Компанияның ақша ағымдарын басқарудың теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Компанияның ақша ағымдарын басқарудың теориялық негіздері
1. 1. Компанияның ақша ағымдары туралы жалпы түсінік, мәні және мазмұны . . . . . . 5
1. 2. Компанияның ақша ағымдарының экономикадағы рөлі және әдісі . . . 9
2. Компанияның ақша ағымдарын басқарудың қажеттілігі және «Қазақавтожол» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынның қаржылық айналымдарын талдау
2. 1. Компанияның ақша ағымдарын басқарудағы негізгі қажеттіліктері. 15
2. 2. “Қазақавтожол” Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару ерекшеліктері және оны талдау . . . . . 17
3. Компаниядағы ақша ағымдарының қазіргі жағдайындағы басқару жолдарын жетілдіру
3. 1. Компанияның ақша ағымын оңтайландыру әдісі . . . 25
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиет тізімі . . . 32
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Компанияның өзін өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады. Компанияның қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Компанияның қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2009 жыл 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауындағы «Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері» деп аталатын бесінші бөлімнің «Өндіруші сектордың тиімділігін арттыру» атты үшінші міндетінде мұнай-газ саласы кәсіпорындарының тиімділігін арттырудағы маңызды мәселелер мен алға қойылған міндеттерді атап өтті. «Қазақстанның өңірлік, содан кейінгі жерде әлемдік энергетикалық кеңістіктегі тұғырларын одан әрі нығайтудың толымды стратегиясын әзірлейтін уақыт жетті. Өзіміздің энергетикамыз бен мұнай химиясын дамытудың басты мәселесі - энергия өнімдерінің қосылған құнын ұлғайту арқылы бұл секторлардың кірістілігін көтеру. Әсіресе, мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия дәліздері сияқты басым секторларды басқару тиімді болуға тиіс. Әлбетте, бұл - рынокқа қатысушылардың барлығына қойылатын, бірақ, ең алдымен, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен “Самұрық” мемхолдингіне қойылатын талаптар. Біздің энергетика мен мұнай-химия салаларын дамытудың басты мәселесі - энергия өнімдеріне қосылған құнды ұлғайту арқылы осы секторлардың табыстылығын арттыру. Әсіресе, мұнай-химия, газ ресурстары, экспорттық энергия маршруттары сияқты басым секторларды басқару пәрменді болуы тиіс. Біріншіден, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мұнай мен газ өңдеу кәсіпорындарын жаңарту мен қайта жарақтау, жаңа мұнай-химия өндірістерін құру жөніндегі бағдарламалар әзірлеп, оларды іске асыруы қажет. Біз мұнай мен газ секторында қосылған құны жоғары және ілеспе әрі аралас өндірістерді дамытуға тиіспіз», - деп елбасы жолодауында нақтылап көрсетдендей, мұнай химия саласын дамыту ең алдымен осы секторларда қызмет атқаратын компаниялардың даму саясатымен тығыз байланысты. Компанияның ел экономикасы мүддесіне тиімді қызмет атқару үшін алдымен бәсекелестік шарттарында және тұрақсыз қоршаған орта жағдайына Компанияның тез бейімделіп, қалыпты қызметінен ауытқымауы маңызды. Ақша қаражаттары нарықтық экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады. Компанияның қызметінің табысқа жетуі ең алдымен оның басшыларымен ақша қаражаттарын тарту және оларды тиімді мақсаттарда бөлуне байланысты. Компанияның тұрақты қызмет етуі үшін негізгі шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады. Компанияның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Компанияның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Компанияның арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар - бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет. Ақша қаражатының негізін, бөліну механизімін, оны жоспарлай және болжай білу, компанияның қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты құралы болып табылады. Зерттеу тақырыбы осындай шарттарға негізделген. Ақша қаражаттары - бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы. Қарастырылған компанияның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау негізінде ақша қаражаттарының бөліну механизмін жүргізілу тәртібін зерттеп, оларды жақсарту ұсыныстарын жасақтау.
Зерттеу объектісі - Компанияның ақша ағымдарын жоспарлаудың қажеттілігі және «Қазақавтожол» Республикалық Мемлекеттік Компанияның қаржылық айналымдарын талдау.
Зерттеу пәні - кәсіпорынның ақша қаражаттарының бөліну механизмі.
Курстық жұмысқа қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
- кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының мәні мен маңызын анықтау;
- ақша қаражаттарын бөлу механизмінің және есептеу әдістерін қарастыру арқылы қазақстандық нарықта қызмет атқаратын компанияның қаржылық жағдайына талдау жүргізу;
- зерттелген кәсіпорын бойынша ақша қаражаттарының тәжірибе жүзіндегі бөліну механизмін анықтау және негізгі, қаржылық, инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымының оптималды құрылымын анықтап, жақсарту жолдарын ұсыну.
1. Компанияның ақша ағымдарын жоспарлаудың теориялық негіздері
- Ақша ағымдары туралы жалпы түсінік, мәні және мазмұны
Ақша ағымы - қаржылық жыл ішінде банктің табатын және төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырмасы болып табылады.
Ақшалай ағымның бағалануы көрінісі ең қолайлы және тиімді анализдік инвестициялық проектте жүреді. Көптеген ақшалай ағымдары 2 элементтен тұрады: қажетті инвестиция, ақша ағымдарының шыққан шығындармен байланысты. Алдыңғы болжанған болжаммен бағаның көбінесе басқа мамандықпен сонымен қатар маркетингпен бухгалтерлер, кәсіпкерлермен, шығарушылар. Ең басты қаржылық процесте көрсетіледі:
Ақшалай ағымдар және бухгалтерлік есеп. Басқадай қате көздерге байланысты бұл бухгалтерлік есепті әр түрлі біріктірулер және кірістер, ал олар көбінесе бір келісімде болмайды, қорытындыға келу үшін ақша ағымы қажет.
Аталған проблемаларды шешу үшін қажетті компьютерлік, комуникациялық және басқа да техникалық жабдық сатып алуды жүзеге асыру ұйғарылып отыр. Бұл жобаны іске асыруға арналған болжамды шығыстар 55000 мың теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі - 2006 - 2008 жылдар. Инвестициялық жобаны қаржыландыру көзі компанияның меншікті қаражаты болып табылады.
2008- 2009 жылдар кезеңінде Компанияның ақша ағымыныңмұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын дамыту жер үсті объектілерін салуға, қайта жаңартуға және жаңғыртуға, сенімді әрі өнімділігі жоғары жер асты жабдығын қолдануға, компьютерлік геологиялық модельдер негізінде кен орындарын игеруді бақылаудың тиімділігі жоғары жүйесін құруға келіп тіреледі.
Ақша ағымы - қаржылық жыл ішінде банктің табатын және төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырма болып табылады.
Ақшалай ағымның бағалану көрінісі ең қолайлы және тиімді анализдік инвестициялық проектте жүреді. Көптеген ақшалай ағымдары 2 элементтен тұрады: қажетті инвестиция, ақша ағымдарының шыққан шығындармен байланысты. Алдыңғы болжанған болжаммен бағаның көбінесе басқа мамандықпен сонымен қатар маркетингпен бухгалтерлер, кәсіпкерлермен, шығарушылар. Ең басты қаржылық процесте көрсетіледі:
1. Координациялық және басқадай мамандығы бойынша;
2. Экономикалық көріністермен көрсетілген көріністермен дайындалған дайындықпен;
3. Қарсыластық тенденциялық бағалау формасы .
Ақшалай ағымдар және бухгалтерлік есеп. Басқадай қате көздерге байланысты бұл бухгалтерлік есепті әр түрлі біріктірулер және кірістер, ал олар көбінесе бір келісімде болмайды, қорытындыға келу үшін ақша ағымы қажет. Мысалы: бухгалтер өзіндік кірістерді, олар ақша жүйесінде жүреді, олар ақша ағымдарына байланысты емес жартылай айналыстағы ағымдар кредит арқылы жасалады. Кіріс кірген кезде шығынды санамайды капиталдың кіріс арқылы олардың ақшалай қосылғандығын керісінше амортизациялық санау жүйесі жүреді, ақшалай ағымға тиіспейді.
Тікелей әдісті қолданған жағдайдағы операциялық қызметтің нәтижесінде туындайтын ақша қаражатының ағынына жатады:
- түсімдеріне өнімдерді өткізуден алынған түсім тауарлы - материалдық қорларды жеткізуден және қызмет көрсетуден түскен аванстар: түрлі сипатта сыйақы төленген дивиденттер мен рояльтилердің проценттері басқа да және өткізуден тыс табыстар басқа түсімдер.
- жұмсалуына жатады өндірістік шығындары; тауарлы - материалдық қорларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілген қызметтерге берілген аванстар, материалдар мен тауарлар үшін жеткізушілер мен мердігерлерге төлемдер, жалақы бойынша төлемдер мен басқа да төлемдер, бюджетпен әлеуметтік сақтандыру органдарымен бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу проценттерді төлеу басқа да төлемдер.
Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату өтелген несиелерді беру мен алу болып табылады. Инвестициялық қызметтердің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттары қозғалысының мысалы:
1. Ақша қаражаттарының түсуі:
- негізгі құралдары басқада ұзақ мерзімді активтерді және материалды емес активтерді сатудан түскен түсімдер;
- қаржылық инвестицияларды өткізуден;
- басқа заңды тұлғаларға берілген несиелерді алу;
- басқа түсімдер;
2. Ақша қаражаттарын алу:
- күрделі жұмсалымдар;
- негізгі құралдарды басқа ұзақ мерзімді активтерді және материалды емес активтерді сатып алу;
- қаржылық инвестицияларды сатып алу;
- басқа заңды тұлғаларға несие беру;
- басқа да төлемдер болып табылады.
Ақша ағынымен қатар инвестициялық жобаларды қорланған ақша ағымы пайдаланылады оны сипаттайды:
- қорланған түсім;
- қорланған жұмсалу және қорланған сальдо.
Олар есепті кезеңінің әр қадамына берілген және барлық өткен қадамдарда сәйкес ақша ағымдарының қосындысы болып табылады.
Есепті кезең қадамдарға уақыттың бөліктеріне бөлінеді. Сол уақыт ішінде қаржы көрсеткіштерді бағалау үшін пайдаланылатын деректер жиналады.
Ақша ағымы ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы. Әр қадамында ақша ағымының мәні сипатталынады:
- тұсімнен осы қадамдағы ақша түсуінің шамасымен;
- жұмсалумен - осы қадамдағы төлемдерге тең;
- сальдо түсім мен жұмсалу арасындағы айырма.
Ақша ағымы әдетте компанияның әр түрлі қызметтер ақша қаражатының қозғалысынан тұрады:
1. инвестициялық қызметтен ақша ағымы;
2. операциялық қызметтен ақша ағымы;
3. қаржы қызметтен ақша ағымы.
Операциялық қызметі - Компанияның, ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі мен инвестициялық және қаржы қызметіне қатысы жоқ өзге де қызмет.
Инвестициялық қызметі - ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.
Қаржылық қызметі - меншікті капиал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын кәсіпорын қызметі.
Ақша ағымдарын орындармен орналастыру. Қаржылық анализ ақшаның уақытша құнын көрсетеді, осыған келе арасындағы жағдай. Бұлардың арасындағы ақша ағымдарын көрсетеді.
Ақша ағымын бағалау көптеген көріністер көрсетеді. Ақша ағымдары бюджетпен капитал құнының бағалануынан көрінеді. Менеджерлер өзіндік көрсеткіштерде кірістер көтерілсе ал керісінше болса ол түсуі мүмкін. Бұның бірі менеджерлердің айлық көрсеткіші олардың жұмыс көрсеткішіне қарай.
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттаиды.
Компанияның барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша - қаражаттары, сондай-ақ фирма қарекеттері негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.
Компанияның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Компанияның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар - бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет.
Ақша қаражаттары - бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы.
Компанияның ақшалай ағымы түсінігі өте ауқымды, өзінің ішінде шаруашылық харекетке қызмет ететін осындай көптеген ағымдардан тұрады. Ақшалай ағымдарын тиімді бақылау мақсатында белгілі бір жіктелу қажет болады. Осындай ақшалай ағымдарынның жіктелу келесідей топтастыру бойынша жүзеге асырылады:
1. шаруашылық процеске қызмет ету масштабы бойынша;
2. шаруашылық харекет түрлері бойынша;
3. ақшалай қаражаттардың қозғалу бағыты бойынша;
4. көлемді есептеу әдісі бойынша;
5. игілік деңгейі бойынша;
6. уақытты бағалау әдісі бойынша;
7. қарастырылатын мерзімнің құрылу үздіксіздігі бойынша;
8. уақыт аралығының біртекті құрылымы бойынша . Қарастырылған сыныптама кәсіпорында ақшалай қаражаттар түрлерінің есеп, талдау мен жоспарлауды жүзеге асыруға көмектеседі.
Ақшалай қаражаттардың қолма - қолды мен қолма - қолсыз кәсіпорынмен алатын және жұмсайтын нысандағы ағымын менеджментте ақшалай ағымдар деп атайды. Бұндай ағымдардың екі түрі кездеседі: оң және теріс.
Оң ағымдар өзімен бірге Компанияның ақша қаражаттарының түсуін көрсетсе, ал теріс ағымдар - кәсіпорынмен ақшаның кетуі мен жұмсалуын анықтайды. Ақшаның кассадан немесе есеп шотқа ішкі тасымалы ақшалай ағымдарға жатпайды. Ақшалай ағымның пайда болуы біріншіден кәсіпорынаралық “шекараны” кесіп өту міндетін орындау болып табылады. Белгілі бір уақыт мерзіміндегі ұлттық ағыс пен ағымның арасындағы ақшалай ағымдарының айырмашылығын таза ақшалай ағым деп атайды. Ол да (ағыс немесе ағым) оң және теріс болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылып өткендей, Компанияның барлық ақшалай ағымдары негізгі үш топқа бөлінеді: операциялық, инвестициялық және қаржылық харекетінен түсетін ағымдар, өзінің ішінде ағыс пен ағымдар түрінде бөлінетін ағымдар болып табылады.
Ақшалай ағымның құрылымын басқа факторлар тобының негізінде бағалау мүмкіндігі бар - ақшалай қаражаттардың түсу көзі мен олардың пайдалану бағыттары бойынша
Кесте1. Ақшалай қаражаттары
Қайнар көзі: Шеремет А. Д., Сайфулин Р. С. Финансы предприятия.
Өндірістік - коммерциялық цикл - ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты басталады және оған байланысты аяқталады.
Пайда алуға бағытталған кәсіпорын қызметі өнімді өткізу процесінде дебиторлық қарызға айналатын ақша қаражаттарының түрлі активтерге ауысуын талап етеді. Бұл қызмет өз нәтижесіне жетті деп есептелінеді, егер инкассациялау процесі ақша қаражаттарының ағымын әкелсе. Осының нәтижесінде пайда табуды қамтамасыз ететін жаңа цикл басталады.
Қаржылық есеп беру аясының талдаушылары атап көрсеткендей, ақша қаражаттары ссудаларды, дивидендтерді, өндірістік қуатты кеңейту сияқты қызметтерде қолданылуы керек. Бұл айтылғандар «ақша қаражаттары ағымы» деген түсініктің мағынасының тереңде екенін көрсетеді .
1. 2 Ақша ағымдарының экономикадағы рөлі және әдісі
Ақша - бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.
Ақшанын объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бул тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір - бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай - ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
- жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
- айырбас құнының дербес формасы;
- еңбек өлшемінің эаттай (материалдану) формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар - номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы - бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы - аверс және жаны гурт деп аталады.
Толық құнсыз ақшалар - номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
- құнның металдық белгілері - арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т. б. монеталар;
- құнның қағаздан жасалған белгілері.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметіне мыналар
жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс құралы;
3. төлнм құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы;
5. дүниежүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемінің қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері сондықтан олардың құнын өзіндік құны нақты ақшалар өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдық баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Ақша қаражатының ағымын болжау, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп тәрізді тек кәсіпорын басшысының ғана емес, сондай-ақ инвестордың да қызығушылығын тудырады. Яғни олар сол арқылы кәсіпорын өтімділігін, жұмыс тиімділігін және қарыздары мен дивидендтерін төлеуге қажетті көлемде ақша қаражатымен қамтамасыз етілу қабілеттілігі бағаланады. Осылайша кәсіпорын басшысы да, инвестор да ақша ағымын зерттей келе :
- болашақта ақша қаражатымен қамтылу деңгейі туралы;
- міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігі туралы;
- дивидендтерді төлеу мүмкіндігі туралы;
- қосымша қаржыландыру қажеттілігі туралы мәліметтерді ала алады.
Ақша қаражаттары ағымын болжамдау немесе ақшалай төлемдер мен түсімдер жоспары - бұл Компанияның немесе нақты жобаның дамуы үшін қажетті көлемдегі ақша сомасын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын басшысының назары үш негізгі шамаға аударылуы қажет:
- ақша қаражаттарының таза ағымы;
- қажетті қаржыландыру;
- ақша қаражаттарының бос қалдықтары;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz