Қазақстан көлдеріне жалпы сипаттама



Кіріспе 4
1 Қазақстан көлдері туралы түсінік 6
1.1 Көлдердің генезисі 6
1.2 Қазақстан көлдерінің географиялық таралу ерекшеліктері. 8
2 Қазақстан көлдеріне жалпы сипаттама 12
2.1 Қазақстанның ең ірі көлдері 12
2.2 Қазақстанның ең терең көлдері. 21
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер 27
Тақырыптың өзектілігі. Жер шарындағы терең көлдер тау жасалу үрдістер кезінде пайда болған мұндай көлдерді техникалық көлдер деп атайды. Мұндай көлдерге: Сібірдегі Байкал, Тянь-Шаньдағы Ыстық көл, Алтайдағы Зайсан жатады. Кейбір жағдайда тау опырылып, өзен аңғарларын бөгеп тастаған кезде де көлдер пайда болады. Мысалы, Памирдегі Сарез, Іле Алатауындағы үлкен Алматы көлдері, мұндай көлдерді бөген көлдер деп атайды. Бір кездегі теңіздің орнын қалдық көлдер алып жатады. Каспий, Арал көлдері – қалдық көлдерге жатады.
Кең байтақ республикамыз көлдерге бай. Көлдер, әсіресе, Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі тұйық ойпаңдарда жиі орналасқан. Қазақстанда 48 мыңнан астам ірілі-ұсақты көл бар. Олардың басым көпшілігі ұсақ көлдер болғанымен, 21 көлдің ауданы 100 км²-ден асады.
Көлдер таралуы климат жағдайларына тікелей тәуелді. Ылғалды аудандарда көлдер көбірек және көпшілігі тұщы келеді. Климаты құрғақ аудандарда көлдер аз, олар әдетте таяз сулы, ағынсыз, суы тұзды болады. Көлдер белгілі бір ауданда топтанып орналасады. Көлді аудандар қатарына Каспий маңы және Тұран ойпаттары, Батыс Сібір жазығы, Сарыарқаның аласа таулы бөліктері мен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандар жатады.
Қазақстан көлдері шығу тегіне байланысты бірнеше типке бөлінеді. Тектоникалық көлдер қатарына Зайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз-Қорғалжын тобындағы көлдер, Көкшетау көлдері жатады. Реликті (қалдық) көлдер ежелгі жазықтарға тән. Қазақстанның ең ірі қалдық көлдері — Каспий мен Арал теңіздері. Олар біртұтас су айдыны болған Тетис теңізінің орнындағы қалдық көлдер болып табылады. Мұздық көлдер биік таулы аймақтардағы ежелгі мұз басу аудандарында шоғырланған. Алматы маңындағы Үлкен Алматы көлі шығу тегі жағынан мұздық көл болып табылады.
1 Физическая география Республики Казахстан/Под.Ред. Жаналиевой.-Алматы: Қазақ университеті, 1998, с. 210-230 .
2 В.И.Попов, Т.С.Гуляева, А.Ю.Абулханова. Методические особенности рекреационной оценки горных территорий // Проблема развития туризма и возрождение исторической значимости Шелковго пути: сб.- Шимкент,.
3 В.М.Чупахин. Высотныее геосистемы гор Южного Казахстана и Средней Азии . Алма-Ата: Наука, 1974
4 Пузырева. Климатическая районирования Южного Казахстана. –АлмаАта: Наука, 1975, с.174-180. Н.А.Гвоздецкий. Высотно-зональный закономерности ландшафтный диференциаций горных стран. Алма-Ата: Наука, 1975, с.55- 63.
5 Л.П.Чубков, Ю.Н.Шварева. Основные черты климата в погодах //Климат Казахстана. -Гидрометеоиздат, 1969, с. 75-90.
6 Афанасьева,Л.Н.Бондаренко,Т.C.Рустаманов.Метеорологические условия климатотерапии и отдыха вКазахстане в теплое время года//Вопросы географии. Вып. 89: Климат и человек.- М.: Мысль,1997, с.79-96.
7 И.А.Афанасьева. Климато-Рекреационная оценка место массового отдыха предгорных и горных районах Заилиского Алатау // Горные системы: Тезисы докл. Всесоюзного симпозюма «Горные геосистемы внутриконтинентальных пустын и полупустын». –Алматы: МФГО, 1982.
8 Н.И.Рубцов. Растительный покров Джунгарского Алатау.- Алма-Ата: Изд. А.Н. КАЗ ССР 1948, с. 78-85.
9 Климат Казахстана// под редакцией А.С.Утешев. – Л.: Гидрометеоиздат,1959, с. 51- 79.
10 И.С.Соседов, Л.Н.Филатова. Водны баланс и водные ресурсы северного склона Джунгарского Алатау.– Алматы: Ғылым, 1978, с. 67-88.
11 В.П.Благовещинский, Т.С.Гуляева, Высотная поясность стихиных экзогенных процесов в Жунгарском Алатау // Геоэкологические проблемы горных и межгорных систем: сб. – Алматы: Қазақ университеті, 2001 (материалы международной конференции).
12 И.В.Северский, В.П.Благовещенский. Лавиноопасные районы Казахстана. – Алматы: Ғылым, 1990, с. 106-115.
13 И.С.Соседов, А.Н.Филатова. Водный баланс и водные ресурсы северного склона Джунгарского Алатау. Алматы: Ғылым, 1984, с. 36-78.
14 А.Р.Медеуов, М.Т.Нурланов. Селовые явления сейсмоактивныных территорях Казахстана. – Алматы: Қаржы-Қаражат,1996, с. 18-73.
15 Гировка Н.Н. Туристско-Рекреационные ресурсы Семиречья и опасные экзогенные процесы. – Алматы: Санат, 1996, с. 31-48.
16 Грудзинский М. Дорога в горы. Алма-Ата: Мектеп, 1965, с. 65-83.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан көлдеріне жалпы сипаттама
Мазмұны

Кіріспе 4

1 Қазақстан көлдері туралы түсінік 6

1.1 Көлдердің генезисі 6

1.2 Қазақстан көлдерінің географиялық таралу ерекшеліктері. 8

2 Қазақстан көлдеріне жалпы сипаттама 12

2.1 Қазақстанның ең ірі көлдері 12

2.2 Қазақстанның ең терең көлдері. 21

Қорытынды 25

Пайдаланылған әдебиеттер 27

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Жер шарындағы терең көлдер тау жасалу үрдістер
кезінде пайда болған мұндай көлдерді техникалық көлдер деп атайды. Мұндай
көлдерге: Сібірдегі Байкал, Тянь-Шаньдағы Ыстық көл, Алтайдағы Зайсан
жатады. Кейбір жағдайда тау опырылып, өзен аңғарларын бөгеп тастаған кезде
де көлдер пайда болады. Мысалы, Памирдегі Сарез, Іле Алатауындағы үлкен
Алматы көлдері, мұндай көлдерді бөген көлдер деп атайды. Бір кездегі
теңіздің орнын қалдық көлдер алып жатады. Каспий, Арал көлдері – қалдық
көлдерге жатады.
Кең байтақ республикамыз көлдерге бай. Көлдер, әсіресе, Қазақстанның
солтүстік бөлігіндегі тұйық ойпаңдарда жиі орналасқан. Қазақстанда 48
мыңнан астам ірілі-ұсақты көл бар. Олардың басым көпшілігі ұсақ көлдер
болғанымен, 21 көлдің ауданы 100 км²-ден асады.
Көлдер таралуы климат жағдайларына тікелей тәуелді. Ылғалды аудандарда
көлдер көбірек және көпшілігі тұщы келеді. Климаты құрғақ аудандарда көлдер
аз, олар әдетте таяз сулы, ағынсыз, суы тұзды болады. Көлдер белгілі бір
ауданда топтанып орналасады. Көлді аудандар қатарына Каспий маңы және
Тұран ойпаттары, Батыс Сібір жазығы, Сарыарқаның аласа таулы бөліктері мен
оңтүстік-шығыстағы таулы аудандар жатады.
Қазақстан көлдері шығу тегіне байланысты бірнеше типке бөлінеді.
Тектоникалық көлдер қатарына Зайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз-Қорғалжын
тобындағы көлдер, Көкшетау көлдері жатады. Реликті (қалдық) көлдер ежелгі
жазықтарға тән. Қазақстанның ең ірі қалдық көлдері — Каспий мен Арал
теңіздері. Олар біртұтас су айдыны болған Тетис теңізінің орнындағы қалдық
көлдер болып табылады. Мұздық көлдер биік таулы аймақтардағы ежелгі мұз
басу аудандарында шоғырланған. Алматы маңындағы Үлкен Алматы көлі шығу тегі
жағынан мұздық көл болып табылады.
Көлдердің шаруашылықта пайдасы үлкен. Олардың ең 1-ші байлығы – тұщы
суы. Көл суын адам ауыз су ретінде, мал суаруға, егін егуге, түрлі
өндіріске жұмсайды. Көлдер кеме қатынасы үшін пайдаланылады. Мысалы, Каспий
теңізі, Солтүстік Америкадағы ұлы көлдер. АҚШ пен Канада арасындағы су жолы
қызметін атқарады.
Жұмыстың мақсаты. Қазақстандағы көлдер туралы жалпы сипаттама беріп,
олардың ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.
Жұмыстың міндеттері:
- Қазақстанның көлдері туралы мәлімет беру;
- Қазақстандағы ең терең көлдер мен ең ірі көлдер туралы мағлұмат
беру;
- Олардың орналасу аумағы туралы мәлімет беру;
Жұмыстың практикалық маңызы. Ладога мен Онега көлдерін айтуға да
болады. Көлдер әртүрлі өсімдіктер мен жануарларға бай. Кәсіптік маңызы бар
балықтар ауланады. Тұнба көлдерден тұз өндіріледі.
Зерттеу әдістері: . Әдеби құжаттар, картографиялық материалдар.

1 Қазақстан көлдері туралы түсінік

1.1 Көлдердің генезисі

Республика облыстары бойынша көлдердің орналасуының үлестік
коэффициенті 0,0002-ден 4,38 аралығында, ал ландшафт бойынша: орманды дала
аймақта 2,83, дала – 1,76, шөлейт – 0,65, шөл (Балқаш көлін қоспағанда) –
0,37 және таулы аймақтарда – 1,13 коэффициент.

Көлдер бір жерлерде бір-бірінен жүздеген километр қашықтықта, енді бір
жерлерде бір-біріне жақын орналасады. Ең ірі көлдер республикамыздың
оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде орналасқан. Олар Орталық
Қазақстандағы Балқаш пен Теңіз көлдері, Жоңғар қақпасындағы Алакөл мен
Сасықкөл, Алтайдағы Марқакөл. Көлдер, әсіресе, орманды дала және дала
аймағының солтүстік бөлігінде, сонымен қатар ірі өзен алқаптарында, құмға
сіңіп жоғалып кететін тұйық өзен атырауларында жиі кездеседі.
Су айдындарының көпшілігі борпылдақ кайназой шөгінділері үстінде –
теңіз деңгейімен есептегенде 100 метрден 350 метрге дейінгі биіктіктерде
орналасқан. Көлдердің су жиналатын алабы әдетте 10 шаршы километрден 320
километрге дейін, ал шөлейт және шөл аймақтарда олардың анағұрлым
қомақтырақ. Көлдердің тереңдігі 2 метрден 8 метрге дейінгі аралықта ауытқып
отырады, кей жерлерде одан да терең болады. Атап айтқанда, Алакөлдің
тереңдігі – 54 метр, Үлкен Шабақты – 37 м, Шортанды – 31 м, Марқакөл – 27
м, Балқаш – 26 метр.
Көл суының мөлдірлігі 0,3 метрден 18 метр тереңдік аралығында, қыста
мөлдірлік артып, жазда еріген судың қосылуына байланысты кемиді.
Көл суының минералдығы көл суын пайдаланудың маңызды көрсеткіші болып
табылады. Тұздылығына қарай көл суы тұщы су, кермек су, ащы су және тұзды
су болып бөлінеді.
Химиялық құрамы жағынан көл сулары сульфатты, гидрокарбонатты және
хлорлы болып үш класқа бөлінеді. Көл суларының 87 проценті сульфат класына
жатады (Балқаш, Алакөл, Қамыстыбас, Теңіз және көптеген кіші көлдер).
Қалғандары гидрокарбонатты және хлорлы көлдер класына жатады, әйтсе де саны
жағына хлорлы көлдер көбірек.
Республикамыздағы көлдерде балықтың 35 түрі кездеседі, олардың ішінде
ауланатыны – сазан, көксерке, майбалық, ақ балық, алабұға, табан балық.
Балқаш, Алакөл, Билікөл, Қамыстыбас және Марқакөлден ауланатын балық
мөлшері 0,5-тен 40 килограмға дейін. Осы көлдерден жыл сайын 16-17 мың
тонна балық ауланады.
Су өсімдіктері. Көл қамысы 500 мың гектар жерді алып жатыр, ол
негізінен Балқаш, Алакөл көлдерінің және Шу, Нұра, Сырдария өзендерінің
жағалауларында өседі.
Есептеулерге қарағанда, 150 мың гектар жерден 1,5 млн. тонна құрғақ
қамыс дайындаға болады.
Қазақстанда 48 262 көлдері бар.

Қазақстанның ең ірі көлдерінің картасы
Көл Ауданы, км²

1 Каспий теңізі 371000
2 Балқаш 16400
3 Арал теңізі 13900 (2010 ж)
4 Солтүстік Арал теңізі 3300
5 Алакөл 2200
6 Зайсан 1810
7 Теңіз көлі 1590
8 Сілетітеңіз 750
9 Сасықкөл 736

1.2 Қазақстан көлдерінің географиялық таралу ерекшеліктері.

Қазақстан көлдерге өте бай. Мұнда Каспий, Арал теңіздері және дүние
жүзі бойынша көлемі жағынан он жетінші орынды алатын Балқаш көлі сияқты ірі
көлдер бар. Ауданы 1-2 мың шаршы км-ге жететін көлдерде аз емес.
Ұсақ көлдердің саны бірнеше мыңға жетеді.
Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктеріне: таралуының өзіндік
сипаты, әр кезеңде пайда болуы (әр жастылығы), деңгейінің шұғыл ауытқып
тұруы, типологиялық жағынан сан алуан түрлі болуы, және олардың
көпшілігінің ағынсыз болып келуі жатады.
Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында бір қатар ерекшелктер
бар.Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке
қарай азайады. Мұнымен қатар олар белгілі бір аудандарда топ-топ болып
орналасады. Көлдер Каспий бойы, Тұран және Батыс Сібір ойпаттарында, сондай-
ақ аласа таулы орталық Қазақстан және оңтүстік шығыстағы биік таулы
аймақтарда көп. Құмды және сазды шөлдерде көлдер аз.
Көл су қоймаларының пайда болуы жеке аудандарының өзіндік
ерекшеліктеріне байланысты. Каспий бойы ойпатының көлдері теңіз түбінен
таяу уақыттарда ғана босаған, көпшілігі реликт көлдер. Теңізден ертеректе
босаған Тұран ойпатында реликт көлдерге неғұрлым ірі көлдер жатады.Бұл
ауданның орташа және кішігірім көлдері шөлге тән су аяғы құрдымда
аяқталатын өзендерден пайда болады. Үштік дәуірдің шөгінді қабаттарынан
тұратын Батыс сібір ойпатының көлдері көбінк суффозиялық көлдер типіне
жатады. Ұсақ шоқылы орталық Қазақстаннның көлдері шығу жағынан көбінесе
тектоникалық және тектоникалық-эрозиялық болып келеді .Биік таулы
аймақтарда көлдердің қазан шұңқырының пайда болуы тектоникалық процестермен
және мұзықтардың әрекетімен байланысты. Сазды шөлдердің көлдері дефляциялық
жолмен пайда болған.
Қазақстан көлдерінің әр жаста (әр кезеңде болуы) оның териториясының
жеке аудандарының әр түрлі жаста болып келумен байланысты. Жазық аласа
таулы бөліктің көлдерінің көпшілігі өзінің эволюциялық дамуының соңғы
стадиасына жеткен. Мұнымен қатар шөлдің көлдері тез тұзданып тұз байлайтын
көлдерге айналады. Жергілікті халықтар оларды тұз деп атайды. Мұнан әрі бұл
көлдер сорға айналады.
Орманды және дала зоналарының көлдері біртіндеп борпылдақ
жыныстарымен толып, оларды өсімдік қамтауда. Олардың көпшілігі құрудың әр
түрлі стадиасына жеткен.
Биік таулы аймақтардың көлдері даму кезеңі жөнінен жас көлдерге
жатады.
Қазақстан көлдерінің су деңгейі өте ауытқып тұрады. Деңгейінің шұғыл
өзгеретіні соншалық тіпті кейбір тайыз көлдер мезгіл-мезгіл кеуіп қалады.
Көлдердің деңгейі жыл маусымдарына байланысты сондай-ақ көп жыл бойы
ауытқып отырады. Деңгейінің үлкен мөлшерде ауытқуы жағалау сызықтары
конфигурафиясының күшті өзгеруіне, көл аудандарының кішіреуіне, кейде
көлдердің біржолата құрып кетуіне әкеліп соғады.
Осымен байланысты өткен таяу жылдары орта Азия мен Қазақстанның
зерттеушілерінің алдында Орта Азияның құрғауы жайында мәселе қойылды.
Кейінгі жылдардағы зерттеулер, әсіресе Л.С.Бергтың көптеген еңбектері көл
деңгейлерінің төмендеуі олардың жаппай құрып кетуге әкеліп соғатын бір
беткей, төмендеуге ұшыратпайтындығын көрсетті. Кейбір көл су қоймаларын
ұзақ жылдар бойы үздіксіз бақылаудың нәтижетсінде, олардың деңгейінің
мезгілдік ауытқуы негізінен климаттық жағдайларының өзгеруіне әсіресе қыста
түсетін атмосфералық жауын – шашынның өзгеруіне, мөлшеріне байланысты екені
анықталды.
Қазан шұңқырларының пайда болуына қарай бөлінетін, қазақстандағы көл
су қоймаларының типтері барынша әр-түрлі. Мынадай типтерді ажыратуға
болады:
1. Риликт немесе қалдық көлдер – алғашқы пайда болған жазықтықтарға
соның ішінде Каспий бойы опатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының, Торғай
қақпасының және Балқаш, Алакөл ойысының кейбір көлдері жатады. Каспий, Арал
теңіздері және Балқаш, Алакөл көлдерінің тобы да кәдімгі реликт көлдері
болып есептеледі.
2. Тектоникалық көлдер – таулы аудандарға, әсіресе Орталық
Қазақстанның ұсақ шоқылы аймағына және қазақстанның Оңтүстік шығысындағы
биік-таулы аймақтарға тән. Бұл типке Зайсан, Қарасор, Теңіз-Қорғалжын
көлдердің тобын, Көкшетау көлдерін, атап айтқанда Бурабай тобындағы
көлдерді жатқызуға болады. Орталық Қазақстанның кейбір көлдері пайда болу
жағынан тектоникалық-эрозилық болып келеді. Биік таулы аймақтардың кейбір
көлдері тектоникалық тоған көлдерге жатады.
3. Мұздық көлдер – биік таулы аймақтарға тән.Және ертедегі мұз басу
аудандарында шоғырланған.Олар мынадай түрлерге бөлінеді:
а) Мореналық - тоған көлдер. Бұлар үлкен Алматы өзенінің бас
жағындағы Үлкен Алматы көлі, Жоңғар алатаының солтүстік беткейіндегі Лепсі
өзенінің басталатын жеріндегі жоғары және төменгі Жасылкөлдер т.б
ә) Қар көлдері - өте көп, бірақ көлемі кіші;
б) Мұздық ткетоникалық көлдер, яғни пайда болуы жағынан аралас
көлдер. Бұған Алтайдағы Марқакөлді жатқызуға болады.
4. Суффозиялық немесе жердің беткі қабатының шөгінуінен пайда болған
көлдер, бұған Батыс Сібір ойпатының кішігірім көлдерінің біразы кіреді.
5. Дефляциялық көлдер - олар дефляциялық қазаншұңқырларда болады.
Оларға Үстірт дөңінің көлдері: Сам, Асмантай-Мата, және Бетпақ дала
үстіртінің көлдері- Дабысынтұз т.б. жатады.
6.Аңғар – арна көлдері - олардың ішінде мыналарды бөлуге болады:
а) Ескі арна көлдері - олар тікелей өзен жайылмаларында орналасқан;
ә) Аңғар соңы көлдері - олар сағасыз аяқталатын өзендерден пайда
болады;
7. Карст көлдері - көлемі жағынан шағын орталық Қазақстанның кейбір
аудандарында және Тянь-Шаньнің оңтүстік батысында кездеседі.

2 Қазақстан көлдеріне жалпы сипаттама

2.1 Қазақстанның ең ірі көлдері

Каспий теңізі (орыс. Каспийское море, әз. Xəzər dənizi, парсыша: دریای
خزر‎ — Daryâ-ye Xazar, түрікм. Hazar deňzi) — Еуропа мен Азия аралығында
орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз
деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында
қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы
қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-
ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір
сүрген халықтардың қойған аттары.
Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының
көтерілуінен Қара теңізденбөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған
уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2.
Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке
қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал
енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км.
Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан
үлесіне - 29% (2340 км), Ресейге - 9%, Әзірбайжанға - 20%, Түрікменстанға -
21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді.
Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар құнды. Олардың
теңізге қүятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің
80%-ы Еділ өзенінің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%-ын Батыс
жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-
ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар
жоқ.
Қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы
бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып отырды
(регрессия). Плейстоцен кезеңінде (70 млн. жыл бұрын) теңіздің Понто-Каспий
алабы оңтүсігінде орналасқан. Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды.
Понтий кезеңінде (10 млн. жыл бұрын) құрамында қазіргі аумақты алып жатқан
Қара және Каспий теңіздері бар Сармат тайпасы бірнеше бөлікке бөлінді.
Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы
пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта
плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек
Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген.
Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай үшке бөлінген.
Солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегібойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі
содан Апшерон түбегінедейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне
келеді. Солтүстік бөлігі таяз, көп жерінде 5 м-ден аспайды, ең терең жері
26 м, жалпы теңіз ауданының 24%-ын алады. Орталық Каспийдің орташа
тереңдігі 200 м, ең терең жері 788 м, жалпы теңіз ауданының 36%-ын қамтиды.
Оңтүстік бөлігінің орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025 м, теңіз
ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алып жатыр. Қазақстанға жататын
солтүстік және орта бөлігінің солтүстік анағұрлым тайыз болып келеді.
Аралдар саны аз, жалпы ауданы 2045 км2. Қазақстан жерінде олардың 88%-ы
орналасқан. Ең ірілері Төленді аралдар тобындағы (архипелаг) Құлалы (73
км2) және Морской (65 км2) аралдары. Каспийге шығыс жақтан Маңғыстау,
Түпқараған, Бозашы сияқты үлкен түбектер сұғына еніп жатыр, шығыс
жағалауында шығанақтар да көбірек кездеседі. Олардың қатарында Маңғыстау
мен Қазақ шығанақтары бар. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында 1200 км-
ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының Ұзындығы 7000 км.
Ірі шығанақтары: Маңғыстау шығанағы, Қазақ шығанағы, Қарабұғазкөл,
тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, тағы
басқа).
Ірі түбектері: Маңғыстау
түбегі, Апшерон, Аграхан, Красновод ск, Шелекен.
Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары
тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп.
Теңіз екі климаттық белдеуле орналасқан. Солтүстігі қоңыржай
континентті климатта, оңтүстік батысы — құрғақ субтропиктер, шығысы Орта
Азияшұғыл континентті климаттар арасында жатыр. Жазда Каспий теңізінің беті
қатты қызады, температура барлық бөлігінде де бірдей: шілдеде орташа
температура 240о-260оС. Қыста температура өзгеше. Солтүстігінде қысы аязды
болып келеді. Қаңтарайының орташа температурасы -7-11оС. Орта бөлігінде 10о-
50оС, ал оңтүстікте 8о-10оС. Қаңтардың ең төменгі температура -38оС-қа
жетелі. Теңіздің шығыс жағалауының қысы барлық ендікте де батыс жағалауға
қарағанда суықтау келеді. Қыс айларында Каспий теңізінің тек солтүстік таяз
бөлігі ғана қатады. Мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетелі. Судың жоғарғы
қабаттарының қысқы температура солтүстігінде -1о-тан 0о-қа дейін,
оңтүстігінде 10о-11оС-қа дейін жоғарылайды. Тамыз айында температура
айдынның бірқатар бөлігінде 24˚С, ал оңтүстікте 28˚С-қа дейін көтеріледі.
Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп тұрады. 1830-1929 жылдары 25,5 және 26,6 м
көрсеткіштен айнымалы. 1929 жылдан 1977 жылға дейін деңгейдің күрт
төмендеуі (-29 м) байқалды. 1978 жылдан бастап Каспий қайта көтерілді, 1995
жылдың басында - 26,5 м-лік көрсеткішке жетті. Жағалауды теңіз суы қайта
басты. Еділ сағасында 4-5 км, Жайық сағасында 6-12 км, Қаратон, Теңіз,
Прорвада кен орындарының тұсында 35-45 км, Бозашы түбегінде 4-10 км жер су
астында қалды. Теңіз суының қазіргі деңгейінің жоғарылауын климаттық
жағдайға байланысты түсіндіреді. Каспий суының көтерілуі 45%-ы теңізге
құятын өзендер, 16%-ы айдынға жауатын жауын-шашынның молаюы, 25%-ы теңіз
үстінен булану мөлшерінің азаюы және 14%-ы Қарабұғазкөл Шығанағына
құйылатын суды шектеуге байланысты.
Алакөл  — Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан
облысының аумағында орналасқан тұйық көл, Қазақстандағы ең ғажайып
көлдердің бірі.
Сонымен қатар аумағы 20 мың гектардан асатын бұл өлкеге денсаулығын
түзеткісі келетіндерден басқа, теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулағанды
ұнататындар келеді.
Орта ғасырларда "Гургенор", кейін "Алактогол", "Алатеңіз", "Алакта"
деп те аталған. Алакөл — Жетісудың Балқаштанкейінгі үлкен көлі. Ол Алакөл
ауданының солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Көл ағынсыз, солтүстік-
батыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 247,3 м
абсолюттік биіктікте орналасқан. Көлдің аралдарымен қоса есептегендегі
аумағы 2696 км2, ұзындығы 104 км, ең шығыңқы ені 52 км, жағалауларының
ұзындығы 384 км, орташа тереңдігі 22,1 м, ең терең жері 54 м, көлдің су
көлемі 58-60 км3. Су жиналатын алабы 47859 км2. Алакөлдің ең ірі шығанағы —
Алакөл шығанағы. Ол көлдің оңтүстік-шығысындағы тау аралық ойыста
орналасқан.
Алакөлге 15-тен аса өзен құяды 
Олардың негізгілері: Үржар (Ұрыжар), Қатынсу, Емелқұйса, Жаманөткел,
Ырғайлы, Жаманты өзені.
Алакөл жағалауы, негізінен төрттік дәуірдің түрлі тау жыныстарынан
(саз балшық, құмды топырақ, қиыршық тас, ұсақ құм) тұрады. Көл суының қатуы
әрқалай. Тайыз бөлігі қараша айының аяғында, орта тұсы ақпанның басында
тегіс қатады. Мұз құрсау 2 айға дейін созылады. Алакөл суында фтор мен бром
көп. Көл жағасында қамыс, қияқ, қоға, шалаң,  су
қарақұмығы, жебежапыақ, мүйізжапыра қ, тағы басқа өседі.
Көл маңы құсқа (жылқышы, аққу, шағала, көкқұтан, тағы басқа) бай.
Сондай-ақ бұл көлді әлемде сирек кездесетін, "Қызыл кітапқа" енгізілген
реликті шағала мекендейді. Аңдардан: ондатра, қамыс мысығы, жабайы
шошқа, қамыс түлкісі, су тышқандары бар.
Алакөл - Балқаш-Алакөл қазаншұңқырының шығысында, Алматы және Шығыс
Қазақстан облыстары шекарасының қиылысында және Балқаш-Алакөл жазығында
орналасқан ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше
атауы болған: Түрге - Нұр (моңғол тілінен аударғанда көпір-
көл), Алақтакөл, Алатеңіз,Алақта. Көлге 15 өзен құяды, олардың ішінде
негізгілері - Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманаткөл, Тасты. Алакөл
- өте келбетті, табиғи рельефі сұлу қазаншұқырға жатады. Оған батыс
жағалауындағы Тоқта тауы, шығысындағы Барлық жотасы, түстік
шығысындағы Жоңғар Алатауы, сол жағындағы мұнартқан Тарбағатай жотасы,
сондай-ақ, жергілікті жұрт Арал төбе атайтын ортасындағы аралдар айрықша
әр береді.
Жалпы, Алакөл - емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Мұндағы
Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып
жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға,
йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа
пайдасы меицинада дәлелденген. Бір замандарда Жібек жолының керуендері де
көл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық қазақтанның аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдары
Баянауыл табиғи ұлттық саябағы
Көкшетау-Бурабай аймағында курортты-рекреациялық шаруашылықтың дамуы
Алматы облысының көлдерінің температура режимі
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Көкшетау–Бурабай аймағына жалпы сипаттама
Ұлы көлдер
Қазақстанның өзендерінің экологиялық жағдайы
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫ
ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР
Пәндер