Кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі капитал жұмсалымы
1.4 Кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі капитал жұмсалымы
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісін инвестициялау негізінен капитал жұмсалымы нысанында жүзеге асырылады. Негізгі капиталға инвестициялаудың жалпы инвестициялаудағы немесе барлық жұмсалымдардағы үлесі және ролі өте жоғары болып келеді. Бұрынғы КСРО тұсында жиі пайдаланылған “капитал жұмсалымы” термині бүгінгі күні іс-жүзінде “негізгі капиталға инвестициялау” деген атпен қолдануда.
Капитал жұмсалымы – жаңадан негізгі қорларды құруға жұмсалған, экономикада жұмыс жасап отырған негізгі қорларды кеңейтуге, қайта құруға және техникалық жағынан қайта қаруландыруға жұмсалатын шығындар жиынтығы.
Капитал жұмсалымы бұл негізгі қорларды сатып алуға, құруға және ұдайы өндірісіне жұмсалған шығындарды сипаттайды. Капитал жұмсалымына барлық құрылыс жұмысына кеткен шығындар жатады, атап айтсақ:[14]
- құрал-жабдықтарды құрастыру шығыстары;
- құрастыруды қажет ететін немесе етпейтін құрылыс сметасында көрсетілген құрал-жабдықтарды сатып алу шығыстары;
- құрылыс сметасында көрсетілген өндірістік құралдар мен шаруашылық заттарын алуға жұмсалған шығыстар;
- құрылыс сметасында көрсетілмеген машиналар мен басқа да құрал-жабдықтарды алуға жұмсалған шығыстар;
- жобалау-зерттеу жұмыстарына кететін шығыстар.
Капитал жұмсалымының объектілеріне: жеке, мемлекеттік, муниципальдық немесе басқа да меншік нысандарының қарамағындағы жаңадан құрылатын және қайта жаңғыртылатын негізгі қорлар мен құрал-жабдықтар жатады.
Капитал жұмсалымының тиімділігі, оның негізгі жұмсалу бағыттарына, құрылымына, кезеңдеріне және құрылыс жұмыстарын жүргізу мерзіміне тікелей байланысты.
Капитал жұмсалымын жұмсалу бағытына қарай екі үлкен топқа бөледі:
1. Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы, яғни материалдық өндіріс және қызмет көрсету аясына бағытталған жұмсалымдар. Нақтырақ айтсақ оларға мыналар жатады:
- ауыл шаруашылығы кешеніне, яғни ауыл шарушылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сақтауға;
- өнеркәсіп тауарларын, соның ішінде халық тұтынатын тауарларды, дәрі-дәрмек және медициналық техника құралдарын өндеруге;
- ғылыми-техникалық және өзге де өнімдерді дамытуға;
- көлік, байланыс, құрылыс салысын дамытуға;
- өндірістік, коммуналдық және тұрмыс қажетіне жарайтын қызметтерді көрсетуге тиіс қызметтерді дамытуға;
2. Өндірістік емес бағыттағы капитал жұмсалымы, яғни материалдық емес өндіріс пен қызмет көрсету аясына жұмсалымдар. Оларға мыналар кіреді:
- денсаулық сақтау;
- білім беру;
- қорғаныс;
- мәдениет және өнер;
- қорғаныс және т.б..

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісін инвестициялау негізінен капитал
жұмсалымы нысанында жүзеге асырылады. Негізгі капиталға инвестициялаудың
жалпы инвестициялаудағы немесе барлық жұмсалымдардағы үлесі және ролі өте
жоғары болып келеді. Бұрынғы КСРО тұсында жиі пайдаланылған “капитал
жұмсалымы” термині бүгінгі күні іс-жүзінде “негізгі капиталға
инвестициялау” деген атпен қолдануда.
Капитал жұмсалымы – жаңадан негізгі қорларды құруға жұмсалған,
экономикада жұмыс жасап отырған негізгі қорларды кеңейтуге, қайта құруға
және техникалық жағынан қайта қаруландыруға жұмсалатын шығындар жиынтығы.
Капитал жұмсалымы бұл негізгі қорларды сатып алуға, құруға және ұдайы
өндірісіне жұмсалған шығындарды сипаттайды. Капитал жұмсалымына барлық
құрылыс жұмысына кеткен шығындар жатады, атап айтсақ:[14]

- құрастыруды қажет ететін немесе етпейтін құрылыс сметасында
көрсетілген құрал-жабдықтарды сатып алу шығыстары;
- құрылыс сметасында көрсетілген өндірістік құралдар мен шаруашылық
заттарын алуға жұмсалған шығыстар;
- құрылыс сметасында көрсетілмеген машиналар мен басқа да құрал-
жабдықтарды алуға жұмсалған шығыстар;

Капитал жұмсалымының объектілеріне: жеке, мемлекеттік, муниципальдық
немесе басқа да меншік нысандарының қарамағындағы жаңадан құрылатын және
қайта жаңғыртылатын негізгі қорлар мен құрал-жабдықтар жатады.
Капитал жұмсалымының тиімділігі, оның негізгі жұмсалу бағыттарына,
құрылымына, кезеңдеріне және құрылыс жұмыстарын жүргізу мерзіміне тікелей
байланысты.

1. Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы, яғни материалдық өндіріс
және қызмет көрсету аясына бағытталған жұмсалымдар. Нақтырақ айтсақ
оларға мыналар жатады:
- ауыл шаруашылығы кешеніне, яғни ауыл шарушылығы өнімдерін өндіру,
қайта өңдеу және сақтауға;
- өнеркәсіп тауарларын, соның ішінде халық тұтынатын тауарларды, дәрі-
дәрмек және медициналық техника құралдарын өндеруге;

- өндірістік, коммуналдық және тұрмыс қажетіне жарайтын қызметтерді
көрсетуге тиіс қызметтерді дамытуға;
2. Өндірістік емес бағыттағы капитал жұмсалымы, яғни материалдық емес
өндіріс пен қызмет көрсету аясына жұмсалымдар. Оларға мыналар кіреді:
- денсаулық сақтау;
- білім беру;
- қорғаныс;
- мәдениет және өнер;
- қорғаныс және т.б..
Капитал жұмсалымының құрылымы деп оның түрлері бойынша құрамын,
пайдалану бағыттарын, жалпы инвестициядағы үлесін түсінуге болады.
Капитал жұмсалымының құрылымы: салалық, ұдайы өндірістік және
технологиялық болып бөлінеді.
Салалық құрылымы, яғни капитал жұмсалымының өнеркәсіп және жалпы
экономиканың салаларына бөлінуі мен олардың өзара шекті қатынасын
сипаттайды. Оның жетілдірілуі қай салада ғылыми-техникалық прогресстің
жеделделуіне қарай бағаланады.
Ұдайы өндірістік құрылымы, капитал жұмсалымының өндірісті техникалық
жағынан қайта жарақтандыру, қайта құру, өндірістік қуатын арттыру,
өндірісті кеңейту, жаңа құрылыс объектілерін салуды сипаттайды. Мұндағы ең
маңыздысы өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыру. Яғни, ол
өндірісті ұйымдастыру барысында заттай және моральдық жағынан тозығы жеткен
ескі құрал-жабдықтарды жаңарту немесе жаңғырту негізінде өндірістің
техникалық деңгейіне жаңа техникалар және технологиялар енгізу арқылы
қаралатын жұмыстың немесе жекелеген объектілердің жобалары мен сметалары
бойынша жүзеге асады.
Жұмыс жасап отырған кәсіпорынды немесе қандай да бір өндіріс орынын
қайта құруға өндірісті жетілдіру және ғылыми-техникалық прогресс негізінде
оның техникалық-экономикалық деңгейін, жалпы алғанда өндіріс қуатын
арттырумен байланысты ғимарат пен құрылғыларды кеңейтпей-ақ негізгі және
қосымша қызмет ететін цехтар мен объектілерді қайта құру шаралары жатады.
Бұл екі шығынды қаржыландырудың негізгі көзіне амортизациялық қор және
істен шыққан негізгі құралдарды сатудан түсетін түсімдер жатады.
Яғни өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыру мен қайта құру,
өндірісті кеңейту және жаңа құрылыстағы негізгі қорларды айырбастауға
байланысты өзара ажыратылады.
Технологиялық құрылымы, капитал жұмсалымының активтік және пассивтік
жақтары арасындағы шекті қатынаспен сипатталады. Яғни құрылыс-монтаж
жұмыстары көлемінің жалпы капитал жұмсалымына қатынасымен есептеледі. Мұнда
капитал жұмсалымы мен құрылыс-монтаж жұмыстары арасындағы айырма, оның
активтік жағын сипаттайды, яғни қаншалықты сатып алатын техникалар мен
құрал-жабдықтарға капитал көп жұмсалса, соғұрлым капитал жұмсалымынң актив
жағы артып, нәтижесінде оның экономикалық тиімділігі жоғарлайды.
2.2 Инвестиция жобаларға қаржы анализі
Инвестициялық жобаның бұл бөлімі көлемді әрі жұмысы көбірек. Өзара
байланысы бар қаржы анализінің кешенді мәселелерін қарастырайық.
Инвестициялық жобаның қаржы анализінің жалпы сызбанұсқасы жәй кезектеседі:
1. Соңғы 3-5 жылдардағы кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайының анализі.
2. Инвестициялық жобаны әзірлеу кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық
жағдайына анализ.
3. Негізгі өнім түрлерін өндірудің шығынсыздығының анализі.
4. Инвестициялық жобаның іске асу үрдісіндегі пайда мен ақша ағынын
болжау.
5. Инвестициялық жобаның эффектілігін бағалау.
Кәсіпорын менеджментінің эффектілігінің, кәсіпорын пайдалылығының,
кредит алу мүмкіндігі, өтімділігін көрсететін негізгі қаржылық
коэффициенттердіинтерпретациялауға, кәсіпорынның алдыңғы жұмысының және
қазіргі жағдайының қаржылық анализін есептеуге әкеліп соқтырады. Әдетте бұл
қиын емес. Қаржы бөлімінде алдыңғы жылдардағы кәсіпорынның негізгі қаржылық
есебін көрсетіп, негізгі көрсеткіштерді салыстырған маңызды. Егер
инвестициялық жоба стратегиялық батыс инвесторын қажет етсе, онда қаржылық
есепті болашақ инвестордың елінің, батыстың форматтарына айналдыру тиіс.
Шығынсыздық анализі өндірудің өзіндік бағаларының құрылымдық анализі
бойынша жүйелік жұмысты және өнімнің негізгі түрлерін сатуды қамтиды,
сондай-ақ барлық шығындарды айнымалы (олар өндіріс көлемі мен сатылымға
байланысты өзгереді) және тұрақты (олар өндіріс көлемін өзгертуге тәуелсіз
болады) деп бөледі. Шығынсыздық анализінің негізгі мақсаты – шығынсыздық
нүктесін табу, яғни пайданың мәні нөл болатын мәнге сәйкес, өнімнің сатылу
көлемі. Шығынды анализдеу маңызы – шығынсыздық нүктесі бар инвестициялық
жобаны іске қосу үрдісіндегі болжанған және нақты пайданы салыстырып, кейін
кәсіпорынның жұмысының пайда келтіру сенімділігін бағалау болып табылады.
Жобаның қаржылық бөлімінің жауапты бөлімі оның инвестициялық бөлігі.
Ол бөлік мыналарды қамтиды:
• Жоюа бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау.
• Инвестициялық қажеттіліктерді қаржыландыру көздерін іздеу және табу.
• Инвестициялық жобаны іске қосуға жіберілген қаржыны бағалау.
• Жобадан түскен пайданы және ақша ағынын болжау.
• Жобаның эффектілігінің көрсеткіштерін бағалау.
Іске қосу мерзіміндегі жобаның ақталуын бағалау туралы мәселе
методикалық қиынырақ. Жобаны іске қосудан келген ақша ағынының көлемі
уақыттағы ақша бағасы принципін ескерген барлық инвестиция шамасы жабуы
тиіс. Бұл принцип мәні: Қазір сатып алынған доллар алдыңғы жылдағы алынған
доллардан қымбат, яғни, бір жылдан кейін алынған әрбір жаңа ақша ағыны бір
жыл бұрын алынған ақша ағымының мәні кем. Ақша ағынының уақытша мәнін
есептейтін сипаттама ретінде инвестициялық жобаның іске қосылу барысында
түскен ақша ағынының инвестициялаудан пайдалылық нормасы. Сонымен, жоба
қаржылық критерий тұрғысынан қабылданды, оның жұмылдырылған инвестициямен
барлық ақша ағыны жоғарыда көрсетілген қаржылық феноменін ескеріп, оның
шамасын жабады.
Жобаның ақталуын бағалағанда есеп және инфляция туралы мәселе сынды
болады. Шын мәнінде ақша ағынын уақытқа байланысты қайта есептеу керек.
Сондай-ақ, инвестициялық жобаның эффектілігі туралы қорытынды инфляциялық
эффектіні ескермей жасауға болады деген жағдай бар. Қазіргі сәттегі ақша
ағынының негізіндегі анықталатын инвестициялық жобаның негізгі эффектілік
көрсеткішін бағалауға бағалардың инфляциялық өзгеруі алда көрсетіледі.
Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке
қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор.
Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау,
инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған
қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты. Осы позициядан
инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға
топтастыруға болады:
1) Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың мақсаты
ең алдымен құрал-жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту немесе өндiрiстiк
қуатты, өндiрiс жағдайлары тиiмдi аймақтарға ауыстыру арқылы фирманың
шығындарын төмендету болып табылады;
2) Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Мұндай
инвестициялардың мақсаты – iс-әрекеттегi өндiрiстер шеңберiнде ертеректе
құрылған нарықтар үшiн тауар өндiру мүмкiндiктерiн кеңейту;
3) Жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған инвестициялар. Мұндай
инвестициялар кәсiпорында бұрындары өндiрiлмеген тауарларды шығаратын
немесе жаңа қызмет түрiн көрсететiн мүлде жаңа кәсiпорындарды құруды
қамтамасыз етедi немесе кәсiпорында өндiрiсте жүрген тауарлармен жаңа
нарықтарға шығуға әрекет жасауға мүмкiндiк бередi.
4) Мемлекеттiк басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру
мақсатына бағытталған инвестициялар. Инвестициялардың бұл түрлерi
экологиялық стандарттар, өнiмнiң қауiпсiздiгi және iс-әрекет шарттары
жөнiнен үкiметтiң талаптарын орындау қажеттiгi кәсiпорын алдында тұрған
жағдайда қолданылады[12].
Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы мұндай
тәуекелдiлiк логикасы айқын: ол инвестициялау аяқталғаннан кейiн фирма
жұмысының нәтижелерiнiң өзгеруiне нарықтың мүмкiн реакциясын дұрыс болжай
алмау қаупi деңгейiмен анықталмайды. Мақсаты нарыққа белгiсiз өнiм шығару
болып табылатын жаңа өндiрiстi ұйымдастыру жоғары дәрежелi белгiсiздiкпен
байланысты, ал нарықпен қабылданған тауар өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн
жоғарылату (шығындарды төмендету), инвестициялау нәтижесiнiң минималды
қауiп әкелетiндiгi түсiнiктi. Осы сияқты, мемлекеттiк басқару мекемелерiнiң
талаптарын қанағаттандыру мақсатымен жасалған инвестициялар да
тәуекелдiлiктiң төмен деңгейiмен байланысты. Толық ғылыми-техникалық
өндірістік циклді инвестициялауға болады немесе оның элементтерін
(сатыларын) – ғылыми зерттеулер, жобалық –конструкторлық жұмыстар, iс-
әрекеттегi өндiрiстi кеңейту немесе қайта құру, жаңа өндiрiстi ұйымдастыру
немесе жаңа өнiмдi шығару және т.б. iс-әрекеттердi инвестициялауға
болады.Өндiрiстiк-экономикалық потенциалды сақтау және дамыту –
кәсiпорынның өндiрiстiк – шаруашылық iс-әрекеттiң маңызды бөлiгi болып
табылады. Осы бағыттағы кәсiпорынның iс-әрекетi инвестициялық iс-әрекет деп
аталады. “Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес, инвестициялық iс-әрекет деп, инвестициялауды
iске асыру үрдісімен байланысты кәсiпкерлiк iс-әрекеттi айтамыз.
Инвесторлар (инвестициялық iс-әрекеттi iске асырушы немесе заңды
тұлғалар), тапсырыс берушiлер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық iс-
әрекет объектiлерiн пайдаланушылар, жабдықтаушылар, инвестициялық қорлар
және инвестициялық процестiң басқа да қатысушылары – инвестициялық iс-
әрекет субъектiлерi болып табылады. Тапсырыс берушiлер ретiнде инвесторлар
немесе инвестициялық жобаны iске асыру жөнiнде инвестордан алған жеке және
заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
Инвестициялық iс-әрекеттiң субъектiлерi ретiнде жеке және заңды
тұлғалар, соның iшiнде, шетелдiк тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық
ұйымдар болуы мүмкiн.
Инвестициялық iс-әрекеттiң объектiлерiн пайдаланушылар ретiнде
инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттiк және
жергiлiктi мекемелер, шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы орта
құрылымына мыналар кiредi:
- күрделi құрылыс ортасы, мұнда салалардың негiзгi және айнымалы
өндiрiстiк қорларға инвестиция салу жүргiзiледi;
- инновациялық орта, мұнда ғылыми-техникалық өнiм және интеллектуады
потенциал iске асырылады;
- қаржылық капитал айналымы ортасы (әртүрлi түрдегi ақшалай, қаржылық
және қарыздық мiндеттемелер)[13].
Нақты инвестицияларды қаржыландыру көздерiн жалпы барлық экономика
деңгейiнде (макродеңгей) және шаруашылық (микродеңгей) қарастыру қажет.
Макродеңгейде мұндай қаржыландыру көзi ретiнде жалпы жинақтар, яғни
тұрғындардың жеке жинақтары, бизнес жинақтары және мемлекеттiк бюджеттiң
сальдосы қарастырылады.
Жалпы жинақтар – бұл тұтынуға жұмсалмаған (тұтынуға мемлекеттiк
шығындар да жатады) барлық қоғамның ағымдағы табысының бiр бөлiгi және бұл
инвестициялаудың қаржылық негiзiн құрайды.
Жалпы мемлекет көлемiнде жалпы инвестициялар мен жинақтар бiрдей
деуге болады. Жалпы жинақтар мен инвестициялардың бiрдейлiлiлiгi, бөлек
экономика секторларында басқаша болуы мүмкiн. Дамыған несиелiк-қаржылық
жүйе жағдайында жинақтардың иесi жеке тұлғалары екендiгiнiң принципиалды
маңызы жоқ, себебi бұл қаражаттар қаржы қорларында несиелеу операцияларында
мобилизацияланады[13].
Қазiргi жағдайда қаржылық қамтамасыз етудiң маңызды көздерiнiң бiрi
халықаралық экономикалық байланыстар арқылы келетiн қорлар болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында негiзгi инвестициялық шешiмдер
шаруашылық субъект деңгейiнде қабылданады. Кәсiпорында қаржы салымдарын
жасау үшiн бiрнеше альтернативтi қаржыландыру мүмкiндiктерi бар. Бiр-бiрiне
ұқсамайтын бұл қаржыландыру көздерi бiрге қолдануы мүмкiн. Тәжiрибеде солай
жиi болады. Кәсiпорынның меншiктi қаржы қорлары өзiне құрылтайшылардың
бастапқы жарналарын және капиталды салымдарды қаржыландыруға кеткен
шаруашылық iс-әрекет нәтижелерi есебiнен жиналған жинақтарды қосады. [14]
Кәсiпорында инвестицияларды қаржыландырудың iрi көзiне амортизациялық
қаржы бөлiнулер жатады. Осы бөлiнулер нәтижесiнде кәсiпорынның негiзгi
капиталын ұдайы өндiрiсiн кеңейтуге қолданылатын бос ақша қаражатары
қалыптасады.
Табыстан төленетiн салықтар мен басқа да төлемдер төленгеннен кейiн
кәсiпорында таза табыс қалады. Оның бiр бөлiгiн өндiрiстiк және әлеуметтiк
сипатты капиталдық салымдар ретiнде қолдануы мүмкiн.
Несиелiк қаражаттар несие берушiлер есебiнен құралады. Қазiргi кезде
инвесторлар тез эффект беретiн кәсiпкерлiк iс-әрекет салаларын несиелеуге
тырысады.
Инвестициялаудың бағыттарының бiрi ретiнде лизингтi айтуға болады.
Лизинг деп машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлiк құралдарының және де
өндiрiстiк мағынасы бар ғимараттардың ұзақ мерзiмдi арендасын айтамыз.
Осында айта кету керек, дамыған нарықтық қатынастар жағдайында лизингтiң
құрал-жабдықтарды инвестициялаудағы үлесi 25% құрайды[7].
Бюджеттiк қаржы бөлiністері – бұл бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары.
Қазақстан Республикасының бюджетiнен қайтарымсыз негiзде мемлекеттiк
орталықтандырылған капиталды салымдарды қаржыландыру, ол- объектiлер
құрылыс жұмыстарының бекiтiлген тiзiмiне және мемлекеттiк қажеттiлiгi бар
объектiлер қатарына енгiзiлсе ғана жүргiзiледi.
Инвестициялаудың әр түрлi түрлерiн тарту және қолдану мақсатында
мемлекеттiң және мемлекеттiк реттеудiң рөлi тiкелей бақылау мен реттеуге
(мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаруға беру, халықаралық несие үшiн), және
экономикалық тетіктер арқылы жанама әсер етуге (халықаралық кәсiпкерлiктiң
тiкелей және портфельдi әдiстерi) саяды.
Реттеу дәрежесi инвестиция объектiлiгiмен анықталады және мысалы,
несиелiк инвестиция объектiсі кәсіпорындар немесе мемлекет болып
табылатындықтан, ол несиенi аралық иемдену құқығына ие, сондықтан да
инвестицияның тiкелей қолданылуын бақылау жасауға мiндеттi.
Инвестициялаудың коммерциялық түрiнде мемлекет тiкелей бақыламайды, оның
рөлi тек жанама түрде ғана болады, негiзiнен заң механизмi (салық жүйесi
және т.б.) және қаржы-экономикалық саясат арқылы реттейдi.
2. КАПИТАЛ САЛЫМДАРДЫ КӘСІПОРЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Кәсіпорындағы капиталдық салымдардың есебі
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары экономикалық болашақтық
материалдық базасын, олардың өндірістік аппаратын құрайды. Негізгі
қорлардың құрамын сапалы жетілдіру, оларды пайдаланудың тиімділігін
жақсарту еңбек өнімділігін көтерудің, өнімнің өзіндік құнын төмендетудің
негізгі факторлары болып табылады.
Кәсіпорынның техникалық мүмкіншілігін тиімді пайдалануды көтерудің
негізгі жолдары – бұл өндіріс үрдістерінің механизациясы және
автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың
жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім
дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы
автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық
жетістік шараларын жүргізу және т.с.с.
Өнімнің өндірісін өсіру, өзіндік құнын азайту, өнім сапасын жақсарту,
мүлікке салықтың азаюы және баланстық өсімнің түсуі, кәсіпорынның негізгі
құралдарын пайдалануын жақсарту оның қаржылық нәтижелеріне әсер етеді.
Кәсіпорында негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту мына жолдармен
жетуге болады:
- кәсіпорындағы негізгі құралдарды арендаға беру немесе артық
жабдықтардан, машина және басқа негізгі құралдарын жасату;
- құралдарды жөндеулерді уақытында және сапалы түрде жоспар бойынша
өткізіп тұру;
- жоғары сапалы негізгі құралдармен мүліктену;
- қызмет көрсетуші персоналдардың квалификациялық деңгейін көтеру;
- шамадан тыс моральды және физикалық тозуды болдырмау мақсатында
негізгі құралдардың, әсіресе активті бөлімді уақытылы жаңартып отыру;
- өндіріс процессіне материал және шикізат дайындығын сапалы жақсарту;
- өндірістің механизация және автоматизация деңгейін жақсарту;
- экономикалық мақсатта жөндеу қызметтерін орталықтандыру;
- өндірісті концентрациялау, мамандандыру және құрамалау деңгейлерін
жақсарту;
- азқалдықты, қалдықсыз, энерго және отынүнемді – жаңа техника және
жетілдірілген технологины ендіру;
- машиналар мен жабдықтарды, тоқтаулар мен жұмыс уақытын жоғалтуларды
қысқарту мақсатында ұйымның өндірісі мен еңбегін жетілдіру;
- кәсіпорындаңы негізгі құралдарды пайдалануды жақсартудың жолдары
сол немесе басқа кезеңде болған нақты шарттарға байланысты болады.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер ететін негізгі факторлар
болып төмендегілер табылады:
1. шығарылатын өнім сипаты;
2. шығарылатын өнім көлемі;
3. механизация және автоматизация деңгейі;
4. мамандандыру және коопирациялау деңгейі;
5. кәсіпорындардың климаттық және географиялық орналасу
жағдайлары.
Бірінші фактор ғимараттардың көлеміне және құнына, тасымал
құралдарының және жеткізетін құрылғылар үлесіне әсер етеді. Қанша
шығарылатын өнім көлемі (екінші фактор) көп болса, сонша құрал-жабдықтардың
және арнаулы жетілдірілген жұмыс машиналарының үлес салмағы артады.
Қорлардың құрылымына үшінші және төртінші факторлардың әсер етуі дәл
осындай сипатта. Климаттық жағдайлардан ғимараттармен құрылыстар үлесу
байланысты.
Негізгі қорлардың өндірістік құрылымына концентрацияның,
маманданудың, коопирациялау және өндірісті біріктірудің дамуы әсер етеді,
оған тағы да капиталдық құрылыс әсер етеді. Құрылыстың құнын төмендету
арқылы, мысалға өндірістік ғимараттардың, негізгі қорлардың салмақты
элементі үлесінің жалпы құнын төмендетуге болады және осының арқасында жаңа
кәсіпорынның негізгі қорларына салынған шығындардың тиімділігін көтеруге
болады.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсартуға төмендегілер
мүмкіндік береді:
- құрал-жабдықтарды жаңарту және модернизациялау;
- станок және машиналардың жетілдірілген түрлерінің үлесін
көтеру нәтижесінде құрал-жабдықтардың құрылымын жетілдіру, әсіресе мәрелік
операцияларды орындайтын станоктар, автоматты және жартылай орындайтын
станоктар, әмбебап агрегаттық станоктар, автоматтық машиналарды, сандық
бағдарламалармен басқарылатын станоктар;
- ғимараттарды және үйлерді жақсы қолдану, бос алаңдарда қосымша
құрал-жабдықтар орналастыру;
- құрылыс жобаларын дұрыс жасау және кәсіпорынның құрылыс
жоспарларын жоғары сапалы орындау;
- аз пайдалынатын және артық құрал-жабдықтарды және оның бөлек
топтарының арасында дұрыс пропорцияларды қамтамасыз ететін құрал-
жабдықтарды орнату.
Құрылыс көлемі артқан сайын кәсіпорын алдында терең бір проблема
болып каапитал салымдарының тиімділігін көтеру табылады, яғни капитал
салымдарының бірлігіне келетін материалдық өндіріс саласында қайтарымды
көтеру немесе жоғары әлеуметтік нәтижеге жету. Капитал салымдарының
тиімділігі - өте ауыр көрсеткіш, оның жақсаруы келесі факторлардың
кешенінен байланысты болады:
1. Инвестициялық циклды қысқарту, яғни қандай да бір құрылыс
объектісін қаржыландырудың басы және оны пайдалануға енгізу аралығы. Бұл
кезеңді қысқарту 2 мәселені шешуге мүмкіндік береді:
а) құрылыс объектісіне жұмсалатын халық шаруашылығынан алаңдайтын
құралдар, демек олар өнімдерді пайдалану өндірісінде және халықаралық
пайдаға қатыспайтын уақытын қысқарту;
б) негізгі қорлардың табиғи және моральдық тозуының арасындағы
айырылысты қысқарту;
Бұл мәселелер құрылыстың негізгі объектілеріне капитал салымдарын
біріктіру, құрылыс ұзақтығын және қуаттарды меңгеру мезгілін қысқарту
есебінен шешілуі мүмкін.
Негізгі құрылыс объектілерінде капитал салымдарын біріктіруді көтеру
олардың қолдануға тез енгізуіне және аяқталуына жәрдем береді.
Құрылыс ұзақтығын және кәсіпорындарды реконструкциялау қысқарту –
қазіргі замандық құрылыс өндірісінде бірден-бір маңызды мәселе болып
табылады. Біздің елімізде құрылыс ұзақтығының қолданылатын нормалары өте
жиі сақталынады, нормативтен 1,5 – 2 есе артатын нақты мезгілі белгіленген
құрылыс объектілері кездеседі.
Бұл мәселені шешуде маңызды болып құрылыстың ары қарай
индустрияландырылуы табылады, ол құрылыстық өндіріске машиналарды кең
көлемде енгізу және құрылыстың өнеркәсіптік базаларын дамыту есебінен болуы
керек.
Құрылыстық өнеркәсіптік базаларының технологиясын және ұйымдастыруын
жетілдіру төмендегілерді қамтамасыз ету қажет:
- заводтық дайындау, өнімді тасымалдау және объектілерді тұрғызу
сатыларында толық еңбек сыйымдылығын төмендету;
- құрылыстың материал сыйымдылығын және отын-энергетикалық
ресурстардың шығындарын төмендету;
- эксплуатацияға енгізілетін объектілердің сапасын көтеру;
- эксплуатациялық объектілердің қажетті сапамен қамтамасыз
еткенде құрылыстың құнын төмендету.
Құрылыс ұзақтығын қысқарту үшін құрылыс объектілерінің техникалық
дайындалған және жабдықтауды жақсарту үлкен маңызға ие. Құрылыс
бөгелістерінің көпшілігі территорияның құрылысты салуға уақытына дайын
болмауы (барлық бөгелістердің 10% мөлшерінде), техникалық құжаттамаларының
уақытына дайын болмауы (7% мөлшерінде), құрылыста техникалық және
технологиялық үзілістер және т.с.с. объектілерді енгізу мезгіліне құрылысты
материалдармен, бұйымдармен және конструкциялармен өзіндік өнеркәсіптік
кәсіпорындардың қуаттылығын меңгеру уақытын қысқарту инвестициялық циклдың
қысқаруына әсер етеді.
2. Транспортта және құрылыста өнеркәсіптік базаларының еңбек
өнімділігін көтеру. Құрылыс өндірісінің барлық буындарында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz