Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы



Кіріспе 4
1Орталық Қазақстанның физикалық . географиялық жағдайы 6
1.1 Географиялық орны 6
1.2Орталық Қазақстан өнеркәсібі 9
2 Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы 13
2.1 Табиғат ресурстары 13
2.2 Орталық Қазақстанның қалалары. 16
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер 28
Тақырыптың өзектілігі. Орталық Қазақстанның қалалары мен өндірістерінің пайда болуының және дамуының арнайы ерекшеліктері олардың әлеуметтік дамуының өзіндік ерекшелігіне әсер ете алмады. Өсіп келе жатқан қалаларды жоспарлаудың бар тәжірибесі, ең алдымен, өндірісті орналастыруға жүгінді. Сонымен, Шахтинск қ. кокстелген көмірлердің жеткілікті запасы арқылы пайда болды. Сәтті жылдардың өзінде мұнда әйел адамға жұмыс табу оңай болған жоқ. Синтетикалық жуғыш заттар зауыты, кейін «Ақ-Толқын» АҚ, шикізат базасынан кеншілердің әйелдеріне жұмыс орнын қамтамасыз ету үшін салынған; Абай қ. – Шерубайды игеруге байланысты – Нұра көмір ауданы, және оның дамуы мен перспективалары отын алумен, кеншілердің еңбегімен алдын ала анықталған; Саран қ. игерілетін Саран көмір кенорны маңында пайда болған; Сәтпаев қ. – Қарсақпай мыс кенорнын өндірумен және бір комбинатын салумен байланысты; Қаражал қ. – темір рудалары кенорындарын әзірлеумен және онда Атасу тау-кен байыту комбинатын құрумен байланысты; Теміртау қ. – кейін Республиканың қара металлургия флагманына айналған Қарағанды металлургиялық комбинатына борышты .
Қарағанды облысының жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінде Теміртау қаласы кәсіпорындарының шығаратын өнімдерінің үлес салмағы 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 32,4%-ті құрады, оның ішінде: жалпақ жайма 100%, қара металдан құбыр жасау - 89,2 %, жылу энергиясы- 42,8%, электр энергиясы - 25,0%, тас көмір - 47,2 %, цемент - 100%-ті құрады.
Қазақстанның басқа қалаларының ішінде Теміртаудың алатын орны ерекше. Тарихи өлшем бойынша қаланың қысқа, түрлі оқиғаларға толы өмірі – Республикамыздың қалыптасуының ажырамас бөлігі.
1. Маргулан А.Х. Джезказган – Древний металлургический центр (Городище Милыкудук)/ Археологические исследования в Казахстане. – Алма-Ата.: Наука, 1973
2. Голиков Н.Ф., Двоскин Б.Я., Спектор М.Д. Проблемы расселения населения Казахстана.- Алма-Ата.: Наука, 1989 г.
3. Собрание Указов распоряжений РСФСР, 1934, №9
4. Искаков У.М. Города Казахстана: проблемы социально-экономического развития. – Алма-Ата.: Наука, 1985
5. Майбас Т. Абай атын алған аудан.// Орталық Қазақстан, 2002, 13 ақпан.
6. Рахымқызы А. Қаламыздың тарихы еліміздің тарихы// Абай – ақиқат., 2001 жыл. – 3 ақпан.
7. Рахымқызы А. Қаламыздың тарихы еліміздің тарихы// Абай – ақиқат., 2001 жыл. – 17 наурыз.
8. Ведомости Верховного Совета СССР, №1, 1955год.
9. Ведомости Верховного Совета СССР, №36 (1071), 1961год.
10. Казахская ССР. Административно-территориальное деление на 1 января 1959 года. 3 издание. – Казгосиздат, Алма-Ата, 1959
11. Казахская ССР. Административно-территориальное деление на 1 января 1975 года. Издание 6-е. - Алма-Ата.: Казахстан, 1975

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы
Мазмұны

Кіріспе 4

1Орталық Қазақстанның физикалық - географиялық жағдайы 6

1.1 Географиялық орны 6

1.2Орталық Қазақстан өнеркәсібі 9

2 Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы 13

2.1 Табиғат ресурстары 13

2.2 Орталық Қазақстанның қалалары. 16

Қорытынды 27

Пайдаланылған әдебиеттер 28

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Орталық Қазақстанның қалалары мен
өндірістерінің пайда болуының және дамуының арнайы ерекшеліктері олардың
әлеуметтік дамуының өзіндік ерекшелігіне әсер ете алмады. Өсіп келе жатқан
қалаларды жоспарлаудың бар тәжірибесі, ең алдымен, өндірісті орналастыруға
жүгінді. Сонымен, Шахтинск қ. кокстелген көмірлердің жеткілікті запасы
арқылы пайда болды. Сәтті жылдардың өзінде мұнда әйел адамға жұмыс табу
оңай болған жоқ. Синтетикалық жуғыш заттар зауыты, кейін Ақ-Толқын АҚ,
шикізат базасынан кеншілердің әйелдеріне жұмыс орнын қамтамасыз ету үшін
салынған; Абай қ. – Шерубайды игеруге байланысты – Нұра көмір ауданы, және
оның дамуы мен перспективалары отын алумен, кеншілердің еңбегімен алдын ала
анықталған; Саран қ. игерілетін Саран көмір кенорны маңында пайда болған;
Сәтпаев қ. – Қарсақпай мыс кенорнын өндірумен және бір комбинатын салумен
байланысты; Қаражал қ. – темір рудалары кенорындарын әзірлеумен және онда
Атасу тау-кен байыту комбинатын құрумен байланысты; Теміртау қ. – кейін
Республиканың қара металлургия флагманына айналған Қарағанды металлургиялық
комбинатына борышты .
Қарағанды облысының жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінде Теміртау
қаласы кәсіпорындарының шығаратын өнімдерінің үлес салмағы 2010 жылдың 1
қаңтарындағы жағдай бойынша 32,4%-ті құрады, оның ішінде: жалпақ жайма
100%, қара металдан құбыр жасау - 89,2 %, жылу энергиясы- 42,8%, электр
энергиясы - 25,0%, тас көмір - 47,2 %, цемент - 100%-ті құрады.
Қазақстанның басқа қалаларының ішінде Теміртаудың алатын орны ерекше.
Тарихи өлшем бойынша қаланың қысқа, түрлі оқиғаларға толы өмірі –
Республикамыздың қалыптасуының ажырамас бөлігі.
Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар
қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Т араз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және
Орталық Азия елдерімен байланыстырады.
Орталық Қазақстанда өнеркәсіп салаларынан тас көмір, мыс өндіру,
қорғасын-мырыш, сирек металдар, химия-металлургия, қара металлургия жақсы
дамыған.
Мақсаты: Орталық Қазақстанның алғашқы қауымдық кезеңнен бастап қазіргі
кезеңге дейінгі қалыптасуы туралы мәлімет беру.
Міндеттері:
Орталық Қазақстанның қалалары туралы түсінік қалыптастыру
Орталық Қазақстанның т абиғи ресурстары туралы түсіндіру.
Практикалық маңызы: Аудан республикадағы ауыр өнеркәсібі басым дамыған
аймақ. Қара металлургия, кен өнліру, отын өнеркәсібі, машина жасау және
химия өнеркәсібі ауданның маманданған салалары.
Зерттеу әдістері: Әдеби құжаттар, картографиялық материалдар.

Орталық Қазақстанның физикалық - географиялық жағдайы

5 Географиялық орны

Географиялық орны . Орталық Қазақстан республикасының шағын әрі тұйық
Нұра және Сарысу өзендерінің алабы алып жатқан ортанғы бөлігі – ежелгі
таулы өлке – Сарыарқаға, батысында Оралдан және шығысында Кузбастан бірдей
қашықтықта орналасқан . Бұл ауданның географиялық орнының осындай
ерекшелігі Оралдың металлургия кәсіпорындарын кокстелетін кө- мірмен
негізгі жабдықтаушы ретінде мемлекетаралық маңызын арттырады, ал
континентті Қазақстанның орталығына орналасуы – климатының Қуаншылықты және
тұщы су тапшылығысезінуіне себепші болды .
Табиғат байлықтары . Тас көмір, мыс, темір және марганец кендері ,
полиметалдар, сирек және шашыранды металдар, әр түрлі отқа төзімді
балшықтар, басқы да құрылыс материалдары бар .
Табиғат жағдайлары . Орталық Қазақстанның табиғат жағдайлары ауыл
шаруашылығын, әсіресе егіншілікті дамытуға онша қолайлы емес .Жердің
климаты республиканың басқа аудандардың климатымен салыстырғанда неғұрлым
континентті , жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, қары аз ,күшті жел
соғып тұрады . Жауын-шашын аз жауады . Солтүстігінде Қарағанды және
Қарқаралы ауданыңда жауын-шашынның мөлшері 300 мм-ге дейін жетеді, бұл
суармайтын егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді .
Осы жерден астық тұқымдастар өсетін құрғақ дала зонасының жіңішке
алқабы өтеді, топырағы қоңыр қызыл, ал ауданның бүкіл ортаңғы бөлігін ақшыл
қызғылт топырағы бар шөл дала зонасы алып жатыр, оңтүстік бөлігі жусанды ,
күйреуікті шөл зонасына өтеді, бұл зона, негізінен, мал жайылымы ретінде
пайдаланылады .
Жер суаруғақажетті өзендер өте аз, ал ауданның оңтүстігі мен
батысында көптеген аумақтарда ағын сулар мүлдем жоқ . Сондықтан Орталық
Қазақстанды сумен қамтамассыз ету мәселесінің орасан зор халық шаруашылық
маңызы бар . Ол ауданның өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын дамыту көп жағдайда
осы мәселенің шешілуіне келіп тіреледі . Ауданның сумен
жабдықталуынжақсарту үшін көптеген өзендерде бөгеттер салынған .
Мысалы, Нұра, Жезқазған, Қарсақпай бөгендері, ал 70 жылдардың басында
ұзындығы 500 км-ден асатын Ертіс-Қарағанды каналы іске қосылды . Ол
Павлодар облысындағы Ақсу қаласының маңынан басталады.
Шаруашылық географиясы . Орталық Қазақстанның экономикалық негізін кен
өндіру өнеркәсібі мен металлургия құрайды, сонымен бірге машина жасау мен
химия өнеркәсібі дамып келеді . Өнеркәсіптік тұрғыдан алғанда, өзара тығыз
байланысты ірі кен өндірушіжәне өндеуші өнеркәсіптің дамуы Орталық
Қазақстанда бірыңғай аумақтық-өнеркәсіптік кешеннің қалыптасуына себепші
болды . Оны, негізінен, 2 өнеркәсіп торап
(Қарағанды-Теміртау, Балқаш-Жезқазған )
құрайды .Орталық Қазақстандағы өнеркәсіпторабының ең қуаттысы әрі дамығаны
– Қарағанды-Теміртау торабы.
Қара металлургия: Қазақстан экономикасының серпінді дамуын
айқындайтын факторлардың бірі дамыған тау-кен металлургия кешенінің болуы
болып табылады. Бұл ретте өндірілетін қара және түсті металлургияның
айтарлықтай үлесі Қарағанды облысының аумағында орналасқан кәсіпорындарға
тиесілі.
Қарағанды облысы жеткілікті өңдеуші кәсіпорындар жинақталғандықтан
металл өңдеу жөніндегі кластерінің кәсіпорындарын ұйымдастыру үшін барынша
дайын, бұл олардың арасындағы тиісті ынтымақтастықты ғана емес, өз
кезегінде өнім сапасын жоғарлатуға алып келетін бәсекелестіктің қажетті
деңгейін қамтамасыз етеді.
Металлургия пилоттық кластерін жасау және дамыту жоспарында
ұсынылған іс-шаралар металлургияның 4-5 қайта бөліс өнімдерінің, машина
жасау өнімдерінің экспорты өсімін ынталандыруға, сондай-ақ экономиканың осы
секторына ірі металлургия корпорацияларымен бірігу қағидаты бойынша шағын
және орта кәсіпорындардың мүмкіндігінше көбін тартуға бағытталған шойын,
болат қорытып , прокат шығаратын Қарағанды-Теміртау комбинаты .
Түсті металлургия : Балқаш-Жезқазған кен металлургия комбинаты ,
вольфрам мен молибден өндіретін Қайрақты-Көктемкөл кен байыту комбинаты.
Машина жасау : кен шахта және металлургия жабдықтары , электр
энергиясы жабдық тарын өндіру .
Химия өнеркәсібі : көмір өнеркәсібі мен қара металлургия бірлесу
(кооперация) арқылы өркендеді . Синтетикалық каучук және резеңке-техникалық
бұйымдар зауыты . Кокс химиясы өнеркәсібі азот тыңайтқыштарын, тас көмір
смоласын, күкірт қышқылын өндіреді .
Жеңіл өнеркәсіп : Қарағанды аяқ киім фабрикасы, жиһаз фабрикасы,
сыртқы трикотаж, тігін және шұлық бұйымдары кәсіпорындары .
Тамақ өнеркәсібі : Қарағанды ет комбинаты, Қарағанды кондитер
фабрикасы, диірмен комбинаты, Балқаш балық зауыты .
Ауыл шаруашылығы
Егін шаруашылығы : Қарағанды облысының солтүстік аудандарында жаздық
дәнді-дақылдар егіледі .
Мал шаруашылығы : қой шаруашылығы жақсы дамыған . Сонымен бірге ірі
қара, ешкі, жылқы, түйе және шошқа өсіріледі .
Көлік географиясы . Қарағанды облысының аумағын бойлық (меридиандық)
бағытта 1205 км-ге созылатын Петропавлдан Қарағанды арқылы Балқашқа қарай
трансконтиненттік теміржол кесіп өтеді . Аса маңызды жүк тиеу мен түсіру
станциялары : Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Жарық, Мойынты, Осакаровка және
т.б.

1.2 Орталық Қазақстан өнеркәсібі

Көп салалы өндірістік және өндірістік емес инфрақұрылымды белсенді
дамыту, қалалардың, ауылдық аудандардың өсуі, экономика мен әлеуметтік
саладағы жетістіктер Орталық Қазақстанда 1960-1980-шы жылдарға келеді.
Табиғи ресурстардың байлығы мен оларды пайдалану көмір алуды, қара
және түсті металлургияны, металл сыйымды машина жасау, химиялық және мұнай-
химиялық өнеркәсібін дамытуды қамтамасыз етті. Көмір өнеркәсібі Орталық
Қазақстанның жетекші салаларының бірі болды. Ол 24 көмір шахталарымен және
3 разрезбен ұсынылды. Қарағанды көмір бассейні 6 одақтық, үш автономдық
республиканы және 39 облысты жабдықтады, оның көмірінде 14 мың өнеркәсіптік
кәсіпорындар, сонымен қатар көптеген шетел мемлекеттерінің кәсіпорындары
жұмыс істеді [1].
Орталық Қазақстан осы жылы Республика үшін маңызы зор екенін
қазақстандық кокстелген тас көмірдің 100 % осында алынғанын, осында шойын
және басқа да көптеген металдардың балқытылғанын айтады. Өзара бір-бірімен
өнеркәсіптік тұрғыда байланысты ірі тау-кен өндіруші және өңдеуші
өнеркәсіпті дамыту аймақты бірыңғай аймақтық-өндірістік кешенді
қалыптастыруға әкелді. Оның негізінде үш өнеркәсіптік торап жатты:
Қарағанды — Теміртау, Балхаш және Жезқазған. Орталық Қазақстанның үш
өнеркәсіптік тораптарынан едәуір мықты және дамыған Қарағанды – Теміртау
болып табылды, оның құрамына Абай, Саран, Шахтинск және бірқатар қалалық
типтегі кенттер кірді
Ауыр өнеркәсіп салаларының кешені жеңіл, тамақ өнеркәсібі
кәсіпорындарын толықтырды. Олар өнімді, ең бастысы, жергілікті
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін шығарылды.
ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап 80-ші жылдарына дейінгі кезеңінде
тұрғын-үй массивімен салынған аудан қатты ұлғайды. Көптеген қалаларға
эстетикалық түр беру үшін оларда арнайы әзірленген жобалар бойынша
ғимараттар мен кешендердің құрылысы жүргізілді.
Экономикалық әлеуеттің белгілі бір жоғарылауы, бюджеттің өсуі,
денсаулық сақтауда, халықтық білім беруде, құрылыста материалдық-техникалық
базаның кеңеюі Орталық Қазақстанда  осы кезеңде кешенді әлеуметтік
бағдарламаларды жандандыру үшін жағдайлар жасады.  Соның ішінде,
ауруханалар санын көбейту, жедел жәрдем жұмысын жақсарту жалпы
аурушаңдылықты азайтуға мүмкіндік берді, ал Қарағанды Медициналық институты
Кеңес Одағында алдыңғы қатардағылардың бірі болды.
Орталық Қазақстанда болашақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қалыптастыру жүріп жатты. Белгілі
қоғам қайраткері Ә.Кекілбаев Казахстанская правда газетінде 2000 ж. 6
шілдеде Н.Ә. Назарбаевтың 60-жылдық мерейтойына орай жарияланған Біздің
Президент атты мақаласында оның зауыттағы қызметін әбден әділ сипаттайды:
Көп кешікпей оның осы саладағы жетістіктері, — деп жазды ол, — қалалық,
облыстық, республикалық және одақтық деңгейлерде белгілі болды. Қарағанды
облысында Нұрсұлтан Назарбаев горновойдан бастап облыстың бірінші
басшыларының біріне дейін еңбек жолын өтті [4].
Н.Ә. Назарбаевтың еңбек еткен жылдары Орталық Қазақстанда (1960-1980
жж.) Қарағанды облысында күрделі өзгерістер болды. Н.Ә. Назарбаев облыстың
осы жетістіктеріне өзіндік үлкен үлесін қосты. Оның жұмыс істеген кезеңінде
Қарағанды металлургиялық зауытының құрылысы басталып аяқталды. Зауытта
шойын өндіру осы уақыт ішінде 17,4 есе, болат өндіру 21 есе, дайын илем
13,5 есе өсті [6]. Жоғары өндірістік көрсеткіштерге Қарағанды көмір
бассейні қол жеткізді. Елеулі жетістіктерге Балқаш және Жезқазған тау-кен-
металлургиялық комбинаттарының ұжымдары қол жеткізді. Ауыл шаруашылығы
масштабтары дамыды және кеңейтілді. Маңызды дамуға облыстың қалалары мен
аудандары ие болды. Көп салалы және едәуір дамыған әлеуметтік сала болды.
Халықтың тұрмыстық жағдайларында және білім беруді дамытуда, денсаулық
сақтауда, мәдениет пен ғылымда жақсы өзгерістер болды.
1960-1980 жж. – бұл Орталық Қазақстанда Қазақстанның басқа
аудандарының бірінде бұрын соңды болмаған шаруашылық және мәдени құрылыстың
кең өріс алуы іске асырылған уақыты, жалпы даму тарихындағы экономика мен
әлеуметтік ортаның дамуындағы жемісті кезеңі болды. Өнеркәсіптік өнімді
шығару бес есе өсті. Әсіресе қара және түсті металлургия, көмір өнеркәсібі,
энергетика, химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсібінде, машина жасау
саласында, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде ірі жетістіктерге қол жетті.
Күрделі құрылыстың қарқындары және өнеркәсіптегі жаңа өндірістік
күштерді іске қосу, қалалардың өсуі және халықтың қалалануы, құрылыс
аудандарында және өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекті қарқындату бойынша
Орталық Қазақстанға тең аудандар сол кезде КСРО-да көп болған жоқ. Орталық
Қазақстанға бүкіл ел жұмыс істеді. Бүкіл елге Орталық Қазақстан жұмыс
істеді. Бұл Одақтық орталықтың, Мәскеудің Орталық Қазақстанға деген назар
аударған кезеңі болды. Елбасының жоғары мүддесі аймақта ерекше атмосфера
құрды. Бұқаралық ақпарат құралдары ежелгі Сарыарқа жеріне деген жастарды
қиялға бөлену сезімін оятты. Өзін елде керек, қажет етілетін, керемет
ынтамен жұмысшылар, инженерлік-техникалық және басқарушы қызметкерлер
жаңадан іске қосылған өндірістік қуаттылықтарда еңбек етті. Мұнда өмір
қайнап тұрды, көмір алынып жатты, металл балқытылды, бидай өсірілді.
Адамдар өздерінің қабілеттерін белсенді жүзеге асырып жатты, еңбектік
ерліктер көрсетіп жатты. Орталық Қазақстан жоғары өндірістік көрсеткіштерге
қол жеткізудегі күресте көптеген мықты бастаулар мен көпшілік
қозғалыстардың бастаушысы және маңызды экономикалық және әлеуметтік даму
көрсеткіштері бойынша көптеген әлемдік және бүкілодақтық рекордтардың отаны
болды.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың жағымды нәтижелеріне қарамастан,
күрделі кемшіліктер де болды. Экономиканың дамуына ғылыми-техникалық
прогрестің алдыңғы қатардағы жетістіктерінің техникалық деңгейінің артта
қалуы да әсер етті. Сонымен, Қарағанды қаласының шахталарында қолмен
істелген еңбек деңгейі жоғары болып сақталды. Көптеген көрсеткіштер
шындыққа сәйкес келмеді, себебі асырып айтылған болды, көп жағдайда қағаз
өнері мен хат жазысу орын алды.
Орталық Қазақстанда өнеркәсіп алыптарын салу өңдеу және қайта өңдеу
өнеркәсібі өндірісінің өсу қарқынын төмендетті, халықтық тұтыну
тауарларының өндірісі, тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жеткілікті
дамыған жоқ.
Орталық Қазақстан ғалымдарының аймақтың табиғи ресурстарын игеруге
және өндірістік күштердің дамуына қосқан үлесінің мойындалуы Қарағанды қ.
1983 жылы Қазақ КСРО Ғылым Академиясының Орталық-Қазақстан бөлімін құру
болды.
Қазақстанда үстем болған жалпыға ортақ еңбек күшінің және шиеленісу
жағдайы барлығын және әрқайсысын өз уақытының талаптары деңгейінде болуға
міндеттеді.

2 Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы

2.1 Табиғат ресурстары

Орталық Қазақстанды минералды ресурстардың қазынасы десек те болады.
Бұл ауданда пайдалы казбалардың алуан түрі және үлкен қоры шоғырланған. Жер
койнауындағы көмірдің мол қоры Қарағанды көмір алабында орналасқан. Сонымен
бірге 100% кокстелетін көмір де осында. Мыс кен орындары Балқаш маңы
менЖезказғанда, марганецтің 100%-ы Атасу және Жезді кен орындарында
шоғырланған. Сонымен бірге мұнда сирек металдар да кездеседі. Вольфрам мен
молибденнің негізгі кен орындары Жоғары Қайрақты, Көктенкөл, Солтүстік
Қатпар,Қараоба және Оңтүстік Жауырда орналасқан. Оңтүстік Торғай мұнай газ
алабында мұнай мен газдың 3 кен орны анықталып, барлау жұмыстары
жүргізілді. Соныменбірге кенсіз пайдалы қазбалардың қоры анықталып, әсіресе
құрылыс материалдары көптеп шоғырланған. Аудан жеріндегі пайдалы
қазбалардың ерекшелігі - олардың бір-біріне жақын орналасуында.
Орталық Қазақстанның оңтүстік шығысында Балқаш көлі орналасса, қалған
аумағында (Қарасор, Қыпшақ және т.б.) ұсақ көлдер кездеседі. Олардың дені
ащы көлдер.Судың жетіспеуі өнеркәсіп жөне ауыл шаруашылык салаларын
дамытуға кедергі болуда. Сумен камтамасыз ету үшін Ертіс - Қарағанды -
Жезқазған су қоймалары және канал салынды.
Орталық аудан орман ресурсына тапшы аудандардың бірі, негізгі
ормандары суды қорғауда және рекреациялық мақсатта маңызды рөл атқарады.
Негізгі ағаш түрлері -қарағай,қайың жөне көктерек. Табиғаттың әсем жерлерін
сақтау максатында Қарқаралы ұлттық паркі ашылған.
Қызықты жағдайлар
1. П.И. Шангин (Алтай таулы округінің маркшейдері) Сарыарқаның
табиғатына сипаттама бере отырып, аймактың қорғасын мен мыс кендеріне бай
екендігін және оларды өндірген ежелгі ошақтарын, 1816 жылғы зерттеу
барысында жазып кеткен.
2. XIX ғасырдың ортасында байлық іздеген кәсіпкерлер бірінен соң бірі
келіп 85 кен орнын игерген. 1895 жылы бір ғана Қаркаралы уезінде 311 кеніш
игерілген.
3. 1940 жылға дейін Қарағанды кемір алабында 22 шахта жөне 1 көмір
кесіндісі (Федоров) салынды. Бұл өндіріс орындары тек ауданның ғана емес,
бүкіл Қазақстанның индустриалды дамуына септігін тигізді. Қарағанды
Ресейдің Еділ маңы жөне Орал экономикалык
аудандарын, Башқұртстан республикас ы менОрынбор облысын көмірмен қамтамасыз
еткен. Ұлы Отан соғысы жылдары Қарағанды көмірі бүкіл елімізді отынмен
камтамасыз етті.
4. Орталық Қазақстан марганец (жез) кенінің барланған қоры бойынша
дүние жүзінде 3-орында, ал ТМД елдері арасында Украинадан кейін 2-орында.
Кеннің негізгі коры Атасу кенді ауданында (батыс Қаражал, Үшқатын III,
Үшқатын I, Шығыс Қамыс, Жомарт және т.б.) және Сарысу-Теңіз кенді ауданында
(Түр, Богач) шоғырланған [5]
Орталық Қазақстанның халқы ұзақ уақытқа дейін аз қоныстанған аудан
ретінде белгілі болатын. Ұлы Отан соғысына дейін және тың жерді игеру
кезінде Кеңес өкіметініңбатыс аймақтарынан славян ұлт өкілдері келіп
коныстана бастады. Соның нөтижесінде славян халықтарынын, саны көбейді.
Қазіргі танда Орталык Қазақстанда 115 ұлт өкілінен 1,3 млн адам
тұрады.Ауданның 11 каласында 1 134 мың адам тұрады, оның 453 мыңы Қарағанды
қаласында (жалпы аудан халқының 34%). Екінші орындаТеміртау қаласы (170
мың), республикамыздағы ең жоғары урбандалған экономикалық аудан (85%).Ауыл
халкы біркелкі орналаспаған. Халықтың тығыз орналасқан аймақтарына -
ауданның солтүстігі, өзен алаптары, ірі темір жол тораптары жөне су
қоймаларының маңы жатады. Жұмыссыздық санының мөлшері қазір 6,9%-ды
құрайды. Экономикалық, белсенді халықтың үлесі — 70%.Соңғы кездерде білім
және денсаулық саласына бөлінетін қаржы көлемі 1,5 есеге көбейді.[1]
Орталык Қазакстанның өндіріс салалары көбінесе қоршаған ортаға
қолайсыз әсер етеді. Зиянды калдықтарды азайту үшін кәсіпорындар
өнімдерінің калдығын химия өнеркәсібінде пайдаланады. Жезқазған және Балқаш
қалаларында күкірт кышқылы өндірілсе, Теміртау қаласында азот тыңайткышы,
тас көмір шайыры,бензолшығарылады.Қожды құрылыс материалы ретінде
және цементке қосуға пайдаланады.Күкірт қышқылын өндіруден Орталык
Қазақстан Шығыс Қазақстаннан кейін 2-ші орында.
Электр қуаты саласында жылу электр стансалары негізгі рөлді атқарады.
Қарағанды МАЭС-і жәнө Теміртау, Балқаш ЖЭО-ы орталық ауданның
көсіпорындарын, сонымен бірге оңтүстік экономикалық ауданының кейбір
кәсіпорындарын электр куатымен қамтамасыз етеді
Машина жасау өндірісі көмекші салалардың рөлін атқарады . Қарағанды
тау-кен жабдығы машина зауыты - металлургия кәсіпорындарына арналған тау-
кен шахта құрал-жабдықтарын шығарады. Сондықтан да ауыр өнеркәсіп Орталық
Қазақстанда жетекші орынға ие.Ауыр өнеркәсіп салаларының кешенін
толықтырушы кәсіпорындарға жеңіл жөне тамақ өнеркәсібі жатады. Жеңіл
өнеркәсіп кәсіпорындары тігін, токыма, аяқ киім бұйымдарын шығарады. Көлік
түрлеріне келетін болсақ, негізгі рөлді темір жол атқарады. 1930 жылдары
салынған Астана - Қарағанды - Мойынты - Шу темір жолы тек орталықтың емес,
солтүстік ауданның да отын өнеркәсібін және басқа салаларын дамытты. Осы
темір жол магистралінен бөлініп кен орындарына тартылған (Жезказған,
Қаражал, Теміртау,Балқаш, Саяқ) жолдар түсті және қара металлургияның
дамуына түрткі болды.Темір жолмен катар автомобиль жолдары да жақсы
дамыған. Автомагистральдар аудан ішіндегі және көршілес аудандардың ірі
өнеркәсіп орындарын (Қарағанды - Теміртау,Қарағанды - Балқаш - Алматы)
байланыстырады.
Ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға ауданның солтүстік бөлігі
қолайлы. Негізінен астық тұқымдастардан жаздық бидай, арпа, тары,
техникалық дақылдардан күнбағыс және бау-бақша мен картоп егіледі. Сонымен
бірге ірі қара, жылқы, кой, шошқа өсіріледі.Ауданның оңтүстігіндегі жерлер
тек кана мал жайылымына жарамды. Әсіресе қой бағылады. Орталық Қазақстан
ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз ете алмағандықтан
сырттан әкеледі.Ауыл шаруашылығына, әсіресе солтүстігіндегі тыңайған
жерлерге жел эрозиясы үлкен зиян келтіріп отыр.

2.2 Орталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Орталық Қазақстан түсті металл кен орындарының қазіргі жағдайы және оларды толық пайдаланудың мәселелері
Қазақстанның физикалық географиялық жағдайы
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Қоршаған орта ластануының генетикалық салдары
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайлары
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Солтүстік Қырғыз климаттық ауданы
ТМД елдерінің таңбасы
Пәндер