Өнімнің өзіндік құнын төмендету және пайда,рентабельділікті арттыру әдістері



І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.1 Өнімнің өзіндік құн құрылымы және оны төмендету жолдары
1.2 Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері
1.3 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ – кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету – кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі ең басты міндеттердің бірі. Оның негізгі көздеріне: бір өнімге жұмсалатын шикізат, материалдар, отын және энергия шығынын төмендету; бір өнімге шаққандағы амортизац. аударым шамасын азайту; әкімш. бас-қарушылық шығындарын төмендету; бейөндірістік шығындар мен шығасыны барынша азайту жатады.
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орынын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері:амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекқазы - бұл шығындардың басты статьялары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындары іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау,бюджеттен тыс қорларға аударым жарнамаларын жасау – бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.
1. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2005 жылғы 18 ақпан. – Алматы: Жеті жарғы, 2005.
2. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2006 жылғы 1 наурыз. – Егемен Қазақстан, 2 наурыз 2006.
3. Қазақстанның бәсеке қабілеттілігі, экономиканың бәсеке қабілеттілігі, ұлттың бәсеке қабілеттілігі: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Егемен Қазақстан, 19 наурыз 2004.
4. Назарбаев Н. Ә. Жаңа заман – жаңа экономика. – Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан, 2004.
5. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары: ҚР Президентінің бұйрығымен бекітілген, 2001 жылғы 4 желтоқсан, № 735. - Астана, 2001.
6. Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ. Ә. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: Экономика, 2003.
7. Волков О. И. редак. Экономика предприятия. – Москва: Инфра-М, 1998.
8. Палий В.Ф. Основы калькулирования. - М.: Финансы и статистика, 2004.
9. Горфинкель В. Я., Швандар В. А. редак. Экономика предприятия. – Москва: Юнити, 2001.
10. Сергеев И. В. Экономика предприятия. – Москва: Финансы и статистика, 1997.
11. Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Э. Т., Жұмағалиева Ж. Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2001.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда,рентабельділікті арттыру әдістері

Орындаған: Қабиева Т.Т.
Тексерген:Нуралина К.Т

Семей қ. 2014 ж

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.1 Өнімнің өзіндік құн құрылымы және оны төмендету жолдары
1.2 Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері
1.3 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ - кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету - кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі ең басты міндеттердің бірі. Оның негізгі көздеріне: бір өнімге жұмсалатын шикізат, материалдар, отын және энергия шығынын төмендету; бір өнімге шаққандағы амортизац. аударым шамасын азайту; әкімш. бас-қарушылық шығындарын төмендету; бейөндірістік шығындар мен шығасыны барынша азайту жатады.
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны - жұмсалған шығындардың орынын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері:амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекқазы - бұл шығындардың басты статьялары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындары іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау,бюджеттен тыс қорларға аударым жарнамаларын жасау - бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.

1.1 Өнімнің өзіндік құн құрылымы және оны төмендету жолдары

Нарықтық қатынастар жағдайында ауқымды сипатқа ие болып отырған, басқару мәселелерін шешудің қажеттілігі мен оның өткірлігі республиканың барлық экономикалық субъектілерінің басты мәселесі болып табылатына ешбір күмән жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, өндірістік-шаруашылық жүйесіндегі өндіріс шығындарының есебі мен аудитіне және талдауға басқарудың басты құралы айрықша орын беріліп отыр. Себебі, қатаң бәсекелестік күрісте табыс пен ұйымның қызмет етуін сақтап қалудың басты факторы болып өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құны туралы дер кезінде және сенімді ақпараттар қажет болады. Ал, бұл өз алдына өнімнің сапасы мен өнідірістің тиімділігін, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіру жолдарын іздестіруге, өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін анықтауға толық мүмкіндіктер береді
Өндіріске жұмсалған шығындар мен өткізу шығындарының құрамын және олардың есебін дұрыс қалыптастырудың маңызды екендігі белгілі. Өнімдерді өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында жұмсалатын шығындардың негізгі бөлігін құрайтын материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға тек алынатын табыстың мөлшері ғана емес, сондай - ақ табысқа салынатын салық, ұйымның өміршеңдігі және басқа да аспектілер тәуелді.
Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтық экономика қоғамды ресурстармен оңтайлы қамтамасыз етудегі маңызды шарт - бәсеке саясатын жүргізуді негізге алады. Бәсекеге қабілетті ұйымға өзінің өндірістік ресурстарын экономикалық тұрғыдан қолайлы пайдаланатын, әрі одан пайда ала білетін ұйым жатқызылады.
Бүгінгі күні отандық өндірістік есептің нарықтық экономиканың талаптарына, ұйымды басқарудың экономикалық әдістерінің талаптарына біртіндеп бейімделуі жүріп жатыр, бірақ оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін ұйымдастыру және әдістемелік тұрғыдан тыңғылықты дайындалу талап етіледі.
Нарықтық қатынастар жағдайында өндіріс шығындарын, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құндарын және кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін қалыптастыру тәртіптері бухгалтерлік есеп тәжірибесі мен әдістемесінің маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.
Нарықтық экономикадағы бәсекелестік пен баға саясатының еркін даму мүмкіндіктеріне қарай, табыс деңгейіне әсер етуші факторы ретінде және басқарудың негізгі құралы ретінде өзіндік құнның рөлі арта түсуде.
Өнімнің өзіндік құны туралы түсініктер осыған дейін де қазіргі уақытта да экономистер мен ғалымдардың еңбектерінде айтылып келеді. Солардың бірі А.П. Бортниковтің пікірі бойынша "...өзіндік құн - бұл кәсіпорынның өнімді өндіру және сатуға байланысты ағымдағы шығындардың ақшалай нысанындағы көрінісі". Дегенмен де, мұндай анықтама зерттеп отырған категорияның жан-жақты, жеткілікті мазмұнын аша алмайды, ол тек өзіндік құнның пайда болу түріне түсініктеме береді.
Г.А. Соколовская, өнімнің өзіндік құнын ресурстарды үнемдеу деңгейі деп сипаттайды. Өзіндік құнның мұндай түсінігімен де толық келісуге болмайды, өйткені ол көрсеткіш өзіндік құн мазмұнының өзіне қарсы келеді. Өзіндік құн кәсіпорынға қандай да бір өнімнің өндірісі қаншаға шығатынын көрсетеді, яғни өндірістік шығындардың белгілі бір деңгейін сипаттайды. Ал, ресурстарды үнемдеу деңгейі өндіріс процесіне жұмсалған өндірістік құралдар мен жұмысшы күшінің көлемін білдіреді.
Өнімнің өзіндік құны ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайтын негізгі экономикалық көрсеткіштердің бірі бола отырып, кәсіпорын табысының қалыптасуына, қорлар мен резервтердің жасақталу деңгейіне ықпал етіп қана қоймайды, сонымен бірге салық салу жүйесіне де әсерін тигізеді. Өндіріс шығындары мен өзіндік құн жөніндегі мәліметтер бұрын бухгалтерлік есеп жүйесінде жинақталып, өзінің мазмұнына қарай орталықтанған басқару экономикасының талаптарына жауап бергендiктен, мемлекеттік орталық бағаландыру мақсаты үшін өндіріс процесіне жіберілген барлық шығындар туралы және өнімнің жалпы өндірістік (нақты) өзіндік құны туралы ақпараттарды алумен шектеліп отырды.
Ал нарықтық қатынастар жағдайында өнімнің бағасы нарықта қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс механизмдері арқылы айқындалады. Соған байланысты ұйымдар өнімнің өзіндік құнына енгізілетін шығындар тізбесін отандық бухгалтерлік есеп стандарттары мен халықаралық қаржылық есеп стандарттарының әдістемелік ұсынымдарына сәйкес өздері белгілеу керек.
Өнімнің өзіндік құны объективтік көрсеткіш болып саналады және ол қандай да бір нормативтік актілердің мазмұнына тәуелді болмайды және оның мазмұны бірнеше экономикалық ұстамдарға негізделіп анықталады, яғни өнімнің өзіндік құны ұйымның өндірістік қызметімен байланысты болуға тиісті, яғни өнімнің, жұмыс пен қызметтің өзіндік құндарына өндіріс процесімен байланысты шығындар енгізіледі. Өндiрiстiк қызметке қатысы жоқ шығындар өндірістік емес шығындар категориясына жатқызылып, өзіндік құнның құрамына қосылмайды.
Сонымен құн қоғамға белгілі бір өнім өндірісінде шығынның қаншаға шығатынын көрсетсе, ал өзіндік құн кәсіпорын үшін өнімнің осы түрін өндіруге қанша шығын шығарылатынын көрсетеді. Өзіндік құн нақты категория бола отырып, ол сапа жағынан да, сан жағынан да құнмен сәйкес келмейді. Мiне, осыдан өнімнің өзіндік құнын оның құнынан бөліп қараудың қажеттілігі туады.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұнына тоқталсақ, ол өнім құнының құрамына айналған және ұдайы өндіріс процесін жалғастыру үшін орын толтыруды қамтамасыз ететін өнім шығаруға жұмсалған өндіріс құралдары және еңбекақы шығындарын білдіреді. Іс жүзінде мұны біз құрылыс компаниясында келтіре аламыз. Consult ЖШС-де орындалатын жұмыстардың өзіндік құн есебінің міндеттері құрылысқа, жөндеу жұмыстарына және оны тапсыруға байланысты жұмсалған шығындар жөнінде дер кезінде толық және дұрыс мәліметтерді жинақтау, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының тиімді пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету болып саналады. Құрылыс - монтаж жұмыстары мен қызметтерінің өзіндік құнының құрамына оларды жүзеге асыруға байланысты барлық өндірістік шығындар енгізіледі. Өнімнің өзіндік құнына қосылу тәртіптеріне қарай олар тікелей және үстеме шығындар болып бөлінеді.
Құрылыс кәсіпорынының құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құны деп құрылыс процесінде пайдаланатын материалдардың, еңбек құралдарының, басқа ұйымдар көрсеткен қызметтер құндарының және еңбекақы шығындары мен үстеме шығындардың жиынтығын айтамыз.

1.2 Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері

Кәсіпорындардың өндірістік - шаруашылық қызметін басқару үшін және бағаны қалыптастыруда тек өндірістік шығындарын ғана емес, сонымен қатар өнімнің өзіндік құнын бөлу қажет, яғни өзіндік құнды калькуляциялау керек. Калькуляция - өнімнің бір бірлігін және жартылай фабрикаттардың өзіндік құнын анықтау есебі болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау өндірістік шығындарды есептеудің бірнеше үрдісін ендірудің технологиясына және ұйымдастыру ерекшелігіне байланысты қолданылады:
1. Жай әдіс - өнімнің өзіндік құн калькуляциясын және өндірістік шығындарды қарастырады, бірақ біртекті өнімдерді өндіру үшін практикада көп қолданылады (көмір, мұнай, және тағы басқа). Өндірістік кәсіпорындардың ережесі бойынша аяқталмаған өндіріс және өз өнімдерінің жартылай фабрикаттары жоқ. Берілген әдістің мағынасы келесіде: инвентарьлық жолмен, аяқталмаған өнімге кезең шығындарының бөліктерін бөлу арқылы шығарылған өнімнің көлеміне жай әсер ету жолымен есептеледі, кәсіпорын өндіретін өнімнің барлық шығындары жатады (аяқталмаған өнім көлемін қайта есептеу жолымен жүреді). Егер өндірілген өнім көлемінің номенклатурасы аса да үлкен болмаса, онда тікелей шығындардың қасиеті бойынша аралас қатынасы болады (материалдар, шығындардың әдісін анықтау қиынға соқпайтын, шартты жалақы және басқа да тікелей шығындар), ал қалған шығындарды тікелей шығындар құнына пропорционалды бөледі (өндірістік персоналдың жалақысы, өндірістің қосымша шығындары).
2. Тапсырыс бойынша есептеу әдісі - барлық тікелей шығындар әр тапсырысқа жеке - жеке есептеледі, ал өндірістің қосымша шығындары әр тапсырыс құнына пропорционалды бөлінеді. Сонымен қатар, қосымша шығындарды аяқталмаған тапсырысқа орындалған денгейіне байланысты бөлу керек. Тапсырыс бойынша есептеу әдісі аз сериялы, жеке өндірісті кәсіпорындарға, жөндеу кәсіпорындарында және тәжірибелік цехтарда қолданылады.
3. Қайта өңдеуді есептеу әдісі - өнім сатуға түспей тұрып, дайын өнімді алар алдында бірнеше өңдеуші деңгейлерден өтетін әдіс. Бұл әдісті рационалды деп есептеуге болады, егер әр өңдеуші деңгейде тауар болып табылатын және оны өткізу үшін өзіндік құн туралы мәліметтерді талап ететін аралық тауар шығарып отырса.
4. Нормативтік әдіс - өнімнің бір данасына кеткен нормативті калькуляциялық немесе жоспарлық және өнімнің бір данасына кететін технологиясының негізделген нормаларды құрайтын, массалық және сериялық өндірісте қолданылатын әдіс. Бұл әдісті қолданғанда өндіріске материалдарды жіберу алдын-ала шектеліп анықталған лимиттармен жүзеге асады, ол ауытқуларды есептеп және оларды шығару құжаттарына негізделе отырып, қосымша шығарылады.
5. Стандарт-кост әдісі - - нормативтік әдістің шығыс нұсқауы, стандарт-кост жүйесінің негізгі ерекшелігі - өндірістік үрдістің басына дейін, өндіріске кететін шығындар алдын-ала есептелінеді. Ол негізгі өндірістің алдын-ала есептелген өндірістік схемасынан тұрады, көп жағдайда олар несиелік сызықтағы немесе инвестициялық жобадағы арнайы дайындалған бизнес-жоспармен байланысты болады. Инфляция жағдайында ауытқуларды минимализациялау үшін стандарт - кост жүйесі құндылық көрсетілімсіз, тек натуралды көрсеткіште толығымен есептеледі немесе аса тұрақты валюта курсында қайта есептеледі. Стандарт - кост жүйесінің белгіленген нормасы және нормативтері базистік (уақыт өтісімен өзгермейтін, сапа негізінде берілген және технологиялық үрдіспен байланысты), теоретикалық (оған жету үшін фирма ұмтылады), ағымдағы (нақты жағдайды ескере отырып, белгілі бір мерзімге нақтыланады) болып бөлінеді.
6. Директ - костинг әдісі бойынша шығындар тұрақты және ауыспалы деп бөлінеді. Бұлай бөлінудің мақсаты - тұрақты шығындар деңгейінде тұрып, кәсіпорын қаншалықты максималды өнім шығара алатынын анықтау үшін шығындардың артынан кәсіпорынның басқарушылық қадағалауын орнату. Белгілі бір деңгейдегі кәсіпкерге өнім көлемін ұлғайту тиімді, себебі тұрақты шығындардың өзгермеуі ауыспалы шығындардың өзгеруіне пропорционалды өссе, онда ол экономикалық пайдаға жетеді, бірақ белгілі бір кезеңде осы тұрақты шығындарды қолдану өндірістің төмендеуіне әкеледі, яғни кәсіпорындағы өнім көлемі көбейіп-ұлғаюды талап етеді (жаңа түрінің дамуы үшін тұрақты шығындардың амалсыздан ұлғаюы). Шығындарды толығымен өндіріске қосу жүйесі мен директ - костинг жүйесінің арасындағы негізгі айырмашылығы - бұндай жүйедегі өнімнің өзіндік құны ауыспалы шығындар бойынша анықталады.
Отандық тәжірибеде шығындарды жоспарлау, есеп жүргізу және калькуляциялау мақсатымен қолдануды келесідей түрге бөледі:
1. Өндірістің түріне байланысты: негізгі және қосалқы;
2. Өнім түріне байланысты: жеке бұйым, бірдей (біртекті) бұйым топтары, тапсырыс, қайта жасау (жөндеу), жұмыстар, қызметтер;
3. Шығынның түріне байланысты: калькуляция баптары (өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін және аналитикалық есепті ұйымдастыру үшін) және шығын элементтері (шығынның проеткілік сметасын құру үшін және өнімге кеткен шығындардың есебін құрастыру үшін);
4. Шығынның қалыптасқан орнына байланысты: жер, участок, цех, өндіріс, шаруашылық есеп бригадасы.
Өндірістік кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың келесідей негізгі әдістерін қолданады:
1. Тікелей есеп;
2. Нормативті есеп;
3. Аналитикалық есеп;
4. Параметрлік есеп.
Осылардың ішіндегі ең қарапайымы әрі нақтысы бұл - тікелей есеп әдісі болып табылады. Бұл әдіс бойынша өнімнің өзіндік құнының бірлігі жалпы шығын соммасы мен дайындалған өнімнің санына бөлумен анықталады. Бұл әдіс біртекті өнім ғана өндіретін кәсіпорындар үшін қолайлы, өйткені ол калькуляцияның әр бабына кеткен шығындарды анықтап бере алмайды.
Нормативті әдіс - әр ресурс түріне кеткен шығындар өзгергенде оған әрдайым есеп жүргізілуі қамтамасыз етілген кәсіпорындар үшін қолданылады. Ол еңбекті, материалдарды және қаржылық ресурстарды қолданатын нормалар мен нормативтік актілерге негізделген. Оның үстіне, осы ресурстарды қолданатын нормалар мен нормативтік актілер прогрессивті және ғылыми дәлелденген болуы керек.
Ең нақты және жиі қолданылатын әдіс - аналитикалық есеп әдісі. Бұл әдіс кезінде жалпы өндіріс жағдайы туралы жан - жақты талдау, сонымен қатар ол жерде болатын өзгерістерді қарастыру жүзеге асырылады. Өнімнің өзіндік құнына қандай факторлар әсер етеді және ол қалай әсер етеді деген сұрақтар зерттеледі. Нормалар мен нормативтердің негізіне технико - экономикалық және жұмыстың ұйымдастырылу жағдайы кіреді.
Ал біртекті, бірақ сапа жағынан әр түрлі дайындалатын бұйымдарды калькуляциялағанда параметрлік есептеу әдісі қолданылады. Оның себебі: мұнда шығындар өнімнің сапасына байланысты өзгереді. Осылайша, кез келген бұйымның өзіндік құнын анықтауға болады, яғни ол бір кг немесе бір тоннамен есептеліп сатылатыны анықталады. Осындай өнімдерге сәйкес, басқа да көрсеткіштерді қолдануға болады және осы әдіс арқылы өнімнің сапасын жақсартуға кеткен қосымша шығындарды анықтауға болады.
Қазіргі жағдайда нарық экономикасына көшуімізге байланысты көптеген кіші және орта кәсіпорындар калькуляциялық баптың қысқартылған түрін қолданады. Ол өз алдына мыналарды қамтиды:
:: Материалдық шығындар (шикізат, материалдар, техникалық мақсаттарға арналған отын және энергия);
:: Еңбек ақыға кеткен шығындар;
:: Басқа да тікелей шығындар;
:: Өндірісті басқаруға және қызмет көрсетуге кеткен шығындар (жанама шығындар);
Кез келген кәсіпорын алдында мына мақсат тұрады: өндірістік шығындар туралы неғұрлым тез әрі шынайы ақпарат алу. Сондықтан да, кейде кәсіпкер белгілі бір ұсыныстар арқылы шығындарға калькуляция беруі керек болады. Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару да маңызды болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны - өнімді өндіру үрдісі кезінде қолданылатын табиғи ресурстардың, еңбек ресурстарының және басқа да шығындардың бағасы. Оған қоса, мынадай анықтама беруге болады:
Өнімнің өзіндік құны - кәсіпорындар мен өндіріс саласының өнім өндіруге және оны сатуға кеткен шығындарды ақшалай бейнелейтін өндірістегі қоғамдық шығындардың бір бөлігі болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар тек қана калькуляция баптарында ғана көрінбейді. Сонымен қатар, олардың экономикалық мазмұнына байланысты топталады да, келесідей элементтерден тұрады:
oo Материалдық шығындар;
oo Еңбек ақыға кеткен шығындар;
oo Әлеуметтік қажеттіліктерге кеткен шығындар;
oo Негізгі қорлардың амортизациясы;
oo Басқа да шығындар;
Олардың құрылымы әр түрлі факторлардың әсер етуінен қалыптасады:
1. Өндірілген өнімнің және қолданылатын материалды - шикізат ресурстарының мінездемесінен;
2. Өндірістің технико - экономикалық негізінен;
3. Оның ұйымдасу және орналасу формасынан;
4. Өнімді сатудан және қамтамасыз ету жағдайынан және тағы сол сияқты факторлардан.

1-кесте - 2005 жылғы Қазақстан Республикасы бойынша шағын кәсіпкерліктің өнім өндіргендегі кеткен шығындарының құрылымы


Шығын түрлері
Қазақстан экономикасы
Сонымен қоса

Өнді
ріс
Ауыл шаруашылығы
Құрылыс
Көлік
Сауда және көлік жөндеуі, жеке тұтыну заттары
1
Материалдық шығындар
46,2
55,6
59,1
55,9
27,6
27,6
2
Төлем ақыға төленген шығындар
11,6
10,7
13,4
9,2
9,9
9,9
3
Негізгі құрал-дардың тозуы
2,7
3,9
4,3
1,1
2,5
2,5
4
Басқа да шығындар
39,5
29,8
23,2
33,8
60,0
60,0
Барлығы:
100,0
100,0
100,0
100,0
100,0
100,0

Осы кестеден көріп отырғанымыздай, ең көп шығынды материалдық шығындар құрайды, ауыл шыруашылығында 59,1 %, өндіріс және құрылыс саласында 55,6-55,9 %-ды құрап тұр. Еңбек ақыға орташа есеппен 10 % шығын кеткен. Негізгі құралдардың тозуына 3 %, ал басқа да шығындар 30- 35 %, көлік және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс рентабельділігі туралы ақпарат
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы ақпарат
Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастыру және оларды пайдалану тиімділігі
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы мәлімет
Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары
Кәсіпорын қызметінің маңызы және мақсаты
Өнімнің өзіндік құнын төмендету
Өнеркәсіптік компанияның қаржы ресурстарын басқару
Өзіндік құн, пайда және рентабельділік
Пәндер