Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: 1. Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері. 2. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. 3. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. 4. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері.
Орындаған: Әмиева Т. А.
Тексерген: Құрмамбаева Қ. С.
Тобы: Фи-311.
Семей 2015ж.
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері.
Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Жанама тараулары - текстология, тарихнама, библиография. Әдебиет теориясы әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Сөз өнерінің ерекшеліктерін, қоғамдық рөлін, көркем шығарманы танудың принциптерін, талдауын, әдістері мен методологиясын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен ағыс мәселелерін тексереді, талдайды. Сонда әдебиет теориясының зерттеу объектісі де үшеу болғаны - әдебиет, әдеби шығарма, әдеби процесс. Әдебиет дегенде, оның тағы да үш түрлі яки, таным тарапындағы, тәрбие саласындағы және эстетикалық мәні мен мәнісі дара-дара сараланады. Әсіресе эстетикалық табиғатына ерекше назар аударылады. Әдеби шығарма дегенде, мәселен, роман яки поэма талдана қалған жағдайда оның мазмұны мен пішініне айналған шындық оқиғадан туатын кем дегенде бес түрлі сауалға жауап беру шарт: Қандай оқиға болды? Оқиға қалайша болды? Оқиға кімдердің басында болды? Оқиға қалай баяндалған? Болған оқиғаға автордың көзқарасы қандай? Осы сұрақтарға жауап беру барысында шығарманың тақырыбы мен идеясын, сюжет пен композициясын, типі мен характерін, суреткердің тілі мен стилін, дүниетанымы мен көркемдік әдісін талдап-тексеру арқылы әдеби шығарманың сыры мен сипатын тұтас танып-білуге болады. Ал әдеби процеске келсек, мұндағы ең басты мәселе - жанр және жанрлық түрлер, мұны тексерудегі негізгі принцип - тарихилық. Нәтижесінде - сөз өнеріндегі тек пен түрді, бет пен бағытты айқындау. Осылардың бәрін тек әдебиет теориясын терең білген адам, сол арқылы өз дәуірінің талабы дәрежесінде өзінің эстетикалық талғамын қалыптастырған адам ғана істей алады. Бұл ретте, әдебиет теориясы көркем шығармашылықтың психологиясы мен ерекшеліктеріне қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты мәліметтер берері даусыз. Сонымен, әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатынасын білу, әдебиеттің өсіп-өрбуіндегі заңдылықты ұғу, сайып келгенде, күллі ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатты тану мүмкін емес. Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары - әшейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең және жан-жақты талдау, байыптау нәтижесіеде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар. Әдебиет тарихы жалпы сөз өнерінің әр халықтың тарихында қалай пайда болғанын, қайтып қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Әр ұлттың атам заманғы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігенін, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті өніп-өрістегенін, сөйтіп оның көркемдік дамуы қай заманда қай бағытта болғанын саралайтын да, сын көзімен сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы. Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстыра тексереді. Олай етпей, ауыз әдебиетінің нұсқалары болсын, жеке жазушылар шығармашылығы болсын, әділ бағаланып, әдеби дамудағы өзіне лайық орнын алуы мүмкін емес. Мұның өзі Қазақстанның жоғары оқу орындары соңғы отыз жыл бағдарында тұрақты оқулық ретінде пайдаланып келе жатқан “Сөз өнерінде” бір ғана өлең эволюциясы арқылы дәлелденеді: “Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым, тату елге жақсылық қылдым, төрт бұрыштағы халықтың бәрін бейбіт қылдым, тату қылдым” деп келетін Орхон жазуындағы жырлардың қазақша аудармасын бүгінгі биік талғаммен өлшесек, эстетикалық құны онша мықты емес. Ал тарихтық тұрғыдан тексеріп, танымдық мәнін, ғылымдық маңызын бағалап, қазақтың халық ретінде қалыптаса бастаған тұсындағы әдеби, мәдени мүлкінің ажарын аңғарып, енді дәл осы іспеттес өлең сөздің 15 ғасырладағы белгілі Доспамбет жыраудың: “Ағарып атқан таңдай деп, шолпанды шыққан күндей деп, май қабақта ағалардың аты жусап жатыр деп, ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп, жазыда көп-ақ жортқан екенбіз” деген толғауындағы жыр тілінің төгіле жөнелетін шалқыма шешендікке ғана емес, әдемі айшыққа дейін қалай жеткенін байқаймыз да, қазақ өлеңінің ғасырлар бойы қандай жолмен сатылап дамығанын топшылаймыз. Осының бәрін тек әдебиеттің тарихы арқылы ғана танып-білуге болады. Бірақ бұл қазақ поэзиясының есею, жетілу барысындағы мың белгінің тек біреуі ғана. Ал бүкіл әдебиеттің қалыптасу, даму тарихын жан-жақты талдап-түсінуде әдебиеттанудың әлгі саласының атқарар қызметі орасан зор. Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз. Сыншы - қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі. Олай болса, жалпы әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға деген сынның ықпалы оның оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік талғамын қалыптастыруына тығыз байланысты. Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның көркем шығармаға қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып табылатыны да сондықтан. Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары бар.
Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың “Ән кітабы”, “Құбылу кітабы”, ежелгі Мысырдағы “Ағалы-інілі екеу туралы ертегі”, байырғы Вавилон жұртының “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастаны немесе көне үнді халқының “Ригведа”, “Махабхарата”, “Рамаяна” жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б. з. б. 3-2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетикалық ұғымға көше берген. Эллада эстетикасы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б. з. б. 6 ғ. ) өнер мәнін санға, Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңқау аңғарымдарынан басталып, Платонның “сәбилик” философиясы арқылы Аристотель (б. з. б. 384 - 322 ж. ) “Поэтикасына” келіп ұласады. Ал “Поэтика” - күллі көркемөнер туралы тұңғыш философия-эстетикалық трактат қана емес, өз кезіндегі әжептеуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Өнер туындысының көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т. б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ.
Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар.
Қазіргі уақытта қазақ әдебиеттану ғылымы әдебиеттегі әдіс, бағыт, ағым мәселелеріне жаңаша көзқараспен қарауда. Қазақ әдебиетіндегі көркемдік-идеялық бағыттарды әлемдік әдебиеттің шеңберінде қарастырып жүрміз. Солардың ішінде әлем әдебиетінде ғана емес өзіміздің ұлт әдебиетімізде де өзіндік із қалдырған «натурализм» деп айтар едік. Француз әдебиетінде бұл тәсілді еңгізіп, дұрыс қолдана білген Анатоль Франс, Эмиль Золя болды. Ал неміс әдебиетіндегі натурализмның тууын ең алғаш байқаған - Теодор Фонтане. Ол неміс әдебиетіндегі ХІХ ғасырдағы белгілі сыншыларының бірі болатын. 1886 жылы туып келе жатқан жаңа мектепті көріп, өздерін театр, газет пен журналдарда кеңінен танытып жатқан жас жазушыларды құшағын жая қарсы алды. Ал Ресейдегі натурализмнің жағдайы қандай екен? Орыс жазушылары Достоевский, Тургенев, Толстой шығармаларында натурализм көрніс тапты. Орыс әдебиетінде «натуралдық мектептің» негізін қалаушы Гоголь, идеялық дем беруші Белинский болған. Натуралдық мектептің орыс әдебиетінде алар орны зор. Қазақ әдебиетіндегі натурализм - әлі толық зерттеле қоймаған құбылыс. Бұл ағым жөнінде осы кезге дейін жазылған еңбектер аз. Тек сыншы ғалымдардың монографиялары, еңбектерінде шолу түрінде берілген. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы «натурализмның» зерттелу тарихына көз жіберсек, оларда белгілі бір жүйелілік жоқ. Бірде ағым, бірде бағыт болып қолданылады. Зерттеуші З. Қабдолов натурализмде бағыттық белгілерден гөрі ағымдық ерекшеліктердің басым екенін айтады. Натурализм қазақ әдебиетіне қанатын жайып, тамыр тастаған құбылыс емес. Бұның себебі қазақ халқы жалаң табиғаттан гөрі әдемілік, арман-қиялға көп берілгендігінен болар. Романтизм халықтың арман-мақсатын, тілек-ниетін білдіріп аңыздар, қиял-ғажайып ертегілер бойынан көрініс берсе, натурализм адам өмірінің жалаң физиологиялық жақтарын көрсетуге талпынып, қазақ әдебиетіне «өзгешелеу» ағым ретінде ене бастады. Тамырын тереңге жая алмағанымен қазақ әдебиетінде натурализм жоқ деуге болмайды. Қазақ баласы тумасынан романтик болғандықтан, романтизм құбылысы ұлттық әдебиетімізге сіңіп, етене жақын болып кетті. Қазақ әдебиетіндегі натурализм туралы елеулі пікір айтқан ғалымдарымыздың қатарына Е. Ысмайлов, М. Қаратаев, Т. Кәкішев, Р. Нұрғалиды, тәуелсіздік кезеңіндегі зерттеуші ғалым С. Жұмағұлов, Ж. Жарылғаповты т. б. жатқызамыз. Академик М. Қаратаевтың мына ой-толғамынан көреміз: «Сәтсіздіктердің үлкен себебінің бірі- адам образын түюдегі жалаңдық, біржақтылық. Мұның арғы атасы натурализм - схема, штамп. Бұл тек сол кезеңнің ғана емес, соңғы онжылдықтың да әдеби даму процесінің дамуына, әдебиет саласының көтерілуіне кедергі жасап келе жатқан шырмау, шикілік» десе, қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының қалыптасуына үлкен үлес қосқан сыншы-ғалым Е. С. Ысмайылов «Әдебиеттегі формализм мен натурализмге қарсы» мақаласында натурализм элементтерін мысалға келтіре отырып, кемшіліктерді батыл сынға алады. Сыншы көркем әдебиеттің дамуына кері әсерін тигізетін бұндай кемшіліктермен, сәтсіздіктермен бітімсіз күресу керек деп өз ойын білдіреді. Ж. Смағұлов «Ұлттық әдебиеттану әлемі» монографиясында Кеңестік әдебиеттану ғылымында сөз болған натурализм, формализм туралы айтысқа қазақ әдебиетші-сыншы ғалымдарымыздың да үн қосқанын айтты. «Қазақ әдебиетіндегі натурализм, формализм туралы Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырған пікірталас 1936 жылдың 2 көкегінде басталып үш күнге созылды. Әдеби айтыс дәрежесінде өткен бұл пікірталастағы негізгі ойлар баспасөз бетінде жарық көрді». Алайда, бұл пікірталаста сөйлеген сөздер мен жазылған мақалаларда айтылар ойдың бағыты орыс әдебиетінің ғылымында жасалған тұжырымның төңірегінде өрбіді. Дегенмен, бұл айтыс қазақ әдебиеттану ғылымына әдеби жанр, ағым және көркемдік әдіс, көркем шығармаға теориялық талдау жасап, жетістіктер мен кемшіліктерді саралауда жаңа ізденістер жасауына жол ашты. Әдебиет маркстік-лениндік әдіснаманы басшылыққа алған теорияның заңдылықтарына икемделе бастады да, көркемдік даму, поэтикалық жаңа түр мен келісті ырғақ іздеу, жаңа образ сомдауда социалистік реализмнің талап-тілегін басты бағдарда ұстауға көшті. Осыған байланысты әдебиет теориясының мәселелерін сөз етуді басты назарға алған мақалалар жазылып, олар қазақ әдебиеттану ғылымындағы әдеби-теориялық білімдер системасының толық қалыптасуы жолында өз үлесін қосты деп жазады Ж. Қ. Смағұлов. Мұнда кеңестік дәуірде өткен әдеби айтыста ғалымдарымыз орыстың әдебиетші ғалымдарының пікірлерімен келісіп, маркстік-лениндік әдіснаманы басшылыққа алып, солардын сойылын соққанымен, олардың ұлттық әдебиетімізге әдеби-теориялық тұрғыдан баға беруге көшкенін аңғарамыз. Натурализмге байланысты қазақ әдебиетінде де көптеген мақалалар жазылды. Е. Ысмайылов «Сын және шығарма» еңбегінде бірталай ақын-жазушы шығармаларына тоқталған. Олар; А. Тоқмағанбетовтың «Берлин көшесінде», Сталиндік маршрут», «Уборщица» сынды поэмаларын талдай отырып «Асқар поэмаларының кемшіліктері қайсы?» деген сауалға өзінше жауап берді. «Асқар поэмаларында нақты сюжет, заңды шебер композиция болмайды, оның шығармалары көбіне схемалы, қисынсыз оқиғалардың, хроникалардың негізінде жазылады. Асқар поэмаларында адам образдары жасалмайды, адамның мінезі, жан сезімі дегенді бермейді, берсе де үстірт көрсетеді. Нақты дараланған адам образдары көрінбейді, тек адам өміріне байланысты сыртқы әрекет суреттері ғана берілген» - деп өз қорытындысын жасайды. Келесі «Ақын және ревролюция» монографиясында сыншы С. Сейфуллин шығармашылығына көрнекті орын берді. Сондай-ақ «І. Жансүгіров «Заводта», «Алтын қазан», «Қуат», Сәбит «Балқаш», «Көмір коммунизмі», Тайыр «Мотор жыры», «Бес жылдықтың балғасы», Әбділда «Олқылық», Өтебай «Қара алтын» т. б. шығармаларын Е. Ысмайылов аталғандардың көбі өндірістік машинаның сырт көрінісін ғана болмаса, адам образын, жұмысшының еңбек сезімдерін поэзия тілімен ашып бере алмаған шығарма деп бағалады. Ал бүгінгі тұстағы ұлттық әдебиетімізде ғалымдардың натурализм туралы жаңа зерттеулері жарық көруде. Бұл еңбектерден натурализм кеңестік дәуірде біржақты зерттелгенін байқаймыз. Мысалы әдебиетші ғалым Ж. Ж. Жарылғапов «Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер» монографиясында натурализмді ағым ретінде мойындайтын уақыттың жеткендігі туралы айтады. «Әдебиеттануымызда әлі дұрыс бағасын ала алмай жүрген, көбінесе көркемсіздік пен талғамсыздық ұғымдарымен қатар пайдаланылып келген натурализм тенденциялары, адам образын натуралистік бейнелеу құралдары арқылы жасау ұлттық прозамызға жат болған жоқ. Адам тұлғасына биологиялық тұрғыдан үңілу, тұрмыстық детальдарға аса үлкен мән беру, ол детальдардың аллегориялық астарын пайдалану, тілдің түсініктілігімен шынайылығын қатаң қадағалау, сол арқылы шығарманың публицистикалық мазмұнын арттыру, әсіресе, Б. Майлиннің бірқатар әңгімелерінде, С. Ерубаевтің, Ж. Аймауытовтың образ сомдау тәсілдерінде ұтымды пайдаланылғанын аңғаруға болады. Демек, қазақ прозасындағы реализмнің жетілу жолында натурализмнің орнын мүлде жоққа шығаруға болмайды, қайта реалистік прозаға барар жолдағы сан қилы ізденістердің бірі деп таныған абзал. Натурализм прозамыздағы очерк жанрының пайда болуына ықпал жасады. Бұл сол шақтағы қазақ қаламгерлерінің публицистік қызметімен де тікелей байланысты. Қара сөз өнерімізде сәл кейін туған документалды және өндірістік романдардың пайда болуының негізінде де натуралистік бейнелеу ұстанымдары жатыр. Сондықтан натурализмді тек регрестік сипаттағы құбылыс деп қарауды шектейтін уақыт жеткен сыңайлы» - дейді Ж. Жарылғапов. Натурализмді өткен ғасырда көркем шығарманың нәрін кетіретін, әдебиеттің көркемдігін жоятын бағыт, ұлттық прозамызға жат деп келген болсақ, бүгінгі таңда жаңаша көзқараспен қарауымыз қажет. Натурализм - қатаң бұрмаланып көрсетілетін шындық деп ойлаймыз. Ж. Жарылғапов натурализмнің идеялық-көркемдік қырларының бірнеше элементтерін ашып көрсете отырып, ХХ ғасырдың басында натурализмның қазақ прозасына белгілі бір дәрежеде әсері болғанын, оны белгілі қаламгерлер Ж. Аймауытов, С. Ерубаев, Б. Майлиннің шығармаларын ғылыми тұрғыдан талдап, дәлелдеп берді. Ойымызды түйіндей келе, осы шағын мақаламызда ХХ ғасырдың басында натурализм тек әлем әдебиетіне ғана әсер етпегенін. Сонымен бірге жаңа қалыптаса бастаған қазақ прозасына да белгілі бір дәрежеде ықпал еткенін байқаймыз. Натурализмның терең қырларын зерттеушілік тұрғысынан қарастыру мен ұлттық әдебиетіміздегі көрінісін анықтауда тың ой-пікірлер мен ғылыми тұжырымдар жасау әлі де болса қажет. Мақаламызда Кеңестік идеологияда, тоталитарлық жүйе кезеңінде өмір сүрген ғалымдарымыз бен қазіргі әдебиеттанушы ғалымдардың натурализм туралы ой-пікірлеріне қысқаша шолу тұрғысынан келдік. Натурализм бағытында жазылған шығармалар қазіргі батыс әдебиетінде, елімізде жарық көретін қазақ, орыс тілді баспасөз, газет-журнал беттерінде молынан кездеседі. Сондықтан да натурализм түп-түбірімен өткен ғасыр әдебиетінде қалып қойды деген пікірмен келісуге болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz