Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудың негізгі ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім жәнә ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей қаласының мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудың негізгі ерекшеліктері.

Тексерген: Бураханова А. Т. .

Орындаған Амирбаева Д. А.

2015- оқу жылы.

Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудың негізгі ерекшеліктері

Оқу процесінің сабақта, сабақтан тыс немесе өз бетінше орындалуына қарамастан, оқытушы мен студент көптеген талаптарға ұшырасады. Оларға сабақтың мақсаты, әдісі, ғылыми негізділігі, оқытудың проблемалары сияқты көптеген әрекеттерді жатқызуға болады. Дегенмен, осылардың барлығына негіз болатын тағы бір талапты ерекше атау қажет. Ол - оқыту процесіндегі мотивация.

Оқыту процесін екі қырынан қарастыруға болады: оперативті және мотивациялы. Оқыту процесінің оперативті қыры білімгерлердің болмысты тануға қажетті теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын дамытуды қамтиды. Бұл дағдыларды олар дайын схемаларды үйрену арқылы да, өз беттерінше оқу арқылы да меңгере алады. Динамикалық немесе стереотипті құрылымды схемалар деп аталатын бұл үлгілерді Т. Томашевский «систему действий, утвердившихся в субъекте деятельности» немесе «упрочившиеся результаты этих действий, схематичные картины или отражение действительности» деп көрсетеді. Адамзаттың кез келген әрекетіндегі қозғалыс күші, яғни, кез келген оқу түрі оның мотивациялық жағы болып табылады. Мотив организм белсенділігінің мүмкіндігі мен бағытын айқындайтын ішкі шиеленіс күйі ретінде анықталады. Білім берудің тиімділігі оқыту процесінде осындай ішкі шиеленістің көрініс табуына байланысты болады. Сондықтан да дидактикада оқыту процесін ұйымдастыруға белгілі бір оқу жұмысының оқытуда оң мотивтердің көрінуіне ықпал етуі тұрғысынан ерекше мән беріледі.

Бұрынғы дидактика мен ескі әдістемелерде оқытудың мотивациялық жағына жете көңіл бөлінбеді. Мұғалімнің бар ынтасы білім берудің техникасын жетілдіру мен оны меңгеруіне бақылау жасауға жұмсалады. Оқушылардың нашар үлгерімі анықталған жағдайда, оларға қанағаттанарлықсыз баға қою, сол сыныпта екінші жылға қайта қалдыру, стипендия бермеу немесе тіпті мектептен шығарып жіберу сияқты мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Мұғалімдердің күші оқытудың әртүрлі тәсілдерін қолдану мәселелері мен жастардың жеке проблемалары, оның мүддесі, мәдени өмірі, еңбек ортасы сияқты мәселелердің арасында қалып қойды. Ал, керісінше, жастардың қызығушылығының пайда болу жағдайына, оның ынтасының қалыптасуына жеткілікті көңіл бөлінбеді.

Мотив әрекетке іштей итермелейтін себеп, қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыратын тілек болып табылады. Егер адамдардың басым бөлігінің өмірі аштық, шөл, ұйқы, қауіптен қорғану, жақсы көру сияқты алғашқы қажеттіліктермен шектелетін болса, онда бұл қателіктің едәуір үлесі тәрбиеге байланысты, ол адам бойындағы екінші қажеттілікті қалыптастыра алмаған. Ондай қажеттілікке өз ісіне және өзгелерге деген жауапкершілік, Отанға деген сүйіспеншілік, өмірлік ұстанымына берік болу, әсемдікті қабылдай алу, мәдениетті меңгеру сияқты қажеттіліктерді жатқызуға болады. Адам бойындағы екінші қажеттілікті қалыптастыру оқушылардың әлемді, өзін, қоршаған ортаны тануына бағытталған дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік беретін оқыту нәтижесі болып табылады.

Ең әуелі дидактиканың ұйымдастыру формаларына ерекше көңіл бөлу керек. Ғалымдар ондай форманың үш түрін көрсетіп жүр: сыныптағы жұмыстар, үй жұмысы, сабақтан тыс жұмыстар. Бұл формалардың барлығы да қажет және әрқайсысының өзіндік құндылығы бар. Сыныптағы жұмыстар, әдетте, ерікті емес, көбірек мәжбүрлеу сипатында болады, сондықтан бұл жерде риясыз мотив туралы айту қиын.

Үй жұмысы жоғары деңгейдегі еркіндік пен дербестігімен ерекшеленеді, дегенмен ол да белгілі бір дәрежеде мәжбүрлеуге тәуелді. Ең жоғарғы дербестік пен еркіндікті сабақтан және мектептен тыс жұмыстар ғана қамтамасыз ете алады. Мұнда қызығушылық шеңберін таңдау көбіне жағымды мотивация арқылы жүзеге асырылады. Мектеп оқытудың жоғарыда аталған алғашқы екі формасының мәжбүрлеуінен мүмкіндігінше босату арқылы және сонымен қоса оқушылардың қызығушылығын дамыту арқылы қажетті мотивацияның кең өрісін жасай алады.

E:\кокиета докуменды\Новая папка\скачанные файлы (1).jpg

Адам әрекетіндегі мотивациялардың түрлерін ажыратуға түрлі факторлар негіз бола алады. Мотивация туралы зерттеулерді сараптай келгенде, ондай әрекеттердің мотивтері төмендегі факторларға байланысты болады:

- әрекетке қатысу сипатына қарай;

- алдын ала келісілген әрекеттің мерзіміне қарай;

- әрекеттің әлеуметтік маңыздылығына қарай;

- белгілі бір әрекеттің, мәселен, оқу мотиві.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде өскелең ұрпақтың, яғни оқушылардың да, студенттердің де оқу әрекетінің мотивациясының проблемаларын білім беруді, әлеуметтік қоғамды, саясатты шексіз реформалау жағдайында, қоғамның көпқырлы рухани-ізгілік бейімінің ауысымында зерттеу өзекті немесе пайдалы ғана емес, сонымен қатар, білім алушының қазіргі қоғамда болып жатқан, болатын процестер мен құбылыстардың психологиялық, әлеуметтік, мәдени-тарихи және саяси мәнін түсінуін қаматамасыз ететін өте қажетті талап та деп ойлаймыз. Сондай-ақ, бұл зерттеу қазіргі білім мен тәрбие жүйесінің стратегиялық міндеттерін белгілеу мен анықтау үшін де керек.

E:\кокиета докуменды\Новая папка\скачанные файлы (2).jpg

Оқу әрекетіндегі «мотив» ұғымының «мақсат», «қажеттілік», «мұқтаждық», «тілек», «ынталану» сияқты ұғымдарға қатысты екенін естен шығармау керек. Жеке адамдардың өмірінде бұл ұғымдар үнемі өзара араласып тұрады және бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан бұл ұғымдардың жиынтығын «мотивациялық сфера» деп те атайды.

Оқу мотивациясы жалпы мотивацияның білім саласындағы жеке түрі болып табылады. Ол басқа да кез келген мотивация сияқты өзіне, яғни білім саласына тән белгілермен ерекшеленеді: біріншіден, ол білім беру мекемесінің ерекшелігіне, типіне, профиліне байланысты анықталады; екіншіден, білім беру процесін ұйымдастырумен, оның артықшылығымен; үшіншіден, педагогтің субъективті ерекшеліктерімен, ең алдымен, оның оқушыларға, іске қатынасымен, сондай-ақ, оқу процесінің ерекшелігімен, оның орнымен және оқу жоспарымен. Оқу мотивациясы жүйелі процесс және оның негізгі белгілері: бағыттылық, тұрақтылық және өсіңкілік болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының мотивациясының теориялық негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-әрекеті мотивтерін қалыптастырудың басты мәселелері
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының психологиялық сипаттамасы
Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері
Оқушыларының оқу іс-әрекетінің мотивтерін қалыптастыру
Кәсіптік бағдар тұжырымдамасы
Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру аспектісі
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz