Химиялық қару


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Химиялық қару . . . 4

2. Химиялық қарудың жіктемесі мен түрлері . . . 4

3. Химиялық қарудың әскери іс-қимылдарда қолданылуы . . . 5

Қорытынды . . . 8

Кіріспе

Адамзат тарихының көпшілік бөлігін әр түрлі дәрежедегі қақтығыстар, халықтар арасындағы соғыстар мен шабуылдар құрайды. Осыған байланысты соғыс қарулары қарапайым түрлерден бастап күрделі түрлерге дейін пайда болу, даму сатыларынан өтті. Заманауи технологияның қарыштап дамуына орай соғыс қаруларының жетілген түрлері пайда болуда. Солардың бірі - химиялық қару. Алайда мұны жаңа пайда болған қару деп айта алмаймыз. Ол ерте кезде улы өсімдіктерді жағып, түтету арқылы жауды тұншықтыру, көзінен жас ағызып, көрсетпеу үшін пайдаланылған. Бірте-бірте дами отырып, түрлі формада пайдаланылатындай дәрежеге жетті. Әсіресе, химиялық қарудың барынша көп қолданылған кезі бірінші дүниежүзілік соғыс болды. Соңғы жылдары химиялық қаруды пайдалануды шектеу, химиялық қарусыздану мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып, шешімін табуды күтуде. Осы мәселелерді қарастыру, атап айтқанда, химиялық қару, оның түрлері, қолданылу барысы, қарусыздану, оны шешу бағытында атқарылып жатқан істер жайында рефераттық деңгейде қарастыру өзекті болып табылады.

Реферат негізінен үш тараудан тұрады. «Химиялық қару» деп аталатын алғашқы тарауда химиялық қару дегеніміз не деген сұраққа жауап қарастырылған. «Химиялық қарудың жіктемесі мен түрлері» деген екінші тарауға оның түрлері мен жіктелуі, жасалатын формасы, пайдаланылатын улағыш заттары туралы мәселе өзек болып, үшінші тарауда химиялық қарудың іс жүзінде, атап айтқанда әскери ұрыста пайдаланылу тарихы, бірінші дүниежүзілік соғыста қолданылуы сөз болады. Қорытындыда осы тарау бойынша тұжырым жасалып, химиялық қарусызданудың жүру барысы баяндалған.

1. Химиялық қару

Химиялық қару дегеніміз уландыратын заттар мен құралдар, олар ұрыс алаңында қолданылады. Химиялық қарудың қырып-жоятын әсерінің негізін уландырғыш заттар құрайды. Уландырғыш заттар (УЗ) дегеніміз химиялық түзілістерді білдіреді, олар қолданылған кезде қорғанышсыз тірі жандарды қырады немесе олардың соғыс қабілетін әлсіретеді. УЗ өзінің қырып-жою қасиеті бойынша басқа соғыс құралдарынан ерекшеленеді: олар ауамен бірге әртүрлі ғимараттарға, танкке және басқа әскери техникаға енуге қабілетті және олардың ішіндегі адамдарды қырады; олар өзінің жойғыш қасиетін ауада, жерде және әртүрлі жерлерде бірқатар уақыт, кей жағдайда ұзақ уақыт сақтайды; ауада және ауқымды аумақты ірі көлемде тарай отырып, ол қорғау құралдары жоқ сол жерлердегі барлық адамдарға әсер етеді; УЗ сол сияқты желмен де ұзақ қашықтыққа тарала алады.

2. Химиялық қарудың жіктемесі мен түрлері

Химиялық оқ-дәрілерді мынадай сипаттамалары бойынша бөлуге болады: - қолданылатын УЗ-дың тұрақтылығы - УЗ-дың адам ағзасына физиологиялық әсер ету сипаты - қолданылу құралдары мен тәсілдері - тактикалық арналуы - басқыншылық әсерінің жылдамдығы.

1. Тұрақтылығы. Қолданылғаннан кейін қанша уақыт өзінің улағыш күшін сақтай алатынына қарай ол: - тұрақты және тұрақсыз деп шартты түрде екіге бөлінеді. Улағыш заттардың тұрақтылығы олардың физикалық және химиялық құрамына, қолдану тәсілдеріне, метеорологиялық талаптарға және жердің ыңғайына байланысты болады. Тұрақты УЗ өзінің жою күшін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін сақтайды. Олар баяу буланып, ауа мен ылғалдың әсерінен әлсіз өзгереді. Тұрақсыз УЗ ашық жерде өзінің қырғыш күшін бірнеше минут қана сақтайды.

2. Физиологиялық ықпал етуі. Улағыш заттар адам ағзасына әсер ету сипатына қарай бес топқа бөлінеді: - жүйкені істен шығару - теріге әсер ету - жалпы улы - тұншықтыратын - психохимиялық әсер ету.

3. Қолдану құралдары мен тәсілдері. Әскери мамандардың көзқарасы бойынша улағыш заттар мынадай міндеттерді шешуге қолданылады: - тірі күштерді жою немесе қатардан шығару мақсатында; - белгілі бір уақыт ішінде жау әскерін әлсіздендіру, бұл теріге әсер ету, жүйкені істен шығару арқылы жасалады; - жауды бұғаулап қою, бұл тұрақты улағыш заттарды қолдану арқылы жасалады; - осы міндеттернді шешу үшін : - ракеталар - авиация - артиллерия - химиялық фугастар пайдаланылады.

4. Негізгі улағыш заттардың сипаттамасы. Қазіргі уақытта УЗ ретінде мынадай химиялық заттар пайдаланылады: - зарин - зоман - V-газдар - иприт - синильді қышқыл - фосген - диметиламид лизергинді қышқылдар.

3. Химиялық қарудың әскери іс-қимылдарда қолданылуы

Улы газдарды пайдалану алғашқы кезде бейбіт мақсатта болған. Мысалы, қансорғыш жәндіктерді қыру, жемістерді кеміргіш жәндіктерді жою, т. б. Египетте, және Қытайда осыған арнап тұрғын үйлерді улаған. Қытай бірінші болып осы шаруашылықты жетілдірді. Б. з. д. 4 ғасырдағы мәтіндерде улы газдарды бекініс қабырғаларының түбіндегі жаумен күрес үшін пайдаланғаны жайлы деректер келтіріледі. Жауды горчица мен жусанның түтінін құбыр арқылы жібере отырып, ығыстырды. Улы газдар тұншықтырып тастады кейде өлтіріп те жіберетін. Біртіндеп соғыс алаңында у, оқдәрі мен смола қоспасынан жасалған бомбалар сынақтан өткізіле бастады. Сондай-ақ Еуропада да УЗ-ды соғыс барысында пайдалану қадамдары жасалды. Улағыш түтін б. з. д. 431-404 жылдардағы Пелопоннеск соғысында пайдаланылды. Улы заттардың қоспасынан жасалған улағыш заттар жайлы Леонардо да Винчи де жазған. 1855 жылы Қырым науқаны кезінде ағылшын адмиралы лорд Дэндональд газбен шабуылдау идеясын жасады. Дегенмен әскерилер арасындағы жаппай қырып-жоятын осы қаруға деген теріс көзқарас оның ХХ ғасырдың басына дейін кең қолданылуын тежеді. Бірінші Дүниежүзілік соғысты толықтай «ГАЗ СОҒЫСЫ» деп атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі және содан кейінгі соғыстардың ешқайсысында 1915-1918 жылдарда қолданылғандай көлемде уландырғыш заттар қолданылған жоқ. Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында химиялық заттар ірі көлемде қолданылды: мысалы 12 мың тонна иприт қолданылып, 400 мың адамды қырды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары ішінде улағыш заттар қосылған әртүрлі типтегі барлығы 180 мың тонна оқ-дәрі шығарылып, оның 125 мың тоннасы соғыста қолданылды. УЗ-дың 40-аса түрі сынақтан өткізілді. Химиялық қарудан қайтыс болған адамдардың жалпы саны 1, 3 млн. адам деп есептелді.

Әскери УЗ-ды өндіру орталығы Леверкузен болды, онда материалдардың ірі көлемі өндірілді, бұған 1915 жылы Берлиннен Әскери химиялық мектеп көшірілді - онда 1 500 техникалық және басқарушы қызметкерлер болды. Оның Гюштедегі лабораториясында тоқтаусыз 300 химик жұмыс істеді. Улағыш заттарға арналған тапсырыстар әртүрлі зауыттар арасында бөлінді. «N2 снаряды» деп аталған әскери УЗ қолдану бойынша алғашқы тәжірибені германдықтар жасады. 1914 жылғы 27 қазанда осындай снарядтардың 3 000 Батыс фронтта Нев-Шапельге шабуыл барысында қолданылды. Снарядтардың тітіркендіргіш күші соншалықты мықты болмаса да, оның Нев-Шапельді алуда көмегі қомақты болды. Кейіннен ол қолданыстан алынып тасталды. 1914 жылдың соңында Германияда әскери УЗ-ды, әсіресе артиллериялық оқ-дәрілерді іздестіру жөніндегі жұмыстар басталды. Бұл әскери УЗ снарядтарын жабдықтаудың алғашқы талпынысы болды. Дегенмен снарядтар өндірісінде дағдарыс орын алды, ал жоғары әскери басшылық газ снарядтарын жаппай дайындаудың тиімілігіне күманмен қарады. Сол кезде доктор Габер газды газ бұлты ретінде пайдалануды ұсынды. Мұны жасаудағы алғашқы тәжірибелер аз ауқымда жасалды. 1915 жылы 22 сәуірде Германия хлорлы шабуылды көбейтуге күш салды, 5730 баллон хлор шығарды.

5-8 минут ішінде 6 км фронтта 168-180 тонна хлор шығарылды - 15 мың солдат жарақат алып, олардың 5 мыңы опат болды. Неміс үгітшісі мұндай снарядтардың соншалықты зиянды емес екендігін мәлімдеді. Одақтастардың әскері мұндай газды шабуылды күтпеген еді, 1915 жылғы 25 қыркүйекте Британ әскері өзінің хлорлы шабуылын бастады. Кейіннен газобаллонды шабуылда хлор да, сол секілді хлордың фосгенмен қоспасы да пайдаланылды.

Фосгеннің хлормен қоспасын УЗ ретінде алғаш рет 1915 жылғы 31 мамырда Германия орыс әскерлеріне қарсы пайдаланды. 12 км фронтта - Болимиовтың түбінде (Польша) осы қоспаның 264 т шығарылды. 2 орыс дивизиясында қатардан 9 мың адам шықты - 1200 опат болды. 1916 жылдың басында француздар хлордан, фосгеннен және дифосгеннен қорғайтын «Маска М-2» противогазымен әскерін жабдықтады. 1916 жылы германиялық противогаз фосгенді жұтып алатын үш қабатты патронды алды.

1915 жылғы германиялық противогаз

Ресейде жетілдірілген ылғалды маска Зелинский-Куммантаның противогазы және Горный инститтуттың шамалы нашарлау противогазы қолданысқа енді.

Зелинский-Куммантаның противогазы

Қорытынды

Химиялық қарулануды жою: денсаулық сақтау, жұмыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін техникалық тұрғыдан қарау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаппай қырып жою қаруларының түрлері
Соғыс қарулары
Химиялық қарулардың түрлері
Химиялық және биологиялық
Химиялық улы заттардың жіктелуі
Соғыс кезіндегі қауіпті жағдайлар
Химиялық, биологиялық улармен күресудің негіздері
Химиялық қару туралы
Cоғыс уақытындағы қауіптер
Химиялық қару туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz