ІI-деңгейлі банктердің қызметін ұйымдастыру


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыптық жоспар

Тақырыптың атауы және бөлімдері
№: 1.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: ІІ-деңгейлі банктердің қызметін ұйымдастыру
№: 1. 1
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банк қызметінің ұйымдастырылуымен және оның құрылымымен танысу .
№: 1. 2.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Еңбек құқығы
№: 1. 3.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Іскерлік қарым-қатынас этикасы.
№: 2.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Есеп операциялық жұмысын құру және банктік құжат айналымы. Есепсаясаты
№: 2. 1.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Есеп-операциялық жұмысының жалпы сипаттамасы және оның құрылуы. Банктің есеп саясаты.
№: 2. 2.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банктегі аналитикалық және синтетикалық есеп
№: 2. 3.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Құжат және құжат айналымы банк ішілік бақылау
№: 3.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Клиенттерге кассалық есеп айрысулар қызметін көрсетуді ұйымдастыру
№: 3. 1.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Клиенттерге банктік шоттар ашу немесе жабу ережелері.
№: 3. 2.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Касса операциялары есебін ұйымдастыру.
№: 4.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Есеп айырысу операцияларын рәсімдеу және оның есебі
№: 4. 1.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Төлем бұйрығы бойынша есеп айрысу
№: 4. 2.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Төлем-талап тапсырмаларымен есеп айырысу.
№: 4. 3.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Чектермен есп айырысу
№: 4. 4.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Аккредитивтермен есеп айырысу.
№: 4. 5.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Төлем карточкаларымен есеп айырысу
№: 4. 6.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Шаруашылық субъектілерінің шоттарынан қаражаттарды мәжбүрлеп өндіру
№: 5.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыру және оның есебі
№: 5. 1.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Төлем жүйесін ұйымдастыру
№: 5. 2.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Қазақстан Банкаралық Есеп Орталығы(ҚБЕО) , Банкаралық Ақша аудару жүйесі(БААЖ), Төлем есеп айырысу жүйесі(ТЕАЖ) арқылы есеп айырысулар жүргізу
№: 5. 3.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Клирингтік палата арқылы банкаралық есеп айырысуды жүргізуді рәсімдеу және оның есебі
№: 6.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Салымдық операцияларды ұйымдастыру және есебі.
№: 6. 1.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Заңды тұлғалардың салымдары бойынша операцияларды жүргізу .
№: 6. 2.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Жеке тұлғалардың ұйымдастыру.
№: 6. 3.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Төлем карточкалары бойынша операциялар
№: 7.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Несиелік және есебі
№: 7. 1.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Клиенттерді несиелендіру бойынша жұмысты ұйымдастыру
№: 7. 2.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Клиенттің төлем қабілеттілігін бағалау
№: 7. 3.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Қысқа мерзімді несиелендіру
№: 7. 4.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Ұзақ мерзімді несиелендіру( инвестициялық несие беру) .
№: 7. 5.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Тұтыну несиесін ұйымдастыру
№: 7. 6.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Ипотекалық несиелендіру
№: 7. 7.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Орта және шағын бизнес субъектілерін несиелендіру.
№: 7. 8.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банкаралық және консорциалдық несиелер
№: 7. 9.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Лизинг.
№: 7. 10.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Факторинг.
№: 7. 11.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Вексельдік несиелендіру
№: 8.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Бағалы қағаздар операцияларының есебі және оны ұйымдастыру
№: 8. 1.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банктің эмиссионндық операциялары .
№: 8. 2.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банкттердің қызметі
№: 8. 3.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банктің инвестициялық операциялары
№: 9.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банктің шетел валютасымен операцияларын ұйымдастыу және оның есебі.
№: 9. 1.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банктің шетел валютасымен операциялары бойынша жұмысын ұйымдастыру
№: 9. 2.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Сауда валюталықоперациялары және оның есебі
№: 9. 3.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Валюта-айырбас операцияларын ұйымдастыру
№: 9. 4.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастыру
№: 9. 5.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Халықаралық несиелер
№: 9. 6.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: «Лоро» и «Ностро» корреспонденттік шоттары
№: 10.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Агенттік қызметтер
№: 10. 1.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Агенттік қызметті жүргізуді ұйымдастыру және операцияларды есепте көрсету
№: 11.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Ішкібанкттік операциялардың есебін банк балансында көрсету
№: 11. 1.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, тауарлы материалдық қорлардың есебі
№: 11. 2.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банктің меншікті капиталының есебі
№: 11. 3.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банктің кірістері мен шығыстарының есебі.
№: 11. 4.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Еңбекақы шығындары есебінің ерекшеліктері
№: 11. 5.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банк қызметінің нәтижесі және таза кірісті бөлу
№: 12.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банктің қаржылық, статистикалық есептіліктерінің құрамы және нысандары
№: 13.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банк қызметін қаржылық талдау.
№: 13. 1.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Пассивтік операциялардың талдауы.
№: 13. 2
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Активтік операциялардың талдауы
№: 13. 3.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банк қызметінің орындалуын талдау
№: 13. 4.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банк қызметінің қаржылық қорытындысын талдау
№: 13. 5.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: Банк тәуекелдерін талдау
№: 13. 6.
Тақырыптың атауы және бөлімдері: САМЕЛЬ жүйесі немесе басқа да ішкі аналитикалық әдістербойынша бойынша банктердің рейтингтік бағасы

Кіріспе

Мен Жапарова Ляззат Қасымқызы, өз өндірістік іс-тәжірибемді Алматы қаласында Фуранов көшесі 100А үйінде орналасқан АҚ «АТФ-Банк» банкінде, 2010жылдың қараша айының 11 жұлдызынан 2011 жылдың қаңтар айының 08 жұлдызына дейін өттім. Өндірістік іс-тәжірибемді өткен уақытымда, банк қызметінің түрлері туралы материалдарды жинай отырып, өндірістік іс-тәжірибем біткеннен сәтте, өндірістік іс-тәжірибемнің есебін жаздым.

Ұсынылып отырған тәжірибе есебімнің мақсаты - банк қызметі туралы теориялық және әдістемелік негізі туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау жүргізуге көмектесу.

Тәжірибе барысында келесі міндеттер қойылды :

  • банк қызметінің түрлерін және оны жүргізу принциптерін меңгерулері керек;
  • клиенттерге қызмет көрсету және касса операцияларын жүргізу бойынша банктік шоттар келісімдерін дайындау, рәсімдеу және оның атқарылуын;
  • әр түрлі несиелік мәмілелерді рәсімдеу және шаруашылық субъектілерін несиелендіруді жүзеге асыруды;
  • клиенттердің шаруашылық-қаржы жағдайын талдау және оның қорытындысын рәсімдеп тұжырымдауды;
  • тұрғындарды несиелеу тәртібін рәсімдеуді;
  • шетел валютасы және бағалы қағаздар операцияларын жүргізуді;
  • төлем карточкалар бойынша құжаттама және оларды рәсімдеуді;
  • банкаралық есепті рәсімдеужәне жүргізуді;
  • заңды және жеке тұлғаларға салымдарын сақтауға қабылдау;
  • саудалық және саудасыз валюта операциясын жүргізу;
  • клиенттермен трасттық, аманаттылық және басқа операцияларды рәсімдеу;
  • банк қызметіне экономикалық талдау жүргізу;
  • бухгалтерлік, статистикалық және қаржылық есептеме құрастыру;
  • компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдысын бекіту.

Сонымен, осы өндірістік іс-тәжірибеден мен кәсіби ілімдерді тереңдету және банк ісіндегі болашақ мамандардың қажетті іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, және өзімнің білім сапасын көтеру мақсатындағы дайындық жасадым .

: 1.
: ІІ-деңгейлі банктердің қызметін ұйымдастыру
1
  1. Банк қызметінің ұйымдастырылуымен және оның құрылымымен танысу .

АҚ «АТФ-Банк» «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңға сәйкес мынадай операцияларды орындай алады:

  • заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді) ;
  • клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару) ;
  • банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
  • лизингтік операцияларды жүзеге асыру;
  • уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар) ;
  • экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар) ;
  • қолма - қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
  • инвестициялық қызметтер;
  • клиенттерге басқа да қаржылық қызметті көрсету;
  • заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, оларға шоттар ашу және жүргізу;
  • банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есепшоттарын ашу және жүргізу;
  • кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау және сақтау;
  • аудару операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
  • есептеу ( дискант ) операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдері мен өзге де қарыз міндеттемелерін есепке алу;
  • қарыз беру операциялары: төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес заңды және жеке тұлғаларға ақшалай несие беру,
  • сенім ( траст ) операциялары: сенім білдірген адамның мүддесі үшін және соның тапсыруымен тазартылған бағалы металдарды және бағалы қағаздарды басқару;
  • клиринг операциялары: төлемдерді жинау, салыстыру, сорттау және растау, сондай - ақ, олардың өзара төлемдер өтеуін жүзеге асыру және клирингке қатысушылардың таза көзқарасын айқындау;
  • сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй - жайларды жалға берумен қоса, клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттары мен құнды заттарын сақтау жөніндегі қызметтер;
  • ломбард операциялары: депозиттелген ( сақтауға салынған ) оңай сатылатын бағалы қағаздарды және қозғалатын мүлікті кепілге алып, қысқа мерзімді несие беру;
  • төлем карточкаларын, чек кітапшаларын шығару;
  • шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
  • төлем құжаттарын инкассаға қабылдау;
  • бағалы қағаз нарығындағы клирингтік қызмет;
  • факторинг ( сауда - саттық ) операциялары: тауарларды сатып алушылардан тәуекел етіп төлемсіз қабылдап, төлемді талап ету құқығына ие болу;
  • форфейтинг операциялары : тауарларды ( қызмет көрсетуді ) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналып түсетін жолмен вексель ( тратта ) сатып алу арқылы төлеу;

Басқарма дегеніміз - бұл банктің ағымдағы қызметін басқаратын алқалы топтан құралған атқарушы ұйым. Ол басқарма төрағасынан, оның орынбасарларынан, сондай-ақ банктің басқарушы директорларынан тұрады.

Басқарманың басты қызметі мен өкілеттіктері:
  • акционерлердің жалпы жиналысы мен банктің директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
  • банктің қаржылық-экономикалық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • бизнес-стратегияларды іске асыру;
  • аға менеджмент пен банк филиалдарының өкілдерін тағайындау;
  • акционерлердің жалпы жиналысы мен банктің директорлары кеңесінің құзыретіне кірмейтін басқа да мәселелер.

АҚ «АТФ-Банк» басқармасының мүшелері - Unicredit тобына кіретін, Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелде де жұмыс тәжірибесін жинақтаған танымал кәсіпқой мамандар. Басшылықтың жоғары деңгейлі кәсіби шеберлігі арқасында банк алдыңғы қатарлардан табылып, жоғары рейтингілерге ие болып жүр. Басқарма мүшелері әр жылдарда аса ірі қазақстандық және шетелдік қаржы құрылымдарында, сондай-ақ мемлекеттік органдарда басқарушылық қызметтерін атқарып келген.

АҚ «АТФ-Банктің» қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай - ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізінде қарызды қарыз алушыға ұсынады.

Депозиттік акциялар басқармасы - банктің өз капиталымен тартылған қаражатын талдаумен және есептеумен шұғылданып, негізінен мына қызметтерді атқарады:

  • банктің депозиттік қаражатын олардың мерзіміне қарай және әрбір депонент ( ақша салушы ) бойынша есептеу;
  • қаражатты депозитке салу үшін шарт жасау;
  • тартылған қаражатты, оның құрылымын және банк ресурстары, оның балансының өтімділігіне әсерін бағалау мақсатымен даму динамикасын талдау;
  • банктің ресурстарын жоспарлау үшін қажетті хабарларды беру;
  • Қор ( фондовой ) бөлімі банктің өз қаражатын есептеу мен талдау қызметін жүргізеді. Олар:
  • банктің қаржысын, қаражатты есептеу, оларды талдау және даму динамикасын есептеу;
  • банкке қарайтын бағалы қағаздарды сатып алу және сату операцияларын, сонымен бірге клиенттердің де тапсырылуымен дәл осындай операцияларды жүргізеді;

Клиенттерге есептеу - кассалық қызмет көрсету мақсатында банкте есептеу - кассалық, басқармасы құрылады. Оның негізгі қызметтері:

  • шарттарды ашу және есептерді жүргізу;
  • кассалық операцияларды өткізу;

Банктің есеп айырысу - касса бөлімі ( жинақ кассасы ) - банктің Ұлттық банк берген келісімі бойынша құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын филиалды не өкілдік мәртебесі жоқ, Қазақстан аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін орындайтын аймақтық оқшау бөлімшесі. Есеп айырысу -кассалық бөлімінің құрылымы фронт- офис және бэк офистен тұрады. Фронт-офис-банктің клиентерімен серіктестік келісім шарт құратын бөлім, ал бэк-офис -орындалған операцияны тіркейтін бөлім. Есеп айырысу - кассалық бөлімінде бухгалтерлік есептің жүргізілуі негізгі болып табылады. Халық шаруашылығы мен банктің басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің ролін көтермей экономиканы дамыту мүмкін емес.

  • Талдау және статистика басқармасы(бөлімі) төмендегідей жұмыстарды орындайды:
  • статистикалық хабарларды жинақтау және талдау;
  • клиенттерге хабарлама - анық шама қызметтерін көрсету;
  • банктің қызметі туралы есепті жоспардың жобасын дайындау;
  • банктің балансын статистикалық тұрғыдан дайындау;
  • эксперттік зерттеуді, банкті бағалауды дайындау және орындау;

Кадрлар бөлімі:

  • қызметкердің санын және оларды қолдануды жоспарлайды;
  • кадрлардың мамандығын көтеруді және оқытуды ұйымдастыру;
  • еңбекақы қорын басқарады;
  • қызметкерлерді таңдаумен және орналастырумен шұғылданады;

Әкімшілік - шаруашылық бөлімі банктің ғимаратын, құрал - жабдықтарын салумен, жоспарлаумен, сатып алумен, жөндеумен және сатумен айналысады. Электронды-еceптегіш машиналар бөлімімен бірлесіп электрондық жүйені қосу, банктің мекемелерін электронды - есептегіш машиналар және оргтехникамен қамтамасыз етумен, сондай - ақ архив ісімен шұғылданады.

Заң бөлімі:

  • нормативтік құжаттарды дайындап, банктің жарғысына өзгерістер енгізеді;
  • жарғылық шарттардың орындалуын және банктік мәмілелердің дұрыс дайындалуын бақылайды;
  • шарттарды, кепілдік актісін және басқа іс қағаздарын толтырады;
  • банктің сот және әкімшілік мекемелеріндегі барлық ісін жүргізеді;
  • талап арыздарды, пікірлерді, шығындарды және басқа әртүрлі актілерді толтырады;
  • банкте туындаған барлық құқықтық мәселелер бойынша қорытынды жасайды;

Тексеру бөлімі : банктің және оның филиалдарының жұмысының банктің кеңесі бекіткен ережелерге, нормаларға сәйкес болуын тексереді.

Электронды - есептегіш машиналарды енгізу және қолдану бөлімі:

  • банктің компьютерлік жүйесін ұйымдастырады;
  • есеп айырысу мен төлемнің электрондық орындалуын қамтамасыз етеді;
  • банктің басқармалары мен бөлімдері үшін бағдарлама дайындайды;
  • банкті электронды - есептегіш техникамен жабдықтаудың акғымдағы және болашақтағы бағдарламасын жасайды;
  • әкімшілік бөліммен бірігіп осы бағдарламаны жүзеге асырады;

АҚ «АТФ-Банктің» ең басты қызметтерінің бірі - өзінің филиалдары мен өкілдіктерін басқару. Банктің филиалы заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан және банктің атынан банк операцияларын жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттілік шегінде әрекет ететін банк бөлімшесі. Оның банкпен біріңғай балансы, сондай - ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

Банк өкілдігі -заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін банк операцияларын жүзеге асырмайтын банк бөлімшесі.

АҚ «АТФ-Банк» филиалдары кейбір банктік операцияларды орындамайды. Мысалы, корреспондент банктер мен операциялар, халықаралық операциялар, инвестициялық және басқа операциялар.

АҚ «АТФ-Банк» филиалдары басқару қызметіне төмендегілер кіреді:

  • қызметін басқару;
  • несие саясатын және несие операцияларын жүргізуінің дұрыстығын бақылау;
  • банк жұмыстарының тиімділігін арттыратын жұмыстың жаңа әдістерін енгізуге көмектесу;

1. 2. Еңбек құқығы

АҚ «АТФ-Банк» өз қызметкерлерімен жазбаша нысан ретінде жеке еңбек шартын жасайды.

Банктегі еңбек шарты - ол екі жақты келісім, ол келісімге сәйкес қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе кәсіп түрі бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндеттенеді.

АҚ «АТФ-Банк» қызметкер алдында:

  • қызметкерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген залал үшін;
  • қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін;
  • қызметкердің өміріне және (немесе) ден­сау­лығына келтірілген зиян үшін материалдық жауаптылықта болады.

Қызметкер жұмыс берушінің алдында:

  • жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген залал үшін;
  • қызметкердің әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындаған залал үшін материалдық жауаптылықта болады.

Еңбек шарты заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте "жұмыс беруші" яғни АҚ «АТФ-Банк» және "жұмысшы" деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады.

Аталған мідеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтарына негізделеді. Басқа кез келген құжат еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар.

Еңбек келісімі жүмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т. б. ) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға үйым әкімшілігінде белгіленге тәртіп бойынша қаралған жүмысшы арызы негіз болады.

Еңбек келісімі мыналардан түрады:

  • құжат аты;
  • келісімнің жасалған орны мен күні;
  • екі жақтың толық және шартты атауы;
  • жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті квалификация дәрежесі;
  • келісім типі (негізгі жұмыс, әлде қосымша істелетін жүмыс) ;
  • келісім түрі (шектеулі мерзімге, әлде ұзақ уақытқа) ;
  • келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін) ;
  • сынау мерзімі;
  • жұмысшының міндеттері;
  • еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып, жазылған жұмыс беруші міндеттері; 11) жұмысшының еңбек құқығын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат;
  • еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет;
  • ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет;
  • демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет;
  • келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар;
  • келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім бұзылуы немесе қайта қаралуы мүмкін) ;
  • келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі;
  • екі жақтың мекен-жай мен реквизиттері;
  • екі жақтың қойылатын қолы;
  • шартқа қол қойылған күн;
  • келісім қосымшасы (бар болған жағдайда ) .

Еңбек келісімін безендірудің қызметтік қүжаттарды безендірудің жалпы талаптарынан көп айырмашылығы жоқ. Келісім мәтіні А4 форматты қағазда, таза, түзетулерсіз басылады. Цифрлар қажет жағдайда жазбаша жазылады.

АҚ «АТФ-Банк» еңбекақы жобасы аударымның сенімді және ыңғайлы жолын ұсынады, жалақыны әлемнің жетекші VISA International төлем жүйесі арқылы алу.

Сіздің кәсіпорныңыздың осы жобада қатысуының артықшылықтары:

  • қолма-қол ақшаларды алу, жеткізу және сақтау кезіндегі шығындарды азайту;
  • ҚР-ның кез-келген аймағында орталықтандырылған еңбекақы төлеу;
  • Іссапар, демалыс және қосымша ақыларды карточка арқылы төлеу;
  • Еңбекақы алу процесінің автоматтандырылуы;
  • Отбасы мүшелеріне қосымша карточка рәсімдеу; ;
  • Конфиденциальность сведений о суммах заработной платы сотрудников Организации;
  • Еңбекақы карточкаларының ашылуы мен қызмет етуіне төмен тарифтер;
  • Төлем карточкаларымен байланысты операциялардың алуан түрлілігі;
  • Кәсіпорын қызметкерлерін материалдық жағынан қолдау;
  • VISA Gold, VISA Classic карточкаларын шетелде жоғалту/ұрлату кезінде көмек.

АТФ-Банк клиенттеріне Револьверлік несиелеу еңбекақы жобасы бойынша несиеленуінің артықшылықтары:

АҚ «АТФ-Банк» сіздерге жаңа қаржылық, еш шығындық мүмкіншіліктерді ұсынатын, пайыз төлеудің жеңілдетілген мерзімі бар VISA Classic револьверлік несие карточкасын ұсынады.

1. 3. Іскерлік қарым-қатынас этикасы

АҚ «АТФ-Банк» банкте менеджерлер өз борышын адал, әділ және қадір - қасиетпен орындауға міндетті. Ол сыбайлас жемқорлықтың кез - келген түріне қарсы тұруға және оларды болдырмауға күш салуы тиіс.

Банк қызметкері осы сипаттағы шараларды негізге алған кез келген бұйрықты немесе өкімді орындамауға және сыйламауға міндетті.

Банк қызметкерлер өз бастығының бұйрықтарын орындауға міндетті, егер ол бұйрықтың заңсыз сипатын білсе не түсінсе, оны орындамауы керек.

Ол қызметік борышын орындаудағы билікті пайдаланумен байланысты. Әрине атқарушы билікті асыра пайдалану жағдайларының барлығында мемлекет жауапты болады.

Өкімдерді беру құзыретінің нақты шектері болуы тиіс. Бұл бастыққа қандай әрекеттер немесе әрекетсіздіктер үшін полиция қызметкерінің жауапты болатындығын анықтау үшін қажет. Өз міндеттерін орындауда банк қызметкері заңды тұрғыда қажет және рұқсат етілген мақсаттарға жету үшін өзінің барлың құқықтарын пайдалануға міндетті. Сонымен қатар, Этикалық таңдау кезінде көптеген мәсәлермен тұлға көптеген әсер ететін шешімдердің варианттарын қарап, соның ішінен көбірек адамды қанағаттандыратын шешімді қабылдауы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы Банк ісін ұйымдастыру және реттеу
Банктің жеке капиталын қалыптастыру және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамсыз ету
ҚР банк қызметін ұйымдастыру және реттеу
Екінші деңгейлі банктерінің экономикадағы рөлі
«Банк ісі» лекциялық курсы
Коммерциялық банктердің актив және пассив операцияларының дамуы
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялар
Несие жүйесі
Қазақстанның коммерциялық банктері, олардың қызметі мен операциялары
Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz