Туризм – құқықтық реттелу объектісі


1. ТУРИЗМ - ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
1. 1. Туристік формальдықтар түсінігі мен маңызы
Туристік сапарларды жеңілдету - бұл жан-жақты ойластырылған және координацияланған мемлекет саясаты болып табылады. Бұл саясат іс-әрекеті туристерді сәйкес әлеуметтік-экономикалық қауісіздікпен қамтамасыз ету, мүлікті, денсаулықты, жеке құқықтар мен беделін қорғауға бағытталған. Әрине, берілген іс-әрекеттер туристік ассоциациялармен, мекемелермен тығыз байланысты.
Дүние жүзілік туристік ұйым үнемі туристік формальдықтарды жеңілдету бойынша нұсқаулар беріп отырады. ДТҰ-ң атқарушы комитеті маңында туристердің қозғалысы үшін жауап беретін туристік формальдықтарды жеңілдету Комитеті жұмыс істеген. Бірақ, 1994 жылыдң қазан айында аталған комитет туризмдегі қауіпсіздік комитетімен бірігіп, ДТҰ-ң Туристік сапа Комитеті деп аталатын болды.
ДТҰ әр елге өзінің туристік сапа комитеті сияқты мекемені құрыға ұсынады. ДТҰ сапарларды жеңілдету мақсатында Халықаралық азамат авиация ұйымымен, дүние жүзілік денсаулық ұйымымен, халықаралық теңіз ұйымымен, кеден ынтымақтастық кеңесімен және басқа да ұйымдарымен тығыз байланыста.
Туристік формальдықтардың ресми қабылданған анықтамасы жоқ. Себебі, бұл формальдықтар әр түрлі нормативті актілермен реттеліп, тек қана туристерге емес, сондай-ақ азаматтардың басқа да категорияларына да сай қолданылады. Сол себепті, туристік формальдықтарға анықтама әдебиеттерінен келесі анықтама берілген: «Туристік формальдықтар бұл, мемлекеттік органдармен елге кіру немесе елден шығу кезіндегі туристермен және туристік собъекттермен орындалатын шарттар мен ережелер жиыны». Формальдық деген сөздің мағынасын ашайық. Латын тілінен аударғанда «форма» сөзі бекітілген тәртіп мағынасын береді. «Формальды» берілген үлгі бойынша жасалынған, ал «формальдық» - заңмен қабылданған белгілі бір маңызды немесе жауапты істі жасаған кездегі талап етілетін шарт немесе іс-әрекет.
Белгілі бір шетел елге турист ретінде бірінші рет сапар шегетін тұлғалар тек қана кеден мен шек ара формальдықтары бар деп ойлайды. Бірақ осы аталған формальдықтармен бірге тропикалық елге келуді реттейтін санитарлы-эпидемиологиялық ережелер, шек ара арқылы валюта мен сувенир немесе флора мен фаунаны әкету ережелері, сақтандыру қағидалары да маңызды.
Сондай-ақ туристер үшін басқа да аз белгілі халықаралық туризм ережелері бар. Бұл ережелер қоршаған ортаны, сапар шегетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіге бағытталған. Тек қана туристердің қозғалысын реттейтін ережелермен қатар туристік қызметті көрсететін мекеме мен ұйымдарының да көптеген халықаралық туристік ережелері бар. Мысалы, әлем тәжірибесі қабылдаған туристік өнімді сертификациялау, қорғалатын территорияларға квтоттық кіру тәртібі, туристік қызметті лицензиялау ережелері де маңызды.
Туристік формальдықтар бұл - белгілі бір мемлекет заңнамасымен қабылданған сапар шегетін турист, қызмет көрсететін туристік мекеме және туристік сапарларға қатысты басқа да ұйымдар орындауға міндетті қатаң нормалар жиыны. Яғни, туристік формальдықтар бұл туристік саяхат барысында мемлекетте көқарасы бойынша қажетті міндетті түрде орындалатын іс-әрекетттер.
Туристік формальдықтарға консулдықтармен, туристік кеңестермен, шетел әкімшіліктермен, ұлттық туристік офистермен, төл құжат - виза қызметтерімен, кеденмен, тасымалдаушылармен байланыс жатады. Осы тізімге сай туристік формальдықтардан шығатын келесі құқықтық қатынастары құрылады:
- жеке және заңды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастары;
- заңды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастары;
- заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдармен арасындағы құқықтық байланыстар;
- жеке тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасындағы құқықтық қатынастар.
Осыған байланысты келесі үш жақты байланыс орнайды:
1) туристер - туристік өнімді пайдаланушылар;
2) туристік мекемелер - туристік өнімді өндірушілер және сатушылар;
3) мемелекеттік органдар - қажетті әкімшілік фуенкцияларды атқарады (паспорт, виза, кеден, шекара, валюта бақылау жұмыстарын ұйымдастыру, санитарлы-гигиеналық, лицензиялау, сертификациялау, шетел азаматтарын келуін бақылау жұмыстарын қадағалау, т. б. ) .
Қарым-қатынас барысында осы үш жақ келесі үшбұрыш құрайды:
Кез-келген мемлекетте келесі қарым қатынас қалыптасады: «турист-туристік мекеме», «турист-мемлекет», «туристік мекеме - мемлекет» сәйкес заңдар базасымен реттеледі.
«Туристер» және «туристік мекеме» қатынасы кезінде құжатты рәсімдеу өткізіледі, яғни екі жақтың міндеттері анықтайтын жазбаша келісім шарт қабылданады.
«Туристер» - «мемлекет» қатынасы бойынша шетел паспорты, визалы, кеден, валюталы, медикалық-санитарлы нормалары, мәдени-тарихи құндылықтар туралы ережелерді қабылдайды.
Осыған қосымша ретінде тұтынушының құқықтарын қорғау, халықаралық туристік іс-әрекетті лицензиялау, туристік өнімді сертификациялау, туристік сапарды сақтандыру, туристік жарнаманы реттеуге байланысты құқықтық нормалар кіреді.
Көптеген елдердің туризм саласындағы саясаты «туристік мекеме» - «мемлекет» бағытын дамытуға бағытталған. Бұл ең алдымен, туристік қызметті лицензиялаудан басталады. Яғни, жеке немесе заңды тұлғаларға келесі жағдайларда ғана берілетін мемлекеттік рұқсат:
- егер рұқсат алушы тұлға туристік іс-әрекет жүргізу үшін өзінің мамандық, кәсіби дәрежесін дәлелдей алса;
- туристік іс-әрекет барысында пайда болатын мүмкін форс мажорлы жағдайлар нәтижесінде туристердің шығындарын өтей алатынын дәлелдесе;
- туристік мекемелерде қаржылық жауапкершілік міндеттемесін өтеп, сақтандыру құжаттары бар болса.
Бірақ тек қана лицензияны беру актісін дәлелдейтін рәсім қағаздар ғана маңызды болмай, сонымен қатар мемлекеттік механизмнің әсері де үлкен орын алады.
«Турист»-«туристік мекеме» қатынасы тұтынушы туристер құқықтарын қорғауға бағытталған. Яғни туристік мекеме өзінің туристік өнімі мен оның сапасы және қызметтері үшін жауапты. Мұнда туристті ақпаратпен қамтамасыз ету үлкен орын алады. Яғни турист болашақ сапар туралы мәліметті алуға құқылы. Ол турды рәсімдеу ережелері, нақты стандарттар, өзінің міндеттері мен құқықтары туралы толық ақпара алуға тиіс. Көптеген мемлекеттерде туристерге арналған арнайы нұсқаулар шығарады. Турист барар ел туралы ақпарат алып, сол елдің заңдарын орындауға тиісті. Мысалы, Германияда Юстиция министрлігімен аранайы туристер үшін «ескертулер» шығарылған: «Сапар кезіндегі туристің құқықтары мен міндеттерінің толық тізімі». Сондай - ақ туристік мекемеде туристік қызмет барысында пайда болатын даудамайлы жағдайларды шешудің тәртіптері толығымен көрсетілу қажет. Сапасыз туристік өнімін пайдалану барысында, турист сот арқылы тур құнының белгілі бір бөлігі қайтарылады.
1. 2. Туристік формалльдықтардың түрлері мен шетел елдердің тәжірибесі
Туристік формальдықтардың бірнеше түрлері бар. Сол түрлерін қарастырайық.
Төл құжат визалық формальдықтар - елдің шекарасынан өту, шетел еліне келу, сол елде болу барысында пайда болатын формальдықтар.
Кеден формальдықтары. Кеден шекарасын кесіп өтетін физикалық тұлғалар бекітілген формадағы кеден декларациясын толтыруға міндетті. 16 жасқа толған әр азамат кеден декларациясын толтырады. Декларациялау - кеден органына жазбаша немесе ауызша түрде алынатын бекітілген формадағы өтініш. Мұнда кеден арқылы өткізілетін тауарлар, көлік құралдары, олардың саны мен көлемі, басқа да құралдардың, ақша қаражаты туралы нақты мәлімет көрсетіледі.
Толтырылған кеден декларациясы және физикалық тұлғамен тасымалданатын тауарлар мен қаражат кеден қызметкерлеріне көрсетіледі. Кеден бақылауы физикалық тұлғалардың келу мен кету пункттерінде орналастырылады. Бұл халық аралық әуе жайдың залы, авто көлік өткізу пунктісінің территориясы болуы мүмкін.
Сақтандыру формальдықтары физикалық және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты формальдықтар.
Консулдықтармен ара-қатынасы - шетел елдердің территориясында азаматтардың мүдделерін және құқықтарын қорғау мақсатында орнатылған формальдықтар.
Туристік фирмалармен және офистерімен байланыс - турмен қамтамасыз етумен байланысты пайда болған формальдықтар. Туристік оператормен келісім жасаған клиент туристік оператордың қызметтерімен қатар туристік оператордың серіктерінің (туристік фирмалар, тасымалдаушылар, т. б. ) де қызметтерін сатып алады.
Белгілі бір мемлекетке кіру үшін төл құжатымен қатар визаны алу тәртібі анықталған. Виза (лат. «visa» - виденное) - шетел азаматының төл құжатына түсірілген белгі (штамп, марка) . Виза төл құжат иесі баратын мемлекеттің ресми органдарымен (консулдық) беріледі. Бұл елге кірудің рұқсаты болып табылады. Сондай-ақ виза елге кіретін шетел азаматына берілетін бөлек бір құжат болуы мүмкін. Мысалы, Кеңес кезеңіндегі визалар үш бөлек бөліктен құралатын: кіру, шығу және орта. Кіру бөлігі турист келу кезінде кеден бақылау орталықты жыртылды. Шығу бөлігі туристтің елден кетуі кезінде алынатын. Алынған екі бөлік арнайы органдарына жіберіліп тексерілді.
Виза шетелге шығудың негізгі рұқсаты болғанымен, шетел мемлекетіне кірудіңң кепілдемесі бола алмайды. Виза тек қана туристтің төл құжаты сәйкес мемлекеттің консулдығында тіркелгенін растайды. Қорытынды шешім берілген мемлекеттің кеденінде үәкілетті органдарымен шешіледі. Елге кіру үшін туристтің визасы мен төл құжатымен қатар туристік ваучер, санитарлы гигиеналық күәліктері мен сақтандыру күәліктері және цивилизациялы сапар үшін қажетті ақша қаражаты бар болуы тиіс. Егер туристтің визасы бар болып ол кеден талаптарына сай келмесе, елге жіберілмейді. Мұндай талаптар Еуропада таралған. Еуропа елдеріне келу үшін орташа алғанда күніне жұмсай алатын 50-70 АҚШ доллар көлемінде ақша қаражаты бар болуы тиіс. Мысалы, 1999 жылға дейін Чехияда туристерден сапар кезінде күніне жұмсай алатын 15 АҚШ доллар талап етілді.
Халықаралық туристік формальдық құжаттарына келесі құжаттар жатады: шетел төл құжаты, виза, ваучер, шақыру қағазы, кеден декларациясы, сақтандыру күәлігі, медициналық күәлік, т. б. құжаттар. Осы құжаттардың кейбір түрлерін қарастырайық.
Шетел төл құжаты - шетелге шығатын туристтің азаматтылығын және тұлғалығын растайтын құжат. Құжат уәкілетті органдармен беріліп, құжатты иеленуші адамның берілген мемлекеттің азаматы екенін растаушы болып табылады.
Төл құжат пайда болған кезден қазіргі кезеңге дейін негізгі міндеті адамдардың шетелге шығуын бақылау болатын.
XIX ғасырға дейін төл құжаттар тек қана атағы бар тұлғаларға берілетін еді. Олар ұсыну хаттар ретінде пайдаланылды. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін төл құжаттарды жаппай беру басталды.
XX ғасырдың 30 жылдарында төл құжаттардың қазіргі уақытта қолданып жүрген формасы қабылданды. АҚШ пен Еуропа одағында жеке күәлік пен төл құжаттың жаңа формасын енгізу туралы шешім қабылданды - бұл «электронды төл құжат». Төл құжат түрі кредит карточкасына ұқсас. Сәйкес мультемедиялық технологиялар көмегімен бұған иеленушінің орнатылған мәліметтері кіргізіледі (аты-жөні, азаматтығы, түрл-түсті галограммамен көрсетілген фото суреті, қол таңбасы, саусақ іздері де көрсетілед) . Шетелге шығушы турист электронды төл құжатты электрондық байланыс орнатылған компьютерлі сканерге салады. Сканер сол сәтте тұлғаны оқып, визаның заңдылығын тексереді. Сондай-ақ турист сканерге өзінің қолын және саусақтарын қойып тексеріледі.
Шетел елге шығушы азаматтың төл құжаттарымен қатар әр елдің заңдарына сай келесі құжаттар пайдалануы мүмкін:
- мемлекеттік органымен берілген территорияда тұрақты тұратын шетел азаматына немесе азаматтығы жоғ тұлғаларға берілген жеке күәлік;
- дипломатиялық, консулдық, қызметтік төл құжаттар;
- жан ұялық төл құжаттары;
- баланың жеке күәлігі;
- БҰҰ-ң қызметкерлеріне, сондай-ақ басқада халық аралық ұйымдар қызметкерлеріне (Халық аралық Қызыл Крест, НАТО) берілетін «Лессе-Пассе» күәлігі.
Рим конференциясында төл құжаттарға қатысты келесі ұсыныстар берді:
- төл құжаттарды қысқа мерзім ішінде беру;
- төл құжаттарды беру кезінде қосымша басқа құжаттарды талап етпеу;
- төл құжаттың жарамдылық мерзімі 5 жылдан кем болмау керек;
- шетел төл құжаты үшін төлем ақы жоғару болмау;
- шетел төл құжаты иесінде қалып, оны алып қою немесе арестке салуға болмайды;
- барлық елдердің төл құжаттары ИКАО стандарттарына сай құрылып, оларды компьютерлік жүйелер арқылы тексеру мүмкіндігі.
Сондай-ақ әлемнің азамат төл құжаты немесе «Нансес төл құжаты» да бар. Оның тарихы Ұлттар лигасы мен Нансес Ф. байланысты. Бұл құжат шетел төл құжатты алмастырып, соғыс салдарынан өз құжаттарын жоғалтқан қашқындарға арналған.
«Нансен төл құжаттары» - азаматтығы жоқ тұлғаларға (апаридтер) берілетін уақытша жеке күәліктері ХX ғасырдың 20 жылдарында Ұлттар лигасымен берілетін. Қазіргі таңда бұл құжат тек бірнеше елде қабылданады: Буркина Фасо, Эквадор, Мавритания, Того, Замбия.
Қадірлі консул төл құжаты Монако, Исландия, Сан-Марино, Турция, Австрия, Мальта, Латын Американың кейбір елдерімен «өз елдің достары» ретінде беріледі. Яғни өз еліне маңызды көмек көрсеткен (спонсорлы, ірі шаралар өткізген) тұлғаларға беріледі.
Ватикан төл құжаты барлық мемлекеттерде дипломатиялық төл құжаттың бір түрі ретінде қабылданады. Бұл құжат барлық ресми католик тұлғаларға атағы кардиналдан төмен емес болса беріледі.
Мальта рыцарьлар католик орденінің төл құжаты қайырымдылық қызметін атқаратын миссионерлер мен дәрігерлерге беріледі. Құжат 30 астам елде қабылданады. Бұл құжат бірнеше дәрежеге бөлінеді - граф, герцог, ханзада төл құжаттары. Оның сату бағасы 5 мың АҚШ доллар.
Туризмдегі жеке күәліктерінің басқа да түрлері бар. Мысалы, «Green-Card» 1949 жылы Халықаралық студенттік туризм бойынша конфедерация құрылды. 1969 жылы дат заңнамасы бойынша Швецияда тіркелді. Берілген конфедерация қаржылануы халық аралық студенттік карточкаларын (жеке күәліктері) тіркеу негізінде іске асады. Конфедерация 5 ассоциациядан құралады. Солардың бірі 1969 жылдан бері International Student Identity Card (ISIC) - халық аралық бір тұтасы студенттік күәлік - бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл күәліктер студенттерге сапар кезінде мұражай, театр және басқа да мәдени танымдық жерлерді көруге жеңілдік береді. Жеңілдіктің ең төменгі көлемі 5%, ал максималды көлемі 100%.
Карточкалардың иелері әуе, темір жол және авто көлік құралдарына билет сатып алу кезінде 10 - 50% арасында жеңілдік ала алады. Бұл күәлік арқылы қонақ үйде жастар орындарын, мұражайға, көрмеге билет алып, спорт құрал-саймандарын жеңілдікпен жалға ала алады «1SIC» бойынша броньдау жұмыстары міндетті түрде алдын-ала орындау қажет. Кейбір бар, кафелер карта иелеріне жеңілдік береді. Әдеттегідей, мұндай орындарында «ISIC» белгілісі іліулі тұрады. Өзінің жұмыс істеу тарихында бағдарлама бойынша 30 млн «ISIC» картасын алды. 30 млн студентов. «ISIC» картасы 90 мемлекетте қолданысқа енгізілген. Күәліктің құны - 6-8 АҚШ доллар (жылына) . Күәлік студенттік билет, аспирант күәлігі бар болса ғана рәсімделеді. Рәсімдеу үшін 3х4 см фото сурет қажет. Ал, 1997 жылдан бері 12-18 жастағы мектеп оқушылары мен оқытушыларына да берілген күәліктер берілетін болды.
«Грин-кард» («Green-card» - «Permanent Resident Card») - иммигрант күәлігі. Бұл күәлік мемлекет территориясында тұрақты түрде тұруға рұқсаты бар адамдарға беріледі.
Green-card аты күәліктің түсінен пайда болған (ағылшын тілде жасыл) . Өткен ғасырдың 60 жылдарында күәлік түсі көгілдір, кейін қызғылт түске өзгертілді. 1998 жылдан бері берілетін күәліктердің жаңа формасы ақ түсті, ал кері жағында қалың жасыл түсті жолақ бар. Күәлік кредит картасына ұқсайды: мұнда иесінің фото суреті және оң қолының үлкен саусағының ізі түсірілген.
Туристік қозғалысты жеңілтуде Еуропаның тәжірибесі жарқын мысалы бола алады. Бұл біртұтас туристік кеңістікті құрудың Еуропалық тәжірибесі (Шенген келісімі) болып табылады. 1995 жылдың 25 наурызынан бастап жеті еуропалық мемлекетте (Бельгия, Нидерланды, Люксембурге, Германия, Франция, Испания және Португалияда) Шенген келісімі өз күшіне енді. Бұл келісім бойынша ішкі шек араларында бақылауды жеңілдеу мақсатында жасалды.
Берілген келісімнің атауы Люксембург герцогствосындағы округтың атауы Шенгеннен шығады. Мұнда 1985 жылдың 14 маусым айында Нидерланды, Бельгия, Германия, Франция мен Люксембург арасында берілген елдердің шекарасынан өтуі үшін төлқұжат кеден бақылауынан өтуін жою туралы келісімге қол қойылды.
Шенген елдерінің консулдық кіру тәртібі жан-жақты қарастырылды.
Жеңілтілген тәртіб бойынша шенген елдерінің азаматтарымен бірге шенген шекарасына кірмейтін елдердің азаматтары болып табылатын жанұя мүшелері де өте алады. Сондай-ақ Еуропа Одағымен келісім жасаған басқа да елдердің азаматтары да еркін кеден бақылауын өте алады. Еуропалық Одағының құқықтарының субъектілері болып табылмайтын туристер үшін елге кірудің визалық тәртібі сақталған. Мұндай елдердің қатарына 126 мемлекет кірді, олардың арасында Ресей Федерациясы, ТМД барлық елдері, Албания, Болгария, Румыния бар. Ал жеңітілген визасыз кіру рұқсаты Венгрия, Польша, Словакия, Чехия, Латвия, Литва және Эстония азаматтары пайдалана алады.
Визалардың екі түрі анықталған:
- қысқа мерзімдік саяхатқа (3 айға дейінгі мерзім) «ортақ шенген визасы» арналған. Бұл виза жоғарыда аталған елдер арасында еркін қозғалуға мүмкіндік береді;
- 3 айдан асқан саяхаттарға арналған визалар өкілдікке құжаттар түскен уақыттан бастап 15 күн ішінде рәсімделіп, жалған визалардан қорғаудың бірнеше түрлері жасалады.
Әмбебап талаптар Шенген елдеріне кіретін мемлекеттер арасында еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Мысалы, Германияда визасын рәсімдеген турист еуропалық бірқатар елдеріне сапар шеге алады. Әмбебап анкета құрастырылған. Мұнда үш тілде ортқ сұрақтар берілген (міндетті түрде ағылшын, визаны беріп жатқан мемлекеттің мемлекеттік тілі және берілген мемлекетте кеңінен таралған басқа да кез-келген тіл) . Ал шақыру формасы өзгертілмеген. Ал шенген шекарасынан сырттына шыққанда турист қатаң тәртіппен тексеруден өтеді. Міндетті түрде визасы, төл құжаты, шақыру қағазының түп нұсқасы. туристік ваучерлер, ваучердің ішінде көрсетілген мерзім мен даталар, сақтандыру полистері, медициналық күәліктері, валюта декларациясына ақша қаражатының сәйкес келуі тексеріледі.
Шенген визасын алудың ортақ талаптары болғанымен, кейбір елдерде арнайы талаптар көрсетілген. Бұл талаптар туристердің табысы туралы анықтама қағаздары, жанұя жағдайы туралы мәлімет алудан көрінеді. Қазіргі таңда негізгі болып саналатын құжаттар пакеті бар. Олардың мазмұны елдің саяси, экономикалық жағдайына мен тұрақтылығына байланысты. Құжаттарға кіреді:
1. «Турист анкетасы» немесе визаны беру туралы өтініш. Қосымшада стандатты сұрақтар тізімі көрсетілген. Әрбір мемлекет өзінің өтініш формасын белгілейді. Өтініш формасы туризм түрі мен консулодықта туристке қызмет ететін аккредитацияланған туристік фирмасына байланысты. Өтінішті беру кезінде құжаттарды қарасыту үшін консулдық жиналымдар алынады. Бұл жиналым виза берілмеген жағдайда қайтарылмайды. Визаны беру туралы өтініш бірнеше күннен бастап екі аптаға дейін қарастырылады. Бұл саяхаттайтын елге байланысты.
2. Сапар шегу уақытына сай сақтандыру күәлігі (туристік оператормен беріледі) . Шеген елдеріне сапар үшін саяхатшының сақтандыру күәлігі болуы шарт. Визаны беру туралы өтінішімен бірге сақтандыру күәлігінің көшірмесін беру керек. Сақтандыру күәлігіне стандартты талаптар:
- сақтандыру құжаты сапардың бүкіл мерзіміне берілу шарт;
- сақтандыру күәлігі барлық Шенген елдер арасында пайдалану керек;
- франшизасыз берілу;
- сақтандыру сомасының шегі 25 000 евродан төмен болмауы тиіс;
- сақтандыру қызметтеріне медициналық репатриация мен сақтандырылған тұлғаның тіркелген мекен-жайына қатысты шығындар крігізіледі.
Көптеген мемлекеттерде туристік оператор жауапкершілігінің сақтандыру қорлары құрылған. Швейцарияда, Чехияда, Германияда өкімет тапсырысы бойынша мұндай қорлар қоғамдық одақтасытқ пен ассоциацияларды құрайды. Ұлыбританияда туристік агенттіктер ассоциациясы құрамына тек қана беделі бар мекемелер кіреді. Бұл ассоциацияға кірген мүшелер туристерге кепілдеме береді. Олардың мемлекеттегі беделі жоғары. Кіретін мүше 80 мың АҚШ доллар көлемінде банк кепілдмесін береді. Одан кейін қосымша ретінде фирманың жылдық айналымның 0, 5-1 % көлемінде соманы береді. Тоқсан сайын Ассоциация фирманың балансын тексереді. Егер капитал төмендесе фирмаға қойылатын талаптар жоғарылайды. Ассоциацияның қағидасы келесі: «Сіздің ақшаңыз Туристік агенттіктер ассоциациясымен сақтандырылған».
3. Туристің төл құжаты.
4. Жүру құжаты немесе бронь (туристік мекемесімен беріледі) .
5. Жұмыс орнынан табыстары туралы анықтама қағазы.
6. Кәмілетке толмаған балалар үшін анықтама қағаз.
Ресми түрде шенген визалары келу мерзіміне қарай бөлінеді. Дегенмен, визаларға сапардың мақсаты да әсер етеді. Туристік мақсаттарға тек қана бір ретті және транзитті визалар беріледі.
1. бір ретті визалар - Шенген елдерінің ауданында 90 тәуліктен көп емес бір сапарға ғана берілетін визалар. Көп жағдайда туристер бір аптаға визалар алады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz