Коммерциялық банктің инвестициялық портфелін басқару



ЖОСПАР
Кіріспе
1. Коммерциялық банктің инвестициялық портфелін басқару
2. «КазИнвестБанк» АҚ
Қорытынды
КІРІСПЕ
Өндірістік практика оқу үрдісінің құрамдас және кәсіптік практиканың маңызды бөлігі. Өндірістік практика өту орны Алматы қаласындағы «КазИнвестБанк» АҚ болып таңдалды. Практика өту мерзімі 2008 жылдың 28 қаңтарынан 22 наурызға дейін болатын. Бұл қаржы орталығы Алматы қаласы Достық даңғылы 172 орналасқан.
Практиканың мақсаты – банк ісі туралы теориялық білімді практикада қолданып үйрену, есептеу дағдыларын дамыту. Болашақта жұмыс істеуге бейімделу және диплом жұмысына керекті мағлұматтарды жинап, тақырыпты зерттеп түсіну.
Осы мақсаттарды көздей отырып, келесі міндеттер қойылады:
• банктегі экономикалық жұмыстың мазмұнын жете түсініп білу;
• банк қызметінің тұтынушыларға көрсететін қызметтерімен негізгі операциялар түрлерімен толық танысу;
• банк ісінде кездесетін негізгі инвестицияларды талдап зерттеу;
• коммерциялық банктердегі инвестициялық портфельді зерттеп, толық қарастыру.
Практика өту кезіндегі негізгі кезеңдер:
• қауіпсіздік ережелерімен таныс болу, кіру қағазын алу, берілген өзіндік жұмыстарды орындау;
• нұсқаулық мағлұматпен, банк бөлімдерімен танысу;
• диплом жұмысына керекті мағлұматтар жинау.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе
1. Коммерциялық банктің инвестициялық портфелін басқару
2. КазИнвестБанк АҚ
Қорытынды

КІРІСПЕ
Өндірістік практика оқу үрдісінің құрамдас және кәсіптік практиканың маңызды бөлігі. Өндірістік практика өту орны Алматы қаласындағы КазИнвестБанк АҚ болып таңдалды. Практика өту мерзімі 2008 жылдың 28 қаңтарынан 22 наурызға дейін болатын. Бұл қаржы орталығы Алматы қаласы Достық даңғылы 172 орналасқан.
Практиканың мақсаты - банк ісі туралы теориялық білімді практикада қолданып үйрену, есептеу дағдыларын дамыту. Болашақта жұмыс істеуге бейімделу және диплом жұмысына керекті мағлұматтарды жинап, тақырыпты зерттеп түсіну.
Осы мақсаттарды көздей отырып, келесі міндеттер қойылады:
* банктегі экономикалық жұмыстың мазмұнын жете түсініп білу;
* банк қызметінің тұтынушыларға көрсететін қызметтерімен негізгі операциялар түрлерімен толық танысу;
* банк ісінде кездесетін негізгі инвестицияларды талдап зерттеу;
* коммерциялық банктердегі инвестициялық портфельді зерттеп, толық қарастыру.
Практика өту кезіндегі негізгі кезеңдер:
* қауіпсіздік ережелерімен таныс болу, кіру қағазын алу, берілген өзіндік жұмыстарды орындау;
* нұсқаулық мағлұматпен, банк бөлімдерімен танысу;
* диплом жұмысына керекті мағлұматтар жинау.



1.КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ
Инвестиция сөзі латын тілінен қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау деген мағынаны білдіреді. Инвестиция ұғымына қазіргі экономикалық әдебиеттерде, соның ішінде сөздіктерде әр түрлі ұғымдар берілген. Б.А. Райзберг, Л.Ш.Лозовскийдің жазған экономикалық сөздігінде инвестиция - пайда табу мақсатында өз елінде немесе шет елде әр түрлі саланың кәсіпорындарына, кәсіпкерлік жобаларға, экономикалық-әлеуметтік бағдарламаларға, инновациялық жобаларға ұзақ мерзімді жұмсалынатын мемлекеттік және жеке капиталды білдіреді.
Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ерекшелігібар. Кең мағынада банктік инвестиция - пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы. Ал тар мағынада, банктік инвестиция - табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да түсінуге болады.
Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.
Банктердің инвестициялық саясаты - банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:
* инвестициялық саясаттың басты мақсаты;
* баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық опрерациялардың шегін анықтау;
* инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығы;
* инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
* бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің тиімділігі;
* инвестициялар портфелінің диверсификациялануына қойылатын негізгі талаптар;
* портфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;
* сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;
* пайдалар мен зияндардың есебі;
* компьютерлік қамсыздандыру бағдарламалары.
Банктердің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат орналастыруға кепілдік беру (андеррайтинг), сондай - ақ клиенттерге қандай бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы кеңес беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор құндылықтарын орналастыру жоспарын құрады.
Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізілетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді: қор (акция, облигация) және коммерциялық бағалы қағаздар (коммерциялық вексель, чек, қоймалық, кепілдік куәліктер).
Банктердің инвестициялық операциялары бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөніндегі операцияларды жүргізу, сатып алынған бағалы қағаздарды кепілге беру арқылы кредиттер тарту, сатып алынған бағалы қағаздармен куәландыылған құқығын іске асыру жөніндегі инвестор банктің операциялары, бағалы қағаздарды өтеу есебіне берілген проценттерді, дивидвендтерді және сомаларды алу, банкроттыққа ұшырату рәсімдеріне кредитор немесе акционер ретінде қатысу, акционерлік қоғам таратылған жағдайда мүліктің өзіне тиесілі үлесін алу барысында айқын көрініс табады.
Бағалы қағаздар рыногында инвестициялық операцияларды жүзеге асыру кезінде банк өзінің өтімділігін, сондай-ақ өз қаражат-қаржысын бағалы қағаздарды сатып алуға-сатуға жұмсау арқылы табыс табуды көздейді.
Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық операцияларын жүргізу барысында банк өзінің кіріс базасының ұлғаюын және банктік қызмет көрсету түрлерін көбейту арқылы жалпы тәуекелді төмендетуді, өзінің аса қарқынды рыноктағы орнын сақтап қалуды, еншілес қаржылық институттарды құру арқылы клиенттік және ресурстық базаны, сондай - ақ клиенттерге көрсететін қызметтер түрін кеңейтуді, бағалы қағаздарына бақылау жүргізу арқылы клиенттерге тигізілетін ықпалды күшейтуді мақсат етеді.
Банктердің бағалы қағаздарға қаражат салуын талдау нәтижесінде тікелей және портфельдік инвестициялар айқындалады.
Тікелей инвестициялар қандай болмасын компанияның бақылау пакетін сатып алу барысында бағалы қағаздарға салынған банктің қаражаттары салымы нысанында көрініс табады.
Өз қызметін диверсификациялау және кіріс базасын кеңейтуді көздеп банктің инвестициялық және сақтандыру компанияларының, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының, лизингтік компаниялардың және т.б. акцияларына салған ақша қаражаттары да тікелей инвестициялар нысаны болып табылады.
Банктердің портфельдік инвестициялауы ауқымында корпоративтік бағалы қағаздар, мемлекеттік бағалы қағаздар, коммерциялық бағалы қағаздар қамтылады.
Портфельді инвестициялар әрбір эмитенттің біртұтас басқарылатын бағаздарының портфелін құру нысанында жүзеге асырылады, сондай - ақ осы орайда банк портфеліндегі бағалы қағаздардың бағамдық құнының өсуінен табыс алуды және салымды диверсификациялау негізінде дивидендтер мен проценттер нысанында пайда алуды көздейді.
Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру кезінде банк алдында тұрған міндеттерге байланысты өсу портфелі, кіріс портфелі, тәуекелі бар капитал портфелі, теңдестірілімді портфель және мамандандырылған портфель түрлері ерекшеленеді.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге мамандырылған банк әдетте инвестициялық банк деп аталады.
Инвестициялық банк өзі шығарған бағалы қағаздарын орналастырумен, басқа өндірістік немесе коммерциялық кәсіпорындар эмиссияланған бағалы қағаздарды сатып алумен - сатумен айналысады.
Банктер жүзеге асыратын инвестициялық операцияның кеңінен тараған түріне андеррайтинг (бағалы қағаздарды орналастыру кепілдігі) жатады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвестицияларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1) шетелдік инвестордың қызметімен ба йланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру және т.б.;
2) елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық желілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру;
3) жерді жылжымайтын дүние мүлікті пайдалану құқығын қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4) пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта капиталдандыруды жеңілдетілген шарттарын беру.

2.КазИнвестБанк АҚ
1993 жылы Қазақстан Республикасы үкіметі (50%) және Chase Manhattan Bank, NY (50%) қатысуымен КазИнтерБанк құрылды. КазИнтерБанк Орталық Азиядағы алғашқы инвестициялық банк болып табылады.
ҚР-ң заңнамасының өзгеруіне сәйкес Chase Manhattan Bank үлесі ҚР үкіметімен сатып алынды. Осы жылы мемлекеттік меншікті жекешелендіру үрдісінің нәтижесінде банк жекешелендіріледі. Осы жылдың сәуір айында банк негізгі банк қызметтерін көрсетуге лицензия алады және Алматы қаласында алғашқы операциялық офисін ашады.
Банк ҚР кәсіпорындарына инвестицияларды тартумен және Қазақстан кәсіпорындарының мемлекеттік акция пакеттерін жекешелендірумен байланысты операцияларына негізделеді.
2003 жылы акционерлер құрылымы толығымен өзгерді, коммерциялық және инвестициялық банк қызметтерін ұсынатын корпоративтік банк құрылды.
КазИнвестБанк АҚ миссиясы.Сақтап, көбейте біл!
* Біз еліміздің барлық аумағында халықаралық стандарттарға сай кең ауқымды банк қызметтерін көрсетеміз.
* Біз халықтың барлық тобымен, меншік нысаны әр түрлі кәсіпорындармен және мемлекеттік мекемелермен ынтымақтаса жұмыс істейміз.
* Біз клиенттер мен акционерлер қаржысының сенімді сақталуын, тиімді орналастырылуын әрі көбейтілуін қамтамасыз етеміз.

1 Кесте - КазИнвестБанк АҚ-ң акционерлер құрылымы (2008 жылдың 1қаңтарынан)
Акционерлер
Үлесі, %
Нурлан Каппаров
24,16%
Юрий Пак
10,14%
Берик Каниев
15%
Ерболат Досаев
15,73%
ЕБРР
24,60%
СVCI
9,38%
Басқалары
0,99%
2 кесте- Банк көрсеткіштері

Қаңтар 2007
Қаңтар 2008
Өсуі %
Активтер
30,999,877,373
57,521,517,240
86
Несиелік портфель
17,323,141,747
37,921,859,783
119
Қызметтері
25,097,915,609
45,617,273,456
82
Пайда (YTD)
152,462,863
330,892,926
117
Таза пайда (YTD)
57,509,319
158,246,097
175
Капитал
5,901,961,764
11,904,243,784
102
Клиенттер саны
789
1092
38

Шағын бизнеске арналған кредиттер.

1. Бизнес LIGHTS 3 кредит беру бағдарламасы

Кредиттің мақсаты мен мерзімі:
Айналым қаржысын толықтыруға - 8 жылға дейін

Инвестициялар: негізгі құралдар (жылжымалы мүлік) сатып алуға;
Коммерциялық мақсатағы ғимаратарды, үй жайларды жөндеуге, қайта салуға - 12 жылға дейін

Негізгі құралдар: коммерциялық жылжымайты мүлік, бизнесті ұйымдастыру үшін коммерциялық емес сипаттағы жылжымайтын мүлік, коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысын салуға жер телімдерін сатып алуға; коммерциялық мүлік құрылысына - 12 жылға дейін;

Бағдарламаның негізгі талаптары:
oo Кредит желісінің сомасы : 75 000 000 теңге дейін
oo Кредит мерзімі : 12 жылға дейін
oo Сыйақы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
Банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару әдістерін зерттеп, оның жетілдіру жолдарын іздеу
Коммерциялық банктердің мазмұны, құрамы, құрлымы
Бағалы қағаздар түрлері және олармен банктік операциялар
Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері
Табылған бағалы қағаздар
Депозиттік портфель - қаржы инструменттеріне инвестиция жұмсаудың қаражат көздері
Банктің инвестициялық қызметіндегі табыстар мен тәуекелдер
Коммерциялық банктерде активтер портфелін басқару
Банктің несие саясаты
Пәндер