Лекциялық кешені «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 140 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ

ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕНІ

КЕ 3302 «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша

«5В050600 - Экономика» мамандығы, «5В050900 - Қаржы», мамандығы, «5В050800 - Есеп және аудит» мамандығы.

Алматы, 2012 ж.

Тақырып 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ СИПАТТАМАСЫ

Лекция мақсаты : студенттерге кәсіпорын қызметін жоспарлаудың экономикалық мәні, маңызы және мазмұнымен, жоспарлау қағидалары мен әдістерімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

1. 1 Қазақстан Республикасы экономикасының ұзақ мерзімге даму бағыттары.

1. 2 Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.

1. 3 Қазақстан Республикасының мемлекетік өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары.

1. 1 Қазақстан Республикасы экономикасының ұзақ мерзімге даму бағыттары.

Тәуелсіздік алғалы еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, сонымен бірге әлемдік қоғамдастық алдындағы абыройымыз да жылдан жылға арта түсіп, экономикамыз бен мемлекеттігіміздің берік іргетасы қаланды. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге аяқ бастық.

Дамыған елдердің қазіргі даму кезеңінің жаңа технологиялық әзірлемелерді жетілдіру мен ендірудің тиімді жүйесіне негізделген инновациялық экономикаға көшуін байқаймыз. Ел экономикасында табиғи ресурстарға бай болу факторы маңызды роль атқарған кезең аяқталып, оның орнына технологиялық дамуды жеделдету мақсатында сол табиғи ресурстарды жоғары тиімділікпен пайдалану мүмкіндігі шешуші рольге ие болған кезең басталды. Өндіріске арзан, әрі білікті емес мамандарды пайдалану кезеңі де аяқталу үстінде. Қазіргі жаңа кезеңде адамның инновацияны қабылдай ала білуі және оны жүзеге асыру қабілеті - басты ресурс болып қалыптасты.

Алдыңғы қатарлы шет елдердің стратегиялық көшбасшылығы көп жағдайда олардың ғылыми-техникалық саласының басымдылығынан көрінеді. Әлемдік нарықта елдің бәсеке қабілеттілігін анықтайтын шешуші фактор - елдің ғылыми-техникалық даму деңгейінің жоғарлылығы болып табылады. Жыл сайынғы Халықаралық бәсеке қабілеттілікті (WCY) анықтауды Халықаралық менеджмент институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) жүргізуі нәтижесінде соңғы жылдары көшбасшылықты бермей келе жатқан елдердің экономикасы жоғары технологиялық өндіріске бағытталғандығын анықтады.

Қазақстан Республикасында инновациялық ортаның белсенділігін арттырудың қажеттілігі келесі факторлардың әсерінен болып отыр:

Біріншіден, әлемдік қауымдастықта еліміздің жаһандануы мен интеграциялану үрдісі ұлттық экономикамыздың әлемдік шаруашылықта өз орнының болуын талап етеді. Шикізат ресурстары және олардың тек алғашқы өңдеуден өткен өнімдері әлемдік нарықта қалыпты жағдай ұстап тұруға кепіл бермейді. Бұл жағдайдан шығудың жолы ол - жоғары технологиялы өнімдерді шығаруға бағытталған инновациялық экономика құру болып табылады. Инновациялық экономиканың басты міндеті - тек ішкі және сыртқы нарықта тұрақты сұранысқа ие бәсеке қабілетті өнімдермен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге сол өнімнің бәсеке қабілетілігінің жоғары деңгейін қалыпты ұстап тұруын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, тәуелсіздік алғалы бергі тәжірибеміз көрсетіп отырғандай ішкі нарыққа тек шетел инвесторларын тарту арқылы шикізат бағытын басқару мүмкін емес. Соңғы жылдардағы қол жеткізген экономикалық өсу экспортталатын шикізат ресурстарының негізгі түрлеріне бағаның өсуіне және мұнай, газ, түсті және қара металдарды өндірудің көлемінің артуына байланысты болып отыр.

Бұл жерде мақсатқа сәйкес қадам - экономикамыздың салалық құрылымын өзгерту мен шағын және орта инновациялық кәсіпорындарды дамыту болып табылады. Мұндай шаралардың тиімділігі 20 жыл бұрын жаңа индустриалды елдердің ғылыми-техникалық саласының алғашқы даму кезеңінде көрінді. Ал соңғы жылдары олардың экономикасында болған өзгерістер нәтижесі басқаша қарауды талап етеді.

Үшіншіден, Қазақстанды дамыған елдер қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін белгі - ғылыми-техникалық әлеуеттің жоғары болуы. Бірнеше жылдар бұрын жаңа индустриалды елдер өз дамуының индустриалды бағытын бастағанда осы ресурстың болмауы олардың экономикасында да байқалды. Республикамызда жүргізілген реформалар нәтижесінде ғылыми-техникалық әлеуетімізді сақтап қалуға мүмкіндік болғанымен, инновациялық қызметтің дамымауына байланысты отандық ғылыми жетістіктеріміздің толық берілуі жүрмеді.

Экономикамызды диверсификациялау жолымен салалармыздың, отандық кәсіпорындарымыздың инновациялық белсенділігін арттыру жайында Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауында баса айтылады (2007 жылғы 28 ақпан) :

«Біз әлемдік нарықта жаңа технологиялар мен жаңа экономикамыздың жолсерігі болатын басқарудың жаңа жүйесін - ұлттық инновациялық жүйесін құруды бастадық. Осыған байланысты біздің стратегиялық міндетіміз - бәсеке қабілетті елдер арасынан лайықты орынға ие болу. Сондықтан да мемлекет пен жеке сектор арасында өзара келісілген және ортақ пайда әкелетін серіктестік байланыс орнатуымыз қажет».

Н. Ә. Назарбаев өзінің басқа да баяндамаларында инновациялық жетістіктерді экономикамызға ендіру мен пайдалану мәселелеріне көп көңіл бөлген. Мысалы, «Жаңа уақыт - жаңа экономика» тақырыбындағы баяндамасында былай деп айтады: «Жаңа экономика кең мағынада алғанда - бұл барлық салалар мен сегменттерге өткен инновациялар, ғылыми сыйымды жоғары технологиялар экономикасы. Шикізаттық және индустриалдық экономикадан интеллектуалдық ресурстарға, ғылыми сыйымды және ақпараттық технологияларға негізделген жаңа сапалы құбылысқа өту - соңғы уақытта әлемдік шаруашылықтың маңызды даму тенденциялары болып табылуда».

1. 2 Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы .

Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, каблеті Ол оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қоленер қызметкерлері Кәсіпкерліктің алғашкы дамуында кәсіпкер құрал -жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс ітеген. 16 ғасырды ортасынан бастап акционерлік капитал пайда бөлды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы: 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Ост - Индия сауда компаниясы, 17 ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.

Кәсіпкерлік бұл - табысты алу мақсатымен өндірстің барлық факторларын қозғалысқа келтірілген және толық экономикалық жауапкершілкке негізделген, кауіптің және белгіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізүші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процесі. Ал кәсіпкер-бұл табысты алу мақсатымен кауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс icтeйтін, ендірістік-шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз көзегінде кәсіпкерлік табыс-бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табысы) және үстеме пайдасы».

Ресейде, Қазақстанда кәсәпкерлік ерте заманнан келеді Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр 1 патшалық, ету көзінде кәсіпкерлік ерте дамыды, бipaқ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлікте дамыды. 1861 жылпы революциядан кейін Қазакастанда темір жол құрылысы, ауыр енеркәсіп салалары орын алды. Кәсіпкерліктің субъектісі бөлып -жеке адамдар сонымен бipгe заңды тулғалар, бірқкен серіктестер, арендалық ұжым, ашылық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялар, әр түрлі бірлестіктер және қорпорациялар бөлады.

Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір icтi істей білу. Ic icтey адамның белсенділігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың мінөз - кұлқы типтерімен байланысты бөлады. Олар адамның еркін өмір сүру түpi болып табылады. Кәсіпкерлік кабілеттік адамдардың ерекше таланттылығы.

Оны түсіну үшін кәсіпкердің 2 функциясын түсіну керек.

Кәсіпкер барлық, ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім
өндіріу процесіне қосу ынтасын өз жауапкершігіне алады, яғни
енірістің қозғаушы күші, ceбeбi icтeгeн ici пайда беретініне сенеді

Кәсіпкер өндipic процесіне барлық нeгізгi шешімдерді өз қолына
алады және кәсіпорынның ic бағытын айқындайды.

Елдің бөлашақ тағдырын кәсіпкерлер шешеді және олар өз елі гүлденуіне аянбай жұмыс ітейтін, өзніңщ де пайдасын табатын, білікті де іскеp азаматтар бөлуы керек. Аш - жалаңаш елде кәсіпкер де, халық та болмайды. Нарықтық экономикада кәсіпкердің басты міндеті барлық экономикалық ресурстарды жұмысқа қосу және тиімді пайдалану. Осы арқылы жұмыссыздық жойылады, инфляция тежеледі, баға тұрақтанады.

Кәсіпкерлік - бұл пайда табуға бағытталған қызмет. Оның мазмұны енімге, жұмысқа қызметке сұранысты табу немесе калыптастырудан және сәйкесінше тауарлар, жұмыстар, қызметтерді тауар ретінде сату арқылы қанағаттандырудан турады. Кәсіпкерлік бұл пайда табуға бағытталған өзіндік шаруашылық қызметтің ендірістік немесе коммерциялық нeгізгi түpi- оны өз атынан турақты, яғни жүйелі негізде өзін тәуекелге тiге кәсіпкерлер деп аталатын заңды және жеке тулғалар жүзеге асырады. Бизнес кәсіпкерліктен гөpi кеңірек ұғым бөлып табылады. Ceбeбi көз - келген сферадағы бip көзектің коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыратын, пайда табуға бағытталған қызмет бизнеске жатады. Кәсіпкерлік қызмет - жаңа идеяларды іске асырумен байланысты тәуекелді өз еркімен мойнына алуға дайын бөлу. Кәсіпкердің пайдасын акциялардан алынатын девидент, депозиттер бойынша пайыз, жер үшін жалгерлік төлемнен туратын меннік иесінің табысынан айырып білу қажет.

Кәсіпкер ол өз жауапкершілігімен басын қayiп пен қатерге және тәуекелге тiгe отырып, қызмет ететін нарықтың дербес агенті. Kәciпкep бөлу үшін капиталдың иeci бөлу шарт емес, кәсіпкердің басты капиталы ақша, еңбек қаруы және еңбек заты емес, ол оның интөллектісі мен тутынүшы психологиясын білуі. Сонымен бipгe кәсікерлікті менеджменттен, ал кәсіпкерді менеджерден айырып білу қажет. Менеджер - бұл кәсіпкердің алдына қойған міндеттерді шешуді ұйымдастыратын жалдамалы жұмыскер. Ол өз әрекеті үшін мүліктік жауапкершілікке ие бөлмайды.

Белгілі америқандық экономист Роберт Хизрач кәсіпкерліктің мәнін былай анықтайды: «Кәсіпкерлік - бұл кұны бар қандай да бip жаңа нәрсені құру үpдici, ал кәсіпкер - бұл осыған бар уақыты мен күшін жұмсайтын, өзінің мойнына барлық қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәукелділікті алатын және сыйлықка ақша және қол жеткізгенше қанағаттану алатын адам». Ал Питер Друкер кәсіпкерлік қызметтің теоретикалық негізгі Иозеф Шумпетердің линамикалық теңсіздігінің экономикалық теориясы табылады деп санайды. И. Шумпетер адамның қызметін мынадай мотивтерін атап көрсетеді.

♦ Кеңшілік пен билікті сөзіну мүмкіндігін беретін өзіндік және

меннік империяны негздеу арманы. ♦Жеңіске жетемін деген сенім

шығармашылық куанышы. Бұл қоғам үшін ең пайдалы мотив Сонымен кәсіпкердің негізгі сипаттамалары мыналар бөлып табылады:

Кәсіпкер өзі құратын немесе сатып алатын кәсіпорынға өзінің меннікті құралдары мен уақытын салады. Кәсіпкер жаңалық енгізүші бөлып табылады, ол техникада, ендіс үрдісінде, немесе өткізу әдістерінде жаңа бip нәрсені жасайды. Ол әрдайым өз iciн кеңейтуге және пайданы кебейтуге ұмтылады. Кәсіпкер ұйымдастырушылық каблетке ие және icтi тиімді жүргізудің алғашқы нeгiзгi ерекше және іске жақсы асырылған идея бөлып табылатынын басқарудан гөpi жақсы түсінеді. Кәсіпкер бұл ең, алдымен өзінің кәсіпкерлк қызметін ұйымдастырушы. Ұйымдастыру - бұл мақсатты анықтау, ресурстарды бөлу және оларды мақсатка жету үшін пайдалана білу. Ұйымдастыру - бұл міндетті калыптастыра білу, оны тікелей орындаүшыға жеткізу және орындалуын бакыылау. Ұйымдастыру ол шешімді кабылдай білу, міндеттемелер мен жауапкерілікті бөлістіре білу және жоспарлау, басқару, талдау бөлып табылады. Көз - келген бизнестің сәтті бөлуы кәсіпкерлік сферасын сәтті таңдауға, нарықтык, стратегияны және оны жүзеге асырудың тиімді тактикасын дұрыс анықтауға байланысты. Бұл басқа фирмалардағыдай старттық капитал мен күш жұмсауы жағдайында фирма жоғары іскерлік деңгейге шығаруға және нарықта алға басуға мүмкіндік береді.

1. 3 Қазақстан Республикасының мемлекетік өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары.

Фирма нарықтық экономиқаның непзп экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан туратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды іктеу үшін әр турлі көрсетктері қолданылады, олардың, маңыздысына менніктің формалары және фирманың көлемі жатады.

Меншіктің формасына сәйкес формалалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап көрсетуге бөлады:

индивидуалдық. немесе жеке Кәсіпкерлік;

серіктестік немесе партнерлік;

қорпорация ( акционерлк қоғам ) .

Индивидуалдық ( жеке ) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік eтyшici сонымен бipe менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкершілігінде шек бөлмайды. Индивидуалдық бизнесмен заңды тулға бөлмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, қорпорацияға белгіленген салық, төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ, дүкендерге, қызмет сферасына, фирмаларға, заңгерлік ic - әрекеттерге тән бөлады.

Серіктестік ( партнерлік) дегенміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тулға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді, және фирманың барлық, қарыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі бөлады. Кемшіліктері:

шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан
қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектөлген;

фирма мүшелерінің барлығы бірдей ic - әрекет мақсаттарын жетіле
түсінбеуі;

фирма табыстары мен шығыстарындағы бipгe тапқан мүліктерді
бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы. Брокерлік
кеңселер, аудиторлық, фирмалар, қызмет көрсету сферасының
мекемелері және т. б көбінесе, серіктестіктер формасында
ұйым дастырылады. .

Корпорация деп бip заңды тулға бөлып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Қорпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан қорпорацияның иелері акциялар ұстаүшы, ал қорпорацияның өзі - акционерлік қоғам деп аталады.

Қорпорацияның табыстарына қорпоация салығы салынады. Акциялардағы үлестерге сәйкес белгац қорпорация қарыздары үшін, қорпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады. Қорпорациялардың артышылықтары:

  • акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудыңшексіз мүмкіндігі;
  • акционерлік құқықтарының заттық, ( мүліктік ) құқыка және жекеқұқыққа бөлінуі. Мүліктік құқықа дивидент алу және фирмажойылған жағдайда оның мүліктерінің қүнының бip бөлігін алу құқыжатады. Жеке құқыққа акционерлік қоғамның icтepiн басқаруғақатынаса алу құқығы жатады. Акционер заңды құқығын жоғалтпайбасқаруға қатыспауына бөлады;
  • басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бармамандарды шақыра алады;
  • қорпорацияның турақты қызмет eтyi. Қоғамнан әлдебір акционердіңшығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.

Бизнес ұйымдастырудың қорпоративтік формасының кемшіліктері:

  • акция ұстаүшыларға дивиденд турінде төленетін қорпорациятабысының бөлгіне екі жақты ( eкi рет ) салық салынуы: бipіншici -қорпорация пайдасының бөлгі деп, eкіншici акция ұстаүшытабысының бөлігі деп;
  • экономикалық бейәрекеттердің, қылмыс жасауға мол бөлуы;
  • менніктену мен бақылау қызметтерінің бөлнуі. Акция иемденушілербарынша көп дивиденд алуға ынталы бөлады, менеджерлер оныазайтып ақшаны айналысқа жіберуге тырысады.

Корпорациялардың басқа да кемшіліктері бөлады, бipaқ артықшылықтары одан көп. Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші орта және ipi бизнес бөлып бөлінеді. Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ipi секторын құрайды. Мұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбi еңбек етеді. Kiшi бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise-жеңілдік) жүйесі мен венчурлық ( venture - бел байлау, тәуекел ету ) кәсіпкерлігі жатады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпорынның экономикалық мәнін сипаттаңыз.
  2. Мемлекетік реттеудің әкімшілік әдістерін қолдану қандай мақсаттарға сәйкес келеді?
  3. Кәсіпорынның жіктелуі, түрлері және айырмашылықтары.
  4. Кәсіпорынның экономикалық мәнін сипаттаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Экономика предприятия. /Под ред. Горфинкеля В. Я. и Швандара А. С. Учебник для вузов, 5 изд. М. : ИНФРА-М, 2008г.
  2. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В. П. Волков, А. И. Ильин, В. И. Станкевич и др. ; под общей редакцией А. И. Ильина, М. :Новое знание, 2008г.
  3. Экономика предприятия/ Под ред. Академика В. М. Семенова, 4-е изд. Спб. :Питер, 2007г.
  4. Скляренко В. И., Прудников В. М., Акуленко Н. Б. Экономика предприятия. Учебное пособие, ИНФРА-М, 2007г.
  5. Абрютина М. С. Экономика предприятия. Учебник. М. : Изд. Дело и сервис, 2004г.

Тақырып 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ СИПАТТАМАСЫ

Лекция мақсаты : студенттерге кәсіпорын қызметін жоспарлаудың экономикалық мәні, маңызы және мазмұнымен, жоспарлау қағидалары мен әдістерімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

2. 1. Кәсіпорын - шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші.

2. 2. Кәсіпорынның басты міндеттері.

2. 1. Кәсіпорын - шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші.

Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екендігі белгілі. Бұл тұрғыдан өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындар қатарына құрылыс өнімдерін өндіруші кәсіпорындарды жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы еліміздің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады.

Нарық дамыған сайын, бәсеке күшейген сайын кәсіпорындар өз мақсаттарын, стратегияларын және жедел қызметін мұқият негіздеуге тиіс. Осылардың ішінде стратегия кабылдау ең маңызды, ең жауапты болып табылады. Бір жағынан кәсіпорын басшыларының, маркетинг бөлім қызметкерлерінің біліктілігі, тәжірбиесі стратегияны интуиция деңгейінде, эмпирикалық әдіспен қабылдауға итермелеп тұрады және бұл адам психологиясына тән. Маркетинг теориясының көрсетуінше тәжірбие молайған сайын адамдардың меңгеру, сенім және көзқарас - таным қасиеттері күшейе түседі және өзін - өзі бағалауы да жоғарылай түседі. Осылардың салдарынан басшылар, мамандар қоршаған орта жағдайын, микро - және макроорта субъектілерін және факторларын, рынокты зерттеуге, талдауға көп уақыт және шығын шығарғанша тәжірбиеге сенген жөн деп ұйғаруы ықтимал. Және бұл практикада жиі кездесіп те жатады. Бұған белгілі тәжірбиелі, білікті американдық маркетолог маманының «Мен жарнамаға 2 миллион доллар жүмсаймын, бірақ керегінен 2 есе аз ба, әлде көп пе оны білмеймін» -деген сөздері дәлел бола алады.

2. 2. Кәсіпорынның басты міндеттері.

Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналасатын қызметә шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқық бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.

Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:

өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс іс-әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды әлеуметтік дамытуға жұмсалады.

Монопольды мемлекет экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет құқығы тек мемлекетке ғана жатады. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорын мен индивидке мүмкіндіктер жасалады. Бұл нарықтық экономиканы тап-тинақтай етіп, ҒТП талаптарына сай болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі - кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде шағын, орта және ірі кәсіпкерліктерге бөлеміз. Кәсіпкерлік субъектісі бойынша да бөлінеді: кәсіпкерлік субъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке индивидтер, жеке тұлғалар және жалпы экономикалық мүдделер мен келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам, холдингтер және мемлекеттік кәсіпкрліктерді айта аламыз.

Неміс ғалымы әрі экономисі Йозеф Алоиз Шумпетердің (1883-1950ж) ойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа игілікті жасауға бағытталған. Сондай-ақ өндіріске жаңа тәсілді ендіруге, затты өткізетін жаңа нарықты игеруге; жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін табуға өндірісті талапқа сай, басқаша құруға күш салады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Практикалық және лекциялық дәрістерді өткізу және оған дайындық
Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
Аймақтағы ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеудің теориялық жақтарын ғылыми негіздеу
Пәннің оқу - әдістемелік кешені негізінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдіснамалық негізі
Педагогикалық практиканың есебі
Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономиканың қатынастары
Мұнай саласында Қазақстан аумағында оны барлау, өндірумен айналысып жатқан шетелдік мұнай компаниялары
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бизнесті моделдеу»
Әдебиет сабағы. Сабақ түрлері мен үлгілері
Машинажасау мамандығының білім алушыларына Машинажасау мамандығына кіріспе пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz