АТФ банк


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

І. Банктің экономикалық сипаты және қызметін ұйымдастыру . . . 1. 1. «АТФ банк» АҚ Тарихы . . .

1. 2. «АТФ банк» АҚ Серіктестері . . .

1. 3. «АТФ банк» АҚ қызметін ұйымдастыру . . .

ІІ-бөлім. Банк қызметін қаржылық талдау . . .

2. 1. Клиенттермен кассалық есеп айырысу . . .

2. 2. Есеп операциялық жұмысын құру . . .

2. 3. Бағалы қағаздар операциялрының есебі және ұйымдастырылуы . . .

2. 4. «АТФ банк» АҚ бухгалтерлік балансы және ақша қаражаттарына талдау . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Қосымша материалдар . . .

Кіріспе

Диплом алдындағы өндірістік тәжірибеден өтудің мақсаты - теория негізінде оқылып, қамтылған бағдарламаны тәжірибеде қолданып, жетілдіру болып табылады. Мен өндірістік тәжірибені Фурманов көшесі 100-А мекен-жайында орналасқан АҚ АТФБанктің №2 Банктік Қызмет көрсету Орталығында несиелік әкімшілендіру басқармасында өттім. Осыған байланысты мазмұндалатын ақпараттар өтілген теория негізінде қорытындылап жасалған.

Тәжірибе барысында банк қызметімен танысып, несиелік әкімшілік басқармасының қызметін жетік меңгердім. Несиелік әкімшілендіру бақармасының міндеттері келесідей:

  1. Филиал қаржыландыратын жобалардың шұғыл және сапалы ұйымдастырылуы.
  2. Кепілдік мүлікті құжаттық рәсімдеу арқылы қаржыландырылатын жобалардың мүмкін тәуекелдіктерін мейлінше азайтуды жүзеге асыру.

Осы мақсаттардан туындайтын басқарманың қызметтері төменгідей:

  1. Берілетін банктік займдардың, көрсетілетін қызметтердің: займдардың/кепілдіктердің, аккредитивтердің/факторингтердің уақытылы және сапалы құжаттық рәсімделуі.
  2. Банктік займдерді беруге, қызмет көрсетуге бұйрықтарды қалыптастыру, қаржыландыру лимиттерін бақылау.
  3. Мақсатты ақша аударымдарын қадағалау және беріглен займдарға қызмет көрсету.
  4. Автоматтандырылған Банктік Ақпараттық Жүйе «Колвир»ді жүргізу.
  5. «Активтер мен шартты міндеттемелердің сыныпталуы және оларға қарсы провизиялар құру, оларды күмәнді және үмітсіз жіктемелерге қатыстыру ережелеріне» сәйкес баладарды есептеу үшін сапалық көрсеткіштерін анықтау:
  • Қарыз алушының қаржылық жағдайына байланысты;
  • Ұсынылған активтердің сапасына байланысты
  • Мақсатсыз қолдану үлесіне байланысты;
  • Басқа кредиторлар алдында есептен шығарылған қарыздарына байланысты;
  • Басқа да мерзімі өткен міндеттемелерге байланысты;
  • Қарыз алуышының рейтингісіне байланысты;
  1. Филиалдың ссудалық портфелінің сыныптамасын қалыптастыру;
  2. Филиалдың ссудалық портфелінің провизияларын есептеуге жарлық жасау;
  3. Қарыз алуышылардың несиелік досьелерін қалыптастыру және сақтау;
  4. банктік займдарды, қызметтерді (міндетемелердің әрекет мерзімін пролонгациялау, міндеттелмелерді өтеу графиктерін өзгерту, займдардың сыйақы мөлшерлемелерін және шартты міндеттемелерге комиссиондық ақыларын өзгерту, дисконттарды, айыппұлдарды және тұрақсыздық ақысын алып тастау) ;
  5. Несиелік өнімдердің мониторингі;
  6. Қарыз алуышының шотындағы ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау;
  7. Филиалдың ссудалық портфелінің оперативті және басқару есептілігін жүргізу;
  8. Қарыз алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргізудің жоспарын құру және қаржы қаражаттарының мақсаттылық қолданылуы;
  9. Кепілдік мүліктің құжаттық рәсімделуін жүзеге асырады, соның ішінде кепізат туралы келісім шартты дайындау және үйлестіру;
  10. Кепілзатпен қамтамасыз етілген несиелердің құжаттардың кірістіруге, сепетен шығаруға және босатуға өкімдер дайындайды;
  11. Кепілзаттың несиелік досье құжаттарын қалыптастырады;
  12. Кепілзаттың құқықтық құжаттарыныың түпнұсқасын уақытша алуға құжаттарды дайындайды және олардың қайтарылуын қадағалайды;
  13. Болашақта кепіл берушінің меншігіне түсетін мүліктің кепілзат туралы келісімінің, сонымен қатар ары қарай рәсімделу шартымен кепілге қабылданған мүліктің уақытылы рәсімделуін қадағалайды;
  14. Кепілзаттың рәсімделуін қадағалайды және кепілзат құжаттарына мониторинг жүргізеді;
  15. Кепіл берушінің ауызша және жазбаша сауалдарына ауызша және жазбаша түрде ақпарат береді;
  16. Несиелік досьенің тізімдемесін жасайды;
  17. Клиенттің банк алдындағы міндеттемелерін өтегеннен кейін несиелік досьелерді мұрағатқа өткізеді;
  18. Клиенттің өтінішімен бөлшектеп және мерзімнен бұрын Автоматтандырылған Банктік Ақпараттық Жүйе «Колвир»мен өтеу.

АТФБанктің қызметін ұйымдастыру

Банк қызметінің ұйымдастырылуымен және оның құрылымымен танысу.

Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады. ҚР Ұлттық Банкі - мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейіді білдіреді. Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкінен басқасы) - екінші деңгейді

сипаттайды, сондықтан да оарды іс жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.

Үлкейтілген ауқымда банктер - эмиссиялық және коммерциялық банктер болып бөлінеді. Ақщаны айналымға шығарып және оны қайтарып алуға құқығы бар, елдің Орталық банкі эмиисиялық банк болып табылады. Басқа банктердің бәрі, Қазақстан жағдайында, коммерциялық банктер.

Өз кезегінде екінші деңгейлі банктер мамандандырылған және әмбебап банктері болып табылады. Халық шаруашылығының тек белгілі бір саласының өкілдеріне, несие және есеп айырысу қызметтерін көрсететін банк мамандандырылған банк болады, ал егер банк, мұндай қызметтердің түрлі-түрлісін, кез-келген саланың өкілдеріне көрсете алатын болса, ондай банк әмбебап банкі болып табылады. АТФБанк әмбебап, меншік нысанына қарай акционерлік, әр түрлі белгілеріне қарай көп бөлімшелі, ірі болып бөлінеді.

2004жылғы жағдайға байланысты республиканың барлық қаржылық институттары ҚР Ұлыттық Банкінен бөлінген Қазақстан Республикасының Қаржылық Қадағалау агенттігімен реттеледі.

2005жылдың 1қазан жағдайы бойынша республикада 34екінші деңгейлі банктер өз қызметін атқаруда. Оның ішінде шетелдік қатысумен 14банк ҚР резиденті емес еншілес 9 банкты қосқанда.

«АТФ Банк» акционерлік қоғамы 1995жылы 2 июньде құрылған және ҚР Ұлттық Банкінің №59 лицензиясымен өз қызмтені атқаруда. Қазақстанның банк жүйесіндегі көшбасшыларынның бірі. АТФБанк Қазақстан, Қырғыстан және Ресейде қызметін табысты жүргізуде. Клиенттерге қызмет көрсету ыңғайлы болуы үшін филиал желісі белсенді түрде дамуда. Банктің қызметтерін және өнімдерін елдің 17 қаласында пайдалануға мүмкіндік бар, 144 офис қызмет көрсетуде.

01. 01. 2008ж. жағдай бойынша «АТФБанк» АҚ-ның ірі акционері - Bank Austria болып табылады. Акционерге тиесілі акциялардың орналастырылған акциялардың жалпы санына пайыздық ара қатынасы 94, 65%-ға тең.

Банктің жоғарғы органы - Директорлар Кеңесі болып табылады.

Директорлар кеңесі АТФБанктің қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және 6 адамнан тұрады. Директорлар кеңесінің Төрағасы - Эрик Хэмпел . Директорлар кеңесінің мүшелері: Томас Гросс, Марко Ианнакконе, Қуанышев Талғат Жұманұлы, Хуберт А., Пандза Б., Роберто Тимо.

Үзіліссіз бақылау және өлшеу барысында шаруашылық қызметтің сандық көрсеткіштері жөнінде ақпараттар алынады. Осы алынған сандық көрсеткіштер көмегімен шаруашылық процестеріне сапалық баға беріледі. Міне, сондықтан, есеп дегеніміз - шаруашылық процесстерін бақылау және оларды басқару мақсатында сандық түрде көрсету және сапалық түрде сипаттауды білдіреді. Есептің басты үш түрі бар: статистикалық, оперативті және бухгалтерлік. Бухгалтерлік есеп өзара қаржылық және басқарушылық деп бөлінеді.

Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы төмендегідей элементтерді қамтиды : активтер, капитал, міндеттеме-лер, табыстар және шығындар. Олар қолданушылар үшін қаржылық есеп беруде ақпаратты пайдалы ететін атрибуты болып табылады.

Бухгалтерлік есеп пайдаланушылары екі негізгі топқа бөлінеді. Олар:

  • ішкі пайдаланушылар;
  • сыртқы пайдаланушылар.

Ішкі пайдаланушылар қатарына банктің құрамына жататын тұлғаларды жатқызады. Олар: банк менеджерлері, меншік иелері, акционерлер, директор кеңесі, т. б.

Сыртқы пайдаланушылар екі топқа жіктеледі:

  • тікелей қаржылық мүддесі бар(инвесторлар, кредиторлар)
  • жанама қаржылық мүддесі бар(салық органдары, мемлекеттік бақылаушы органдар) .

ҚР-ғы бухгалтерлік есеп беру стандартымен келесідей қағидалар қабылданған:

Есептеу - табыстар тапқан кезде, ал шығындар шығындар шығарылған кезде танылады. Есепке алу принципі бойынша құрылған қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқа оқиғалар туралы ақпараттарды қамтамасыз етеді.

Үздіксіз қызмет - субъект өзінің қызметін анықталмаған уақыт кезеңінде жалғастырады және оның жақын болашақта жою қажеттілігі жоқ немесе ол өзінің қызмет масштабын қысқартуды көздемейді.

Қаржылық есеп берудің негізгі сапалық сипаттамалары :

  • Түсініктілігі- қаржылық есеп берумен ұсынылған ақпараттар қолданушыға түсінікті болуы керек.
  • Мәнділігі -нақты және болашақтағы оқиғаларды бағалауға көмектесе отырып, қолданушының экономи-калық шешіміне әсер ету. Ақпараттардың мәнділігіне оның сипаты мен маңыздылығы әсер етеді.
  • Сенімділігі- ақпаратта маңызды қателер мен дұрыс емес көрсетулер болмауы керек, өйткені қолданушылар оған шынайы көрініс ретінде қарайды.
  • Шынайылық- ақша қаражаттарының қозғалысын, операциялар нәтижелері мен қаржы жағдайлары туралы ақпараттардың сенімділігін қамтамасыз ету үшін опера-циялар мен басқа да оқиғаларды шынайы көрсету қажет.
  • Форманың мәнділіктен айырмашылыгы- операциялар мен басқа да оқиғалар шына

қажетті, олар заңды формамен емес, олардың мәнімен және экономикалық нақтылығымен сәйкес келуі керек.

  • Бейтараптыгы - қаржылық есеп берудегі ақпарат-тардың сенімділігін қамтамасыз ету үшін бейтарап бо-луы қажет.
  • Сақтық - активтер мен табыстар төмендетіліп, міндеттемелер мен шығындар әдейі жоғарылатылмас үшін белгісіздік жағдайда баға беруге қажетті шешімдер қабылдаған кезде сақ болған жөн.
  • Толықтылыгы - қаржылық есеп беру сенімділігін қамтамасыз ету үшін ақпараттар толық болу қажет.
  • Салыстырмалылыгы - қаржылық ақпараттар пай-далы және мазмүнды болуы үшін есеп беру кезеңдері са-лыстырмалы болуы қажет. Қолданушылар субъектінің есептік саясаты туралы, ондағы өзгерістер мен осындай өзгерістердің нәтижелері туралы хабардар болуы керек.
  • Дер мезгілділігі - ақпараттың уақытында берілмеуі өзінің мәнділігін жоғалтады.
  • Пайда мен шыгындар арасындагы баланс - ақпа-раттардан алынған пайдалар оны алуға кеткен шығын-дардан жоғары болуы керек. Пайда мен шығынды баға-лау мәнді дәрежеде кәсіби түжырымдамалардың сүрағы болып табылады.
  • Сенімді және обьективті көріністер - негізгі сапа-лы сипаттамалар мен бухгалтерлік есептің сәйкес стан-дарттарын қолдану сенімді және объективті ақпараттар-ды қолданатын қаржылық есеп берудің қүрылуы мен көрінісін қамтамасыз етеді.

Қаржылық есептің элементтер і - қаржылық есеп берулер мәмілелердің және басқа да оқиғалардың қар-жылық нәтижелері мен экономикалық сипаттарына сәйкес олардың жалпы категорияларын қалыптастыра отырып көрсетеді. Осы кең көлемді категориялар қаржы есептерінің элементтері деп аталады.

Шаруашылық құралдарының (мүліктердің), олардың пайда болу көздерінің және шаруашылық процестердің есебі олардың үзіліссіз және өзара байланысқан көрінісі мен экономикалық жалпылығын қамтамасыз ететін әр түрлі тәсілдер мен әдістер арқылы жүзеге асырылады. Осы әдістер мен тәсілдердің жиынтығы бухгалтерлік есеп әдістері деп аталады. Әрбір жеке әдіс немесе тәсіл бухгалтерлік есеп әдісінің элементі деп аталады. Ондай элементтерге мыналар жатады: құжаттау, түгендеу, бағалау, калькуляция, шоттар, екі жақты жазу, бухгалтерлік баланс, есеп беру.

Құжаттау - шаруашылық операцияларды құжаттарда алғашқы рет бейнелеу тәсілі. Дұрыс толтырылған қүжаттар бухгалтерлік жазулардың заң күшін қамтамасыз етеді.

Түгендеу - шаруашылық қүралдардың нақты қолда барын анықтау және алынған мәліметтерді бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру тәсілі. Бүл субъектінің қүралдарының сақтығына бақылау жасау тәсілі болып табылады.

Бағалау - бухгалтерлік есеп объектілерін қүндық көрсету тәсілі. Күралдардың және олардың қүрылу көздерінің қозғалысын есептеу үшін оларды бағалау ке-рек, яғни ақшалай өлшеммен көрсету керек. Бағалау нақты және бірыңғай болу керек. Нақтылығы дегеніміз -есептің белгілі бір объектісінің ақшалай өлшеуішінің оған жүмсалған шығынға сай келуі.

Калькуляция - өнімнің (жүмыстың, қызметтің) өзіндік қүнын есептеу тәсілі. Өнімді дүрыс бағалау үшін есеп объектілері мен калькуляция объектілерін дүрыс белгілеу миңызды.

Шоттар - кәсіпорын мүлкінің және олардың қүралу көздерінің қүрамында болып жататын өзгерістерді ағым-да есепке алу үшін арналған.

Екі жақты жазу - шаруашылық операцияларын бір мезгілде бірдей сомада екі шотта көрсету.

Баланс - шаруашылық қүралдарын және олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалай бағада топтау тәсілі.

Есеп беру - субъектінің шаруашылық қызметінің нәтижелерін кешенді түрде сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы.

Банктің есеп саясаты ұғымына ол таңдаған бухгалтерлік есепті жүргізу эдісінің жиынтығы кіреді: банктің жарғылық қыз-метін топтастырудың әдісі және бағалау, активтердің құндылығын өтеу, құжат айналымын ұйымдастыру тәсілдері, бухгалтерлік есепте шоттарды қолдану әдістері, есеп тіркелімінің жүйесі, ақпараттарды өңдеу және басқа да сәйкес келетін әдістер, амалдар, тәсілдер.

Есеп саясатын қалыптастыру үшін банк бухгалтерлік есепті нақты бағытта жүргізу және ұйымдастыруда занды және нормативті актілер шегіндегі, мемлекеттегі бухгалтерлік есепті реттеу нормативке жататын бірнеше әдістің біреуін таңдайды.

ІІ- бөлім. Клиенттер кассалық есеп айырысулар

Есеп айырысу операцияларын ресімдеу және оның есебі.

Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте олар-дың қызмет сипатына сәйкес ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болы табылады, ал оның соңғы кезеңі - есеп айырысу.

Осы есеп айырысу міндеті - қолма-қол ақшалай және колма-қол ақшасыз нысанда төлем айналысына қызмет ету болып табылады. Кәсіпорын және ұйымдар арасындағы төлем айналысы негізіне: екінші деңгейлі банктерде ашылған банктік шоттар жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады.

Есеп айырысу операцияларын төмендегідей жіктеуге болады:

Қатысушылар құрамы: Қатысушылар құрамы
Төлем құралдары: Төлем құралдары
Операцияның атқарымдық бағыты: Операцияның атқарымдық бағыты
Есеп айырысу нысандары: Есеп айырысу нысандары
Қатысушылар құрамы:

Банкаралық Клиенттік

Ішкі банктік

Төлем құралдары:

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу

Төлем-талап тапсырмаларымен есеп айырысу

Чекпен есеп айырысу

Вексельмен есеп айырысу

Карточкамен есеп айырысу

Операцияның атқарымдық бағыты:

Шот ашу бойынша операциялар

Шот жүргізу бойынша операциялар

Кассалық операциялар

Акцептік операциялар

Талаптарды беру операциялары

Авальді операциялар

Есеп айырысу нысандары:

Аккредитивтік операциялар Аударым операциялары

Инкассолық операциялар

Клирингтік операциялар

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу

Төлем тапсырмасы - ақша жіберуші тұлғаның, қызмет көрсететін банкіне, тапсырыста белгіленген соманы бенефициар шотына аудару туралы тапсырысы. (1-қосымша)

Төлем тапсырысты ақша жіберуші жазады да, өз банкіне ұсынады (мерзімі 10 күн ) . Жазылған күннің уақыты (дата) көрсетілген тапсырыс банкпен 10 календарлық күн ішінде кабылданады. Төлем тапсырыс бойынша төлемдер, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша жүзеге асырылады .

Тауарлы емес операцияларға жататындар:

  • бюджетке төлемдерді аудару;
  • зейнет-ақы қорына міндетті салымдарды аудару;
  • әр түрлі коғамдық ұйымдарга аударулар;
  • қысқа мерзімді несиені мерзімінен бұрын өшіру;
  • жоғары тұрган мекемелерді ұстау шығындары.

Төлем тапсырыс бойынша төлемдер алдын ала және кейінгі тәртіппен жүргізіледі.

Алдын ала төлемді жүргізу кезінде, төлеуші тауардың бар болуына және сол тауарды жіберуге дайын болып тұруына көзі жетуі керек. Бұл кезде төлем тапсырыстағы «төлем түрі» деген бөлікте төлеушінің тауарлар үшін алдын ала төлем екендігін, шоттың нөмірін және мерзімін көрсету керек. Салық төлеу үшін аударылған сома бөлек жолда көрсетіледі. Төлем тапсырысты алдын- ала тәртіппен төлеу үшін, міндетті түрде төлеушінің ағымды шотында меншікті қаржылары болуы тиіс. Алдын-ала тәртіппен төлемді жүргізу кезінде , жабдықтаушы өзінің шотына қаржылар түскеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде тауарды тиеп 1 жіберуі тиіс. Кейінгі төлем кезінде, төлеуші алдымен тауарды алады, содан кейін тауар кұнын төлейді. Қалааралық есеп айыру кезінде, төлем тапсырыс 4- экземплярда, ал электрондык байланысты қолданған кезде 2- экземплярда жазылады.

Ақша қаржылары бар болғанда, төлем тапсырыс ақша жіберушінің акцептімен бірге төленуге қабылданады және төмендегі корреспонденция жасалады:

А) 1-ші экземпляр, төлеушінің банкіндегі күндік құжаттар ішінде қалады және келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:

Дт - 2203

Кт- 1051, (2203)

Б) 2-ші, 3-ші экземплярлар, алушы банкіне жауапты өткізбе құру үшін және ақшаны алушы шотына енгізу үшін жіберіледі:

Дт- 1051

Кт-2203

В) 4-ші экземпляр, банк белгісімен бірге клиентке қайтарылады.

Төлем тапсырыспен төлем жүргізілгенде, менеджер барлык экземплярға уақытты, ал 2-ші, 4-ші экзеплярларға қолын және штампты қояды.

Егер төлем тапсырыс 2 экземплярда ұсынылса, онда экземпляры төлеушінің банкінде күндік құжаттар ішінде қалады, ал 2 экземпляры клиентке банк белгісімен бірге қайтарылады.

Егер төлеушінің шотында төлем тапсырысты төлеу үшін ақшасы жоқ болса, бірак тәлем мерзімі келіп, тауарлар алынған жағдайда, мұндай төлем тапсырыс №2 картотекаға аударылады да, №7303 «Мерзімінде төленбеген есеп айыру құжаттары» баланстан тыс шотында есепке алынады. №2 картотекаға құжаттар аударылғаннан соң, баланстан тыс кіріс ордері жазылады да, келесі өткізбе құрылады:

Кіріс 7303.

Ал бенефициар банкіне төлеушінің шотында ақша қаржыларының болмағаны туралы хабарлама жіберіледі. Төлеуші шотына ақша каражаттары түскен кезде, төлем тапсырыс пенямен қоса есептелгенде, №2 картотекадан төленіп өшіріледі:

1) Дт-2203
Кт- 1051

2) Шығын - 7303 - төлем тапсырыс сомасына

Есеп айырысуды жүзеге асырғаны үшін банк комиссиялық ақы ұстайды:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Кт 4601 «Банктің аударым операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер».

Төлем-талап тапсырмасымен есеп айырысу

Төлем-талап тапсырысы - бенефициардың жіберушіге көрсетілген кызмет немесе тиелген тауарлар үшін төлем тапсырысы болып табылады.

Бұл есеп айыру формасы жабдықтаушы банкінен басталады. Жабдықтаушы реестр кезінде төлем-талап тапсырысты 2 экземплярларда өзінің банкіне инкассоға (сенім негізінде қаржыларды алу) ұсынады.

Ұсынылған құжаттарды менеджер тексереді.

Қалааралық есеп айырысу кезінде төлем-талап тапсырысы 4-экземплярларда, ал электрондық төлем кезінде 2- экземплярларда жазылады. Барлық құжаттар тексерілгеннен кейін төлем-талап тапсырмасының реестірінің 1-ші экземпляры банкте қалады. 2-ші экземпляр банк белгісімен бірге бенефициарға қайтарылады.

Менеджер төлем-талап тапсырысқа банк штампын қойып, төлеуші банкіне жібереді. Банк 30 календарлық күн ішінде тапсырыс жазылған күннің уақытымен бірге төлем-талап тапсырысты қабылдайды.

Төлеуші банкінде қабылданған төлем-талап тапсырысты тексереді, барлық экземплярларда қабылдаған уақыты қойылады және ақша жіберушінің акцептін талап ететін төлем- талап тапсырысты кіріс журналына тіркейді. Бұл журналда төлем бойынша және төлем-талап тапсырыстың акцептінен бас тарту бойынша белгі қойылады.

Акцепт - тиелген тауаралар, көрсетілген қызмет немесе жұмыс істегені үшін жабдықтаушының төлем-талап тапсырысын төлеуге төлеушінің рұқсаты.

Төлем-талап тапсырыс қабылданған күннен кейін келесі күннен кешіктірмей акцепт, төлем үшін және жабдықтаушының келісімде барлық шарттарын орындағанын тексеру үшін, төлеушінің банкі төлем талап тапсырыстың 1-ші экземплярын төлеушіге ұсыну тиіс. Егер төлеуші 3 жұмыс күн ішінде акцепттен толық немесе жартылай бас тарту туралы хабарламаса, онда ол төлем-талап тапсырысты төлеуге келісті деген сөз.

Төлеуші төлем-талап тапсырысты төлеуден бас тарта алады . Бұл кезде төлеуші бас тартқаны туралы өтініш жазады және сол жерде акцептте-бас тарту себебін көрсету тиіс.

Акцепттен бас тарту себептері келесілер болуы мүмкін:

  • келісімдегі шарттардың орындалмауы;
  • тауарлар сапасыз болған жағдайда;
  • санауларда арифметикалық қате болса;
  • белгілі тауар түрі тапсырылмаса және т. б.

Егер төлеуші төлем-талап тапсырысты төлеуден толық бас тартса , онда төлем-талап тапсырыспен бірге бұл туралы жабдықтаушыға хабарлама жіберіледі. Егер бас тарту жартылай түрде болса, онда төлем-талап тапсырма бойынша акцепттен бас тартудың 1-ші экземпляры төлеуші банкінде қалады, ал 2-шісі хабардар ету үшін жабдықтаушы банкіне жіберіледі.

Егер төлеуші төлем-талап тапсырысты төлеуге өз келісімін берсе, онда акцепт келесі жолмен безендіріледі:

• төлем-талап тапсырыстың 1-ші экземплярында шот реттеушілердің (басшысы мен бас бухгалтер) қолдары қойылып, елтаңба мөрімен безендіріледі, акцептелетін сома көрсетіледі және төлеуші шотынан қаржыларды өшіруге жауапты болатын банкке ұсынады.

Төлем-талап тапсырысты төлеген кезде:

Дт - 2203 (төлеуші шоты)

Кт- 1051

Ақша каржылары болмаған жағдайда төлем-талап тапсырысы №2 картотекаға орналастырылады:

Кіріс - 7303 - «мерзімінде төленбеген есеп айырысу кұжаттары».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АТФ банк туралы
«АТФ Банк» АҚ-ғы несие бөлімі
«АТФБанк» АҚ-ның негізгі қызметтерін ұйымдастыру
«АТФ Банк» акционерлік қоғамы - коммерциялық банк
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері
Диплом алдындағы тәжірибенің есебі.«АТФБанк» АҚ
«АТФ Банк» АҚ туралы
Коммерциялық банктердің операциялары. Банктің пассивтік операциялары
«АТФБанк» АҚ
Нарық жағдайында инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz