Дүниежүзілік валюталық нарықты ұйымдастыру


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
1-бөлім. Дүниежүзілік валюталық нарықты ұйымдастыру негіздері

1. Валюталық нарықтардың түсінігі мен түрлері

Валюталық нарық ресми қаржылық орталығын ұсынады, бұл жерде сұраныс
пен ұсыныс негізінде валютаны сату-сатып алу және валютадағы бағалы
қағаздары бірегейлендіріледі.
Басқа сөзбен, функционалдық көзқарас бойынша, валюталық нарық қазіргі
заманға сай халықаралық есептемені жүзеге асыруын қамтамасыз етеді,
валюталық тәуекелдіктен сақтандыруды, валюталық қорлардың
диверсификациясын, валюталық интервенцияны, валюталық бағамының айырмасынан
қатысушылардың табыс алуы.
Валюталық интервенция – бұл ұлттық валюта бағамының шетел валютасына
қатысты кемуін немесе өсуін көрсететін мақсатты операциялар.
Институционалдық көзқарас бойынша валюталық нарық бұл банктердің,
валюталық биржалардың және басқа да қаржылық институттардың жиынтығы.
Ұйымдастырушылық – техникалық көзқарас бойынша, валюталық нарық – бұл,
әр түрлі елдердің банктері телеграфтық, телефондық, электрондық және басқа
да коммуникациялық жүйелердің барлығын тұтастай бір жүйеге байланыстырып,
халықаралық есептемелерді, несиелік және басқа да валюталық операцияларды
жүзеге асырады.
Валютаның сауда-саттығы кезінде болатын шешуші фактор ақпарат болып
табылады. Ақпаратты айырбастауда спутникалық және мониторлық байланыстар
арқылы жүзеге асырылады. Шетел валютасын сататындарда, барлық қаржылық
мекемелерде мониторлар орнастырылған. Олар маклерлерде, басқа да
қызығушылық танытқан тұлғаларда және ұйымдарда бар.
Әлемдік валюталық нарықтың орталықтары болып халықаралық қаржылық
орталықтар есептеледі.
ӘҚО – бұл банктердің, мамандырылған несиелік-қаржылық институттардың
жинақталуы. Онда халықаралық, валюталық, несиелік, қаржылық операциялар,
бағалы қағаздармен, алтынмен шарттар жасалады.
Қазіргі уақытта Азиялық ( Токио, Сингапур, Гонконг, Мельбурн
орталықтарымен), Европалық ( Лондон,Амстердам, Париж, Майндағы Франкфурт,
Цюрих), Америкалық ( Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анжелес) нарықтарын бөліп
көрсетуге болады.
Әлемдік валюталық нарықтың негізгі функциялары:
1) сыртқы саудалық келісім-шарттар бойынша есептемелерді жүзеге асыру;
2) валюталық бағамдарды реттеу;
3) валюталық активтер нарықтың қатысушыларын диверсификациялау;
4) валюталық тәуекелдерді сақтандыру (хеджерлеу);
5) валюталық бағамының айырмасынан қатысушылардың табыс алуы.

Валюталық нарықтың келесі түрлерін айырады.
Жан-жақты таралу саласы бойынша валюталық нарықты бағалаудың қамту
ауқымы көз-қарасы бойынша:
( Халықаралық валюталық нарық – бұл әлемдік нарық, бұл жерде
жергілікті және ішкі валюталық нарықтар әрекеттеседі және халықаралық
валюта айналымында кең қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге
асырылады.
( Жергілікті валюталық нарық – бұл аймақтық нарық, белгіленген
аумақтың ішіндегі елдер келісімге келіп, валюталық нарықтың ортақ
ережелерін қолдануға келісті. Қазіргі уақытта Азиялық, Европалық,
Америкалық жергілікті нарықтарын бөліп көрсетеді.
( Ұлттық (немесе ішкі) валюталық нарық белгілі-бір елдің
аумағында ұйымдастыралады. Әр бір елдің даму деңгейлері әр қилы
болғандықтан, олар өздерінің аумақтарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық нарықты валюталық қатынастар мен валюталық операциялар
ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Валюта нарығының дамуы және оның тарихи аспектілері
Валюта нарығы және валюталық операциялар
Валюталық реттеу және оның тәртібі
Экономикалық теорияның негізгі ұғымдары
Қазақстан Республикасындағы биржаның жағдайы туралы
Халықаралық маркетинг ортасы
Шағын кәсіпкерліктің белгілері
Әлемдік қаржы нарығы туралы
Пәндер