Сұраныс көлемінің және сұраныстың өзгеруі



1.Сұраныс

2.Сұраныс көлемі

3.Сұраныс көлемінің және сұраныстың өзгеруі
Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді.
Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 500 ден 600 теңгеге дейін жоғарыласа, онда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлеміне көбейтеді. Сұраныс қисығы тауардың бағасы (P)мен тұтынушылар қалап, сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады. Мысалы;
1. Күнделікті өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш- баға. Жоғары деңгейдегі баға сатып алушыға үлкен кедергі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал трөмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеды.
2. Әр уақыттада тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігіне көп қанағат алады. Мысалы, сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді,ал екіншісі ондай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген жағдайда ғана алады.
3. Сұраныс заңының табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге болады.
Табыс қалай әсер етеді? Баға төмен болған жағдайда тұтынушы өзіне керек тауарды керегінше алады.Басқаша айтқанда, тауардың бағасының төмендеуі ақшалай табыстың сатып алу қабілетін күшейтеді,сондықтан тұтынушының өзіне қажетті тауарлардың бұрынғыдан да көп сатып алуға шамасы келеді. Ал жоғры деңгейдегі баға керісінше әсер етеді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Сұраныс

2.Сұраныс көлемі

3.Сұраныс көлемінің және сұраныстың өзгеруі

Сұраныс

Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу
қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей
байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесте
түрінде былай көрсетеді.

1- кесте
Шұжыққа сұраныс

1 кг-ның бағасы (теңгемен) Сұраныс көлемі (1 айға,кг)
900 3,5
800 4
700 4,5
600 5
500 5,5
400 6
300 6,5
200 7
100 7,5

1-кестеде тағамның бағасы өзгерген кезде (басқа факторлар тұрақты деп
ұйғарғанда) оның сатып алу көлемі қалай өзгеретінін көрсететін мәліметтер
берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне
байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілеті де өзгеретінін
көрсетіп тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деп неге айтамыз
, мысалы, нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдауына болады.,бірақ
оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды.
Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзқгеруіне және өзінің сатып алу
қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады. 1-кестеге қарасақ
баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі соғұрлым
көбейіп отыр. Шұжықтың 1 кг-ының бағасы 900 тенге болса, онда тұтынушы
айына 3,5 кг шұжық алаалады,ал егер 400 тенге болса,онда ол айына 6 кг
шұжық алуға шамасы келер еді.
Бұл сұраныс кестесі осы 9 мүмкіндіктің қайсысы нарықта нақты бар
екендігін көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс- бұл
тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын
кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсетукерек,
мысалы,күніне, айына, жылына және т.б.

1. Сұраныс көлемі

Сұраныс көлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп
ұйғарғандағы , әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.
1-кестеде берілген көрсеткіштерді координаттар осіне түсіріп, бейнелеуге
де болады. Бұл қисықты D әрпімен белгілеп, оны сұраныс қисығы деп
айтамыз.

1-сурет. Сұраныс қисығы

Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағасы мен
оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 500 ден
600 теңгеге дейін жоғарыласа, онда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін
төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлеміне көбейтеді. Сұраныс қисығы
тауардың бағасы (P)мен тұтынушылар қалап, сатып ала алатын тауарлар саны
арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы
неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны
көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза
болып табылады. Мысалы;
1. Күнделікті өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде
алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты
кедергі болатын көрсеткіш- баға. Жоғары деңгейдегі баға сатып алушыға
үлкен кедергі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал трөмен
деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеды.
2. Әр уақыттада тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігіне көп қанағат алады.
Мысалы, сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді,ал
екіншісі ондай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қанағат әкеледі.
Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер
етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға
төмендеген жағдайда ғана алады.
3. Сұраныс заңының табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы
түсіндіруге болады.
Табыс қалай әсер етеді? Баға төмен болған жағдайда тұтынушы өзіне керек
тауарды керегінше алады.Басқаша айтқанда, тауардың бағасының төмендеуі
ақшалай табыстың сатып алу қабілетін күшейтеді,сондықтан тұтынушының өзіне
қажетті тауарлардың бұрынғыдан да көп сатып алуға шамасы келеді. Ал жоғры
деңгейдегі баға керісінше әсер етеді.
Енді ауыстыру тиімділігі деген не? Тұтынушы кейбір қымбат тауарлардың
орнына солардың орнын басатын, бірақ бағасы неғұрлым төменірек тауарлар
алуға ынталанады – бұл жағдайды ауыстыру тиімділігі дейді.
Тұтынушылар көбінесе қымбат тағамдарды олардан арзандау тағамдармен
ауыстыруға әрекет жасайды.Мысалы,сиыр етінің бағасы төмендесе, онда
тұтынушының табысының сатып алу қабілеті күшейеді және соның арқасында ол
еттің мөлшерінбұрынғыдан да көбірек ала алады (бұл табыс
тиімділігі).Бағасы төмен болғандықтан сиыр етін қой,шошқа және тауық етінің
орнына да алуға болады (бұл ауыстыру тиімділігі).

3.Сұраныс көлемінің және сұраныстың өзгеруі

1-суреттегі сұраныс қисығы шұжықтың бағасы мен тұтынушылардың бір айда
сатып алатын оның саны арасындағы қатынасты көрсетеді (сұранысқа әсер
ететін басқа факторлар өзгермеген жағдайда).
Егер де берілген факторлардың кез-келген біреуі өзгерсе баға мен
сұраныс көлемі арасындағы тәуелділікте де сәйкесінше өзгеріс болады,
сондықтан қайтадан жаңа сұраныс қисығын сызу қажет.
Сұраныс қисығының бойымен қозғалу сұраныс көлемінің өзгерісі деп
аталады. Ол бағаның өзгеруін анықтайды.
1-суреттен көретініміз, шұжықтың бағасы 500-ден 600теңгеге дейін
өскенде, сұраныс көлемі5,5-тен 5кг-ға дейін төмендейді. Қозғалыс сұраныс
қисығының бойымен А нүктесінен В нүктесіне болады. Осы келтірілген
мысалымызда тауардың бағасы мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты
зерттедік, онда сұраныс ықпал ететін басқа факторлар өзгермейді деп
ұйғардық. Оны математика тәсілімен көрсетсек, сұраныс функциясы деп
атаймыз және ол төмендегідей түрде жазылады;
Q =f (P)
Мұнда, Q – сұраныс көлемі:
P –зерттеліп отырған тауардың бағасы.
Нақты өмірде сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар көп. Олар: сол берілген
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраныс пен ұсыныс теориясы
Сұраныс пен ұсыныс теориялары
Өндірістің тиімділік әдістемесінің негіздері. Ұсыныс пен сұраныс
Сұраныс және ұсыныс туралы
Ұсыныс және сұраныс заңы
Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Сұраныстың бағалық икемдiлiгi
Сұраныс
Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы
Рынок механизмiнiң негiзгi элементi ретiндегi сұраныс
Пәндер