Бағалаудың теориялық негіздері. Бағалаудың мәні, бағалаудың функциялары



ЖОСПАР

Кіріспе

І БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бағалаудың мәні, бағалаудың функциялары
1.2 Кәсіпорын мүлігінің құнына әсер ететін факторлар

II НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БАҒАНЫ АНЫҚТАЙТЫН ФАКТОРЛАР
2.1 Баға деңгейін анықтайтын факторлар
2.2 Баға белгілеудегі қолданылатын құн түрлері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы рыноктық сипатта. Негізгі экономикалық проблемаларды шешуде рыноктық жүйе тиімді де серпімді болып табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң рыноктық экономикаға өтуiне байланысты рыноктың қымет ету механизмiн және оның негiзгi элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.
ҚР-сының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралың Заңына сәйкес бағалау қызметі – бұл бағалау қызметінің субъектілерімен жүзеге асырылатын және егер басқасы заңмен қарастырылмаған жағдайда, бағалау объектісіне қатысты нарықтық немесе өзге құнын белгілі бір мерзімде орнатуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет түрі.
Бағалау бұл:
1. Бағалаушының (бағалаушылардың) бағалау объектісінің құны туралы ғылыми тұрақталған ой-пікірі;
2. Бағалау объектісінің мүмкін нарықтық немесе өзге құнын анықтау;
Бағалау пәні – меншік құқығының типтерінің әртүрлілігі. Бұл жағдайда бағалау пәні болып пәтер меншігіне толық құқық табылады.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Нысанбаев С.Н. Коммерциялық баға құру: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. - 358 бет.
2. Мэнкью Н.Г. Принципы экономики. - СПб: ПитерКом, 1999-784 с.
3. Вэриан Х.Р. Микроэкономика. Промежуточный уровень. / Учебник для вузов. – М.: ЮНИТИ, 1997. – 767 с.
4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 б.
5. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
6.Қазақстан Республикасының 26.07.1999жылғы «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауардың жасалған орнының атаулары туралы» Заңы.
7.Қазақстан Республикасының 20.06.2003 жылғы №442 Жер кодексі.
8.Қазақстан Республикасының 16.07.1999 жылғы Патент туралы Заңы.
9.“Қазақстан Республикасының бағалау туралы”заңы, 30 қараша 2000 жылы, №109-ІІ.
10.“Қазақстан Республикасының бағалау туралы” заңын қолдану шаралары туралы” Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы, 27 мамыр 2002 жылы, №572.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

І БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бағалаудың мәні, бағалаудың функциялары
1.2 Кәсіпорын мүлігінің құнына әсер ететін факторлар

II НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БАҒАНЫ АНЫҚТАЙТЫН ФАКТОРЛАР
2.1 Баға деңгейін анықтайтын факторлар
2.2 Баға белгілеудегі қолданылатын құн түрлері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы рыноктық сипатта. Негізгі экономикалық проблемаларды шешуде рыноктық жүйе тиімді де серпімді болып табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң рыноктық экономикаға өтуiне байланысты рыноктың қымет ету механизмiн және оның негiзгi элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.
ҚР-сының Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралың Заңына сәйкес бағалау қызметі - бұл бағалау қызметінің субъектілерімен жүзеге асырылатын және егер басқасы заңмен қарастырылмаған жағдайда, бағалау объектісіне қатысты нарықтық немесе өзге құнын белгілі бір мерзімде орнатуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет түрі.
Бағалау бұл:
1. Бағалаушының (бағалаушылардың) бағалау объектісінің құны туралы ғылыми тұрақталған ой-пікірі;
2. Бағалау объектісінің мүмкін нарықтық немесе өзге құнын анықтау;
Бағалау пәні - меншік құқығының типтерінің әртүрлілігі. Бұл жағдайда бағалау пәні болып пәтер меншігіне толық құқық табылады.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.

І БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бағалаудың мәні, бағалаудың функциялары
Баға-көп функционалды экономикалық құбылыс, (ведущая) алдағы нарықтық категория. Бағаның өзгеруінен көбінесе әлеуметтік, экономикалық, сонымен қатар саяси қайшылықтар туындайды. Сондықтан да басқару құрылымдары (властные структуры) және маркетингтік қызметтер ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғам бағалар туралы барлық жақты және объективті ақпараттарға, олардың өзгеруінің заңдылығы мен тенденциясының терең анализіне қызығушылықпен қарайды.
Бағалар, олардың құралу және өзгеруінің процестері өзімен статистикалық зерттеулердің пәнін көрсетеді. Баға статистикасы-нарық статистикасына және әлеуметтік-экономикалық статистикаға олардың құрама бөлігі ретінде кіретін жеке (самостоятельный) блок. Баға бойынша ақпараттардың екі қайнар көзі белгілі. Біріншісі, тұтыну нарығындағы тарифтердің бағаларының өзгеруін қадағалау. Екіншісі, халықтың тұтынуын, шығындары мен табыстарын таңдамалы статистикалық зерттеулердің бір түрі ретінде бюджеттік зерттеу. Осы қайнар көздердің негізінде негізгі тұтыну тауарлары мен қызметтерін фиксталған (фиксированному) жинау (набор) бойынша тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) (кейде өмір құнының индексі деп аталады) есептеледі. Көп елдер (стран) үшін есептеу әдісі бірдей болып келеді. Бұл ТБИ-нің халықаралық салыстыруларын (сопоставления) жүргізуге көмектеседі.
Баға түсінігі, оның экономикалық табиғаты нарықта баға ойнайтын екі рольде сипат алады (проявляются). Ол мына түрде болады:
-нарық конъюктурасы мен саясатын көрсететін индикаторы ретінде (сұраныс пен ұсыныс байланысы (соотношения), саудалық және экономикалық тәуекел, қаржы-несиелік жағдайлар, нарықтағы бәсекелестіктің дәрежесі және т.б.);
-сұраныс пен ұсынысқа, нарықтың құрылымына, теңгенің сатылымдық қасиетіне және т.б. әсер ететін нарықтың маркетингтік реттеуіші (регулятор) ретінде. Бағаның реттеуіш ретінде ресурстарды қолдануды шектеуге көмектеседі және ол өндіріс үшін мотивация болып табылады.
Нарықтық баға әр түрлі функциялар атқарады. Баға-бұл тауарларды ақшаға ауыстыруда (соизмеритель) және делдал. Баға-нарық конъюктурасының маңызды көрсеткіші, сұраныс пен ұсыныстың байланысы мен құрылымының, деңгейінің факторы. Баға-тиімділікті (эффективность) басқарудың және пайда табудың құралы, салық салудың факторы. Баға-бұл инфляциялық процестердің маңызды құраушысы, инвестициялық саясатқа әсер ету құралы (бағаның көтерілуінен (өсуінен) инвестицияның (привлекательность) өседі). Баға-еңбек нарығына, тұтынудың көлемі мен құрамына, әр түрлі әлеуметтік топтардың нақты табыстарының деңгейіне әсер ететін халықтың өмірінің дәрежесінің күшті (мощный) факторы. Сонымен қатар, баға-бұл бәсекелестік күрестің қаруы.
Бағаның түсінігін түсінудің тағы бір әдісі экономикада бағалардың ойнайтын ролін суреттейтін оның функцияларын қарастыру.
Бағаның алғашқы функциясы-өлшемдік (измерительная). Бағаның арқасында тауардың құнын өлшеуге, анықтауға болады, басқаша айтқанда, сатылған тауарлар үшін сатып алушы қанша ақша беру керектігін анықтау. Бағалар ақшаға төлем құралы ретінде сату-сатып алу актінде сандық анықтамалыққа (количественная определенность) ие болуға мүмкіндік береді. Тауарлардың бірлігінің даналық, көлемдік, салмақтық бағасын біле отырып және оны сатушының сататын көлеміне және сатып алушының алатын бірлігіне көбейте отырып, біз тауарлар мен қызметтерге ақшалай төлемдердің көлемін анықтаймыз. Еңбектің, жұмыс күшінің бағасын есептей отырып, жалақы есептеледі.
Бағаның өлшемдік функциясынан басқа әр түрлі тауарлардың құндылықтарын салыстыра қарама-қарсы қоюға бағытталған (соизмерительная) функциясы бар. Бағаларды салыстыра отырып, біз өте немесе кішкене қымбат, қымбат және арзан тауарларды ажыратуға мүмкіндік аламыз.
Өлшемдік функциясының арқасында баға есептік (учетная) функцияға ие болады. Физикалық бірліктерді өлшенген материалды-заттық түрдегі тауарлардың сандық және сапалық көрсеткіштерін ақшалай бірліктерде өлшенген (адекватные) көрсеткіштерге ауыстырсақ, баға есептің қосалқы құралына айналады. Кәсіпорынның мүліктік кешенінде 5 қондырғы бар екендігі бекітілгенге қарағанда, есептің жалпы соммасы 15 млн. ақшалай бірлік болатын әрбіреуінің бағасы 3 млн. ақшалай бірлік болатын 5 қондырғы бар екендігін куәландыруы ыңғайлы. Бағаның есептік функциясы өнім өндіруге кеткен шығындарды да есепке алуға мүмкіндік береді.
Есеппен қатар баға өлшеуіш ретінде көрсеткіштері ақшалай түрде қолданылатын талдаудың (анализ), болжаудың, жоспарлаудың маңызды құралдарының бірі бола алады.
Бағалардың жоғарыда аталған функцияларынан оларды экономикалық процестерді реттеудің құралы ретінде қолдану мүмкіндігі туады. Сонымен, нарықтық экономикада баға-бұл тұтынушы немесе сатып алушының жауапты реакциясымен олардың төлеміне тауарларды сатушы немесе өндірушінің ақшалай сауалын (запрос) ұштастыратын сұраныс пен ұсыныстың теңесуінің негізгі құралы. Реттеуші баға реттеу процесінде пайда болады және оған бұл мағынада реттелетін болуы тән. Сондықтан да дәрежесі сұраныс пен ұсынысты теңестіруге сәйкес келетін тең (равновесные), яғни өзі қалыптасатын (самоустанавливающиеся) бағалар көмегімен тауар-ақша процестерін реттеу (саморегулирования) функциясы туралы сөз қылған нақтырақ болатын еді.
Баға үлестіру (распределительная) функциясын атқара алады. Оның мәні өнімнің бағасымен байланысты сол немесе басқа өнімге сұранысты қайта үлестіру арқасында тауар ұсынысына, жетіспейтін (дефицит) тауарладың өндірісін кеңейтуге және артық (избыточный) тауарлардың өндірісін қысқартуға әсер ету мүмкіндігінде. Соның арқасында инвестициялар ескі салалардан ағып шыққан қаржылар арқасында өндірістің аз дамыған салаларына көбірек бағытталады.
Баға өте маңызды әлеуметтік функцияны атқарады. Баға және оның өзгеруімен жанұяның тұтыну (потребительский) бюджеті, өмір деңгейі (уровень жизни), өмір сүру минимумы, шығындары, қызметтер мен игіліктерді тұтыну көлемі мен құрылымы байланысты. Бағаның деңгейі мен оның өсуіне адмдардың әлеуметтік реакциясы сезімтал және жоғары. Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бөлшектік (розничные) бағаларды тұрмыстық қабылдауда (восприятие) адамдар бағаның өскені өмір деңгейін төмендетеді, ал бағаның төмендеуі өмір деңгейін жақсартады деп ойлайды. Бұл жағдайда әдетте тұтыну құрылымы, табысьар, тауарлардың нарықта болуы сияқты басқа, бағалық емес факторлар ескерілмейді.
Еліміздің халықтық шаруашылығында іске асырылатын ішкі функцияларымен қатар, бағалар елдер арасында өзара есептеулердің (расчеты), сыртқы төлемдердің, сауда келісімдерінің құралы ретінде сыртқы экономикалық функциялар атқарады.
Өндірушінің сатудан түсетін түсімді ұлғайту үшін өнімнің сапасы мен өндіріс көлемін үлкейтудегі қызығушылығына әсер ете отырып, бағалар ынталандыру функциясын атқарады. Бұл әсер етудің механизмі өндірушінің тауарлар мен қызметтер, өнімдер бағасымен байланысты кіріс пен табысты ұлғайту мүддесі арқылы өтеді. Бұл функцияның бәсекелестік нарықтық және дефициттік бәсекелессіз экономикада көрініс табуларының арасындағы айырмашылық, бірінші жағдайда, өндіруші тауар көлемін, сапасын және бағаны, ал екіншісінде-тек қана бағаны көтеруге тырысуында.
Нарықтық экономикада бағалар көптеген функциялардан босатылған (мысалы, жоспарлық) және негізінен ақшалай мазмұнды іске асыратын нарықтық реттеуіш және ынталандырғыш ретінде қолданылады.
Баға-объективті (әділ) категория, оның көлемі ақша айналымы, сұраныс пен ұсыныс заңдарының әрекетіне байланысты.
Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi "сұраныс" пен "ұсыныс" болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Рыноктық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.
Бiрақ шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың бюджеттiк шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс - бұл тұтынушының немесе сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.
Қазақстан Республикасы бүгiнгi таңда әлемдегi орны рыноктық қатынастағы дамушы мемлекет ретiнде көрiнуi болып табылады. Рыноктық қатынастардың дамуы ұлттық экономикамыздың елiмiз өз егемендiгiн алғаннан бастап осы уақытқа дейiн даму үстiнде және ол дами бермек. Рыноктық қатынастардың тиiмдi қызмет етуi барлық қоғамдағы шаруашылық қызметтердiң тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз етiп отырады және оны ұйымдастырушы құрал болып табылады.
Рыноктық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың рынок арқылы тәуелсiз түрде өзара әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады. Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықта сұраныс пен ұсыныс өндiрiлген өнiм көлемi мен олардың бағасын анықтайды, сондай-ақ нарықтың өзiн-өзi реттеп отыратын нарық тепе-теңдiгiн және соған сәйкес тепе-теңдiк бағаны қалыптастырады. Өндiрушi мен тұтынушы арасындағы бәсеке және мәмiлелер бағаға әсер етiп, рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне бұл жағдай тұтнушылар мiнез-құлығын және нарықта сұранысты қалыптастырады.
Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Нарықта әрбiр тұлға тұтынушы болып табылады және олар өзiнiң табысына және ұнатымдылығына байланысты максималды түрде өзiн қанағаттандыратын нұсқаны iздейдi. Егер ол осы максималды шартты орындаса, онда ол өз сұранысын толық қанағаттандырды деп атаймыз.

1.2 Кәсіпорын мүлігінің құнына әсер ететін факторлар

Факторлар
Сипаттамалар
Физикалық, қоршаған орта, орналасқан жері
- орналасқан жері бойынша: климат, ресурстар топография, қара топырақ, іскерлік орталыққа қатысты, еңбек жүргізу орындарына, тұрғын территориясына, автожолдарға, темір жолдарға, жаға-жайға, жасыл массивтерге, коммуналды мекемелерге (қоқыстың орындарына және т.б.), жолдардың жағдайларына және т.б.
- телімінің сипатына қарай: көлемі, түрі, алаңы, топография, подъездер, көріктендіру, аймақтау бойынша пайдалану түрі, сервитуттар, жалпы түрі, жағымдылығы және т.б.
- ғимараттар мен құрылыстар: саны, типі, жылы, салынымының сапалығы, стиль, жоспары, кұрылғылар және т.б.
Экономикалық
- әлемдік экономиканың жалпы жағдайы; елдегі, аймақтағы, жергілікті деңгейдегі экономикалық ахуал, кәсіпорынның қаржылық жағдайы.
- сұраныс: жұмыспен қамтылу деңгейі, еңбекақы мен табыстардың келемі, төлем қабілеттілік, қаржыландыру көздерінің бар болуы, пайыздық қойылым, жалға беру төлемінің қойылымы, сатуды қалыптастыру кезіндегі шығындар.
- ұсыныс: сатылуға сатуға шығарылған жерлердің бар ауданы, шығарылған объектілер саны (мүліктік комплекстер), ҚМЖ-на кеткен шығындар, қаржыландыруды қамтамасыз етуге кеткен шығындар, салықтар.
Әлеуметтік
- жерді пайдалану варианттылығы, кәсіпорындағы (кіші, үлкен, арзан, қымбат) жылжымайтын мүлік объектілерін, жерді сатып алудагы негізгі қажетгілік.
- қоршаған орта, көрші объекгілермен және оның иесімен қарым-қатынастары жэне сонымен қатар меншіктік сезімге негізгі қажеттілік.
- отбасы көлемі мен халықгар тенденциясы, жасаруы немесе қартаюы.
- білімділік деңгейі мен қылмыстық деңгейінің тевденциясы.
емір сүру стилі, емір деңгейі,
Әкімшілік (саяси), құқықтық
- салықтық, қаржылық саясат.
- әр түрлі түрдегі женілдіктерді беру.
- жерді пайдалану мен жалға беру төлемінің қойылымын бақылау.
- аймақтау: тыйым салу, шектеу.
- шектеулі құрылыс нормалары мен ережелері.
- муниципалдың кызмет көрсетуі: жолдар, көріктендіру, инженерлік құрал-жабдықтар, қоғамдық көлік құралы, мектептер, денсаулықты қорғау мен қауіпсіздік, от сөндіру қызметі.

аймақтык, қалалық және жақын қоршаған орта бойынша. Құнды бағалауға әсер ететін, факторлардың құрамында сандық және сапалық сипаттамалары бар мәліметтер болып табылады: бағалау кұнының мөлшерінің есебін және бағалау объектілерінің орналасу жерін талдауға және бағалауға арналған экономикалық негіз береді.

Сұраныс пен ұсыныс бойынша мәліметтер

Жалпы
Нақты
Салыстырмалы
Экономикалық
Жер телімі бойынша
Шығындар бойынша
Әлеуметтік
Тікелей коршаған
Сатулар бойынша
Қоршаган орта бойынша
ортасы бойынша
Табыстары мен шығындары бойынша
Әкімшілік (саяси)
Құрылыс бойынша

Кәсіпорын құнына бақылаулы және бақылаусыз қатысудың әсер етуі
Бақылау деңгейі бағаланатын кәсіпорын құнына әсер етеді. Бақылау әсері бағаланатын кәсіпорынның құнына байланысты кұқықтық іс әрекет жасауға тәуелді болады. Мысалы:
1. Директорлар кеңесінің мүшелерін таңдау және кәсіпорын жұмысының бағытына өзгерту енгізу.
2. Келешектегі даму саясатын бекіту және кәсіпорын жұмысының бағытына өзгерту енгізу.
3. Басқару мүшелеріне сыйақылар мен артықшылықтарды анықтау.
4. Кәсіпорын активтерін сатып алу, сату немесе жоюы.
5. Шарттарды жасау үшін серіктестерді таңдау.
6. Басқа кәсіпорындарды жұтып алу мен қосылу туралы шешім қабылдау.
7. Кәсіпорынды жою, сату, қайта құру.
8. Кәсіпорынның өзіндік акцияларын сату немесе сатып алу.
9. Ашық саудаға жаңа акция шығарылымын тіркеу.
10. Шаруашылық кызмет қорытындысы туралы есептілікті бекіту.
11. Дивидендтерді анықтау және төлеу.
12. Ішкі тәртіп ережелері мен жарғылық құжаттарға өзгерту енгізу.
Аталған құқықтардың әрбіреуі өз алдына құлға ие. Сондықтан, бағалаушының алдында кәсіпорынның бақылаулы пакет акцияларының құнын анықтау мәселесі тұрғанда, ол осы құқықтардың кұны мен жиынтығын анықгауы қажет.
Бақылаулы пакет акция иесінің кұқықтары біркатар шарттармен шектелуі мүмкін. Мысалы, директорлар кеңесінің мүшелерін таңдау кезіндегі сайлау шарттары немесе құрылтайшылық құжаттарда қалыптастырылып, белгіленген шектеулер немесе акционерлер арасында акцияларды нақты бөлу туралы алдын ала шарттар. Аталған жағдайға келесі жағдай мысал бола алады.
Егер бір акционер 49 пайызға ие болып, ал екіншісі 51 пайыз акциясы бар болса, онда біріншісі өте сирек жағдайларда кәсіпорын қызметін басқару мүмкіндігіне ие болады. Ал егер екі акционердің әр қайсысында 49 пайыздан болып, ал үшіншісінде 2 пайыз болса, онда алғашқы екі акционер үшіншісінің шешіміне тәуелді болады. Мұндай жағдайда үшінші акционер өзінің акция пакетіне неғұрлым қымбат игілік немесе құқық ала алады.
Алдыңғы екі үлкен пакет акциялардың санына қарағанда, осы шағын пакет акциясы неғұрлым қымбаттырақ тұратын болады. Сондықтан, кәсіпорын құнын бағалар алдында, жарғылық капиталдағы акциялардың бөліну кұрылымын ықыласпен қарастырып және акциялар құнына сәйкес түзетулер енгізу қажет.
Сонымен қатар кәсіпорын акцияларының құнына, акциялардың даусының бары немесе жоғы әсер етеді. Дауысы бар акция негізіңде дауысы жоқ акцияға қарағанда кымбаттырақ тұрады. Бағаланатын кәсіпорынның бақылаулы пакет акциясы негізінде, бақылаулы емес пакет акциясына қарағанда қымбат тұрады.
Кәсіпорын құнына өзінің активтерінің өтімділігінің әсер етуі
Өтімді кәсіпорын акциясының құны (яғни, сол кәсіпорынның құны), көбінесе, өтімсіз акцияларға қарағанда жоғары. Бұл жағдаймен байланысты ереже: ашык акционерлік қоғамның акциялары, жабық акционерлік коғамның акцияларынан қымбат тұрады. Олардың айырымы үлкен мөлшерге дейін, кейде 35-50 пайызға дейін жетеді. Бұл көптеген себептермен байланысты, соның ішінде акцияларды көпшілікке шығарып орналастыруға кеткен көп шығындармен байланысты.
Жабық акционерлік қоғамның акциялар құнының төмен болуы, меншік құқықтарына шектеу қоюымен байланысты. Бұл жағдай жабык коғамдарда жиі орын алады. Мұндай келісімді шектеулерге кәсіпорын акционерлерінің акцияларды міндетті сатусатып алу туралы келісімдері, бірінші бас тарту кұкығы, акцияларды еркін сату туралы келісуге талап, бірігу туралы келісімдер, дауыс беретін трастар және т.б. жатады.
Кәсіпорын құнын бағалауда, сарапшы-бағалаушы, қатысуда бақылаулы сипатымен шартталған жеңілдіктер мен кәсіпорынның өтімсіздігімен байланысты жеңілдіктер араларын ажырата білуі қажет.
Бағаланатын қатысу құны мен бүкіл кәсіпорын құны арасындағы катынас пен бақылаулы қатысу терминін қалыптастырады. Сарапшы-бағалаушы үшін негізгі мәселе - ол акциялардың бақылаулы пакетін иемденуін камтамасыз ететін (немесе қамтамасыз етпейтін), бағаланатын кәсіпорынды бақылау деңгейін анықтау.
Кәсіпорын өтімділігі термині иемденушінің шешімі бойынша активтердің тез сатылу мүмкіндігімен байланысты. Сонымен бірге жасалатын жеңілдік мөлшерін анықгау маңызды больш табылады. Акциялардың бақылаусыз пакетімен байланысты жеңілдік, кәсіпорында басқарудың болмауын көрсетеді де, ол бағаланатын акция пакетіне пропорционалды кәсіпорын үлесінен алынып тасталынады. Сонымен бірге жеңілдік жасалатын кәсіпорын үлесі, өзіне барлық басқару құқықгарын қосады.
Бағаланатын пакеттің өтімсіздігіне жеңілдік оның тез сатылу қиыншылығын көрсетеді. Алынып тасталынатын жеңілдікке негіз болып, жоғары өтімділік деңгейіне ие болатын кәсіпорын құны болып табылады. Мысалы, жабық акционерлік қоғам акцияларының бақылаусыз пакеті, акциялары қор нарығында сатылатьш ашық акционерлік қоғам акцияларының бақылаусыз пакетінің бағасына қарап бағаланса, онда ашық қоғамдағы акциялармен салыстырғанда жабык қоғамдағы акция құнының өтімсіздігіне байланысты жеңілдік жасалады.
Егер жабық қоғам акциясының бақылаусыз пакеті пайдасын капитализациялау әдісімен, активтердің түзетілген баланстық құнымен және басқа әдістермен бағаланса және егер капитализация коэффициенті ашық қоғамның бақылаулы пакеттеріне сәйкес қолданады да, ондай жеңілдіктер бақылаусыз пакетке де, сонымен бірге акциялардың салыстырмалы өтімсіздігіне де жасалады. Және керісінше, егер бақылаусыз пакетке кіретін, ашық қоғамның күнделікті сатылатын акция бағасына қарай жабық қоғамның бақылаулы пакеті бағаланатын болса, онда бағаланатын акциялардың есептелетін кұнына басқару үшін сыйақы қосылады. Акцияның өтімсіздігі мен басқару үшін сыйақы жеңілдік бірдей мөлшерде болса, акциялардың құнына қолданылатын жеңіддікте, сыйақы да, тұрақты болып кала береді.
Айта кететін жайт, өтімсіздікке жеңілдік жабық кәсіпорынның бақылаулы және бақылаусыз акция пакетін бағалауда жүргізіледі.
Сонымен, кәсіпорынның жеке акция пакеттерінің жай сомасы, көбінесе, сол кәсіпорынның жалпы құнына тең емес, не сол кәсіпорынның жалпы құнынан кем болуы керек. Бұл жағдай кәсіпорынның әр түрлі қосылуы мен жұтылуына ынта болады. Кәсіпорынның құнына басқа да сапалық факторлар әсер етеді: ашық немесе жабық қоғам, басқару қызметкерлерінің маманданғандығы, өндірістің әртүрлілігі (диверсификация), өндірістің вертикалды интеграциясының болмауы; ғылыми базаның бар болуы, құрал-жабдықтардың прогрессивтілігі және т.б.
Қазақстан экономикасының нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыру меншікті бағалау институтын құруды және дамытуды топшылайды. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы ұлттық нарықтың жекелеген сараланымдары бірыңғай емес болып табылады және түрлі тиімділік дәрежесімен жұмыс істейді. Тауар нарықтары мен бағалы қағаздар нарығы салыстырмалы түрде анағұрлым тиімді болып табылады, біріншіден, мәмілелер бағасы стихиялық түрде қалыптасады, яғни объективті түрде (тек қана сұраныс пен ұсыныс факторының ықпалымен), ал екіншіден мәмілелер бір жерде, әжептәуір көп мөлшерде және бірыңғай тауарлармен өтеді. Сонымен бірге тауар мүлде бірыңғай болып табылмайтын, мәмілелер түрлі орындарда, ретсіз кеңістік пен уақыт аралығында өтетін нарықтар да бар. Оған жылжымайтын мүлік нарығы мысал бола алады. Мұндай нарықтарда дәйекті баға белгілеу жоқ, бұл сатып алушылар мен сатушылардың жағдайын өте қиындатады. Міне осы жерде бұл тауардың нарықтық құнын объективті бағалауға мүмкіндік беретіндей, кәсіби білімі мен тәжірибесі бар тәуелсіз бағалаушы көмекке келеді.
Қазақстанда азаматтық кодекске сәйкес жылжымайтын заттарға (жылжымайтын мүлік) жер телімдері, жер қойнауы телімдері, оқшауланған су нысандары және жермен мықты байланыстылардың барлығы жатады, яғни олардың арналуын ауқымды заласыз ауыстыру мүмкін емес нысандар), сонымен бірге көп жылғы егістер, ғимараттар, құрылыстар және басқ. Заңмен жылжымайтын мүлікке өзге де мүліктер жатқызылуы мүмкін.
Бағалау теориясында, жылжымайтын мүлікті сипаттай отырып, жерді белгілеу үшін жер телімі немес жай ғана телім терминін пайдаланады - бірегей сәйкестендірме нөмірмен (кадастрлық нөмір) жер кітабына (жер кадастры) тіркелген, шегаралардағы оқшауланған жер аумағы.
Ғимараттары мен құрылыстары, үймереттері бар жер телімдерін белгілеуге жақсартылған жер телімі термині қолданылады. Бұл мынамен байланысты, жақсартылған термині жылжымайтын нысанның анағұрлым толық сипаттамасы болып табылады, ол өзіне ғимараттарды, құрылыстарды немесе үймереттерді ғана емес, көп жылғы егістерді, жер асты және жер үсті коммуникацияларын, яғни жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық бағалау функциялары
Критериалды бағалау технологиясы
Жобалап оқыту жағдайында оқушылардың білімін бақылау мәселелеріне талдау жасау
Нарықтық экономика жағдайында қызметкерлердің еңбек нәтижелілігін бағалаудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғааралық қатынастары
Нарықтық экономика жағдайында кадрлардың еңбек нәтижелілігін бағалаудың теориялық негіздері
Критериалды бағалау қағидаттары
Персоналды басқару жүйесі туралы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау әдістері
Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары
Пәндер