Сызбаларды түзетуге арналған құралдар. шартты белгілер


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті
«Геодезия және құрылыс» кафедрасы.
СӨЖ.
Тақырыбы: Сызбаларды түзетуге арналған құралдар. Шартты белгілер.
Орындаған: Тұрғазы Жәнібек.
Топ: ГК-407.
Тексерген: Кудеринов С. М.
Семей 2015.
Жоспар.
- Сызба туралы жалпы түсінік.
- Сызбаның түрлері.
- Кешенді сызба.
- Құрастыру сыбасы.
- Тетік сызбасы.
- Габариттік сызба.
- Жұмыс сызбасы.
3. Атрибуттар үшін сызба.
4. Тұтас.
5. Сызбадағы таңбалар.
6. Шартты белгілер.
- Топографиялық белгілер.
- Топографиялық шартты белгілер.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Сызба - бұйымды жасап шығару немесе құрастыру үшін керекті ақпараттар түгелдей келтірілген құрылымдық құжат; КҚБЖ бойынша анықталатын шартты белгілеулер ережелерін сақтай отырып бұйымдарды проекциялар жазықтықтарына кескіндеп түсіру; бұйымдарды, негізінен алғанда машиналар, ғимараттар, мен олардың бөлшектерін әзірлеу үшін олардың қажетті өлшемдері, масштабтары, құрамын көрсетіп, сызбалап бейнелеу.
Сызбада бұйымның кескіндері көрсетіледі, ал кескіндерді өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрыштап проекциялауәдісімен орындайды. Кескіндерге өлшемдер түсіріледі және келісілген шартты белгілерді пайдаланады. Сызба конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесіне (КҚБЖ) қатысты стандарттардың талабына сай орындалады. Сызбаның негізгі түрлері: жалпы түр сызбасы; кешенді сызба; құрастыру сызбасы; тетік сызбасы.
Сызбаның түрлер.
Жалпы түр сызбасы (Чертеж общего вида) - құрастырылған бұйымның (машинаның, механизмнің және тағы басқалардың) жұмыс жасау принципін түсінуге, оның құрамына енетін тетіктердің пішіндерін анықтауға мүмкіндік беретін құрылымдық құжат. Жалпы түр сызбасы алғаш ұсынылып отырған жаңа құрасбұйым үшін орындалады. Сызбаны талдаудың және талқылаудың нәтижесінде, машинаны жақсартуға бағытталған өзгерістер енгізілуі мүмкін. Құрасбұйымның жалпы түр сызбасын тетіктеуге, яғни оның құрамына кіретін әрбір бөлшектің жұмыс сызбасын салуға болады.
- Кешендi сызба(Комплексный чертеж) - Монж әдісімен салынған, бір-бірімен проекциялық байланыста орналастырылған тікбұрышты проекциялардың жүйесі.
- Құрастыру сызбасы(Сборочный чертеж) - машинаны немесе механизмді құрастыру және ажырату үшін пайдаланылатын құрылымдық құжат. Онда құрасбұйымның құрамына кіретін бөлшектер нөмірленіп, ал нөмірлер шығару сызықтарының сәкілеріне жазылып көрсетіледі. Құрастыру сызбасында тетіктер және оның элементтері стандарттарда тағайындалған шартты белгілерді, ережелерді ескеріп ықшамдап кескінделеді. Бөлшектердің қалайша бір-бірімен біріктірілгендері немесе жалғастырылғандары көрсетілгенімен, Құрастыру сызбасын пайдаланып, әр тетіктің пішінін және өлшемдерін анықтауға мүмкіндік болмайды.
- Тетiк сызбасы- тетікті жасап шығару үшін қажетті мәліметтер түгелдей көрсетілген конструкторлық құжат; бөлшектің бейнесі мен оның дайындауы мен бақылауына қажетті басқа да мәліметтері бар, негізгі конструкторлық құжат. [3]
Онда тетіктердің кескіндері (көріністер, тіліктер, қималар) сызылады. Кескіндер бөлшектің пішінін анықтауға толық мүмкіндік берулері қажет. Кескіндерге өлшемдер түсіріліп, олардың ауытқу шектері (шақтамасы) тағайындалады. Беттердің кедір-бұдырлығын анықтайтын ақпараттарда болады.
- Габариттік сызба- қойылған және қосылған өлшемдерден тұратын өлшемнің контурлық бейнесінің сызбасы.
- Жұмыс сызбасы- өнімнің шығарылуын бейнелеуден басқа оны дайындау мен бақылау мәліметі бар бөлшектердің сызбасы.
Атрибуттар үшін сызба.
Сызба қағазы (Бумага чертежная, ватман) - сызба салу үшін шығарылатын арнайы қағаздар, түсі ақ және тығыз болуы керек.
- Сызба өрiсiнiң шетi (Рамка поля чертежа) - қағазға сызбаны салмай тұрып, пішіннің шетін көрсететін сызықтарды жүргізіп алады. Содан соң сызба өрісін шектейтін рамка деп аталатын тіктөртбүрыш салынады. Сызбадағы рамканы қағаздың үстіңгі оң және төменгі жақтарынан, пішім шетінен 5 мм қашықтықта, ал сол жагынан 20 мм қашықтықта жүргізеді. Қағаздың сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ пішімді тігу үшін қалдырады (альбом түрінде) .
- Сызба сызығы (Линия чертежа) - бұйымның кескіндерін салуда қолданылатьш сызықтар. Сызба сызығы - 9. Олардың төртеуі - тұтас, ал қалған бесеуі - тұтас емес сызықтар.
![]()
Тұтас.
Сызық (Штрих-пунктирная линия) осьтік және центрлік сызықтарды осы сызықтың көмегімен кескіндейді. Сызық бөліктерінің ұзындығы 5 . . . 30 мм, ал аралықтары 3 . . . 5 мм шамасында болады. Нүкте (сызықша) бөліктер аралығының дөл ортасына қойылады. Бұл сызықтың жуандығы да (2s/3 1/2) s-ке тең болады.
- Тылран сызық - қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін, шынықтырылатын немесе қапталатын беттерді кескіндеу үшін қолданады. Бөліктерінің ұзындығы 3 . . . 8 мм, ал олардың аралығы 3 . . . 4 мм болады. Жуандығын (1/2 . . . 1/3) s-ке тең етіп жүргізеді.
- Үзiлме сызық (Штриховая линия) - сызбада көрінбейтін сызықтарды кескіндеу үшін қолданылады. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2 мм-ден 8 мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың ара қашықтығы 1 мм-ден 2 мм-ге дейінгі аралықта алынады. Жуандығы (1/2 . . . 1/3) s-ке тең болады.
Сызбадағы таңбалар. Сызбадағы таңбалар (Знаки на чертежах) - шартты графикалық белгілер, тетіктер және басқа да геометриялық фигуралар элементтерінің пішінін сызбадағы кескіндерінде сөзбен емес, таңбалар түрінде көрсететін ұғым.
Карталардың шартты белгілері - графикалық белгілер; олар арқылы карталарда заттар мен құбылыстардың тұрған орнын, сонымен қатар олардың сапалық және сандық сипаттамаларын көрсетеді. Ауданы карта масштабында көрсетілген нысандар аудандық шартты белгілерімен бейнеленеді, олар контурдың белгісінен және оны толтырудан тұрады. Контур нысанның тұрған орнын және кескінін, толтырма сапалық сипаттамасын жеткізеді. Тұрқы ұзын, бірақ ені шағын нысандар сызықтық белгілермен бейнеленеді, олар осі бойынша нысандардың дол тұрған орнын көрсетеді, бірақ кейде енін ұлғайтады. Мысалы, 1:1 ООО ООО масштабғағы картада темір жолдың шартты белгісі оның енін 75-100 есе ұлғайтады. Шартты белгілердің ерекше категориясын изосызықтар құрады.
Шартты белгілерге қозғалыс сызығы да жатады, олардың көмегімен қандай да болса құбылыстардың жылжуы көрсетіледі (халықтың көші-қоны, жүк ағындары, ауа массаларының қозғалысы және т. б. ) . Мөлшері карта масштабында көрсетілмейтін нысандар масштабтан тыс шартты белгілермен бейнеленеді, олар нысандардың тұрған орнын және әр түрлі сипаттамаларын бейнелеуге мүмкіндік береді. Нысандардың тұрған орны шартты белгінің кандай болса да айкын нүктесімен, сапалық ерекшеліктері оның пішінімен, ал сандық айырмашылығы мөлшерімен белгіленеді. Әр түрлі мақсаттағы және масштабтағы карталарда бірдей нысандар аудандық және масштабтан тыс белгілермен белгіленуі мүмкін. Мысалы, елді мекендер топографиялық карталарда аудандык, ал ұсақ масштабты географиялық карталарда, әдетте, масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Шартты белгілер жасалатын картаның мақсатына және мазмұнына сәйкес жете зерттеледі және оның оқылуын, мазмұнының ұғынылуын едәуір оңайлатады. Шартты белгілерді талдап-белгілеу картографияның бір міндеті болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz