Өнімнің өзіндік құнының теориялық аспектілері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Кәсіпорынның шығын түрлері,шығындарды топтастыру ... ... ... ... 5
1.2 Өнімнің өзіндік құнын анықтау, оның түрлері мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
II ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ ... ... ... 11
2.1 МҰНАЙ кәсіпорындардағы өнімнің өзіндік құны ... ... ... ... ... .11
2.2 МҰНАЙ кәсіпорындағы өндірістік шығындарының бухгалтерлік есебін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны–өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі қорлардың, еңбек ресурстарының, оны дайындау мен өткізуге жұмсалатын басқа да шығындардың ақшалай бағалануы.
Өнімнің өзіндік құны– кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсаған шығындарының ақшалай тұлғалануы.
Кез келген меншік нысандағы кәсіпорын нарықтық қатынас жағдайында–залалсыз жұмыс істеуге тиіс өнімнің өзіндік құны, аса маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны арқылы оның нарықтық бағасы құралады, пайда мен пайдалылық деңгейі анықталатын, тауардың құны белгіленеді.
Өнімнің өзіндік құны жалпылама, жинақтау (синтездік) көрсеткіш, ол кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайды. Өнімнің өзіндік құнының мөлшері мен серпіні арқылы тау кен кәсіпорынның басқару, жоспарлау, еңбек пен жұмысақы ұйымдастыру, өндіріс техникасы мен технологиясы деңгейі туралы пікір айтуға болады.
Кәсіпорынның өндірілген өнім құны үш бөліктен тұрады:

T=C+V+m (6.1)
мұндағы Т– тауар құны;
С– тұтынылған өндіріс құралдары;
V– қажетті еңбек;
m– қосымша құн.

Тұтынылған өндіріс құралдары деп– материалдарға, отынға, энергияға, негізгі қорлардың тозған бөлігіне жұмсалған шығындарды айтады. Яғни, бұлар бұрын затталған еңбектң құрады. Тұтынылған өндіріс құралдары–құн өндіруге қатынасқанымен, тікелей өнім өндірмейді. Оны К. Маркс «тұрақты капитал» деп атаған (constant capital).
Маркстік тұжырымдама бойынша, құн тек еңбекпен өндіріледі. Еңбектің өзі жұмыс күшін тұтыну процесі. Жұмыс күші–тауар құны, ол жұмысшының дене және мәдени талғамдарын қанағаттандыру үшін қажетті игіліктер құнына тең. Кәсіпорын қызметкерлері өз еңбегіне және жұмсалған жанды еңбекке жұмысақы алады. Жұмыс күші–өндіріс процесінде өзгереді, өйткені жұмыс күші өз құнына артық қосымша құн өндіреді. Капиталдың бұл бөлігі «өзгермелі (variable) капитал» делініп, «V» әріпімен, ал қосымша құн «m» әріпімен белгіленеді.
Қосымша құн жұмыс күшін тұтыну процесінен туындайды, олай болатыны–өндіріс процесінде жалдамалы жұмысшы қажетті жұмыс күшінен артық құн мөлшерін өндіреді. Қосымша құн кәсіпорынның алғашқы авансыланған қаражаттардан түскен таза пайдасы.
1. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Э. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. Алматы: Экономика 2003.
2. А.Қ. Ерали, М.Ғ. Қабылбеков. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық – Алматы: ҚазҰТУ, 2004.
3. Дүйсенбеков К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы – Алматы: Экономика. 2001.
4. Қаржылық есеп: Оқу құралы/ Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жанатаева А.Ә. – Алматы: Экономика, 2001.
5. «Қаржы есебін талдау» , оқу құралы. Алматы 2002 ж
6. Волков О.И., Скляренко В.К. Экономика предприятия: Курс лекций. -М.: Финансы и статистика, 2001 – 280с.
7. Стоянова Е. С. Финансовый менеджмент: теория и практика. – М.: “Перспектива”, 1996.
8. Горфинкель В.Я., Купряков Е.М. Экономика предприятия. М: Банки и биржи, 1996г.
9. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998. – 184 с.
10. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..5

1.1 Кәсіпорынның шығын түрлері,шығындарды
топтастыру ... ... ... ... 5
1.2 Өнімнің өзіндік құнын анықтау, оның түрлері мен

құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .7

II ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ ... ... ... 11

2.1 МҰНАЙ кәсіпорындардағы өнімнің өзіндік
құны ... ... ... ... ... .11
2.2 МҰНАЙ кәсіпорындағы өндірістік шығындарының
бухгалтерлік есебін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 32

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34

Кіріспе

Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны–өнімді өндіру кезінде
пайдаланылатын табиғи ресурстардың, материалдардың, отынның, энергияның,
негізгі қорлардың, еңбек ресурстарының, оны дайындау мен өткізуге
жұмсалатын басқа да шығындардың ақшалай бағалануы.
Өнімнің өзіндік құны– кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге
жұмсаған шығындарының ақшалай тұлғалануы.
Кез келген меншік нысандағы кәсіпорын нарықтық қатынас
жағдайында–залалсыз жұмыс істеуге тиіс өнімнің өзіндік құны, аса маңызды
экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны арқылы оның нарықтық бағасы құралады, пайда мен
пайдалылық деңгейі анықталатын, тауардың құны белгіленеді.
Өнімнің өзіндік құны жалпылама, жинақтау (синтездік) көрсеткіш, ол
кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайды. Өнімнің өзіндік
құнының мөлшері мен серпіні арқылы тау кен кәсіпорынның басқару, жоспарлау,
еңбек пен жұмысақы ұйымдастыру, өндіріс техникасы мен технологиясы деңгейі
туралы пікір айтуға болады.
Кәсіпорынның өндірілген өнім құны үш бөліктен тұрады:

T=C+V+m
(6.1)
мұндағы Т– тауар құны;
С– тұтынылған өндіріс құралдары;
V– қажетті еңбек;
m– қосымша құн.

Тұтынылған өндіріс құралдары деп– материалдарға, отынға,
энергияға, негізгі қорлардың тозған бөлігіне жұмсалған шығындарды айтады.
Яғни, бұлар бұрын затталған еңбектң құрады. Тұтынылған өндіріс
құралдары–құн өндіруге қатынасқанымен, тікелей өнім өндірмейді. Оны К.
Маркс тұрақты капитал деп атаған (constant capital).
Маркстік тұжырымдама бойынша, құн тек еңбекпен өндіріледі. Еңбектің
өзі жұмыс күшін тұтыну процесі. Жұмыс күші–тауар құны, ол жұмысшының дене
және мәдени талғамдарын қанағаттандыру үшін қажетті игіліктер құнына тең.
Кәсіпорын қызметкерлері өз еңбегіне және жұмсалған жанды еңбекке жұмысақы
алады. Жұмыс күші–өндіріс процесінде өзгереді, өйткені жұмыс күші өз құнына
артық қосымша құн өндіреді. Капиталдың бұл бөлігі өзгермелі (variable)
капитал делініп, V әріпімен, ал қосымша құн m әріпімен белгіленеді.
Қосымша құн жұмыс күшін тұтыну процесінен туындайды, олай
болатыны–өндіріс процесінде жалдамалы жұмысшы қажетті жұмыс күшінен артық
құн мөлшерін өндіреді. Қосымша құн кәсіпорынның алғашқы авансыланған
қаражаттардан түскен таза пайдасы.
Пайдалы қазбаларды өндірудегі өзіндік құн, әр түрлі факторларға
байланысты. Оның бірі–табиғи кен геологиялық жағдайлары, олар пайдалы
қазбаларды өндіру тәсілін (ашық немесе жер астында), қазу жүйесін,
қәсіпорынның жылдық өндірістік қуат мөлшерін анықтайды.

І ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Кәсіпорынның шығын түрлері,шығындарды топтастыру

Өнеркәсіптік өнім өндіруге жұмсалған шығындарды жіктеудің бірыңғай
принципін пайдалану мен шығындарды бірыңғай топтастыру, әр түрлі
кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын салыстыруға мүмкіндік жасап, оны
төмендетужолдарын ашады.
Өнімнің өзіндік құнының құрылымын зерделеу үшін оны өндіруге және
сатуға жұмсалған шығындардың барлығы, шығындардың экономикалық элементтері
мен олардың калькуляциялық баптары бойынша топтастырылады.
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру кәсіпорынның
материалдық және қаржы ресурстарын, өнімнің өзіндік құнының құрылымын
анықтап және оны төмендетудің негізіг бағыттарын белгілеу үшін керек.
Шығындары экономикалық элементтері бойынша жіктеу, өнім өндіруге және
өткізуге жұмсалған жалпы шығындарын білу үшін пайдаланылады.
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру, өнім
өндіруге және өткізуге арналған шығындар сметасында көрсетіледі. Онда
шығындар – экономикалық мағынасының бірлігі бойынша жинақталады. Мысалы,
Негізгі және қосымша жұмысақы элементінде қайсысы болсын, санатқа жататын
қызметкерлерге байланыссыз кәсіпорынның толық еңбекақы қоры көрсетіледі.
Бұл мәселе тау–кен өнеркәсібіне өте маңызды, өнімнің өзіндік құнында еңбек
шығындарының үлесі 50%–дан асады. Осы элемент бойынша тау–кен кәсіпорында
өндірістегі жұмысшылар, қызметшілер мен инженерлердің жалпы табыстарын
білуге болады. Энергия элементі – кәсіпорын, өндіріс және шаруашылыққа
қажетті энергияның барлық түрлерін есепке алады.
Өндіріске жұмсалған кешенді шығындарды сметаға қосу үшін оларды жай
элементтерге бөліп, тиісті топтарға қосады. Тауар өнімін шығаруға қатысты
жоқ жұмыстармен байланысты шығындар да (басқа жаққа көрсеткен әр түрлі
қызметтер, күрделі құрылыс жұмыстары немесе күрделі жөндеу, т.б.) өндіріске
жұмсалған шығындар сметасында есепке алынады, бірақ тауар өнімнің өзіндік
құнын есептегенде, оларды шыарып тастау керек.
Сметада басқа жақтан жеткізілген ресурстарға төленген шығындар
көрсетіледі. Егер кәсіпорынның өзі ресурстың бір түрін өндіретін болса,
мысалы сығылған ауаны, буды, энергияны, онда оларды шығаруға жұмсалған
шығындар сметада тиісті элементтерге бөлініп қосылады.
Смета негізінде кәсіпорынның өндірістік–қаржы жоспар бөлімдерінің
үйлесуі жүзеге асырылады: материалдық–техникалық жабдықтау, еңбек жоспары
мен айналым қаражаттарға қажеттіліктер анықталады. Смета бойынша жалпы
өнімнің өзіндік құны, аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгеруі
есептелінеді.
Шығындар сметасы мына элементтерден тұрады:
1) шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылай дайын
(шала) өнімдер, жиынтықтаушы бұйымдар (қайтарылатын қалдықтарды
шегергенде);
2) қосалқы материалдар;
3) сырттан алынған отын;
4) сырттан алынған энергия;
5) негізгі және қосымша жұмысақы;
6) әлеуметтік сақтандыруға төлемдер;
7) негізгі қорлардың амортизациясы;
8) басқа да ақшалай шығындар.
Шығындар сметасы бойынша, шығындардың нақты бағыты мен пайдалану
орнын анықтауға болмайды. Осы мәселелерді калькуляция – баптар бойынша
шығындарды жіктеу арқылы шешеді.

Өнімнің бір өлшемін өндіруге жұмсалған шығынның есебін – калькуляция
дейді. Калькуляция – кәсіпорын дайындаған өнімнің жекелеген түрлері
өлшемінің, өзіндік құнын анықтау үшін негіз болып саналады. Шығындарды
баптар бойыша калькуляциялау – пайда мен залалды есептеуге, бағаны
белгілеуге, өнімнің өзіндік құнын талдауға мүмкіндік береді.
Шығындар топтастырудың калькуляциялық принцпі біздің елде және
шетелдерге халық шаруашылығының барлық салаларының бухгалтерлік
есепшоттарының жоспарын құруға негіз болады. Шығын баптары бойыша үлгі
топтастыру мына түрде болады:
1) шикізат, негізі материалдар, шала өнімдер, жиынтықтаушы бұйымдар
(қайтарылатын қалдықтарды шегергенде);
2) қосалқы материалдар;
3) технологиялық мақсаттарға арналған отын;
4) технологиялық мақсаттарға арналған энергия;
5) өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша
жұмысақысы;
6) әлеуметтік сақтандыру төлемдері;
7) амортизация (өтелім);
8) өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалған шығындар;
9) жабдықтарды күту мен пайдалану жөніндегі шығындар;
10) цехтық шығындар;
Өнімнің цехтық өзіндік құны
11) жалпы өндіріс шығындары;
Өнімнің өндірістік өзіндік құны:
12) өндірістен шығындар.
Өнімнің толық өзіндік құны.

Келтірілген жіктеуде шығындардың алғашқы жеті бабы жұмыс орнында тура
жүзеге асырылып, өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылады. Қалған баптары
кешенді. Өндіріске қызмет ету және басқару жөніндегі шығындар үш түрлі
кешенді баптарға бөлінеді: цехтық шығындары, жалпы өндіріс шығындары.
Цехтық шығындар – өндірісті ұйымдастыруға, басқаруға жұмсалған
шығындар, олар:
– әлеуметтік сақтандыру төлемдермен қатар цех
қызметкерлеріне жалақы төлеу;
– цехтың негізгі құралдарының амортизациясы, жөндеуі және
күтуі;
– құнсыздау және құрал–саймандардың тозуы;
– еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы шығындары;
– осы баптарда қарастырылмаған басқа да шығындар, мысалы,
материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі, әр түрлі ысыраптар себебінен
шығындар, т.б.
Жалпы өндірістік шығындарға мыналар жатады: кәсіпорынның
әкімшіл–басқару персоналды ұстауы, жалпы өндірістік негізгі қорларды күту,
амортизациялау мен ағымдағы жөндеу жүргізу, іссапар, пошта–телеграф
шығындары, т.б.
Өндірістен тыс шығындар – негізінде өнім өткізуге байланысты
шығындар мен әр түрлі төлемдерді қамтиды.
Жабдықтарды күту мен пайдалану шығындарына – жабдықтар мен көлік
құралдарының амортизациясы, ағымдағы жөндеу, қызметкерлердің жұмысақысы
жатады.
Цехтық шығындар мен жабдықтарды күту мен пайдалану жөніндегі
шығындардың құрамында өндіріс көлемінің ұлғаюына байланныссыз және
шартты–өзгермелі шығын элементтері бар. Өндіріске қызмет ету мен басқару
жөніндегі шығындардың, өнімнің өзіндік құнындағы үлес салмағы жоғары
болғандықтан, олардың шығндарын кемітудің маңызы зор.

1.2 Өнімнің өзіндік құнын анықтау, оның түрлері мен
құрылымы

Пайдалы қазбаның бір өлшемінің өзіндік құны шығындарының белгіленген
баптары, калькуляциялау арқылы жүзеге асырылады. Ол: жоспарлы, нормативтік,
сметалық және нақты калькуляция түрлеріне ажыратылады. Жоспарлы калькуляция
– келесі кезеңге өнім шығаруға арналған жоспарлы шығындарды көрсетеді.
Нормативті калькуляция – белгіленген материалдық және еңбек
шығындары нормалар мен өндіріске қызмет көрсетуге смета негізінде
айқындалады.
Сметалық калькуляция – жаңа өнімге жасалады. Нақты калькуляция,
өнімді өндіруге және өткізуге пайдаланған нақты сомасын бейнелейді.
Тікелей шығындардың белгіленген нормалары мен жоспарлы кешенді
баптар негізінде дайындаған өзіндік құнының есебін – нормалар әдісі немесе
тікелей есеп әдісі дейді. Осы әдіс көп еңбекті қажетсінетіндігіне
қарамастан, кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құнын жоспарлау әдісінің
негізгісі болып саналады.
Калькуляцияның таңдамалы әдісі – техника–экономикалық факторлар
бойынша шығындарды есептеп, өнімнің ақша бірлігіне шаққан шығындардың
деңгейін анықтайды.
Болашақ бизнес–жоспарларды әзірлегенде, өнімнің өзіндік құнының
калькуляциясының параметрлік әдіспен де жасалу мүмкін. Осы әдіс – өнімнің
өзіндік құны серпіні мен оның базалық сапалық сипаттарының өзгеруі
арасындағы байланысты белгілейді.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын жоспарлы кезеңдерді,
шығындар мен өзіндік құнды жоспарлау әдістері мен түрлерін дербес таңдайды.
Соңғы кезде кәсіпорындар өзіндік құнды анықтаудың екі нұсқасын пайдаланады:
бірі – бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін, екіншісі – салық салумақсаттары
үшін.
Өнімнің жекелеген түрлерін өндіру мен өткізуге жұмсалған шығынды
топтастыру мен есептеу тәсілдерінің басқалары: бөлшектік,
бөлшектік–операциялық, тапсырыстық, өңдемелік әдістер, жиірек қолданылады.
Тау–кен кәсіпорындарында өндіріс шығындарын қалыптастыру орны,
шығындарды есептеу толықтығы және олардың міндетіне байланысты өнімнің
өзіндік құнының мына түрлеріне ажыратылады: учаскелік немесе цехтық,
өндірістік (жалпы шахталық, каръерлік, кеніштік) және толық өзіндік құны.
Пайдалы қазбаның цехтық, учаскелік құны цехта немесе телімде кен
өндіруге жұмсалған шығындардың мөлшерін анықтайды. Өнімнің өндірістік
өзіндік құны, кәсіпорында шығарылатын өнімге жұмсалған барлық шығындарды
қамтиды. Осы шығындардың мөлшері, кеніштің барлық цехтары мен телімдердің
шығындарын, жалпы өндірістік, әкімшілік–басқару шығындарын есепке алады.
Түсті металургияның тау–кен кәсіпорындарында калькуляциялық баптары
бойынша өнімнің өзіндік құны былай топтастырылады:
1) қосалқы материалдар;
2) технологиялық мақсаттарға арналған энергия;
3) өндіріс жұмысшыларының негізгі жұмысақысы;
4) өндіріс жұмысшыларының қосымша жұмысақысы;
5) әлеуметтік сақтандыру төлемдері;
6) амортизация;
7) бос кеңістікті толтыру шығындары (жерасты кеніштерде);
8) ішкі кеніш жүктерді басқа жерге орналастыру (ашық кен жұмыстарында);
9) өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалған шығындар: соның
ішінде:
а) жаңа техниканы игеру қорына төлемдер;
ә) кен дайындау жұмыстарына арналған шығындарды өтеу;
10) жабдықтарды күту мен пайдалану жөніндегі шығындар;
11) цехтық шығындар;
12) аяқталмаған өндіріс:
айдың басында (+)
айдың аяғында (–)
13) кен дайындау жұмыстары кезінде жолай кен өндіру;
14) жалпы кеніш шығындары;
15) басқа өндірістік шығындар;
16) өндірістен тыс шығындар.
Өнімнің өзіндік құнының құрылымы деп – өнім өндіруге жұмсалған жалпы
шығынында жеке элементі мен бабының шығындарының пайызбен көрсетілген
арақатынасын айтады. Тау кен кәсіпорындарының құрылымы бірдей емес. Өнім
өндірудің жалпы шығындарында осы немесе басқа шығындардың үлесі қаншалықты
жоғарылығына орай өнеркәсіп салалары: көр еңбекті, материалды, қорларды
және энергияны қажетсінетіндерге (сіңіретін) бөлінеді. Тау кен өнеркәсібі
еңбекті көп қажетсінетін өндіріс, болмағандықтан, өнімнің өзіндік құнына
еңбекақы үлесі жоғары – 30-50% құрайды. Мұнай өнеркәсіп, негізгі қорларды
көп қажетсінетін өндіріс болып саналады.
Кен өндіретін кәсіпорындарда жұмысақы үлесі—30-50 %, материалдар
үлесі—8-20 %, электроэнергиясы—7-12 %, амортизация аударымдары —14-28 %
құрайды.
Кез келген ұйымда калькуляциялау белгілі бір принциптерге сәйкес жүзеге
асырылады:
өндіріс шығындарын жіктеу (нормативті құжаттарға сәйкес);
шығын есебінің объектісін, калькуляциядау объектісін және калькуляциялық
бірлікті белгілеумен;
жанама шығынды бөлу әдісін іріктеумен;
шығынды кезеңдер бойынша жіктеумен;
өндірістің және күрделі қаржы жұмсалымының ағымдағы шығыны бойынша бөлек
есеппен;
• шығын есебінін әдісімен калькуляциялауды іріктеумен.
Шығын есебі объект бойынша калькуляциялаудың тапсырыстық әдісін, қайта бөлу
әдісін, процестік әдісін бөліп көрсетеді.
Шығын есебінің және калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі өзгеше өнімді
өндіргенде немесе өнімге тапсырыс бойынша өндірісте қолданылады. Ол,
әдетте, өндірісті бір тұрпатпен ұйымдастыратын кәсіпорындарда, сондай-ақ
ұсақ сериялы кәсіпорындарда, құрылыста және қызмет көрсету саласында
қолданылады.
Бұл әдістің мәні - барлық тікелей шығындар жеке тапсырыстар бойынша
белгіленген калькуляция баптарында ескеріледі. Ал, қалған шығындар пайда
бөлу орны бойынша ескеріліп, белгіленген бөлу базасына сәйкес
тапсырыстардың өзіндік құнына қосылады.
Шығын есебі мен калькуляциялау объектісіне жеке тапсырыстар жатады.
Шығын есебі мен калькуляциялаудың қайта бөлу әдісі біркелкі өнім
белгілі бір тізбекпен (қайта бөлу) өндірістің барлық кезеңінен өтетін
түйдекті және сериялық өндіріс саласында пайдаланылады. Калькуляциялау
объектісіне әрбір қайта бөлуі аяқталған өнім жатады, ал шығын есебінің
объектісі - қайта бөлу, яғни келесі қайта бөлуге жөнелтілуі мүмкін немесе
басқа тарапқа өткізілуі ықтимал жартылай дайындалған әзір өнімді алумен
бітетін технологиялық процестің бір бөлігі.
Бұл әдістің мәні - тікелей шығындар тіпті бір қайта бөлуден әр түрлі
өнім алынатын болса да, өндіруді қайта бөлу бойынша ағымдағы есепте көрініс
табады.
Шығынды калькуляциялауды ФИФО және орташалау әдістерімен жүзеге асыруға
болады. Алғашқы жағдайда өнім бірліктерін өңдеу өңдеуге жаңа өнімдердің
түсу шамасы бойынша жүргізіледі: Екіншісінде - өнім бірліктерінің қоры
кезең басында басталып, есептік кезеңнің шегінде аяқталады деп топшыланады.
Бұл әдісте калькуляциялау техникасы аналитикалық кестені толтыруға
жиынтықталады: шартты бірліктердегі өндіріс көлемінің есебі; бір шартты
бірліктің өзіндік құнын бағалау; дайын өнімдер мен аяқталмаған өндірістің
өзіндік құндарының есебі.

II ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ

2.1 МҰНАЙ кәсіпорындардағы өнімнің өзіндік құны

Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындар жұмысының аса маңызды
көрсеткіштерінің бірі – кәсіпорындардың өнімді өндіру мен өткізуге
жұмсайтын ақшалай түрдегі шығындары болып келеді. Өзіндік құн өнім құнының
бір бөлігі болып табылады. Соңғысы, әдетте, социалистик қоғамда келесі
бөліктерден құралады: тұтынылған өндіріс құралдарының құны, қажетті
еңбекпен құрылған құн және қосымша еңбекпен құрылған құн. Өнімнің құнының
ақшалай түрде көрсетілген алғашқы екі бөлігі өнімнің өзіндік құнының негізі
болып табылады. Қосымша өнімнің (қоғамға арналған өнімнің) құны
кәсіпорындардың қазіргі кездегі шаруашылық есеп жағдайларында қайсыбір
біөлігінде өнімнің өзіндік құнына енгізіледі. Нақты түрде бұл келесіден
көрінеді, өнімнің өзіндік құнына әлеуметтік сақтандыруға аударымдар,
салықтар мен алымдар және басқа да төлемдер кіреді. Сол себептен, сондай-ақ
еңбек құралдар мен заттарының бағалары олардың құнына, ал еңбекақы қажетті
өнімнің құнымен әркез сәйкес келе бермейтіндігіне байланысты, өзіндік құн
өндірістің тұтынылған құралдары мен қажетті өнімнің құнымен сандық түрде
сәйкес келмеуі мүмкін. Өнімнің өзіндік құнының шамасына қолданылатын
техниканың, технологияны, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру технологиясының
деңгейі әсерін тигізеді. Өндіріске тахникалық прогрестің ең соңғы
жетістіктерін, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың аса жетілдірілген және
ғылыми әдістерін енгізген сайын шығарылатын өнімнің өзіндік құны төмендей
бастайды, бұл өнім бірлігіне қатысты жанды және заттандырылған еңбек
шығынының азаюынан көрінеді. Өнімнің өзіндік құнын азайтуың үлкен халық-
шаруашылық маңызы бар. Өнімнің өзіндік құнының азаюының нәтижесінде ең
алдымен кәсіпорындар мен халық шаруашылық салаларындағы пайда арта бастайды
және олардың тиімділігі артады.Өнеркәсіп кәсіпорнының өнімді өндіру мен
өткізу саласындағы өндіріс құралдарының, еңбек күшінің, қызметтердің ақысын
төлеуге жұмсайтын ақшалай түрдегі шығындары өнімнің өзіндік құны деп
аталады. Бұл кәсіпорындардың, құрылыстық, көліктік және басқа ұйымдардың іс-
әрекетінің аса маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.Ең
ақырында өнімнің өзіндік құнының деңгейі кәсіпорын ұжымының бүкіл
өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелерін, атап айтқанда, техника мен
өндіріс және еңбектің ұйымдастырылу күйін, барлық құрал-жабдық түрлерін,
энергияны, материалдарды пайдаланудың тиімділігін көрсетеді. Салалардың
алдына өнеркәсіптегі өнімнің өзіндік құнын азайту міндеті қойылған
болатын.Он екінші бесжылдыққа өнімнің өзіндік құнын азайту шараларының
үлкен кешені жоспарланып отыр. Қоғамдық өнімнің көп материалды қажет
етушілігін 4-5 %-ға азайту көзделіп отыр.Өнеркәсіптік, көліктік және
құрылыс министрліктерінің, бірлестіктер мен кәсіпорындарының жылдық
жоспарларында өнімнің өзіндік құныны азайту жөнінд тапсырмалар бекітіледі
және тауарлық өнімнің есебіндегі материалдық шығындардың шегі (ақшалай
түрдегі) енгізіледі.Өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның қолданыстағы өндіріс
құралдарына, аударымдарды қоса алғандағы төленетін еңбекақыға және өнімді
өндіру мен өткізу қызметтерінің ақысын төлеуге жұмсайтын барлық шығындары
болып табылады. Өнімді өндіруге жұмсалатын шығындар негізгі және қосымша
өндірістер бойынша жоспарланады.Өндірістік өзіндік құнға тұтастай кәсіпорын
бойынша өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жатады, б.а. сондай-ақ негізгі
өндірісті басқару мен күтімге алумен, техниканы, өндіріс технолоиясы мен
оны ұйымдастырумен қатысты болып келетін шығындар ескеріледі.Толық өзіндік
құнға өнімді өндіруге, сондай-ақ оны өткізуге жұмсалған шығындар жатады.
Өнімнің өзіндік құнын жоспарлаған кезде төмендегілерді есептейді:
• өндіріске жұмсалатын шығындардың жалпы сметасы;
• тауарлық (жалпы) өнімнің жоспарлық өзіндік құны;
• өнім бірлігінің өзіндік құны;
• тауарлық өнімнің шығындары және оларды азайту.
Жоспарлық көрсеткіштерді белгілеу үшін төмендегілерді есептейді:
• кәсіпорынның негізгі және қосалқы бөлімшелері бойынша өндіріске
жұмсалатын шығындар;
• шығынардың жиыны;
• цехтық, жалпы шаруашылықтық, өндірістен тыс және басқа түрдегі
шығындардың сметалары;
• өндік құнның калькуляциясы.
Тұтастай өнімнің өзіндік құны бойынша жоспар мен калькуляция, б.а.
жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнының есебін материалдарды, отынды,
электрқуатын және т.б. шығындаудың жоспарлық нормалары мен жұмыс уақыты пен
еңбекақының жоспарлық шығындарына негізделумен әзірлейді.
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын жоспарлауға өнімнің өндірісіне
жұмсалған шығындардың (кәсіпорында бірнеше өнім түрлері болған жағдайда
барлық өнім түрлеріне арнап есептеулер жүргізеді), сондай-ақ өнеркәсіптікт
сипаттағы жұмыстар мен қызметтерге жұмсалған шығындардың есебі
кіреді.Өндіріске жұмсалатын шығындарды экономикалық элементтер (өндіріске
жұмсалатын шығындардың сметасы) мен шығындық баптар (өнімнің өзіндік
құнының калькуляциясы) бойынша жоспарлап, ескереді.Шығынға жұмсалатын
шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтастыру кәсіпорынның
материалдық ресурстарға қатысты жалпы қажеттерін, негізгі қорларды
амортизациялаудың жалпы сомасын, еңбекақыға жұмсалатын шығындарды және
басқа да ақшалай шығындарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл топтаманы
айналымдық құралдарды жоспарлау мен олардың қолданылуын бақылап отыру үшін,
сондай-ақ тауарлық өнімнің шығынын анықтау үшін қолданады. Бұл топтаманы
өндіріске жұмсалатын шығындардың сметасын құрастыру кезінде қолданады,
алайда шығындардың бағытталуы, арналуы мен пайда болған жері туралы түсінік
бермейді. Ол бойынша сонымен қатар өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтауға
болмайды. Бұл үшін шығындардың шығындардың баптары бойынша топтамасы, б.а.
өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы қолданылады.Өндіріске жұмсалатын
шығындардың баптары деп солардың бағытталуына, арналуы мен пайда болуына
байланысты қалыптасқан шығындар аталады.Өнімнің өзіндік құнына кіретін
шығындардың баптарының атаулығы әртүрлі өнеркәсіп салалары үшін әртүрлі
болып келеді және әр саладағы техникаға, технология мен өндіріс және
еңбекті ұйымдастырудың ерекшеліктерімен белгіленеді.Шығындарды шығындардың
баптары бойынша топтастыру жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнын
анықтауға, сондай-ақ өзіндік құнның сол деңгейі қандай факторлардың
әсерімен қалыптасқандығын, оны төмендету жөніндегі жұмысты қай бағыттарда
жүргізу керек екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Негізгі шығындар — тікелей өндірістік процеске қатысатын шығындар.
Үстеме шығындар — бұл өндірістік процесті басқару мен ұйымдастыру
жөніндегі шығындар.
Бір элементтік шығындар — бұл шығындардың бастапқы элементтері.
Кешендік шығындар — бірнеше бір элементтік шығындардан құралған
шығындар. Мысалы, негізгі құралдарды ағымдағы жөндеуге қатысты шығындар.
Шығындар олардың пайда болу және өндірістік шығындарға жазылу уақыты
бойынша ағымдағы кезең мен келешек кезеңдердің шығындары деп бөлінеді.
Ағымдағы кезеңнің шығындары сол жылғы өнімнің өндірісі мен соны өткізумен
байланысты болып келеді. Келешек кезеңдердің шығындарына жоспарланып
отырған жылда пайда болатын, алайда ұзақ уақыттық нормативтік мерзім бойы
өнімнің өзіндік құнына жатқызуға жататын шығындар кіреді. Бл өндірісті
игеру мен әзірлеуге жұмсалатын шығындар.Барлық шығындарды анықтау үшін
кәсіпорындар өндіріске қатысты шығындардың сметасын жасайды, ол өзіндік құн
жөніндегі жоспарды техникалық өнеркәсіптік қаржылық жоспардың басқа
бөлімдерімен үйлестіруі тиіс.Өндіріс сметасы — өзіне негізделумен
айналымдағы құралдардың қажеті көлемі есептелетін, қаржылық жоспар жасалып
және сол кәсіпорын жеткізуші-кәсіпорындармен келісімшарттар жасасатын
маңызды жоспарлық құжат.Өндіріске жұмсалатын шығындардың сметасына өнімді
шығарумен, сондай-ақ өздерін кәсіпорын бөгде ұйымдарға ұсынатын
өнеркәсіптік емес сипаттағы қызметтермен қатысты болатын негізгі және
қосалқы өндірістердің барлық шығындары жатқызылады.Шахматтық баланс
ұстанымы бойынша жасалатын өндіріске қатысты шығындардың сметасы негізгі үш
бөлімнен тұрады:
1) шығындардың элементтері;
2) өнеркәсіптік цехтардың қызметтері және жалпы шаруашылықтық
шығындар
Барлық шығындар сол кәсіпорынның ұйымдық құрылымына сәйкес негізгі және
қосалқы өндіріс элементтерінің қимасында. Калькуляциялардың баптары
шығындардың шахматтық балансын құрастыруда қатыспайды, себебі олар
кәсіпорынның әрбір құрылымдық бөлімшесінің ішінде шығындардың элементтері
бойынша үлестірілген.Өндіріске қатысты шығындардың сметасы шығындардың
бағытына байланыссыз барлық шығындардың жалпы жиынын, шығындардың әрбір
бастапқы элементі мен кәсіпорынның бөлініп көрсетілген құрылымдық
бірліктері бойынша жекелеген шығындарды, сондай-ақ оның жалпы шаруашылық
шығындары бойынша жиынын береді; қызметтердің кәсіпорынның ішінде және
шетке өзара ұсынылуын көрсетеді, сондай-ақ күрделі құрылыс пен күрделі
жөндеуге қатысты шығындардың жиынын береді; негізгі өнімді өндіруге қатысты
шығындардың жиынын береді, бұл өндіріске қатысты шығындардың сметасын
өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының калькуляцияларымен
(есептеулерімен) байланыстырады.Өнімнің өзіндік құны жөніндегі жоспар
кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының аса маңызды
бөлімдерінің бірі болып табылады. Кәсіпорында ол маңызды мағынаға ие
болады, себебі кәсіпорынға өнімді шығару мен өткізу үшін қанша шығындар
қажет болатынын, жоспарлық кезеңде қандай қаржылық нәтижелерді күтуге
болатынын білуге мүмкіндік береді. Өнімнің өзіндік құны жөніндегі жоспар
төмендегідей бөлімдерден тұрады:
Өнімді өндіруге жұмсалатын шығындардың сметасы (экономикалық элементтер
бойынша жасалады).
Барлық тауарлық және өткізілген өнімнің өзіндік құны.
Жекелеген бұйымдардың жоспарлық калькуляциялары
Техникалық-экономикалық факторлар бойынша өнімнің өзіндік құнын азайтудың
есебі
Өнімнің өзіндік құны жөніндегі жоспардың маңызды сапалық
көрсеткіштеріне келесілер жатады: тауарлық және өткізілген өнімнің өзіндік
құны; өнімнің аса маңызды түрлері бірліктерінің өзіндік құны; тауарлық
өнімнің 1 ақш. бірл. жұмсалатын шығындар; техникалық-экономикалық факторлар
бойынша өзіндік құнның азайтылу пайызы; салыстырылып отырған өнімнің
өзіндік құнын азайту пайызы.Өткізілетін өнімнің өзіндік құны тауарлық
өнімнің толық өзіндік құны одан алынған өсім оған қосылған жоспарланып
отырған кезеңдегі өткізілмеген өнім қалдықтарының өзіндік құнының
азаюы.Өнім бірлігінің өзіндік құнының есебі калькуляция деп аталады.
Калькуляциялар сметалық, жоспарлық, нормативтік болады.
Сметалық калькуляция біржолғы тәртіппен жасалатын бұйымдарға немесе
тапсырысқа арнап жасалады.Жоспарлық калькуляция (жылдық, тоқсандық, айлық)
өндірістік бағдарламада ескерілген игерілген өнімге арнап әзірленеді.
Нормативтік калькуляция соны құрастыру сәтінде қолданыста жүрген
шығындық нормалар бойынша есептелген өнімнің өзіндік құнының деңгейін
көрсетеді. Ол өндіріске қатысты шығындардың нормативтік есебі орын алатын
өндірістер үшін қажет.Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау әдістері. Тәжірибеде
өнімнің өзіндік құнын жоспарлаудың екі әдісі кең тараған: нормативтік және
техникалық-экономикалық факторлар бойынша жоспарлау. Әдетте, олар бір-
бірімен тығыз байланыста қолданылады. Нормативтік әдістің мәні келесіге
негізделген, өнімнің өзіндік құнын жоспарлау кезінде материалдық, еңбек
және қаржылық ресурстарды қолданудың нормалары мен нормативтері, б.а.
кәсіпорынның нормативтік базасы қолданылады.Өнімнің өзіндік құнын
техникалық-экономикалық факторлар бойынша жоспарлау әдісі нормативтік
әдіске қарағанда артықшылыққа ие, себебі ол жоспарлық кезеңде өнімнің
өзіндік құнына түбегейлі әсерін тигізетін көптеген факторларды ескеруге
мүмкіндік береді.
Бұл әдіс кезінде келесі факторлар ескеріледі:
1) техникалық – кәсіпорында жоспарлық кезеңде
жаңа техника мен технологияның енгізілуі;
2) ұйымдастырушылық – бұл факторлар ретінде
кәсіпорында жоспарлық кезеңде өндіріс пен
еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіру
түсініледі (арнайы бағыттану мен
кооперацияны тереңдету, кәсіпорында
басқарудың ұйымдық құрылымын жақсарту,
еңбекті ұйымдастырудың бригадалық әдісін
енгізу);
3) шығарылатын өнімнің көлемін, атаулығы мен
ассортиментін өзгерту;
4) жоспарлық кезеңдегі құнсызданудың деңгейі.
Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының барлық шығындарын белгілеу үшін өндіріске
қатысты шығындардың жинағы құрастырылады, оған сондай-ақ негізгі және
қосалқы өндірістердің шығындары енгізіледі (кесте).Шығындар жинағын
құрастырудағы мақсат - өздерінің бағытталуына байланыссыз барлық
шығындардың жалпы жиынын қосындылау, әрбір элементтер мен МГӨК-тің
жекелеген бөлімшелері бойынша шығындардың жиынын анықтау, мұнай мен газды
өндірудің жиынтықтарын анықтау.Кәсіпорынның басшылығы әрдайым шығарылатын
өнімнің өткізілу бағасына, атаулығына, ассортименті мен көлеміне қатысты,
кредиттік және инвестициялық саясатқа және басқа көптеген нәрселерге
қатысты болатын оңтайлы шешімдерді таңдап алу қажеттілігінің алдында
тұрады. Осындай экономикалық тұрғыдан негізделген шешімдерді іздестірумен
кәсіпорынның өзін-өзі ұстаудың баламалы нұсқаларын есептеп және талдаудан
өткізеді.Өзіндік құнды жоспарлау – бұл материалдық өндірісті жоспарлаудың
бір бөлігі және ол оның тиімділігін материалдық, еңбек және қаржылық
ресурстарды, сондай-ақ табиғи байлықтарды аса тиімді пайдаланудың есебімен
барынша арттыру мәндетіне негізделумен жүзеге асырылуы тиіс.Мұнай
өндірісінің өзіндік құнын жоспарлаудың тікелей мақсаттары ретінде жоспармен
ескерілген өнімді жасап шығару үшін қажет етілетін өндіріске жұмсалатын
шығындардың шамасын экономикалық тұрғыдан негіздемелеу, сондай-ақ мұнай
өндіру кәсіпорындардағы шығындарды жүйелі түрде азайтуға арналған
резервтерді анықтау мен жұмылдыру, өндірістің пайдасы мен тиімділігін
арттыру шығады. Экономикалық ынталандыру қорлары (ЭЫҚ) материалдық
ынталандыру қоры түрінде, өндірісті, ғылым мен техниканы дамыту қоры
(ӨҒмТДҚ) мен әлеуметтік даму қоры түрінде әр шаруашылық есептік бірлестік
пен кәсіпорында құрылады.Бірлестіктің экономикалық ынталандыру қорларының
жоспарлық көлемдері еңбек ұжымдарын саланың – мұнай мен газ өндірісінің
ақырғы нәтижелеріне деген қызығушылығын арттыруды ескеретін салалық жүйе
бойынша белгіленеді.Бұған мұнайды, газ конденсатын, мұнай мен табиғи
газдарды өндіру көлемі үшін нормативтер бойынша бесжылдық және жылдық
жоспарларда материалдық ынталандыру қорын қалыптастыру арқылы қол
жеткізіледі.Жылдық жоспарлардағы экономикалық ынталанадыру қорларының
көлемдері қор құрушы көрсеткіштер бойынша бесжылдық жоспардың тапсырмаларын
орындау дәрежесіне байланысты болады.Мұнай өндірісіндегі қор құрушы
көрсеткіштер — бұл тонналық мөлшерлемелер, мұнай өндірісінде —кубтық
мөлшерлемелер. Тонналық мөлшерлемелер бесжылдық жоспарда бірлестіктер
бойынша сараланып жіктелген түрде 1 т мұнай, конденсат және мұнай газы үшін
теңге түрінде бекітіледі. Мұнай-газ өндіру өнеркәсібінде ЭЫҚ-ны құру
тұтастай бірлестік бойынша жүргізіледі. Ведомстволарға бағынатын бөлімшелер
өздері ЭЫҚ-ларды құрмайды, олар бірлестік қорларының есебінен бекітілген
тәртіппен қалыптастырылады. Бірлестіктің әрбір бөлімшесіне арнап оның
негізгі міндеттеріне негізделумен қорларды құру көрсеткіштерінің жүйесін
бекітіледі. Тонналық мөлшерлемелерді қолдану өндірістік бірлестіктердің
құрамына кіретін барлық кәсіпорындар мен бөлімшелерді соларға арнап
бекітілген көрсеткіштер мен нормативтер бойынша ынталандыруды қамтамасыз
етеді. Тұтастай өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша мұнай-газ өндіру
бірлестігінің материалдық ынталандырудың нақты қорының көлемі мұнайдың,
газ конденсаты мен газдың қосынды түрдегі өндірісі бойынша жоспарды орындау
немесе орындамау кезінде нақты өндіру көлеміне (Qф) және бекітілген
нормативке негізделумен белгіленеді:
Қмп=QфСпл
(24)

мұндағы, Қмп — материалдық ынталандыру қоры, теңге;
Спл— мұнайдың жоспарлық өндірісі үшін тонналық
мөлшерлеме, баррт.
Материалдық ынталандыру қорына қосымша аударымдар келесі түрде
жүргізіледі: 1) мұнай мен газ конденсатын жоспармен бекітілген мөлшерден
жоғары мөлшерде өндіргені үшін ең жоғары норматив бойынша— 5 баррт;

∆Қмп=∆QС∆Q, ,
(25)

мұндағы, ∆Қмп — материалдық ынталандыру қорының өсімі, теңге;
∆Q — мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемдерін
арттыру, т;
С∆Q — жоспармен салыстырғанда мұнайдың
өндірісінарттырғаны үшін тонналық мөлшерлеме (норматив);
2) мұнайлық және табиғи газды жоспармен бекітілген мөлшерден жоғары
мөлшерде өндіргені үшін (∆Г)

∆Қмп=∆ГС∆г
(26)

мұндағы, С∆г— газды жоспардан тыс жоғары көлемде өндіргені үшін кубтық
мөлшерлеме, теңге1000 м3;
3) бірлестіктер мен кәсіпорындардың материалдық ынталандыру қоры
тауарлық өнімді жұмсаудың шекті деңгейін есептегі (шектен тыс шығындау)
жоспардағы көрсеткішпен салыстырғанда төмендеткені (арттырғаны) үшін
арттырылады (азайтылады):
∆Қмп(с)=0,1Qт(Зт.пл-Зт.ф)
(27)

мұндағы, ∆Қмп(с) — материалдық ынталандыру қорын өзіндік құнды
өзгертудің есебінен өзгерту, теңге;
Qт— тауарлық өнімнің көлемі, теңге;
Зт.пл, Зт.ф — тауарлық өнімнің теңгесіне қатысты
соған сәйкес жоспарлық және нақты шығындар, тгтг;
4) мұнайды әзірлеу сапасын арттыруға ынталандыру ісі материалдық
ынталандыру қорына мұнайдың сапасы үшін көтерме бағаға қосып төленетін
қосымша төлемдер жоспарымен салыстырғанда одан асырудан алынған 50 %
пайданы аудару арқылы жүзеге асырылады. Мұнайдың сапасын арттырғаны үшін
материалдық ынталандыру қорын арттыру (∆Фмп.к) тәуелділікпен белгіленеді:
∆Қмп..к=0,5Qк(Цк-Цпл)
(28)

мұндағы, Цк мен Цпл — сапасы жоғары мұнайдың көтерме бағалары және
жоспарлық баға, теңге;
Qк — сапасы жақсартылған мұнайды өткізу көлемі, т.
Меншікті қажеттерге жұмсалатын мұнайды үнемдеу мақсатында мұнайды
өндіру көлемі бірлестіктің материалдық ынталандыру қорына аударылатын
аударымдарды есептеу кезінде бекітілген нормативтермен салыстырғанда
өндірістік-техникалық қажеттерге жұмсалған мұнайды үнемдеу (шектен тыс
жұмсау) мен шығындау шамасына арттырылады (азайтылады).Мұнай өндіру
өндірістік бірлестіктерге бекітілетін тонналық мөлшерлемелер шектерінде
бірлестіктің кәсіпорындары үшін материалдық ынталандыру қорының бөлек
түрдегі есептелуін ескеретін сала ішіндегі жүйе бекітіледі:
• өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша (қызмет көрсетуші өнеркәсіптік
емес шаруашылықтардың бүкіл кешенімен) — бірлестіктің өнеркәсіптік
іс-әрекет бойынша пайдасының есебінен;
• мердігерлік бұрғылау ұйымдары бойынша — мердігерлік бұрғылау
пайдасының есебінен.
Мұнай өнеркәсібінің өндірістік бірлестіктерінде ортақ материалдық
ынталандыру қоры құрылады, оған материалдық сыйақылау қорының (МСҚ)
қаражаттарымен қатар сыйақылаудың басқа да арнайы жүйелері бойынша
қаражаттар енгізіледі, атап айтқанда:
• МСҚ-ға жаңа техниканы құрғаны, игеру мен енгізу үшін;
• өнертапқыштық пен оңтайландыруға көмек көрсеткені үшін сыйақылауға
арналған қаражаттар;
• экспортқа арнап өнім жеткізгені, өндіріс шығындарынан көпшілік
тұтынатын тауарларды өндіргені үшін, құрылыс объектілерін іске
қосқаны үшін, өнімнің сапасын жақсартқаны үшін.
Мұнай және газ өнеркәсібінің бірлестіктерінде МСҚ-ның шамасы
келісімшарттарға сәйкес өнімді жеткізу жөніндегі тапсырмалар мен
міндеттемелердің есебімен өнімді өткізу жоспарын орындаған жағдайда 15%-ға
арттырылады және аталмыш тапсырмаларды орындамаудың әрбір пайызы үшін 3%-ға
азайтылады, алайда МСҚ-ның жоспарлық көлемінің 20%-нан артық болмайтын
мөлшерге. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нәтижелерінің түсінігі және теориялық аспектілері
Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері
Қаржылық талдау
Нарықтық экономика жағдайындағы өндірістегі тікелей және жанама шығындардың есебі
Жұмыстар мен қызметтер
Кәсіпорынның меншік капиталын оңтайландыруын бағалуы
Есеп саясатын талдау
Табыстар мен шығындар есебі
Баға құрылымы және бағаны тұрақтандыру
ВИНЗАВОД ЖЕТІСУ КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ҚОРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ
Пәндер