Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы



Кіріспе 4
1 Климат қалыптастыратын негізгі факторлар 6
1.1Қазақстан климат қалыптастырушы негізгі факторлар 6
1.2 Қазақстандағы климаттық белдеулер 9
2 Қазақстанның атмосферасы 18
2.1 Қазақстан аумағында атмосфералық жауын.шашынның таралуы 18
2.2 Атмосфера айналымы 20
2.3 Климаттық ресурстары 25
Қорытынды 28
Пайдаланған әдебиеттер 29
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты ылғалды субтропиктік Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді.Бірақ еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекше.Өйткені Дүниежүзілік мұхиттардан мыңдаған километр қашық жатқандықтан олардың климат жұмсартарлық әсері аз.
Сондықтан қоңыржай белдеудің оңтүстігінде жатыр,сондықтан жылдың төрт мезгілі(жаз,күз,қыс,көктем) айқын білінеді.Қыста Сібірдің қатты суығы келеді.Жазда Орта Азияның жылы,тіпті ыстық ауасының әсері жақсы байқалады.
Климат” сөзi грек тiлiнен аударғанда “ылди, еңiс” мағынасын бiлдiредi. Яғни климат жер бетiне түсетiн жылу мөлшерi тәуелдi күн сәулесiнiң түсу бұрышын анықтайды.
Көкжиектен күн неғұрлым жоғары болса, соғұрлым күн сәулесiнiң түсу бұрышы үлкен және сондықтан жер бетi жақсы қызады.
Экватор ауданында климат ыстық, ол жерде Күн жыл бойы көкжиек үстiнде жоғары орналасқан, сондықтан жер бетi күн сәулесiнiң көп мөлшерiн қабылдайды. Бұл жерде жыл бойы ауа температурасы с-қа жуық. Ыстық климатта жыл маусымы жоқ және жыл бойы жаз болып тұрады.
Бұл жерде климат ыстық немесе ылғалды, сондықтан жылусүйгiш өсiмдiктер тез өседi, олардың гүлдеуi мен жемiстеуi жыл маусымымен байланысты емес.
Бiз сiзбен қоңыржай климатта өмiр сүремiз, ол жерде күн сәулесiнiң түсу бұрышы экваторға қарағанда аз. Сондықтан жер бетi аз жылу қабылдайды. Қоңыржай климатта жыл маусымдары анық көрiнедi. Осы жағдайда тiршiлiк ететiн өсiмдiктер мен жануарлар да қолайсыз қыс кезеңiне шыдай алатын бейiмделгiштiгi бар. Өсiмдiктер қыс кезiнде тыныштық күйде болады. Олардың өсуi тоқтап, жапырақтары түседi. Жәндiктерде де тыныштық кезең туады, кейбiр жануарлар ұйқыға кетедi. Көптеген құстар жылы жаққа ұшады, қыстауға қалған жануарлар қоректiк қорын қысқа жинайды.
1. Т.Байболат,Р.Н.Кенжебаева «География» Шымкент 2005,24-28 беттер.
2. В.П.Максаковский «География» Алматы 1997,157-162 беттер.
3. Ә.С.Бейсенова «Қазақстанның географиялық атласы» Алматы 2005
4. Егеменді Қазақстан 2005-2006,№1235 11.05.24.№4377 12.06.28.
5. М.К.Нұрмағанбетов «Жер судың аты, тарихтің хаты» Алматы 2003,
6.«География және табиғат» 2006,№6
7. http://www.google..com/imgres/imgurl=http://cdn8.wn.com/ph
8.http://www.google.com/imgres/imgurl=http://upload.wikimedia.org
9. http://www.google.com/imgres/imgurl=http://egemen.kz
10. http://www.google.com/imgres/imgurl=http://balalaralemi.kz
11. http://www.google.com/imgres/imgurl=http://cdn4.wn.com
12. Панин М.С. Химическая экология. Семипалатинск, 2002 г.
13. Добрвольский В.В. Биосферные циклы тяжелых металлов и регулирующая роль почвы. Почвоведение1997.№4 C.431.
14. Ревель П., Ревель Ч. Среда нашего обитания, загрязнение воды и воздуха. М.:Мир. 1996.
15. Мамыров Н.К., Тонкопий М.С. Эколагическое состояние г.Алматы. Алматы: эконамика.2000.
16. Климат Алматы. Л.: Гидрометиздат 1985-264c
17. Каймисаров Н.П. О некоторых особенностях загрязнения воздушного бассейна г. Алаты. КазНИГМИ. 1984. вып.82.
18. Неменко Б.А. Цветные металлы в окружающей человека среде. Здравоохранение Казхстана 1995 г.
19. Королева Е.Г Эколагическое исследовпние последствий техногенного загрязнения // Токсикологический вестник 1995.1, 15-20c

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Мазмұны

Кіріспе 4

1 Климат қалыптастыратын негізгі факторлар 6

1.1Қазақстан климат қалыптастырушы негізгі факторлар 6

1.2 Қазақстандағы климаттық белдеулер 9

2 Қазақстанның атмосферасы 18

2.1 Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы 18

2.2 Атмосфера айналымы 20

2.3 Климаттық ресурстары 25

Қорытынды 28

Пайдаланған әдебиеттер 29

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі
бойынша климаты ылғалды субтропиктік Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай
континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді.Бірақ еліміз орасан зор Еуразия
құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл континенттігімен
ерекше.Өйткені Дүниежүзілік мұхиттардан мыңдаған километр қашық
жатқандықтан олардың климат жұмсартарлық әсері аз.
Сондықтан қоңыржай белдеудің оңтүстігінде жатыр,сондықтан жылдың төрт
мезгілі(жаз,күз,қыс,көктем) айқын білінеді.Қыста Сібірдің қатты суығы
келеді.Жазда Орта Азияның жылы,тіпті ыстық ауасының әсері жақсы байқалады.
Климат” сөзi грек тiлiнен аударғанда “ылди, еңiс” мағынасын бiлдiредi.
Яғни климат жер бетiне түсетiн жылу мөлшерi тәуелдi күн сәулесiнiң түсу
бұрышын анықтайды.
Көкжиектен күн неғұрлым жоғары болса, соғұрлым күн сәулесiнiң түсу
бұрышы үлкен және сондықтан жер бетi жақсы қызады.
Экватор ауданында климат ыстық, ол жерде Күн жыл бойы көкжиек үстiнде
жоғары орналасқан, сондықтан жер бетi күн сәулесiнiң көп мөлшерiн
қабылдайды. Бұл жерде жыл бойы ауа температурасы с-қа жуық. Ыстық климатта
жыл маусымы жоқ және жыл бойы жаз болып тұрады.
Бұл жерде климат ыстық немесе ылғалды, сондықтан жылусүйгiш өсiмдiктер
тез өседi, олардың гүлдеуi мен жемiстеуi жыл маусымымен байланысты емес.
Бiз сiзбен қоңыржай климатта өмiр сүремiз, ол жерде күн сәулесiнiң
түсу бұрышы экваторға қарағанда аз. Сондықтан жер бетi аз жылу қабылдайды.
Қоңыржай климатта жыл маусымдары анық көрiнедi. Осы жағдайда тiршiлiк
ететiн өсiмдiктер мен жануарлар да қолайсыз қыс кезеңiне шыдай алатын
бейiмделгiштiгi бар. Өсiмдiктер қыс кезiнде тыныштық күйде болады. Олардың
өсуi тоқтап, жапырақтары түседi. Жәндiктерде де тыныштық кезең туады,
кейбiр жануарлар ұйқыға кетедi. Көптеген құстар жылы жаққа ұшады, қыстауға
қалған жануарлар қоректiк қорын қысқа жинайды.
Мақсаты: Қазақстан климатының ерекшеліктерін түсіндіру. Күн
радиациясы, атмосфераның алмасуы, ауаның қысымы және желдер туралы түсінік
қалыптастыру.
Міндеттері: Климаттың адам өміріндегі маңызын білуге және бағалай
білуді түсіндіру;
Қазақстан аумағындағы атмосфералық жауын-шашынның таралуы және ауа
температурасының таралуы туралы түсіндіру.
Климат құрушы факторлар туралы мәлімет беру.
Практикалық маңызы: Ауа райы өзгергiш, ал климатқа тұрақтылық тән. Ауа
райының өзгергiштiгi әртүрлi қасиеттерi бар ауалық массаның ауысуына
байланысты. Ыстық, қоңыржай және суық климат түрлерi бар. Тiрi
организмдерде әртүрлi климаттық жағдайда өмiр сүру бейiмдiлгiштiгi бар.
Зерттеу әдістері: Қазақстан Еуразия құрлығының ортасында орналасуымен
климатында өзіндік ерекшеліктерінің болуын түсіндіру. Климат құрушы
факторлар туралы түсіндіру.

1 Климат қалыптастыратын негізгі факторлар

1.1Қазақстан климат қалыптастырушы негізгі факторлар

Қазақтанның климаты шұғыл континентті.Қазақстан климаттық жағдайлар
солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес,батыстан шығысқа қарай да
өзгереді.Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі.
Қазақстан географиялық орны мен әр түрлі ендіктерде орналасуына
байланысты күн сәулесі солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз
түссе,оңтүстікке қарай бірітіндеп артады.
Сондықтан Қазақстан солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен
ерекшеленіп, ал оңтүстігінде қыс онша болмайды.Жазда Қазақстанның
солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып,ауа температурасы
едәуір жоғары болады.
Қазақстан бойынша жауын-шашын мөлшері мен түсу мерзімі әртүрлі.Жер
шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жер Қазақстандағы Батыс
Алтайда,жалпы алғанда Қазақстан көпшілік бөлігінде,әсіресе ішкі аудандары
мен оңтүстік-батысында климат өте құрғақ.Бұл құрлық аумағының өте үлкен
болуына, ауа массаларының қасиеттеріне,жер бедерінің сипатына байланысты.
Қазақстан батысы мен солтүстігінде жазық өңірлердің басым болуы Атлант
мұхитынан келетін жылы,ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік Мұзды
мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүстікке қарай еш кедергісіз
қозғалуына мүмкіндік береді.Мұхиттардың Қазақстан климатына әсер ету
дәрежесі мұхит ағыстарының қасиеттеріне,қысым аймақтарының
орналасуына,басым желдерінің бағытына да байланысты.
Қазақстан шамалы аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық
жағдайлар биіктік белдеулер бойынша өзгереді.Биіктік климаттық белдеулер
Тянь-Шань,Алтай тауларында айқын байқалады. Тянь-Шань мен Алтайда жылдың
басым бөлігі аязды,ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән. 
Қазақстанның климатында оның территориясының аса көлемділігімен
байланысты ерекшеліктері айқын көрінеді.Қазақстан негізгі бөлімінің
қоңыржай белдеуінде болуы,шығысы мен орталық бөліктерінің тұтасатығы,мұхит
бассейндерінің әсері,күрделі орография Қазақстанда аса алуан түрлі климат
жағдайларын жасайды [3].
Қазақстанның климаты алуан түрлі. Жер бетінде Күннің жылуы мен
атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады.Белгілі
климат зерттеушісі ғалым Б.П.Алисов Жер шарындағы бір-бірінен
температуралық жағдайлары және ауа масаларының қасиеттері мен әсер ету
аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.
Климаттың пайда болуы оның себептеріне байланысты.Оларды климат құрушы
факторлар деп атайды. Қазақстанның климаты үш фактормен анықталады:
-1. Күн радиациясы
-2.Атмосфераның алмасуы
-3 Жердің төсеніш беті.
Енді Радиация деген не?Радиацияның қандай түрлері бар,Қазақстан
аумағына  қанша көлемде күннен радиация түседі? Деген сұрақтарға жауап
берейік.
Күн радиациясы Күннен шығатын сәулелі энергия.Белгілі бір уақытта 1 см
жер бетіне түсетін күн радиациясы Джм мен есептеледі.Күн радиациясының Жер
бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп
отырады.Неғұрлым оңтүстікке орналасқан сайын күн сәулесі тік бұрышпен
түседі де,атмосфераны қысқа жолмен кесіп өтеді,жылуды да соғұрлым көп
береді.Солтүстікке барған сайын күн сәулесінің түсу бұрышы
азайып,атмосфераны ұзаз жолмен,көлбеу бұрышпен кесіп өтеді.сол себепті
жылуды да аз алады.
Радиация дегеніміз-Жер бетіне түсетін күн сәулесінің 20 пайызын
атмосфера кері шағылыстырад.Қалған бөлігі жер бетіне жетеді,яғни жер бетіне
тура түскен күн сәулесін т у р а  к ү н  р а д и а ц и я с ы деп атайды.
-Күн сәулесінің біраз бөлігін атмосферадағы су булары,мұз
түйіршіктері,шаң-тозаңдар,бұлттар өздеріне сіңіріп және шашыратып
таратады.Мұндай жағдайда Жер бетіне ш а ш ы р а н д ы радиация жетеді.
-Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысын ж и ы н
т ы қ  радиация деп атаймыз.
-Жиынтық радиацияның біраз бөлігі жерге топырақ,су,қар жамылғысы
арқылысіңіп жылынады,оны ж ұ т ы л ғ а н радиация деп атайды. Ал біраз
бөлігін жер беті кері шағылыстырады, оны ш а ғ ы л ы с қ а н радиация
дейміз.Күн радиациясының жер бетіне жетуі географиялық ендікке ғана
емес,атмосфераның мөлдірлігіне және күн сәулесінің түсу ұзақтығына да
байланысты.Күн сәулесінің түсу ұзақтығыҚазақстанда өте
үлкенМысалы,солтүстікте Қостанайда күн сәулесінің түсу ұзақтығы орта
есеппен 2132 сағат.
Атмосфераның алмасуы деген не? Ауа массалары деген не? Деген
сұрақтарға жауап іздейік. Атмосфера әрқашан қозғалыста    болады.
Атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындары пайда болады.Олардың
өзіне тән температурасы,ылғалдылығы,мөлдірліг і болады.Қазақстан және басқа
аумақтарда жүретін атмосфералық алмасудың басты ерекшеліктері ғаламшарлық
алмасудың  әсеріне байланысты.Мысалы,солтүстік жарты шардың үстігіндегі
ауаның зоналық алмасу ағындары мұхиттық ауа массаларын батыстан-шығысқа
қарай қозғап,2-2,5 тәулікте біраз өзгеріске ұшырай,Қазақстанға жетеді.Осы
кезде,яғни зоналық алмасу жүргенде,республика Еуразияның орталығында
орналасқанына қарамастан,климаттың континенттігі азаяды.
Сөйтіп,Қазақстанның жер бетіндегі атмосфералық алмасуы-жалпы алмасудың бір
тармағы болып табылады. 

1.2 Қазақстандағы климаттық белдеулер

Қазақстан алуан түрлі климат жағдайлары туралы толық мәлімет алу үшін
климаттық белдеулерді қарастырайық. 
Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі
климаттық белдеулерге:арктикалық климаттық белдеу,қоңыржай климаттық
белдеу,тропиктік климаттық белдеу және экваторлық климаттық белдеу.Өтпелі
климаттық белдеулерге: субарктикалық климаттық белдеу, субтропикалық
климаттық белдеу және субэкваторлық белдеу.Қазақстан негізгі климаттық
белдеу – қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан.Шығысқа қарай Атлант
мұхитының ықпалы әлсіреп,континенттік ауа массаларының әсері күшейгендіктен
Орал тауына дейінгі аралықта климат қоңыржай континенттіксипатқа
ауысады.Жаз жылы,қыс суық.Қыста ашық,аязды ауа райы жылымық күндермен
алмасып отырады.Ауа райының мұндай құбылмалы сипаты әсіресе Шығыс Еуропа
жазығына тән.
Белдеудің Солтүстік Қазақстаннан шығысқа қарай орталық бөлігінде жыл
бойы континенттік ауа массалары басым болады.Сондықтан жазы ыстық,қысы
суық,аязды болады.Қыста ауа температурасы –50˚ С-қа дейін төмендейтіндіктен
жер бетінде тоңды қабат пайда болады.Қар жамылғысы жұқа.бұған Монғолия
қалыптасатын жоғарғы қысымды аймақтан жан-жаққа таралатын суық әрі құрғақ
континенттік ауа массалары себепші болады.Жауын-шашын мөлшері жазық
жерлерде азайып,тауларда артады.мұндай климат шұғыл континенттік деп
аталады.Қазақстан жеріне осы аталған климат тән.
Қазақстанның климаты шұғыл континенті.Қазақстан климатының
қалыптасуына арктикалық,қоңыржай теңіздік және тропиктік ауа масалары әсер
етеді.Қазақстандағы ең суық ай – қаңтар,ең жылы ай – шілде.
Қазақстандағы ең суық ай – қаңтар.Қаңтардың орташа температурасы
солтүстікте -19˚С (Петропавл),оңтүстікте -2˚С (Дарбаза), кей күнднрі
солтүстік-шығыста -54˚С-ге дейін барады.
Ең жылы ай – шілде.Шілденің орташа температурасы +19˚С,оңтүстікте
+28˚С,+30˚С,ең жоғары температура солтүстікте +41˚С,оңтүстікте +47˚С болып
келеді [4].
Ауа қысымы.Қысымның әртүрлі болуына жер бетіне күн жылуының әркелкі
таралуы себепші болады.Атмосфералық қысым ауаның жер бетіне,барлық заттарға
түсіретін күші.
Қыста – ауаның қысымы жоғары.
Жазда ауаның қысымы төмен.
Қоңыржай,тропиктік,арктикалық ауа массаларды жыл бойы республика
аумағында өтеді.
Жел – атмосферадағы ауаның жер бетіне параллель бағытта қозғалуы.Жел
атмосфера қабатында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады,әрі жоғарғы
қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады.ҚР-да кездесетін желдер:
Сайқан,Ебі,Шілік,Арыстанды-Қарабас, Қордай,Мұғалжар желдері. Жоңғар
қақпасында үнемі жел соғады. Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды
дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды.
Орманды дала климаттық белдемі республиканың ылғалы ең мол бөлігі.
Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 – 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың
жылы мезгілінде жауады. 10°С-тан жоғары орташа тәуліктік ауа
температурасының жылдық жиынтық мөлш. 2100°С. Вегетациялық өсіп-өну
кезеңінің ұзақт. 160 – 170 тәулік. Ең қысқа жыл маусымы – көктем, ұзақт.
1,5 ай, жазы 3 айға созылады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуірдің соңына дейін.
Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 37 күн, кейбір жылдары 110 – 113 күнге
дейін созылады.
Далалық климаттық белдем республиканың солт-ндегі біраз аймақты
қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм, оның 70 – 80%-ы жаз
айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140 – 160 күнге созылады, қардың орташа
қалыңд. 30 см-дей. Дүлей желді күндер көп және эрозиялық процестер күшті
дамыған. 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық
жиынтық мөлш. 2100 – 2300°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 –
180 тәулік. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 69 күн. Орманды дала климаттық
белдеміне қарағанда қысы және көктемі қысқа, жазы ұзақ, күзі 1 айға жуық
(қыркүйектен басталады).
Шөлейт (шөлейтті дала) климаттық белдем немесе қуаң дала Қазақстанның
орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке
қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді, оның 43 – 27%-ы жылдың суық
маусымында түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар
жамылғысының қалыңдығы батыстан шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге дейін
артады. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 25°С-тан жоғары күндер саны
30 – 45, 35°С-тан жоғарғысы – 10 – 20 күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің
ұзақт. 170 – 200 тәулік. Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келеді, жазы ыстық,
радиацияның жиынтық мөлшері тым жоғары. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27
– 29 күнге созылады.
Қазақстанның таулы және тауалды аудандарының термикалық жүргісі оларға
іргелес жазықтардың термикалық жүргісінен күрт ерекшеленеді. Әдетте,
таулардағы температура жазықтарға қарағанда төмен және де биіктеген сайын
температураның амплитудасы азаяды (кемиді). Сонымен қатар тауалды және
таулы белдемдерде қыста, негізінен, радиац.-орограф. инверсиялар дамыған.
Оған тіктеме бойынша ауа температурасының кері жүрісі мәжбүрлейді, яғни
белгілі бір биіктікке дейін температура өседі. Мыс., Тянь-Шань тауларында
қаңтардағы орташа инверсия теңіз деңгейінен 1300 – 1500 м биіктікке дейін
таралады, одан биікте ауаның қалыпты үлестірімі қалыптасады, яғни биіктеген
сайын ауаның температурасы төмендейді. Батыс Алтай тауларында көбінесе
инверсиялық қабаттың жоғ. шекарасы теңіз деңгейінен 700 – 900 м биіктікте
жатады, алайда таулы қазаншұңқырларда инверсиялық қабат жоғары орналасады.
Жылы жарты жылдықта мұнда климаттың жергілікті ерекшеліктері айқын
көрініске ие – таулық-аңғарлық айналым және фен секілді жылы желдер, олар
ауа температурасының тәуліктік жүргісіне өзіндік сипат енгізеді. Тау
беткейлерінің биіктігі мен экспозициясы, бедердің тілімдену сипаты, тау
аңғарларының тереңдігі мен ені, олардың өзара орналасуы және бірқатар өзге
де факторлар мұндағы әр түрлі микроклиматтар мен жергілікті термикалық
жағдайлардың өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуына жағдай жасайды.
Каспий және Арал т-деріндегі, Балқаш, Жайсан, Теңіз  және бірқатар өзге
де көлдер секілді ірі су нысандарының ауа температурасының жүргісіне әсері
негізінен жылдың жылы кезеңінде байқалады. Ол әсер көбінесе бриздік айналым
әрекетінің шеңберімен шектеледі.
Өсімдіктердің жылумен қамтамасыздығы, жалпы алғанда, оңт-тен солт-ке
қарай нашарлайды. Мыс., егер Қазақстанның қиыр оңт-нде ауаның орташа
тәуліктік температурасының жиынтығы, ауаның орнықты температурасы +10°С-тан
жоғары кезеңде, 4200°С-тан асады, ал солт. облыстарда (Солт.
Қазақстан, Қостанай,Павлодар, Ақмол а облыстарының солт. бөліктері
және Қарағанды облысының солт.-батыс бөлігі) бұл жиынтық 2 есе және одан да
көп мөлшерде аз.
Қазақстанда соңғы 50 жылда (1954 – 2003) ауа температурасының өсу
үрдісі байқалады. Орташа алғанда, Қазақстандағы ауаның жылдық орташа
температурасы жоғарыда көрсетілген кезеңде 1,5°С өскен және өсуі бірқалыпты
емес. Орташа жылдық температураның ең үлкен өсімі (2,0 – 2,5°С-қа)
Қазақстанның солт.-шығысында (Павлодар), шығысында (Семей) және оңт-нде
(Қызылорда) байқалады. Тек Қазақстанның оңт.-батысында (Ақтау)
температураның 50 жылдағы өсімі 0,7°С-ты құрады.
Тянь-Шаньның таулы аудандарында жылдық жауын-шашын жиынтықтары, теңіз
деңгейінен биіктікке және беткейлердің экспозициясына байланысты кең
ауқымда өзгереді (400-ден 900 мм-ге дейін). Алтайдың батыс беткейлерінде
жылына 1000 мм-ге дейін жауын-шашын жауса, ал оның шығыс беткейлері құрғақ
күйде қалады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері теңіз деңгейінен 1800 – 2000 м
биіктіктерге дейін өседі де, бұл деңгейден биікте, шамалы азаюы байқалады.
Қыста, бұлттылықтың биіктігінің төмендеуіне байланысты жауын-шашынның ең
көп жауатын белдемі теңіз деңгейінен 1000 – 1500 м биіктікте орналасады, ал
жазда теңіз деңгейінен 300 м биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің жер
биіктігіне тікелей тәуелділігі байқалады.
Жауын-шашынның жылдық жүргісінде республика аумағының геогр. орнына
байланысты елеулі айырмашылықтар байқалады. Солт. Қазақстанда ең мол
атмосф. жауын-шашын жазда байқалса, ал оңт. пен оңт.-шығыста – көктемде
Қазақстанның солт. жартысында жауын-шашынның жылдық жиынтығының шамамен 70
– 80%-ы жылдың жылы кезеңінде жауады да, оңт-ке қарай жылжыған сайын суық
кезеңдегі жауын-шашын мөлшері өсе түседі. Жазда кейбір жылдары оңт-те жауын-
шашын 2 – 3 ай бойы жаумайды. Мұндай кезеңдерде жаңбыр тамшылары жер бетіне
жетпей буланып кететін құрғақ жаңбыр жауады. Жазғы жауын-шашын кезінде
күннің күркіреуі жиі байқалады.
Қазақстандағы соңғы 50 жылдағы (1954 – 2003) атмосф. жауын-шашынның
өзгеруіндегі жалпы үрдіс оң. Жауын-шашын мөлшерінің ең көп өсуі (50 жылда
60 мм-ден астам) Қазақстанның солт. облыстарында (Қостанай, Павлодар,
Ақтөбе) анықталған. Тек Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарындағы жауын-
шашын мөлшерінің өзгеру үрдісі теріс болды және бұл жерлерде жауын-шашын
мөлшерінің азаюының орташа көрсеткіші 15 – 60 мм-ді құрады. Қазақстандағы
жел жүргісі, негізінен, қысымдық-айналымдық жағдайларымен анықталады.
Жылдың суық кезінде жел жүргісі, негізінен, Сібір антициклонының батыс
сілемі ықпалымен қалыптасады. Осы сілемнің барлық топография карталары
бойынша жақсы байқалатын климаттық осінен, қыс айларында республиканың солт-
не және оңт-не қарай ауа қысымы төмендейді, ал жер бетіне жақын изобаралар
негізінен солт.-шығысқа және оңт.-шығысқа қарай шашырайды. Қыстың барлық
жағдайында Қазақстанның басым бөлігінде орталық аудандардан ауа
массаларының шеткі облыстарға қарай шашырай ағуы байқалады. Осыған
байланысты Қазақстанның батыс бөлігі және Алтайдың кейбір аудандарын
есептемегенде, бағыты бойынша қарама-қарсы дерлік басым желдер қалыптасатын
екі үлкен белдемдер ерекшеленеді.
Жазда Қазақстандағы жел жүргісі, Еуразияның үлкен бөлігіндегідей күрт
өзгереді. Жылдың бұл кезінде қыспен салыстырғанда, ауа массаларының
құрлықтың ең шеткі солт. ендіктерінен орталық аудандарға қарай
басымдылықпен ығысуы айқын көрініске ие. Жылдың жылы мезгіліндегі ауаның
жоғары температурасы және құрлықтың күшті жылынуы, жалпы алғанда, Еуразия
аумағындағы бар (қысым) өрісінің айтарлықтай қайта құрылуына әкеп
соқтырады. Алайда Қазақстандағы бағыты бойынша басым желдер жаз айларындағы
әлсіздігі барысында шашыраңқылығынан туындайды. Жылдың бұл кезінде тымық
күндердің көбірек қайталануы байқалады.
Қазақстанның жазық аумағындағы желдің жылдық орташа жылдамдығы жалпы
алғанда оңт-тен солт-ке қарай артады (4 – 5 мс дейін). Желдің төмен
жылдамдықтары (1 – 2 мс) Қазақстанның оңт. және оңт.-шығысындағы тауалды
аудандарында байқалады. Күрделі жер бедері жағдайларында жел жылдамдығының
үлкен құбылмалылығы туындайды. Мыс., егер бедердің желден қорғалған
пішіндерінде (қазаншұңқырлар, беткейлердің ық және төм. бөліктері, т.б)
желдің жылдамдығы әлсіз (1 мс дейін) болса, ал асуларда, шыңдарда және жел
өткізуші дәліздерде желдің жылдық орташа жылд. 5 мс-тан асады. Жел
өткізуші дәліз – Жетісу (Жоңғар) қақпасы және Каспий т-нің шығыс жағалауы
Қазақстанның ең желді аудандары болып табылады. Ондағы желдің жылдық орташа
жылд. 6 мс-тан асады.
Желдің жылдамдығы жыл бойы өзгереді. Қазақстанның үлкен бөлігінде
желдің ең үлкен жылдамдықтары жылдың өтпелі кезеңдеріне тұспа-тұс келсе, ал
ең әлсіз желдер жазда болады. Жел жылдамдықтарының максимумы асуларға, тау
шыңдарына, жел өткізуші дәліздерге және жағалауларға (Каспий т.) тән, ал
қысқы минимумдар мен жазғы максимумдар желден қорғалған орындарға
(қазаншұңқыр, тауалды аудандары, т.б.) тән. Қар жамылғысы. Қар жамылғысы
сипаттамаларының аумақтық үлестірімінде жазықтағы ендік белдемдік және
таулық бедер жағдайындағы биіктік-экспозициялық белдемдік айқын байқалады.
Қазақстанның ашық кеңістіктік жағдайында қардың тасымалдануы және
бұрқасынның қайталану үдерістерімен қар жиналудың қайшылықтары өте зор.
Еліміздің солт.-шығыс және солт. аудандарында орнықты қар жамылғысы
қарашаның бірінші онкүндігінде қалыптасады және наурыздың соңы – сәуірдің
басында аяқталады. Қазақстанның жазық бөлігінде қар жамылғысы қарашаның
соңы – желтоқсанның басында қалыптасады және тұрақсыздығымен ерекшеленеді,
кей жылдары қар болмауы да мүмкін. Қар жамылғысының қалыңдығы солт-те 25 –
30 см-ден, оңт-те 6 см-ге дейін кемиді. Тауларда тұрақты қар жамылғысы
қазанның үшінші онкүндігінде – қарашаның басында қалыптасып, мамырға дейін
жатады, ал қар жамылғысының орташа қалыңд. 30 – 60 см болса, биік тауларда
100 – 200 см-ге жетеді. Қазақстанның ең қарлы аудандарына наурыз – сәуірде
2600 – 2800 м биіктіктерде қалыңд. 400 см, кей жылдары 700 – 800 см қар
жиналатын Оба және Үлбі өзендерінің алабы жатады. Ал ең мол қар қорлары
1800 см-ден асуы мүмкін.
Атмосф. құбылыстарға жауын-шашындар және әр түрлі тұмандар,
бұрқасындар мен жаяу борасындар, электрлік құбылыстар – күн күркіреу,
жарқылдар, полюстік сәулелену; долы жел, шаңды боран, шаңды борасын құйын,
қара құйын, көктайғақ, мұнар, мұз инелері, қырау жатады. Тұманның Қазақстан
аумағындағы үлестірімі күрделі сипатқа ие. Жер бедері кедір-бұдыр болып
келетін Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары және де Қазақстанның
оңт. және оңт.-шығысындағы таулы және тауалды аудандарында тұманның
үлестірімі ошақтық сипатта дамыған. Тұманның ең көп жылдық қайталанғыштығы
Мұғалжарда (67 күн), Алтайда (Өскемен – 51 күн), Қордайда (63 күн)
байқалады. Қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында тұманды күндердің саны
көбірек байқалады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жауын-шашын туралы
2010-2012 жылдары аралығында атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамының өзгеруі
Климат түзуші факторлар
Сарыарқаның климаты
2005 жылғы жауын - шашынның ластануы
Ауа қысымы
Жауын-шашын
Қазақстан Республикасының климаты
Тіршілік қауіпсіздігін қорғау. Экологиялық проблемалар
Жалпы жертану (сұрақ-жауап түрінде)
Пәндер