Нарықтық экономикадағы дағдарыс


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ . . . 3

1 Нарықтық экономикада дағдарыстын пайда болу табиғаты
1. 1. Дағдарыс түсінігі, типтері, даму сатылары және экономикалық мәні . . . 7
1. 2 Бейдағдарыстық ұйымдастырудың өрісі және оны концептуальды тұрғыдан қарастыру . . .
1. 2 Бейдағдарысты басқару құралдары, оның экономикалық әдістері . . .

2 Қаржылық дағдарыстын пайда болуынын ішкі және сыртқы факторлары

2. 1. Қазіргі кездегі дәрменсіз және сауықтыру процесіндегі кәсіпорындар . . .
2. 2. «» ЖШС сипаттама беру, қаржылық жағдайын талдау, оның дағдарыстағы іскерлік белсенділігі . . .

2. 3. 2007 ж әлемдік дағдарыстын шығуы, экономикалық жүйеге әсері (сыртқы әсері) . . .

3 Дағдыстан шығу жолдарын жетілдіру жолдары

3. 1. Дағдарыс жағдайьндағы мемлекеттік реттеудің аналитикалық негіздері . . . 34

3. 2. ҚР - дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары . . .

3. 2. Кәсіпорындағы дағдарысты мемлекет тарапынан сауықтыру процестерін ұйымдастыру . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 84
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 88

Кіріспе

Қазіргі кездегі ең өзекті тақырыптардың бірі ол дағдарысты болдырмау. Дағдарыстың әлеуметтік экономикаға әсері оған әсер етуші факторлары, оны дағдарысты болдырмау мәселесі толғандыру керек. Дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.

Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Біріншісі макроэкономикалық дамудағы стратегиямен және тенденциялармен немесе

тіпті әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайларменде байланысты, екіншісі - маркетинг стратегиясының тәуекелдігімен, ішкі қақтығыстар өндірісті үйымдастырудың жетіспеушілігі инновациялық және инвестициялық саясатты басқарудың жетілдірілмеуі. Яғни ішкі себептерді компаниялар, оның стратегиясы, дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайы, жұмысшылар әректі жататын болса, ал сыртқы себептеріне компанияның басқа мекемелермен, мемлекттік деңгейде, ілемдік денгейде пайда болу мүмкін. Бүл факторлар бір-бірімен тығыз байланысты, Яғни бірі әлсіреп дүрыс үйымдаспаған болса, екінші факторға әсерін тигізеді.

Нарықтық шаруашылықтың ажырамас бөлігі болып банкроттық институты саналады. Ол кәсіпкерлік құрылымдардың тиімді қызметінің қуатты ынтасы ретінде, несие берушілердің экономикалық мүдделеріне кепілдік бере отырып, сондай-ақ мемлекетті нарықтың жалпы реттеушісі ретінде қызметін атқарады.

Әлемдік тәжірибеде банкроттық туралы заңдар бастапқыда екі түрлі бағытта дамыды. Олардың бірі банкрот-борышкердің таратылуымен жалғасқан, банкроттықты несие берушілерге қарыздарды қайтару тәсілі ретінде санаған британдық модель қағидаларына негізделген. Екінші бастаманың негізі американдық модельде жатқан болатын. Заңдардың мұндағы негізгі мақсаты компанияны қалпына келтіру, оның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру болып табылды. Дегенмен қазіргі жағдайда дамыған нарықтық елдер заңдарында жақындасу сызығы, келтірілген бастамалар бірлесуі байқалып отыр. Экономикалық жүйесі дамыған кез-келген өркениетті елде нарықтық қатынастарды құқықтық реттеу механизмдерінің негізгі элементтерінің бірі болып дәрменсіздік (банкроттық) туралы заңдар есептеледі. Қазіргі сәтте біздің нарықтық экономикамызға өнеркәсіптің құлдырауы, экономикалық дағдарыс, инвестиициялардың болмауы, ақшалай-несиелік қатынастардың қатаңдануы сияқты құбылыстар тән, бұлар әрине шаруашылық субъектілерінің дәрменсіздігіне әкеп соқтырады. Сондықтан да кәсіпкерлер алдында мәселе туындайды: осындай банкротқа ұшыраған кәсіпорындарға не істеуге болады?

Банкроттық процесті регламенттеген бұрынғы номативтік-құқықтық база (негізінен кең ауқымды шетелдік тәжірибеге сүйенген), қазіргі экономикалық жағдайда жұмысқа қабілетті болмай шықты және ірі кәсіпорындардың банкроттықтан қорықпай, төлемсіздік дағдарысын ары қарай жалғастыру мүмкіндігін алуына әкеп соқтырды. Осыған қарамастан, жыл сайын сотта қаралған дәрменсіздік туралы істер саны өсуде, бұл, әрине, Қазақстандағы банкроттық институтының қалыпты экономикалық қатынастарды дамытуда шаруашылық айналымы қатысушыларының арасында жетекші орындардың бірін алып отырғандығын дәлелдеп отыр.

Тақырыптың көкейкестігі.

Дағдарыстын пайда болуынын ішкі факторларына ен басты өзекті мәселе кәсіпорындардың қаржылық жағдайынын төмендеуі, оларды банкроттыққа ұшыратады.

Қазақстан экономикасының жағдайы мынадай, кәсіпорындар жоғары рентабельді қатардан бірден дәрменсіздер қатарына өте алмайды, бұлар кейіннен банкроттық процедураларына ілігіп жатады. Төлем қабілетсіздігі жағдайына қолайсыз сыртқы факторлар қаржылық тұрақтылықтың төмендеуіне әкеп соқтыратын кезең сәйкес келеді. Бұл: өткізу нарығын жоғалтудан және негізгі тұтынушылардың банкротқа ұшырауынан өндірістің кідіруі тоқтауы; серіктестік қатынастардың қаржылық тәртібінің нашарлауы; мерзімінен асқан қарыздардың жиналып қалуы және басқа көптеген факторлар. Банкроттық туралы істегі таратылу (конкурстық өндіріс) әлемдік қоғамдастықтың көптеген елдерінде артықшылыққа ие болуы тарихи қалыптасқан еді. Тек соңғы онжылдықта ғана АҚШ, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей және басқа елдерде қалпына келтіру процедураларына басым назар аударыла бастады.

Қазақстан банкроттық туралы істе несие берушілердің мүдделерін қолдайтын елдер қатарына жатады. Сондықтан да қалпына келтіру процедураларынан конкурстық өндірістердің мөлшері жағынан асуы да көңілге сыйымды. Бірақ банкроттық институтының қалыптасуымен қатар қалпына келтіру туралы да шешім қабылдана бастады.

1998ж. бастап қалпына келтіру процедуралары тек шешімдер бойынша ғана енгізілуде және Комтеттің бақылауымен жүргізілуде, оның 60-70% жағдайы банкроттық туралы істің бастамашысы болып табылады. Басқа жағдайларда бастамашы болып несие берушілер, меншік иесі немесе салық комитеті болған. 1998ж. -2000ж. конкурстық өндірістердің ұзаққа созылуы көбінесе соттық сөзбұйдаларымен байланысты болғаны құпия емес: талап арызын қарастыруда, шешімді сол немесе басқа заңды тұлғаның пайдасына қабылдау, тарату балансын мен конкурстық басқарушысының есебін (жарты жылға дейінгі) бекітудің ұзақ мерзімі. Экономикалық соттарды ұйымдастырумен және экономикалық профильде жұмыс істеуге шақырылған судьялар топтарын бөлумен, одан кейін сот органдарының қызмет бөлігін дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеттің құзырына беру банкроттық туралы істі процессуалды және құжаттамалық ресімдеуді жеделдетуге мүмкіндік туғызды.

Дағдарыстын пайда болына әсер етуші ішкі факторлары үлкен глобалды мәселеге айналады. Мәселен, дәрменсіз болып жатқан кәсіпорын мемлекетке теріс әсерін тигізеді, өйткені аталып отырған кәсіпорын салықтық төлемдерді дер кезінде төлей алмайды, төлеуге қабілетсіз болады. Ал бізге белгілі негізгі бюджеттен түсетін салымдардың көбісі салықтық түсімдарден жиналады. Негізінен алып қарасақ бұл мәселеде біз негізгі әсер етуші ішкі факторлары кәсіпорындар деп қарадық, мұнда болып жатқан жағымсыз шаралар мемлекет тарапын әсер етеді, яғни сыртқы факторларына әсер етеді. Бұл микро деңгейде қарағанда. Ал дағдарыстын пайда болуына ісер етуші негізгі факторларынын бірін макро деңгейде қарайтын болсақ, онда мемлекетке әсер етуші негізгі факторлардың бірі басқа мемлекеттен алынған ақша қаражаттар. Яғни мемлекет өзінін қорын тотыру үшін шет мемлекттен ақшалай қаражаттарын несиеге алады, ол түскен ақша қаражаттары мемлекет тарапынан комерциялық банктерге үйлестіріледі. Комерциялық банктер бұл ақша қаражаттарын басқадай пайыздақ ставкамен заңды және жеке тұлғаларға ішкі қарыздарға береді. Ал дәрменсіз кәсіпорын бұл несиені өтей алмайды осылайша марко деңгейде әсер етуі мүмкін. Қаржылық институттар сферасында банктік дағдарыс, қаржылық нарықтар саласында-биржалық (фондтық), мемлекеттің қаржылық жүйесінде-бюджеттік, сыртқы қаржылық аяда-валюталық дағдарыстар болғанда жүйенің бір бөлігінің бұл құбылыстары белгілі бір деңгейде басқаларына да етеді және толық жүйенің жағдайына әсер етеді.

Бұл тақырыптың көкейкестігі қазіргі кезеңде банкроттық процедурасында көптеген кәсіпорындар мұқтаж болып отырғандықтан және осы тақырыпты зерделеу осы процедураның тиімділігіне байланысты, бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға негіз болғаны анық.

Мәселенің жүйелендірілу дәрежесі.

Бұл бағытта ірі үлес қосқан ғалымдар: А. Пробст, А. Кошанов, У. Б. Баймұратов, М. Исаева, К. Қажымұратов, А. Есентүгенов, С. Алпысбаева, Н. Кучукова, Т. Притворова, Т. Мұқашев, К. Тұрысов және басқалар.

Сонымен бірге банкроттықтың күрделі мәселелерінің көптеген сұрақтары аз зерттеліп отыр және ғылыми пайымдау мен талдауды қажет етеді. Толық бағалық нарықтық банкроттық институты бар экономикалық жүйенің қалыптасуы едәуір қиыншылықтармен ілесе жүреді. Оларды алдын ала белгілеу менеджмент, қаржылық қарым-қатынас жүйесіне ішінара түзетулер енгізуді, белгілі базаның қалыптасуы, тіпті басқару қызметкерлерінің жаңа тобының - антикризистік менеджерлер, конкурстық және қалпына келтіруші басқарушылардың пайда болуына дейін қажет етеді. Осыған байланысты көрсетілген мәселені зерттеу қажеттілігі анық және уақытылы болып табылады, және ол оның мақсаты мен міндеттерін белгілейді.

Зерттеу мақсаты және міндеттері.

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып дағдарыс түсінігін ашып көрсетіп, оған ісер етуші факторларды ашып көрсету. Дағдарыстын қазіргі жағдайы, дағдарысты болдырмау жолдарын Қазақстан Республикасы мысалында ашып көрсету саналады.

Зерттеудің қойылған мақсаты келесі міндеттерді шешу қажеттіліктеріне негізделді:

- кәсіпорындардың банкротқа ұшырауында қолданылатын заңнама базасына шолу жасау;

- кәсіпорындардардың банкроттығы бойынша теориялық материалдарды қорыту;

- кәсіпорындардың ауқаттылығын арттыру бойынша практикалық ұсыныстарды негіздеу.

- шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады.

-

Зерттеу нысанасы болып банкроттық процедурасының процесі саналады.

Зерттеу пәні болып банкроттықтың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелер жиынтығы саналады.

Зеттеудің теориялық негізі және әдістемелік базасы ретінде қозғалып отырған мәселе шеңберіндегі отандық және шетелдік экономистердің еңбектері қызмет етті.

Зерттеудің нормативтік-құқықтық базасын заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік бағдарламалар және ҚР Президентінің, Үкіметінің және жергілікті мемлекеттік билік органдарының басқа ресми құжаттары құрады.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық негізі болып Ауқатсыз борышкерлер бойынша комитеттің деректері, ҚР “Банкроттық туралы” Заңы, ҚР Үкіметінің Қаулысы, ҚР Азаматтық Кодексі, 2004 жылдың қорытындысы бойынша ҚР ҚМ ауқатсыз борышкерлерімен жұмыс жөніндегі Комитеттің қызметі туралы есеп негізге алынады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы келесіде:

- банкроттықтың теориялық даму аспектілері қорытылған;

- кәсіпорынның төлем қабілетіне әсер ететін факторлар анықталған;

- дағдарыстық жағдайдан шығудың әдістемелік ұсыныстары негізделген және ұсынылған.

Дипломдық жұмыстың практикалық мәні оның нәтижелері Дағдарыстын пайда болынын ішкі және сыртқы әсер етуші факторларын талдап, банкроттықты және кәсіпорынды қалпына келтіруді оның қаржылық-экономикалық жағдайын сауықтыруға ауыстыруға мүмкіндік береді. Ұсынылған қадамды елдің басқа кәсіпорындарында қалпына келтіру процедураларын жүргізуде пайдалануға болады. Кәсіпорындарға мемлекет тарапынан сауықтыру процесін ұйымдастыруды жетілдіру.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнің үш тарауынан, түйіндеулер мен ұсыныстар ретіндегі қорытындыдан, пайдаланылған көздер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Менің дипломдық жұмысымның бірінші бөлімінде дағдарыс түсінігі, дағдарыстын пайда болына әсер етуші көрсеткіштері, дағдарыс типтері, даму сатылары және экономикалық мәні, басқару құралдары, оның экономикалық әдістері туралы баяндалады.

Екінші бөлімі қазіргі кездегі әлемдік дағдарыстын шығу тарихы, оның Қазақстан Республикасына әсері, сонымен қатар кәсіпорын экономикалық жағдайы туралы талдау жасалған, әлемдік дағдарыстын пайда болуының ішкі (кәсіпорындарға) және сыртқы факторлары (шет мемлекеттер, ҚР-на) әсері жайлы.

Үшінші бөлімінде дағдарысты болдырмау жолдары. Оның ішінде ҚР - дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары, кәсіпорындағы дағдарысты мемлекет тарапынан сауықтыру процестерін ұйымдастыру, сонымен қатар әлемдік дағдарысты болдырмау үшін жасалған мемлекеттік стратегиялар туралы баяндалған.

1 Тарау. Нарықтық экономикада дағдарыстын пайда болу табиғаты

  1. Дағдарыс түсінігі, дағдарыстын пайда болына әсер етуші көрсеткіштері, дағдарыс типтері және экономикалық мәні.

«Дәрменсіздік» ұғымы шаруашылық тұрмысында өзінде жүріп жатқан үдерістер мәніне байланысты тек дәрменсіздікке жақындаған, бірақ әлі «дәрменсіз» болып саналмайтын кәсіпорындарға қатысты жиі қолданылатынын атап өткен жөн. Төлем қабілетсіздігі туралы айтқан дұрыс. Басқа сөзбен келтірсек, егер кәсіпорынның банкроттығы (дәрменсіздігі) «бизнестің өлуі» болса, онда төлем қабілетсіздігі - тек оның «ауыруы». Экономикалық қатынастардың қандай да бір субъектісінің төлем қабілетсіздігі «дәрменсіздік» категориясынан ерекшеленетіндігі сөзсіз және қажетті, бірақ жеткіліксіз түрдегі шарты болып саналады.

Қаржылық дағдарыстар ақша-жаржылық жүйесінің үш ішкі сферасының бірінде, сондай-ақ сыртқы ортада мүмкін. Сыртқы сферасы автономды ұстанымға шығару мемлекеттің ақша қаржылық жүйесін әлемдік жүйе ретінде қарастырумен байланысты, бұл ғаламдандыру процестерінің күшеюінде аса маңызды.

Қаржылық институттар сферасында банктік дағдарыс, қаржылық нарықтар саласында-биржалық (фондтық), мемлекеттің қаржылық жүйесінде-бюджеттік, сыртқы қаржылық аяда-валюталық дағдарыстар болғанда жүйенің бір бөлігінің бұл құбылыстары белгілі бір деңгейде басқаларына да етеді және толық жүйенің жағдайына әсер етеді. Бұл қаржылық дағдарыстың көптеген түрлерінің (немесе құрамдастарының) және олардың ресурстардың орын ауыстыру арнасының үлестік салмағына тәуелді түрлі тереңдігінің тығыз байланысын түсіндіреді.

Жағдайды бағалау мен мониторингтеу үшін экономикада макроэкономикалық және қаржылық көрсеткіштер жиынын - жеке валюталық дағдарыстармен байланысты халықаралық валюталық қор сарапшылары қолданатын индикатор-алдын-алғыштарды қолдануға болады.

Қолданылатын 15 көрсеткіш бірнеше топты құрайды:

1. Экономиканың сыртқы секторымен және төлемдік төлемдік баланс жағдайымен байланысты көрсеткіштер:

• алтын волюталық резервтер (АҚШ дол)

• экспорт (АҚШ дол)

• импорт (АҚШ дол)

• сауда шарттары (экпорт бағасының импорт бағасына) ;

• ұлттық валютаның нақты курсы.

2 Қаржылық нарықтардың көрсеткіштері:

• ішкі нарықтағы нақты пайыз;

• несие бойынша ставкалардың депозиттер бойынша ставкаларға қатынасы;

• банктік депозиттер өсуінің жылдамдығы (нақты сипатта) ;

• қор нарығының индексі (АҚШ долл. )

3 Ақша-несиелік саланың көрсеткіштері:

• нақты ақшаны «артығымен» ұсыну;

• ақшалық мультипликатор;

• ақшалық массаның ЖІӨ-ге қатынасы;

• «кең» ақшаның алтын валюталық резервтерге қатынасы.

4 Нақты сектордың көрсеткіштері:

• өнеркәсіптік өндіріс индексі;

• ЖІӨ индексі.

Аталған индекаторлар мемлекеттегі ықтимал қандай да бір дағдарыстың алғышарттарын көруге мүмкіндік береді. Бұл үшін әлемдік және ұлттық экономиканың тұрақты мониторингін жүргізу қажет, дамудың тұрақты сценарийлері бойынша алдын-алу сипатындағы дайын шаралар жиынына ие болу қажет.

АҚШ-та экономиканың жүйелі дағдарысы басталды. Оңын белгілерінің бірі нақты сектордағы, одан да тереңірек-қоғам қойнауындағы ипотекалық нарықтың түсіп кетуі болып табылады. Болашақтағы әлемдік валюта ретіндегі долларға нақты қауіп төнуде. Әлемдік экономикада дағдарыстық жағдайдың көріністері толық біздің ұлттық экономикада, атап айтқанда макроэкономикалық параметрлерде байқалады.

Дағдарыс пайда болуына әсер етуші көрсеткіштер ең бастысы валюталық бағамнан басталады. Осы көрсеткіштер мазмұнына, аңықтамысына толығырақ тоқталатын болсақ.

Валюта бағамының (курсының) анықтамасы, олардың эволюциясы.

Валюталық бағам-бұл басқа валюталардың бірлігімен өрнектелген бір валюта бағасы. Шетел валютасының бағасын ұлттық валюта бірлігімен (яғни тікелей немесе «амирикандық» баға белгіленімі) анықтайды, яғни бір АҚШ долларын, бір ресей рублін, бір еуропа еуросын т. б. қанша қазақстандық теңгеге сатып алуға болады. Кейде кері (немесе «еуропалық») баға белгіленімі пайдаланылады, яғни ұлттық валютаның бір бірлігіне шетел валютасының қаншама бірлігін сатып алуға болады.

Тәжірибиелік есептерде көбінесе валюта бағамының атаулы құны арқылы өлшенген бір елдегі баға деңгейінің басқа елдегі баға деңгейімен салыстырғандағы өзгеруін көрсететін нақты валюта бағамының индексі үш фактордың міндеті болып есептелетіндіктен, екі елдегі баға деңгейі өзгерсе және олардың валюталарының бір-біріне бағамы өзгерсе, онда оның шамасы олардың кез келгенінің де жиының да өзгеруіне байланысты ауысады. Мысалы, Қазақстандағы баға деңгейі бір пайызға көтерілгенде және Ресейдегі бағалар деңгейі мен теңгенің атаулы бағамының рубльге қатысты өзгермеген кезінде, теңгенің рубілге нақты бағамы сондай-ақ бір пайызға көтеріледі. Екі елдеде бағалар деңгейі бірден көтеріліп және атаулы құн бағамы өзгермеген кезде теңгенің рубльге нақты бағамы бұрыңғы деңгейде қалады.

Валюта бағамына әсер ететін келесі түбегейлі факторлар:

• Валюта бағамы (РРР rate) сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша−бұл екі елдің өнеркәсіптік тұтыну тауарларының стандартты қоржыны үшін бағалардың орташа өлшенген қатынасы ретінде есептелген валюта айырбастаудың мінсізбағамы. Екі ел арасындағы сауда операцияларының тек бағалары негізінде бағамды қалыптастырудың мінсіз үлгісі нақты валюта бағамы сатып алу қабілеттігінің тепе-теңдік бағамына тең.

Неғұрлым таңдау ауқымды болса, алынған нәтиже-валюта бағамының мәні де соғұрлым нақты болады. Валюталардың сатып алу қабілетінің тепе-теңдігіне сәйкес келетін оны анықтау және түзету әдісі тұрақталған валюта бағамдарының жүйесіне тән.

• Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), экономикалық негізгі көрсеткіші және өзінде біршама ірі экономикалық индикаторлардың құрамдас бөлігінің сапасын анықтаушы. ЖҰӨ-нің формуласы мынадай түрде болады.

GNP= C + I + G + X − M

Мұндағы С-тұтыну; I - инвестициялар; G - мемлекеттік шығындар; X - экспорт; M - импорт;

ЖҰӨ - көрсеткіші мен валюта бағамының өзгеруі арасында тікелей бар: ЖҰӨ - валюталық бағамы.

ЖҰӨ-нің өсуі экономиканың жалпы тұрақтылығын, өнеркәсіп өндірісінің үдемелі артуын, экономикаға шетел инвестицияларының артуын, экспорттың өсуін білдіреді. Шетел инвестициясы мен экспорттың артуы шетелдіктер тарапынан ұлттық валютаға сұранысты күшейтеді, бұл оның бағамынын артуынан байқалады. Бірнеше жыл бойы ЖҰӨ - нің өсуінің жалғасуы экономиканың инфляциялық үрдістің күшеюіне, сондай-ақ валютаға сұранымды арттыратын пайыздық мөлшерлемелердің (инфляцияға қарсы негізгі шара ретінде) артуына жииі әкеледі. ЖҰӨ мен валюта бағамының арасындағы өзара қарым-қатынастын қисаны осында.

Екі валютаның айырбастау бағамының қалыптасуына екі ел расындағы пайыздық мөлшерлемелердің деңгейі шамамен бірдей болса, бұл елдердің пайыздық мөлшерлемелердің деңгейі шамамен бірдей болса, бұл елдердің кез келгенінің экономикаға жұмсалымының табыстылығы бірдей екендігі сипатталса, онда олардың берілген валютадағы салымның пайдасына өзгеріс тудырады. Бұл осы валютаға сұраным артуы мен оның бағамының өсуіне әкеледі.

•Жұмыссыздық деңгейін (жұмыспен қамтылу факторы) екі түрде қарастыруға болады: не жұмыссыздар санын халықтың еңбкекке жарамды жалпы санына не жұмыс істеушілердің оған кері көрсеткіші ретіңде.

Жұмыссыздық көрсеткіші, әдетте пайызбен көрсетіледі. Жұмыссыздық деңгейімен валюта бағамының өзгеруі кері тәуелдікте болады:жұмыссыздық-валюта бағамы.

• Инфляция деңгейі немесе ұлттық ақша бірлігінің құнсыздануы, бағалардың өсу қарынымен сипаталады. Бағалар деңгейі өзгеру көрсеткіші екеу:

PPI- өндірістіктік бағалардың өзгеру индексі (өндірістік тауарлардың көтерме топтамасына) өткен кезде пайызбен өлшенеді, инфляцияның бірінші белгісі болып табылады, өйткені өндірістік бағалар тұтыну бағасына қосылады;

CPI- тұтыну бағасының индексі, инфляция деңгейінің көрсеткіші.

Инфляция деңгейі мен валюта бағамының өзгеуі кері тәуелдікте болады: инфляция-валюталық бағам.

Басқа маңызды көрсеткіш-мемлекеттік бюджеттің тапшылық мөлшері-айналыстағы ақша масасының артуына тікелей себепші болады.

Инфляция бағаның өсуін тудырады, сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша валюта бағамының өзгеруіне әкеледі. Бақылаудан шығып кетіп, ол елдегі іскерлік белсенділікке әсер етеді, ЖШӨ-нің өсу қарқының төмендетеді және шетелдік инвесторлар үшін ел экономикасына жұмсалымның тартымдылығын кемітеді.

Жоғары инфляцияның валюта бағамына әсер етуіне тән мысалы соңғы бірнеше жылда болып жатқан қазақстандық теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануы болып табылады.

• Төлем балансы-шетелдік төлемдер балансы мен елге түскен түсімдер, өзіне сауда балансы мен капиталдар қозғалысы балансын қосады.

Шетелден түскен түсімдердің шетелге төленген төлемдерден асып түсуі төлем балансының оң сальдосын құрайды және ұлттық валюта бағамының өсуіне әкеледі. Және керісінше, шетелге төленетін төлемдердің елге түсімдерден артып кетуі төлем балансының тапшылығын (теріс сальдо) тудырады және ұлттық валюта бағамының төмендеуіне әкеледі. Сөйтіп, тәуелділік пайда болады: тапшылық-оң сальдо-валюталық бағам.

Сауда балансы- бұл сыртқы операциялар бойынша төлемдер балансы. Егер экспорт импорттан асып кетсе, онда сауда балансының сальдосы оң болады.

Экспортшылар, экспорттық ақшалай түсімді шетел валютасында алып, оны ұлттық валютаға айырбастап сатады, сөйтіп соңғы бағамының өсуіне мүмкіндік туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыстан кейінгі кезең
Қазақстан Республикасының экономикасына дағдарыстың әсерін талдау
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
Дағдарыс және оған қарсы басқару
Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
Елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс
Инфляцияның мәні және пайда болу себептері
Экономикалық цикл түрлері
Экономиканың циклдық концепциялары
Бағалы қағаздар нарығындағы дағдарыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz