Сұлтанмахмұт Tорайғыров өмірі туралы



Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың лирикасы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың поэмалары
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың романдары
Сұлтанмахмұттың Торайғыровтың шығармаларының стилі.

Сұлтанмахмұт Торайғыров
Қайталауға арналған сұрақтар
Сұлтанмахмұттың шығармалары жиырмасыншы жылдардың басынан бері жинақ болып, бөлек кітап болып басыла бастады. Сонан бастап ақынның өмірі, жазушылық қызметі, саяси бағыты, дүние, қоғам тануы, шығармаларының мазмұны, әдебиеттік құны туралы ірілі-уақты мақалалар үнемі жазылып келеді. Бұрынғы жазушыларымыздан бір қыдырау бір сөз болған жазушылардың бірі осы Сұлтанмахмұт деуге болады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің саналы, саяси, жазушылық өмірін:
Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,
Разымын, не көрсем де осы жолда
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ бір табамын деп, көңілім сонда,-
деп бастады. Өмір бойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді: жарғақ құлағы жастыққа тимей, өзіне, өз халқына өнер, білім, еркіндік, бақыт іздеді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы, 28 қазан күні, қазіргі Көкшетау обылысының Қызыл ту ауданында туады; бес-алды жасынан Павлодар обылысының Баянауыл ауданында өседі. Ол анасы өліп, бір жасында жетім қалады.Сонан кейін жас нәрестені ұлы анасы алып тәрбиелейді.
Сұлтанмахмұттың туған әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) кедей болады. Момын, қулық-сұмдықты білмейтін, ақ көңіл, қолындағысын адамнан аямайтын жомарт, айтқанынан қайтпайтын қайратты, қазақша хат білетін адам болған деседі.
Сұлтанмахмұт алты жасар күнінде әкесінен оқып, хат таниды. Осыдансоң Шоқпыт кейде өзі оқытып, кейде ауыл арасындағы молдаға беріп оқытып, баласын оқудан үзбейді. Сұлтанмахмұт 1902-1903 жылдары Әлі деген молдада, 1904-1905 жылдары Торғай деген молдада, 1906-1907 жылдарф Мұқан деген молдада оқиды.
Мұнан кейін, Баянауыл қаласында медресе ашылып, Сұлтанмахмұт 1908-1910 жылдары сонда, молданың

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі
(1893 - 1920)

Сұлтанмахмұттың шығармалары жиырмасыншы жылдардың басынан бері
жинақ болып, бөлек кітап болып басыла бастады. Сонан бастап ақынның
өмірі, жазушылық қызметі, саяси бағыты, дүние, қоғам тануы,
шығармаларының мазмұны, әдебиеттік құны туралы ірілі-уақты мақалалар
үнемі жазылып келеді. Бұрынғы жазушыларымыздан бір қыдырау бір сөз
болған жазушылардың бірі осы Сұлтанмахмұт деуге болады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің саналы, саяси, жазушылық өмірін:
Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,
Разымын, не көрсем де осы жолда
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ бір табамын деп, көңілім сонда,-
деп бастады. Өмір бойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді:
жарғақ құлағы жастыққа тимей, өзіне, өз халқына өнер, білім,
еркіндік, бақыт іздеді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы, 28 қазан күні, қазіргі
Көкшетау обылысының Қызыл ту ауданында туады; бес-алды жасынан
Павлодар обылысының Баянауыл ауданында өседі. Ол анасы өліп, бір
жасында жетім қалады.Сонан кейін жас нәрестені ұлы анасы алып
тәрбиелейді.
Сұлтанмахмұттың туған әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) кедей
болады. Момын, қулық-сұмдықты білмейтін, ақ көңіл, қолындағысын
адамнан аямайтын жомарт, айтқанынан қайтпайтын қайратты, қазақша хат
білетін адам болған деседі.
Сұлтанмахмұт алты жасар күнінде әкесінен оқып, хат таниды.
Осыдансоң Шоқпыт кейде өзі оқытып, кейде ауыл арасындағы молдаға
беріп оқытып, баласын оқудан үзбейді. Сұлтанмахмұт 1902-1903 жылдары
Әлі деген молдада, 1904-1905 жылдары Торғай деген молдада, 1906-
1907 жылдарф Мұқан деген молдада оқиды.
Мұнан кейін, Баянауыл қаласында медресе ашылып, Сұлтанмахмұт
1908-1910 жылдары сонда, молданың өз үйінде жатып оқиды. 1911 жылы
Шоқпыттың көрші ауылы Нұрғали деген кісіні молда ұстайды. Бұл
Троицкі қаласында оқып келген, жаңа тәртіппен оқыған кісі екен. Ол
қазақ, татар тілінде шығатын газет, журналдарды, әдебиет, фән
кітаптарын алдырып оқып тұр
Сұлтанмахмұт осы Нұрғалидан сабақ алады. Сол арқылы әдебиет,
фән кітаптарын, газет, журнал оқиды. Қазақ, татар әдебиетімен
танысады. Дүниенің мәнін, заманның жайын ағғара бастайды. Сонан
кейін Сұлтанмахмұт бойындағы тұмарлардың бәрін сыпырып отқа жағып,
ескі оқуға лағнат айтып, өнер-білімге бас қояды, өлең, әңгіме
жазуға белсене кіріседі.
Бұл кезде Сұлтанмахмұт Дін, Сарыбас, Соқыр сопы,
Зарланым деген ұзақ әңгіме жазады. Оларда жас ақын ескі оқу мен
жаңа оқудың айырмасы, оқудың, өнер-білімнің пайдасы туралы, дін,
байлық, кедейлік, еңбек туралы сөз етеді.
Нұрғалида бір жыл оқыған соң 1912 жылы Сұлтанмахмұт шетке
кетіп оқуға талаптанады.
Сонымен, Сұлтанмахмұт 1912 жылы қараша айында, оқу іздеп
Троицкі қаласына барады.
Сұлтанмахмұт дүниені, табиғатты материалистік жөнімен түсінеді
де, қоғамды, қоғам тарихын идеалистік жөнмен түсінеді, ол мейлі
дүние, табиғаттың болсын , мейлі қоғам құрылысының қоғам өмірінің
болсын үнемі өзгеріп, ілгері дамып, бір түр, бір қалыпта екінші
қалыпқа көшіп отыратынын түсінеді – диалектиканы түсінеді.
Бірақ Сұлтанмахмұттың диалектиканы түсіну- стихиялық,
қарапайым түсіну, оның диалектикасы стихиялық диалектика, сондай-ақ
Сұлтанмахмұттың дүниені материалистік жөнмен түсінуі механикалық
метафизикалық материализм, қоғамдық өмірді тарихи материалистік жолмен
түсіндіре алмаған материализм.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен
бұрынғы шығармаларында қазақ халқының артта қалғандығын ,
қараңғылығын ,жалпы саясат , шаруашылық , мәдениет жағынан тіпті кейін
жатқанын көрді.Оның себебі ақын қазақ арасындағы ру-ақсақалдық , бек-
феодалдық қоғам қалдығы,патша өкіметінің отаршылдық ұлт саясаты деп
тапты.Шығармаларында осы жағдайларды қатал сынады.Дін, қожа, молда
ізденбе, әуре болма, төз, бұл дүниең болмаса ана дүниең болады
деп, халыққа етек басты, рухани қысымшы, езуші болды деп, діншіл,
надан, ашқарақ қожа-молданы шенеді.
Сұлтанмахмұт қазақтың әйел жөніндегі ескі, зиянды ғұрып-
әдеттерін: әйелді кем көру, қызды күйеуге жастай беру, зорлап ұзату
қатын үстіне шалға, малға беру, әменгерлік сияқты оңбаған,
кертартпа ғұрып әрекеттерін сынады.
Осы сияқты, Сұлтанмахмұт қазхақтың өз тұсындағы би-
болыстарын, басшы адамдарын қатты сынады.Олар - мансапқор партияшыл,
парақор, дәукес, ел қамын ойламайды, өз құлқынын ғана ойлайды;
олар екі бірдей үстемшілігін: бір жағынан, ру басылық, феодалдық
жолын, екінші жағынан, өкімет, заң өкілдігін пайдаланып, қалың
бұқараны шексіз езіп, халықтың еңсесін түсіріп отыр дегенді айтады.
Сұлтанмахмұт Кім жазыұты? романында қазақ арасында осы
бектік- феодалдық қоғам қалдығының өркен жайып отырғанын, оны патша
өкіметі әдейі өркен жайғызып отырғанын патша өкіметінің отаршылдық
қысымының шектен асып кеткенін суреттеді, осыларға кім жазықты деп
сұрау салады.
Сонымен қатар, ол қазақ халқын ояату, ілгері бастыру
жолдарын, халықтың теңдік алу, саясат, шаруашылық, мәдениет жағынан
өркендеу, жетілу жолдарын талмай қарастырады.Бұл ретте ақынның
бірден бір тапқан жолы-халықты, халықтың жаңа өспірім жастарын
еңбекке, оқуға шақыру, халықты ағарту болды.
Сұлтанмахмұт заманында қазақ халқын, қазақ жастарын солай
оқуға шақырған, үгіттеген адамдар, ақын-жазушылар көп еді.Бірақ
олардың көбі халықты,жастарды жалпы оқуға шақырды:діни оқуға,
тілмаштық оқуға үгіттеді.
Сұлтанмахмұттың бір артықшылығы- ол діни оқуды, тілмаштық
оқуды қатты сынады.
Сұлтанмахмұт халықты, жастарды дүниелік щқуға, өнер,
кәсіп үйренуге, мәдениетке жетілуге, өркениетті елдерден үлгі алуға,
сөйтіп, ілгері өркендеуге, басқалармен теңелуге шақырды:
Ұмтыл, ілгері аяқ басқан қандай!
Фән оқып, тараққиға асқан қандай!..
Қарасақ басқалардың жастарына,
Өнер, ғылым толып тұр бастарында.
Өзіне от, жел, суды жалшы қылып,
Алланың сайран етер аспанында!..
Бізде солардай балайық, жабыла ғылым үйренейік;елді ілгері
бастыруға, басқалармен теңелдіруге қызмет етейік дегенді айтады.
Сұлтанмахмұт көптеген шығармаларында, өте-мөте 1917-1920
ылдар арасында жазған Осы да әділдік пе? деген өлеңінде, Кедей,
Адасқан өмір поэмалары мен Социализм деген мақаласында еңбекші
халықтың-кедейдің, жұмысшының капитализм тұсындағы қайыршылық
тұрмысын, ауыр азабын суреттейді. Елдегі бектік-феодалдық қанауды,
қаладағы капиталистік қанауды, капиталистік қоғам құрылысын сынайды.
Соларды суреттеп, сынағанда өте дұрыс суреттеп, сынайды: ғылым көзімен
көріп, әлгі еңбекші халықтың мұң-тілегі тұрғысынан қарап сыпаттап,
сынайды.
Мысалы, Кедей поэмасының бас кейіпкері- қазақ кедейі
өзінің туа-туғаннан жоқшылық, азап көргенін, ауыл арасында бай,
феодал қанауынан, қалалы жерде саудагер, капиталистер қанауынан көз
ашпағанын, діннің өтірігіне еріп, рухани жақтан езілгенін айтып зар
жылайды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров көптеген шығармаларында дін, діни сенім,
түсінік, ғұрып-әдет жөнінде, қожа, молда, тағы басқа дін басшылары, олардың
іс-әрекеттері жөнінде сөз қозғайды. Пікір айтады. Дін атын жамылған
жемқорлық, надандықтыаяусыз әшкерелеп шенеп-мінейді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров - әдебиет, қазақ әдебиеті жөнінде де
пікір айтқан, оған өзінше көзқарасы бар жазушы. Оны ақын өзі әдебиет
майданына араласқан кездк-ақ 1913 жылы жазған Қазақ тіліндегі өлең
кітаптары жайында, Өлең мен айтушылары деген мақалаларында- ақ айта
бастаған. Онда Сұлтанмахмұт:
Бұзылған қанымызды түзеп, қарайған көңілімізді жуып, жанымызға
пайда, Дертімізге шипа болады-мыс деген Жарып сал жаңа әдебиетіміздің
нысана нұсқан қолы, көрсеткен жолы жоқ, құр қатын ойбайға айналып, әркім
соны көріп бара жатқан соң, қазақ жазушылары-ау, алдарыңа салып, айтып
отырмын. Құройбай дегенмен, ойбайдың да ойбайы бар ғой; жылаудың да
жылауы бар ғой.
Туыстағы тұрмыс дерті, зығырыңды қайнатып, бармағыңды шайнатып,
ықтиярсыз ызалы ызғарын төгеді; сай-сүйегің сырқырарлық ащы, зарлы
бебеулерін қағып, көңіл толғанын, жүрек түйінің тарқатады. Мен анық
ақсүйекаты жоғалмайтын өлең деп, өнер деп соны айтамын. Сырт көрінісі
қатын ойбай тұрсын шайтан ойбай болып көрінсе де дәмі бар, маңызы бар
ойбай сол, қиналған қанның, қайнаған жанның, толғатқан көңілдің,
толғанған жүректің сығындысы сол.
Соның үшін сондай ойбай, ондай бедеу табыла қалса, салған
жерден өзі де дертке шипа болып кетеді... Соқыр кісі сыбырынан
табарлық, аққұла ашық тұрады. Макрқұм Абай өлеңдері секілді.
Бір халықтың сүтпен бірге байланысқан ірік-шірік қара
көңілдерін ашып, жаңа рухпен жандыратын, таза пейілмен жандыратын
машина шын жүректен шып-шып шырқырап шыққан өлең- жыр, әдебиет деген
нәрсе болады. Көңілді түзейтін машина өлең-жыр, - дейді.
Сұлтанмахмұттың бұл сөзін жинақтап, дәлелдеп айтсақ, ол
әдебиет 1) реалистік болсын, нағыз өмірді, халық, қоғам өмірін өмір
шындығын жазссын; 2) халықтың, қоғамның, қоғам мүшесінің жарасын,
дертін-мінін, кем-кетігін, жайсыз мінез-қылығын, ескі ғұрып-әдетін
сынап, мінезін, емдесін түзесін; 3) халыққа, қоғамға, адамға ақыл
үйретіп, кеңес берсін, жол сілтесен, емші, тәрбиеші, жетекші болсын
дегенді айтады.
Екінші сөзбен айтқанда, Сұлтанмахмұт әдебиеттің мәнін, қызметін
орыс халқының ХІХ Ғасырдағы классиг ақындары мен төңкерісшіл-
демократтарындай түсінеді; оның эстетикалық көз қарастарына ұқсайды.
Сонымен, Сұлтанмахмұт Торайғыров дүниені материалистік жолмен
түсінді де, қоғамды идеалистік жолмен түсінді; дүниедегі, қоғамдағы
диалектикалық дамуды түсінді. Бірақ Сұлтанмахмұттың материализімді,
диалектиканы түсінуі метафизиктердің түсінуі сияқты, стихиялық, балаңдық
түсінуі болды.
Сұлтанмахмұт капитализмді өлтіре сынайды, жою керек дейді.
Бірақ оны жоятын қоғамдық күшті көрмейді, қандай жол, нендей тегеурінді
күштің қажеттігін вйта алмайды. Айту бәлкім ол кезең ақын-жазушылары үшін
мүмкін де болмады.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың лирикасы

Сұлтанмахмұт сыршыл-лирик ақын. Оның өлең-жырларының басым көпшілігі
лирика болып келеді. Ақын өзінің өлеңдерін, өз сөзімен айтқанда, қайнаған
қанның, қиналған жанның, толғатқан жанның, толғанған жүректің сығындысы
етіп жазады; яғни ол өзінің дүние, қоғам, тұрмыс, тіршілікте сезген
түйгенін, аңғарған- тоғығанын, көрген-білгенін, алған әсерін- бәрін өзінің
ішкі дүниесі, жан сыры, өзінің қайғысы, шаттығы, арман мұңы етіп айтады.
Қазақ халқының Абайдан бұрынғы әдебиетінде поэзияның (лирикалық
поэзияның) тек бір жанры ғана; саяси лирика ғана болушы еді. Ол түгелдей
насихат, үгіт, мақтау, жерлеу, сықақ ету болып, келісті кестесі жоқ,
сырдан, шешен сөз, тақпақ, мақал, мәтел болып келуші еді.
Абай қазақ поэзиясын байытты, оны көп жанрлы етті. Ол, ең алдымен,
қазақ поэзиясында бұрыннан бар саяси лирика жанырын ұстартып, дамытты. Оның
үстіне, қазақ әдебиетіне лириканың мәдениетті елдер поэзиясында болатын
басқа жанрларын тыңнан, тұңғыш рет енгізді: махаббат, табиғат, көңіл күйі
лирикасын қосты.
Қазақтың ХХ ғасыр басындағы бірқатар көрнекті ақындары Абайдан
үйренді. Абайдың ізі, үлгісімен лириканың барлық жанрында да жазды. Соның
бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сұлтанмахмұт өлеңдерінде саяси лирика да,
махаббат лирикасы да, табиғат лирикасы да, көңіл күйі лирикасы да бар.
Сұлтанмахмұттың саяси лирикаға жататын өлеңдерінің көрнектілері-
Оқып жүрген жастарға, Оқудағы мақсат не?, Анау-мынау, Зарлау,
Ендігі бет алыс, Бір адамға, Шәкірт ойы, Сарыарқаның жаңбыры, Осы
да әділдік пе?, Жас жүрек, Кезек қашан келеді?, Өң бе,түс пе?;
махаббат лирикасына жататын өлеңдері – Альбомнан, Сымбатты сұлуға, Қыз
сүю, Гүләйім, Жан қалқам, Орамалға, Күншіл ақ кірпік, Қ-ға сәлем,
Жазғы қайғы, Жылы кеш; көңіл күйі лирикасына жататын өлеңдерінің
маңыздары: Көңілді көндіретін таңдыр, Тұрмысқа, Жақсылық көрсем
өзімнен, Туған еліме, Жүрегім тулап шабасың, Неге жасаймын?, Алты
аяқ, Көңілім неге жасыйсың?.
Сұлтанмахмұттың өлеңдерінде махаббат, табиғат лирикасынан саяси
лирика мен көңіл күйі лирикасы әлде қайда басым жатады. Оның әлгі 107 өлең
жырының тек он бес-жиырмасы ғана махаббат, табиғат лирикасы, қалғандарының
бәрі де саяси лирика мен көңіл күйі лирикасы.
Ақыын өлеңдерінде ккөбінше саяси- әлеуметтік мәселелерді,
халықтың көкейін тескен, мұң – тілегі болған мәселелерді сыр етіп,
өз халы, өз арманы , өз мұңы, өз қуанышы етіп айтады.Ол арнаулы
саяси лирикасында ғана емес, табиғат, махаббат, көңіл күйі
жөніндегі лирикалық өлеңдерінде де сөзді әлеумет өміріне, саяси
мәселеге қарай бұра береді.
Мысалы, Жазғы қайғы деген өлеңінде жазды, жазғы күнгі тірлікті,
жайлауды келістіріп суреттеп келіп, қазақ елінің отырықшы болып қала
салмағанын,, соны салдарынан жерінен айырылып, мәдениеттен кенже қалып
отырғанын афтады. Осы сияқты, Гүләйім- деген өлеңінде өзінің Гүләйімге
ғашықтығын білдірумен қатар, қазақ қыздарының бас еркі жоқ екенін, әйел
бостандығы мәселесін сөз етеді.
Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдері көлемді, ұзақ болып келеді.
Поэмаға жуық, эпикалық жанрға шамалас жатады. Абайдың лирикалық өлеңдерінің
көпшілігі 20-30-40 жол балып келеді. Масхұт деген поэмасы 128 жол. Ал,
Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің көпшілігі 40-50-60 жол болып келеді.
Мысалы, Тұрмысқа деген өлеңі -65 жол, Зарлау деген өлеңі-84 жол, Анау-
мынау деген өлеңі-50 жол, Алты аяқ-42 жол, Жас жүрек деген өлеңі-44
дол, т.б өлеңдері де осындай көлемділеу.
Сұлтанмахмұт өлеңдерінің бұлай көлемі ұзын болып келуінің екі түрлі
себебі ьар: бірінші, Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің көпшілігі
ақынның тәжірибесіздеу жас шағында, лириканы әлі меңгеріп алмаған кезінде
жазылған. Сондықтан оның лирикасының бәрі юірдей бас-аяғы жинақты, дәл
болып келе бермейді.
Екінші, жоғарыда айтқанымыздай, Сұлтанмахмұтта саяси лирика басым оның
лирикасының көпшілігі саяси лирика болып келеді. Ақын табиғат, махаббат,
көңіл күйі жөніндегі лирикалық ілеңдерінің өзінді кейде саяси лирикаға
ауысып кетіп отырады.
Лирика ақынның ішкі жан дүниесін, ойын, табиғаттан, қоғам өмірінен
алған әсерін, жүрек күйін баяндайтын шағын, қысқа өлең, жыр ғой. Бірақ оның
барлық түрі бірдей бұлай шағын, қысқа болып келе бермейді.
Ал, саяси лирикада ақын көбінікей үлкен, күрделі тақырыпты, заманның
бір келелі мәселесінен сөз қорғайды. Оны дәлдеп, бейнелеп, жан-жақты
суреттеу үшін ақын белгілі бір тарихи дәуір сипатын, ол кезеңде өмір
сүретін адам жайында, олардың мінез-құлқын, көзқарасын суреттейді, солардың
характерін жасайды. Сондықтан өлеңнің құрылысы өзгеріп, көлем мөлшері
ұзарып кетеді. Өзінше бір лирикалық өлең, лирикалық баллада, әйтпесе
кішігірім поэма болып шығады.
Сонымен, Сұлтанмахмұт лирик, көбінше саяси лирика жанрында жазған
ақын. Оның лирикасы идеялы, терең мағыналы болып, ақынның өзі айтқандай,
оқушының жанына пайда, дертіне шипа беретін болып келеді. Бұл
Сұлтанмахмұттың өзіне тән ақындық бір өзгешелігі, өзіне тән әдеби
стилі.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың поэмалары

Сұлтанмахмұт бас-аяғы бес-алты поэма жазған ақын. Олар: Адасқан
өмір, Кедей, Қайғы, Айтыс поэмасының үзіндісі, типті қысқа поэма
деуге келмейді. Біз сұлтанмахмұттың кейбір поэаларына тоқталып,
өзіндік ерекшкліктерін сөз етеміз.
Өмірбаянында айтылғандай, Сұлтанмахмұт 1917 жылдың күзінде жазған
Жас жүрек деген өлеңінде өмір бойы алдандым, адасудан көз ашпадым, өмірім
– адасқан өмір деп білді. Соның артынша, 1918 жылдың орта кезінде
жазған поэмасын Адасқан өмір деп атады.
Адасқан өмірдің кейіпкері бір-ақ кісі, Мен деген лирикалық
қаһарман. Ол өз өмірін бес кезеңге бөліп: 1) мен бала; 2)мен жігіт ; 3)
мен тоқтадым ; 4) мен кәрі 5) мен өлік деген бөлімдерге жүйелеп
баяндайды. Кісінің жарық дүниеге келгеннен өлгеніне дейінгі қалпын,
сезімін, ойын, арманын бәрін жыр етеді, суреттейді. Адамның өмір
кезеңі, жас шамасына орай дүние құбылысын құйылтып, өзгертіп,
дамытып, күрделендіре түседі.
Кейіпкер өз өмірінің екінші кезеңін - Мен жігіт деген
бөліміне айрықша мән беріп, толық суреттейді.
Мен жігіт, он бес-отыз арасында,
Бұл жаста көп: бересі, аласым да .
Алдымда толған мақсат, толған таңдау,
Алайын ба мынасын, анасын ба?
Жалыны бойға сыймай сырттан көрініп,
Күн сайын тұрады артып қайрат, күшім.
Әр үміттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес
Сұлтанмахмұт Торайғыров -Айтыс поэмасы
Таңдамалы шығармалары
Cұлтанмахмұт Торайғыровтың ағартушылық идеясы
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми баяндама). Міржақып пен Көкбайдың айтысы жайлы
С. Торайғыров шығармалары
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы. Міржақып пен Көкбайдың айтысы»
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер