ТОБЖ желілік кодтары



4 ТОБЖ ЖЕЛІЛІК КОДТАРЫ


ТОБЖ желілік кодтарына мынадай талаптар қойылады:
- сигнал спектрі тар және жоғарыдан да, төменнен де шектелген болуы тиіс. Спектр неғұрлым тар болған сайын, фотоқабылдағыштың өткізу жолағы соғұрлым тар болады, сондықтан шуыл қуаты аз болып, оның ықпалы төмендейді. Спектрдің жоғарыдан шектелуі символаралық тосқауылды азайтуды, төменнен шектелуі тұрақты ток бойынша ажыратылу тізбегі бар фотоқабылдағыштың электрлік бөлігінде қабылданған сигналдың флуктуация деңгейін төмендетеді. Төменгі жиіліктік құраушының минималды шамада болуы оптикалық беру қондырғысының шығыс қуатын тұрақтандырушы тізбектің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
- желілік сигналдың коды тактілік синхрондаудың қалыпты жұмыс істеуіне қажетті тактілі жиілік тербелісін бөліп шығаруды қамтамасыз ететін болуы тиіс;
- желілік сигнал коды тосқауылға барынша (макс) төзімді болуы тиіс. Сонда әр түрлі тең жағдайларда регенерация бөлімшелерінің ұұзындығы максималды шекте болады;
- желілік сигнал коды шектен тыс қаныққан болуы тиіс. Сонда кодтың құрылу ережесінің бұзылуы бойынша қателіктің пайда болғанын анықтауға болады;
- кодтардың қайта өзгерткіш сұлбаларын жасау жеңіл болуы үшін желілік код қарапайым болуы тиіс.
ТОБЖ желілік сигналдарын құру үшін nBmB түріндегі блоктық кодтар пайдаланылады. Мұндағы n – кодталатын цифрлық разрядтар саны; B–бастапқы кодтардың санақ жүйесінің екілік негізін анықтайды; m–n разрядқа сәйкес келетін оптикалық талшық бойымен берілетін екі деңгейлік сигналдар саны. Мысалы, 1B3в – талшық бойынша бір цифрлық разряд, екі сигналмен беріледі және желілік трактағы салыстырмалы беру жылдамдығы кіріс символдар жылдамдығынан екі есе жоғары дегенді білдіреді.
Ең қарапайым желілік кодтар нөлге қайтып оралмайтын NRZ-кодтары және нөлге қайтып оралатын RZ-кодтары деп аталатын кодтар болады. NRZ кодында «1» импульс және үзіліс арқылы беріледі, сонымен қатар олардың ұзақтығы 2 есе қысқа. Ал «0» бұрынғыдай үзіліс арқылы беріледі.
NRZ және RZ кодының кемшілігі – ұзақтықтары қысқа импульстерді берудің қажеттілігінен берудің кең жолағын пайдалануы; ал артықшылығы – мұнда оптикалық сәуле шығару көзі аз уақыт ішінде жұмыс істейді, соған сәйкес оның параметрлері аз дәрежеде ауытқитын болады.
Қабылданған анықтамаға сәйкес, RZ коды 1В2В сигналдың мысалы болып табылады. Мұның кемшілігі сол, ол жоғарыда келтірілген талаптардың ең соңғысынан басқаларын қанағаттандырмайды. Сондықтан ол регенерациялық бөлімшелері жоқ шағын бөлімшелерде қолданылады.
Сигнал спектрінде төменгі жиіліктік құраушының болуын төмендету үшін Магистральдық немесе BJF бифазалық код пайдаланылады. Мұнда «0» үзіліс пен импульстерден тұратын тізбектермен, «1» импульстер мен үзілістерден тұратын тізбектермен беріледі. Соңғысындағы импульстер ұзақтығы үзілістер ұзақтығынан екі есе қысқа. Бұл кодта бір-біріне ұқсас екі символдың қатар берілуі кездеспейді, оның өзі спектрде төменгі жиіліктік құраушының төмендеуін көрсетеді. Бұл кодты да регенерациялау қолданылмайтын шағын ұзындықта қолданған жөн, ол да 1В2В коды сигналының мысалы болып табылады.
Мысалы: 2В3Г кодының құрылу алгоритмі мынадай: 00 разрядтары 001 мен алмастырылады, ол 010-ға; 10-100-ге тең; 11-111-ге алмастырылады. Мұндай код 1В2В сигналымен салыстырғанда желі бойынша беру жылдамдығын төмендетуге жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
Қарастырылған кодтарының ортақ кемшіліктеріне мыналар жатады: тосқауылдан қорғанудың төмендегі, тактілік жиілікті бөліп алудың және қателікті байқаудың күрделілігі. Сондықтан бұл кодтар ұзақтығы үлкен ТОБЖ трактілерін ұйымдастыру үшін ұсынылмайды.
Берілетін екі деңгейлік сигналдардың амплитудалары арасына корреляциялық байланыс енгізу айтылған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
4 ТОБЖ ЖЕЛІЛІК КОДТАРЫ

ТОБЖ желілік кодтарына мынадай талаптар қойылады:
oo сигнал спектрі тар және жоғарыдан да, төменнен де шектелген болуы тиіс. Спектр неғұрлым тар болған сайын, фотоқабылдағыштың өткізу жолағы соғұрлым тар болады, сондықтан шуыл қуаты аз болып, оның ықпалы төмендейді. Спектрдің жоғарыдан шектелуі символаралық тосқауылды азайтуды, төменнен шектелуі тұрақты ток бойынша ажыратылу тізбегі бар фотоқабылдағыштың электрлік бөлігінде қабылданған сигналдың флуктуация деңгейін төмендетеді. Төменгі жиіліктік құраушының минималды шамада болуы оптикалық беру қондырғысының шығыс қуатын тұрақтандырушы тізбектің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
oo желілік сигналдың коды тактілік синхрондаудың қалыпты жұмыс істеуіне қажетті тактілі жиілік тербелісін бөліп шығаруды қамтамасыз ететін болуы тиіс;
oo желілік сигнал коды тосқауылға барынша (макс) төзімді болуы тиіс. Сонда әр түрлі тең жағдайларда регенерация бөлімшелерінің ұұзындығы максималды шекте болады;
oo желілік сигнал коды шектен тыс қаныққан болуы тиіс. Сонда кодтың құрылу ережесінің бұзылуы бойынша қателіктің пайда болғанын анықтауға болады;
oo кодтардың қайта өзгерткіш сұлбаларын жасау жеңіл болуы үшін желілік код қарапайым болуы тиіс.
ТОБЖ желілік сигналдарын құру үшін nBmB түріндегі блоктық кодтар пайдаланылады. Мұндағы n - кодталатын цифрлық разрядтар саны; B - бастапқы кодтардың санақ жүйесінің екілік негізін анықтайды; m - n разрядқа сәйкес келетін оптикалық талшық бойымен берілетін екі деңгейлік сигналдар саны. Мысалы, 1B3в - талшық бойынша бір цифрлық разряд, екі сигналмен беріледі және желілік трактағы салыстырмалы беру жылдамдығы кіріс символдар жылдамдығынан екі есе жоғары дегенді білдіреді.
Ең қарапайым желілік кодтар нөлге қайтып оралмайтын NRZ-кодтары және нөлге қайтып оралатын RZ-кодтары деп аталатын кодтар болады. NRZ кодында 1 импульс және үзіліс арқылы беріледі, сонымен қатар олардың ұзақтығы 2 есе қысқа. Ал 0 бұрынғыдай үзіліс арқылы беріледі.
NRZ және RZ кодының кемшілігі - ұзақтықтары қысқа импульстерді берудің қажеттілігінен берудің кең жолағын пайдалануы; ал артықшылығы - мұнда оптикалық сәуле шығару көзі аз уақыт ішінде жұмыс істейді, соған сәйкес оның параметрлері аз дәрежеде ауытқитын болады.
Қабылданған анықтамаға сәйкес, RZ коды 1В2В сигналдың мысалы болып табылады. Мұның кемшілігі сол, ол жоғарыда келтірілген талаптардың ең соңғысынан басқаларын қанағаттандырмайды. Сондықтан ол регенерациялық бөлімшелері жоқ шағын бөлімшелерде қолданылады.
Сигнал спектрінде төменгі жиіліктік құраушының болуын төмендету үшін Магистральдық немесе BJF бифазалық код пайдаланылады. Мұнда 0 үзіліс пен импульстерден тұратын тізбектермен, 1 импульстер мен үзілістерден тұратын тізбектермен беріледі. Соңғысындағы импульстер ұзақтығы үзілістер ұзақтығынан екі есе қысқа. Бұл кодта бір-біріне ұқсас екі символдың қатар берілуі кездеспейді, оның өзі спектрде төменгі жиіліктік құраушының төмендеуін көрсетеді. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оптикалық талшықты кабельдердің түрлері
Талшықты оптикалық байланыс
PON - пассивті оптикалық тармақтартаушылар технологиясы
Астана және Щучинск аумақтарына, компьютерлік желінің құрылу принципі мен эволюциясы
Зоналық және магистральдық байланыс желілеріне арналған тобж цифрлық аппаратуралары
Ленгер қаласында жобаланған IMS байланыс желісі
Кәбіл трассасын ескеріп желі топологиясын таңдау
Сымсыз оптикалық байланыс арналары
Өскемен-Аягөз аумағында ҰАСМ бөлімін қайта жаңарту
Сандық байланыс желілері
Пәндер