Қазақстан территориясын табиғи. географиялық зерттеу


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан территориясын табиғи. географиялық зерттеу
Мазмұны

Кіріспе4

1. Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар6

1. 1 Ежелгі заман географиясындағы қазақ жері туралы6

мағлұматтар6

1. 2 Қазақстан территориясы туралы орта ғасырлардағы геогрфиялық және картографиялық деректер10

2 Қазақстан территориясын табиғи. географиялық зерттеу16

2. 1 Қазақ жері туралы тарихи-географиялық деректердің жинақталуы (XVI ғасыр- 1731 жыл) 16

2. 2 Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезіндегі барлау мақсатындағы зерттеулер (1731-1819 жж) 20

Қорытынды33

Пайдаланылған әдебиеттер35

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан аумағын физикалық географиялық зерттеу көне кезеңдерден бастау алады. Ерте кезеңдердегі деректерден қазіргі уақытқа дейіңгі аралық үлкен тарихи кезеңді қамтиды және зерттеп, сараптауды қажет етеді. Себебі, әр кезеңде алғашқы мәліметтер жаңа деректермен толығып отырады. Сондықтан аумақтың зерттелу тарихын кезеңдерге, дәуірлерге бөліп қарастыру өзіндік маңызға ие.

Тарихи- географиялық ғылыми мәселелердің ішінде зерттеулерді дәуірлерге бөлудің, идеялар мен тұжырымдардың дамуы және жалғастығын географиялық тұрғыдан зерттеудің де айрықша мәні бар.

Дәуірлерге бөлу- география тарихын зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі. Бұл ғылымды дамытудың басқа мәселелерін жолға қойып, дұрыс шешуге мүмкіндік туғызады.

Қазақстан территориясынның зертеулері туралы алғашқы мәліметтері: Қазақстан территориясында ежелден адамзат қалыптасқандықтан көптеген тұрмыс заттары табылуынан көруге болады. Оның көне тарихында қола дәуірі ерекше орын алады. Бұл кезде Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналысты. Осы кезеннен бастап табиғи ресустарды қолдану басталды. Қазақстанғы Кеңді Алтай аймағындағы темір өндіру кезінде пайда болған шұңқырлар кәзірге дейін сақталған. Көшпелі мал шаруашылығымен, әсіресе, Сырдария, Шу, Жетісу аңғарларындағы халықтар айналысты. Қазақстан территориясын мекендеген ұлттардың мәдениетінің көне ьолуы себебінен олардың географиясы мен табиғи жағдайы туралы мәлімет өте аз болған. Қазақ жерлері туралы айтылып өткен қолжазбалардың ішінде қазіргі кезге дейін сақталған Бехистун (б. з. д. 6-5ғғ) қолжазбасын атап өту керек. Қолжазба парсы патшасы Дарий кезінде жазылған[3] .

Қазақстан территориясы ежелгі дәуірден бері географиялық тұрғыдан зерттелуде. Біздің еліміздің ертеден зерттелуіне себепші болған оның географиялық орыны. Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқандықтан Қазақстан қалалары негізінен сауда жолдарының үстінде тұрды. Қалалардың жедел өркендеуі үшін сауда жолдарының зор маңызы болды. Иран мен Византиядан Қытайға қатынайтын Ұлы Жібек жолы Жетісу арқылы өтті. Русьпен, Византиямен, Иранмен сауда саттық қызу жүргізілді. Батыс пен Шығыс Европаға, Алдыңғы және кіші Азиға, Қиыр Шығысқа баратын керуен жолдары қазақ даласы арқылы өтіп жатты.

Мақсаты: Қазақстан жері туралы ерте кездегі зерттеушілердің мағлұматтары туралы түсіендіру

Міндеттері: Қазақстанның ерте кездегі зерттеушілердің берген мағлұматтарына түсінік беру;

Қазақстанның территориясының географиялық және картографикалық деректерін түсіндіру;

Қазақстанның Ресейге қосылуына дейінгі барлау мақсатында жүргізілген зерттеулері туралы түсіндіру.

Практикалық маңызы: Географиялық тұрғыдан Қазақстанның зерттелуі ең әуелгі кезеңде адамның материалдық-практикалық қызметімен, оның Қазақстанның табиғаты мен территориясы жөніндегі көмескі де дүдәмал ұғымымен тығыз байланысты болған. Ондай әрекетттер адамның басына туған нақтылы жағдайға орай, немесе аңыз, қиял, діни сенімдерге негізделіп жасалған.

Зерттеу әдістері: Әдеби құжаттар, картографиялық материалдар.

1. Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар

1. 1 Ежелгі заман географиясындағы қазақ жері туралы

мағлұматтар

Қазіргі Қазақстан территориясы табиғаты бойынша өте әртүрлі болып келеді. Оның табиғатын ұзақ жылдар бойы әртүрлі ұлтттардың ғалымдары мен саяхатшылары зерттеді. Әртүрлі тарихи кезенде Қазақстан территориясы бірнеше рет қайталанып ашылып, олардың аттары өзгеріп отырды. Физикалық географиялық қатынастар Қазақстан территориясын екіге бөлді: Сібір және Орта Азия. Қазақстан территориясына табиғат ресурстарына бай болуы мен әркелкәлігіне басқа ұлт саяхатшылары мен зерттеушілері қызықты. Территориядағы геологиялық құрылыстың өте күрделі болып келуі ондағы әртүрлі пайдалы қазбалардың кездесуіне жағдай жасады.

Кир 2 мен Дарий жорықтарының екі түрін зерттеген Геродот та осыны меңзейді. Бірінші жорамал бойынша өзінен бұрын жорық жасаған Кир 2 сияқты, Дарий де сақтармен Амударияның арғы бетінде Арал теңізінің түбінде кездескен, екінші жорамал бойынша Кир 2 массагеттермен Узбойдың арғы бетінде соғысқан, ал Дарий сақтардың жеріне Амудария өзенінің орта ағысы тұсынан өткен.

Геродот бзд 5ғ-дың 40-30 жж Қазақстанда мекендеген тайпалар туралы, географиялық аудандарды көрсетіп және табиғат жағдайлары туралы қысқаша мәлімет берді. Каспий теңізі осы кездің өзінде өте жақсы белгілі болған.

Б. з. д. 5 ғасырдың 40 жж аяғы мен 30 жж басында жазылған Геродоттың «Тарихы» ежелгі қолжазбалардың ішіндегі аса құндылардың бірі саналады. Онда Дарийдің скифтерге қарсы жорығын баяндаумен қоса, Ойкуменді мекендеген тайпалар және олар жайлаған аймақтар туралы мағлұматтар келтіріледі. Каспий теңізінің алып жатқан орнын оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық су екенін, негізінен алғанда солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла біткен жалпы пішінін Геродот бірінші болып дұрыс анықтайды. Тарихтан мынадай деректі оқимыз: «Каспий басқаларға ұқсамайтын ерекше теңіз, оның ұзындығы ескекті кемемен 15 күндік жол, ал енінің ең жалпақ жеріне небәрі 8 күнде жетуге болады». Каспий теңізінің шығыс жағы «қараса көз жетпейтін ұланбайтақ кең дала», ал Орал өзенінен әрі қарай «ойлы-қырлы тастақты жерлер, одан өтсен адам өтпес заңғар таулары бар. Шамасы, «ойлы-қырлы тастақты жерлер» - Жалпы Сырт, ал «заңғар» таулар - Орал тауы болса керек.

Ежелгі көшпенділер дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың тұрағын сипаттай отырып, Геродот Каспий теңзң мен оның төңірегіндегі аймақтар туралы тұңғыш географиялық деректер қалдырған. Массагеттер қоныстанған аймақты - Каспий теңізінің шығыс жағындағы Аракс (Амудария) өзенінен әрі шығысқа қарай созылып жатқан қазақ жерін Геродотмбәрінен де жақсы білген. Ол: «Массагеттер егін екпейді, мал ұстамайды, Аракс өзенінен ауланатын көп балықпен, етпен, сүтпен қоректенеді» - деп жазған.

Геродот Акес өзені басын алатын төңіректі де сипаттап жазған. «Азияда айналасын тау жотасы қоршаған жазық алқап жатыр. Жотаның бес шатқалы бар. Әлгі жазық алқаптан Акес атты үлкен өзен ағып шығады. Бұл сипаттама Ферғана алқабына дәл келеді. Өзен басын оны жағалай қоршаған тау жоталарынан алады».

Геродот Акес өзенінде жергілікті халық тары өсірген сол сияқты күрделі суландыру жүйесі болғанын атап көрсетті

Осы деректердің барлығы «Геродот салған жер пішіні» атты картада көрсетілген. Жоғарыда аты аталған жер-су атауларымен қоса Геродот картасында Сар (Еділ), Лик (Жайық) және Сергис (Жем) өзендері бейнеленген.

Олардың піщіндері мен атауларында көптеген дәлсіздіктер кездеседі.

А. Македонский жорығының (бзд 330-327жж) нәтижесінде орта Азия туралы грек ғалымдарына үлкен жаңалық ашты. Сол кездегі ғалымдар Қазақстандағы Каспий теңізі, Сырдария жайлы көптеген деректер қалдырды.

Қазақстанның географиясы туралы маңызды деректерді Римдік ғалымдар-географтар Страбон, Птоломей қалдырды. Страбон бзд 1ғ-біздің заманымыздың 1ғ аралығында Сырдария туралы нақты деректер жинады және Каспий теңізі туралы «Солтүстік мұхиттың бұғазы» деген шешті.

А. Гумбольдт страбон «географиясының» жалпы жер құрылысын зерттеу білімін ерекше бағалап, оны дүниені физикалық немесе салыстырмалы танып-білудің бастамасы деп есептеген. Географиялық зерттеулер жүрізгенде Страбон тарихи әдісті қолданып, оны кең көлемді талдаумен ұтқыр ұштастырады, әрі осы тәсілге зор маңыз береді. Страбон материкті бірнеше бөлікке бөлу әдісін ұсынады. Оның бұл қағидасы қазіргі «аудандастыру» ұғымға сәйкес келеді.

Страбонның Геродоттан ерекшелігі сол, ол каспий теңізін басқа сулармен жалғаспайтын тұйық бассейн емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы деп есептеген. Страбон құрлықты өзін қоршаған теңізбен немесе мұхитпен ұласып жатқан арал ретінде түсінеді. Ал мұхитты ол континентке қолтықтасып кіріп жатқан төрт үлкен шығанақ деп санады. Гиркан (Каспий) теңізін солтүстік шығанаМойынқұмққа жатқызады.

Ол кезде теңіздің бәрі мұхитпен жалғасып жатады деген түсінік болды. Каспий мен Арал теңіздерін жалғастыратын тармақ бар деген тұспал содан шыққан. Сөйтіп Арал ол уақытта Каспийдің «Скиф шығанағы» деп атаған.

Птоломей (бз 90-168) «Руководство по географии» деген энциклопедия шығарды. Азияның территориясы туралы деректер берді. Ол Каспий теңізін көп зерттеп және оған Сырдария (Окс) мен Амудария (Яксард) өзендері құяды деген. Ол дүние жүзінің атласын жасады [7] .

Плиний де өзінің «Жаратылыстану тарихы» атты еңбегінде: «Яксарт пен Окс Согдий жоталарынан басталып, Скиф шөлдері арқылы ағып, Скиф шығанағына құяды»-деп жазды.

Птоломей картасында бойлық бойынша Скифия шығыс бойлықтың 88° мен 140° аралығын алып жатыр, ал осы күнгі картада Қазақстан шығыс бойлықтың 49-87° аралығында орналасқан. Сондықтан Птоломей картасында табиғатты бейнелеуде бойлық бойынша көп айырмашылық бар. Ал шығысқа бойлаған сайын мұндай алшақтық тіптен моая түседі. Мысалы, Ра (Еділ) өзенінің жоғарғы саласы шығысқа қарай 25°ауысып кеткен.

Птоломейдің картасы бойынша Гиркн (Каспий) теңізі шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Шығыс жағында оған Орта Азияның барлық негізгі өзендері - Яксарт пен Окс келіп құяды. Демек, Птоломей де Амудария мен Сырдария өзендері Каспий теңізіне құяды деп тұспалдаған өзінен бұрынғы зерттеушілердің теріс пікірін қостаған. Геродоттың дұрыс ұғымын жоққа шығарып, ол теңіздің көпшілік бөлігі батыстан шығысқа қарай созылып жатыр деп есептеген. Бұл қате түсінік, тек 1Петр уақытында ғана жөнге келтірілді.

Птоломей екінші жағынан Каспий теңізін солтүстік мұхиттың шығанағы емес, тұйық бассейні ретінде бейнелейді. Сөйтіп ол Геродоттың дұрыс пікірін қуаттайды.

Қазақстанды географиялық тұрғыдан танып-білу тарихының маңызды етіп отырған дәуірдегі айрықша маңызы мынада: парсы жазбаларында қазақ жері және оны мекендеген халықтар туралы алғашқы мағлұматтар пайда бола бастады. Қазақстан территориясы құрамына кірген ойкумендер елі тұңғыш рет картаға түсірілді. Алайда ежелгі дәуірдегі мағлұматтардың өресі тареді, белгілі бір жердің ауқымынан аспады. Ежелгі дүние адамдарына табиғи құбылыстар беймәлім, тіпті түсініксіз болды. Батыс қазақстан туралы ол аймақтың теңіздері мен өзендері жайында: Каспий және Арал теңіздері, Сырдария өзені жөнінде антикалық авторлар неғұрлым дұрыс мағлұматтар берген. Оңтүстік Қазақстан өңірінде Қытай саяхатшылар жинаған деректерді Еуропа елдері білмеген. Қазақ жерін тұтас алғанда ежелгі дәуірде мәліметтер там-тұмдап тым баяу жиналды және оның барлық өлкелері біркелкі қамтылмаған.

1. 2 Қазақстан территориясы туралы орта ғасырлардағы геогрфиялық және картографиялық деректер

Монғол үстемдігі тұсында (12-13 ғасырлар) араб дәуіріндегіге қарағанда Қазақстан территориясы туралы мағлұматтар жинау ісі әлдеқайда баяу жүргізілді. Шыңғысхан жорығына қатысқан монгол, араб, қытай авторларының бізге жеткен бірқатар шығармаларында негізінен монголдардың және олардың шапқыншылығының тарихы баяндалған. Махмұд Джувайнидің, Фазлалах Рашид-ад-диннің, Елюй-Чу-Цайдың, Чань-Чуньның және басқалардың еңбектерінде Қазақстанның әртүрлі аймақтарының табиғаты, қалаларының тұрғын орындары, жолдары және т. б. туралы кейбір мәліметтер келтірілген. Түркістанда өзі болған Джуванидің (13 ғасыр) «Әлемді жаулаушының тарихы» («Тарих и Джахагун-шай») атты еңбегінде көптеген қалалардың аттары, Қазақстанның бірқатар оңтүстік аудандарының табиғаты туралы деректер ұштасады.

Рашид-ад-дин «Жылнамалар жинғында» («Джами-ат-таварих» 14 ғасыр) Шынғысхан ұрпақтарының көшпелі ордаларының шекараларын көрсетті. Оның мәлімдеуінше осы күнгі қазақ даласын түгелдей және Жетісудың бір бөлігін Шыңғысханның тұңғыш ұлы Жошы билеген. Рашид-ад-динның еңбегінде Қазақсатнның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарын мекендеген түрік халықтары туралы бірқатар мағлұматтар келтіріліп, Сайрам, Тараз, Отырар қалалары, сырдария өзені және басқа географиялық атаулар жайында деректер келтірілген.

Шыңғысханның қасына ерген қытайлар Елюй-чу-Цай мен Чань-Чуньнің жол сапарлары «жер тәңірісінің» есімі мен жорықтарына байланысты.

Елюй-Чу-Цай (1219 жыл) Іле мен талас өзендерінің аралығындғы елдер туралы жаңа географиялық мағлұматтар жинаған. Ол Алмалық қаласын ауызға алып, оған өзінен басқа 8-9 қаланың бағынғанын көрсетті. Іле өзенінің батысына қарай Талас өзеніне барар жолда батыс Ляу-Хосун - орданың астанасы орналасқан, оған ондаған қалалар бағынған.

Чань-Чуньді Шыңғысхан Қытайдан 1221 жылы Орта Азияға шақыртып алдырған. Қытай саяхатшысы Қашқария арқылы Құлжа өлкесіне өткен. Чань-Чунь Жетісудағы жерді қолдан суландыру ісін сөз етеді. Іле өзенінен соң Алмалықтан батысқа қарай төрт күн жол жүріп, саяхатшы үлкен тауға тап болады. Таудың сотүстік беткейінде шағын қала орналасқан. В. В. Бартольд осы қала осы күнгі Шелек аулының маңында тұрған деп жорамалдайды. А. Голубев 1859 жылы Шілік өзенінен біршама батысқа қарай қираған қалалардың ескі жұртын көргенін баяндады.

Чань-Чунь Алмалық қаласын Талқы асуынан батысқа қарай бір күндік жол жүретін қашықтықта деп көрсетті.

Чань-Чунь Шу мен талас өзендерінің аралығын мекендеушілер егіншілікпен қоса жібек өсірумен және шарап жасаумен айналысқанын мәлімдейді, ал Қытайда өсетін жемістердің көбі бұл арада кездесетінің айтады. Талас өзені «солтүстік батысқа қарай ағады, терең әрі арнасы кең».

13 ғасырдан бастап Орта Азия мен Қазақстанға еуропалық елшілер мен саяхатшылар келе бастайды. Монғол үстемдігі дәуірінде Қазақстанда болған еурпалық елшіліктердің көпшілігі Батыс Еуропадан Монғолияға сапар шеккендер.

Тұңғыш елшілікті 1246 жылы папа Иннокентий 4 ұйымдастырған. Елшілікті монах Иоан де Плано (немесе Плацио) Карпини басқарған. Оған монғолдардың күшін барлау, алдыңғы шапқыншылық жоспарын білу және олардың соғыс жүргізу стратегиясы мен айла-тәсілін зерттеу тапсырылған. Карпини жолы Польша арқылы Батый ханның ордасына (Төменгі Еділ), содан Жайық өзені арқылы кангюйлер жерін басып оңтүстікке қарай, онан әрі Солтүстік Тянь-Шаньның тау бөктерін жанай Алакөлге және Тарбағатай сілемдерінің етегімен Монғолияға өткен П. Карпини өз жазбаларында Сырдария өзенінің, Алакөл көлінің бассейндерін, Жоңғар Алатауының солтүстік баурайын және Тарбағатай қыратын суреттейді. Оның Жоңғар қақпасына кіре берістегі «Эбі» желі туралы мәлімдемесі жақсы берілген. Сонымен қатар П. Карпини бірқатар жер-су атауларын келтіріп, Сығанақ пен Дженд аралығындағы Узген, Барчунлыгкент және Ашнас қамалдарын еске салады.

Француз королінің өкілі Вильгельм де Рубрук Монғолияға 1258 жылы сапар шегіп, Қырым мен оңтүстік орыс даласы арқылы Еділ өзеніне; сонан соң Қаақстан территориясын басып өткен. Саяхатшы Этильден (Еділ) шыққан соң 12 күн жол жүріп; (Ягак) Жайық аталатын үлкен өзенге тап болады. В. Рубрук Жайық өзенінен өтіп, оңтүстік-батысқа бұрылғанда Мұғалжар мен Аралдың шығыс жағы арқылы Шу өзенінің жоғарғы саласын асып, одан тау жағалай жүріп отырып, Жетісуға жеткен. В. Рубрук бұл арада балшықтан соғылған қабырғалары қираған бекіністерді және өңделген жазық алқапты сипаттаған.

Бұдан кейінгі жылдары да Қытайға сапар шеккен толып жатқан Батыс еуропалық миссионерлер, көпестер мен саудагерлер Қазақстан территориясы арқылы жүріп, қазақ жерінің табиғаты туралы жазған. Мәселен, 1265 жылы атақты Марко Поло Пекинге барар жолда қазақ даласының үстімен жүреді. Жолаушылар Сарайчик-Бұхар-Сайрам-Алмалық арқылы Пекинге барған.

Араб ғалымдары: 10ғ-дың араб географтарының мектебі құрылды. Қазақстан тарихы және территорияның географиясы жайлы Ибн-Хордат-Бехрам, Ибн-Хаукальда, Ибн-Русте, Аристахин сияқты араб ғалымдарының еңбектері маңызды. Қазақстан территориясындағы қалаларды: Баласағұн, Исфиджаб, Тараз т. б. және Каспий теңізі туралы мәлімет берді.

Ибн Хордадбех жазып-баяндау түріндегі тұңғыш жалпы географиялық шығарманың авторы болып саналады. Оның еңбегі «Ктаб алмасалик ва-л-мамалик» («Саяхаттар мен мемлекеттер кітабы») деп аталған. Кейін осы тектес кітаптардың дәстүрлі атауына айналған. Бұл шығарма математикалық географияның деректерін, яки жердің пішінін суреттеуден басталады да, содан кейін саяхаттар жайында баяндалады. Автор Багдад шаһарынан солтүстікке қарай Орта Азияға дейінгі және оңтүстікке қарай Үндістанға дейінгі жүрген жолдары туралы баяндайды.

Ибн Хордадбех қазақтың географиялық атауларынан қарлұқтар мекендейтін жер ретінде Фараб (Отырар) шаһарын әңгіме етеді. Ол Талас алқабын көшіп-қоңуға қолайлы аймақ ретінде атап көрсетеді. Испиджаб (Сайрам) қаласынан Тараз (Талас) қаласына дейінгі жолды суреттейді. Ибн Хордадбех осы екі шаһардың аралығындағы кейбір қалалар мен елді-мекендерді - Шарабты, Тамтаджды, Арабтаджды, Джувикатты атайды.

Ибн Хордадбех кітабында Амудария құятын өзені Арал теңізі Күрдер теңізі деп атап көрсеткен [5] .

Ал Талас өзені алқабындағы қалалардың аттарын әлдеқайда толығырақ қамтып, олар жөнінде баяндаған Максиди. Мысал ретінде оның тараз қаласына қалай бейнелеп жазғанын айтуға болады. «Тараз - бау-бақшасы көп, даңқы шыққан, бекінісі күшті шаһар. Оның үйлері үйме-жүйме тығыз салынған, төрт дарбазасы бар, жағалай ор қазылған, шаһар маңындағы халық көп елді мекен қоныс тепкен, шаһар дарбазасының түбінен үлкен өзен ағып жатыр, шаһардың бір бөлігі өзеннің арғы бетінде орналасқан, өзен үстінен жол өтеді, мешіт хан базарының ортасында салынған».

Тағы бір араб саяххатшысы Ибн Хаукаль Шаш аймағында орналасқан Бискент қаласын суреттеп жазды. Бұл Арыс өзенінің алқабында тұрған осы күнгі Піскент қаласына тура келеді. «Мұнда-деп жазды Ибн Хаукаль, - казіргі кезде ислам дініне кірген түрік-гуздер мен қарлұқтар тайпалаы жиналған». Қарлұқтар жерін көп шарлаған саяхатшы «қарлұқтар мекенінің батысынан шығысына жету үшін тіпті 30 күн жол жүруге тура келед» деп көрсетеді.

Ибн Хаукаль Фараб атырабының жер бедерін былайша сипаттаған: «Бұл елдің топырағы сортаң, қопалары көп, ал егістік алқап Фараб өзенінің батыс жағында».

Ибн Хаукаль даламен ағып, Сауран қаласының іргесінен өтетін өзен туралы былай дейді: «Жоғары сағасынан бастағанда екі күндік жерде, өзен жағалауынан бір фарсах қашықтықта гуздер патшасының қысқы ордасы Яныкент шаһары тұр»-дейді. В. Бартольд Сырдарияның оңтүстігіндегі, Қазалыдан 15 миль жердегі Жаркент қаласының қираған көрінісін сол қаланың орны деп есептейді.

Ибн Русте мен Истахри Арал теңізін сипаттап жазған: Ибн Русте оны былайша бейнелейді: «теңіз аумағы 80 фарсах, батыс айнала Сиякух» («қара таулар») деп аталатын тау сілемдері созылып жатыр, шығыс жағалауында ну орман мен қалың қамыс аралас қопалар бар.

Ал-Масуди еңбектерінде Жайық пен Жем аралығындағы далалы жерлер мен Ертіс төңірегі туралы сөз болады. Масуди далалы алқапты қимақтардың қыстауы, ал Ертіс төңірегін жазғы жайлауы деп көрсетті. Ол Сырдария өзені суы мол екенің атап кетті. Ал-Масуди Хазар (Каспий) теңізі туралы деректер келтіріп, оның шөлейт алқаптарын көптеген көшпенді гуздердің мекендейтінін айтады.

12 ғасырдың географ-ғалымы әл-Идриси еңбектерінде де қазақ жері туралы бірқатар маңызды мағлұматтар сақталған. Оның «Цузхат ал-муштак» атты шығармасында Шу-Іле таулары туралы деректер келтіріп, тау бөктерінде Демиртаг қаласы орналасқаны, ал оның шығысы шөлейт дала екені айтылған. Ғалым Сырдария өзенінің төменгі сағасы мен Арал теңізінің төңірегін оғыз тайпалары көсемдерінің ордасы ретінде баяндайды. Онда «Көне Гузия» деп атаған шамамен алғанда Тянь-Шаньнның батыс сілемдерін, Шу өзені мен Сырдарияның Қаратау беткейін алып жатқан аймаққа сәйкес келеді.

Араб географтарының осы бай мұрасы арасында сан ғажайып карталар сақталып, оларда Қазақстанның да географиялық атаулары белгіленген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Қазақстан территориясын табиғи географиялық тұрғыдан зерттеуд
Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңдегі зерттеулері
Орта Азия аймағына жүргізген орыс саяхатшыларының зерттеулері
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Қазақстан территориясын физикалық – географиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
АРАЛ – КАСПИЙ ОЙПАТЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Қазақстан территориясын зерттеуші ғалымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz