмлeкeттік табиғи қoры туралы
Ақсу - Жабағылы қорығының құрылуы
Ақсу Жабағылы қорығының табиғат жағдайлары
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әлеуметтiк-экологиялық-экономикалық тиiмдiлiгi (Ақсу-Жабағылы қорығы мысалында)
Солтүстік Қырғыз климаттық ауданы
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЭКОТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Қаратау қорығынның экотуризмді мүмкіндіктерін жете зерттеу
Ерементау қорығы
Рекреациялық география - жаратылыстану ғылымының бір саласы (5 сағат)
Қазақстан қорықтарына сипаттама
Пәндер