Hафта құрылымы


Жоспар
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
- НАФТА құрылымы
- НАФТА құрамы
- НАФТА- ның экономикалық дамудағы көрсеткіші
- НАФТА тарихы
- НАФТА ерекшеліктері
- НАФТА қызметі
- НАФТА-ның жағдайы
Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер
Солтүстік Америка еркін сауда ассоцияциясы.
НАФТА
Америка континенті бойынша ең жақсы дамыған интеграциялық топтардың бірі СОЛТҮСТІК АМЕРИКА ЕРКІН САУДА АССОЦИЯЦИЯСЫ болып табылады
НАФТА құрылымы
1994 жылдың қаңтар айында құрылған. НАФТА- АҚШ, КАНАДА, МЕКСИКА елдерінде дамыды.
Қазіргі кезде дүниежүзіндегі ең үлкен еркін сауда ассоцияциясы болып табылады.
НАФТА құрамы
НАФТА құрамында 406 миллион адам бар.
1999 жылғы НАФТА мүшелерінің әлеуметтік- экономикалық дамуының көрсеткіші
НАФТА ТАРИХЫ
НАФТАНЫ, келісім тауар мен қызмет еркін саудасын, және АҚШ, Канада, Мексика арасындағы инвестициялық процесстердің жаңа кезеңі болып табылады. ХХ ғасырдан бастап еркін тауар, капитал, жұмыс күшінің айналымы, АҚШ пен Канада қарым- қатынасына жаңа өзгерістер алып келді. АҚШ пен Канада арасындағы экономикалық қатынасындағы ең маңызды өзгеріс 1988 жылы болды. Бұл жылы мемлекетаралық деңгейде АҚШ- Канадалық еркін сауда келісімі бекітілген болатын. Бұл келісім шарт бойынша тауар және қызмет ( транспорттық, телекоммуникациялық, компьютерлік және қаржы жүйесінде, туризмде) көрсетулерді шектерді жою және Канадалық несие қаржы банкіндегі және АҚШ- тағы Канадалық банктердегі шетелдік мүмкіндіктерді сақтаудағы шекті жою. Сонымен қатар, тағы басқа жағдайлар.
1980 жылдардың соңында 1990 жылдың басында АҚШ, Мексика экономикаларына қызығушылық басталды.
1992 жылы Мексика, АҚШ- Канадалық еркін сауда келімісіміне кіреді.
Ұйымдастырушулардың жоспары бойынша НАФТА- ның интеграциялық процесі Еуропалық Одақ интеграциясымен бір типті болады:
АҚШ, Канада және Мексикаға ортақ тауар, капитал, жұмысшы күші, тенология нарығын құру, қорыта келгенде мүше елдердің экономикасын өсіру яғни үш елге бір шаруашылық ағзаның болуы.
Халыыық саны, жалпы ішкі өнім көлемі және басқа да, экономикалық көрсеткіштер бойынша солтүстік Америка интеграциондық тобы Еуропалық Одақ көрсеткішіне сәйкес. НАФТА жоғарғы экономикалық потенциялға ие.
Мысалы, жыл сайынғы АҚШ, Канада, Мексика тауар және қызмет өндіру көлемі 5 триллион долларға тең, бұл әлемдік сауда ұлесінің 20 пайызын құрайды.
НАФТА ерекшеліктері
Солтүстік Америка интеграциялық комплесінің құрылымы еуропалық үлгіге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Маңызды айырмашылығы - АҚШ, Канада, Мексиканың экономикалық тәуелділігі. Мексика Канаданың шаруашылық құрылымының қатынасы тереңдігі мен масштабы бойынша Канада- Америкалық және Америка- Мексикалық қатынасқа жол береді. Канада мен Мексика Америкалықмтауар және қызмет нарығында бәсекелес және Американдық корпорациялардың технологиясы мен капиталын тартуда да бақталас болып келеді.
Солтүстік Американдық топтың басқа да ерекшеліктері, оның мүшелері әр түрлі бастапқы жағдайды құрайды. Канада сонғы онжалдықтыа Американың маңызды көлеміне жақындаса жалпы ішкі өнім, жан басына шаққандағы көлемі бойынша, Мексика көп жылдар бойы экономикасы артта қалған елдер қатарында болғандықтан, екі елден артта қалды.
1994 жылы құрылған НАФТА интеграцияның теориясы мен практикасына жаңа көзқарастар алыа келді. Алғашқы рет “үшінші әлем” елдері өз ретімен екі дамыған елмен бірігіп отыр. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім Мексика мен Америка арсындағы үлесі 6, 6, ал Канадамен- 4, 1 экономикалық өсудің бұндай ұлкен айырмашалығы елдер арасындағы бір шаруашылық комплекс құруда кедергі болып тұр.
НАФТА қызметі
НАФТА құру келісімі келесідей құрылымды құрайды. Солтүстік Америка аумағындағы кәсіпкерлікке арналған, нарыққа рұқсат, инвестиция, гарантия, қызмет көрсету, интеллектуалдық меншікке құқық, мемлекеттік сатып алу, стандарттарға сәйкес қызмет атқару, кәсіпкерлерге жеңілдіктер жасау.
НАФТА- ның 2010 жылға дейінгі жағдайы
Нафта келісімінің негізгісі көршілес көршілес елдер арасындағы экономикалық қатынастардың көптеген аспектілері мыналар болып табылады:
- 2010 жылға дейін АҚШ, Канада, Мексика арасындағы тауарларға деген кедендік бажсалығын алып тастау.
- Тауар мен қызмет саудасындағы тарифтік емес кедергілердің санын азайту
- Мексиканың қаржы нарығында Америкалық, Канадалық банктердің еркін жұмыс істеуі.
- Мексика салынатын солтүстік американың капиталына жеңілдік беру
Осылайша НАФТА-ға мүше елдерүшінші әлем елдерімен сауда жасай отырып, өздерінің ұлттық кедендік тарихын сақтай алады.
10 жылдан кейін бұл экономикалық аумақта еркін тауар саудасы болады. Ол АҚШ, Канада, Мексикада өндірілген тауарларға байланысты.
Қорытынды бөлім
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде интеграциялық байланыстар кеңірек етек ала бастады. Кейінірек Еуро Одақ елдерінің осындай негізінде Кедендік одақ құрғаны белгілі.
Жалпы, интеграцияның бірнеше кезеңі бар. Еркін сауда аймағы, кеден аймағы, жалпы нарық және ең соңғысы экономикалық одақ. Бүгінгі күні ЕуроОдақ мемлекеттері осы кезеңдердің барлығынан өтіп, экономикалық одақ құрып отыр. Мәселен, валютасы бір, саяси ұстанымы бір, сондай-ақ, үшінші бір мемлекетпен қандай да бір байланысқа келгенде олардың көзқарасы бірдей. Ал, осындай Кедендік одақ АҚШ, Канада және Мексика елдерінде де бар - NAFTA (Солтүстік Америка еркін сауда келісімі) . Бұл мемлекеттер Кедендік Одаққа кіру үшін жиырма жылдан астам уақыт дайындалды, соған жұмыс істеді. Биылғы жылдан бастап бізде Ресей және Беларусь елімен Кедендік Одаққа біріккелі отырмыз. Алайда, осы мәселеде бір түсініксіз жайттар бар. Үкімет «бірыңғай экономикалық кеңістікке көшеміз, сондай-ақ, 2011 жылы бұл мемлекеттер арасында кедендік бекеттер алынып тасталады» дегенді айтуда. Ал енді салыстырайық. Мысалға, жоғарыдағы NAFTA-ға кірген үш үлкен мемлекет кедендік шекарасын алып тастады ма? Жоқ! Кедендік бекеттері жұмыс істеп тұр. Қазіргі күні еліміздегі орыс тілді газеттер кедендік бекеттер алынып тасталған соң «еркін жұмысшы, еркін капитал келеді» деп жарыса жазуда. Сонда бұл қалай болғаны? Егер, Еуропаға баратын болсаңыз сіз виза алуға тиіссіз. Мәселен, ол елдерге ортақ жүретін «Шенген» визасы арқылы Берлиннен Римге дейін, болмаса Мадридтен Прагаға дейін бөгеліссіз жүре беруге болады. Сондықтан, оларда кеден бекеттері жұмыс істеп тұр. Рас, оларда көлікті, жүкті тексеру, тауарды рәсімдеу өте жоғары деңгейде автоматтандырылған. Сол себепті кеденде еш кедергі жоқ. Бізде осы уақытқа дейін кеденде ұлттық қауіпсіздік қызметінің шекара әскері, санитарлық-карантиндік, ветеринарлық қызмет, фитосанитарлық қызмет, кедендік және көліктік қызмет тексеретін. Яғни, бес бірдей министрліктің құзыретіне кіретін «өткелектер» болды. Өйткені, біздің кеденде әлемдік деңгейдегі автоматтандырылған жабдықтар жетіспеді. Тек қана, «Қорғас» бекеті дүниежүзілік талапқа сай КПП-1 құрылғысымен жабдықталу үстінде. Осыған байланысты, желтоқсан айының аяғына қарай Президент ҚР «Кеден кодексіне» өзгерістер енгізу жөнінде қол қойды. Ендігі жерде, жаңағы басы артық кедергілер жойылып, тексерісті тек шекара және кеден қызметі ғана жүргізбек. Сонымен қатар, Одаққа мүше елдердің ішінде бірыңғай тариф жасалды. Осы арқылы сырттан келетін жүк, бизнес тауарлары, жаңа технологияларға, барлық жеңілдіктерге мүмкіндік жасалады. Бұл кәсіпкерлерге үлкен қуаныш. Ал, енді, Кеден Одағы деңгейінде әртүрлі келіспеушілік орын алған жағдайда 57, 5 пайыз Ресейдің даусы, 21 пайыз Қазақстан, 21 пайыз Белорустің даусымен шешілетін болып келісілді. Алайда, ЕуроОдақ пен NAFTA-да олай емес. Бұл мемлекеттерде барлығы теңдей қарастырылады.
Тағы бір айта кететін мәселе, тауар тасымалы. Әрине, бізге қарағанда Ресей мен Беларустікі өңделген, дайын өнімдер. Ал, бізден тасымалданатын тауардың дені шикізат күйінде. Мәселен, Саратов арқылы мұнай, Орынбор арқылы газ, алюминий, т. б өнімдер жөнелтілмек. Оның үстіне біздегі дайын өнімдер олардың өнімімен бәсекеге түсе алмайтыны жасырын емес. Мұндай жағдайда біз ұтылып қалуымыз мүмкін. Себебі, шикізат өңделген тауарға қарағанда арзан. Дегенмен, бізге қолайлы жағы да бар. Мысалы, бұрын Еуропадан Ресей арқылы өтіп келетін тауарларға жол, көлік шығыны қосылып бағасы шарықтап кететін. Ал бұл, Кеден Одағының бір ұтымды жері көлік шығындары, электр энергиясы, тасымал тарифы барлық жаққа бірдей. Осыған байланысты өзге мемлекеттерден келетін тауарлар аса қымбаттамайды. Екіншіден, Ресей өзінің ішкі нарығын қатты қорғайды. Соңғы кездері Батыс мемлекеттері мен Ресейдің арасында «тауар соғысы» жүріп жатқаны белгілі. Бұлар бір-бірінің тауарларына жүздеген шектеулер қоюда. Осындай текетірестің кесірінен өткен жылы ресейлік кәсіпорындар 2 млрд. доллардай зиян шекті. Сол себепті, Кедендік одаққа кірген соң жоғарыдағы текетірестің салқыны бізге де тиюі мүмкін. Сонымен бірге, аталған Одақтың базасында валюталық, фискалдық саясат ортақ болуы керек деген пікір айтылып жүр. Меніңше, біздің валютамыз, банк жүйеміз бөлек болғандықтан ол мәселе жүзеге аспайды. Ұлттық валютамыз теңгені жоғалту ұлттық саясатымызға, елдігімізге көлеңке түсіретін жайт болмақ. Сондықтан, Кедендік Одақтың негізінде өз мемлекетіміздің мүддесін табанды түрде қорғай білуіміз қажет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz