Балабақша балаларының ауытқуын коррекциялауды дамыту әдіс-тәсілдері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Балабақша балаларының ауытқуын коррекциялауды дамыту әдіс-тәсілдері МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

І Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ауытқуын коррекциялау5

1. 1 Баланың психофизикалық дамуындағы ауытқулар және оларды коррекциялау5

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы ауытқуын тузету жолдары14

ІІ тарау. Мектепке дейінгі балалардың ауытқуын түзету19

2. 1 Балабақша балаларының ауытқуын коррекциялауды дамыту әдіс-тәсілдері19

Қорытынды34

Қолданылған әдебиеттер35

Қосымшалар36


Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мінез құлқында ауытқушылығы бар балалардың - психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесімен айналысатын педагогиканың ерекше бір саласы. Коррекциялық педагогика мінез- құлқында, психикалық дамуында ауытқушылығы бар жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім беру мен оқыту заңдылықтарын қарастырады.

Ауытқушылығы бар балалар категориясына оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындық тудыратын түрлі биологиялық, әлеуметтік себептерден ақыл-ойында (интеллектісінде), естуінде, көру қабілетінде және қозғалыс сферасында бұзылуы бар балалар жатады. Бұл категориядағы балалардың орталық жүйке жүйесінің қызметінде сәл ауытқушылығы бар болуы, сондай-ақ олар мектептік және әлеуметтік бейімделу кезінде жағымсыз әсер қалдырулары мүмкін. Сол себептен осындай категориядағы балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту мақсатында, бұл балаларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытуды барынша жекелендіріп, уақытында мінез-құлқындағы және дамуындағы бұзылуларды анықтайтын, алдын алатын және олармен күресетін арнайы тиімді әдіс-тәсілдер мен құралдар жасап, қамтамасыз етіп отыру қажет.

Зерттеу жұмысының мақсаты : Мінез құлқында ауытқушылығы бар тәрбиеленушілердің жағымсыз мінез-құлықтарын тәрбиелеуге көмектесетін, ата-аналар мен педагогтардың алдын-ала ойластырған іс-әрекеттері болып табылады.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Мінез құлқында ауытқушылығы бар балалардың атқаратын жалпы міндеттері төмендегідей:

1. Балалар мен жасөспірімдердің дамуындағы кемшіліктерді, мінез- құлықтарындағы түрлі ауытқушылықтарды, сондай- ақ олардың пайда болу себептері мен шарттарын анықтау;

2. Мінез құлқында ауытқушылығы бар балалардың іс- әрекеттердің даму деңгейін бақылап отыру;

3. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқында, дамуында көрінетін ауытқушылықтар мен бұзылуларды түзету және алдын-алу бағдарламаларын жасау;

4. Баланың психофизикалық дамуында байқалатын әлеуметтік педагогикалық факторларды айқындау;

5. Ауытқуы бар балалар категориясына жататын баланың тұлғасына коррекциялық - педагогикалық әсер ететін түрлі әдіс-тәсілдер мен құралдар жасау;

6. Ауытқуы бар балалармен жұмыс жасайтын Мінез құлқында ауытқушылығы бар балаларға жұмыс бойынша оқыту әдістемесін құру;

7. Тәрбиеленушілер тарапынан түрлі жағдайлардың тууына жүйелі бақылау жүргізіп отыру;

8. Балалардың жеке тұлғасын және мінез-құлқын зерттеуге арналған арнайы әдістемелерді таңдау;

9. Түрлі деңгейдегі тұйық, қиын типтегі агрессивті балалар мен жасөспірімдердің себебін анықтап, олардың жан дүниесін түсіне білу;

Коррекциялық педагогиканың негізін салушы Кащенко өзінің практикалық және ғылыми жұмысында оқыту - тәрбиелеу үрдісінің әдістемелік жағына көп көңіл бөлген. Ол тәрбиелеу жүйесіне және оқыту бағдарламасына бала емес, керісінше олар балаға бейімделу қажет деген. Осыған орай, мектеп мүмкіндігінше оқушының жекелей ерекшеліктерін ескеру қажет деген талап пайда болды. Талапты орындамаған жағдайда мектеп оқушыға шамасы келмейтін талаптар қойып, оның қабілеттері мен мүмкіншіліктерін толық пайдаланбай, дамытпай, оқушыны жалықтырып жіберуі мүмкін. Осыдан барып әрбір оқушының ерекшеліктерін толық зерттеу қажеттілігі пайда болады.

Зерттеу объектісі - мектеп жасына дейінгі балалардың ауытқуын коррекциялауды жетілдіру үрдісі.

Зерттеу заты - мектеп жасына дейінгі балалардың ауытқуын коррекциялауды түрлерін қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындау.

Зерттеу әдістері. Мектепке дейінгі балалардың ауытқуын коррекциялауды дамытуда келесі психологиялық әдістемелер мен жаттығуларды қолдануға, яғни оларды атап өтетін болсақ «Мына суреттерде кімге не жетіспейді?», «Бұл не? Ойлан - тап», «Суреттерде қандай заттар жасырылған?», «Кілемді немен толықтырамыз?», анықтау, қалыптастыру, тексеру.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыста екі тараудан тұрады.


І Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ауытқуын коррекциялау 1. 1 Баланың психофизикалық дамуындағы ауытқулар және оларды коррекциялау

Баланың қалыпты дамуына қажет, Г. М. Дульнев пен А. Р. Лурияның тұжырымдаған негізгі 4 шартын бөліп алуға болады.

«Бірінші, ең маңызды шарт - «ми мен оның қатпарларының дұрыс, қалыпты қызметі»; түрлі патогендік әсерлердің салдарынан туындаған, патологиялық күйлер болса - тітіркендіргіш және тежелгіш үдерістердің дұрыс қатынасы бұзылады; түскен ақпаратты талау және жинақтаудың күрделі формаларының жүзеге асуы қиындайды; адамның түрлі психикалық қызметтерінің түрлі аспектілеріне жауап беретін, ми блоктарының өзара әрекеті бұзылады.

Екінші шарт - «баланың дене бітімінің қалыпты дамуы, сонымен байланысты жұмыс істеу қабілетінің, жүйке үдерістерінің дұрыс сақталуы».

Үшінші шарт - «баланың сыртқы ортамен дұрыс қарым- қатынасын қамтамасыз ететін, сезім мүшелерінің қалыпты сақталуы».

Төртінші шарт - балаға отбасында, балабақшада және мектепте білім берудің жүйелілігі мен реттілігі.

Балалардың психикалық, дене бітімі және әлеуметтік денсаулықтарын үнемі тексеріп отыратын түрлі қызметтердің (медициналық, психологиялық, білім беру, әлеуметтік) талдаулары, қазіргі кезде дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдер санының артып келе жатқандығын, барлық көрсеткіштерге сай, дені сау балалар санының керісінше азайып келе жатқандығын көрсетеді. Жоғарыда аталған мекемелердің берген мәліметтеріне сүйенсек, балалардың басым көпшілігі, өздерінің түрлі даму кезеңдерінде, арнайы психологиялық көмекті қажет етеді.

«Баланың психикалық дамуындағы ауытқу заңдылықтарын, алғаш рет В. И. Лубовский тұжырымдады. Ол ауытқулы дамудың үш иерархиялық деңгейін көрсетеді.

Бірінші деңгейге дизонтогенетикалық дамудың барлық түрлеріне тән заңдылықтар жатады.

Ақпараттарды қабылдау, қорыту, сақтау және пайдалану үдерісінің бұзылуы. Кез-келген патологияда, қоршаған ортаны қабылдау бұзылады. Даму ауытқуының түріне қарай, қоршаған орта туралы мағлұматтар бұрмаланады, мысалы, сенсорлы патологияда зақымданған анализаторлар арқылы алынған сенсорлы ақпараттар бұрмаланады, эмоцианалды-ерікті саласының патологиясында (психопатия, ерте жастағы балалар аутизмі), әлеуметтік ақпараттарды пайдалану бұзылады. Ересектер тарапынан көрсетілген кезкелген қарым-қатынас талпыныстары, агрессиялық реакциямен қабылданады.

Сөйлеудің бұзылуы

Л. С. Выготский баланың екі жасынан бастап, сөйлеудің оның өмірінде маңызды рөлге ие болатындығын, сөйлеу негізінде, басқа психикалық үдерістердің дамуы жүзеге асатындығын айтады. Нейрофизиологиялық зерттеулер, сөйлеудің мидағы маңдай аймақтарының жетілуіндегі тежелулер мен ауытқулар, дизонтонгенияның патогенетикалық сипаттамасына негіз болатындығын көрсетеді, мысалы, психикалық дамудың тежелуі, ақыл-ойдың кемдігі, ерте жастағы аутизм. Ал даму ауытқуының басқа түрлерінде, вербальды және вербальды емес әрекеттердің арасындағы алшақтық немесе дивергенция байқалады. Әрине, бұл өз кезегінде, балалардың оқу бағдарламасын меңгеру үдерісіне кедергі жасайды, оқыту мен тәрбиелеудің арнайы, ерекше әдістерін қажет етеді.

Қоршаған орта туралы мағлұматтар мен түсініктердің баяу және ұзақ уақыт қалыптасуы.

Кез-келген даму ауытқуында, психикалық үдерістердің жартылай немесе тұтас бұзылуы байқалады: ой-өрісі немесе зият қабілеттері төмендейді, есту-көру арқылы қабылдау бұзылады, ойлау операциялары жетілмейді т. б. Әрине, мұның барлығының дамуы мен жетілуі, ұзақ уақыт пен арнайы әдіс-тәсілдерді қажет етеді.

Әлеуметтік-психологиялық дезадаптация қаупі.

Бұл көрсеткіш соңғы уақытта пайда болды, себебі білім беру саласында пайда болған интеграциялық үдерістер, қоғамдағы адамдардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін, жоғары талаптар қоя бастады, нәтижесінде дамуында ауытқуы бар балалардың қоғамға кірігу мәселесі қиындай түсті.

Екінші деңгейге, дизонтогенетикалық бұзылу топтарына ғана тән заңдылықтар жатады (анализаторлық жүйелердің бұзылуы), мидың ерте кездегі органикалық зақымдануындағы даму заңдылықтары (ақыл-ойдың кемдігі, церебральды-органикалық генезді ПДТ) жатады.

Үшінші деңгейге, дизонтогенездің белгілі бір түріне ғана тән заңдылықтар жатады (ақыл-ойдың кемдігі жағдайындағы, жалпы және тұрақты психикалық жетілмеу немесе ерте балалар аутизміндегі бұрмалана даму) .

Л. С. Выготский адамның психикалық даму теориясының мәдени-тарихи негізін қалай бола отырып, мынаны дәлелдейді: «Сау баланың өркениетке кірігіп өсуі, әдетте, оның органикалық жетілу үдерістерімен біріккен тұтастықты көрсетеді. Дамудың екеуі де - табиғи және мәдени - бір-бірімен сәйкес келеді және тұтасып кетеді. Екі қатардағы өзгерістер те өзара кірігеді, нәтижесінде, баланың жеке тұлғасының әлеуметтік-биологиялық қалыптасуының біртұтас Клиникалық зерттеулерге сәйкес, психикалық қызметтердің бұзылуы немесе жетілмеуі эмбриогенезде, яғни, ми құрылымының ерте жасушалық дамуында, түрлі зақымдаушы зиянды әсерлерден пайда болады (1-сурет) .

Адамның психикалық және дене бітімі жағынан кемтар дамуына әсер ететін, әсер ету уақытына қарай, патогендік факторлар үшке бөлінеді: пренатальды (тууға дейін) ; натальды (туу кезінде) ; постнатальды (туғаннан кейін, ерте сәбилік кезеңнен 3 жасқа дейін) .

Бала дамуының биологиялық факторларына мыналар жатады:

- тұқым қуалайтын және гендік мутациялар, хромосомдық абберациялар нәтижесінде пайда болған, хромосомдық-генетикалық ауытқулар;

- ананың жүкті кезіндегі жұқпалы және вирустық аурулары (қызамық, токсоплазмоз, тұмау) ;

1-сурет. Адамның психикалық және дене бітімі жағынан кемтар даму қаупін туғызатын факторлар

- венерологиялық аурулар (соз, мерез) ;

- ананың эндокриндік аурулары, оның ішінде қант диабеті;

- резус-фактордың сәйкес келмеуі;

- ата-ананың маскүнемдігі мен нашақорлығы;

- биохимиялық зияндылықтар (радиация, қоршаған ортаның экологиялық ластануы, айналада қорғасын, сынап тәрізді ауыр металлдардың болуы, агротехникада жасанды тыңайтқыштарды пайдалану, медициналық дәрі-дәрмектерді дұрыс қолданбау, тамақтағы жасанды қоспалар т. б. ) ;

- ананың соматикалық денсаулығындағы ауытқулар, оның ішінде гиповитаминоз, ісіктер, әлсіздік;

- гипоксия (оттегінің жетіспеуі) ;

- ананың жүктілік кезіндегі токсикозы;

- туу патологиясы, әсіресе, мидың жарақаттануы;

- баланың ерте сәбилік кезіндегі ми жарақаты, ауыр жұқпалы және токсиндік-дистрофиялық аурулар.

Генетикалық әсерлер. Гендегі ақпараттарда барлық адамдарға тән белгілер, жеке адамдарға тән дара өзгешеліктер, даму ауытқуларының пайда болуы бар. Зерттеулер көрсеткендей, зият және сенсорлы кемшіліктердің тегі, генетикалық болып келетіндігі анықталған.

Мысалы, ата-ананың екеуінде ешқандай даму ауытқуы жоқ, бірақ олар саңыраулықты жасырын тасымалдаушы болып табылады, демек, екеуінің бірінен балаға саңыраулық беріледі.

Даму патологиясына сондай-ақ, хромосом сандарының кемшілігі мен артық болуы себеп болады, яғни 23 жұптан артық немесе кем. Көптеген жағдайда, хромосомдық аномалиялар, ұрықтың құрсақтағы кезінде өлуіне немесе мерзімінен ерте тууына, түсік тастауға әкеп соғады. Бірақ, қазіргі кезде Даун синдромы(трисомия) кең таралып келеді. Туа біткен патологиясы бар балалардың тууының алдын-алу мақсатында, ата-аналарға тиісті генетикалық кеңестер беріледі, сөйтіп, қандай да бір патогендік белгінің болашақ балаға берілу қаупі анықталады. Ол үшін ата-ананың кариотипі зерттеледі.

Соматикалық фактор. Жүйке-соматикалық әлсіздік күйінің анағұрлым ерте пайда болған түрі, әрі баланың психикалық, дене бітімі және эмоциональды жағынан дамуына кедергі жасап, қиындықтар туғызатын түрі - невропатия.

«Невропатия - баланың құрсақтағы даму кезінде немесе туу кезінде пайда болған, туа біткен көп факторлық бұзылу ретінде қарастырылады. Оған себеп болатын жайлар: ананың жүктілік кезіндегі ауыр токсикоздары, түсік қаупін туғызатын жүктіліктің патологиялық дамуы, эмоциональды стресс күйлері.

А. А. Захаров бойынша невропатияның негізгі белгілері:

- Эмоциональды тұрақсыздық - эмоциональды бұзылуларға, мазасыздыққа, ашушаң әлсіздікке және аффектілердің тез пайда болуына бейімділік.

- Вегетативті дистония - ішкі ағза қызметтерінің түрлі бұзылуы түрінде көрінеді: асқазан-ішек қызметінің бұзылуы, бас айналу, тыныс алудың қиындығы, лоқсу, т. б. мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда, балалар мекемелеріне бейімделу қиындығы туған кезде бастың ауыруы, қысымның тұрақсыздығы, жүрек айну сияқты соматикалық реакциялар байқалады.

- Ұйқының бұзылуы - ұйықтаудың қиындығы, түнгі елегізулер, күндізгі ұйқыдан бас тарту тәрізді болып келеді.

- Зат алмасу үдерісінің бұзылуы, аллергияға бейімділік, түрлі жұқпалы науқастарға сезімталдық, әсіресе, ер балалардағы тамаққа тәбеттің нашарлығы, анасының жүктілік кезіндегі ішкі эмоциональды қанағаттанбау күйімен байланысты.

Жалпы соматикалық әлсіздік, ағзаның қорғаныс күштерінің төмендеуі: бала шұғыл респираторлық аурулар (ОРЗ), шұғыл респираторлық вирустық жұқпалы аурулар (ОРВИ), асқазан-ішек ауруларымен, тыныс алу жүйесі сырқаттарымен жиі ауырады.

- Психомоторлық бұзылулар (түнгі және күндізгі ұйқы кезінде, кіші дәретті ұстай алмау, тартылулар, тұтығу) . Бұл бұзылулардың органикалық текті бұзылулардан айырмашылығы, бала өскен сайын жоғалады, маусымдық сипатқа ие болады да, көктем мен күз айларында ғана асқынады. Балада мұндай бұзылулардың пайда болуына, ананың жүктілік кезіндегі дене бітімдік және эмоциональды қатты қалжырауы себеп болады.

Невропатияның алғашқы көріністері, бала өмірінің алғашқы жылында-ақ, оның жиі құсуына, дене қызуының өзгергіштігіне, ұйқысының бұзылуына, қатты жылауына байланысты бірден диагностикаланады. Невропатия патогендік факторлардың тек базасы ғана болып есептеледі, оның негізінде баланың жалпы белсенділігі төмендейді, психикалық және дене бітімдік жетілу қарқыны баяулайды, өз кезегінде психикалық даму тежелуіне әкеп соқтырады. Сондай-ақ, әлеуметтік талаптарға бейімделу қиындығы артады, жеке тұлғалық жағымсыз өзгерістер (басқа біреулердің көзқарасына толық тәуелді болу, депрессивті күйге түсу, өмірге деген қызығушылықты жоғалту) пайда болады.

Дер кезінде ұйымдастырылған сауықтыру, шынықтару шаралары, оның ішінде психологиялық қолайлы атмосфера орнату, жылдар өткен сайын невропатия белгілерін жояды. Ал, жайсыз жағдайларда, невропатия созылмалы, соматикалық науқастардың, психоорганикалық синдромдардың асқынуына қолайлы жағдай жасайды. Соматикалық аурулар, баланың психикалық-дене бітімдік қалыпты дамуы, жеке тұлғалық-әлеуметтік дамуына, мектептегі оқуды сәтті меңгеруіне кедергі жасайтын себептердің ішінде, мидың органикалық зақымдануынан кейін, екінші орынды иемденеді.

Мидың зақымдануы. Адамның жоғары психикалық қызметтері мен олардың жасқа сай динамикасын қамтамасыз ететін, ми жұмысының механизмі туралы қазіргі заманғы мағлұматтар, мидың құрылымдық-функциональдық ұйымдастырылуының интегративті жұмысы туралы материалдар негізінде тұжырымдалады. А. Р. Лурияның тұжырымдамасына сәйкес, «психика үш функциональды блоктың үйлескен қызметімен қамтамасыз етіледі:

1. Тонус пен сергектікті реттеу блогы;

2. Ақпаратты қабылдау, қорыту және сақтау блогы;

3. Психикалық әрекетті жоспарлау мен бақылау блогы.

Әрбір жеке психикалық функция қалыпты даму жағдайында мидың осы үш блогының үйлескен қызметімен қамтамасыз етіледі. Олар жоғары сараланған, күрделі динамикалық тізбектер кешені, жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейлерінде орналасады. Ми бөліктерінің түрлі қызметтерінен басқа, ми жарты шарлары аралық қызметтерді де қарастырған дұрыс. Сол жақ жартышардың зақымдануы салдарынан, сөйлеудің бұзылатыны анықталған. Бұл құбылыстың клиникалық және нейропсихологиялық зерттелуі (Н. Н. Брагина, Т. А. Доброхотова, А. В. Семенович, Э. Г. Симерницкая), сол жақ жартышардың сөйлеу әрекетінің дұрыс дамуына және абстрактілі-логикалық ойлау қабілетіне жауапты екендігін растады. Ал, оң жақ жартышар кеңістік пен уақытты бағдарлау, қимыл-қозғалыс дәлдігі, эмоциональды сезімдердің айқындығына жауап беретіні анықталды.

Мидың дұрыс қызметі үшін, жартышарлардың өзара тығыз байланысы болуы шарт. Осылайша, баланың қалыпты психикалық дамуына әртүрлі ми құрылымы және тұтас ми жүйесі тұрғысында қажетті нейробиологиялық дайындық керек.

А. Р. Лурия мен оның із басарларының адамның тұтас психикалық іс-әрекетінің мимен ұйымдастырылуы туралы тужырымдамасы, қалыпты онтогенезден ауытқуды анықтаудың және коррекциялық-педагогикалық үдерісте маңызды болып саналатын, зақымданған және сау сақталған ми құрылымын анықтаудың, әдістемелік негізі болып табылады.

Психикалық-дене бітімдік және тұлғалық-әлеуметтік даму кемістіктері қаупін тудыратын әлеуметтік факторлар.

Баланың пренатальды және натальды кезеңдердегі дамуына, әлеуметтік механизмдердің тигізетін әсері зор. Балаға бұл кезеңде әлеуметтік әсерлерді жеткізуші анасы болып табылады. Қазіргі заманғы зерттеулер көрсеткендей, құрсақта балаға тек патогендік, биологиялық факторлар ғана емес, балаға бағытталған әлеуметтік қолайсыз ситуациялар да (жүктілікті тоқтату, болашақ аналықпен байланысты қорқыныштар, алаңдау күйлері, жүктілік жағдайынан қорлану т. б. ) тікелей әсер етеді. Олар жүктілік үдерісінің биологиялық және әлеуметтік жағдайларына байланысты, баланың дұрыс психикалық дамуына толыққанды негіз болады немесе керісінше, оның патогендік базасына айналады.

А. И. Захаров шетелдік және отандық ғалымдардың мәліметтерін топтай келіп, ананың ұзақ уақыттық, жағымсыз көңіл-күйлері мен күйзелістерінің анағұрлым патогендік әсер беретінін айтады. Мұндай күйзелістердің нәтижесінде, мазасыздық гормондары түзіледі, ол ұрық айналасындағы сұйықтыққа келіп түседі. Өз кезегінде, бұл гормондар ұрықтың ми жасушаларына оттегін жеткізіп тұратын, қан тамырларын тарылтады, ұрық гипоксия жағдайында жетіледі. Кейде, плацента қабаты ажырап, бала мерзімінен бұрын туылады.

Қысқа уақыттық қатты стрестердің (шошыну, жан жүйесіне соққы тию) патогендік әсері аз емес. Мұндай жағдайлардың басым көпшілігінде, жүктілік ырықты түсік тастаумен аяқталады.

Ананың босану кезіндегі психологиялық күйіне көңіл бөлінеді: жақын адамдарының қасында болуына рұқсат етіледі, баланы ананың төсіне жанастырады, бұл аналық инстинктті дамыту, әрі баланың туу кезінде алған соққысын (есеңгіреуін) жеңілдетуге септігін тигізеді.

Әлеуметтік әсерлер. Бала неғұрлым жас болған сайын, оның дамуындағы кемістіктердің пайда болуы мен олардың алдын-алуда, отбасының атқаратын рөлі ерекше. Ең алдымен, баланың сәби кезінде дұрыс дамуы үшін, оның ересектермен эмоционалды қарым-қатынасы қажет, мұндай жағдайлардың болмауы, психоэмоционалды тежелуге әкеп соғады. Бұл мәліметтердің барлығы, жетім балалар мен ата-анасы қамауда отырған балалармен жүргізілген тәжірибелерден алынған. Анасының моральды бейнесі қандай болса, баланың балалар үйінде тәрбиеленуінен гөрі, анасымен бірге болғаны анағұрлым пайдалы, себебі, балабақшада немесе балалар үйінде, балаға қажетті көңіл бөлінбейді.

Бірақ баланың әлеуметтік қауіпті отбасында (маскүнемдік, нашақорлық, әкенің немес ананың заңға қайшы әрекеттері) өсуі, педагогикалық және әлеуметтік қараусыз күйін туғызады, баланың денсаулығына нұқсан келеді, бар кемістіктерін асқындырады. Созылмалы маскүнемдік жағдайына ұшыраған ата-аналардың балаларының барлығында дерлік, әртүрлі деңгейдегі жүйкелік-психикалық ауытқулар байқалады. Маскүнем ата-ана, іс жүзінде өзінің ата-аналық парызын орындамайды.

Есте болар жәйт, ауытқулы дамудың себебін қарастыруда, кез-келген біржақты көзқарас пен себептерді анықтауға, тиісті дамыту-түзету мақсатындағы, психологиялық-педагогикалық жүйелерді ұйымдастыруға кедергі жасайды.

1927 жылы Швальбе алғаш рет, ағза құрылымының құрсақтағы кезіндегі қалыптасу ауытқуларын белгілеу үшін, «дизонтогенез» терминін қолданды. Кейінірек, бұл терминмен онтогенездегі түрлі бұзылулар, оның ішінде, ағзаның морфологиялық жүйелері жетілмеген, өте ерте постнатальды кезеңдегі бұзылулар аталатын болды.

Қазіргі кездегі психикалық дизонтогенез түрлерінің кең таралған классификациясы, В. В. Лебединский ұсынған дизонтегнез классификациясы, Л. С. Выготский, Г. Е. Сухарева, В. В. Ковалев, Л. Каннер сияқты ғалымдардың зерттеулері негізінде жасалған:

ретардация (тежелген даму) - барлық психикалық немесе жеке компоненттер дамуының кешігуі немесе тоқтап қалуы;

жетілу дисфункциясы орталық жүйке жүйесінің морфофункциональды жасқа сай жетілмеумен және жетілмеген ми құрылымдары мен қызметінің, сыртқы ортадан келетін зиянды факторлармен өзара әрекетімен байланысы.

зақымданған даму - қандай да бір аназизаторлық жүйенің немесе ми құрылымының жеке зақымдануы;

асинхрония (бұрмаланған даму) - бір қызметтердің ерте жетілуі, келесі бір қызметтердің керісінше кеш жетілу қарқынынынан көрінетін, диспропорциональды психикалық даму.

В. В. Лебединскийдің психикалық дизонтогенезді классификациялауы, келесі нұсқаларға бөлінеді:

І топқа ретардация типіндегі ауытқулар мен жетілу дисфункциясы жатады:

Жетілмей қалу - мидың ерте кезеңдегі, органикалық зақымдануы нәтижесінде, барлық қызметтер дамуындағы жалпы жетіспеушілік (ең алдымен - үлкен жартышарлар қабығында) . Зақымданудың тегі тұқым қуалауы мүмкін (эндогендік) немесе құрсақтағы кезеңде, туу кезінде, ерте жаста әсер ететін сыртқы (экзогендік) факторлар нәтижесінде болуы мүмкін. Жетілмей қалудың көрнекті мысалы ретінде, ақыл-ойдың кемдігінің кең таралған түрі - олигофренияны алуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы мектеп жасындағымекемедегі мұғалімдердің сөйлеуі бұзылған балалармен жүргізілетін жұмысқа дайындығы
Мектепке дейінгі білім беру мекемеде түзету логопедиялық жұмысының жетілдіру жолдары
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы ерекшелiктерi
4-7 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МАЗАСЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖОЛДАРЫ
Жоғары оқу орындарының студенттері және мектеп оқушыларына арналған атомдық және ядролық физикадан зертханалық жұмыстарды іске қосу
Байланыстыра сөйлеуге үйрету
Тіл дамыту сабағында балалардың сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамыту
Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz