Листериоз, лептоспироз, шошқа тілмесі ауруларына қолданылатын биопрепараттар



Листериоз – клиникалық көріністері полиморфты зооантропанозды ауру. Ауру табиғи ошақты синантроптылығымен сипатталады. Індет көзі кемірушілер болып табылады. Листериялар 90 түрлі жабайы және үй жануарларрынан бөлініп алынған. Табиғи жағдайда листериозбен: ірі қара мал, қойлар, ешкілер, шошқалар, жылқылар, үй қояндары, көжектер, түлкілер, тауықтар, теңіз шошқалары, жабайы егеуқұйрықтар, тышқандар және басқа да жануарлардың кейбір түрлерін зақымдайды. Адамдар да ауырады. Листериозбен тәжірбие жүзінде иттерді, мысықтарды, маймылдарды, кептерлерді, ақ егеуқұйрықтар мен ақ тышқандарды зақымдауға болады. Листериялардің өздеріне тән бейімделу қасиеттеріне және жоғары метаболиттік қасиеттерінің лабильділігіне байланысты сыртқы ортада тек сақталмай сапрофиттік түрінен паразитті түріне өзгегіруі анықталған. Кейінгі уақытта көп мемлекеттерде (АҚШ, Англия, Франция, Швейцария, Канада) листериоз адамға дайын тағамнан жұққанына байланысты бұл індетті токсикоинфекция ретінде қарастыратын болды.
Қоздырушысы: Listeria monocytogenes. Қоздырушы бактерияның факультативті-патогенді тобына жатады. Листериялар ұштары дөңгеленген таяқша (0,3 – 0,5 x 0,5 — 2,0 р.) тәрізді. Жағындыда жеке, жұппен немесе V сан түрінде, сонымен қатар бағана түрінде (3 – 4 және көп тізбек таяқша бойынша) орналасады. Қоздырушы полиморфты формада (жіпше, кокк, вибрион) жиі кездеседі. Анилин бояулармен жақсы боялады. Грам оң, бірақ та «қартаюына» қарай өсінділер Грам бойынша теріс боялады. Бактерия капсула мен спора түзбейді. Қоздырушы қоректік ортада өсіру температурасы 36 — 38°С, рН 7,0 - 7,4. ЕПА-да – нәзік, ұсақ шоғырлар түзеді (тілме таяқшасына ұқсайды). Бактерия тізбектері агарда дөңгелек (әдетте диаметрі 1 – 1,5 мм), беті аздап төмпешік, мөлдір, жарыққа көгілдір түс беретін шоғырлар түзеді. 1% глюкоза мен 2 — 3% глицерин қосылған ЕПА- да жақсы өседі. Ажыратып – балау үшін 1% глюкоза мен 2% глицерин қосылған ет-пептон-картоп агарында немесе 1% глюкоза мен 3% глицеринді картопты – пептонды агарды қолдануға болады. Көрсетілген орталарда (рН 6,8-7,0) тілме және пастерелла микробтары мүлде өспейді немесе елеусіз тым майда болып өседі, ал листериялар тығыз, колитәріздес болып өседі. Қанды агарда тізбек айналасында жіңішке β-гемолиз аймағын түзеді. Сұйық орталардан ЕПС-да жақсы өседі, 5-10% сарысу қосуға болады. Листериялар төмендегі сұйық орталарда өте жақсы өседі: ет – бауыр сорпасы, бауыр, 1% глюкоза қосылған ет – пептонды, глицеринді (2-3% глицерин қосылған ет – пептон сорпада), глюкозалы – глицеринді (1% глюкоза мен 2-3% глицерин қосылған ет – пептон сорпасы), етбауырлы – глюкозалы (1% глюкоза қосылған ет-бауырлы сорпа) және бауырлы-глюкозалы (1% глюкоза қосылған бауыр сорпасы). Листерияны жасанды қоректік орталарда өсіру кезінде листериялар аттенуацияланады (әлсірейді) және олар уытты S-формасы азуытты R- формаға ауысады.
1. Е.И.Қасымов «Індеттану және инфекциялық аурулар вет.санитария негіздерімен» Алматы-2006ж
2. Т.Сайдулдин «Індеттанулық және жануарлардың жұқпалы аурулары» Алматы-2009ж
3. З.Қ Қожабаев «Мал аурулары» Қайнар баспасы, Алматы-1989ж
4. Жалпы ғаламторлық ақпраты. w.w.w.gool.veterinarii.ru

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

МӨЖ 5-6

Тақырыбы: Листериоз, лептоспироз, шошқа тілмесі ауруларына қолданылатын биопрепараттар

Орындаған: Балғабайқызы Ә
Тобы: МВС -401
Тексерген: профессор
Байғазанов А.Н.

Семей
2015
Листериоз - клиникалық көріністері полиморфты зооантропанозды ауру. Ауру табиғи ошақты синантроптылығымен сипатталады. Індет көзі кемірушілер болып табылады. Листериялар 90 түрлі жабайы және үй жануарларрынан бөлініп алынған. Табиғи жағдайда листериозбен: ірі қара мал, қойлар, ешкілер, шошқалар, жылқылар, үй қояндары, көжектер, түлкілер, тауықтар, теңіз шошқалары, жабайы егеуқұйрықтар, тышқандар және басқа да жануарлардың кейбір түрлерін зақымдайды. Адамдар да ауырады. Листериозбен тәжірбие жүзінде иттерді, мысықтарды, маймылдарды, кептерлерді, ақ егеуқұйрықтар мен ақ тышқандарды зақымдауға болады. Листериялардің өздеріне тән бейімделу қасиеттеріне және жоғары метаболиттік қасиеттерінің лабильділігіне байланысты сыртқы ортада тек сақталмай сапрофиттік түрінен паразитті түріне өзгегіруі анықталған. Кейінгі уақытта көп мемлекеттерде (АҚШ, Англия, Франция, Швейцария, Канада) листериоз адамға дайын тағамнан жұққанына байланысты бұл індетті токсикоинфекция ретінде қарастыратын болды.
Қоздырушысы: Listeria monocytogenes. Қоздырушы бактерияның факультативті-патогенді тобына жатады. Листериялар ұштары дөңгеленген таяқша (0,3 - 0,5 x 0,5 -- 2,0 р.) тәрізді. Жағындыда жеке, жұппен немесе V сан түрінде, сонымен қатар бағана түрінде (3 - 4 және көп тізбек таяқша бойынша) орналасады. Қоздырушы полиморфты формада (жіпше, кокк, вибрион) жиі кездеседі. Анилин бояулармен жақсы боялады. Грам оң, бірақ та қартаюына қарай өсінділер Грам бойынша теріс боялады. Бактерия капсула мен спора түзбейді. Қоздырушы қоректік ортада өсіру температурасы 36 -- 38°С, рН 7,0 - 7,4. ЕПА-да - нәзік, ұсақ шоғырлар түзеді (тілме таяқшасына ұқсайды). Бактерия тізбектері агарда дөңгелек (әдетте диаметрі 1 - 1,5 мм), беті аздап төмпешік, мөлдір, жарыққа көгілдір түс беретін шоғырлар түзеді. 1% глюкоза мен 2 -- 3% глицерин қосылған ЕПА- да жақсы өседі. Ажыратып - балау үшін 1% глюкоза мен 2% глицерин қосылған ет-пептон-картоп агарында немесе 1% глюкоза мен 3% глицеринді картопты - пептонды агарды қолдануға болады. Көрсетілген орталарда (рН 6,8-7,0) тілме және пастерелла микробтары мүлде өспейді немесе елеусіз тым майда болып өседі, ал листериялар тығыз, колитәріздес болып өседі. Қанды агарда тізбек айналасында жіңішке β-гемолиз аймағын түзеді. Сұйық орталардан ЕПС-да жақсы өседі, 5-10% сарысу қосуға болады. Листериялар төмендегі сұйық орталарда өте жақсы өседі: ет - бауыр сорпасы, бауыр, 1% глюкоза қосылған ет - пептонды, глицеринді (2-3% глицерин қосылған ет - пептон сорпада), глюкозалы - глицеринді (1% глюкоза мен 2-3% глицерин қосылған ет - пептон сорпасы), етбауырлы - глюкозалы (1% глюкоза қосылған ет-бауырлы сорпа) және бауырлы-глюкозалы (1% глюкоза қосылған бауыр сорпасы). Листерияны жасанды қоректік орталарда өсіру кезінде листериялар аттенуацияланады (әлсірейді) және олар уытты S-формасы азуытты R- формаға ауысады. Осыдан жекелеген штаммдар өздерінің қозғалғыштығын жоғалтады. Листериялар глюкозаны, мальтозаны, рамнозаны, левулезаны, салицинді газ түзусіз, баяу - сахарозаны, глицерин мен лактозаны, манитті, дульцитті, арабинозаны, инулинді, раффинозаны, сорбитті қышқылға дейін ферменттейді. Индол түзбейді, сүтті ұйытпайды, желатинді ыдыратпайды, күкіртті сутек түзбейді. Листериялардың жіпшелі және соматикалық антигендері бойынша 7 серотипін ажыратады. (1-7). 1,2,3 типтерінің расында олар тип ішіндегі түрге бөлінеді.Типтерінің көбісінің тип ішілік түрлері болады. Көбінесе 1 және 4b серотиптері әр түрлі жануарлар мен адамдарда кездеседі. Листериялар топырақ пен суда (айлап, кейде жылдап) төменгі және біркелкі температурада ұзақ сақталады, дәнде - 3 жылға дейін, сүт пен етте қарқынды көбейеді. 58 С дейін қыздырғанда өлмейді, 70 С кезінде 20 - 30 минут аралығында, ал 3 - 5 минут қайнатқанда өледі.
Листериялардың патогенді факторлары:
α-гемолизин - қойлардан бөлінген штаммдарда табылған. Термостабилді, қоректік ортаға бөлінеді, адам және жылқы эритроцитінде гемолиздік, лецитин белсенділіктеріне ие. β-гемолизин (листериолизин) - термостабилді (56 30 минут аралығында инактивтеледі), оттегіге сезімтал, сыртқа бөлініп шығатын токсин. Адамдардың (қанның В тобындағы), қояндардың, теңіз шошқаларының және т.б. эритроциттерін гемолиздейді. Стрептококктың О-стрептолизинімен антигендік туыстас. Моноцитоз дамытушы фактор - термостабилді протеид, торша ыдырағаннан кейін ғана бөліп алуға болады. Қоздырушының патогендігі және таралу жолдары: Көп жағдайда ауруға енесінен айрылған төл бейім болады. Мысалы: торайлар және 2 - 5 айлық шошқалар ауырады; ересектері мен енесінен жақсы қорек алып жүрген торайлар сирек ауырады. Індет спорадия түрінде өтеді, және азықтандырылуы мен күтіп бағуы нашар шаруашылықтарда ауру энзоотиялық сипат алады. Індеттің таратушы көзі ауру және ауырып жазылған жануарлар (микроб алып жүру) болып табылады. Індетті тышқандар, егеуқұйрықтар және иттер тасымалдайды деген болжаулар бар. Ауру жылдың кез келген уақтысында пайда болуы мүмкін. Организм төзімділігі, сыртқы орта жағдайы листериоздың пайда болуы мен таралуында шешуші роль атқарады. Организм қандай да бір аурумен әлсіреген кезде (мыс. оба, паратиф және т.б.) листериоз эндогенді індет ретінде пайда болуы мүмкін. Қорыта айтқанда листериоздың патогендігі шошқалар үшін шартты түрде болып келеді, яғни ол организм қандай да бір себептермен әлсіреген кезде пайда болады.
Ауру ағымы: Жануарларда ауру екі формада өтеді: жіті септикалық - әдетте ауру басталар алдында болады және жүйкелік (бұл да жіті өтеді). Жүйкелік формада ауру жіті түрде өтіп, көбінесе бірнеше күннің ішінде ауру малдардың өлімімен аяқталады. Қойларда жіті түрде өтіп 7 - 10 күннің ішінде өлім-жітімге ұшыратады. Негізгі клиникалық белгілері және аурудың патогенезі:
Ауру ми мен жұлынның қабыну құбылыстарымен (энцефаломиэлит) басталады: жануардың бұлшық еттері дірілдейді, жекелеген бұлшық ет топтарының тартылады, шатқаяқтап әрең жүреді. Жақтары қалшылдап, мойындары тартылып тіпті Ауески ауруын еске түсіретін эпилепсия талмасы да кездеседі. Дене температурасы әдетте қалыптан жағарыламайды. Кей жағдайларда жануарларда қатты күйзелу (депрессия) байқалады: шошқалар қимылсыз қалады, қабырғаға бастарын сүйеп тұрады. Одан әрі артқы аяқтары жартылай немесе мүлдем салданады. Бас кезінде жануар тәлтіректеп, артқы аяқтарымен тұра алмай алдыңғы аяқтарына сүйеніп шоқиып отырып қалады, соңында мүлде тұралап, салдану құбылысы күшейгенде өледі. Ауру жіті септикалық түрде сирек өтеді, бұл кезде: температура - 41 - 42 С дейін жоғарылайды, тамыр соғысы жиілейді (130 - 150), тынысы жиілейді (30 - 40), шошқа төсенішке көміледі, азыққа жақындамайды және сыртқы ортаға мән бермейді. Кейде осыған іш өту, жөтел, мұрындарынан клегейлі сұйық ағу қосылады. Кейбір жануарларда тері асты клетчаткасында абсцесстер пайда болады. Өлуге бірнеше сағат қалғанда теріде
цианоз (көгеру) пайда болуы мүмкін. Қойларда жиі ринит және конъюнктивит ретінде байқалады. Ауру осы қалпында 1 - 2 күн созылады. Содан кейін орталық жүйке жүйесінің зақымдалу белгілері басталады: шайнау бұлшық еттері ретсіз тартылады (осыдан барып сілекейі көпіршікке айналады), мойын бұлшық еттері тартылады (басын бір жағына қарай қисайтады), көздерін бақырайтып (көздері әйнектеніп, қозғалмай қалады), көрмей қалады. Көбінесе айнала қозғалу қимылы (айналма) байқалады, осы кезде малдар жолында тұрған заттарға соқтығысып, тоқтамай айналып жүре береді. Жануар бірте-бірте қимылын
азайтып, біршама уақыт айналғаннан кейін әлсіреп, бастарын төмен салбыратып, сырқы ортаға мән бермей, сүлесоқ күйге түседі. Ауру малдар соңында құлайды және тұра алмайды; жүзу қимылдары пайда болады; содан кейін шайнау бұлшық еттері мен жұтқыншақ салданады; төменгі жағы салбырайды, ауыздары ашылып сілекей ағады. Әлсіреу мен салдану құбылыстары артып, коматозды жағдайға өткенде мал өледі.
Негізгі патологиялық анатомиялық белгілері:
Листериоздың жүйкелік формасы кезінде сойып зерттегенде ешқандай макроскопиялық өзгерістер байқалмайды. Кейбір зерттеушілер бауыр дегенерациясын, оның паренхимасында ұсақ некроз ошақтары байқаған. Әсіресе созылмалы жағдайда, сұр - сары түсті некроз ошақтарының диаметрі бірнеше сантиметрге жетуі мүмкін. Мида және оның қабығында ірінсіз менингоэнцефалит көрінісі: ми қабығындағы қан тамырларының инъекциясы, кейде қанталаулар, мидың ісінуі байқалады. Көбінесе бас және жұлын өзгеріссіз болады. Листериоздың септикалық формасында да паталогоанатомиялық көріністер болмайды. Бұл жағдайда бүйректің капсуласында, эндо- және эпикардта, плевраның үстіңгі сірілі қабығы мен құрсақтың сірілі қабығында, ішектің клегейлі қабатында қанталаулар кездеседі. Қанталау дәрежесі ауру барысына байланысты өзгеріп отырады. Ішек-қарынның кілегейлі қабығы жабысқақ шырышпен майланып, домбығады, геперимияланады. Мезентериялды лимфа түйіндер ұлғайған, шырышты. Жоғарғы тыныс алу жолдарының (жұтқыншақ, трахея, бронхылар) клегей қабықтары катаралды қабынуға шалдығады. Кейде осыған катаралды пневмония қосылады.
Диагноз қояр алдында нені ескеру қажет:
Листериоздың анық клиникалық және патологанатомиялық белгілері болмайды. Оба, Ауески ауруы, құтырық кезінде де менингоэнцефалит құбылыстары болады. Обаны листериоздан эпизоотоия жағынан клиникалық-індеттік белгілері мен сойып зерттеу мәліметтері бойынша ажыратуға болады. Оба листериозға қарағанда қатты контагиозды (жұқпалы). Оба клиникасында терісінде қанталаулар, іш өту сияқты ауыр септикалық құбылыстар тән. Сойып зерттегенде - геморрагиялық диатез анық көрінеді, лимфа түйіндеріне мрамор көріністері тән, талақта инфарктар, ал өте жітілеу түрінде ішектің жуан бөлігінде ойық жаралар мен дифтериялық ошақтар кездеседі. Құтырықта анамнезде қандай да бір хайуанмен (көбінесе иттер) тістелгендігін кездестіруге болады. Клиникасы жұтқыншақ және көмекей бұлшық еттерінің салданумен байланысты. Агрессия байқалады, басқа жануарларға шабады, бұл
белгілер листериозда болмайды. Листериозды Ауески ауруынан ажырату өте қиын. Листериоз спорадиялық індет, ал Ауески ауруы тез таралады, сонымен қатар осы ауру кезінде ересек мал басында инфлюэнца тәрізді клиникасы болады, ал листериозда болмайды. Дегенмен,
аурудың алғашқы кезеңінде тек зертханалық зерттеулердің көмегімен ғана ажыратуға болады. Әсіресе аурудың бас кезінде нақты диагноз қою үшін паренхиматозды органдарды және міндетті түрде ми бөліктерін, мидың үлкен жарты шарынан, мишықтан, сопақша миды 30 -- 35% - тік глицерин ертіндісіне салып зертханаға жібереді. Диагноз бактериологиялық зерттеулермен бекітіледі.
Бактериологиялық зерттеу. Зерттеу үшін жіберілетін материалдар - ми, паренхиматозды органдар.
1. Микроскопиялық зерттеулер - тек қана шамаланған, жуықталған мәліметтер береді. Жағындыны Грам бойынша бояйды. Люминесцентік әдісті қолдануға болады. 2. Бактериологиялық зерттеу. - кәдімгі қоректік орталарға егу (микроорганизмдер көп себілген кезде қоректік ортаның бетін тұтастай алып, ал аз себілген кезде 2 - 3 күн аралығында жекелеген шоғырлар түрінде байқалады);
- зақымдалған материалдан бөлінген өсінділерге бөтен микрофлораның өсуін тежейтін 0,05% теллурит калий немесе полимиксин қосылған орталарды қолданады. Сонымен қатар 1:10000 қатынасындай мөлшерде нитрофурозан қосылған триптозды - фосфат сорпасын (байыту ортасы) қолдануға болады, содан кейін оны 7% жылқы сарысуының фенилэтанолды агарына егуге болады. Петри аяқшасынан листерия тізбектерін табу үшін жасыл көк түсті тәуліктік листерия өсінділерін микроскоппен қарап табады. Дифференциалды-диагностикалық орталар ретінде 1% глюкоза мен 2% глицерин қосылған ет-пептонды картоп агарын немесе 1% глюкоза и 3% глицерин қосылған картопты-пептонды агарын қолдануға болады. Листерияның өсімін жоғарылату үшін Грей әдісін қолданады, мұнда листериялардың ұзақ уақыт бойы өлі торшаларда жақсыөсетіндігін ескере отырып, полимиксин қосылған мүше бөлікшелерін
тоңазытқышқа (4-6 С) 5-10 күн сақтайды. Содан кейін қоректік орталарға себінді жасайды. 3. Серологиялық зерттеулер. - Агглютинация реакциясы. Реакцияны қою үшін О-антигенін қолданады, оны листерияның тәуліктік өсіндісін 1 - 2 сағат
аралығында 100 С-та қыздыру жолымен алады. Содан кейін
антигенді 0,5 % фенол еріндісінде консервілейді. Нәтижені бағалау
қиын, өйткені жоғарғы титрде антиденені сау жануарлардан да
табуға болады. Диагностикалық титрі - 1:200 (мүйізді ұсақ мал
және шошқалар үшін), 1:400 (жылқылар және мүйізді ірі қара мал), 1:50 (қояндар).
- Комплемент байланыстыру реакциясы.
- Аллергиялық сынама. Аллергенді тері ішіне 0,2 мл. мөлшерінде енгізеді. Ауру жануарлар мен листерия тасымалдаушыларда 72 сағаттан кейін 2х3 см мөлшерінде домбығу пайда болады.
4. Биологиялық сынама ақ тышқандарға жүргізіледі.
Қолданылатын биопрепараттар :
1. Ауыл шаруашылық жануарларының листериозына қарсы АУФ штаммынан дайындалған құрғақ тірі вакцина
2. Листериозды диагностирленген агглютиндеуші қан сарысуы
3. Листериозды флуоресцирлеуші қан сарысуы
4. Листерияның екі серотипінен дайындалған вакцина

Лептоспироз - аз уақыттық безгекпен, қан аздықпен (анемия), кілегей және сірі қабықтардың сарғыш тартуымен, гемоглобинуриямен, геморрагиялық диатезбен, кілегей қабықтар мен терінің өліеттенуімен, ас қорыту ағзаларының атониясымен және түсік тастаумен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырушылары мен олардың сипаттамалары: Лептоспиралар Leptospiraceae тұқымдасына жатады. Екі түрі бар: зардапты - L. interrogans және сапрофитті - L.biflexa. Жануарлар патологиясында төмендегі серотоптардың маңызы зор: L.pomona, L.hebdomadis, L.tarassovi, L.canicola, L.grippotyphosa, L.icterohaemorrhagiae, L.sejroe. Лептоспира - спираль тәрізді, түзу немесе айналмалы қозғалғыш бактериялар. Микробтың ұшы ілмек тәрізді иіліп келеді де осыған қарап оларды оңай тануға болады. Ал өсінділерде кейбір штамдардың клеткаларының ұштары түзу болуы мүмкін (ілмексіз лептоспиралар). Лептоспиралардың орташа ұзындығы 6-20 мкм, ені 0,1-0,6 мкм. Ұзындығына қарай спираль иректерінің саны 20-ға дейін жетеді. Ұзақ уақыт in vitro өсірген кезде кейбір клеткалардың ұзындығы орташа ұзындықтан 2-3 есе асып кетуі мүмкін. Керісінше патологиялық материалда лептоспиралар клеткалары өсіндідегіге қарағанда анағұрлым қысқа болып келеді. Лептоспира құрылысында осьтық жепше және оған спираль тәрізді оралған цитоплазматикалық цилиндр белгіленеді. Клетка қабықшасы грам теріс бактерияларға ұқсас, бірақ жағынды бояғанда морфологиясы өзгереді. Сондықтан лептоспираларды көп жағдайда тірі күйінде зерттейді. Лептоспиралар микроаэрофилдарға, немесе баяу өсетін аэробтарға жатады. Өсіру үшін қолайлы жағдай: рН 7,2-7,6 0 (диапазоны 6,8-7,8), температура 28-30 С. Қоректік орталарда қан сары суы, сары су альбумині және ұзын тізбекті (көміртегі атомы 14 және одан да көп) май қышқылдары қосылғанын талап етеді. Зағадаттан себінді жасағанда инкубациялық кезеңі әдетте 6-14 күн, бірақ 4 аптаға дейін және одан да көп болуы мүмкін. Лептоспиралардың төзімділігі. Лептоспиралар жоғары 0 температура төзімсіз: қайнатқанда бірден өледі, 56-58 С-та 25-30 мин өледі. Олар сондай-ақ кептіргенде және тікелей түскен күн сәулесінен аз уақытта қырылады. Табиғаттағы су қоймаларында ұзақ сақталады. Лептоспиралар төменгі температураға әжептеуір шыдамды және ұзақ уақыт қатырғаннанкейін де тіршілігін сақтап қалады. Тұз қышқылының 0,1 % -дық ерітіндісі, фенолдың 0,5 %-дық ерітінділері лептоспираларды 20 мин. ішінде, белсенді хлор 0,3-0,8 кәдімгі гидрофилдер. Олардың сыртқы ортада өмір сүруінің маңызды алғы шарты жоғары ылғалдылық және рН 7,0-7,4. Зардапты лептоспиралар антигендік қасиеттері бойынша түр ішілік әр алуандығымен ерекшеленеді. Негізгі таксон - серовар. Қазіргі уақытта әлемде зардапты лептоспиралардың 230 дан астам серовары ажыратылып, жіктелінген, олар антигендік туыстығына қарай 23 серологиялық топқа біріктірілген. Ал бактериялар түрін ажыратудың ДНҚ-РНҚ гибридтелуінің нәтижелеріне негізделген жаңа концепциясы бойынша лептоспиралар жеті геномдық түрге бөлінген. Лептоспирозды зертханалық балау Лептоспирозды балау микроскопиялық, бактериологиялық, биологиялық және серологиялық әдістермен жүргізіледі. Зерттеу материалдары: ауру жануарлардан - қан (дене температурасы көтерілген кезеңде алынған), зәр (өздігінен бөлінген кезде); өлген жануарлардан - паренхиматозды ағзалардың бөліктері, бүйрек, құрсақ және кеуде қуыстарынан алынған жалқаяқ, ішіндегісімен бірге қуық, түсік тасталған төл.
Зерттеу әдістері
Микроскоптық зерттеу
1. Бактериоскопия. Қанды, зәрді және ұлпа қойыртпағын зерттейді. Оларды алдын ала 3000 айнминцентрифугада 10 мин бойы айналдырады да тұнба үстіндегі мөлдір сұйықтықты микроскоптайды. Лимон қышқылды натрий қосылған қанды центрифугадан кейін 1 сағат тұндырып алады. Препаратты жаншылған тамшы әдісімен жасайды. Кем дегенде 50 көру аумағын зерттеу керек. Микроскоптау онша тиімді емес, себебі қанда қоздырғышты аурудың 7-ші, зәрде 8-16 күндері ғана аңғаруға болады.
2. Иммунды флюоресцентті микроскоптау. Микроскоптауды таңбаланған глобулиндерді пайдалана отырып жүргізеді. Таңбаланған глобулиндер лептоспираларды қандай серотопқа жатса да анықтауға мүмкіндік береді.
3.Боялған жағындыларды микроскоптау. Романовский-Гимза әдісімен 30 мин бойы бояуға болады, бірақ бұл кезде морфологиясы бұзылады да лептоспираларды басқа микроорганизмдерден ажырату қиынға соғады.
4. Леватиди бойынша күміспен импергнациялау. мгл мөлшерінде екі сағаттың ішінде өлтіреді. Лептоспиралар - Күмістеу әдісі лептоспиралардың сыртқы қабығының қалпына келтіру қабілетіне негізделген, нәтижесінде олар азот-қышқылды күміспен қара түске боялады. Таза өсінділерді бөліп алу
Материалды 2-3 тамшыдан ішінде қоректік ортасы (Уленгут, Кортгоф, Терских, Флетчер орталары) бар 3-5 пробиркаға себінді жасап, 20-30° С температураға термостатқа қойып, өсінділерді алдымен бір күннен кейін, одан соң әр 3 күн сайын соң қарап отырады. Әдетте өсіндінің өсуі 18-21 күндері байқалады. Лептоспиралар байқалған жағдайда өсіндіні дереу қайта себінді жасау керек. Бөгде микрофлораның өсуін болдырмау үшін микробқа қарсы заттары бар орталарды прайдаланады (неомицин, фурациллин, фуразолидон, фурагин).
Лептоспирозды балаудың бактериологиялық тәсілі кең қолданыла қоймайды, себебі лептоспиралар дифференциалды- диагностикалық орталарда (Кортгоф, Терских орталары) жылдам өсе қоймайды (12-30 күнге дейін). Биологиялық әдіс. Зертханалық модель ретінде 30 күнге дейінгі сарғыш хомяктарды, 2-3 күндік көжектерді қолданады. Зерттелініп отырған материалды хомяктарға 0,3-1,0 мл, көжектерге 2-3 мл мөлшерінде енгізеді. Әр сынамаға 2 хайуаннан алады: олардың біреуін 4-5 күннен соң өлтіреді, екіншісін егер өздігінен өлмесе 14- 16 күннен соң өлтіреді. Өлген және өлтірілген хайуандардың ағзаларынан себінділер жасайды. Екінші хайуанның қан сары суын серологиялық әдістермен зерттейді.

Қолданылатын биопрепараттар:
1.Жануарлар лептоспирозына қарсы "ВГНКИ" поливалентті вакцинасы
2.Жануарлар лептоспирозына қарсы "ВГНКИ" депонирленген поливалентті вакцинасы
3.Ауыл шаруашылық және жабайы жануарлар лептоспирозына қарсы поливалентті қан сарысуы
Шошқа тілмесі
Қоздырушысы: Erysipelothrix rhusiopathiae (Пастер және Тюлье, 1882).
Тілменің қоздырушысы көбінесе шошқалардың ерте жасында індеттік ауруларды шақырады. Ірі қара және ұсақ малдардың, жылқылардың, үй және жабайы құстардың кейбір түрлерінің, балықтардың, шаяндардың, крабтардың және тышқандардың ауырған жағдайлары туралы әдебиетте мәлімет кездеседі. Адамдарда бұл ауру Розенбах эризипелоиды атымен белгілі.
Қоздырушының морфологиясы және тинкториялдық қасиеті.
Шошқа тілмесінің қоздырушысы 0,2 - 0,3 x 0,5 - 1,5 мкм көлеміндегі қысқа, үйлесімді,түзу немесе аздап иілген таяқшалар. Шошқа тілмесінің бактериялары негізгі анилин бояуларының кәдімгі ерітінділерінің бәрімен жақсы боялады. Факультативті аэроб; грам оң, қозғалмайды; спора және капсула түзбейді. Мүшелердің жағындыларында қоздырушы жеке - жеке немесе шоғырымен еркін немесе лейкоциттердегі қосылма түрінде орналасады. Кейде ұзарған таяқшалар немесе қысқа жіпшелер кездеседі (негізінен ЕПС-да); созылмалы түрінде, көбінесе веррукозды эндокардитте, жағындыларды жиі ұзын жіпшелер, кейде грам бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа листериозы
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Ауруға бейім жануарлар
Топалаң ауруының шошқадаға белгілері
Мал сою цехы
Мал шаруашылығында ветериналық - санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Торайларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Пәндер